Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 . Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме туралы ұғым

және оның тарихы . . .

1. 1 Бейнелеу өнері және таным жүйесі . . . 1. 2. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы . . .

1. 3 Көрініс (пейзаж) жанрының ерекшеліктері . . .

2. Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту. «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі. Шығармашылық

жұмыс . . .

2. 1 Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан суретшілерінің кескіндеме жанры . . .

2. 2 Менің шығармашылық жұмысым «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі . . .

3. Кескіндеме өнерін, бейнелеу өнері сабақтарында

және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану . . .

3. 1 Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану . . .

3. 2 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер . . .

Қосымшалар

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі: Бұрынғы дәуірлердің қай - қайсына да шоқтығы биігірек көрінетін, көркемдік бейнелеу тұжырымдамасын анағұрлым байытқан сондай бір қызғылықты бағыт ХYІ-ХYII ғасырларда Голланд пейзажынан басталады. Сараптық, жасанды көріністерге толы шартты туындылар аясынан тұңғыш рет табиғат өз алдына бейнелеу, сұлулықты зерттеу нысанасы ретінде жеке дара бөлініп шықты. Жаратылыс құбылысының жанды келбетін, қаз-қалпын, бар бояу-бедерімен мейлінше көрнекі мүсіндеуді мұрат тұтқан, кәдімгі біз білетін шын мағынасындағы пейзаж жанры қалыптасты.

Дүниені сұлулық жанрымен сезіну, көркемдік тұрғыдан тану жалпы өмір құбылысына табиғи қатынас түрлерінің бар өзгерісі қоғамдық даму үрдісімен қаншалықты дәрежеде сабақтастығын кейінгі өнер тәжірбиелерінен де аңғаруға болады.

Тельжанов шығармасында адам табиғаттың өзекті арқауы, оның мән мағынасын ашатын тиянақты - тірегі ретінде білдіріп, ұлттық бояу рухы да айқын аңғарылған.

Көрініс тектес бейнесі ата қонысымен бауырласып, біте қайнасқан байсалды бір парасаттылық бабын жеткізеді. Жер мен адам жарасымы бірегейлік табиғат құшағында адам салтанатын даралап, әсемдеп жырлауға мол мүмкіндік туғызған. Дала төсінде терең ойға шомған еңселі қазақ сол суретке жан бітіріп, жаратылыс келбетіне айрықша ажар дарытқан.

Көркем бейне тіршілік тынысының қыруар құбылысын түсіндіре алады өйткені, ол сезіну үндестігі, көрнекілік негізі арқылы табиғаттың өзімен табысып кеткен. Байырғы құбылыс өңін ашу тереңдігін өнер иесінің ойшылдық парасаты аңғарылады.

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған. Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, «өмір сүру» заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеде өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.

Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.

Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.

Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.

1. Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы

1. 1 Бейнелеу өнері және таным жүйесі

Ғылыми тұрғыдан тану дегеніміз - жер-жаһан шындығын, күш қуатын парасат - білімін пайдалану, ұғыну, адам игілігіне айналдыру үшін оның бар құбылысын ой санаңмен көре білу. Ғылыми таным үлгісінің тарихи жолы бастан кешкен, сезінген тәжірибелік білімдер негізінде қалыптасқан. Деректердің молдығы, оларды қорытып, топшалау арқылы жинақталған қыруар білімнің бірте - бірте жүйелену ең алдымен дүние кеңістігінде бағыт-бағдар табуға мүмкіндік берді. Осы мүмкіндіктен барып «жер бетіндегі» табиғат құбылыстарын ғана емес, алыс аспан шырақтарының да қозғалысын зерттеп, бақылау ісі басталған . Ғылым мен көркемөнердегі шексіз әлем сырын тану дәстүрлерінің айырмашылығын, ғалым мен суреткер қатынасының дүние тұтастығы, бірегейлігі туралы үғым -түсінігін кезең-кезеңге бөліп, жан-жақты қадағалау мейлінше қызықты. Таным жүйесінде бейнелеу мүмкіндігі барған сайын еркінірек ашылып, тіршілік болмысын нұсқалы, қаз-қалпында жеткізетін, онымен парапарлық қасиетке ие бола бастайды. Көркемдік кейіптің алуан сырлы, сарқылмас сұлулық байлығы мен ғылыми ойдың логикалық дара мәнділік, мейлінше дәлме-дәлдік сипаты негізінен танылатын табиғат пен танитын адам ерекшелігіне тікелей қатысты. Егер суреткер жеке бір құбылыстар туралы үғым-танымын қосалқы өзге тіршілік деректерімен толықтырып, соның негізінде мүлде жаңа жиындық бейне сомдап шықса, ал ғалым бірден қыруар қүбылысты егжей-тегжейлі саралап, түгел қамтып, солардың өзінен «өндіріп» алған әр түрлі дәлел түсініктер арқылы біртұтас ғылыми үғым қалыптастырады.

Танитын адамның танылатын дүние болмысына қатынасы бір-бірінен алшақ кете алмайды, сырт көзге әр-текті көрінер денелер әрекетін іштей бауырластырып жіберетін диалектикалық толассыз тіршілік бұл. Таным өрісінің кемелдену дәрежесіне қарай бейнелі ойдың бірте-бірте құбылыс сырына тереңдеп бойлап, шын жаратылыс мәнісіне барған сайын жақындата түсер рухани қыруар үлгісі, жалпы адамзаттық көркемдік түйіндеу тәжірибесі мен ғылыми жаңалықтар, салтанатты көп шындықтың куәсі етіп отыр.

Жұмыр жерге табанын тіреген әр адам көзімен көріп көкірегімен сезетін жер - жаһан иелігін шексіз - шетсіз ұлан - ғайыр дүние мұхиты көмкерген.

Ою-өрнек, бояуы түрлі-түсті, тұңғиығы терең, дамып, құбылып, бірте -бірте өзгеріп, тынысын кеңейте беретін ұлы жаратылыс ұғымына адам баласы әлем, ғарыш, ғалам дейтіндей балама тапқан. Ғылым мен көркем өнердің даму белестері, адамзат ұрпағының міне дәл осы ғалам құпиясын ашу жолындағы ғасырлар бойғы бай тәжірибесі, сайып келгенде дүниенің бірлігі заңдылығына сүйенген біртұтас әлем тану тарихын құрайды.

«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», - дейді Абай жетінші сөзінде.

Ақынның жалынды жүрегі, өмір шындығын мейлінше саралап түсінуге талпынған құдіретті көңіл заман қайшылығы жайлы тебіреніп отырып, әлем құпиясына ой жіберген.

Бүгінгі әдеби өнер туындысының көпшілігіне енді әлем айдынының жалаң суреті, сыртқы сұлулық беделі ғана емес, ғылыми ізденіс жаңалықтары да тікелей тән. Табиғат әлемін, оның қат-қабат қасиеттерін, ерекшеліктерін эстетикалық түрғыдан танып - білудің жаңа белесі Томас Манн мұрасында дәстүрлі, қалыптасқан, байырғы пейзаждық үлгілердің өзін құлпыртып жіберген.

Көркемдік таным үлгісінде әлемдегі тек көрнекті жер бедеріне, дүние келбетіне тарихи қатынас, көзқарас құбылысы арқылы ғана емес сонымен бірге көзге көрінбейтін адам өмірімен, тұрмысымен белгілі бір дәрежеде сабақтасып әр қилы жаңалықтар арқылы да өрісін дамытып отырған.

Көркемдік таным табиғаттың, өзіндік мүмкіндігін жетілдіре отырып, адам баласы жаңа ғасыр, ғалам сырын жете тану, игеру жолында құлшына қызмет етуде ұлан ғайыр макроғарыш, жаратылыс тұңғиығына әсіресе көркем фантастикаға терең деп бойлап еніп барады .

Суретші фантастист бірін-бірі толықтыратын ғылым мен көркемөнердің тоғысқан тобында тұр. Дүние болмысының құпия қазынасына ғажайып кейіпкер, амал-тәсілдерімен барлау жасап, көз жіберіп, олар адамзат ұрпағының болашаққа бет бұрған салтанатты сапарын ғалымға дейін ұлғаюы өнер мазмұнын байытып, табиғат тану сезімін ұштай түскен. Ғарыш мұхитын жан - жақты қайталанбас ғажайып сұлулығымен, көркемдік тұрғыдан игеру өрісінде жаңа жанрдың туып, қалыптасуының алғашқы белгілері де көріне бастады. Жай көз онша дағдылана қоймаған бояу, рең құбылыстары бай, жаңа аспан денелері бедерін, күн мен түннің алмасуын аңғартар қат - қабат тосын ырғақтары, кең байтақ әлем тұңғиығының жанарыңды жасытар түр -түсін біршама ажырата алатын болдық .

Тұңғыш ғарышкер - суретші Леоновтың шығармалары шынайы, шыншылдық мәнерде салынған, адам баласының зеңгір көк құбылыстары жайлы тікелей сезім - түйнісін жеткізуге тырысады. Өз сөзінде ғылыми үғым бәрін бірдей жан жақты қамтитын қаншама құдыретке ие бола берсін, бәрібір, адамзат ұрпағының рухани дүниесін, қайталанбас қанық ғарыш бояуын қаз - қалпында бере алатын тек көркем өнер деген. Ғалам мұхитының ғажайып бояулар реңін, жердің үш түрлі белдеуін, баска элемдердегі күн мен түн алмасынуының жан білмейтін өзгешіліктерін, жалпы, бұрын қиял мен асқақ арман үлесіндегі құпия жұмбақ сырларды ол тұңғыш рет жұртшылық иелігіне айналдырды. «Ғарыш таңы» да, «Түнгі жер» де біздің бүгінгі замандастарымыздың жан жылуын, сезім түсінігін, қуаныш -құлшынысын, адамгершілік мейірімін жырлаған. Үш түрлі бояудың құлпыра жайнап құбылған сәукеле сәні арқылы әлем кеңістігінің сұлулық сипаттық бояуы соны ырғақтатқан.

Ақын - жазушылар, суретшілер, ғалымдар дүние болмысының

біртұтас сұлулық, ғылыми келбетін айқындау жолында бірін - бірі

толықтырып, байытып бірегей ғибратты үлгілер дарытатын сәттер аз

емес. Мұндай кезде детте көркемдік ой логикалық, теориялық толғамдары -мен сабақтасып ақиқат өмір шындығы, жаратылыс құбылысы көбіне бейнелі көрініске, суретке айналып кетеді.

Дүние тану үрдісінің қарышты қадамы, шексіздігі - заттар мен құбылыстар шексіздігіне тікелей байланысты. Көркемдік таным нысанасы айқындала түскен сайын пейзаждық өнер шеңбері де ұлғайып, тақырыптың ауқымы кеңейе бермек.

Жаратылыс шындығын нақтылы тарихи кешен тұрғысында барлап оның сан - салалы белестерін жан - жақты қамту өнер құбылысына тән белгілер.

Бұл тарапта кеңес суретшілері өзге елдер табиғатын мүсіндеу арқылы жол суреттерін жасаумен бірге жұлдыздар әлемін игеру тақырыбын да рухани тірек тұтқан.

Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Көркем өнер көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден ғалам кеңістігінде нақты тарихи дерегімен беріле зерттеп, мүмкін қадірінше оларды өмір шындығына бір табан жақын, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда. Күн айналысындағы кеңістік көлемі туралы кейінгі ұғым, әлем тану жіктілігі, ғарыштық жаңа өлшемдер, таным нысанасының бүкіл шертетін аңыз болжам әңгімелер геология ғылымы жаңалықтарымен өзектесіп, өріліп мазмұн - мағынасы тереңдей түскен. Ғылыми, көркемдік дүние таным тәсілдерін табиғи табыстыратын ғылыми көпшілік жанр қалың бұқараға қозғалтқы әртүрлі әдеби түрде, құнарлы, бояулы тілмен ғылыми жаңалықтар ұлылығын жеткізіп, іздену өрісін ашатын бейнелеу, суреттеу сыршылдығымен де бағалы.

Бояу ашықтығы, бейнелеу ізденістеріндегі тапқырлық, жазу мәдинеті, өмір өрісін, адамзат ұрпағының арман -мұратын кеңейтер көкейкесті мәселелерге барлау сөз жоқ, фантастардың жан -жақты сөз ететін шеберлікті сипаттайтын біріне айланып отыр.

Бірақ соған қарамастан, қалай дегенмен, «Әлем және адам» тақырыбы көркемөнерге әлі де мейлінше баяу игеріліп келе жатқанын біз тіпті де жасыра алмас едік. Көз көріп құлақ естімеген табиғаттың таңғажайып кеңістігін тану жолында қазіргі адам баласы жеткен ұлан-ғайыр рухани дүние өсу, жеке бір салаларда ғана болмаса, көркемдік ой жүйесі әлі тұтас қамти алған жоқ. "Ғылыми фантастика . . . Бірақ ол осы қазіргі қалпында біздің рухани сусынымызды қандыра алар ма екен ?" - дейтін Ш. Айтматов сөзінің жаны бар.

Көркемдік таным қашанда өз заманының ғылыми табыстармен сабақтас дамыған. Суретшілер ежелден жаратылыс сырына жан-жақты бойлау үшін ғылыми әдістерді кең пайдаланып, көркем өнер әсіресе дүние құбылысының мән-мағынасын сезіну жолында математикалық зерттеу үлгілерімен керемет байыған. Кешендік құрылым, өрістілік қағидаларының ашылуына байланысты дүние заңдылықтарын зерттейтін математикалық әдіс қылқалам шеберлерін ерекше қызықтырған. Көрінетін нәрселер, нысаналар құрылысын орналасу тәртібін бейнелеуде ауа, жарық сәуле қатынасын айқындауда ғылыми жетістіктер мен заңдылықтар тікелей басшылыққа алынып, бейнелеу өнері ақыл-ой, парасат, білім ұғымымен пара-пар саналған кездер де болған.

Табиғат құбылыстарын бағалап, сыр-сипатын саралап жете сезіну жолында жаратылыс зерттеушілер тәрізді пейзажистке де өсімдіктер дүниесін талмай зерттеп, ботаника негіздерін игеру керек еді. Адам баласының жарық, ауа қозғалысы, бояу, түр-түс құбылысы түрғысынан тану, түйсіну мүмкіндігін кеңейту үшін бейнеленетін нәрсенің ішкі құрылымын белгілеп, кеңістік өріс заңдылығын айқындау үшін геометрия, математика ғылымдарын да зерттеп үйрену қажет болған.

Шын суреткер маңдайына, міне, осының бәрін жазған, оған мол мұра, зор жауапкершілік бұйырған. Адамзат ақыл - ой дарытқан ғылым -білім, парасат мұратын өз бойына жан - жақты сіңірген көркем - өнер үлгілері ғана ұрпақтан - ұрпаққа қастерлі қазына болып қала береді. Шын мәніндегі өнер туындыларының қай - қайсынан да біз осындай жаратылыс тынысына жан біткендей, суреткер көңіл күйімен, шеберлік, сезімімен біте қайнасып, бір тұтас рухани игілікке айналған бай білім, өлмес бейнелер қуанышын табамыз.

Замандастары «орыс өнертану ғылымының қадірлі қолбасшысы» ретінде бағалаған, жан тәнімен беріліп голланд бейнелеу өнерінің тамаша үлгілерін жинаған Ресей ғалымы, саяхатшы П. П. Семенов - Тянь-Шанскийдің «Нидерланды бейнелеу өнері тарихы жайлы нұсқалар» авторы ретінде танылуы да тегін емес. Осы нұсқалардың бүтіндей екінші бөлімі, бірінші бөлімінің жеке тараулары көркем өнердегі табиғат тақырыбына арналған.

Біртұтас дүние келбетін айқындауға ғылыммен. көркемөнердің өзара бауырластығы тақырыбы ғылымдарды, өнер шеберлерін көптен бері ойландырып келеді. 1880 жылы Д. И. Менделеев «А. И. Куинджи суреті алдында» деген мақала жазған.

Менделеевтің пікірінше, жаратылыс тану ғылымы мен жер бедерін бейнелеу өнерінің үзеңгілес тууы мейілінше сүйсінерлік құбылыс. Адам өзін қоршаған дүние болмысына еркінірек ой жүргізіп, ұшы қиырсыз кең әлемге көкірек - көзін тікті. Тұңғыш рет өзі «табиғат» деп аталатын біртұтас алып құдіреттің жұрағаты екенін сезінді.

Табиғат көркі бұлардың қай - қайсысынан да негізгі нысана, негізгі кейіпкер, бүкіл суретті көмкеріп тұрады. Ал, таураттық желілерге көріністің азын аулақ аумағы ғана арналған. Бір шығарманың өзінде суретші табиғат кескінінің ұлан - ғайыр қиыр - қырқасын түгел тізіп, көзіне түскен құбылыстың бәрін де қамтып қалуға тырысады. Жалпы таным жүйесіндегі осы өзгерістердің өзі - ақ жаратылыс жайлы жинақталған бүкіл ұғым - білімді мейілінше көрікті бейнелеуге бірте -бірте жол аша берді. Ғылым жетістіктерін талмай, тынымсыз қадағалап, рухани сүйеніш тұту - пейзаждық өнер туындыларына ортақ қасиеттердің бірі.

Көркем өнерді ғылымиландыру ұранын біздің заманымызда абстракционизм мамандарын ту қылып отыр. Джон Бор «Жаңа пейзаж» дейтін мақаласында қазіргі Америка суретшілері ұстанған қағиданы қолдайды.

Бұл - бізге мейілінше кереғар көзқарас. Өнер үшін ғылымды, білімді жіктеп ұғындыру бірден - бір дара мақсат емес. Көркемдік ойлау жүйесін бұлай қарабайырландыруға ғылым мен жаратылысты түсіндіретін нобайлы ұғым тәсілімен алмастыруға әсте болмайды.

Абстракционистер жаратылыс мағынасын тек ғылым аясында -логикалық ой желісімен ашуға тырысуда «Абстракционизм табиғаты XX ғасырдағы америка көркемөнеріндегі бейнелеу және мүсін өнерінің табиғатқа қатынасы» дейтін кітабында жарияланған өзге бір мақаласында Бор абстракционист - абстракциялау дегеніміз - ең мәнді белгілерді тап басу «логикалық қаруға айналып бара жатыр, абстракциялау дегеніміз ең мәнді белгілерді тап басу - оны өрістету, еселеп күшейту" деп жазады.

Бордың сөзімен айтқанда, ғылыми қисынды талдаудан абстракционизмнің айырмашылығы - табиғатты жіктеп, жіліктеп алу, қалағанынша еркін қайта құрастыру, жинақтау болып табылады. Ал, жаратылыс мәнін бұлай бет алды, қалай болса солай тану мүмкін емес. Суретші табиғат әлемін қисындылық тұрғысынан жүйелеуге тіпті де міндетті емес, нобайлап ойлау жемісін айшықтап бейнелеп, ғылыми түсінікті көркем көрініске көшіру ешқашан оның дара мақсаты болмаған.

Ғалам көрінісінің ғажайып жұмбақ сырларын, заңдылығын, сезім байлығын, сұлулығын жан - жақты игеру жолында ғылыммен көркем өнердің жаңа белестерге көтеріле беретіні даусыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Музыка сабағы - өнер сабағы
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz