Отбасылық зорлық-зомбылықтың балалар тәрбиесіне әсері және алдын алу шаралары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту.

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық куәгері болған

балалардың жағдайы.

Конституцияның 27 бабына сәйкес ата - ана, бала, отбасы мемлекеттің қорғауында. Мыңдаған жылдар бойы отбасының атқарып келе жатқан басты функциясы - бұл баланың туылуы мен тәрбиеленуі. Отбасында ата - ананың құқығы, міндеттерімен тығыз байланыста.

Адамдар арасындағы қарым - қатынасты зерттеу барысында, зорлық -зомбылық әлеуметтік құбылыс түрінде әрқашан да барлық қоғамдық - экономикалық формацияда болған.

Осыған орай зорлық - зомбылықты кең және тар мағынада қарастыруға болады.

Кең мағынадағы зорлық - зомбылық - бұл басқаларға зиян келтірумен түсіндіріледі.

Тар мағынадағы зорлық - зомбылық материалдық зиян келтіруімен түсіндіріледі.

Отбасындағы зорлық - зомбылық қазіргі таңда отбасындағы негативтік, яғни теріс іс - әрекеттер саналады. Себебі: отбасындағы зорлық - зомбылық тек өмір салтын ғана емес, барлық қоғамдық қауіпсіздікті бұзады.

Отбасындағы зорлық - зомбылық кез келген жанұя мүшелеріне қатысты жасалады. Соған қоса балаларға да қарсы бағытталуы мүмкін.

Отбасындағы кең тараған зорлық - зомбылық отбасының тәрбиелік деңгейінің түсуіне әкеп соғады.

Қорыта айта кететін болсақ, отбасындағы зорлық - зомбылықты тудыратын себептер: әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, жұмыссыздықтың өршуі, маскүнемдік, нашақорлық, білім деңгейі, отбасындағы міндеттерді басқару, т. б болып табылады.

Біздің көзқарас бойынша салауатты өмір салты мен қоғамға қайшы жат қылықтарға, отбасылық міндеттердің жауапкершілігіне қоғам басқаша қарайтын болса, отбасындағы зорлық - зомбылықтың туындауы күрт төмендеуі мүмкін еді.

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Жарық дүниеге жар сала келіп, уызынан нәр алған сәбидің рухани бұлағы-отбасы. Баланың отбасынан алатын тәлім-тәрбиесі ерекше.

Жас ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыру, тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болмақ. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда білім сапасының төмендеуі, жастар арасында қылмыс пен басқа да жаман әдеттер белең ала бастады. Соның салдарынан ықылым заманнан үлкендердің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті қыздарымыз ата-анасын беттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қаңғыртып жіберуге дейін барғандары да бар.

Қазақтың тарихында балалар үйі деген атымен болмаған. Әке-шешесі жоқ қараусыз қалған балаларды туған туыстары асырап алып, өсіріп жеткізген. «Жетім, жетім демеңіз, жетімнің ақысын жемеңіз, »-деп, халқымыз жетімнің жетімдігін есіне сала бермей, қайта қамқорлық жасап, баласындай тәрбиелеген. Ал қазан төңкерісінен кейін балалар үйі пайда болып, дәл бүгінгі күні балалар үйінде тірі жетім атанған қара көздер көбейіп кетті.

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасып, дамуы үшін тәрбие ошақтарымен қатар отбасы мен ата-ананың атқаратын рөлі ерекше. Алайда, жас бала отбасы жоқ жетім болса ше?Мұндай жағдайда ешбір сиқырлы күш оның ата-анасының орнын толтыруы мүмкін емес. Бірақ мемлекетіміз бен қоғам тарапынан олар қамқорлыққа алынып, балалар үйінде балаларды физиологияллық және психикалық жағынан жетілдіру, жалпы жай-күйлерін жақсы жолға қою көзделген. Оларға қандай жақсы жағдайлар жасағанымен, бойына ана сүтімен даритын ізгілік қасиеттерді, ана мейірімімен берілетін жылылықты бере алмайтынымыз анық.

Баланың толық жетіліп, дамуына ата-ананың тәрбиесі өте қажет. Қазақтың «Ұяда не көресең, ұшқанда соны ілесің»-деген мақалы құрдан-құр айтылмаған. Отбасындағы золлық-зомбылықтың куәгері болған бала, көп жағдайда дәл сол жағдайды өз отбасында қайталайды. Әкесінің, анасына көрсеткен зорлық-зомбылықты қарым-қатынасын көріп өскен ер баланың психологиясы осы жағдайға бейімделіп, қалыптасып кетеді. Мұндай зорлықты көріп өскен ер балада, қыз балада қорқақ, қысылшақ, өз ойын жеткізе білмейтін болып келеді. Осындай отбасы ішінен шыққан балалар көп жағдайда ішімдікке салынып, нашақорлыққа берілгіш келеді. Кей балалар қылмыс жолына да түсіп кетеді. Сондай жағдайлардың бірін, мысал ретінде келтіріп айтып өткім келеді. 14 жасар А-дан сұрау ала келе, «Не себептен канғыбастыққа салындың» деген сұракка былай деп жауап берді:А-ның ата-анасы, А есін білгеннен көрсеткені айқай-шу. Әкесі ішімдікке жакын адам екен. Әуеліде анасы тек ренжумен құтылса, кейін айқаймен қойдырамын деп тырысқан. Қолынан түк шықпаған анасы ерегісіп, өзіде ішуді бастаған. А-ның тәрбиесі мен күн көрісі тек өзінің қолында қалған. Ерте жетілген бала, күндегі жанжалдан шаршап, кетуге бел буган. Осы шешімнің аяғы, қаңғыбастыққа ұласқан. Осындай жағдайға ұшыраған балалар елімізде біреу емес, ал олардың тағдыры не болмақ?

Осы мәселелерді шешу үшін сәуірдің 5-нен бастап республика көлемінде «Отбасы және мектеп» жедел алдын алу шарасы өтті. Аталған операцияға тәртіп сақшыларынан басқа «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім беру, денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметкерлері мен педагогтар жұмылдырылды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, есірткі заттарын және алкоголь өнімдерін пайдаланатын, себепсіз оқудан жалтарған жасөспірімдерді, сонымен қатар, оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге анықтау. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін және алкогольдік ішімдіктер сату фактілерін, көңіл көтеру оындарында түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау тәртіп сақшыларының ерекше бақылауына алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік аспектілері: салыстырмалы талдау
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық: себептері, зардаптары және алдын алу шаралары
Виртуалдық ойындардағы зорлық-зомбылықтың жеткіншектердің мінез-құлқы мен агрессиясына әсері
Карантин жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі: себептері мен шешу жолдары
Отбасымен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: әлеуметтену, балалар құқықтары және отбасылық зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық психологиясы: тұрмыстық және мектептегі түрлері, құқықтық негіздері мен алдын алу шаралары
Саяси зорлық-зомбылықтың теориясы, түрлері, себептері және шешу тәсілдері
Ақтөбе қаласындағы пайдакүнемдік-зорлық-зомбылық қылмыстарының криминологиялық-құқықтық талдауы және алдын алу шаралары
Компьютерлік ойындардың балалар психологиясына әсері: тәуелділіктің белгілері, салдары және алдын алу шаралары
Балалар мен жасөспірімдердегі маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық әсері мен алдын-алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz