Қазақстан бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында

Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін реакция кезеңі туды. Демонстрацияларға, митингілер мен жиналыстарға тиым салынды. Орал, Петропавл, Семей, Верный, Перовск социал-демократиялық ұйымдары мен кәсіподақтары және басқалары талқандалды. 1907 жылғы 3 маусымдағы II Мемлекеттік Думаны тарату және жаңа сайлау жүйесін енгізу туралы заң бойынша қазақтар және өлкені мекендейтін басқа да орыс емес халықтар сайлау құқықтарынан айырылды. Қызметшілерді, жұмысшылар мен шаруаларды полициялық қадағалау күшейтілді. Перовск, Ақмола, Орал өнеркәсіп орындарының «Жем», «Доссор» кәсіпшіліктерінің және басқаларының иелері «сенімсіз» жұмысшыларды жұмыстан шығарып, бой көрсетулердің бұқара толқуларының белсенділері, ұймдастырушылары «қара тізімге» енгізілді. Кәсіпорындарда жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтығы ұлғайтылды, нарық кемітілді, айыппұл салу кең өріс алды. Елде «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы» және басқалары сияқты қара жүздік ұйымдар ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді.

Қоныстанушы шаруалар мен қазақ шаруаларының бой көрсетулерін басып-жаныштау үшін гарнизондардан қазақтардың жазалау отрядтары жіберілді. Мәселен, 1909 жылдың сәуірінде телеграф арқылы сұрау салу бойынша Перьмнен Қостанайға патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қарсы шыққан қазақтардың наразылығын басып тұншықтыру үшін қазақтар жүздігі жіберілді.

Столыпиндік аграрлық реформа кең өріс алды. Егер 1983 жылдан 1905 жылға дейін қазақ халқынан қоныс аударушы шаруалардың пайдасына 4 миллион десятинадан астам жер тартып алынса, 1906 жылдан 1912 жылға дейін 17 миллион десятинадан астам жер тартып алынды. 1917 жылға қарай Семей, Ақмола, Орал облыстарында және Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) 40 миллион десятинадан астам жер, Жетісуда 4 миллион десятинадан астам, барлығы 45 миллион десятинадан астам жер тартып алынды. 1908 жылдан 1913 жылға дейін Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарының қоныс аудару аудандарына еркектерден 400 мыңнан астам адам қоныстандырылды.

Ресейдің орталығында аграрлық мәселенің шиеленісуін патша үкіметі өзінің шет аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды да отарлау жолымен, шаруаларды қоныс аудару жолымен шешуге тырысты.

1909 жылғы 9 маусымдағы заң бойынша жерге орналастырудың көлемі: қоныс аударушыларға - 15 десятинадан және көші-қон өрісіне 12 десятинадан берілетін норма бойынша жүргізілді. Аграрлық демократиялық бағыттың өкілдері аграрлық мәселе бойынша сөз сөйлегенде қазақтарды отырықшылыққа көшуге насихаттады. Патша үкіметі қазақ халқынан жерді мүмкіндігінше көп тартып алуға ұмтылғандықтан, шаруашылық жүргізудің отырықшы нысанына көшу оның қолайлы жерлерді көбірек сақтап қалуына мүмкіндік берер еді, оның үстіне қазақ шауаларына «жерді тұрақты ажырағысыз иелену құқығымен» қоныс аудару нормасы бойынша жер алу ұсынылды.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі. Патша өкіметінің аграрлық саясаты, өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынстардың енуі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне жеткізді. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті болған жоқ, оған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар қатысты, оған ұлттық зиялылардың өкілдері, Петербург, Мәскеу, Қазан, Томск және Орынбор университеттері мен училищелерінің түлектері ұйытқы болды. Ұлттық зиялылардың әр түрлі идеялық саяси ағымдарының пікірін «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті мейлінше толық білдірді.

1911-1915 жылдарда шығып тұрған «Айқап» журналы (шығарушысы және редакторы-Мұхамеджан Сералин 1871-1929) Қазақстандағы идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде аграрлық қатынастардың, оқу-ағарту мен білімнің, қазақ ауылындағы тауар-ақша қатынастары дамуының проблемалары көрсетілді, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді. «Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпелілердің отырықшылыққа көшуі, аграрлық мәдениет, шаруашылық жүргізу нысандарының өзгеру мәселелері және басқалары болды. «Айқап» беттерінде тауар-ақша қатынастары дамуының проблемаларына, мал шаруашылығының интенсивтілігі мәселелеріне, қазақ шаруашылығының рынокпен, кәсіпкерлікпен тығыз байланысын орнатуға, кооперациялар ұйымдастыру қажеттігіне және басқаларына едәуір орын бөлінді.

1912 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған «Қазақ» газеті либерал-демократиялық бағыт идеяларын білдірді. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар қызмет істеді. Ең басты аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік меншіктің (Ресей империясының) күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Қазақ шаруларының көшпелі шаруашылығы кезеңінде мал шаруашылығының дамуы жайындағы мәселеде «Қазақ» газеті экономикалық кеңістіктегі мал шаруашылығының рөлі туралы, мал шарруашылығын интенсивтендіруді дамыту туралы, кооперативтік қозғалыс және т. б туралы жазды. Газет үкіметті өз қолына қаратып алған соң, олар өз идеяларын күштеп жүзеге асырады деп санады. Тұтас алғанда, өлкенің әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы әр түрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде жалпы ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін көрсете білді.

1910-1911 жылдарда жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуіл қозғалысы жандана бастады. 1911 жылдың мамырында Перовск пен Түркістан станциялары темір жол шеберханаларының және «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы кеніштерінің жұмысшылары бас көтеріп, кәсіпорын әкімшілігіне өз талаптарын қойды. Соңғыларының бас көтеруіне 300-ге жуық адам қатысты, олар жалақыны көбейтуді талап етті.

1912 жылдың сәуірінде Лена алтын кеніштерінде патша әскерлері 270 адамды өлтіріп, 250 адамды жаралады, олардың арасында қазақ М. (Угар) Жәнібеков бар еді. Бұл қанқұйұлы террор Ресейдегі, соның ішіндегі Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының дамуына тың тыныс берді. 1912 жылғы 20 сәуірде Түркістан станциясында түн жамылып далада теміржолшылардың жиналысы болды, мұнда олар жергілікті жандармның хабарлағанындай, Ташкент станциясы жұмысшыларының үлгісімен ұйымдасу және Бүкілресейлік темір жол одағына қайта қосылу, Орынбор-Ташкент темір жолының бүкіл өн бойы бойынша және басқада жақын жолдармен тығыз байланыс орнату, ереуіл пайда болған жағдайда ондайларға толық ынтымақ және дайындық көрсету жөнінде қаулы қабылдады. Бұл орайда жандарм офицері былай деп атап көрсетті: «Бұған Лена оқиғалары негіз болды; соңғы уақытта депо жұмысшылары мен қызметкерлерді үнемі жұмыстан шығару, соның салдарынан жұмысшылар мен көптеген байырғы қызметкерлердің жұмыссыз қалуы, ал қысқарған қызметкерлердің жұмысы қалғандарының мойнына түсуі, оның үстіне төленетін ақының сол күйінде қалатыны, ал кейде өлкедегі тіршілік үшін қажетті өнімдерің барған сайын қымбаттауы артып отырғанына қарамастан, жалақының кеміп кететіні ашынған наразылықтық арқауы болды».

1912 жылғы 12 сәуірде Орынборда және жол бойынша РСДЖП қалалық комитетінің прокломациялары таратылды, олар Бірінші мамырды мерекелеуге шақырды, сондай-ақ оларға 8 сағаттық жұмыс күні, саяси бостандықтар, армияны тарату және оны халық милициясымен ауыстыру талаптары қойылды. 1912 жылғы 30 сәуірдегі жандарм материалдарында Орынбор-Ташкент темір жолының басты шеберханаларының жұмысшылары ертең, 1мамырда бас көтеру жасамақшы, бұл орайда, пролетарлық мейрамды «Лена оқиғаларына» қарсы наразылық білдіруге арналған бір күндік бас көтерумен байланыстыруға тырысуда деп атап өтілді. Шынында да 1912 жылғы 1 мамырда басты шеберханаларда жұмысшылардың қысқа уақытқа созылған бас көтеруі болды. 1912 жылдың жазында Орынбор-Ташкент темір жолының Ташкент учаскесінде де есеп айырысуды алты ай күту толық ашындырған 300 жұмысшының толқуы болып өтті. 1912 жылғы 18 мамырда Ақтөбе станциясынан жандарм офицері мұнда революциялық насихаттың «құпия және қулықпен жүргізілетіні сонша, ең басты басшыларын анықтауға ешбір мүмкіндік жоқ» деп жариялады.

1912 жылғы 12 мамырда жалақының төмен, еңбек жағдайларының ауыр болуы себепті Спасск мыс балқыту зауытының жұмысшылары бас көтеру жасады, келіссөздер нәтижесінде зауыт қожайындары жұмысшылардың қойған шарттарын орындауға келісті. 1912 жылдың шілдесінде Жем мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары, 1913 жылдың маусымында Орынбор-Орск темір жолының құрылысшы жұмысшылылары, Доссор мұнайшылары бас көтеріп әкімшілікке қарсы шықты. Қыркүйекте «Атбасар мыс рудалары» қоғамының Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кен орындарындағы жұмысшылардың толқулары болып өтті. Өздерінің сөйлеген жұмысшылар экономикалық жағдайды жақсартуды, әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті, саяси сананы дамыту мен өз құқықтары үшін күресуге батыл бел байлап саяси талаптарын қойды. Өлке жұмысшыларының бой көрсетулері патша өкіметіне қарсы шаруалар бой көрсетулерінің өсуіне, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті. Қоныс аударушы шаруалар салықтар мен алымдарды төлеуден бас тартты, ағаштарды өз бетімен кесуді жүзеге асырды, олардың көбісіне жер бөлінбей жерсіз қалған болып шықты: жағдайдың қиындығы, қоныс аударушы шаруалар бұқарасының қайыршылануы, қоныс аударушылар деревнясындағы әлеуметтік таптық жіктелістің күшеюі шаруалардың байларға қарсы ашық бой көрсетулеріне себеп болды. Лепсі уезі Петропавл селосының кедей шаруалары өздеріндегі байларға қарсы шықты, қарулы қарсылық көрсетті. Көкшетау, Верный уездері мен басқа да уездерде қоныс аударушы шаруалардың осындай бой көрсетулері болып, оларды жазалау отрядтары басып тастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ пен КСРО
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Шығыс елдері
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1925-1940)
Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
Латын Америка елдері туралы
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz