Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:

т. ғ. д., профессор Төлеубаев Ә. Т.

ОРЫНДАҒАН: сырттай бөлімнің

5 курс студенті Байсов А.

Қорғауға жіберілді:

«___» 2007 жыл

Кафедра меңгерушісі, т. ғ. д., профессор

Төлебаев Т. Ә.

АЛМАТЫ 2007

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 2-11

1 - ТАРАУ.

1. 1 ХІХ ғасырдағы қазақтың мал шаруашылық жағдайының даму барысы. 12-23

1. 2. Қазақ жеріндегі жер ерекшеліктеріне байалнысты ХIХ ғасырдағы мал шруашылығы . . . 24-30

2- ТАРАУ.

2. 1 XIX ғасырдың екiншi жартысындағы мал шаруашылық дамуының кеңеюi, әлеуметтiк-шаруашылық жiктелiсiнiң тереңдеуi. . 31-43

2. 2 Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылықтарының ерекшеліктері мен типтері. 44-50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 51-53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектiлiгi. Бүriнгi Отандық тарих ғылымының алдында тұрған мәселенiн, бiрi XIX ғасырдағы қазақ халқының шаруашылық жағдайы мен дамуыньң ерекшелiктерiн жан-жақты зерттеу. Тарихымыздың тағылымдық тарауына баса назар аударылып /1/ отырған қазiргi кезеңде қазақтың дәстүрлi мал шаруашылық салаларының XIX ғасырдағы даму эвалюциясы ғылыми тұрғыдан зерделеудi қажетсiнуде, XIX ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтiк дамуындағы өзгерiстер - осы шаруашылық экономикалық жағдайға негiзделiп, бастау алатындығын ескерсек, бұл мәселенi зерттеудiң өзектiлiгi тереңдей түседi. Қазақтың дәстүрлi шаруашылығы туралы қарапайым да, тұрпайы түсiнiктердiң уақыты өтiп, қазақтың дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң өте eптi де, икемдi, уақыт белесiне шыдамды келуiнiң жан-жақты сырлары ашыла бастады. Бiрақ, шаруашылық саласы ғылымдағы әлi терең зерттелмеген мәселенiң бiрi.

Замана талабы Қазақстан тарихына деген жаңаша көзқарас қалыптастырып, қоғамның қызығушылығын арттырды. Соның жолында бұрын жазылды деген тарихымыз қайтадан сараланып, өзара салыстырылып, жаңа мұрағат деректері, фольклорлық мұралары негізінде зерттелу үстінде. Кешегі патшалық ресей, Кеңестер Одағы құрамында болған кезеңде Ресейдің қазақтарға “қамқорлығы”, орыс халқының “ағалық” ықпалы асыра дәріптеліп жатты. Сайып келгенде мұның өзі тарихымыздағы ақтаңдақ беттерді қалыптастырды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “қазақ тарихының осынау ең бір этникалық ұзақ ғұмырын бажайлағанда біз қаптаған қасаң қалыптардан бас тарта отырып, ұлттың бүгінгі тұлғасына дәстүрлі қазақ қоғамының қандай ерекшеліктері “ізін қалдырып” отыр және сол сан ғасырлық әсер ықпалдың ерекшелігі неде деген мәселені шындыққа сай сезінуіміз керек. Сонымен бірге отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып түсінуді қажет етеді. Мәселенің мәні, тек патшалық ресей ғана емес халықтардың түрмесі болып қалған жоқ еді, сонымен бірге КСРО-ның да жұмақ болып жарытқаны шамалы деп келетін балаң тұжырымды көлденең тартып, белгілі шындықты сарындата беруге болмаса керек. ”

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ғасырлар бойы талпынып, аңсап келген асыл арманы - еркіндік, бостандық, тәуелсіздік, бірлік екенін әрбір саналы азамат жақсы біледі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: “Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы” [1] екендігі гуманистік, демократиалық құндылықтар ретінде халқымыздың абыройын арттыратындығы даусыз. Тәуелсіздік барысында ұзақ жылдар бойы айтылмай келген жайларды ашық айтуға, өткен оқиғаларды ұлттық тарихи көзқарас арқылы баға беруге мүмкіндік туды. Осындай жаңа көзқарас тұрғысында зерттелуге қажет мәселенің бірі - қазақтардың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы.

Тарихымыздың кеңестік кезеңінде Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі біржақты, дәлірек айтсақ, қазақтар мен Қазақстанға тек жаңалық әкелген құбылыс ретінде бағаланып келді. Міне осы зерттеліп отырған қазақтардың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығына байланысты зерттеу жұмысы осы кезеңге дәл келеді.

Қанша жылдар бойы тәуелді болу халықтың санасына әсер етті. Біртіндеп ресей отаршылығы туралы жағымды пікір қалыртасты. Ғалымдар саясат қаталдығынан ойларын ашық айтудан қорықты. Олардың еркін ойлап, белсенді қимыл көрсетуіне кедергі жасалды. Осылардың барлығы халқымыздың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, өркендеген дәстүр салтынан, ұлттық болмысынан айрылып қалуына дейін әкелді. Нәтижесінде қазақтар ғасырлар бойы ата-бабаларының мұрасы болған құнарлы, шұрайлы жерлерінен айрылып, тау-тасты, құнарсыз шөлейт жерлерге ығыстырылды.

ХІХ ғасырдың 60- жылдарының басында қоқандықтар оған өздерінің еркімен қосылған қазақ руларына адам төзбестік ауыр салықтар салып, төлей алмағандарға қатаң жаза қолданды. Сонымен қоқандықтардың қазақтарды шектен тыс қанауы кей жерде қазақтың Ресей құрамына өз еріктерімен барып енуіне жағдай жасады. Кіші жүз бен Орта жүзді отарлап алған соң Қоқан-Ресей арасындағы Қазақстанға байланысты қарама-қайшылық шиеленісе түсті де.

Шаруашылық, бiрiншiден - қарастырып отырған кезеңдегi қоғамдық укладтың өндiрiс тәсiлi, өндiрiстiк қатынастар жиынтығы болса, екiншіден, сол қоғам мүшелерiнiң тiршiлiк тәсiлiн, өмip сүру жағдайын жақсартып, өтеру үшiн адамдар қолданатын табиғи, әрi адам қолымен жасалған құралдар жиынтығы. Шаруашылық құрылымының дамуын жүйелi зерттеу оның өткен тарихынан маңызды және сенiмдi жауап алу қажеттiлiгiнен туындайды.

Шаруашылық қызметi құрылымын және оның заңдылықтарын бiлудiң - ғылыми iзденiстi нәтижелi жүргiзiп, болашақты объективтi түрде көрсету үшiн де орны айрықша. Соның бiрi қазақтардың мал шаруашылығының дамуы. Қазақтардың шаруашылық-экономикалық өмiрiндегi негiзгi мәндi өзгерiстер XIX ғасырда жүзеге асуы және·оның зерттеу жұмысымыздың атауынан көрініс табуы қажеттi де, табиғи зaңдылық.

Бүгiнгi таңдағы тарихи бiлiмiмiздiң негiзгi тiperi: қазiргi жерiмiз - қазақ жерi /2/ десек, Қазақстанның барлық тұрғыдағы заңды дамуының басты кепiлi - оның территориясының тұтастығы. XIX ғасырдағы қазақтар осы заңды құбылыстарды бойына жинақтауымен тарихымыз үшiн қажет. Қазақтың этникалық территориясын қалпына келтiрiп, оны заңдастырып, сақтауда ешқандай талас тудырмайды.

XIX ғасырдағы қазақтар тарихында шаруашылық дамуы ғылыми қызығушылық туғызады. Өйткенi, жалпы қазақтың көшпелі мал шаруашылығы дамуындағы кедергiлi қиындықтар мен қайшылықты дағдарыс кұбылыстарының сыры Кiшi жүз жерiн Ресейдің "өз жерi" деп жариялауынан бастау алады. ХУІІІ ғасырда-ақ Ресей Едiл-Жайық аралығын "қазына жерi" деп, әpкімге үлестіріп, отарлық езгіні шығарған. Оған қоса қазақтардың шапқыншылығы, сұлтан, байлардың орыс офицерлерiмен бiрiгiп елдi талауы, Кiшi жүзді әлсірету мақсатында феодалдардың өзара қырқысына тиым caлынбауы, хан өкiметiнің дәрменсiздiгi, қоныс, егiн салуға тиым жасалуы /3/, сұлтан, байлардың малы өcyiнe байланысты жердiң тарылуы, т. б. қазақтардың өз ішінде, өз күшiне, мүмкiндiгiне сенбестiктi туғызды. Бұл көзқарас шаруашылықты қалпына келтiрiп, дaмытуға зиянын тигiзді. Егiншiлiкпен, балық аулаумен айналысушы қазақтар жазаланып /3/, қыстау салып, шөп шабуға тиым салынды.

XIX ғасырдағы қазақтар арасында жер мәселесi өте шиеленiстi болды. Жарамды жерлер помещиктер және сұлтан, билердiң қолында бoлды. Оған қоса қазақтарды отырықшылықты және шаруашылықпен тұрақты айналысуды бiлмейтiн халық деп есептеп, Энгель, Генс, т. б. қазақтарды өздерiнше отырыкшыландыруды көздеген. Бiрақ, қазақтар отырықшылықты, мал бағып, егiн салып, шаруашылықты жургiзудi өз тәжiрибесiне сүйенiп дамытуға ұмтылған. XIX ғасырдағы қазақтардың бұл тәжiрибесiн зерттеп, жинақтап, пайымдаған еңбектер болмады. Сондықтан, шаруашылықтың даму барысындағы өзгерiстер мұнда өзiндiк жолымен жүрді.

Қазақтардың шаруашылығын отырықшы дүниемен байланыстырған зерттеу жалпы қазақтардың XIX ғасырдағы қоғамдық өмірін түсiнуге әкелетiн бiрден-бiр жол. Сондықтан, бұл тақырыпты терең игеру қазақтардың шаруашылық өмiрiнiң ерекшелiгiн анықтауға жол ашады.

Қазақтардың революцияға дейін бiртұтас әкiмшiлiк-территориялық бiрлестiк ретiнде қала отырып, дамуының барлық саласында ұлттық ерекшелiктерiн сақтап, өркениет дамуының түрлi жетiстiктерiн тиiмдi қабылдап, бойына сiңiруi - ғылыми тұрғыдан қызығушылықты үзбедi. Бiрак, барлық зерттеулер қажеттi тaлаптар деңгейiнен шықпады XIX ғасырдың қазақтардың жалпы шаруашылық өмipiн анықтау, тұтас осы аумақтың таихын жаңа көзқарас тұрғысынан таразылауға мүмкіндік ашады.

XIX ғасырдағы қазақтардың шаруашылық қызметiнiң кеңеюi барысындағы қиындығын, қасіретті де, қажырлы еңбегi барысында ғана жүзеге асқанын нақты деректер неriзiнде жаңаша тариxи тұрғыдан, сонымен 6iрге ғылми дәлелденген жолмен түсiндiрудiң маңызы зор. Бұл практикалық жағынан бүгiнгi таңда қазақтың тарихи түciнiгін қалыпқа келтiрiп, шаруашылық жүргiзу бағытын нақтылап, сабақтастығын сақтау, кажеттiгiне сәйкес жаңғырту мүмкiндiгiн есептеп, айқындау үшiн маңызды деп есептеймiз.

XIX ғасырдың басында-ақ Каспий теңiзi бойын иеленсе халықты отырықшыландыруға көшетiндiгiн мәлімдеген Бөкейдiң /3; 5; 6/ тұсында осы процесс басталып, өзiндiк жолымен жүрген. Жер қатынастары, жерге иелiк түpi өзгеруiнiң алғы шарттары XIX ғасырдың алғашқы ширегiнде-ақ байқалды. Осы кезеңдегi сауда iсiнiң өpicтеyi, шаруашылық кызметiн күрделендiрiп, кәсiптер ауқымын кеңейтiп жiбергенi зерттеліп, шынайы тұрғыдан жазылмады. Кіші жүз ханы Жәңгiрдiң жер реформасының нәтижесiздiгi тиянақталмады. 1836-37 жылдардағы көтерiлiстiң, шығуы осы жер мәселесiмен байланысты едi.

Саяси жағдай өзгеруiне байланысты шаруашылықтың әр түpiмен барынша тиянақты айналысуға мүмкiндiк туып отырды. XIX ғасырдағы қазақтардың шаруашылық саласының күрделi, қайшылықты дамуы -жартылай көшпелi мал шаруашылығының, отырықшы түрлерiнiң пайда болуы ХIX ғасырда жүзеге асқандықтан, бұл жұмыс осы салалар ерте басталған хандықтың шаруашылық саласын зерттеуге apналады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейi. Бұл құбылыстың да белгілі бір ерекшелiктерiмен айкындалатын, кезеңдерге, бөлiнетiн тарихы бар. XIX ғасырдағы тарихына қатысты зерттеулер негiзiнен оның экономикалық қатынастар, тап күpeci мен азаттық күрестер тақырыбына арналған.

Бугiнгi таңда дәл осы тақырыпқа арналған арнайы ғылыми зерттеу жазылмады, XIX ғасырда қазақтардың шаруашылық дамуының түрлi саласына қатысты маңызды мәлiметтер беретiн еңбектер жазған авторлар қатарынан Я. Ханыковты /7/, П. Небольсиндi /8; 9/, Л. Плотниковты /110/, П. Иваниндi /11/ т. б. жатқызамыз. XIX ғасырдағы қазақтардың мал шаруашылығы тарихына қызмет жасаған бұл авторлардың еңбектерi тарихьмыздың барлық саласына өзiндiк пікір бiлдiрiп, талдау жасауымен ерекшеленедi.

Қазақың шаруашылық өмipiнe, тұрмысына әрқашан жаңашыр көңiлмен қapaйтын ұлдары М. С. Бабажанов /12; 13/ және М. Ш. Бекмұхамедовтiң /14/ шынайы тұрғыдан жазылған еңбектері пайдалы. Олар қазақ халқының XIX ғасырдың екiншi жартысындағы сыртқы жер қатынастарындағы шиеленiстер мен қайшылықтар барысына, шаруашылық дамуындағы туындап отырған қиыншылықтарды, мал басы өсіміi мен сапасының арасындағы кереғарлықты, малдың сапалы тұқымын өсірудің орын алған кемшiлiк себептерiн, шаруашылық дамуындағы прогресті құбылыстың төмендеуiн ашып көpceттi. Сонымен қатар, М. С. Бабажанов пен М. Ш. Бекмұхамедов қазақтардың шаруашылық өмiрiн түзеу, дағдарыстан шығару жолдарын талмай iзденушiлер болды.

Қазақтардың шаруашылык, өмiрiнде XIX ғасырда орын алған өте маңызды оқиғалар қатарында жер қатынастары мен мал шаруашылығы дамуы ерекшелiктеріиде сол ғасырдың өзiнде қазақ тарихын зерттеген орыс авторларының басты тартысты мәселесiнiң бiрiне айналды. Бұл тақырыпта жазылған еңбек авторларының қатарына Н. Савичев /15; 16/, А. Алекторов /17; 18/, И. С. Ивановты /19/ жатқызамыз.

Жалпы қазақтар шаруашылығы тарихымызда аз зерттелген мәселенің қатарында болса, соның ішінде қазақтардың мал шаруашылығын зерттеудегi киындықтар алдымен архивтерде осы мәселеге қатысты материалдар тапшылығынан, екiншiден XIX ғасырдағы авторлардың бiр қатар мәселелердi тepic түсiндiруiнен туындады. Соған қарамастан, Х1Х - ХХ ғасырлаға қатысты тарихнамада мал шаруашылығына байланысты тарихтың түрлi аспектiлерiнің зерттелуi бiздiң зерттеуiмiзге бiрқатар көмегiн тигiзiп, жеңiлдетедi.

Қай зерттеуді қарамасақ та ең алдымен мал шаруашылығына бармас бұрын мәселе басы жерге тіреледі. Кеңес заманында алғашқы рет қазақтардың жердi пайдалану барысындағы өзгерiстерге баса назар аударып, себептерiн ашуға тырысқан А. Ф. Рязанон /20/ болды. В. Ф. Шахматов қазақтардың, соның ішінде Бөкей Ордасы қазақтарының жер қатынасының Жәңгір хан тұсында шиеленiсiп, ушыққанын, жерге иелiгiнен айрылған ауылдардың бөлшектенiп, ұсақталу ерекшелiгi болғанын атап көpceттi /21/. В. Шахматов өзiнiң қазақтың көшпелi қауымына арналған кейiнгi зерттеуiнде қазақтар жердiң жеке иелiкке берiлуiн бұрын-сонды болмаған «уақытша құбылыс» ретiнде қарап, себептерiн ашуға тырысты /22/.

Е. Бекмаханов XIX ғасырдың екiншi жартысындағы қазақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайдын шиеленiсу себептерiн /26/ жазды.

Қазақтардың отырықшылыққа көшуге, жер өңдеуге, мал шаруашылығынa қолайлы жерлерге орнығып, пайдалануына кepi әсерiн тигiзген патша үкiметінің саясаты сыналмаған. Сонымен қатар бұл еңбекте XIX ғасырдың алғашқы ширегiндегi шаруашылықтың дамуы мен жақсы өзгерiстерi туpaлы айтылмайды. Жоғарыда аталган еңбектерде жер қатынастарындағы құбылыстардың орын алу себептерi шынайы тұpғыдaн ашып керсетiлмедi. Шаруашылық дамуындағы прогрестi құбылыстар жазылмады.

Академик М. Қ. Қозыбаевтың ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі Бөкей хандығының экономикалық өмірінде прогресті құбылыстардың болғандығын теріске шығармайды. Бөкей Ордасының құрылуында және одан әрі шаруашылық-экономикалық дамуында басты роль атқарған Нарын құмдарының құрылымын, табиғат пен адамның өзара қатынасын басты объектіге айналдырып зерттеген қорытынды еңбектерде /36/ Нарын құмдарының экологиялық жағдайының өзгеруi және оған мал шаруашылығының әcepi бiр жақты қамтылған.

Бұл дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қазақтардың дістүрлі шаруашылығының ерекшелігін тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеу болып табылады. XIX ғасырдағы қазақтардың шаруашылығының, империя құрамындағы елдің мал шаруашылығының даму эволюциясын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес төмендегiдей мiндеттер туындайды:

  • XIX ғасырдың алғашқы ширегiндегi мал шаруашылығының дамуы динамикасының ерекшелiгiн, жетiстiгін, құрылымын айқындау,
  • Мал шаруашылығының жергілікті ерекшелігін анықтау,
  • XIX ғасырдың екiншi ширегiнен бастап, мал шаруашылық құрылымына нарық қатынасының тереңдеп eнуiн, соған. байланысты туындаған қиыншылықтар, шаруашылық дамуының жаңа жaғдайға бейiмделуiндегi қайшылықтар,
  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы мал шаруашылық дамуының ерекшелiктері, жеке кәсiпкерлiктiң шаруашылық дауындағы орны, отырықшы халықтар шаруашылығына қазақтардың әсерi,

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңберi . Қазақтардың шаруашылық эволюциялық дамуындағы негiзiнен маңызды өзгерiстер кезеңi болған XIX ғасырды қамтиды.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізi , зерттеу методологиясы объективтiлiк, тарихилық, өркениеттiлiк, жүйелiлiк және даму сияқты ғылыми таным принциптерiне негiзделедi. Соныме қатар, XIX ғасырда жазылған, бiрақ әрбiр тарихи кезеңдi мүмкiндiгiнше объективтi тұрғыда көрсетуге бaғытталған еңбектер және жеке монографияларды жаңа көзқарас тұрғысынан қарап, басшылыққа ала отырып зерттеу жұмысы жазылды. Көрнекті зерттеушілер М. Г. Левин, Н. Н. Чебаксаровтың белгілі шаруашылық-мәдени типі жөніндегі концепциялары Ю. В. Бромлей, С. И. Вайнштейн сияқты белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі этникалық тарих, этникалық мәдениет және этнологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері жөніндегі қағидалары мен теориялық тұжырымдары пайдаланылады. Материалдарды зерделеу, ғылыми зерттеулік талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру және т. б. жалпыға таныс зерттеу әдістері негізінде жүргізілді.

Диплом жұмысының деректемелек негізі. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының мал шаруашылығын саралауда негізгі деректер - тарихи жазба материалдар екені даусыз. Әйгілі зерттеуші-ғалымдар И. Г. Георги, П. С. Паллас, А. И. Левшин, Г. Н. Потанин, Г. Е. Грум-Гржимайло, В. В. Радлов, С. И. Вайнштейн, қазақтың этнолог ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі деректер қолданылды. Қазақтың зерттеуші ғалымдары Х. А. Арғынбаев, М. С. Мұқанов, У. Х. Шалекенов, Ә. Т. Төлебаев сияқты ғалымдардың дәстүрлі шаруашылыққа қатысты мәліметтері пайдаланылды.

Қазақстан тарихына қатысты деректер 1889 жылы “Орынбор губерниясы статистика, география, тарих және этнография маиериалдары бойынша” атты жинаққа енгізілген. Жинақтан 1764, 1797-1800 жылдар аралығындағы орыс патшасының қазақ даласына қатысты бірнеше жарлықтарын кездестіреміз. Мәселен патшаның 1764 жылы 29 ақпандағы жарлығы Ералы сұлтанды ресейге бағындыруды көздейді. Сол үшін арнайы сұлтанға хан жолдайды. Мұндай жарлықтар, Кіші жүз ел басылары - Әбілқайыр хан, Нұралы хан, Айшуақ сұлтандарға орыс үкіметінен жазылған хаттар И. И. Крафт, А. И. Добросмысловтар топтастырған еңбектерден де кездеседі. Қазіргі таңда аталған құжаттар ХҮІІІ-ХІХ ғасырды танудағы маңызды деректер болып табылады.

Бұл бағытта ізденістер Қазан төңкерісінен кейін жалғасын тапты. Оған қазақстандық зерттеушілердің алды болып профессор С. Ж. Асфендиаров пен П. А. Кунте үлгісін қосты. Олардың редакциялауымен 1935 жылы жарияланған деректер мен материалдарда аз да болса септігін тигізді.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын ғылыми тұрғыдан саралаудың көптеген қыры бар. Аталмыш дипломдық жұмыс бұрын сонды ғылыми басылымдарда жариялана бермеген халық ортасында ашылып, ғылыми айналымға еңбеген мал шаруашылығына байланысты ұғымдар дендей зерделенді. Бұл зерттеудің көпшілігі нақтылы мәлімет, деректеріне негізделіп, ғылыми тұрғыдан сарапталуда. Зерттеудің әдістемелік тәсілі өзінше жаңаша. Бастысы көшпелілер өмір-тіршілігіне тереңдей кіріп, қазақ халқының мал шаруашылық ерекшелігін айқындау болмақ. Қазақ халқының мал шаруашылығының жасырын қалған сырларын ашумен диплом жұмысы құнды болмақ. Дипломдық зерттеу жұмысының да сонылылығы да осында жатыр.

Диплом жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 - ТАРАУ.

1. 1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ шаруашылығының негізгі саласы, бұрынғыша көшпелі мал шаруашылығы болып қала берді. Алайда бұл кезде, әсіресе Қазақстанның оңтүстік және солтүстік облыстарында, қазақтардың егін шаруашылығына көшуі күшейе түсті. Егіншілікпен шұғылдануға көбінесе кедейленген шаруалар көшкен. Олар егінші деп аталды. Шаруалар тары, арпа, шынара, бидай еккен. Арпа, бидай, ас екекн. Алтын-күміс тас екен. Дейді қазақтың халық мақалында.

Ерте заманнан келе жатқан қазақтардың шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы еді. Олар жылқы, түйе, қой және ешкі өсірумен айналысқан.

Көшпелі мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі - оның көшіп жүретіндігі. Жас шөп қылтиып көрінісімен қазақтар ерте көктемде көше бастаған. Олар әуелі көктемгі жайылымға (көктеу) көшіп барған, мұнда ыстық түскенге дейін болып, сосын шөбі шүйгін, суы мол жазғы жайылымға (жайлау) қоныс аударған. Жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға (күздеу) орын ауыстырған, ал қараша айында қысқы қонысқа (қыстау) көшіп барып, күн жылынғанға дейін, әдетте наурызға дейін сонда тұрған.

Ерте заманнан бері қазақтар жақсы жайылым үшін қырқысып келген.

ХІХ ғасырдың бас кезінде жекелеген рулар арасында көшу жолдарын, жазғы жайылымдарды және қыстақтарды бөлу негізінен алғанда аяқталды. Қыстақтар жазғы жайылымдармен ара қашықтығы көбінесе жүздеген шақырым қашық болатын. Мысалы Шекті руының екі ауылы ежелден Арал теңізінің солтүстік жағалауын, “Құланды” түбегін малдың қысқы тұрағы етіп алған, ал екінші қысқы тұрақ Ырғыз өзеніне қарасты Орда - Қорған болысының жерінде болатын. Шекті руының жазғы жайылымдары Ембі уезіндегі Темір-Орқаш болысышекарасының бойымен Мұғаждар тауы арқылы өтетін де, одан әрі Ор өзенінің жоғарғы ағысына дейін созылатын. Қазақтардың мал шаруашылығы жағдайына байланысты көшу жолының шалғайлығын көрсететін екінші бір мысал; кеңесші Идрисов келтіргендей: Шөмекей руы ауылдарының бір бөлігі Сырдария және Қуандария өзендерінің бойында, екінші бір бөлігі Қызылқұмда қыстаған. Бұл ауылдар өз қыстауларынан шамамен алғанда сәуір айында көшіп, маусымның бас кезінде Тобыл өзеніне, Құм және Ұлқияқ өзендеріне дейін ұзын саны 1500 шақырым жер жүретін. Кеңесші Идрисов бұл жазғы жайылымдарға қазақ ауылдарының бәрі бірдей жете алмайтындығын атап көрсетті. Кедей қазақ ауылдары, Тобыл өзеніне жетпей, орта жолда, Қараөзек жағасында, Қарақұмда және басқа жерлерде тұрып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті
ХIX ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басындағы орталық Қазақстан қазақтарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктері
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz