Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары



КІРІСПЕ
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі
2 ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САПАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ ЖӘНЕ ШАРАЛАРЫ
2.1 Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері
2.2 Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру жобасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында мемлекет эконмикасының ұзақмерзімді даму стратегиялық бағыттарының бірі көлік деп аталған [1].
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жолаушылар теміржол көлігі Қазақстандағы теміржол тасымалдарының 60%-дан астам көлемін жүзеге асыратын аймақтық және аймақаралық қатынастардағы маңызды көлік түрі болып табылады. Қазіргі таңда көлік қызметтері саласындағы тасымалдау процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда өзгерістер туындап, нәтижесінде тасымалдау процесінің ресурс үнемдегіш және ақпараттық технологияларын қолдану, мемлекет ішінде сауда қатынастарын дамыту және көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестікті күшейту жүзеге асырылуда.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды да қажет ететін күрделі процесс. Сондықтан теміржол жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру үшін сапаны басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырып, әртүрлі ғылыми бағыттардағы көзқарастарды қолдана білу керек, яғни сапаны басқаруда оны ұйымның барлық салаларымен ұштастыра отырып, кәсіпорын мақсатына жетудің тиімді жолдарын жетілдіру – алға қойылған талаптардың бірі. Сонымен қатар, қазіргі таңда жолаушылар тасымалы қызметіндегі сапаны жақсарту жолындағы мәселелер теміржол саласының дамуына кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі, қазіргі заманға сай перспективалы ұлттық теміржол көлік инфрақұрылымын құру, транзиттік әлеуетті дамыту және оны тиімді пайдалану, көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу сияқты мақсаттарға жету үшін алдымен мемлекетішілік теміржол кешеніндегі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын басқарудағы мәселелерді шешу қажеттігі туындайды.
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапа мәселесін талқылай отырып, оны басқару процесін және жетілдіру шараларын қарастыру зерттеу жұмысының өзекті бағыты болып саналады.
1. «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасы. 1997 ж.
2. Разу М.Л., Воропаев В.И., Якутин Ю.В. и др. Управление проектами и программами: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 8. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 392 с.
3. A guide to the project management body of knowledge (PMBOK® Guide) 2000 Edition © 2000 Project Management Institute, Newton Square, USA.
4. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. Управление проектами: Учебное пособие / Под общ. ред. И.И.Мазура. 2-е изд. – М.: «Омега-Л», 2004.- 664 с.
5. Александрова Т.В., Голубев С.А., Колосова О.В. и др. Управление инновационными проектами: Учебное пособие в 2-х частях / Под общ. ред. проф. И.Л. Туккеля – Спб: СПбГТУ, 1999. – 100 с.
6. Walker Anthony. Project management in construction: 4th ed. Oxford: Blackwell Science, 2002. – 289 p.
7. Заренков В.А. Управление проектами: Учебное пособие. – М.: Изд-во АСВ; СПб.: СПбГАСУ, 2005. – 312 с.
8. Товб А.С., Ципес Г.Л. Управление проектами: стандарты, методы, опыт. 2-е изд. – М.: ЗАО «Олимп – Бизнес», 2005. – 240 с.
9. Кремнев Г.Р. «Управление производительностью и качеством». 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 5. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 376 с.
10. Шапиро В.Д. Управление проектами.- СПб.: ДваТри, 1996. - 610с.
11. Салимова Т.А. Управление качеством: Учебник по специальности «Менеджмент организации». 2-е изд. – М.: «Омега-Л», 2008. – 414с.
12. Дж. Родни Тернер. Руководство по проектно – ориентированному управлению: Пер. с англ. / Под общ. ред. В.И.Воропаева – М.: Издательский дом Гребенникова 2007.- 552 с.
13. Миронов М.Г. Управление качеством: Учебное пособие.- М.:ТК Велби Изд-во Проспект, 2006. – 288 с.
14. Нысанбаев С.Н., Урузбаева Н.А., Садыханова Г.А. Управление качеством: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 112 с.
15. Аванесов Е.К. Японская модель устойчивого роста – основа пересмотра стандарта ISO 9004// Методы менеджмента качества.- 2005.- №10.- С.9-12.
16. Альжанова Н.Ш. Методология проектирования и концепция международных стандартов серии ИСО 9000 // Вестник КазНУ.Серия экономическая. – 2006. - №5. – С. 84-89.
17. Окрепилов В.В. Управление качеством: 2-е изд. доп. и перераб. – М.:ОАО «Издательство Экономика», 1998. – 435 с.
18. Шеремет В.В., Павлюченко В.М., Шапиро В.Д. Управление инвестициями в 2-х томах. Т2. – М.: Высшая школа, 1998.- 512 с.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Жобаларды басқарудың теориялық - әдістемелік аспектілері

1.1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі

2 жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және
шаралары

1. Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері
2. Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру жобасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан – 2030 халыққа
жолдауында мемлекет эконмикасының ұзақмерзімді даму стратегиялық
бағыттарының бірі көлік деп аталған [1].
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жолаушылар теміржол көлігі Қазақстандағы
теміржол тасымалдарының 60%-дан астам көлемін жүзеге асыратын аймақтық және
аймақаралық қатынастардағы маңызды көлік түрі болып табылады. Қазіргі таңда
көлік қызметтері саласындағы тасымалдау процесін ұйымдастыру мен жүзеге
асыруда өзгерістер туындап, нәтижесінде тасымалдау процесінің ресурс
үнемдегіш және ақпараттық технологияларын қолдану, мемлекет ішінде сауда
қатынастарын дамыту және көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестікті күшейту
жүзеге асырылуда.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды
да қажет ететін күрделі процесс. Сондықтан теміржол жолаушылар тасымалы
қызметінің сапасын арттыру үшін сапаны басқарудың тиімді жүйесін
қалыптастырып, әртүрлі ғылыми бағыттардағы көзқарастарды қолдана білу
керек, яғни сапаны басқаруда оны ұйымның барлық салаларымен ұштастыра
отырып, кәсіпорын мақсатына жетудің тиімді жолдарын жетілдіру – алға
қойылған талаптардың бірі. Сонымен қатар, қазіргі таңда жолаушылар тасымалы
қызметіндегі сапаны жақсарту жолындағы мәселелер теміржол саласының дамуына
кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі,
қазіргі заманға сай перспективалы ұлттық теміржол көлік инфрақұрылымын
құру, транзиттік әлеуетті дамыту және оны тиімді пайдалану, көлік
процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу сияқты мақсаттарға жету
үшін алдымен мемлекетішілік теміржол кешеніндегі жолаушыларға қызмет
көрсету сапасын басқарудағы мәселелерді шешу қажеттігі туындайды.
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапа мәселесін талқылай отырып,
оны басқару процесін және жетілдіру шараларын қарастыру зерттеу жұмысының
өзекті бағыты болып саналады.

1 Жобаларды басқарудың теориялық - әдістемелік аспектілері

1.1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі
Кез келген ұйым және кәсіпорын белгілі бір мақсатқа бағытталған қызмет
түрлерін жүзеге асырады. Бұл қызмет түрлері өнімнің сериялық өндірісі және
қайталанып отыратын операциялардан немесе жеке жобалардан құралады.
Жоба түсінігі жаңа өнім немесе қызмет түрін шығаруға арналған өзара
байланысты іс-шаралар жиынтығы. Жоба жаңашылдық және қайталанбастық сипатқа
ие, сонымен қатар жобаның нақты басталу және аяқталу уақыты болады [2].
АҚШ-тың жобаларды басқару Институтының (PM BoK, PMI) стандарттарында
жобаны ерекше өнім өндіру немесе қызмет түрін ұсыну үшін қолданылатын
уақытша іс-әрекет деп түсіндірген [3].
И.И. Мазур, В.Д.Шапиро, Н.Г.Ольдерогге келесідей анықтама береді: жоба
– бұл мақсатқа бағытталған, алдын ала әзірленген және жоспарлы түрде
технологиялық процестердің, физикалық объектілердің құрылуы немесе
жаңғыртылуы және осы процесті жүзеге асыру шаралары мен басқару шешімдері
[4].
Жоба басқару объектісі ретінде келесідей негізгі ерекше белгілермен
сипатталады:
• нақты соңғы мақсаттың болуы;
• шектеулі ұзақтық белгілері;
• шектеулі бюджеттің болуы;
• қажетті ресурстардың шектеулілігі;
• жобаны жүзеге асырушы ұйым және жоба өнімінің нарығы үшін
жаңашылдық белгілері;
• құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілу белгісі, яғни
жобаны жүзеге асыру барысында уақытша арнайы ұйымдастырушылық
құрылымның болуы;
• көптеген өзара байланысты әрекеттердің орындалуын үйлестіру.
Жоба белгілерін негізге ала отырып, жоба түсінігінің жалпы
анықтамасын алуға болады.
Жоба – бұл өнім шығару, қызмет көрсету немесе басқа да пайдалы
нәтижеге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатын идея және әрекет. Сонымен
қатар, жоба уақыт бойынша шектелген нақты мақсатқа бағытталған жеке жүйенің
өзгеруі және бұл мақсатқа жету уақытқа, нәтижеге, тәуекелдікке, ұйымдық
құрылымға және ресурстар мен қаражаттарды жұмсау шектеріне қойылған
талаптарға сай жобаның аяқталуы болып саналады.
Жобалар масштабы, ұзақтығы, құрылымы, қатысушылар құрамы, күрделілік
дәрежесі, нәтиже әсері бойынша ерекшеленеді. Көптеген жобалар
әртүрлі негізде сыныпталуы мүмкін [5].

1 сурет. Жоба классификациясы

Жоба түрлерінің ерекшеліктерін бөліп, көрсетуге болады.
• Инвестициялық жобалар ерекшеліктері:
­ жобаның мақсаты, шығындары, аяқталу мерзімі және ұзақтылығы
анықталған және тіркелген;
­ жобаның нақты құны және жобаға қажетті ресурстар жұмыстардың
орындалу деңгейіне және жоба прогресіне тәуелді;
­ қажетті жабдықтар мен мамандар жобаның аяқталуымен және жоба
кезеңдерінің дайын болу мерзімімен және графигімен сәйкес
ұсынылу керек.
• Ғылыми – зерттеушілік және инновациялық жобалар – жаңа өнім
шығару немесе қызмет түрін ұсыну және ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізу бойынша келесі ерекшеліктермен сипатталады:
­ жобаның негізгі мақсаты анықталған, бірақ жеке
нәтижелерге қол жеткізу шаралары бойынша өзге
мақсаттарды нақтылау қажет;
­ жобаның аяқталу мерзімі және ұзақтылығы алдын ала
анықталған және жобаның осы жоспар бойынша жүзеге
асырылуын қадағалау маңызды болып саналады, сонымен
қатар, аралық нәтижелерге байланысты жоспарға
түзетулер енгізілуі керек;
­ негізгі шектеулер қажетті жабдықтар мен мамандарды
пайдалану мүмкіндіктерінің шектеулігіне байланысты.
Осы жағдайда жобаның шығындарын және оның дайын болу
мерзімін қажетті қуаттылық анықтайды.
• Ұйымдастырушылық жобаларға ұйымды қайта құру, басқару
концепциясын жүзеге асыру, жаңа ұйым құру немесе жоба ретінде
форумдар өткізу жобалары жатады және олардың негізгі
ерекшеліктері:
­ жоба мақсаты алдын ала анықталған, бірақ
жүйені ұйымдық жақсартумен байланысты
болғандықтан бұл жоба нәтижесін сандық
және сапалық тұрғыда анықтау қиын болып
саналады;
­ жобаның жүзеге асырылу уақыты және
ұзақтығы алдын ала бекітіледі;
­ жоба шығындары тағайындалады және жоба
прогресі жағдайында түзетулер
енгізіледі, сонымен қатар үнемді
жұмсалуы бақыланады.
• Экономикалық жобаларға кәсіпорынды жекешелендіру, аудиторлық
жүйе құру, салық төлеудің жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б.
жатады және келесідей ерекшеліктері бар:
­ жүйенің қызмет етуінің
экономикалық көрсеткіштерін
жақсарту жобаның негізгі
мақсаты болып табылады,
сондықтан нәтижені бағалау
қиын болады; жобаның негізгі
мақсаты алдын ала
анықталады, түзетулер
енгізуге болады.
­ жоба уақыты да бекітіледі;
­ жоба шығындары да есептеледі
және үнемділікке бақылана
отырып, қажетті көлемде
жеткізіліп отырады.
• Әлеуметтік жобаларға әлеуметтік қамтамасыз етудің жүйесін қайта
құру, денсаулық сақтау, жағдайы нашар тұрғындарды әлеуметтік
қорғау сияқты жоба түрлері жатады және белгісіздік сипаты көп
кездеседі және келесідей спецификасы бар.
­ жоба мақсаты ескеріледі және аралық нәтижелерге қол жеткізу
бойынша түзетулер енгізіледі, сандық және сапалық бағалау
күрделі болады;
­ жоба уақыты мен ұзақтылығы ықтимал факторларға тәуелді немесе
олар алдын ала ескеріледі де, соңында нақтылануға жіберіледі;
­ жобаға жұмсалатын шығындар бюджет ассигнованиясына тәуелді;
­ қажеттілік туындаған жағдайда ресурстар бөлінеді [4].
Жобаны жүзеге асыру дегеніміз жоба мақсатына жетуге бағытталған
әрекеттер мен шаралар жиынтығы. Нәтиже – бұл жобада көрсетілген талаптарға
сәйкес шығарылған өнім немесе ұсынылған қызмет түрі.
Жобаларды басқару түсінігіне әртүрлі анықтамалар берілген.
Энтони Уокер жобаларды басқару түсінігін жоба пайдалылығын, сапасын,
жүзеге асыру мерзімі мен шығындарын есепке ала отырып, жобаны жоспарлау,
координациялау және бақылау, ресурстар арасында өзара байланыс орнату, жоба
қатысушыларын және олардың жалпы нәтижеге қосқан персоналды үлесін бақылау
және үйлестіру, сонымен қатар, тапсырыс берушінің қажеттілігін жоғары
дәрежеде қанағаттандыру үшін баламаларды бағалау және таңдау ретінде
түсіндіреді [6].
В.Д. Шапиро, И.И. Мазур Жобаларды басқару – бұл жобадағы жұмыс құрамы
және көлемі, құны, мерзімі, сапасы және жоба қатысушыларын қанағаттандыру
үшін нақты нәтижелерге жету бойынша басқарудың заманауи техникасын және
технологиясын, әдістерін қолдану арқылы жоба мақсатына тиімді қол жеткізуге
бағытталған жобаны жүзеге асыру кезінде еңбек, қаржы және материалды-
техникалық ресурстарды жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және басқару
әдістемесі деген анықтама берген [4].
Жобаларды басқару – бұл жоба мақсатына жетуге бағытталған әрекеттер мен
шаралар жиынтығын басқару және жоба қатысушыларының ойын жүзеге асыру
мақсатында жобалық қызметте білім мен біліктіліктің, әдістердің, құралдар
мен технологиялардың қолданылу процесі [7].
Жұмыс бағдарламасына жалпы өзгеріс енізбей жиі модификация жүргізу үшін
жобаларды басқару жүйесі икемді болу керек.

2 сурет. Жобаның жүйелік жоспары

Жүйелік жоспарда жоба қаржылық жағдай мен техникалық талаптарды қажет
ететін және атқарылған жұмыс соңында белгілі нәтижеге қол жеткізетін объект
ретінде сипатталады. Жұмыстардың орындалуы материалдар (М), жабдықтар (Е),
адам ресурстары (Н) сияқты қажетті ресурстардың болуымен қамтамасыз
етіледі. Жұмыстың тиімділігіне М, Е, Н ресурстарын бөлуді, жұмыстың
атқарылу реттілігін үйлестіруді және әсер ететін ішкі (V) және сыртқы (W)
факторларды бақылауды қамтамасыз ететін жобаны жүзеге асыру процесін
басқару (U) арқылы қол жеткізуге болады[5].
Жобаларды тиімді басқару үшін ұйымдастырушылық, бағдарламалық және
техникалық нақты жағдайлар құрылуы қажет және бұл жиынтық ұйымның жобаларды
басқару жүйесін сипаттайды. Жобаларды басқару жүйесі негізгі үш блоктан
тұрады: басқару субъектісі, басқару объектісі және басқару процестері.
Жобаларды басқару жүйесіндегі басқару субъектісі ретінде басқару
шешімдерін шығаруда және қабылдауда өзара жұмыс атқаратын жобаның белсенді
қатысушылары қарастырылады:
• тапсырыс берушінің өкілі болып саналатын барлық қажетті ұйымдар және
бөлімшелер кіретін жобаның тапсырыс берушісінің басқару аппараты,
мысалы, инвестор, функционалды тапсырыс беруші, басты тапсырыс
беруші.
• орындаушы рөлін атқаратын барлық қажетті ұйымдар және бөлімшелер
кіретін жобаның орындаушыларының басқару аппараты, мысалы: басты
мердігер, басты жүйелі интегратор, мердігер, субмердігер, жеткізуші.

• жоба командасы – жобаны орындауға тапсырыс берушімен және
орындаушылармен ажыратылатын басқару және техникалық персонал
кіретін жобаларды жүзеге асыру мерзіміне құрылатын арнайы
ұйымдастырушылық құрылымдар.
Жобаларды басқару жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісі жоба болып
табылады. Басқару объектісі ретінде келесілер қарастырылады:
• жоба портфелі – бір жауапкершілікті орталыққа тәуелді жобалардың
жиынтығы;
• бағдарлама – бірдей мақсатпен және оларға қол жеткізу жағдайларымен
біріккен, әртүрлі іс – шаралар және өзара байланысты жобалар тобы.
Бір бағдарлама шеңберіндегі жобаларды басқару үйлестіруді қажет
етеді;
• жоба – тапсырылған уақыт аралығында және бекітілген бюджетпен
нәтиженің сапасына қойылған талаптармен жоба мақсатына қол жеткізуге
бағытталған өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы.
Қызметі барысында жоба туындайтын ұйымды басқару объектісі ретінде
сипаттауға болады [8].
Жоба миссиясы — бұл жобаның іске асырылуының негізгі себебін нақты
көрсететін басты мақсаты және жобаның статусын нақтылайды, келесі
деңгейдегі мақсаттарды анықтауға бағытты, сонымен қатар, әртүрлі
ұйымдастырушылық деңгейдегі стратегияларды қамтамасыз етеді.
Жоба стратегиясы – жоба нәтижесінің белгіленген мақсатына және
миссиясына қол жеткізу мақсатымен әрекеттердің бағыттарын анықтаудағы
орталық түйін[4].
Кез келген жоба оны жүзеге асыруға қажет жұмыс күрделілігіне және
көлеміне қарамастан дамуы барысында белгілі жағдайлардан өтеді.

2 жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және
шаралары

2.1 Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының тұрақты даму траекториясына шығуы
мемлекеттің құрылымдық қайта құрылуына, моралдық және физикалық ескірген
өндірістік қорлардың түбегейлі жаңаруына сай келу керек инвестициялық
саясатқа тәуелді болады
Магистральды теміржол желісінің негізгі құралдарының тозу деңгейіне
жетуі, оның алдында инвестицияға деген қажеттілікті туғызды. Магистральды
теміржол желісінің инвестициялық саясатының негізгі мақсаты технологиялық
деңгейін және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар осы
өндіріс негізінде тұрақты экономикалық өсу сатысына өту болып табылады.
Бірақ қалыптасқан таза табыс көлемі негізгі құралдардың жыл сайын өсіп
отырған тозу қарқынын уақытылы қысқартуға және теміржол желісін дамыту
бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Теміржол көлігінің болашақтағы дамуы инвестициялық белсенділіктің
өсуімен анықталады және инвестиция көлемінің өсуімен бірге олардың
тиімділігін жоғарлату маңызды болып саналады. Тасымалға сұраныстың болжамды
өсімі жағдайында негізгі құралдардың тозуының жоғары деңгейі олардың
ағымдағы қамтамасыз етілуі мен жөндеу жұмыстарына шығындарды талап етеді,
сәйкесінше қажетті инвестициялар көлемін анықтады. 2003 жылдан бастап
теміржол саласында инвестицияға қажеттілік өсіп, 3 ішінде 126790,9 млн.
теңгені құрады және ресурстарды жинақтау технологиясын енгізу екі есе
өсті және 2005 жылы 341,8 млн. теңге болды.
Теміржол саласындағы инвестицияларды басқару жүйесі келесідей салалық
ерекшеліктерімен сипатталады:
1. мақсатты міндеттерге сәйкес инвестициялық ресурстар толық емес
дәрежеде бөлінеді және бірінше кезекте техникалық шараларды орындау
және активтерді құру үшін бағытталады;
2. магистральды теміржол желісінің инвестициялық бағдарламасына
құрылымдық бөлімшелерінің бағдарламаларымен топтастырылған көптеген
шаралар кіреді, бірақ тәжірибе жүзінде әрбір нақты жобаның әсерін
жекелеу және оны ортақ экономикалық тиімділікке қосу мүмкін емес;
3. магистральды теміржол желісінің инвестициялық қызметін басқару:
ресми сұрақ салу, жауап алу сияқты күнделікті атқарылатын
жұмыстардың түрлерінен; үздіксіз циклды операциялардан және қағаз
жүзінде құжатталатын процестерден, экономика және қаржы бөлімі
қызметкерлерімен дайындалатын басшылыққа арналған мерзімді
ақпараттық мәліметтер жатады [29].

Қазақстан темір жолы ҰК АҚ-дағы жобаларды басқару моделі
Сонымен қатар, теміржол саласындағы инвестициялық жобаларды басқаруда
инвестиция салымдарын тартудың қағидаларына сүйенуге болады. Бұл қағидалар
тізімі кестеде көрсетілген [28].

1 кесте

ҚР-ның теміржол кешенін дамытуға ивестицияларды тарту қағидалары*

Қағидалары Сипаттамасы
Жоба нәтижесінің экономикалық және - ұлттық қызығушылықты
экологиялық қауіпсіздігі қанағат-тандыру мақсатымен өнімнің
экономикалық және экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Экономикалық мақсатқа сәйкестілігі - шетел инвесторларының
қатыс-уымен компания үшін қарыздар
мен несиелер алу, яғни жобаны
инвестицияландыру.
Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі - жүзеге асырылатын жобаның
әлеуметтік – экономикалық жағынан
пайдалы болуы.
Экономикалық саясатпен өзара - елдегі жүргізіліп жатқан
байланыстылығы құрылымдық және инвестициялық
саяатпен сәйкес ерекше жобаларға
инвестиция салу.
Коммерциялық тәуекелінің төмен болуы - шетелдік немесе мемлекеттік
инвестиция салымы барысында
коммерциялық тәуекелдерді талдап,
жобаны таңдау.

Жолаушылар тасымалы АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы есептеріне
жүргізілген зерттеу теміржол жолаушылар көлігіндегі инвестиция көлемінің
жеткіліксіз екенін көрсетті және ұзақ уақыт аралығында негізгі құралдардың
физикалық және моралды тозуы орын алған.
Кәсіпорынның негізгі қорларының топтары: вагондар, вокзалдар, сәйкес
құрал-жабдықтары бар эксплуатациялық және жөндеу деполарының, тазалау
комбинаттарының қызмет ету мерзімі бойынша тозу деңгейлері жоғары.
Жолаушылар вагондарының орташа қызмет ету мерзімі нормативті мерзімнің 70%-
ына жеткен, ал эксплуатациялық және жөндеу деполарының құрал-жабдықтары 55%-
ға жетсе, тазалау комбинаттарының құрал-жабдықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері
Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару
Көліктегі сервистік қызметті жетілдіру
Көлік инфрақұрылымы
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі
Автобус маршруттары
Пәндер