Ибн Сина және оның еңбектері



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Ибн Синаның өмірі мен балалық шағы.
2.2. Ибн Синаның алғаш жарық көрген еңбектері.
2.3. Ибн Синаның әлемдік мәдениетіне қосқан үлесі.
2.4. Әл.Фараби мен Ибн Сина дүнметанымы.
3. Қорытынды.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгінгі мен ертеңін танып, бағдарлап отыру да ғылым тарихында маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған математикалық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың барлығы баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кезеңдегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырда адамзат білімінің молайып, ақыл - парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – Ибн Сина.
Ибн Сина және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орны бөлек. Дүние жүзінің әртүрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Ибн Синаның мұраларын зерттеп келеді.
Ибн Синаның медециналық, метафизикалық, адамгершілік,философиялық, психологиялық, географиялық т.б – ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұлардың ішінде «Аль – Аруди», «Адамгершілік және кемістік», «Медицина негіздері», «сауықтыру кітабы», «Якзаның ұлы Хайн» шығармасы, «Әділеттілік кітабы» атты көптеген еңбектері бар.
Ибн Сина жайында жазудағы мақсатымыз қолда барматериалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылыми өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту. Мұнда Ибн Синаның физикалық және қоғамдық саяси еңбектері көзқарастары жайында аз берілген. Ибн Синаның бірнеше жылдан бері жүздеген зерттеулері мен жазған мақалалары және тағы басқа еңбектері жазылды.
Расындада Орта азия мен Қазақстан өзінің көп ғасырлық тарихында адамзат қоғамының ғылыми және мәдени өміріне елеулі үлес қосты.
Ибн сина жайындағы еңбектері әлі де болса ашыла қоймаған беттерінен таныстыра түсетіні даусыз.
Жылғадан басталған дария секілді соны мәдениеті соқпақтары жөнінде тарихи – филологиялық зерттеудің түпкі мәні де осында.
1. 26-8
Б-31 Географиялық ашулар – 2
Алматы: «Аруна», 2005 жыл

2. IФ
Ш56 Б.Я. Шидфар
Ибн Сина. Москва, 1981 г.

3. IФ
И.147 Ибн Сина и средневековая философия.
Душанбе, 1981 г.

4. Улан газеті. Әбу Әли Ибн Сина. № 49, 7 желтоқсан. 2004 жыл

5. ББК 84 Каз
А90 Асанбай Асқаров
Ұлы Тұранның ұлдары.
«Нұрлы әлем» Алматы, 1998 жыл.

6. ББК 63.3 (5Каз)
Қ18 Қазақстан тарихы. Атамұра. Алматы, 1998 жыл


7. ББК 87.3 я 17.3
Қ43 А. Қасабек
Тарихи-философиялық таным. Алматы КазГЗУ, 2002 жыл

8. ББК. 873
С.73 Б. Ысқақов
Сөнбес жұлдыздар. Алматы «Қазақстан», 1989 жыл

9. ББК 66.3 (5 Каз)
Н 90 Әбдімәлік Нысанбаев
Қазақстан демократия рухани жаңару. Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 1999 жыл

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИҚАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ИБН СИНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

Орындаған: Нурланқызы К.

Тексерген: Қырқымбекова А.

Алматы-2006 жыл

Ибн Сина және оның еңбектері

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

1. Ибн Синаның өмірі мен балалық шағы.

2. Ибн Синаның алғаш жарық көрген еңбектері.

3. Ибн Синаның әлемдік мәдениетіне қосқан үлесі.

4. Әл-Фараби мен Ибн Сина дүнметанымы.

3. Қорытынды.

Кіріспе

Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгінгі мен ертеңін танып,
бағдарлап отыру да ғылым тарихында маңызды орын алады. Расында адамзаттың
жинақталған математикалық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани
байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың барлығы баршаға бірдей ортақ
қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу,
халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кезеңдегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға
талай елдің талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырда адамзат
білімінің молайып, ақыл - парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген
ғұламаның бірі – Ибн Сина.
Ибн Сина және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы
орны бөлек. Дүние жүзінің әртүрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Ибн
Синаның мұраларын зерттеп келеді.
Ибн Синаның медециналық, метафизикалық, адамгершілік,философиялық,
психологиялық, географиялық т.б – ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұлардың
ішінде Аль – Аруди, Адамгершілік және кемістік, Медицина негіздері,
сауықтыру кітабы, Якзаның ұлы Хайн шығармасы, Әділеттілік кітабы атты
көптеген еңбектері бар.
Ибн Сина жайында жазудағы мақсатымыз қолда барматериалдарға,
мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылыми өнердегі қол жеткен
табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде
таныту. Мұнда Ибн Синаның физикалық және қоғамдық саяси еңбектері
көзқарастары жайында аз берілген. Ибн Синаның бірнеше жылдан бері жүздеген
зерттеулері мен жазған мақалалары және тағы басқа еңбектері жазылды.
Расындада Орта азия мен Қазақстан өзінің көп ғасырлық тарихында
адамзат қоғамының ғылыми және мәдени өміріне елеулі үлес қосты.
Ибн сина жайындағы еңбектері әлі де болса ашыла қоймаған беттерінен
таныстыра түсетіні даусыз.
Жылғадан басталған дария секілді соны мәдениеті соқпақтары жөнінде
тарихи – филологиялық зерттеудің түпкі мәні де осында.

Балалық шақ.

Ұлы дәрігер 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы Афшана қыстағында
дүниеге келген. Ол Хасан Ибн Әли мен жас бикеш Ситора банудың тұңғыш
перзенттері. Ибн Синаның айтуынша: Менің әкем Балхада өмір сүрген, сол
жерден Нуха Ибн Мансурдың билік еткен тұсында Бұхараға көшіп келген. Содан
соң ол Нуханың тұсында наместник қызметін атқарған және жақын жерінде
афшана аумағы орналасқан Бұхара округіне кіретін аса үлкен емес ескі қала
Хурмитанда салық жинаушы болып қызмет атқарған. Әкем сонда менің шешеме
үйленген және сол қалада тұрған. Сонда мен және менің інім дүниеге
келдік.Көп уақыт өтпей-ақ біз Бұхараға көшіп келдік. Маған Құран мұғалімі,
сонымен қатар адаб деп аталатын араб тілін және поэзияны үйрететін оқытушы
келе бастады да, мен көптеген нәтижеге жеттім.
Менің әкем египеттік-исмаилаттар оқуын қабылдап, өзін солардың
қатарына жатқызатын. Ол олардың диспуттарына қатысып, жан және ой туралы
әңгімелерін тыңдады. Бұл оқуды менің ағам да қабылдап, екеуі сол жайында
көп әңгімелесетін, ал мен олардың айтқандарын жақсы түсінетінмін. Сол
себепті мені оларға қосылуға үгіттеп, философияия, геометрия және үнді
санақтары туралы әңгімелерге қызықтыратын.
Ибн Синаны бес жасында Бұқарадағы мектепке оқуға береді. Сәби
кезінен-ақ өзінің зеректігімен маңайындағыларды таң қалдырған. Ибн Сина
медреседе оқығанкезде бірден көзге түсіп, ұстаздары үйреткен нәрсенің
қандайын болса да бірден ұғып алып, ешқандай ұмытпайтын болған. Оның
соншалықты білімді болып өсуіне ғылыми-білімге айрықша мән беретін әкенің
ықпалы да аз болмаған тәрізді.
Ибн Сина он жасында құранды түгел жатқа айтатын болды, грамматика,
стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқараға
белгілі философ Намилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары
бойынша дәріс (сабақ) алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны
Птоломей бойынша өздігінен оқып үйренуге кіріседі. Әкесі қаланың
__________
Наместник - патшалы Ресейде немесе кейбір елдерде аймақ бастығы.

адамдарын былай қойғанда, алыс аймақтар мен елдерден келген
ғалымдар мен сан-саланың білімді адамдарын қабылдағанда, әңгіме
тыңдап, білімдар болып өссін деп Ибн Синаны қасына отығызып қояды екен.
Сондай сәттерде оларды қаршадай баланың ой, ғылым, таным еркіне
еркін енетін қабілет қызықтырмай қоймайтын. Осылай 12-13 жасынан-ақ
медицинамен тікелей айналыса бастаған бозбала маңайындағы ауруларды ақысыз
– пұлсыз емдеу, сауықтыру ісімен шұғылданады. Аз уақыт ішінде – ақ жұрт
назарына ілініп, аты елге таныла бастайды.
Ибн Синаның қарсыласы және замандасы философ және тарихшы Ибн
мискавейх Халық тәжірибесі атты шығармасында аббастың Халифтерінің бірі
Аль-Муфтыйдың (946 – 974) – Бутидтар оған билікте ақша да қалдырмағанына
және бейбітшілік істер оған бағынышты еместігіне наразылық білдіргенін
жеткізді. Ал белгілі саяхатшы, географ және ақын Абу Дулаф аль – Хазраджи
халиф аль – Мутыйды күлкі етіп кедей, қаңғыбас сасанид қатарына
жатқызған.
Х ғасырдың соңында Халифаттың шығыс провинциясының көп бөлігі
астанасы Ғазна қаласында орналасқан түрік династиясының тегінен шыққан
Ғазневидовтың билігіне тап болды. Осы династияның басқарушылары Ибн Синаның
замандастары, аль-Азиз (975-996); аль-Хаким (996-1020) және аз-Захир (1020-
1035) ақсүйектерді ғана емес, сонымен қатар Бағдат халифтарының рухани
билікті де мойындамады.
ҮІІ ғасырдың өзінде мұсылмандар арасында кім Халиф исламның рухани
басқарушысы және мұсылман мемлекетінің ақсүйек басшысы бола алатындығы
туралы дау туған. шиат Али деп атаған Мұхамедтің күйеу баласын (қызы –
Фатыманың күйеуі) Али Ибн Абу Талибаның жақтастары Халиф-ат тек Алидың
ұрпақтары ғана бола алады дейді. Олардың қарсыластары оларды ахль
ассунна деп

_______________
Ахль ассуна - әдет –ғұрып адамдары.

атай бастады. Осыдан кейін мұсылмандардың екі бағытқа –суниттерге жәнее
шейіттерге бөлінуі басталды.
Ары қарай суниттер мен шейіттер арасындағы келіспеушілік
наразылықтары басталды. Шиизмнің басты ерекшелігі Али –Ибн Абу Талибтің
және оның ұрпақтарының исламды қабылдаудағы ролі болды. Али Мұхаммедпен
қатар құрметтелді.
Х ғасырдың соңында карматтар сектасымен байланысты исмайлаттар,
халифаттың оңтүстігінде Бахрейнде жеке мемлекетін құрды. Олар өз ықпалдарын
барлық жерге тарату мақсатында өз уағыздаушыларын жіберіп отырды. Ибн
Синаның айтуы бойынша олар әкесі мен ағасын да тартқан және өзін де оларға
қосылуына үгіттеген. Бірақ еш жерде оларға қосылдым деп айтылмаған.

Жастық шақ

Абу Али аль –Хассан ибн Абу аллахИбн Синаның айтуынша: содан соң әкем
бақал лавкасы бар және үнділік санақты білетін адамға, мені одан үйренсін
деп апара бастады. Содан соң Бұхараға Философ деп атап кеткен. Абу
Абдоллах ан-натали келді. әкем оны мені одан үйренсін деген мақсатпен өз
үйімізге түсірді. Ан-натали келгенше, мен Исмаил аз захидке барып жүріп
фсихологиямен заң танумен айналыстым. Оның ең үздік оқушыларының бірі
болдым.
Мен заң танудағыдай сұрақ пен жауап берушінің әр түрлі сөздерін қолданып
сөйлеп үйренгенмін. Ан натали келген уақытта бірге Исагокты оқығанда
қандайда бір мәселені анықтағанда адамдар ойлары былайша бөлінеді деді. Мен
ол естігеніме анықтамалар беріп отырдым. Ан натали өте таңқалдым және әкеме
мені ғылым саласындағы оқумен көңілімді басқа істерге аудармауымды сұрады.
Кез келген сұрақты мен өзіме дұрыс жақсы түсіндім. Содан кейін мен әртүрлі
кітаптарды оқытушының көмегінсіз оқи бастадым.

___________
Суниттер –ауыздан таралған діни қағидаларды мойындайтын мұсылмандар.

Шейттер - шиизмнің жолын қуушылар.
Евклидтің 5 және 6 алғашқы теориясын ан – Наталимен ал қалған бөлімдерін
өзім оқып таныстым. Кейін мен Альмагестті оқуға кірістім. Су бөлігіндегі
оқуды бітірген соң геометриялық фигуралармен аспан денелерінің қозғалысын
оқуға кірістім. Ибн Сина үнділік сынақты қай жастан оқығанын көрсетпеген,
бірақ сол кезде оған 10-12 жас болған. Неге осындай күрделі заң танумен
осындай жаста айналысқан деп таңданбаймыз. Мұсылман елдерінде әдет ғұрыпты
мұсылмандық білім беру 5-6 жастан және егер бала Абу али сынды есте сақтау
қабілеті зор жұмысқа қабілеттілігі жоғарғы білімге құштарлығы мол болса
онда 10 жасында - ақ қандай бір ғылымда фикхе медицинаны және астрономияны
игеруі мүмкін. Әрбір оқушы біріншіден граматикадан бастап адамзат
ғылымының бүкіл комплекісі, поэзияны, құранды, араб тілін білуі керек.

Жол таңдауы.

Мен бір жарым жыл бойында әр түрлі ғылымды тереңдетіп оқыдым. Осы
уақытта мен тағыда логиканың және философияның бар бөлімін оқып болдым.
Бірде бір түнді таңға дейін ұйықтамадым. Ал күндіз оқудан көз ашпадым.
Қандайда бір сұрақтың шешімін таппаған уақытымда әр кезде, мен мешітке
барып сыйындым және жаратушыдан жабық тұрғанды ашуды немесе қиынды оңай
етуін сұрадым. Күндіз үйге қайтып, алдыма шам жағып оқып, жаздым.
Шаршағанда немесе ұйқым келгенде мен бір ыдыс шарап ішіп жазуымды қайта
жалғастырдым. Мен қатты ұйықтап кеткен сәтте, маған әдетте шешілмеген
сұрағым түсіме кіретін. Сондықтанда мен көбінесе оны түсімде шештім. Мен
барлық ғылымды жыл болмайынша осылай жалғастырдым.
Бұл қабарды оқу барысында біріншіден 16 жастағы баланың ынталығын,
білім жолындағы төзімділігін аңғаруға болады. Ол шығыста да, Европада да
әйгілі болған дәрігер болатын. Ол медецина жайлы көптеген еңбектерді оқи
келе тамаша дәрігер бола білді. Кабус -нали жазады: Дәрігер аурудың жан
ұясы, ауруының пайда болуы, темпераменті, аурудың немен шұғылданатынын,
жеке істері, мінезі жайлы тұрғылықты жерін білмей емдеуге болмайды дейді.
Ибн Сина осы принципті жақсы ұстанған.
Ибн Синаның алғаш жарық көрген еңбектері.

Абу Әли Аль-Хасан ибн Абдаллах Ибн Синаның айтуынша: Мен табиғи
ғылымды және математиканы толық меңгеріп, құдай берген тамаша ғылыммен
айналыса бердім. Мен Метафизика кітабын оқып шығып онда не жазылғанын
түсінбедім. Мен бөлімдерге бөліп оқыдым, кітапты қырық рет оқып, жаттап та
ала алмадым, түсіну мүмкін емес дедім.
Бірақ бір күні кешке көшірмелі базарына келіп саудагерлердің қолынан
бір кітапты көрдім. Саудагер менің сатып алуымды сұрады, бірақ мен
метафизикадан жалығып бас тарттым. Сонда саудагер маған: Үш дирхемге
беремін, иесіне ақша керек, ал деп өтінді.
Кітапты сатып алдым, бұл шығарма Абу Насыр аль – Фарабидің
Метафизиканың бөлімдерінің анықтамасына арналған шығармасы болды. Үйге
келген бойда оқуға кірістім. Сол мезетте маған метафизиканың барлық
бөлімінің мазмұны, мақсаты түсінікті болды. Мен қатты қуанып, келесі күні
Аллаға рахметімді айтып, кедейлерге садақа бердім.
Бірде Хорезімнің әмірі Нұх ибн Мансұр қатты ауырып шипсы табылмай
білімді делініп жүрген сарай дәрігерлері дауа жасай алмаған кезде, сарай
маңындағылар Ибн Синаны да естеріне алады. Жас дәрігер аурудың табан
астында жазылуына себепкер болады. Бұған өмірдің зор рахышылығы түсіп,
ризашылығын білдіреді. Қалаған қажеттеріне қамқор болатынын айтады. Сонда
білімге құштар жас дәрігер өз тірлігіндегі зәру болып, қолы жетпей жүрген
арманы - өмір сарайындағы кітапханаға кіріп, сондағы кітаптармен танысуға
мүмкіндік алады.
Әмір Ибн Синаның бұл өтінішін орындап қана қоймай, мол тарту – таралғы
сый тартады.
Ғалымның өзінің айтуымен жазылып бізге жеткен өмірінің баянында:
Савван ал Хитмат деп аталған, яғни Ақыл – ой қазынасы атты кітапхана
сол кездегі әлемдегі ірі кітапханалар қатарында еді. Мен сондағы ғылымның
сан саласы бойынша жинақталған кітаптарды оқып, оларда айтылған ғылым,
білім тереңіне үңілдім. Осылай 18 жасқа жеткенде барлық ғылым саласының
білімпазы атандым. Бұдан былай мен үшін мен білмейтін ғылым саласы және
олардың түсініксіз тұстары болған емес еді, -делінген.
Көршілес менімен Абу Хасан аль –Аруди деген тұрды. Ол менен ол үшін
өлең құрылысы туралы жауымды сұрады. Мен ол туралы кітап жазып, аль –
Аруди - деп атадым. Мен бұл кітапта математикадан басқа барлық ғылым
туралы жаздым. Ол кезде мен 21 жаста едім.
Көршілес менімен тағы да Абу Бекр аль – Барки аль Хорезми тұрды. Ол
Фикхпен құранды талқылаумен айналысты және ғылымды сүйген. Ол маған бірнеше
кітаптарына талқылау жасауымды сұрады. Мен этика жайында кітап жазып, оны
Адамгершілік және кемістік деп атадым. Бұл шығармалар тек сонда ғана бар.

Сонымен, Абу Али үшін оқушылық өмір 18 жасында аяқталды. Сол кезде
белгілі ғалымдарды оқып бплған соң, одан кейн өмірлік тәжірибеден басқа
жаңа еш нәрсе біле алмады. 997 жылдан бастап Ибн Синаның творчестволық
қызметі басталды және 150-ге жуық шығама туындысын қалдырды. Олардың
кейбіреуі басылып шықты, басқа тілдерге аударылды, кейбіреулері Еуропада,
Орта Азия, Таяу және Орталық Шығыс кітапханаларында сақталған, ал
кейбіреулері бізге жетпей қалған.
Ибн Синаның әр жақтылық энциклопедизміне қарамастан, оның 2 басты
тақырыбы – философия және медицина.
Ибн Сина ғылымның классификациясын реттей отыра, ғылымның 3 түрін
анықтап көрсетеді.
1-ші немесе ең төмен – бұл ғылым материалды заттармен айналысады.
2-ші немесе орташа –бұл ғылым зат өзінен-өзі материалды, бірақ
біздің ойымызша дерекзіздендіріледі.
3-ші немесе жоғары –бұл жалпыға бірдей, бұл ғылым таза абстрактілік
мәнді қарастырады.
Ол ғылымды классификацирлейді:
1. Медицина, мақсаты- адамзат денесін ауру және сау кезінде оқып, білу
денсаулығын қалпына келтіру және оны сақтау, ауруларды ығыстыруға бейімдеу.
2. Жұлдыздардың қозғалысы туралы ғылым. Мақсаты- жұлдыздар арқылы ел
және адамдардың өмірін, тағдырын білу, жұлдыздардың орналасуын жердегі
істермен салыстыру.
3. Физиогномика, мақсаты – адамның дене бітімі арқылы бет әлпетінің
түріне қарап мінезін қандай іске жарайтынын білу.
4 Талисмандар туралы ғылым, әр түрлі өсімдіктер мен минералды
заттардан әлемге қажетті заттар алу.
5. Түсті талқылау, жору ғылымы. Мақсаты- ақылды ұғыну ұйықтап
жатқанда жан денені уақытша тастап кетеді деп түсінілген яғни осы бағытты
өмірде қолдану.
6. Сиқырлы жайлы ғылым- жер бетінде табиғатқа таңғажайып істер
беретін күш.
7. Алхимия, мақсаты- әр түрлі заттарға сапа беру және оларға басқа
заттың сапасын беру, арзан металлдардан алтын және күміс алу үшін.

Али Абу Ибн Синаның әлемдік мәдениетіне қосқан үлесі

Ибн Сина - әйгілі оқымысты , философ, орта ғасырдағы персид-тәжік
әдебиетінің классигі, әлемдәк цивилизияға үлесін қосқан. Ибн Сина
энциклопедист-ғалым ретінде математик те, физик те, психолог музыкант,
геолог, биолог , дәрігер философ, ақын да болған. Ол тамаша өлеңдерін ана
тілі, тәжік тілімен қатар араб тілінде де жазды. Осы аталған әрбір білім
деңгейінде , әлемдік мәдемиеттің дамуына бақылау мен ашылымдары маңызды
роль атқарған. Бірақ Ибн Сина , әсіресе, ғылымның философия және медицинада
маңызы зор. Оның философиялық және медициналық ізденумен ашылымдары әлемге
даңқын шығарып, оның есімі ғасырлар бойына ұмытылмады.
Ибн Синаның маңызын түсіну үшін, оның заманында яғни орта ғасырлық
билік еткен идеологияға табиғатты обьективті зерттеуге қарсы болатын, ойлау
және жаңаша ойлау болатындығына қарсы дін және теология болды. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы
Әбу Әли ибн Сина
Әбуәли ибн Сина
Әбуәли ибн Сина- ғалым, пәлсапашы
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Сөнбес жұлдыздар
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары
Пәндер