Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

І тарау. Оқушылар шығармашылығын қолөнер негізінде дамытудың маңызы 6
1.1. Шығармашылық ұғымының мәні 6
1.2. Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру 9
1.3. Оқушыларды қолөнерге баулу үрдісін ұйымдастырудың шарттары 15

2 тарау Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың әдістемелік негіздері 18
2.1. Қолөнерге баулу мазмұны 18
2.2. Жоғары сынып оқушыларына ұлттық қолөнер бұйымдарын әзірлеуге үйретудің әдістері 21
2.3. Қолөнер шеберханасын ұйымдастыру 25

3 тарау. Тұскиіз әзірлеу технологиясы 27
3.1. Ою.өрнек және оның бұйымды әсемдеуде қолданылуы 27
3.2. Жүннен әзірленетін бұйымдардың түрлері 31
3.2.1. Киіз басу технологиясы 34
3.3. Тұскиіз түрлері және оны әзірлеу технологиясы 37
3.4. Бұйымның өзіндік құнын есептеу 40

Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46

Қосымша
Жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда.Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру. Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін сөз еткенде үй шаруасьшда қолданатын заттар мен бұйымдарға сипаттамалар беріп, мәнін пайымдайды.
Қазақ қолөнерінің туындау тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын Т.К.Басенов, Е.Р.Шнейдер, У.Джанибеков, М.С.Мұқанов, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ.Мұқанова, К.Ибраевалар ашып көрсеткен.
Киім үлгілері мода айына емес күніне өзгеріп, небір жаңа киім-кешек, жиһаз, керек-жарақтардың түрі пайда болуда. Сонымен бірге, материалдарды өңдеудің де тың технологиясы, бұрын болмаған әдіс-тәсілдері қолданылуда. Бұрынғы, ескі көркемдеу элементтерін заманалық бұйымдар мен өнімдерде пайдалану, сол арқылы оларға жаңа түр беру де кең орын алуда.
Бұл өз кезегінде бүгінгі оқушылардың шығармашылығын танытып, қалыптастырудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Шығармашылық үрдісті зерттеуші ғалымдар В.И.Андреев, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, Я.А.Пономарев, А.Б.Мигдал, А.Н.Лук т.б. оның туындап қалыптасуы, даму жолын қарастырады.
Кейінгі кездерде оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім жэне тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап, қалыптасып келеді. Бұл ретте А.С.Белкин, А.Бенно, В.П.Беспалько, Э.Ф.Зеер, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, Ф.Янушкевич т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Біз зерттеу жұмысымызда оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындап отырғанын ескердік.
Халқымызда ежелден қолданып келе жатқан "ісмерлік", орыс тілінде кең тараған "партной" - француз сөзінің баламасы. Орыс тілінде швея - тігінші, қазақ тілінде - ісмер, шебер дегенді пайдалану, осы кәсіптің маңызын дұрыс ашып беретін секілді. Ісмерлік дағдылар дегеніміз тігіншілік дағдылардың, басқаша айтқанда, ине шаншу әдіс-тәсілдерін меңгеріп, маталар және басқа тігіншілікке қажетті ісмерліктерді игеріп, соған дағдылану деп пайымдап, осыны дәлелдеудің педагогикалық жолдары осы уақытқа дейін қарастырылмаған.
Бұлар зерттеу тақырыбын "Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру" деп алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты: қазақтың қолөнер бұйымдарын әшекейлеуді шығармашылықпен қолдануға қажетті ісмерлік дағдылар жүйесін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін педагогикалық негіздеу.
Зерттеу нысаны: Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдылары.
Зерттеу пәні: қазақтың қолөнері оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың ісмерлік жүйесін айқындап, оның технологиясын белгілейтін болсақ, онда бұл қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әшекейлеуде қолданудың педагогикалық мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Өйткені, мұнда оқушылар теориялық білім және дәйекті шығармашылық дағдылармен қамтамасыз етіліп, нарықтық жағдайда күнде өзгеріп отырған талаптарға сай қажетті білім, біліктерді меңгереді.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру үрдісіне педагогикалық, психологиялық сипаттама беру;
- қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен даярлауда "ісмер" ұғымына анықтама беру және ондағы дағдылар жүйесін айқындау;
- оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың технологиясын анықтау;
- қолөнер бұйымдарын әзірлеудің әдістемелік негіздерін айқындау;
- қолөнер бұйымыны әзірлеудің технологиясын зерделеу.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- "ісмер" ұғымына анықтама беріліп, алғаш рет жаңа сипатта
қолданылып, ғылыми-теориялық негізделіп, айналымға түсті;
- оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
жүйесі жасалып, оның педагогикалық, психологиялық тұстары ашып
көрсетілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымын әзірлетуде олардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері анықталып, бұйымның материалдық және технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы” //Қазақстан, 1999ж.
2. Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 1997, 171б.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, Жеті жарғы, 1996, 176 б.
4. Қазақстан Республикасының Білім минстрлігі тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі, 5 ақпан, №3, 1993, 2б.
5. Агапов С. Кыдырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алматы, Жалын, 1979. -252с.
6. Акишев К. Курган Иссык.Искусство саков Казахстана.-М.,1978.-131 с.
7. Ақайқызы З. Ою - өрнек ой айтар. -Алматы:Рауан, 1996. – 48 б.
8. Ақышев Қ. Ежелгі ескерткіштер елесі. Алматы, 1976, 213б.
9. Артамонов М.И. Сокровища саков. -М.,1973. –234 с.
10. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987, 128б.
11. Әбдуалиева Ш. Халық қол өнері. Алматы, Рауан, 1992, 120б.
12. Әбдіғапбарова Ұ. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы, Өнер, 1995. -125б.
13. Бағдарлама. Қолөнер (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін). –Шымкент,2002. 18б.
14. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана. -Алма-Ата,1951.-269 с.
15. Басенов Т. Орнамент Казахстана. Алматы, 1958, 210с. Пл.с.
16. Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. Республикаклық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005-2006 жж.
17. Білім стандарты. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы білім. Алматы, 2002. -358б.
18. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. Алматы, Мектеп, 1983, 246б.
19. Жанибеков У. Эхо.-Алма – Ата,1990. – 240с.
20. Жанибеков У. Казахские домашние художественное ремесла. Алма-Ата,Өнер, 1982,143с.
21. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. Алматы, Жазушы, 1992, 65б.
22. Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім - тәрбиесі. –Алматы:Санат, 1995. –352 б.
23. Жиентаева Б.Ж. Халықтык дәстүрлі қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы. Жезқазған, ЖезУ, 2000. -100б.
24. Жиентаева Б.Ж. Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері. Жезқазған, ЖезУ, 2000. – 90б.
25. Ибраева К. Казахский орнамент. –Алматы:Өнер, 1994.-128с. +56 вклейка.
26. Калыбекова А.А. Теоретические и прикладные основы народной педагогики казахов. Алматы: Баур, 2005. -200 с.
27. Қалиұлы С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (оқу құралы). –Алматы:Рауан, 2003. -280 б.
28. Қалиев С.Қ., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы:Рауан, 1994. -222б.
29. Қазақ ССР тарихы. Т.1. Алматы, Ғылым, 1980. -6-8б.
30. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері.–Алматы:Қазахстан,1995.-240 б.
31. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. –Алматы:Ғылым, 1998. -317 с.
32. Қоянбаев М, Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. Гумилев атындағы ЕАУ.- Астана, 1999.-321б.
33. Лук А.Н. Психология творчества. –М.:Наука,1978. -127с.
34. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.Т.1.-Алма – Ата:Өнер, 1986. –256 с.
35. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.Т.2.-Алма – Ата: Өнер, 1987. –288 с.
36. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. (История ДПИ, худ.обработка древесины, металла, кости, кожи идр.). Алма-Ата, Өнер,Т.1, 1986, 256с.Илл.
37. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство.М., Искусство, 1964.
38. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла.-Алма-Ата:Казахстан, 1978. –120 с.
39. Муканов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата, Қайнар,1981, 223с.
40. Ниренберг Д.И. Искусство творческого мышления. –М.:ООО Поппури,1996. -240с.
41. Технология. Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық. (К.Өстеміров, Б.Қалназаров, Г.Шымекеева, М.Ырысымбетов).-Алматы,2001.-192 б.
42. Технология. Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті пәндерінен бағдарламалар жинағы. А.,2000. -71 б.
43. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. - Алматы: Мектеп, 1987. -288 б.
44. Педагогикалық ізденіс. Құрастырушы И.Н.Баженова. –Алматы:”Рауан”, -574б.
45. Педагогические технологии:Учеб.пособие для студентов пед.спец. /Под общ.ред. В.С.Кукушина. – Серия “Педагогическое образование”. –Ростов н/Д:Изд.центр “Март”, 2002. -320с.
46. Ибраева К. Казахские орнамент. Алматы, Өнер, 1994,128с.
47. Алимбай Н., Муканов М., Аргынбай X. Традиционная культура жизни обеспечения казахов. Алматы, 1999,173с.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қашықтықтан білім беру институты
Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың
шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны

Кіріспе 3
І тарау. Оқушылар шығармашылығын қолөнер негізінде дамытудың6
маңызы
1.1. Шығармашылық ұғымының мәні 6
1.2. Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың 9
шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
1.3. Оқушыларды қолөнерге баулу үрдісін ұйымдастырудың 15
шарттары
2 тарау Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың әдістемелік 18
негіздері
2.1. Қолөнерге баулу мазмұны 18
2.2. Жоғары сынып оқушыларына ұлттық қолөнер бұйымдарын 21
әзірлеуге үйретудің әдістері
2.3. Қолөнер шеберханасын ұйымдастыру 25
3 тарау. Тұскиіз әзірлеу технологиясы 27
3.1. Ою-өрнек және оның бұйымды әсемдеуде қолданылуы 27
3.2. Жүннен әзірленетін бұйымдардың түрлері 31
3.2.1. Киіз басу технологиясы 34
3.3. Тұскиіз түрлері және оны әзірлеу технологиясы 37
3.4. Бұйымның өзіндік құнын есептеу 40
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46
Қосымша

Кіріспе

Жас ұрпақ алдында Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілген
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының
артуы сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру
міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай
жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы
мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары,
әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге
батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері
мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың
жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда.Қоғамның
дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы
сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер
бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған
мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға
қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап,
жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде
өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру.
Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин,
Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін
сөз еткенде үй шаруасьшда қолданатын заттар мен бұйымдарға сипаттамалар
беріп, мәнін пайымдайды.
Қазақ қолөнерінің туындау тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын
Т.К.Басенов, Е.Р.Шнейдер, У.Джанибеков, М.С.Мұқанов, Ә.Тәжімұратов,
С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ.Мұқанова, К.Ибраевалар ашып көрсеткен.
Киім үлгілері мода айына емес күніне өзгеріп, небір жаңа киім-кешек,
жиһаз, керек-жарақтардың түрі пайда болуда. Сонымен бірге, материалдарды
өңдеудің де тың технологиясы, бұрын болмаған әдіс-тәсілдері қолданылуда.
Бұрынғы, ескі көркемдеу элементтерін заманалық бұйымдар мен өнімдерде
пайдалану, сол арқылы оларға жаңа түр беру де кең орын алуда.
Бұл өз кезегінде бүгінгі оқушылардың шығармашылығын танытып,
қалыптастырудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда
болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Шығармашылық үрдісті зерттеуші
ғалымдар В.И.Андреев, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов,
Я.А.Пономарев, А.Б.Мигдал, А.Н.Лук т.б. оның туындап қалыптасуы, даму жолын
қарастырады.
Кейінгі кездерде оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамыту
технологиясы, білім жэне тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап,
қалыптасып келеді. Бұл ретте А.С.Белкин, А.Бенно, В.П.Беспалько, Э.Ф.Зеер,
М.В.Кларин, Г.К.Селевко, Ф.Янушкевич т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерін
атауға болады.
Біз зерттеу жұмысымызда оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын
қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктері мен
педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап, зерделеу мәселесін шешу ілігі
туындап отырғанын ескердік.
Халқымызда ежелден қолданып келе жатқан "ісмерлік", орыс тілінде кең
тараған "партной" - француз сөзінің баламасы. Орыс тілінде швея - тігінші,
қазақ тілінде - ісмер, шебер дегенді пайдалану, осы кәсіптің маңызын дұрыс
ашып беретін секілді. Ісмерлік дағдылар дегеніміз тігіншілік дағдылардың,
басқаша айтқанда, ине шаншу әдіс-тәсілдерін меңгеріп, маталар және басқа
тігіншілікке қажетті ісмерліктерді игеріп, соған дағдылану деп пайымдап,
осыны дәлелдеудің педагогикалық жолдары осы уақытқа дейін қарастырылмаған.
Бұлар зерттеу тақырыбын "Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын
әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру"
деп алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты: қазақтың қолөнер бұйымдарын әшекейлеуді
шығармашылықпен қолдануға қажетті ісмерлік дағдылар жүйесін қалыптастырудың
әдістері мен тәсілдерін педагогикалық негіздеу.
Зерттеу нысаны: Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық,
ісмерлік дағдылары.
Зерттеу пәні: қазақтың қолөнері оқушылардың шығармашылық, ісмерлік
дағдыларын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың ісмерлік жүйесін айқындап, оның
технологиясын белгілейтін болсақ, онда бұл қазақтың қолөнер бұйымдарын
шығармашылықпен әшекейлеуде қолданудың педагогикалық мүмкіндігін ашуға
септігін тигізеді. Өйткені, мұнда оқушылар теориялық білім және дәйекті
шығармашылық дағдылармен қамтамасыз етіліп, нарықтық жағдайда күнде өзгеріп
отырған талаптарға сай қажетті білім, біліктерді меңгереді.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру үрдісіне
педагогикалық, психологиялық сипаттама беру;
- қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен даярлауда "ісмер"
ұғымына анықтама беру және ондағы дағдылар жүйесін айқындау;
- оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың
технологиясын анықтау;
- қолөнер бұйымдарын әзірлеудің әдістемелік негіздерін айқындау;
- қолөнер бұйымыны әзірлеудің технологиясын зерделеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- "ісмер" ұғымына анықтама беріліп, алғаш рет жаңа
сипатта
қолданылып, ғылыми-теориялық негізделіп, айналымға түсті;
- оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
жүйесі жасалып, оның педагогикалық, психологиялық тұстары ашып
көрсетілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:жоғары сынып оқушыларына қолөнер
бұйымын әзірлетуде олардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері анықталып, бұйымның материалдық және
технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

І-тарау. Оқушылар шығармашылығын қолөнер негізінде дамытудың маңызы
1.1. Шығармашылық ұғымының мәні

Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдардан балалардан жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып
жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-
әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы
дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал
дарынды баланың барлығы бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды
балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын
тигізе алады.
Қабілеттер тұлғаны айшықтайтын компоненттердің бірі болса, онда
“тұлға” немесе “жеке бас” ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады.
Шығармашылық-бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен
айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-
санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи
процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процес белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз
қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша
отырып, біз оның “әрекет” ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын
дәлелдейді.
1. Репродуктивті-іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай
алу деңгейі.
2. Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория “шығармашылық” ұғымының
мәнін анықтауға көшеміз.
“Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, ”ойлап табу”
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “Шығармашылық-
қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет”,-деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский “шығармашылық”
деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген
психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені
әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары “шығармашылық” сөзімен “жаңалықпен” қатар “бастамалылық,
белсенділік”, ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе мына
төменлегідей қорытындыға келдік.
Шығармашылық-өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
деп қарастырылып келсе, кәзіргі ғылым жетістіктері қабілетінің мұндай
дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы
көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулурдің бізді
қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер, әрі психолог А.Н.Луктың
еңбектері ерекше назар аударуды қажет етеді. А.Н.Лук әрекеттің нәтижесінің
шығармашылық деңгейі көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты
деген пікір айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
-Мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендік;
-Ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлау;
-Тасымалдай білу;
-Ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығы;
-Әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың
болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау
сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
Оқушылардың көрке-шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды
дамытудың жолдары мен әдістері А.А.Мелик-Пашевтың, В.С.Шубинскидің,
Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық
мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э.Чудновский, В.С.Юркевич,
И.П.Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олар мен жұмыс түрлері, дарынды,
талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін
жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған
В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шыңармашылығын қалыптастыру
жолдарына талдау жасалады.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде, шығармашылық қабілеттердің
белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу
сияқты ортақ идеялардың бар екенін байқадық.
Сонымен, біз “шығармашылық қабілет” ұғымының соңғы уақыттарда
көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық туралы
айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, оны мына
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды
жасаймыз:
-Шығармашылықтағы қарама қайшылықтардың болуы,
-әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы,
-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы,
-шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы,
-нәтиженің жаңалығы,сонылығы.
Бұдан шығар қорытынды:”Шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған,
ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не
жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті”,-деген
тұжырым жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана
жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.
Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту
мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден, яғни неден басталып,
немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі
Адандар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
А.Н.Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру қойылған мақсат.
3. Проблемадан уақытша кету. Инкубация.
4. Интуицияның оянуы. Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына
арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып
оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше
топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік,
шығармашылы елес орын алады. Белгісіз кезеңіндегі “бас қатырулар”
табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптырса, еңбектің нәтижесі,
баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы
бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.
Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-
бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптастырып, әрі
қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша
көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың
бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған
сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды.
Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

1.2. Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік
дағдыларын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында: “Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты
тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын
соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани
құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” деп атап көрсетілген.
Адамзаттың мәдени өмір сүру дәрежесі көтерілген сайын тұтыну бұйымдарының
сапасы, үйлесімділігі мен көркемдігіне қойылатын талаптар да күшейе түсуде.
Олардың әрі сәнді, әрі қолайлы болуы адамдардың көңіл-күйін қуанышқа бөлеп,
өмірге деген сүйіспеншілігін арттыра түспек. Қолөнер бұйымдарының қай-
қайсысын да қазіргі заман тұрмыста тиімді қолдануға болады.
- Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтады. “Халықтық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен
қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-
жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық
жасап, кілем, түскиіз, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан,
жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім-өрім
қолдан әр алуан ыдыс-ақ, адалбақан, асадал, бесік, және т.б.
көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап,
түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды”. ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың
бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш
төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең
өріс алды. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің
біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулерді тұрмыс
қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Халықтың мәдени
дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына
қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады.
Еңбек үстіндегі творчестволық ізенудің нәтижесінде тұрмысқа керекті
заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса
тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік
артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. Тігу
ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды, тастан қашап,
сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда
көптеп шығарылды. Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі
маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген
ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап,
сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды
ілгері дамыта беру керек.
Шығармашылық - қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын қазіргі заман үй ішін
әсемдеуде талғаммен орналастыру, оларды тиімді таңдау немесе жаңасын жасау,
оны көркемдеп тігу, сөйтіп, жасалған заттың құндылығын арттырып, бағасын
көтеру, нәтижеде бұл оның бәсекедегі ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Бұған қол жеткізу - тігіншілік өнерінің негізі болған ісмерлік
дағдылардың дамып, қалыптасуына байланысты. Осыған орай, ғылыми-
педагогикалық, әдістемелік, тарихи-өнертану ғылымдары саласындағы
әдебиеттерді зерттеу арқылы ісмерлік дағдылар жүйесін айқындауға қол
жеткіздік. Ісмерлік дағдылар - материалдарды (мата, жіп т.б.) үйлесімді
және ұтымды орналастырып тігуді асқан шеберлікпен орындау үшін қажетті
дағдылар жүйесі. Оқушылар сабақта және сабақтан тыс уақытта қолөнер
бұйымдарының үлгілерін түрлендіріп жаңа туындылар жасап шықты. Бүл олардың
шығармашылық іс-әрекетінің бір көрсеткіші болып табылады.
Ол шапшаң, көркем, ұтымды, үйлесімді, тиімді деген секілді іс-қимыл
түрлерімен қатар ине шаншу тәсілдерінен тұратын технологиялық, матаға сай
жіп таңдау, заттың моделіне сай ою, өрнек таңдау секілді компоненттерден де
құралады. Осы компоненттердің болуынан заттың не бұйымның құндылығы арта
түседі. Жалпы ісмерлік дағдыларды қалыптастыру мәселесін педагог, психолог
ғалымдар практиктердің іс-қимылын зерттеу арқылы зерделеп, жүйелеп
әдістемесін жасауға мүмкіндік береді (1-кесте).

1 кесте
Ісмерлік дағдылар жүйесі

Зерде дағдылары Сенсорлы дағдылар Іс-қимыл дағдылары
Талдау, жіктеу, топтау, Көру, түйсіну арқылы Ойдағыны затқа
салыстырмалау, ұқсату, қолөнер бұйымдарын айналдыру: ой мен
сараптау, іріктеу, әзірлеуге қолданатын іс-қимылды байланыстырып
таңдап жүн, былғары, тері, орындау - бұл
алу, т.б. ойлау сипаты -маталардың қасиеті, іс-қимылдың орындалу
жылдам, баяу, шапшаң, сапасы, түр-түсін, ретімен, жылдам
жай; логикалы, жүйелі фактурасын т.б. орындауға біртіндеп
немесе байланыстыра анықтау; бұйымға дағдылану, ептілікке
ойлау, қажеттісін қатысты тапсырманы дағдылану - бұлар
таңдап алу т.с.с тыңдап түсініп, жаттығу, қимылды көп рет
көрсеткен үлгілерді кө-қайталау нәтижесінде
ңілге тоқу. автоматтандырылған
қимылға айналуына алып
келеді.

Дағды педагогиканың аса маңызды ұғымдарының бірі болып білім мазмұнының
құрамдас бөлігі және ғылыми білім, іскерлікпен (білік) тығыз байланыста
И.Ф.Харламов. Дағдыны психологтар зерделік, сенсорлы, қимыл дағдылары деп
бөледі Г.П.Щедровицкий, С.Л.Рубинштейн, Е.В.Гурьянов, В.Д.Шадриков,
А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.б. Оқыту теориясында дағдыны зерделік-талдау,
топтастыру, жіктеу, жалпылау, дерексіз ойлау т.б; практикалық-құрастыру,
жасау, еңбек дағдылары; арнайы немесе заттық картамен жұмыс, приборлар,
материалдар т.б. қолдану; жалпы оқу-кітаппен жұмыс, жоспар түзу, жылдам
жазу, жылдам оқу, өзін бақылау т.б болып бөлінеді, дейді Ю.К.Бабанский.
Педагог, психолог ғалымдардың дағдыға байланысты зерттеулерін ескере
отырып, тігіншілік дағдыларының ерекшеліктерін зерделей келе, тігін
бұйымдарында қолданатын ісмерлік дағдылар жүйесін зерделік дағдылар,
сенсорлы дағдылар, қимыл-әрекет дағдылары деп, оның компоненттерін
анықтадық.
Дағды іс-әрекет бағытына қарай қимыл дағдылары, сенсорлы дағдылар,
интеллектуалды дағдылар болып бөлінгенімен олар өзара байланыста, сонымен
бірге дағды білім, білікпен де (навык) астарласып, оны қалыптастырудың
негізі болып саналады. Ақыл-ой еңбегі, дене еңбегінің сипатына қарай дағды
түрлерінің басымдығы әрқалай, мысалы, ақыл-ой еңбегінде ой жүргізу
дағдылары көбірек, ал, дене еңбегі мен қол еңбегінде қимыл, әрекет
дағдылары басым болатыны белгілі.
Дағды - қимылды жоғары дәрежеде меңгеру сипаты; бұл сатыға қимыл жоғары
автоматтндырылғандығы себепті-саналы бақылау, байқау қиын болғандықтан ол
жоқ секілді болып көрінеді; мұнда қимылдың жылдамдығы мен жеңілдігі,
байланысы соншалықты тұтас болғандықтан өзінен-өзі, санасыз орындалып
жатқандай болып көрінеді. Мұндай саналы, бірақ автоматтндырылған қимыл іске
асуы үшін тұрақты жағдай, өзгермейтін компоненті оны үнемі бақылап отыруға
мүмкіндік береді. Дағды, жаттығу барысында қимылды меңгеру арқылы
қалыптасады. Шығармашылық дәрежесі қаншалықты жоғары болса, ісмерлік дағды
да соншалықты тиімді болғанда ғана ол нәтижелі болып, таза пайда әкеледі.
Еңбек сипатына, шарттарына байланысты дағдыны ретсіз не болмаса жоспарлы
меңгеруге болады. Ісмерлік шығармашылықты қалыптастыруда оқу үрдісінде
дағды қалыптастыруды, әрине, жоспарлы түрде жүзеге асыру керек.
Біз зерттеуге алып отырған нысанамыз қол еңбегімен байланысты болып,
әсіресе, қолдың басы немесе білезігінен бастап, бармақтардың ептілігінің
маңызы зор. Іс тігу, ісмерлік өнерінде дағдының қалыптасқандығының
критериялары басқаша айтқанда, нәтижесінің көрсеткіштері болып қол,
бармақтардың бұлшық еттеріне күш түспеуі, артық қимылдардың болмауы,
қимылдар арасында кідірістің болмауы, көзбен бақылаудың азайып, қимылды
сезіну арқылы бақылаудың күшейе түсуі, қимылдың орнықты көрінуі, қимылды әр
түрлі тәсілдермен орындау мүмкіндігінің жоғарылығын айтуға болады. Атап
айтсақ, істің нәтижесі - тігілген зат не бұйымның сапасы ісмерлік
дағдылардың қалыптасқандығының көрсеткіші бола алады.
Оқушының дағдыны меңгеруінде ұстаздың жұмысты дұрыс ұйымдастыруының өзі
де сол дағдыны олардың тиімді, жетік меңгеруінің маңызды шарттарының бірі.
Қимылдың құрамындағы әрекеттердің кеңістіктегі көлемін, оған кететін
күш пен уақытты зерделеу қажетті қимылды іздеп табуға, кететін қателіктерді
азайтып, "артық" қимылдарды жоюға көмектеседі.
Бірақ, дағды қалыптасып болған соң мұндай санаға салудың зияны тиіп
кететін жағдайлар да болады. Дағдының қалыптасу мерзіміне оны алдын-ала
жоспарлаудың әсері бар. Өйткені, жоспарда қимылды орындау реті - қай кезде,
нені, қалай орындаудың дұрыстығын көрсетіп тұрады.
Дағды қалыптастыру барысында оның нәтижесін, кеткен қателіктерді,
олардың келіп шығу тегін талдау, болашақта оны ескерудің де өзіндік орны
бар.
Оқушылардың шығармашылығын дамытудың тиімді жолы - белгілі бір өнім
алуға бағытталған өндірістік-жасампаздық тапсырмалар негізіндегі
шығармашылық мәселелерді шешу.
Шығармашылық тапсырманың шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын
ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Осыған орай Я.А.Понамарев
орындамақ болып отырған мәселенің не шығармашылық тапсырманың алдымен
мазмұндық мәнін талдау және бұны сөз түрінде айтып шығу жаңа ойларға
жетелейді; одан соң шығармашылық тапсырманы шешудің бірнеше түрленулерін
табу (варианттарын) бұл тәсілді жеңілдетеді деп белгілеген.
Бұлар орындау ретін және себебін айтып шығу; түсіндіру нені, қалай
орындайды; соңғы бейнесін көзге елестетіп айтып шығу; іс-әрекет моделін
түзу; аналогиялар табу т.б. Шығармашылық тапсырманы ұжымдық орындауда әр
топ өзіне берген тапсырманы мынадай сөз түріндегі формуланы пайдалану
арқылы жүзеге асыруын ұсынамыз:
а) мынаны былай істесек қайтеді...
б) мүмкін оны алдымен...
в) ...одан соң ... көрсек қайтеді..
г)... өткенде былай істеп едік қой...
д)...мынаны ... өзгертсе болатын шығар...
ж) ...жоқ олай емес...
з) ...үлгіге салып оған мынаны жапсырса...
и)... сәл ғана өзгертсе...
к)... жоқ, мүлде басқаша болуы керек емес пе ...
л) меніңше,... болуы керек...
м) ...әрине, басқа түрленуін іздестіріп кору керек...
о) ...күнделікті... үйде... жұмыста...ерекше жағдайларда т.с.с.
Мәселені шешу не шығармашылық тапсырманы орындауда кейбір тұйыққа
тірлеген жағдайда ұстаздың көмегі қажет. Ол осы формулаларды реттеу, оның
тапсырманы дұрыс шешуге септігін тигізетін тұстарын айтып жіберу, көрсетіп
жіберу секілді көмегі орынды.
Көрсетілген тәсілді қолдануда шығармашылыққа қажетті дағдылар:
* ойлау дағдылары: талдау, жіктеу, топтау, салыстырмалау, ұқсату,
саралау, сараптау, сұрыптау, іріктеу, талғау т.б. барлығын пайдалануға
жұмылдыру;
* ойлау сипатының - жылдам, баяу, шапшаң, жай, сонымен қатар,
логикалы ойлау, жүйелі ойлау, байланыстыра ойлау т.с.с
- ойдағыны затқа айналдыру;
- ойдағыны іске асыру.
Бұлар іс-қимыл түрінде жүзеге асады. Осыларға дағдылануда аса маңызды
мынадай оқыту қағидаларын ұстану ғана табысқа жеткізеді: жүйелі ойлау және
орындау; іс қимылды байланыстыра ойлау және орындау; жылдам орындауға
біртіндеп дағдылану; ептілікке дағдылану. Ептілік дегеніміз ісмерлікте
көркемдікпен тығыз байланысты. Ептілік болмаса бір заттың көркем шығуы өте
қиын. Бұл бармақтар мен қолдың қимылының ықшам, икемділікпен байланысты
қимылдары болып саналады.
Оқушылардың шығармашылық ісмерліктерін дамыту олардың сын пікірін
қалыптастырумен де тығыз байланысты. Біз зерттеуге алып отырған нысанаға
байланысты оны алдымен біреудің жасаған затына сипаттама айту не жазудан
бастаған жөн секілді. Сондықтан, мынадай талдау түрлерін қолданға болады:
* біреудің жасаған затына сипаттаулар жазу не айту;
* біреудің жасаған затын сын тұрғысында талдау;
* сол затты өзің қалай жасар едің, соны сипаттау;
* сол затты жасау технологиясын жазып не сөз түрінде айтып шық;
* сол затты жасауда пайдаланған заттарға сипаттаулар жазу;
* оны сен өзің қандай заттардан жасар едің, соны жазу;
сол заттың қажеттілігін басқаша айтқанда, мәнділігін дәлелде.
Оқу-шығармашылық мәселе және оқу-шығармашылық тапсырмаларды орындамайынша,
оқушылардың шығармашылық ойлауын қажетті деңгейде дамыту мүмкін емес. Мұнда
мынадай үш ұғымның басын біріктіріп, оқушылардың ісмерлік дағдыларын
қалыптастыруды көздедік. Олар: қолөнер бұйымдары - қазақтың оюы мен
өрнектері арқылы түрлендіру; тігу және көркем тігу; нәтижеде жаңа,
заманалық, бірақ ұлттық сипаттағы зат, бұйымдар алу.
Басты мәселе оқушыларды шығармашылық ойлау арқылы жаңа, қазіргі күнде
өзгеріп тұратын бұйым үлгілеріне сай өнім жасауға, оған ұлттық сипат беруде
үйлесімділікті іздестіріп табу жолдарын меңгерту; ойлап тапқан жобаны іске
асыруда ісмерлік дағдыларын тиімді қолдануға шарт түзу.
Бұл жерде біз шығармашылық деп қазақтың ұлттық бұйымдарын қазіргі заман
технологиялары негізінде орындау, үй ішінде талғаммен орналастыру, оларды
тиімді таңдау немесе жаңасын жасау, оны көркемдеп тігу, сөйтіп жасалған
заттың құндылығын арттырып, бағасын көтеру, нәтижеде бұл оның бәсекедегі
ұтымдылығын қамтамасыз етеді. Бұған қол жеткізу, тігіншілік өнерінің негізі
болған ісмерлік дағдылардың дамып, қалыптасуына байланысты.
Ісмерлік дағдылар - материалдарды (мата, жүн, жіп т.б.) үйлесімді және
ұтымды орналастырып тігуді асқан шеберлікпен орындау үшін қажетті дағдылар
жүйесі. Ол шапшаң, көркем, ұтымды, үйлесімді, тиімді деген секілді іс-қимыл
түрлерімен қатар ине шаншу тәсілдерінен тұратын технологиялық, жүн түсіне
сай жіп таңдау, ою, өрнек тандау секілді компоненттерден де құралады.
Қорыта айтқанда, осы компоненттердің болуынан заттың құндылығы арта түседі

1.3. Оқушыларды қолөнерге баулу үрдісін ұйымдастырудың шарттары

Оқушылардың қолөнерге баулу, оқу-тәрбие процесіне қатыстыру үшін
бірқатар шарттарды орындау керек. Олар: ұйымдастыру-педагогикалық,
техникалық-экономикалық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық.
Ұйымдастыру-педагогикалық шарттарға: оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру; пән бойынша педагог
кадрларды таңдау; оқушылардың оқу-тәрбие процесін педагогикалық басқару
(мұғалімдерінің қызметін үйлестіру, оқу-тәрбиесін ұйымдастыру процесіне
оқушыларды қатыстыру) оқушылардың оқу-тәрбие процесін жүйелі жүзеге асыру;
оқушылардың жұмыс орнын пәнге байланысты жоспарлы ауыстыру; ұжымдық, топтық
және жеке жұмыс түрлерінің сәйкестігі; оқушылардың еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
Оқушылар игеруі тиіс білімдерін, дағдыларын оқу бағдарламалары мен
жоспарларын уақытылы орындауға, оқу процесін керекті материалдық-техникалық
жабдықтауға және оны ұйымдастыруға (құрал-жабдықтар, материалдар т.б.) оқу
процесі объектілерін дұрыс таңдауға, оқу мерзімі мен көлемін анықтауға,
әртүрлі жұмыс түрлерін яғни оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын
сәйкестендіруге байланысты білімді игеру, іскерлік пен дағдысын
қалыптастыру жоспарын құруға мектепте директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары, пән бірлестік жетекшілері мен мұғалімдер қатысады.
Оқу процесінде оқушылардың еңбек дайындығы жүйесін құру үшін пән
бойынша педагог кадрлар қажет. Оқу материалын терең білу, әдістемелік
жолдардың және ұйымдастыру түрлерінің әртүрлілігі, білгірлілігі, балаларға
деген махаббаты, дүниетанымын кеңейтуге ынтасы сияқты талаптарға тек
мұғалім ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу жұмыстарын орындауға
байланысты.

Білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жоспарында
қарастырылған теориялық мағұлматтармен іс-әрекеттер сынып бойынша
үйлестіріледі. Жас ерекшелігіне қарай бір оқушыға уақыт және орындау
мөлшері анықталады, оқу жұмысына керекті құжаттар дайындалады.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды педагогикалық-психологиялық
шарты – ол оқушыларды оқу процесіне қатыстыру үшін жағымды жағдай жасау. Ең
бастысы, оқу процесінде санитарлық-гигиеналық нормалар және қауіпсіздік
талаптары (физика, химия, биология, еңбек т.б.) қатаң сақталуы керек.
Оқушыға пән бойынша тапсырманы оның психофизиялогиялық ерекшелігін ескере
отырып беру керек.
Ұйымдастыру-педагогикалық шарттарды іске асыру үшін дайындық
жұмыстарын жүргізу керек. Дайындық жұмыстарына оқушылардың оқу еңбегін
қадағалау, оқу еңбегі нәтижесін бақылауын және есебін жүргізу, оқушылардың
жұмысын ұжымдастыру, топтарға бөлу, олардың арасында жарыстар жүргізіп,
соның табысын ескеру сияқты оқу процесін ұйымдастыру жатады.
Оқушыларды оқу процесіне қатыстырудың екінші шарты – техникалық-
экономикалық шарттар. Бұның ішінде ең маңыздысы: материалдық-техникалық
базаны дайындау, оқыту технологиясын анықтау. Бұл топ төмендегі
көрсеткіштерді қамтиды: әрбір пән бойынша жұмыс орындарын құралдармен
(құрал-жабдық, прибор, құрылғы), және материалдармен жабдықтау, оқытуда
оңтайлы технологияны таңдау; оқушыларды өзіндік бақылауға қатыстыру;
оқушылардың оқу еңбегін мөлшерлеу; оқушының оқу еңбегіне моралдық күш беру;
оқушылардың оқу еңбегінің мазмұнын, шығармашылық элементтерін айқындау.
Оқу процесіне қажетті құралдар (құрал-жабдық, приборлар, инструменттер
т.б.) белгілі талаптарға сай болуы тиіс. Оқу процесі материалдық-техникалық
база кешенімен пән бойынша (физика, химия, биология т.б.) қамтамасыз
етілуі керек. құрал-жабдықтар қазіргі заман талабына сай, сенімді және ұзақ
мерзімді, қауіпсіз және ыңғайлы болуы керек. Осындай дайындықты дұрыс
ұйымдастыру: оқу процесін негізгі және қосымша құрал-жабдықтармен,
құрылғылармен, құралдармен (кесетін, қосымша және өлшейтін т.б.)
оқушылардың жұмыс орнын жоспарлауды; оқу процесін санитарлық, эстетика және
еңбекті ғылыми ұйымдастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл
жұмыстың ең маңыздысы игерілген білімді, іскерліктің сапасын тексеру болып
табылады. Мұндай тексеруді іске асыру үшін білім, іскерлік сапасын
тексеретін (аралық және қорытынды) бақылау жүзеге асырылуы керек.
Үшінші топқа әдістемелік шарттар жатады. Олар: оқу жұмысын (лекция,
лабораториялық, практикалық) ұйымдастыру формаларын, әдістерін таңдау;
оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалімдерді дайындау. Бұл
жұмыста мұғалім оқу-әдістемелік материалдарын пайдалану (оқу пәні
бағдарламаларын, пән бойынша оқу құралдарын т.б.); пәнді оқыту
бағдарламалары мен негізгі ғылым бағдарламаларының арасындағы байланысын
ескеру керек; оқушылардың еңбегін жас ерекшелігін, жалпы мектеп
бағдарламасын ескере отырып жоспарлау, сонымен қатар алдағы оқу жұмыстарын
жоспарлау (лекция, лабораториялық, практикалық жұмыстарды, оқытудың
технологиялық картасын құру); оқушыларды оқу еңбегіне дайындау; оқудың
басқа тәрбиелік жұмыстармен байланысын қамтамасыз ету.
Шарттардың соңғы тобы – психологиялық-педагогикалық. Олар оқу
еңбегінде тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Шарттардың бұл тобы оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесін (қолөнерге
байланысты); мектептік оқу базасының оқыту ортасын; оқушылардың жас
ерекшеліктерін; оқуға қызығушылығын; оқушылардың оқу дайындығының сана-
психологиялық деңгейін сипаттайды.
Оқу процесі әрбір оқушының жеке дамуын, психикалық ерекшеліктерін
ескеру керек. Оқушылардың оқу-іс-әрекеттері кәдімгі оқу шарттарының
принципімен ұйымдастырылуы керек (топ құру, жұмыстың ағымдық әдістері,
топтық және жеке жұмыстардың сәйкестілігі, жарыс ұйымдастыру т.б.)
Жоғарыда қарастырылған оқушыларды қолөнерге баулуда оқу процесіне
қатыстырудың барлық шарттары бір-бірімен байланысты.
Оқушыларды оқу процесіне қатыстыруды ұйымдастырудың педагогикалық
құрылымын 3-кестеден көрнекі түрде беруге болады.
Оқыту жүйесінің компоненттері негізінде сабақты жетілдірудің
төмендегідей педагогикалық шарттарын анықтауға болады:
- сабақтың міндеттері (олардың пән мазмұнына сәйкес дұрыс
тұжырымдалуы);
- сабақтығы оқыту әдістері мен мазмұнын іріктеу принципі (яғни,
дидактикалық принциптер, оның мәні, бағыттылығы);
- сабақтың мазмұны (ол қаншалықты оқушылардың іс-әрекет түрлерін
қамтамасыз етеді);
- оқыту әдістері (ол мектеп бағдарламаларын меңгерумен қатар оқушының
жалпы дамуын қамтамасыз етуі);
- сабақты ұйымдастыру формалары (олардың өзгермелі болуы, нұсқалары);
- мұғалімнің сабақтың нәтижелілігін дұрыс айқындау тәсілі;
- мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасының сипаты (оқу
процесіне қатысушыларды эмоционалдық жағдайы қаншалықты қамтамасыз
етіледі);
оқу құралдары, ең алдымен оқулықтар (қазіргі білім беру функциясы
жүзеге асыруы).

ІІ-тарау. Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың әдістемелік негіздері
2.1. Қолөнерге баулу мазмұны

Технология пәнінің мақсаты: оқушыларды өздігінен еңбек етуге
дайындауға, көпшілік қажет ететін бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Өз
бетінше нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарын жасауға соған орай
мына болжамдар қарастырылады; экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік
білімдерді меңгеру барысында затты, энергияны, ақпараттық материалдарды
түрлендірудің қазіргі және болашақ технологияларымен жастардың танысуы,
олардың политехникалық дамуы; оқушылардың шығармашылық және эстетикалық
дамуы; оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып
үйренуін, өзіндегі жеке кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін
сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Технология оқу пәнін оқытудың басты міндеті: көп тараған және
болашақтағы технология жайында политехникалық білімді және ақыл-ой,
сезімдік әрекеттері жүйесін қалыптастыру; отбасы шаруашылығы мен үй
экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру; қазіргі
өндіріс негіздеріне, қызмет көрсету жолдарымен таныстыру; оқушылардың өз
бетімен жұмыс істеу және жеке қабілеті арқылы жобалау мен
конструкциялаудың шығармашылық есептері шешуін дамыту; кәсіптілікті өзіндік
айқындалу мақсатында Қазақстан Республикасы жергілікті және ұлттық
ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңістігін білуді, кәсіптік
бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін-өзі танып білуін
қамтамасыз ету; еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік
пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді
іске асыру; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі
түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін өндіруге және іске
асыруға мүмкіндік жасау; тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде
пайдаланаалуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің
талаптарына сай әсемдей білуге үйрету; компьютерлік технологияны меңгеру
арқылы графикалық сызуды орындау, іс-қағаздарының жобасын құра білу.
"Технология" оқу пәні - интегративті білім саласы. Оқушылардың
математика, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін
синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылығында,
жеңіл өнеркәсіпте, транспортта т.б. бағыттарда пайдалану жолдарын
меңгеретін негізгі ғылым болып табылады.
"Технология" оқу пәнінің бағдарламалары мына төмендегі жағдай
негізінде жүзеге асырылады Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің
оқу жоспарының инвариантты бөлімінде "Технология" білім саласын оқытуға 1-
11 сыныптарға аптасына 2 сағаттан бөлінген.
Мектепте Технология пәні үш сатыға бөлінген.
I саты бастауыш саты (1-4 сыныптар)
II саты (5-9 сыныптар)
III саты (10-11 сыныптар).
Жоғары сыныпта оқушыларға белгілі бір кәсіп саласы бойынша оқытуды
тереңдету қолға алынуға сәйкес, біздер қолөнері бұйымдарындағы атқарылатын
жұмыстарды қолеңбегі және механикалық жабдықтарды игеруі іріктеудің
нәтижесінде көпшілік орындарда жұмыс жасауға қажетті іс-әрекеттерге баулу
қарастырылады.
“Технология” білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім
мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді; интеллектуалдық, тұлғалық,
этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын, қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
“Технология” білім саласының басты мақсаты-оқушыларды өздігінен еңбек
етуге, бұқаралық кәсіпті игеруге дайындау болып табылады.
Технология білім саласының негізгі тараулары:
1. Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясы.
2.Машинатану элементтері негізіндегі конструкциялық материалдарды
өңдеу технологиясы.
3. Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі конструкциялық
материалдарды өңдеу технологиясы.
4. Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету, экология және кәсіптік
бағдар салалары.
5. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника.
6. Үй экономикасы және кәсіпкерлік элементтері.
7. Ақпараттық технологиялық элементтері.
8. Жоба.
Білім мазмұнына “Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі
көркемдік қолөнер технологиясы”тарауы ауылдық және қалалық мектептердегі
қыздарды оқыту үшін енгізілген. Бағдарламада “Сәндік қолданбалы өнер
элементттері негізіндегі көркем қолөнер технологиясы” тарауы негізінен 5-9
сыныптар үшін, 10-сыныпта Сәнді-қолданбалы өнердің технологиясы өтіледі.
Онда негізінен бөлінген сағат сандары: 5 сыныпта 24сағат; 6 сыныпта-20
сағат; 7 сыныпта-30 сағат; 8 сыныпта-26 сағат; 9 сыныпта-24 сағат, 10-
сыныпта 6-сағат беріледі. Мұнда қолөнер бұйымдарын әзірлеуде қолданылатын
еңбек операцияларын меңгереді. Мысалы, тігіс түрлерін орындау, кестелеу,
бастырмалау, қию, ою, кесу, пішу, көктеу, әдіптеу, үтіктеу, желімдеу және
т.б., ақпараттар берілген.
Қолөнеріне баулу барысында біздер қолданбалы өнер мамандықтары
жөнінде мағлұмат берумен қатар келешекте адамды өзінің еңбегімен қуантарлық
сондай мамандыққа бағдар беруге жұмыс жасаймыз. Оқушылардың бұйымның
конструкциясына өздерінің ойларын қосу мен технологиялық орындалуына сәйкес
шығармашыл жұмыс жасауына ықпал етуіміз керек. Өздерінің ойын бейнелеу
сауаттылығының нәтижесінде сюжетті-тақырыптық картиналарды немесе белгілі
ой жүйесіне негізделген бейнелерді, ою-өрнектерді түсіруіне мүмкіншілік
жасау қажет.
8-11 тереңдетілген сыныптарға арналған Қолөнер бағдарламасы
(Авторлары: А.С.Ұзақова, Р.А.Наурызбаева, Н.А.Салыбекова. Шымкент қ.,
2002ж). Бұл бағдарлама жоғарғы сыныптарда еңбекке баулу пәнін қолөнер
бағытына мамандар даярлауды тереңдете оқыту мақсатында түзілген. Мұнда
болашақ мамандардың бұйымдарды ұлттық нақышта сәндеуге, өңдеуге ептілігі
мен дағдысын арттыру жолдары қарастырылған. Бағдарламада 11-сыныпта түскиіз
әзірлеу Аппликация тарауында 24 сағат ретінде берілген. Оқушылар қолөнер
бұйымдарын меңгеру барысында олардың үлгісін әзірлеп, сызбасын сызады,
сәндік ерекшеліктерімен танысады, әшекейлейді, өңдеп үйренеді. Біз осы
аталған талдауларға сүйене отырып өз тақырыптық жоспарымызды ұсынып
отырмыз.

10 – сыныпқа арналған тақырыптық жоспар
Рс Тараулар мен тақырып атаулары Жалпы сағат
теория практика
1. Кіріспе.СҚӨ бұйымдарына тарихи шолу.2 -
2. Жүннен жасалатын бұйымдардың 1 2
түрлері.
3. Ою-өрнектердің түрлері. 1 1
4. Түскиізқа салынатын ою-өрнектер. 1 3
5. Түскиізтың ою-өрнегін қию, 1 5
бастырмалау.
6. Түскиізтың шеттік оюын әзірлеу, 3
тігу.
7. Түскиізты аяқтау. - 6
Барлығы: 6 20

2.2. Жоғары сынып оқушыларына ұлттық қолөнер бұйымдарын әзірлеуге үйретудің
тиімді әдістері

Оқу шеберханаларындағы сабақ мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастырудың
негізгі формасы болып табылады.
Еңбек сабағы келесі этаптардан тұруы мүмкін (құрылымы):
1. Оқушыларды ұйымдастыру;
2. Жаңа сабақтың материалымен таныстыру;
3. Нұсқау, оқушының өзіндік жұмысы, қорытынды нұсқау, шеберхананы
жинастыру.
Сабақты оқыту негізіндегі міндетіне байланысты, оның құрылымы мен
кезеңдері өзгеріп отыруы мүмкін. Осындай көзқарасқа байланысты технология
сабақтарының бірнеше түрін бөлуге болады:
1. Оқушыларда жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
2. Дағды мен біліктілікті қалыптастыру сабағы.
3. Білімді практикада қолдану сабағы.
4. Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы.
5. Білім, ептілік және дағдыны тексеру сабағы.
Технология сабақтарының өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, яғни
оқушылар практикалық жұмыстарды атқаратын болғандықтан оқушылардың оқу-
еңбек қызметінің көрсеткішін жоспарлау, оны ұйымдастыру ісіндегі негізгі
элемент болып табылады және ұйымдастыру үшін оқу-материалдық база қажет.
Бұлардан кейінгі жерде жұмыстың нәтижесі болуы үшін жұмыс орнын және
жұмысты ұйымдастыру керек.
Оқу шеберханасындағы сабақты ұйымдастыру формасы
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына сабақты ұйымдастырудың төмендегідей
формалары қолданылады:
1. Жеке дара
2. Бригадалы (звенолы)
3. Фронталды және аралас.
Оқушылар бір түрлі обьектіні дайындаған жағдайда фронталды түрі тиімді.
Ұйымдастырудың бұл формасы мұғалімнің оқушылар жұмысын бақылауға жеңілдік
туғызады және олардың еңбегін дұрыс бағалайды. Бұл форма таза оқу мақсатын
жүзеге асыру үшін тиімді және көбірек қолданылады. Звенолы форма - жалпы
білім беретін мектептерде сабақты ұйымдастырудың негізгі формасы. Бұл форма
оқыту процестеріне педагогикалық талаптармен толық үйлесімділікте.
Мектепте жеке форма тек тапсырмаларды жеке орындау қажеттілік пайда
болған жағдайда ғана қолданылады.
Аралас форма әртүрлі еңбек обьектісін дайындау кезінде тиімді. Әдіснама
(методология) грек сөзінен алынған, әдіс туралы ғылым немесе әдіс теориясы
деген мағынаны білдіреді. Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар
мен процестерді зерттейді, теория тұрғысынан негізгі білімдер мен
құрылымдарды бір жүйеге келтіреді.
Оқыту әдістері. Оқу процесі оқытудың мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формасының біртұтастығы болып табылады. Оқыту әдісін оқушылардың таным
қызметіне мұғалімнің басшылық ету тәсілі деп түсіну керек.
Оқу құралдарында білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды алу негіздеріне
қарай әдістерді топтастыру мейлінше көбірек қолданылып жүр. Осы
классификацияға сәйкес оқыту әдістерін топтарға біріктіреді.
Сөз жүзіндегі әдістер (ауызша баяндау): әңгіме айту, түсіндіру,
оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.
Түсіндіру деп кейбір ұғымдардың, құбылыстардың сөзбен айтылған
талдауын, аспаптарды, көрнекі құралдарын, прициптерін, сондай-ақ сөздер мен
терминдерді түсінуге тиіс. Мысалы, тақырыпқа сәйкес алдымен оқушыларға
теориялық түсінік беріледі, жаңа материал түсіндіріледі. Одан кейін
материалдарды өңдеудегі аспаптарға және технологиялық процестерді орындау
тәртібі баяндалады. Жаңа сабақты бекіту кезінде оқушыларға материал
түсініксіз болып қалған жағдайда білімді бекіту сабағында түсіндіру әдісін
пайдаланады. Себебі практикалық іс-әрекет барысында оқушылардың материалды
қалай түсінгеніне, бұйымның сапасына байланысты.
Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап әдісі. Ол оқу процесінің
барлық буындарына қолданылады.
Әңгімені негізгі төрт түрге бөліп қарастыруға болады: жаңа білімді
барлау мақсатында қолданылатын әңгіме: білімді бекіту мақсатымен
қолданылатын әңгіме: білімді тексеру және бақылау үшін қолданылатын, сондай-
ақ өткен материалдарды қайталау кезіндегі әңгіме.
Әдетте алдына бұдан бұрын алған білімді жаңғырту үшін: Түскиіз
материалының қандай түрлерін білесің? Түскиіз тігуге қандай материалдар
қолданылады? Матаның қасиеті дегенімізді қалай түсінеміз? т.б. сұрақтар
қоюға болады.
Жаңа білімді хабарлау әңгімесі оқушыны индуктивтік жолмен (яғни белгілі
немесе бақылаудағы жалпы процестерден бірлі-жарымды мысалдардан жалпы
қорытындылар шығару) немесе дедуктивтік жолмен (оқушыларға хабарланатын
жалпы жағдайдан жалқы процестерге алып жүруі мүмкін. Мәселен, оқушы ұлттық
қолөнер бұйымдарын дайындау үшін қажетті орындалатын операцияларға
байланысты білімді хабарлау әңгімесі. Материал таңдау кезінде материалдың
қандай қасиеттеріне көңіл қою қажет? Өлшеу, белгілеу, пішу, құрастыру
жұмыстарын қалай жүргізеді? Пішу қандай аспаппен орындалады? Көктеу қалай
орындалады? т.б. сұрақтар қойып оқушылардың өздігінен қорытынды шығаруға
немесе жинақтауға әкелетін сұрақтарда индуктивтік жол қолданылады.
Әңгімені білімді бекіту мақсатында өткізілетін түрі әрбір жаңа сабақты
қаншалықты түсінгенін анықтауда қолданылады: Түскиізтың қандай түрлері бар?
т.б.
Ауызша әдіспен қатар материалды басу барысында көрнекілік әдісті
пайдалану оқушылардың материалды игеруіне дұрыс ықпал етеді. Оқушыларға
материалды таңдау және оларды өңдейтін құрал-саймандарды таныстыру ауызша
әдіспен түсіндіргенде көрнекіліксіз (түсініксіз) өз дәрежесінде болмасы
анық. Сондықтан мұғалім мұнда материалдармен таныстыруда әрбір сабақта
өңделетін материалдарды (мата, киіз т.б.) көрсетеді және оларды жұмысқа
сәйкес таңдап алуды ауызша түсіндіреді. Құрал-саймандардың бөліктерін
көрсетуде мұғалім міндетті түрде көрнекілікті көрсетуі қажет. Себебі мұнда
оқушы өңдеу жабдықтарымен танысып қана қоймайды, сонымен қатар әрбір
бөліктің атқаратын функциясын ұғады. Жабдықтар бейнеленген көрнекіліктерді
және бұйымның нақты үлгісін көре отырып, оқушы оның материалымен танысады.
Көрнекілік әдісін мұғалім сондай-ақ әрбір технологиялық процестің
орындалуын т.б. бейнелейтін плакаттарды көрсетуде пайдаланады. Оқушылар
мұнда тек естіп қана қоймай, көру мүшесімен қабылдайды. Оқушылар еңбекке
баулу сабағы барысында практикалық іс-әрекеттерді орындайды. Сондықтан
практикалық іс-әрекет барысында операцияларды дұрыс игеру үшін тиімді
әдістің бірі демонстррация. Мұғалім мысалы, матамен жұмысты қалай орындау
керектігін ауызша түсіндіргенмен, оның демонстрациясыз бәрі бір оң нәтиже
беруі қиын болар еді. Мұғалім матамен жұмыс жасауда демонстрациялауды
орындауда тұрақты т.б. жұмысқа байланысты таңдап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Қайың қабығы, қабығы
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Оқыту әдістер тобы әдістер
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Пәндер