Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері



КІРІСПЕ
1 Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.
3 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп». Ежелгі Грецияның және Римнің мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. «Бостандық заңдармен рұқсат етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай әрекеттер жасаған болар еді» . Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы «көптеген адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы» ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды. Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем алынып тасталды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да айтылған: «Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметті мемлекет» (1б. 1-ші сөйлемі).

1 Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы , 1999ж 23шілде
3. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. “Мемлекет және құқық теориясы” Жеті Жарғы // А., 1998
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 01.07.1999ж. А., «Жеті жарғы» 2002ж.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексі 13.07.1999ж. А., «Юрист»
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. (Қазақстан Республикасының заңдарына №ының заңдарына №998ж.; № 283-1, 10 шілде 1998ж.; № 430-1, 16.07.1999ж.; № 454-1, 23.07.99ж. сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Алматы «Жеті жарғы» 2002ж.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. Баспа «Жеті жарғы» А., 2002ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.

3 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар
құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған.
Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның
қандай болмасын нысаны жоқ[1]. Цицеронның айтуынша мемлекет – халықтың
ісі, құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ежелгі Грецияның және
Римнің мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет
туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі
әсерін тигізді.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. Бостандық заңдармен рұқсат
етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған
әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай
әрекеттер жасаған болар еді[2]. Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша,
саяси бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына
маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да
көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты
зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы көптеген
адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы[3] ретіндегі мемлекеттегі
барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-
құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық
құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды.
Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде
келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы
революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем
алынып тасталды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да
айтылған: Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметті мемлекет[4] (1б. 1-ші сөйлемі).
1 Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті
практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң
әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда
болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды[5].
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі
дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің
теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту
және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты.
Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік
бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы,
антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен
дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция
режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың
бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын
бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен
нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі
және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л.
Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және
басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге,
алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне
тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен
гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі
аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында
топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының,
оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының
арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес
нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-
қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының
жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді
қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес
болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы
ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін)
мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында
құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше
құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш
көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын
адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы
идея қалыптасты.
Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық) антитезасы тұрғысында Гесиодтың
келешек темір ғасырды қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша:
Шындықты жұдырық алмастырады... Күш қайда болса, құқықта сонда болады
(Гесиод. Труды и дни, 174-193).
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі
Грецияның жеті данасының көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері
басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық
идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон,
Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай,
заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы
Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай
қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.

2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.

Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық
прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі
жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны,
ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы
рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың
бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың
және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске
асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде
құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық
қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің
негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік
формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік,
ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең
құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық
мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады,
жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің
меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап,
өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз
өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы – өзін-өзі реттейтін
азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды
біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен
адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы,
әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар
жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы
қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке
көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен
тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның
құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет –
бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік
негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның
бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің
режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді,
олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді, жеке адамға
жасалатын басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік
басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке
адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің
артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден
көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның
адамгершілік жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-
экономикалық, гуманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл
халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды.
Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын,
ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық
қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке
мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен
шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық
негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының мүдделері бұзылса ғана
пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті
басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді.
Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма
қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты
ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі,
адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық
мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық
жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың
бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне тәртіп жолын
белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті
қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң – жоғары заңдылық
күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң қоғам
өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге,
маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілейді, қоғамның адамгершілік
құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы
баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде
ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды,
бірақ заңды ешқашанда жетілдірмейді, түзетпейді, ауыстырмайды.
Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда
бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-
өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе,
субъективтік сипаттағы тыйым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян
келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқытық мемлекеттің негізгі – конституциясы. Онда мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның
жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес
келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-
қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің
бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз
етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде
көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын
қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды.
Мемлекеттік биліктің араласпауы міндеттілігі, адамдардың өз құқығын
сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол
соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты
бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі
бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылады: тұлғаға тыйым
салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі.
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі
жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық
бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның
субъективтік құқығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы – жеке адамның
құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке
адамның дербес құқығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен
қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті
алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың
арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет
жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі
өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы
адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып,
мемлекеттік органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол
міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі,
мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай
әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутатардың сайлаушылар
алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті
органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не
болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық
субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық
жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке
адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану,
құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу,
болған құқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен
жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама – қоғамдағы
құқықтың объективті құрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің
нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау – ең алдымен, мемлекеттің және
барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын,
құқықтық мемлекетте көре аламыз.
Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын,
бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік
билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
1. Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз
ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік,
мазмұнды жақтары);
2. Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру,
мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды – заң
жағы);
Бірінші принцип – Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-
тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика қызметінің түбегейлі
принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін
көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса
маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Құқықтық ғылымға, қазіргі кезде, табиғи түрінде мойындалатыны
азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік және жеке адамның
мәдениеті, ол Адам құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей Деклорациясында
және басқа да халықаралық актілерде бар.
Басқа негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану
арқылы жүргізіледі:
- биліктің заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс
пайдалануға жол бермеу;
- Федерализм көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу
арқылы толықтыру жүргізеді;
- Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы
жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге
не жойылуға жатпайды);
- Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар
жасайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Құқықтық мемлекеттің ұғымы
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері
Мемлекеттің түсінігі және мәні
Пәндер