Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
І бөлім. Мемлекет мәні және нысандары
1.1. Мемлекет туралы жалпы түсінік, мәні, негізі ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2. Мемлекет нысандары және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, әдістері, қызметтері ... ...25
ІІ бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы және мемлекеттік билік тармақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2. Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген.
Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.

1. Мемлекеттік басқарудың теорилық негіздері//Ихданов, Мемлекеттік басқару теориясы, Алматы,-2009.
2. Мемлекет: мәні, белгілері, негіздері // Баққұлов., Құқық негіздері Оқулық,-Алматы,2004.-248 бет;
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру// Оспанов., Құқық негіздері.2бас.,-Алматы: Жеті Жарғы,2007.-304 бет;
4. Қазіргі мемлекеттік басқарудың адам дамуындағы ролі// Адам дамуы,-Алматы,2003;
5. Сущность гоударственного управления// Атаманчук., Теория государственного управления: курс лекции.-М.: Юрид.лит.,1997.-400стр;
6. ҚР-ның мемлекеттік басқару механизмі//ҚР Конституциясы,1995;
7. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030//Мемлекеттік басшысының Қазақстан халқына Жолдауы-қазан,1997;
8. О местном государственном управлении в РК. Закон РК от 23 января 2001 года, №148//Казахстанская правда-2001.-30 января;
9. Мемлекеттік басқаруды реформалау// Ақиқат,2008,№ 12;
10. Қазақстан бүгінде...//Сартаев., «Тәуелсіз Қазақстан»-2009;
11. Реформирование системы государственного управления. Зарубежный опыт и Казахстан.// научное издание.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005;
12. Н.Ә. Назарбаев, ХХІ ғасыр тоғысында.-Алмтаты,1996;
13. М.С. Әшімбаев, Формиравание института президенства в ходе политического транзита в Казахстане// http//centrasia.com;
14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы// http// www.akorda.kz;
15. ҚР-ның мемлекеттік органдарының сайттары// http// www.government.kz, www.e.gov.kz.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
І бөлім. Мемлекет мәні және нысандары
1. Мемлекет туралы жалпы түсінік, мәні, негізі ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Мемлекет нысандары және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, әдістері, қызметтері ... ...25
ІІ бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы және
мемлекеттік билік тармақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2. Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму
реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
Кіріспе
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының іргетасы - экономика мен
әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге құлақ түріп отыру
керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да
есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне
қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам
дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер
марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-
қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың
да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен
растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын
қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі
экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-
шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың
желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару
жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы
өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу
кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де
әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу
проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен
міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз
бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе
ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде,
Мемлекет мәні және нысандары, жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы,
мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар
мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл
бөлінген.
Ал, екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесінде еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен
мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең
алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де
мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.
1.1 Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері
Мемлекет әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ,
олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты (1-кесте). Ғылыми
болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2
млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1
млн.жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40
мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп
болжанатын ақылды адам (хама сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды.
Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың
жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді.
Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам
айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен
бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір
сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық
құрылыс кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде мемлекет әлі қалыптаса қойған жоқ.
Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы
қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа
басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырды.
Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді
қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею
заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекеттің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы
адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың
тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің нәтижесінде еңбектің белгілі бір
түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады. Адамдар
арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша
күрделеніп, оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, қоғамық
еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың
қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты
құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған
әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық,
психологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары
бар.жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен сана,
дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы бірнеше
жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш жолы
қалыптасты: 1) шығыстық жол; 2) батыстық жол және 3) аралас жол.
Ежелгі Шығыста мемлекеттің пайда болуы қауымдастық мүшелерін,
тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастыруға
бағытталған қажеттіліктен туындады. Шығыс елдерінде алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырау кезеңінде ірі су каналдарын қазу, суармалы ирригациялық
жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу, дамбалар салу, суармалы егістікті
жетілдіру сияқты ірі де күрделі ирригациялық жұмыстар жүргізу керек болды.
Бұндай аса ауыр жұмысты іске асыру жекелеген отбасы немесе бір
қауымдастықтың қолынан келмейтін еді. Міне осы күрделі істерді жүзеге асыру
үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе
мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу
себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді салу;
- оны іске асыру үшін құралдаржы, жұмысшыларды жүйелі топтастыру,
ұйымдастыру;
- атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Батыс елдерінде мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке
меншіктің, мүлікті теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда
болды.
Мемлекеттің пайда болуының аралас жолы рулық, тайпалық құрылыстан ерте
феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән. [1,4]
Мемлекеттің пайда болу жайындағы теориялар. Мемлекеттің пайда болуы
жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық (құдайтанушылық)
теория. Теология дегеніміз құдайды, Алланы танитын ғылым, лім. Аталған
теорияның негізін қалаушылардың бірі ортағасырлық Тертулиан, Аврелий
Августин, Фома Аквинский сияқты құдайтанушыларды жатқызуға болады.
Теологиялық теория мемлекетті мақсаты мен мәні жер бетінде құдай
патшалығындағы сияқты тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілк, татулық, бірлік
орнату болып табылатын құдайлық кәсіп танылды. Биліктің барлығы құдайдан
тарайды. Құдай барлық жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде
мемлекеттің де жаратушысы. Ал құдай жаратқан жаратылыстың сыры секілді
мемлекеттің де мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтан құдай жаратқан дүниеге,
мемлекетке және билікке шүбә келтірмей, күмәнданбай, оларға мойынсұнып
қараған дұрыс. Теократиялық теория өзінен-өзі қялдың барысында пайда бола
қойған жоқ. Оның қалыптасуының өзіндік алғышарттары бар. Адамзат тарихында
пайда болған ең алғашқы мемлекеттер діни сипатта болып оны басқаруға діни
қызметкерлер – абыздар тікелей араласқан. Мемлекеттің құдайлық негізі оның
беделін нығайтып, шешіміне міндеттілік берді. Мысалы ежелгі Вавилон патшасы
Хаммурапидің заңдарында патшаның билігін құдай жаратқан, патша билігі
құдайдан деп көрсетілген. Жалпы, биліктің құдайдан таралғаны жайындағы
пікірлер барлық діндерге тән.
Мемлекеттің пайда болу жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық
теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа
одағына , ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде
мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы
сияқты. Мемлекет басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына
қатынасын, отағасының отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді.
Патриархалдық теорияның негізін қалаушыларға Аристотельді, Конфуцийді және
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Р.Фильмерді жатқызуға болады.
ХІІ-ХVІІІ ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар
теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.
Руссо, Д.Дидро болды. Аталған теорияның жақтаушылары пікірінше, мемлекет
халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта,
бағыныштылықта тұру туралы келісім жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының,
жеке меншіктің және бір-біріне қарама-қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда
болды дейді. Маркстік теория негізін қалаған неміс ойшылдары К.Маркстің, Ф.
Энгельстің, жұмысшы табы диктатурасының идеологтары В.И. Лениннің, И.В.
Сталиннің есімдерімен байланысты.
Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды,
тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында
мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың
нәтижесінде мемлекет қалыптасады. Бұнымен қоса мемлекеттің сыртқы жаулап
алушылығының барысында, яғни күшті бір тайпалардың, ұйымның еіші бір
тайпалық одақты немесе ұйымды өзіне күштеп бағындырудың барысында мемлекет
пайда болды деген пікірде осы күштеу теориясының бір құрамдас бөлігі.
Аталған теорияның көрнекті өкілдері Е. Дюринг, К. Каутский, Л. Гумплович.
[5,9]
Алғашқы қоғамның ыдырауы, мемлекеттің
пайда болу себептері:
қосымша құнның пайда болуы;
қоғамның тапқа бөлінуі;
қанаушы тап өзінің үстемдігін жүргізу
үшін мемлекет құрады.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы
идеялар:
шарттық теория;
органикалық теория;
діни теория;
ішкі, сыртқы үстемдік теория;
материалистік теория.
Мемлекеттің алғашқы қоғамнан
өзгешеліктері:
халықты территорияға сәйкес
біріктіреді;
жеке қоғамды басқаратын
аппарат құрады;
мемлекеттік салық
қалыптасады.
Азия типтік мемлекеттердің
қалыптасуы, олардың
өзгешеліктері
Рим, Греция мемлекеттерінің
қалыптасуы, олардың
ерекшеліктері
Феодалдық мемлекеттердің құрылуы, оның себептері
1-кесте Мемлекеттің қалыптасуы [2,235]
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір-бірімен араласуға деген
қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа ұмтылған, өзара
жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда
болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық
теориясы. Оның көрнекті өкілдерінің бірі орыс заңтанушысы Л.И. Петражицкий
болды. [1,5]
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын
қызметтері. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло
Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына
республика, корольдік, қалалық қауым, патшалық, ел, басқару,
ат төбеліндей билік сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің,
нысандарының, атқаратын қызметінің мазмұны да сонда болады. Демек, осы
тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау
дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету
мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі
және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып
көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және
жалпыәлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық
негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді.
Өндірісті қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын
таптардың алатын орны мен атқаратын ролінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-
ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық
қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен
марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезеңде
пайда болады деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет
ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды.
Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға – құл иеленушілер мен
құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз бір
таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына
ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының
мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамйбірдей қорғау керек деген
пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі таңда мемлекет дегеніміз –
егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді
басқаруды іске асыратын, заңдандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқы
бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түрпішіні деп айтуға
болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің
жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси
партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін
өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының
болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік,
мемлекеттің егемендігі, құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық
жүйенің болуы жатады. (2-кесте)
Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған
аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы
аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып, іске асырылады. Тек елшілік
аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде
болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің
болуы. Биліктің бұқаралық болуы себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан
оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады.
Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету
аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер
бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен
мемлекеттік билікті іске асырады.
Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгілерінің
бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы. Мемлекеттік билік
өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық,
заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді
қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер халықтың барлық
топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске
асырылуға тиіс.
Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік
мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсізідігі.
Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден,
мемлекеттің
Мемлекет белгілері
Мемлекеттің егемендігі
Құқықтық жүйенің болуы
Билеуші органдардың болуы
Халықтың аулақ болуы
Басқару аппаратының болуы,
басқарудан басқа істермен
шұғылданбайтын адамдардың болуы
Арнаулы қаражат қорларын құру
үшін салықтар жинау
Мемлекет тәуелсіздігін
қамтамасыз ететін, қоғамдық
тәртіп сақтайтын органдардың
болуы
2-кесте. Мемлекет белгілері [2,236]
Функцияның түсінігі
Мемлекеттің қоғамның барлық
саласында атқаратын жұмысының
негізгі бағыттарын функция дейді.
Сыртқы
функциялар,
уақытша
функциялар
Ішкі функциялар
Уақытша
функциялар
Тұрақты
функциялар
экономикалық
әлеуметтік
қорғаныс
экономикалық
Қаржыны бақылау
саяси
Заңдылықты құқықты
тәртіпті бақылау
Халықты тәрбиелеу
Мәдени
Бейбітшілік, халықаралық
демократияны сақтау
Экологияны сақтау
ғылыми-техникалық
Халықаралық достастық
3-кесте. Мемлекеттің функциялары [2,237]
бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып
табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай
жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік
биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы,
құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің
саясатын, билігін белгілі бір нормативті актілерді қабылдау арқылы іске
асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар
сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы
тәртіп епн тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен
салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлемдер – мемлекеттік аппаратты,
қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға
жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір
бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып, оны мемлекеттік аппаратты ұстауға,
қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. [3,8]
1.2. Мемлекет нысандары және оның жіктелімі
Мемлекет нысандары – саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару
нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысандарын және саяси режимді қосып алады.
Егер мемлекеттің негізі санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге
байланысты екенін белгілесе, мемлекет нысаны санаты – қоғамда кім және
қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы
қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі
аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай
әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысанынан көп жағдайда қоғамдағы саяси өмірдің өзі,
мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Құқық нысанына – оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар,
сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тариха және діни ерекшеліктер,
қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.
Мемлекет нысандарының құрамдары (4-кесте):
- Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен
ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-
қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының
ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып
бөлінеді.
- Мемлекеттік құрылым нысанында – мемлекеттің аумақтық құрылысын,
мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары
көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық
(біртұтастық), федеративтік және конфедеративтік (достастық)
мемлекеттер жатады;
- Саяси (мемлекеттік) режим – мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары
мен әдістерінің жүйесін көрсеседі. Осы ерекшеліктеріне байланысты
демократиялық, антидемократиялық және саяси (мемлекеттік) режимдерге
бөлінеді.
Мемлекет нысанының түрлері
Мемлекеттің жоғары аппаратының
құрылысы, оларды құру
тәсілі,аппараттың бір-бірімен
байланысы
Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық және
ұлттық құрылысы, автономиялардың,
өлкелердің бір-бірімен байланысы,
орталық аппаратпен жергілікті
органдардың қарым-қатынасы
Жалпы мемлекетті басқару
тәсілдері, саясаттағы
демократияның деңгейі
4-кесте. Мемлекеттің нысаны [2,238]
Мемлекеттік басқарудың нысандары – мемлекет нысанының құрамы, ол
жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы
тәртіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынасын сипаттайды (5-кесте).
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не
президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға
бөледі.
Монархия (грек тілінен – жалғыз билеуші) – басқару нысаны, өкімет
түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады – монархтың
(корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с.).
Монархияның белгілеріне:
- Жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
- Басқаруының уақыты шектеусіз (абсолютті) болады;
- Сайлаушылырдың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік
мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана
монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы –
Сауб Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық )
монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші,
басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу
жүргізу үшін құрылған (Англия, Жапония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі
үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде
сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен аударғанда – мемлекеттік, қоғамдық іс) –
басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның
билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен
белгіленеді.
Республиканың белгілеріне :
- Өкіметтің сайлануы;
- Белгілі ғана уақытқа сайлау;
- Сайланушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында болады және кімге есеп
береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және
аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина,Венесуэла,
Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік
республикаларда (Германия, Италия, Индия, Израиль т.б.) – парламент, аралас
(Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) – Президент пен
Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады,
не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір
мезгілде мемлекеттің дәне үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі
Үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент –
Парламентті таратпайды. Деген мен Парламент қабылданатын заңдардың
көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және
бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы
мүмкін (әсіресе, ол Конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз
жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқы бар
(латын тілінен – тыйым салу).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына
жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-
Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің
Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа
тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс
болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада – үкімет заң шығарушы оргганмен құрылады
және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не
сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына
(министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты
министрдің өзіне жариялауға құқығы бар бар. Президент, мемлекеттік өкімет
органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте
өкілетті органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы
мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет
басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас ( жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың
сипатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында
және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент
халықпен тікелей сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі.
Ол Үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің Парламенттег
бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер
кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге
мүмкіндігі бар, оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да
болады.
Мемлекеттік құрылым нысандары – мемлекет нысанының құрамы, ішкі
құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық
органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөлігімен
келісімділігін қамтамасыз етеді (6-кесте).
Осы түсінігімізге байланысты орталық өкіметтің жергілікті жердегі
билікпен арақатынасы анықталады.
Мемлекеттік құрылым нысандары:
1) Унитарлық – қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық
бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас
жоғарғы органдары және біртұтас заңдар жүйесі бар, мысалға Польшаны,
Венгрины, Болгарияны, Италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық
мемлекеттерге – Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған унитарлық
мемлекеттерге – Испания, Франция жатады, ондағы үлкен аумақтар
кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген
құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.
2) Федералдық – күрделі одақтық мемлекет бөліктері мемлекеттік
құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа
да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федералдық
органдар мен қатар, федералдық заңдардың негізінде, субъектілерінің
де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда,
Канадада және Федерацияларының аумақтық принциппен құрылатын
мүмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей).
Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу
принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей
Мемлекеттік басқару нысаны
Көне Шығыс мемлекеттері:
Вавилон, Египет,
Үндістан
Көне Африка мемлекеті
Алғашқы феодалдық
мемлекеттер
Рим аристократиялық
республикасы
Спарта аристократиялық
республикасы
Шектеулі монархия
Шексіз монархия
Орта ғасырдағы Қала
республикалар
Конституциялық монархия
Парламенттік республика
(Австрия, Италия)
Парламенттік республика
(АҚШ, Қазақстан)
5-кесте. Мемлекеттік басқару нысаны [2,239]
субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің
кейбір құзыреті, тек федерация органдарының құзыретіне, басқасы – федерация
субъектілеріне, үшіншісі – одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзыретіне
жатады.
3) Конфедерация – саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету
мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның
одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері
туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.
Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны
пайда болды, оларды – тәуелсіз мемлекеттер достастығы деп атайды. Мысалға
қазіргі әрекеттегі ТМД мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның
конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.
Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мемлекеттер нысандары сияқты
тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған – империялар,
протектараттар және басқалары.
Мысалы, империя - дегенміздің түсінігіне мемлекеттік құрылымдар
жатады, оларды негізгі айырмашылығына – аумағы жағынан кеңдігі, бір
орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтарымен қарым-
қатынасы, тұрғындардың әр түрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы,
империялар (Рим, Британия, Ресей) әр түрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.
Протекторат – мықты мемлекеттің халі тнашарлау мемлекетке көрсеткен
формальді көмегі, әдеттегідей, ондай мемлекеттер тәуелсіздігін жоғалтады
және жерлері жаулап алынуы мүмкін.
Саяси режим – саяси өкілетті іске асыруға арналған құралдардың,
жолдардың және әдістердің жиынтығы. Берілген кейіптегі мемлекетің негізінде
болатын әр түрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекеттік
құрылым нысанына және мемлекеттік басқару нысанына тікелей ықпал жасайды.
Саяси режим – саяси режимнің динамикалық (қимылдағы), функционалдық сипаты.
саяси режим және саяси жүйе бір-бірімен тығыз байланыстағы
категориялар. Егер біріншісі, қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын
кешендегі институттарды көрсетсе, екіншісі, сол билік қалай іске асырылады,
ол институттар қалай әрекет жасайтынын (демократиялық не демократиялық
емес) көрсетеді(7-кесте).
Бір парламент, бір үкімет, бір
жоғарғы сот, бір конституция, бір
мемлекеттік бюджет, бір
мемлекеттік салық жүйесі, бір
жергілікті басқару аппараты.
Уақытша бірігу, сол сияқты кейін
таратуға тиіс немесе федеретивтік
мемлекет құруы да мүмкін.
Неше автономия болса, сонша
Конституциясы болады. Әр
автономияның Парламенті, Үкіметі
және Жоғарғы Соты бар.
Автономиялар бірігіп, одақтық
мемлекет құрады. Әр автономияның
азаматы одақтың да азаматы болып
есептеледі. Бір қарулы күштер,
бір бюджет, бір мемлекеттік салық
жүйесі.
6-кесте. Мемлекеттік құрылымдық нысаны. [2,240]
Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің
құрылымын алдын-ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты,
қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі прициптер талқыланады.
Саяси режим – әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды
сипаттайды.
Саяси режимнің белгілері:
- Саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және
сондай ұйымдасудың жолдары;
- Мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының
арақатынасы;
- Жеке адам бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және
мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен
ролі;
- заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынасы.
Авторитарлық режим – қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онда саяси
билік халықтың аз қатынасуымен (таппен, партиямен, бетке ұстар дамымен)
жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатына авторитаризм (соқыр
бағыныштылыққа негізделген) жатады, яғни билік епн басқарудың әдісі,
қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде көрінеді (мысалы, Испанияда Франко,
Чилиде Пиночета басқарған кезеңдерде болды).
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
1) орталықта және жергілікті жерлерде, билік біреудің не бірнеше тығыз
байланысты органдардың қолына жиналады, нақты билеушілер түрінде
көрініс табады бір мезгілде халық шын мәніндегі мемлекеттік биліктен
қол үзеді;
Демократиялық басқару
Тоталитарлық басқару
экономика саласындағы адамның
бостандығы;
адамның бостандығы мен
құқығының толық қамтамасыз
етілуі;
халықтың мемлекетті толық
бақылауы;
әр ұлттардың құқығын,
бостандығын және теңдігін
сақтау;
мемлекетті, қоғамды басқаруда
демократиялық принциптерді
бұзбау;
барлық бірлестіктерге,
одақтарға бостандық беру;
қатаң заңдылықты, тәртіпті
сақтау;
мемлекеттік аппарат жұмысны
құқықтық негізде жүргізу.
Мемлекеттің бірлестіктерді
толық бақылауға алуы;
Адамның бостандығына, құқығына
шектеу қоюы;
Қоғамдық өмірді
милитаризациялау;
Азшылық ұлттарды қанауға лауы;
Жеке адамдарды, бірлестіктерді
қуғынға лауы;
Бір адамға табынушылықты
табынуды орнату;
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті
жою;
Ұлтшылдықты, шовинистік,
расизмді дамытып күшейту.
7-кесте. Мемлекетті саяси басқару нысаны [2,241]
2) заң шығаруға, атқаруға және сот биліктеріне бөлу принципі
мойындалмайды (көп жағдайда президент, атқару-бөлу органдарын өзіне
бағындырып, басқа орагндарға заң шығары және сот ісімен шұғылдану
тапсырылады;
3) өкілетті органдардың билігі, билігі бар субъектімен тежеледі;
4) шын мәнінде сот қосымша орган ретінде болады. Сотқа қатысы жоқ
органдар пайдаланылады;
5) мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды сайлау, олардың халық
алдында есеп беруі, принциптерінің аясы кеміп, тіпті жоққа тән
болады;
6) мемлекетті басқаруда әкімшілік-бұйрық әдістері үстем болады;
7) жеке цензурасы сақталады, былайша айтқанда жартылай ашықтық
сақталады;
8) біртұтас идеологиясы болмайды;
9) қоғамдық орталардың барлық орталары тексерілмейді;
10) жекелеген көпжақтылық (плюрализм) бар, оппозицияға жол берілмейді,
барлық партиялар бастаушы партияның идеологиясына бағынуға міндетті,
оған қарсылары таратылып қуылады;
11) адамның және азаматттың құқығы, бостандығы жарияланған мен толық
түрде іске асырылмайды (әсіресе саяси ортада);
12) жеке адам билікпен қарым-қатынаста қауіпсіздік кепілдігінен
айырылған;
13) Күштеу құрылымы шын мәнінде, қоғамның бақылауында жоқ және тек
саяси мақсаттарда ғана қолданылады;
14) Көшбасшының ролі өте жоғары, бірақ тоталитарлықтан өзгеше.
Тоталитарлық режим. Тоталитарлық дегеніміз түгел, тұтасымен,
толық - деген мағынаны білдіреді.
Тоталитарлық режим – пайда болып дамыған елдердің бәрінде де оның
өзіне тән ерекшеліктері болған.
Тоталитарлық режим, қоғамдық өмірдің барлық саласына бірдей
мемлекеттің шексіз бақылау жасайтындығымен, адамның толық жағдайда саяси
билікке және үстем идеологияға бағынуымен сипатталады (таза фашистң\ік
кейіптегі мемлекет).
Тоталитарлық саяси режимнің белгілері:
1) мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына бірдейүстемдік
жүргізуге, бәрін қамтитын билікке тырысады;
2) қоғам іс жүзінде түгелімен саяси биліктен бөлінген, бірақ оны
мойындамайды, себебі саяси сезімділікте (таза фашистік кейіптегі
мемлекет) екендігі күмәнсіз;
3) экономиканың, ақпарат құралдарының, мәдениеттің, діннің және
адамдардың жеке өмірлеріне, тіпті, адамдардың қимылдарының
себептеріне дейін, мемлекеттің монополиялық бақылауында болады;
4) абсолютті құқықтық, дәлірек құқыққа қарсы, қоғамдық
қатынастарды реттеу, яғни рұқсат етіледі, тек сол нәрсе егер ол
заңмен көрсетіосе – деген қағидаға негізделген;
5) мемлекеттік билік бюрократиялық жолмен құрылады, қоғамнан жасырын
жолдармен ореол құпиялылықпен қоршалған, халықтың атынан
бақылауға жіберілмейді;
6) басқарудың әдісі ретінде күштеу, қинау, және лаңкестік
қолданылады;
7) бір партияның үстемдігі – шын мәнінде мемлекеттің кәсіби
аппаратын онымен қосып жіберу, оппозициялық жолдағыкүштерге тыйым
салу;
8) адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы декларативтік және
формалді нысанда, олардың іске асырудың кепілі жоқ;
9) экономиканың негізінде үлкен меншіктер: общиналық, монополиялық
және мемлекеттік меншіктер жатады;
10) арнайы бір ғана идеологиясының болуы, шын мәнінде көпжақтылықты
болдырмау;
11) мемлекеттік билік бір орталықтан диктатор мен оның
қоршауындағылардың қолында болады;
12) қоғам жағынан мемлекеттік органдардың репрессивтік әрекетіне
бақылаудың жоқтығы;

мемлекеттік билік тармақтары
Қазақстан Парламенті өкілді биліктің бір палаталы органы – Жоғарғы
Кеңестің орнына келді, ол алғашқыда - 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы
негізінде, содан кейін 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы және 1993 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құрылған еді. Өзі жұмыс
істеген кезде Жоғарғы Кеңес он үш рет сайланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады, бұл
Қазақстандағы парламентаризмді құру жолындағы маңызды қадам болды.
1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы
Кеңесті республиканың бірден-бір заң шығарушы және жоғары өкілді органы
ретінде таныды. Ол өте ауқымды өкілеттіктерге ие болды, мұның өзі
мемлекеттік билікті бөлу принципін жүзеге асыруды, тыю және қарама-қарсылық
жүйесін құруды қиындатты. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституцияда мемлекеттік
биліктің ішкі қарама-қайшы құқықтық базасы болды. Соған қарамастан Жоғарғы
Кеңес қабылдаған заңдар жаңа мемлекеттік құқықтық жүйенің негізгі
элементтерінің негізін қалады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде белгіледі.
Халық өзінің саяси еркін тікелей ғана емес, Парламент арқылы да білдіретін
болды.
Парламент республикалық бюджетті және үкімет пен республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің
атқарылуы туралы есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар
енгізеді. Парламент үкіметтің Бағдарламасын мақұлдауы немесе кері қайтаруы
және үкіметке сенімсіздік білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессия өткізу
тәртібімен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Палаталардың, Палаталар
Бюроларының, тұрақты комитеттердің және Палаталардың бірлескен
комиссияларының бірлескен және жеке отырыстарынан тұрады.
Кезекті сессиялар жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен
маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі. Парламент сессиясы Сенат пен
Мәжілістің бірлескен отырыстарында ашылады және жабылады. Парламент
сессиясын - Республика Президенті, ал ол жоқ болған кезде Мәжіліс Төрағасы
ашады. [14]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТI (ҚРП) —
Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы
өкiлдiктi орган. 1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған
ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.)
сайланды. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен
басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен
кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен
қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен
белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан:
жоғ. палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
Сенат әрбiр облыстан, респ. мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi
адамнан, тиiстi облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы
барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын
депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк
мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде
жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: Қазақстан Республикасы
Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және
Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын
қабылдау; Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын,
Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына
келісім беру; Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен
судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру; Мәжілістің
өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған
кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау
жөніндегі функцияларын орындау; Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға
толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика
аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге
Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат
депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.
Сенаттың тұрақты комитеттері:
- Заннама және құқықтық мәселелер комитеті
- Қаржы және бюджет комитеті
- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
- Экономикалық және өнірлік саясат комитеті
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті
- Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті
- Комитеттерге мүше емес
Мәжiлiс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкiмш.-аумақтық
бөлiнiсiн ескерiп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бiрдей болатын
бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. 10 депутат тең
дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы
бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланады.
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: Парламентке енгізілген
конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы
жобаларды қарау; Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен
Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім
беру; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; Конституциямен
Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мәжіліс
депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының
жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке
сенімсіздік білдіруге хақылы.
Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей тең және төте сайлау құқығы
негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25-
ке толған азаматы Мәжiлiс депутаты бола алады. Респ. және жергiлiктi
бiрлестiктер арқылы, сондай-ақ, өзiн өзi ұсыну жолымен азаматтар Мәжiлiс
депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.
Мәжіліс комитеттері:
- Аграрлық мәселелер комитеті
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті
- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті
- Қаржы және бюджет комитеті
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz