Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Салық саясатының мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Салық саясатының формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының экономикадағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Қазақстан Республикасындағы салық саясатының даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің мақсаты – нарық механизмін түзету емес, сәйкесінше, оның еркін әрекет етуіне жағдайлар жасау, яғни бәсеке – мүмкін жерлердің бәрінде, ал мемлекеттік реттеу – қажетті жерлердің бәрінде қамтамасыз етілуі қажет. Осы аталған мәселелердің бәрін шешу үшін, мемлекеттің қол астындағы барлық құралдардың жиынтығы бар. Солардың ең негізгілері мыналар: фискалдық саясат, әлеуметтік саясат және табысты әділетті бөлу саясаты және т.б. саналады.
Фиск (латынның « jiscus») – мемлекеттік қазына деген ұғымды білдірсе, ал фискалдық саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар жайлы саясаты. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болса, ал қаржы саясатының өзегі болып табылады. Фискалдық саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толықтыратын болса, ал екінші жағынан – оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің заңды органдарының ерекше құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту мен бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясаттың мәні жайлы әртүрлі кейнсиандық көзқарастары да, Ресей экономистері де қолдады. Е.Ф. Борисов оған былай толық анықтама береді: “Фискалдық саясат – үкіметтің табысы мен шығысын реттейтін мемлекеттің қаржылық шараларының жиынтығы. Бұл алға қойылған стратегиялық міндеттерге байланысты, мәселен , дағдарысқа қарсы реттеулер жүргізу, жұмыспен қамтуды жоғары деңгейде қамтамасыз етуде, инфляциямен күресуде ол өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды”.
Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы.
1. Наурызбаева A. «Налоги,понятие, элементі, виды » Алматы.2000
2. Б.М.Мұхамедиев,Р.Т.Дуламбаева,Д.Ж.Рахматуллаева «Макроэкономика дәрістерінің курсы»Алматы.2007
3. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Заң(Салық Кодексі) Алматы 2002 ж.
4. Агапова Т.А.,Серегина С.Ф. «Макроэкономика» Москва. 1999
5. Ермекбаева Б.Ж.. «Салықтар және Салық салу» Алматы. 2002
6. Статистический ежегодник 2006 ж.
7. Ермекбаева Б.Ж.., А.Лсбекова «Основы налогооблажения» Алматы 2003 ж.
8. Тынысбеков. «Салық ауыртпалығын өлшеудің теориялық аспектілері» Қаржы – қаражат.№3, 2007
9. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанов «Макроэкономика» Алматы 2003
10. Р.Аикулов. «Салық саясатының бағыттары» Саясат №1, 2007
11. Бункина М.К.,Семенов В.А. «Макроэкономика» Москва. 1997
12. А.Бильдебаева. «Налоговые ставки – важный элемент фискальной политики» Экономика негіздері №2, 2006
13. Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы халыққа жолдауы.
14. 2005-2006 жж. Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалды саясатының қорытындылары.
15. 2007-2009 жж орта мерзімді фискалды саясаттың даму стратегиясы.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
МАКРО - МИКРОЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты

Орындаған:
Қ.Б.Макулова
2 курс студенті Ф06К1

Ғылыми жетекші: Д.Ж.
Рахматуллаева
(қолы, күні)

Алматы, 2007

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Салық саясатының мәні,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Салық саясатының формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының экономикадағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Қазақстан Республикасындағы салық саясатының даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің мақсаты – нарық механизмін түзету
емес, сәйкесінше, оның еркін әрекет етуіне жағдайлар жасау, яғни бәсеке –
мүмкін жерлердің бәрінде, ал мемлекеттік реттеу – қажетті жерлердің бәрінде
қамтамасыз етілуі қажет. Осы аталған мәселелердің бәрін шешу үшін,
мемлекеттің қол астындағы барлық құралдардың жиынтығы бар. Солардың ең
негізгілері мыналар: фискалдық саясат, әлеуметтік саясат және табысты
әділетті бөлу саясаты және т.б. саналады.
Фиск (латынның jiscus) – мемлекеттік қазына деген ұғымды білдірсе, ал
фискалдық саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға
қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет,
мемлекеттік шығындар жайлы саясаты. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының
құрамдас бөлігі болса, ал қаржы саясатының өзегі болып табылады. Фискалдық
саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан
салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толықтыратын болса, ал
екінші жағынан – оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы
қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен
қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік,
экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу –
еліміздің заңды органдарының ерекше құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті
қысқарту мен бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясаттың мәні жайлы әртүрлі кейнсиандық көзқарастары да,
Ресей экономистері де қолдады. Е.Ф. Борисов оған былай толық анықтама
береді: “Фискалдық саясат – үкіметтің табысы мен шығысын реттейтін
мемлекеттің қаржылық шараларының жиынтығы. Бұл алға қойылған стратегиялық
міндеттерге байланысты, мәселен , дағдарысқа қарсы реттеулер жүргізу,
жұмыспен қамтуды жоғары деңгейде қамтамасыз етуде, инфляциямен күресуде ол
өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы
ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және
қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды”.
Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық
саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін,
үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының
жиынтығы.
Сондықтан мен макроэкономика пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын
“Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты” деп алдым.Аталған жұмыста
еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатының мәні мен маңызын
көрсетуге тырыстым.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым салық саясаты- салықтар
саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес
қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық және басқа
мақсаттар мен міндеттеріне жетудің бірден – бір даңғыл жолы екендігін
айтып өту болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін мен курстық жұмысты
орындау үстінде келесідей міндеттерді айқындап алуым керек.Оларға:
• Салық саясатының теориялық аспектілері;
• Салық саясатының мәні, мазмұны;
• Салық саясатының негізгі формалары мен түрлері;
• Қазақстан Республикасының салық саясатының экономикадағы орны;
• Қазақстан Республикасындағы салық саясатының даму стратегиясы.

Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін
салық саясатын жетілдіре, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де
керекті деп ойлаймын.

I САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Салық саясатының мәні мен мазмұны

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір
сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан
ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салық – қаржы әдебиеттерінде салық ауыртпалығына макроэкономика-
лық сипатта жалпы ұлттық өнімге салық түсімдерінің жалпы сомасының қатынасы
ретінде анықталады. Жалпы салық ауыртпалығына экономикалық теория
көзқарасымен қарап, қазіргі салық ауыртпалығы түсінігімен байланысын ашуға
әрекет етер болсақ, салық ауыртпалығын тұтынушылар мен өндірушілер салық
ауыртпалығы деп екіге бөліп алуымыз қажет. Мұндағы тұтынушы ретінде
тұрғындарды, өндіруші ретінде кәсіпорындарды аламыз. Ол үшін салық
ауыртпалығының пайда болу және нарықтық қатынасқа түсушілердің арасындағы
бөліну тетігін зерттейміз.
Салық ауыртпалығының шығу тарихына келер болсақ, ресми түрде аталып
отырмаса да салық пайда болған десек артық болмас етеді.Себебі, салық
төлеуші салық және тағы басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеу
барысында қандай да бір өз игілігінің бөлігін мемлекетке қайтарымсыз
береді.Соның нәтижесінде салық төлеуші белгілі бір көлемде шығын
жасайды.Міне осы сипатта салықтар тауар – ақша қатынастарының ахуалына әсер
етеді, кез – келген салық белгілі көлемде салық төлеушіге өз ауыртпалығын
тигізетіндігі көрініс береді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси
іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық
табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және
бюджеттің кірістерін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі
қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың
қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың
өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит
ұсынған еді.Олар мынадай:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы
тиіс(әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы
керек(анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және қолайлы
әдіспен алынуы тиіс(қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс(үнем қағидаты);
Бұл қағидаларды пайдалану салық салудағы зорлық – зомбылықты жоқ етті,
бұл процеске реттеуді еңгізді және А.Смитке “салықтар – оны төлейтіндерге
құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны ” деп қорытынды жасауға
мүмкіндік берді.Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Кейнсиандық теория бойынша салықтар –мемлекеттік реттудің басты қаруы
ретінде қарастырса, неоклассикалық теория салықтарды тек –фискалдық құрал
ретінде зерттеп көрсетіледі.
Сөйтіп салық- термині 2002жылдың 1 қаңтарындағы Салықтар және
бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы Салық Кодексі бойынша:
Салықтар- мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мемлекет
бюджетіне төленетін мііндетті және қайтарымсыз негізде төленетін төлемдер.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта
бөлу.
Енді негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет
арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық
міндеті артады.
Реттеушілік қызметі- салықтың маңызды қызметі. Осы қызметі арқылы
салықтар арқылы ел экономиксына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге
асырылады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі
мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Салық элементтері. Салық өз табиғатында белгілі бір элементтерден
тұратын күрделі құрылым. Салықтар элементтері болып мыналар табылады:
1. Салықтың құқытық негізі. Бұл салықты төлеу міндеттемесінің
некеге байланысты туындайтынын айқындайды.
2. Салық субъектісі- салықты кім төлегенін айқындайды.
3. Салық объектісі- салықты не үшін және қай заттан төленетінін
айқындайды.
4. Салық ставкасы- салықты қандай мөлшерде төлейді, салық салу
ставкасын қалай қолданатынын айқындайды.
5. Салық бойынша жеңілдіктер- не себептен салық төлеуші салық
төлеуден босатылады немесе аз мөлшерде салық төлеуге құқы бар
екенін айқындайды.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып
бөлінеді.
Тікелей салықтар- тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мыналар жатады:
1. Корпаративтік табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Көлік құралына салығы;
4. Әлеуметтік салық;
5. Жер қойнауын пайдалану үшін салық,
6. Мүлік салығы;
7. Жер салығы
Жанама салықтар – тұтынушы төлейді.Тауар немесе қызмет бағасына алдын
ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке атушы аударады.
Жанама салықтарға:
8.Қосымша құн салығы;
9. Акциз;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес салық
салу жүйесінде мелекет бюджетіне төленетін міндетті басқа төлемдер бар.
Олар:
1. алымдар
2. төлемақылар
3. мемлекеттік баж
4. кедендік төлемдер.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып жіктеледі:
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгілеген нақты
шараларға жұмсалады.Мысалы көлік құралдарына салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады.
Салық мемлекет бюджетінің кірістерінің басты көзі болып
табылғандықтан, салық салу шаралары мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге
асырылады.Сондықтан да салық саясаты салық салудың іске асырылуын
қамтамасыз ететін басты механизмі деп қарастырамыз.
Салық саясаты қаржы саясатының басты орталығы болып табылады және дұрыс
жүргізілген салық саясаты мемлекеттің басқа қызметтерінің жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді. Себебі,мелекеттік саясаттарын- әлеуметтік, мәдени,
табиғатты қорғау, қаржылық не техникалық – қаржыландыру салық саясаты
арқылы бюджетке түскен кірістер арқылы жүзеге асырылады және салық
саясатының басты қызметі – бұл мемлекеттік қажеттілктерді қамтамасыз ету
үшін мелекеттік жинақтық қоғамдық өнімді бюджет арқылы бөліп алу. Салық
саясаты қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне сәйкес әлеуметтік -
проблемаларды шешудің мақсаттары талаптарына және саяси жүйеге байланыса
отырып жүргізіледі.
Мемлекеттің нарықтық экономика жүйесімен жүргізетін салық саясаты – бұл
мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін қаржылық ресурстармен қамтамсыз ету болып
табылады.
Сөйтіп салық саясатының басты субъектісі – мемлекет. Ал салық саясатының
мәні салықтық қатынастарда ашылады,ал олардың негізі – каржылық ресурстарды
қалыптастырудағы мемлекет пен шаруашылық субъектісі арасындағы қатынастар.
Макроэкономикалық тұрғыда фискалдық саясат – бұл мемлекеттік бюджет
жағдайын,салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу
мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар.Бұл шаралар жұмыспен толық
қамтылуды, төлем балансының тепе – теңдігін және экономиканың өсуін
қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша фондын қалыптастыруында қатыса
отырып, салықтар шаруашылық субъектілердің қызметіне әсер етіуі,
экономикалық өсуді реттеу, өнімдердің сапасын жоғарлатуы керек. Тарихи
тәжірибеге сүйене отырып, біз дұрыс және дағдылы түрде жүргізілген салық
саясатымен өндірістің тиімділгене қол жеткізе аламыз. Ал керісінше,
қателікке ұшыраған салық саясаты мелекетті жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Экономика мен салық саясатының басты орнын салықтық стимулдар ерекше
орын алады. Себебі, бұл стимул түрлері мелекеттің жақсы өндіріс үшін
марапаттау арқылы әсер етуші құралдары болып табылады.
Сөйтіп, салық саясатының басты міндеті:
• Өзінің қызметтері мен міндеттерін орындау үшін қажетті
қаржылық ресурстармен мемлекетті қамтамсыз ету.
• Экономиканы салалық және аймақтық бөлімдерде мелекеттік реттеуге
жағдай туғызу.
• Халық табысының нарықтық қатынастар процессінде туындайтын
теңсіздіктерді жүмсарту.
• Экономикалық заңға сәйкес болу.
• Нарықтық реформалардың және макроэкономикалық тұрақтандыруды жүзеге
асыру үшін шешімдердің салықтық көмекпен қамтамасыз етілуі
• салық салынатын базаның құрамы, құрылымы, мүмкін өсу резевтерін және
қаржы ресурстарын мобилизациялайтын қаржы көздерінің анықталуы
• экономиканың құрылымдық қайта құрылуын реттеу
• салықтық механизмының ұйымдастырылуы және қаржы саясатының іске
асырылуы.
Нарықтық қатынастар жағдайында, әсіресе нарыққа өтпелі кезеңде салық
саясаты мемлекеттің экономиканы реттейтін негізгі регуляторы және қаржы-
несие механизмінің негізі болып табылады. Мемлекет салық саясатын нарықтың
жағымсыз құбылыстарын реттеуші ретінде қолданады. Салықтар және салық
саясаты экономиканы мемлекетік реттеудегі ең мықты қаруы болып табылады.
Тек дұрыс жүргізілген салық саясаты бүкіл ұлттық шаруашылықтың тиімді және
оң нәтижеге әкеледі.
Даму есебінен жүргізілген салық саясаты – бұл ағымдағы салық тактикасы
емес, салық стратегиясы.Егер мемлекет қоғамдық, корпоративтік, жеке
экономикалық мүдделерді үйлестіруге тырысатын болса, онда салық тактикасы
мен стратегиясы бір – бірінен ерекшеленеді.Ағымдағы кезеңге салық салуды
үйлестіру бойынша мемлекет жетекшілігімен қабылданған тактикалық қадамдар
көбіне экономикалық дәлелденбеген.Бұл тек салық стратегиясын жүзеге
асырылуына бөгет болмайды, сонымен бірге мемлекеттің барлық экономикалық
курсын деформациялайды.
Салық аймағындағы ресейлік атақты экономист Д.Г.Черник салық саясатын
экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде және жеке меншік
кәсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпал етуші сипатында қарастырылады.
В.М.Соколинский өз жұмысында салық саясатын қаржылық құралдар әдісінің
және формаларының жиынтығы ретінде қарастырады.Мұнда екі түрлі қарама –
қайшылық бар: біріншіден, экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын
алуды қамтамасыз етсе, екіншіден, бұл кезде олардың іскерлік белсенділігін
төмендетуге жол бермейді.

Мемлекеттік бюджет
  1995 1996

Табыс (кіріс)-барлығы 219,4 243,0 279,7 309,5 398,6 598,7 746,6
821,2 1022,2 1305,1 2098,5 Олардың ішінде.                
      Салықтық түсім 159,8 178,1 204,1 215,6 330,3 524,1 635,8
752,8 947,3 1186,1 1998,3 Қосылған құн салығы 33,3 53,9 58,8
81,0 89,0 115,2 159,9 175,9 231,3 242,9 343,9 Акциздер 6,3
10,9 16,7 18,9 19,0 19,3 21,8 25,4 27,0 29,9 33,4
Корпоративтік табыс салығы           163,5 169,0 209,1 272,6
382,8 834,3 Пайда салығы 35,3 41,4 40,3 38,3 54,8          
  Жер салығы 2,1 3,4 4,9 5,0 4,6 5,5 5,5 5,4 5,5 5,9 6,9
Жеке табыс салығы 25,8 31,3 41,3 30,1 35,3 51,0 68,6 77,4 93,3
98,5 123,0 Алымдар және әр түрлі салықтық емес табыстар 21,9 22,1
16,0 18,9   38,6 72,5 45,6 44,8 81,5 66,0 Шығындар 260,2
280,0 341,9 377,4 294,6 602,0 759,6 834,2 1068,4 1323,8 1946,1
Олардың ішінде                       Экономикаға 16,2 20,5
23,2 12,9 28,7 78,5 108,2 123,8 176,5 273,3 332,4 әлеуметтік-
мәдени салаға 90,5 118,9 146,2 160,9 294,6 327,5 373,5 416,5 511,8
638,2 844,8 Қауіпсіздік 10,8 16,3 17,9 19,0 -40,8 20,4 32,5
37,7 47,5 58,0 78,7 Мемлекеттік басқару және билік органдарын
қамтамасыз ету. 10,1 16,9 29,4 31,7   35,1 50,8 45,6 65,3 83,6
103,8 Табыстың шығындардан асуы, шығындар. табыстардан асуы(-) -40,8 -
37,0 -62,2 -67,9   -3,3 -13,0 -13,0 -46,2 -18,7 46,7
1.2 Салық саясатының формалары мен түрлері.

Жоғары деңгейдегі нарықтық қатынастар жағдайында мемлекет салық
саясатын өндіріс құрылымын өзгерту, территориялық экономикалық даму,
халықтың табыс деңгейін өзгерту үшін жалпы ішкі өнімін қайта бөлу арқылы
қолданады.
Қазіргі таңда салық саясатының 3 түрін ерекшелеуге болады.
Бірінші типтегі салық саясаты- бұл максималды салықтар саясаты. Бірақ
бұл саясатта салықтардың жоғарғы ставкалары шаруашылық субъектілердің
қызмет ынтасының төмендеуіне әкеліп соқтырып, мемлеттік бюджеттің өспеу
мүмкіншілігі бар.Жалпы ішкі өнімдегі салықтың шектік ставкасы әр түрлі
факторларға байланысты.Бірақ көптеген шетел экономист ғалымдарының
пайымдауы бойынша ,салық ставкасы жалпы ішкі өнімнің 50 пайызынан аспауы
керек.
Екінші түрі- бұл оптималды салықтар саясаты . Бұл саясат шағын бизнес
пен кәсіпкерліктің дамуына қолдай жасасып жағымды салықтық климатты
камтамасыз етеді. Бірақ бұл салық саясат түрінің кемшілігі, кәсіпкерлерге
мейлінше ставкалардың төмендеуі мемлекет бюджетіне түсетін кіріс көлемінің
азюына әкеліп, мемлекеттің әлеуметтік шараларды, бағдарламаларды іске
асыруына қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне себепкер болады.
Салық саясатының үшінші түрі – салық салу ставкаларының жоғары болуын
қамтамасыз етіп, бірақ мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалардың іске
асыруына кең жолдың ашылуы,яғни іске асырылатын әлеметік бағдарламалар мен
шаралардың көбеюі.
Макроэкономикада салық саясатының ынталандырушы және тежеуші түрлері
ажыратылады.
Ынталандырушы фискалдық саясат (фискалдық экспансия) – бұл саясат қысқа
мерзім кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды.Мұны
жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету
арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының
ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі
мүмкін.Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының
жүргізілуіне байланысты болады.Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк
жүзгізетін тежеуші ақша – несие саясатымен және мемлекеттік шығындарын
оңтайландырумен байланысты.
Тежеуші фискалдық саясат (қазыналық шектеу) – экономикадағы циклдік
өсуді тежеу мақсатын көздейді.Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік
шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (T) жоғарылайды немесе біріктірген,
құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.Қысқа мерзімдік кезеңде бұл
шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің
өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді
Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі салық (сынасы) жиынтық ұсыныстың
төмендеуіне және құлдыраушылық механизмін ашуға негіз болуы мүмкін.Бұл
құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығындардың
азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорционалды қысқарып, жүзеге асырылып
отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция
берілуінде басымдылық болмаса.
Қысқа мерзімдік кезеңде фискалдық саясат баланстық бюджеттің, салықтың
және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы әсерімен байланысты болады.
Егер салық төлеу мөлшері ∆Т – ға төмендесе, онда қолда бар табыс Үd=Y-T
– ға өсіреді.Тұтыну шығындары сәйкес түрде (∆T*b) көлеміне өседі, бұл
жағдай жоспарланған шығындарды оңға қарай жоғары қозғалтады және тепе –
теңдік өнім көлемін Y1 – ден Y2 көлеміне өсіреді.
Ол көлем ∆Y=-∆T*b1-b
Мұндағы ∆Y∆T=-b1-b салық мультипликаторы деп аталады.
Егерде мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс динамикасына
тәуелді деп алсақ, онда салық функциясы төмендегідей түрде жазылады. T=t*Y
Мұндағы t – шекті салық мөлшерлемесі.
Бұл жағдайда тұтыну функциясы төмендегідей болады:
C = a + b (Y-t*Y) = a + b (1-t)*Y
Ал салық мультипликаторының үлгісі төмендегідей:
Mt =-b1-b (1-t); мұндағы Mt – жабық экономикадағы салық
мультипликаторы.Жалпы салық функциясы төмендегідей:
T=Ta + t*Y
Мұндағы Ta – автономды салық мөлшері, табыс мөлшерінен тәуелсіз.
t – шекті салық мөлшерлемесі.
Ашық экономикадағы тепе – теңдік өнім көлемінің үлгісі төмендегідей
болады:
Y=11-b (1-t) + m’* (a + I + G + g ) – b1-b (1-t) + m’*Ta, мұндағы -b1-
b(1-t)+ +m’ – ашық экономикадағы салық мультипликаторы.
Егерде фискалдық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту
мақсатын көздесе, онда циклдік құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын
өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер береді.
Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін, салық мөлшері өседі.Бұл
құбылыс салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі.
Егерде фискалдық саясат мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса,
онда циклдік құлдырау кезеңінде салық төмендейді.Бұл жағдай салыстырмалы аз
ынталандырушы әсер береді.Ал циклдік көтерілу кезеңінде мемлекеттік
шығындар төмендейді, бұл инфляция деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік
береді.
Экономикалық өзгерістеріне жауап қайтару механизміне байланысты
фискалдық саясаты дискрециялық және дискрециялық емес болып бөлінеді. Енді
әрбіреуіне тоқталып кететін болсақ:
Дискрециялық фискалдық саясат дегеніміз – үкіметтің арнайы шешімі
бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік
шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту.Бұл шаралар төлем балансының
жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге
бағытталған.
Дискрециялық емес фискалдық саясат – жиынтық табыстардың циклдік
тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы
өзгеруі.Жалпы ұлттық өнімнің өсуі(кемуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне
түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін(кемуі) дискрециялық
емес саясат қарастырады.
Бұл салық экономикалық тұрақтылыққа әсерін тигізеді.Таза салық түсімі –
бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін
трансферттің арасындағы айырма.Дискрециялық фискалдық саясат экономикадағы
құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде
мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп
мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады.Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес
түрде, мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.
Үкіметтің дискрециялық фискалдық саясаты ішкі уакытша кешеуілдеумен
байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық
салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері Парламентте ұзақ уақыт талқылауға
түседі
Дискрециялық емес фискалдық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы
дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы
арқылы мүмкін болады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.Өркениетті, дамыған
мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік
трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы және пайданы
бөлуге қатысу жүйесі алынады.
Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы дискрециялық фискалдық
саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы
түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер
парламенттің қатысуынсыз жұмыс істейді.
Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен
артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің
дағдылы амортизаторы қызметін атқарады.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
(артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) және салық
түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
Циклдік өрлеу кезеңінде Y2 Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары
дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді.Нәтижесінде
бюджет артықшылығы және инфляциялық дүргіліс төмендейді
Циклдік төмендеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері
МЕМЛЕКЕТТІҢ САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Салықтық құқықтық нормалар
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Бюджет - салық саясаты туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Экономиканы салықтық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы
Пәндер