Шәкәрім лирикасындағы тілдік-бейнелілік аспектілер



Бейнелі сөздердің қай-қайсысының болсын құндылығы, түптеп келгенде, өмір құбылыстарының ұқсастығын тап басып, дәл көре біліп, мол әсер, бай ассоцияция туғызатын, оқушының ойын қозғап, терең сезімге бөлейтін шеберлікте жатқанын естен шығармауымыз керек.
Шәкәрімнің ақындық серпініне, шеберлігіне лайық көркемдік көрсеткіштер аз емес. Атап айтсақ, метонимия, символ, синекдоха, нақыл сөз, фразеологиялық оралымдар.
Осы тілдік-бейнелілік аспектілер арқылы ақын болмыстың шынайы бейнесін сәулелендіре суреттейді деп айтуға болады.
Ақын сөздің эстетикалық қызметін, танымдық мәнін шебер меңгеріп, негізгі айтайын деген ойын, тақырыбын ұршықтай иіріп жырлайды.
Енді сол тілдік-бейнелілік аспектілерге жеке-жеке, жүйелі түрде тоқталып өтсек.
Барлық троп түрлері бір-бірімен байланысты. Троптар-ойды бейнелі, көрікті етіп жеткізудің әр түрлі амал-тәсілдері, тілде әрқайсысының өзіндік көркемдік қызметі мен ерекшеліктері бар. Қазақ ғалымдарының көпшілігі бір заттың орнына екінші заттың алмастырылып айтылуын, заттың немесе құбылыстың тек бір жағын не болмаса бөлшегін атай отырып, ойдағы затты түгелімен елестетуді метонимияға жатқызады. Метонимияның метафорадан, өзге троп түрлерінен айырмашылығы, өзгешелігі де осы алмастырылып қолдану қасиетінен болса керек.
Метонимия метафора сияқты тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына береді немесе оның мағыналық аясын кеңітеді. Біраз мысал келтіріп көрсек. "Жастарға" атты өлеңінде:
Күнде көздеп, мінезді тексерелік!
Айланы, ақыл демей, сескенелік!
Адалдың жолында өлсек, арман бар ма?
Ақты аныққа шығарам деп көрелік!
Кісіге оны бұрған өкпелелік!
Тіл алса, "мұны қой" деп ақыл айтып,
Тыңдамаса, жау көріп кектенелік! [1;36] "Мен қорқамын, қорқамын" өлеңінде:
Кек, ашудан тый дейсің,
Айыртып ақ пен қарасын.
Мен құдай ма, патша ма,
Ынсапсызға бастама.
Ауыртып ашып жаныштама,
Жанымның ескі жарасын. [1; 132]
Қара көрсем, кетемін,
Жетуге талап етемін.
Пайдасында ісім жоқ,
Не де болса жетемін. [1; 106]
"Ақты" аныққа шығарам-әділдік мағынасында "ақ пен қара"- жақсылық пен жамандық, "қара"-көзге көрінген зат, алдыдағы мақсат мағынасында.
Поэзияда, әдебиетте салыстыру арқылы аңғартылған шындық дайын күйінде айтылған ақиқат-тұжырым емес, ол әдетте оқушының жан-сезімін оятып, оған ой салатын және көбінше астарлы мағынасы бар, кейде тіпті тұспал, ишара секілді мағынасы бар бейне, сурет түрінде көрінеді.
Метонимия негізінде екі нәрсенің арасындағы жалғастық, ұқсастық, ескеріліп, соның негізінде ауыспалы, астарлы мағынасы бар бейнелі сөз туады.
Метафора, теңеу, метонимия, эпитет, перифраз бір-біріне біршама жақын тілдік, көркемдік құбылыстар, дей тұрғанмен, әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеті, өзгешелігі бар дейміз.
Екі нәрсенің алмастырылып, бірінің орнына екіншісі айтылып, бірі арқылы екіншісін ұқтырудың түрі көп.
1. Шәкәрім Құдайбердиев Шығармалары: өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы: «Жазушы», 1988. – 560 бет
2. Потебня А.А. Теоретическая поэтика. /Сост., авт. Вступ. ст. и коммент.А.Б.Муратов/ М., "Высш.шк."1990. - З42.стр.
3. 3.Қабдолов Сөз өнері. - Алматы: «Қазақ университеті» 1992. - 352 бет.
4. Қ.Жұмалиев Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Т2. Алматы: «Қазмемкөркәдбас», 1960. - 364 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жақсыбаева Э.О.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
Бураханова Қ.С.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
(Алматы қаласы)
Шәкәрім лирикасындағы тілдік-бейнелілік аспектілер

Бейнелі сөздердің қай-қайсысының болсын құндылығы, түптеп келгенде,
өмір құбылыстарының ұқсастығын тап басып, дәл көре біліп, мол әсер, бай
ассоцияция туғызатын, оқушының ойын қозғап, терең сезімге бөлейтін
шеберлікте жатқанын естен шығармауымыз керек.
Шәкәрімнің ақындық серпініне, шеберлігіне лайық көркемдік көрсеткіштер
аз емес. Атап айтсақ, метонимия, символ, синекдоха, нақыл сөз,
фразеологиялық оралымдар.
Осы тілдік-бейнелілік аспектілер арқылы ақын болмыстың шынайы бейнесін
сәулелендіре суреттейді деп айтуға болады.
Ақын сөздің эстетикалық қызметін, танымдық мәнін шебер меңгеріп,
негізгі айтайын деген ойын, тақырыбын ұршықтай иіріп жырлайды.
Енді сол тілдік-бейнелілік аспектілерге жеке-жеке, жүйелі түрде
тоқталып өтсек.
Барлық троп түрлері бір-бірімен байланысты. Троптар-ойды бейнелі,
көрікті етіп жеткізудің әр түрлі амал-тәсілдері, тілде әрқайсысының өзіндік
көркемдік қызметі мен ерекшеліктері бар. Қазақ ғалымдарының көпшілігі бір
заттың орнына екінші заттың алмастырылып айтылуын, заттың немесе құбылыстың
тек бір жағын не болмаса бөлшегін атай отырып, ойдағы затты түгелімен
елестетуді метонимияға жатқызады. Метонимияның метафорадан, өзге троп
түрлерінен айырмашылығы, өзгешелігі де осы алмастырылып қолдану қасиетінен
болса керек.
Метонимия метафора сияқты тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге
жаңа мағына береді немесе оның мағыналық аясын кеңітеді. Біраз мысал
келтіріп көрсек. "Жастарға" атты өлеңінде:
Күнде көздеп, мінезді тексерелік!
Айланы, ақыл демей, сескенелік!
Адалдың жолында өлсек, арман бар ма?
Ақты аныққа шығарам деп көрелік!
Кісіге оны бұрған өкпелелік!
Тіл алса, "мұны қой" деп ақыл айтып,
Тыңдамаса, жау көріп кектенелік! [1;36] "Мен қорқамын,
қорқамын" өлеңінде:
Кек, ашудан тый дейсің,
Айыртып ақ пен қарасын.
Мен құдай ма, патша ма,
Ынсапсызға бастама.
Ауыртып ашып жаныштама,
Жанымның ескі жарасын. [1; 132]
Қара көрсем, кетемін,
Жетуге талап етемін.
Пайдасында ісім жоқ,
Не де болса жетемін. [1; 106]
"Ақты" аныққа шығарам-әділдік мағынасында "ақ пен қара"- жақсылық пен
жамандық, "қара"-көзге көрінген зат, алдыдағы мақсат мағынасында.
Поэзияда, әдебиетте салыстыру арқылы аңғартылған шындық дайын күйінде
айтылған ақиқат-тұжырым емес, ол әдетте оқушының жан-сезімін оятып, оған ой
салатын және көбінше астарлы мағынасы бар, кейде тіпті тұспал, ишара
секілді мағынасы бар бейне, сурет түрінде көрінеді.
Метонимия негізінде екі нәрсенің арасындағы жалғастық, ұқсастық,
ескеріліп, соның негізінде ауыспалы, астарлы мағынасы бар бейнелі сөз
туады.
Метафора, теңеу, метонимия, эпитет, перифраз бір-біріне біршама жақын
тілдік, көркемдік құбылыстар, дей тұрғанмен, әрқайсысының өзіндік ерекше
қасиеті, өзгешелігі бар дейміз.
Екі нәрсенің алмастырылып, бірінің орнына екіншісі айтылып, бірі
арқылы екіншісін ұқтырудың түрі көп.
Мысалы, "Мен екі аяқ іштім"-(асының орнына ыдысын), осы сияқты Шәкәрім
өлеңдерінде:
Амандаса келісіп,
Бір бағланды сойғызар.
Кел деп аяқ берісіп,
Қымызға әбден тойғызар. [1 ;89]
"аяқ"-сөзі ыдыс, кесе деген сөздің орнына алмастырып тұр.
Бір момынның ұстасам түзу ісін,
Жөндейін деп ғарыптың жөн жұмысын.
-Ақтан безген ары жоқ өңкей залым
Ырылдатып жабады ит пен құсын.
Өмірдегі іс-әрекет, не әртүрлі бір-бірімен байланысты өмір құбылыстары
қанша көп болса, алмастырылып айтылатын нәрселер де сонша көп болуы мүмкін.
Сол құбылыстардың бірі, адалдық, тазалық адам бойынан табылатын
қасиеттер. Өлеңде "ақ" сөзімен алмастырылады. Ал, надандық, жамандыққа
"қара" сөзі қолданылады. Жаңағы, "Ақтан безген ары жоқ өңкей залым" деген
жолдан айқын көруге болады.
Адалға әлімізше аяңдадық,
Арамға аяқ баспай шабандадық
Елемесең, есіңе енбейді ақыл,
Ескерсең, осы сөзім сендерге анық. [1 ;35]

Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі- жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр. [1;98]

Ал енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық. [1;31]

Сынамасаң жақсының сөзін қорып...
Талабыңды жоғалтар іштен сорып.
"Сандалған түспе ізіме" деген Абай,
Жүрсіңдер осы сөзді қалай жорып?. [1;66] Метонимияның
мысалдарынан екі нәрсе бірінің орнына екіншісі алмастырылып
(ауыстырылып) қолданғанда өмірдің сан алуан құбылыстарынан алынатындығы
айқын көрінеді.
"Адал," "арам,"-жаман, жақсы қасиеттер. "Алдында жақсы да тұр, жаман
да тұр"- өмір құбылысы болса, "қазақта қай жақсы бар көз саларлық?" немесе,
"Сынамасаң жақсының сөзін қорып" деген жолдарда адамның орнына қасиеті
қолданылған, осы сияқты мысалдар Шәкәрім лирикасында жеткілікті.
"Если при переходе от образа к значению, это последнее не исключает из
себя образа, но сверх этого получает новое качество, например: "Эх ты,
голова!",-то это будет метонимия."- деп А.А.Потебня метонимияның қасиетін
атап көрсеткен. [2;182] Жоғарыдағы мысалдар осы қасиетке келеді.
Сонымен, метонимия - белгілі бір зат немесе құбылыстардың ішкі және
сыртқы мағынасының шынайы байланыстылығына қарай алмастырылады. Метонимияда
құбылыс немесе зат басқа сөздер мен ұғымдардың кемегі арқылы аталады.
Оларды жақындастыратын белгілер немесе байланыстар сақталады. Метонимияның
метафорадан айырмашылығы осында. Метонимияда ұғым туралы болжау жанама
белгілер немесе қосымша мағына арқылы беріледі, ал бұл тілдік поэтикалық
көркемдігін күшейтеді.
Белгілі әдебиетші-ғалым, жазушы З.Қабдолов: "Суреткер қолындағы сөз
суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған
сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ: бір сөз бір-ақ
нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын
тануға болады. Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында жатыр,"-деп
барлық троп түрлерінің таным аясын байытатындығын ерекше атап көрсетеді.
[3;214]
Сонымен қатар, "ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің ерекше бір
тобына жататын-синекдоха. Бұл жай сөздерде де, көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Бернияз романтизміндегі ұлттық идея
Метафора туралы
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Жұматай Жақыпбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Оқиғалы өлең (Шәкәрімнің оқиғалы өлеңі)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Пәндер