Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы
1. 1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының эволюциясы
1. 2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы
2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспектикалары
2. 1 ХХ ғасырдың екінші жартысында лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының өсу динамикасы
2. 2 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының жағрафиясы
3 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының операцияларын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыстың тақырыбы болып, «Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы» таңдалды. Жоғары технологиялар мен төңкерістік зерттеулер дәуірінде халықаралық экономикалық қатынастардың бұл саласы өзекті болып табылады. Қызметтің бұл түрі бұрын мемлекетіміздің немқұрайлы көзқарасында болғандықтан, Қазақстанда лицензиялар мен ноу-хаудың шетел елдермен саудасының тиімді құрылған жүйесі жоқ. Соған қарамастан, Қазақстанның лицензиялардың халықаралық экспорты мен импорты бойынша дамыған елдер деңгейіне көтерілу мүмкіндігі бар, өйткені бүгінгі күні мемлекет экономикасының өркенді дамуы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі кезде лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасына әлемнің барлық дерлік елдері қатысады. Қатысу белсенділігінің деңгейі, ең алдымен, экономика дамуы мен ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері арқылы анықталады. Сондықтан, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік саудасының 90%-ы өнеркәсіпиік дамыған Батыс елдеріне келеді. Бүгінгі күні өндірістің ғылыми сыйымды салаларында, өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті барлық белгілі өндірушілер шетелдің жетістіктерін пайдаланады немесе өз жаңалықтарын нарықта лицензиялар ретінде ұсынады. Сондықтан, отандық техника мен ғылым саласының дағдарысы жағдайында елімізде лицензиялық қызметті белсендіру үшін тұрақты база және қуатты негіз құрылуы тиіс.
Осының бәрі есепке алынып, курстық жұмыстың келесі мақсаты анықталды: лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасын қоғамдағы экономикалық қатынастардың саласы ретінде қарастыру.
Аталған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер пайда болды:
- бұл сауда саласының пайда болу тарихы мен эволюциясын зерттеу;
- соңғы онжылдық ішінде лицензия мен ноу-хаудың даму динамикасын бағалау;
- берілген саланың қазіргі жағдайын зерттеп, мүмкіншіліктерін анықтау.
1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы
- Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының эволюциясы
Табиғат заңдылықтарын тану, технологиялар жасау, техникалық білім, тжірибе мен еңбек дағдыларын жинау үрдісінің тамыры адамның саналы қызметінің терең тарихында жатыр. Оның дамуының барлық кезеңдерінде адамның ойлап табу, жасап шығару қызметі техникалық прогресс пен қоғамның өндіргіш күштері дамуының міндетті шарты болып табылады. Бірақ түрлі экономикалық формациялар үшін ғылыми жаңалықтарды, тәжірибені, адам білімін пайдаланудың өзіндік шарттары мен әдістері болады.
Капиталистік кезеңге дейінгі уақытта технологияларды жасау мен тарату үрдісі баяу жүрді. Әрине, бұл кезеңде де дәстүрлі құралдарды ауыстырып, еңбек тәсілдерін жаңартуы үшін өндірушілерді қосымша өнім беру арқылы ынталандырды. Бірақ, қоғамның еңбек бөлінісінің әлсіз дамуы, ойлап шығару деңгейінің төмендігі және пайдаланудың шектеулілігі есебінен жаңалықтар ел экономикасында маңызды орын ала алмады.
Өндірістің капиталистік тәсіліне өткеннен кейін ғылыми-техникалық жетістіктердің қоғам дамуында ролі түпкілікті өзгеріп, нарықтарда шиеленіскен бәсекелестік күресте олар шешуші роль атқара бастады. Құндылықтар теориясы бойынша, өзінің жеке құны нарықтағыдан төмен тауарлар қосымша құн немесе қосымша пайда құра алады, ал жеке құны нарықтағыдан жоғары тауарлар оларда болатын қосымша құн ала алмайды. Нарықты экономикаға көшкен елдердің кәсіпорындарында ойлап шығару қызметінің негізгі ынтасы болып, қосымша пайданы алу табылды. Олар үшін жаңалықтар, жетістіктер, техникалық білім мен тәжірибелер, ең алдымен, қосымша пайданың тасушысына айналды және бұл жергілікті және халықаралық нарықтарда тауар өндірушілердің ерекше орнын айқындады.
Өндірістік дағдарысқа дейінгі кезеңде кәсіпкерлер үшін жасап шығарғандарын өз кәсіпорындарда пайдаланып, нарықта оның көмегімен шығарылған өнімдерді сату тиімдірек болып табылды. Бірақ, XVIII-XIX ғасырлар шекарасында жаңа жетістіктер иелері қалыптасқан қаржылық, өндірістік және нарықтық жағдайларға байланысты өз жаңалықтарын кәсіпкерлерге лицензия келісімдері негізінде сатуды қалады.
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының бұл кезеңі эволюциялық болып саналады, өйткені бұл уақыт аралығында ол жеке лицензиялық келісімдерден валюталық ағымының көлемі жылына 400млн. долларға дейін жететін сауда шарттарына жетті.
Қазіргі патенттік жүйенің құрылуынсыз лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының тұрақтылуы мүмкін болмау еді. Жаңалықтар немесе жетістіктердің ерекше қасиеті - қосымша пайда әкелуі, бірақ бұған лицензия сатушы немесе сатып алушылары сол меншікке монопольді құқыққа ие болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, жаңалық иесінің өз интеллектуалды меншігін нарыққа тауар ретінде шығарудың бір міндетті шарты бар: бұл меншікке монополистік күшін қорғауын қамтамасыз ететін кепілдіктердің жеткілікті болуы. Мұндай қорғаудың құқықтық құралы - жаңалықтарды патенттеу, оның дамуы ХІХ ғасырда патенттік жүйенің құрылуына әкеліп соқты.
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының қуатты түрткі күші - ХХ ғасырдың екінші жартысында болған ғылыми-техникалық төңкеріс. Ғылыми-техникалық төңкеріс және лицензия мен ноу-хаудың халықаралық қозғалысының арасындағы байланыс мына факт арқылы дәлелденеді: лицензия мен ноу-хаудың сауда дамуының жедел қарқыны мен жоғары көлемдері ірі ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері және терең ғылыми сыйымды өндірістері бар мемлекеттерге (АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония т. б. ) тән.
Соғыстан кейінгі кезеңде патенттер мен лицензиялардың саудасы үшін материалдық базаның құрылуымен қатар, әлемдік экономикада сатушылар үшін да, сатып алушылар үшін да оларды пайдаланудың тиімді жағдайлары қалыптасты. Лицензия сатушылар қызметін тудырған себептер: шетелдік нарықтарда өз позицияларын нығайту және қосымша пацда алуға ұмтылу; ал лицензия сатып алушылары үшін басқа елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін алу және ол арқылы өндірісте уақыт пен құралдарды үнемдеу.
Лицензия мен ноу-хау саудасының жедел дамуына келесі үрдістер маңызды әсер етті: ғылым, техника мен өндіріс саласында мамандану және кооперативтендіру; әлемдік экономикада интеграциялық үрдістердің тереңдеуі мен құрылымдық қайта құрулар; трансұлттық корпорациялардың фирманың ішкі каналдары бойынша технологиялық айырбастың дамуы.
1990 жылға қарай лицензия мен ноу-хау саудасынан түсетін халықаралық валюта ағымының көлемі 50-ші жылдармен салыстырғанда 60 есе өсіп, жылына 30млрд. долл. сомасын құрады.
1. 2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы
ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан лицензиялардың әлемдік нарығы масштабы бойынша да, қазіргі қоғамның шаруашылық байланысындағы өзінің ролі бойынша да дәстүрлі тауар нарықтарына ұқсас. Өз спецификасына қарамастан, лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы тауар нарығына тән барлық критерияларға жауап береді.
Нарықтың негізгі шарты - оның тауарларының біркелкілігі болып табылады. Бұл технологияларға тән емес, өйткені олар өз қасиеттеріне, мінездемелер айырмашылықтарына, іске асыру принциптері мен қолдану салаларына байланысты әртүрлі және өте ерекше болып келеді. Алайда, өзінің сыртқы айырмашылықтарына қарамастан, ғылыми жетістіктер тауарлары тұтынушылық құнының ортақ қасиеттерін иемдейді: жаңашылдық, ойлап шығару деңгейі, өнеркәсіпте қолданыла алуы. Бұл қасиеттер оларға техникалық еңбек үрдісін өзгертуге, гылыми-техникалық прогресстің тасушысы болуғажәне иелерін қосымша пайдамен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық нарығы тауарлы нарығының басқа қасиеттеріне иемдей алады: салалық пен жағрафиялық құрылым, ұлттық нарықтарды, ацналым сферасында сатушылар мен саиып алушылар қарым-қатынастарды анықтайтын өзіндік ережелер мен дәстүрлер. Сондай-ақ, лицензиялар мен ноу-хау нарығында өзіндік жарнама жасау ұйымдары мен формалары, баға есептеу әдістері, құқықтық нормалары мен лицензиялардың базистік түрлері бар. Ал даму қарқынына тоқталатын болсақ, қазіргі кезде патенттелген технологиялардың саудасы дәстүрлі тауарлар саудасының даму қарқынынан, орта есеппен алғанда, 3-4 есе артық болады.
Лицензиялар нарығының тауарлы массасы - бұл жаңа технологиялардың жеке иесінде ірі және шағын фирмалармен, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар бойынша таратылған өнепкәсіптік меншік объектілерінің саны. Есептеуіш техника негізінде жасалған қазіргі халықаралық ақпараттық жүйелер әлемдегі бар ғылыми-техникалық жетістіктердің ұсынысы мен оларға түсетін сұранысы туралы кең көлемді ақпаратты бір орталықта өңдеуге мүмкіншілік береді. Лицензия мен ноу-хаудың қызмет көрсету саласында делдал ұйымдардың, агенттік фирмалар мен брокерлердің көп қырлы жүйесі пайда болды. Лицензиялық сауда бойынша статистикалық мәліметтер жеке мемлекеттер шекарасында және әлемдік масштабта лицензия мен ноу-хау нарығының сыйымдылығын бағалауға және дамуының заңдылықтар мен тенденцияларын анықтауға мүмкіншілік береді.
Лицензиялық айырбастың заңдылықтары мен қозғаушы күштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, халықаралық лицензиялар нарығында нарықтық механизм қалыптасып, жүзеге асырылады, ал оның негізгі элементтері - сұраныс, ұсыныс және баға болып табылады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы сұраныс - бұл жеке лицензиялар мен ноу-хауға сұраныстың сомаланған мөлшері. Ол бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерге және лицензиялар сатып алушылардың оның пайдалануынан тапқысы келетін пайданың қажеттілік деңгейі арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы ұсыныс - бұл нарыққа келіп түсетін ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтардың жиынтығы. Ол өндірістің белгілі бір саласында техникалық прогресстің динамикасын сипаттайды.
Белгілі бір технологияға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы лицензиялар мен ноу-хауға орналасатын баға деңгейіне елеулі әсер етеді. Баға, оның жасауына жіберілген шығындары арқылы емес, ұқсас технологиялар ұсынатын бәсекелестердің көлемдері арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығының құрылымына жеке мемлекеттердің ұлттық нарықтары кіреді, мұнда жаңалық иелері мен қызығушылығы бар кәсіпкерлері арасында ішкі лицензиялық операциялар жүзеге асырылады. Ұлттық нарықтар лицензиялардың халықаралық нарығымен үнемі байланыста болып, өтетін үрдістердің сипаттамасын көрсетіп отырады.
Дәстүрлі тауарлы нарық анықтамасына сәйкес, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығы - бұл өндіріс саласында құралдар мен еңбек үрдістерін өзгертудің ортақ қасиеттері және айналым саласында қозғалысының ортақ лицензиялық формасы бар ғылыми-техникалық жетістіктердің сатушылары мен сатып алушылары арасында халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.
2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы мен
даму перспективалары
2. 1 ХХ ғасырдың екінші жартысында лицензия мен ноу-хаудың
халықаралық саудасының өсу динамикасы
1950-60 жылдарында лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық нарығының мәселесі құқықтық және экономикалық әдебиеттерде жазылған пікір-таластар шеңберінен шыққан жоқ. Лицензиялар саудасының кіші көлемдері, жалпы орталықтың болмауы, лицензияларға сұраныс пен ұсыныстың төмендігі нарықтың құрылуына кедергі жасады.
Бірте-бірте ғылыми-техникалық төңкеріс әлемдік экономикада болған интеграциялық үрдістер мен құрылымдық жылжулар әсерінен лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық айырбасы дамуының ұзақ кезеңі төңкерістік кезеңге ауысты.
Осы процесстер арқылы лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы жаңа бағыт алды: онда болып жатқан үрдістер мен оның мүмкіншіліктерін әлемнің барлық елдеріндегі экономикалық дамуында пайдалануды талдау өзекті мәселеге айнала бастады. Түрлі елдердің лицензиялық қызметтері туралы деректерді халықаралық және ұлттық басылымдарда жариялау мен информатиканың жетістіктерін пайдалану көмегімен әлемдік және ұлттық нарығының көлемдерін, олардың географиялық және салалық құрылымын бағалау, жағдайын, динамикасын, дамуын, сұраныс пен ұсыныс мөлшерін талдау, маркетингілік және коньюнктуралық зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін заңдық актілер мен мемлекеттік лицензиялық саясатты жасаудан лицензиялар нарығында жеке коммерциялық операцияларды жүргізуге дейін кең диапозонында пайдалану мүмкіншілігі пайда болды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс пен өндірістік күштердің дамуыхалықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне әкеліп жатыр. Мұндай жағдайда, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар ғылыми-техникалық және технологиялық айырбастың жедел кеңеюімен сипатталады.
Технологиялық айырбас көмегімен белгілі бір саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың технологиялық деңгейінің мәселелерін, экономиканың жедел технологиялық қайта қарулану, экспорт мүмкіншіліктерін кеңейтіп, импортты қысқарту, түрлі өнімдердің өндірісінде мамандану мен шоғырлану негізінде елдер арасындағы технико-экономикалық байланыстарды дамыту міндеттерін шешуге болады.
Технологиялық айырбас саласына адам қызметінің барлық қызметтері кіреді: табиғат заңдылықтарын теоретикалық тану (ғылым), оны қайта құрудың тәжірибесі (техника), материалдық құралдар мен игіліктер жасау (өндіріс), өндірістік және басқа міндеттерді шешуде рационалды іс-әрекеттердің тәсілдерін кеңейту (басқару) .
Егер сауда-экономикалық қатынастарынан жағрафиялық және климаттық жағдайлармен байланысты шикізаттық пен тұтынушылық тауарларының айырбасын бөліп алатын болсақ, онда бүгінгі әлемнің сыртқы экономикалық қатынастары түрлі технологиялардың қалыпты емес дамуына негізделетін халықаралық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады.
Кең тұтынушылық тауарларын бөліп алғанда, халықаралық экономикалық айырбастың қалған бөлігі - бұл «таза түрінде» (білім, тәжірибе, ғылыми-техникалық ақпарат) немесе «шикізаттық түрінде» (материалдар, машина мен құрал-жабдықтар) технологиялар айырбасы. Мұндай сыртқы экономикалық байланыстарды соңғы нәтижесі - өндірістің техникалық пен технологиялық деңгейін жоғарлатып, пайда табу.
Әлемдік нарықта технологияны іске асыру формалары әртүрлі. ЮНКТАД шегінде жасалған «Технологиялар беру саласында тәртібінің халықаралық кодексінде» келесі келісім-шарттардың тізімі жасалынды:
- өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлерін беру, сату немесе лицензия бойынша ұсыну (тауарлы белгілер мен фирмалық берлгілерді санамағанда) . Лицензиялық келісім - бұл бір жақ (лицензиар) екінші бір жаққа (лицензиат) лицензияның объектісін пайдалануға рұқсат беретін сыртқы саудалық келісім. Лицензиялық келісімдердің пайда болуына ерекше пайдалану құқығы ретінде патенттік келісімдер әсер етті. Қазіргі лиыензиялық келісімдер тек лицензиаттың жаңалықтар мен жетістіктерді пайдалану құқығын ғана емес, сондай-ақ, лицензия объектісінің практикалық игеруге қажетті білімдер, техникалық тәжірибе мен құпияларын да беруді қарастырады;
- ноу-хау мен техникалық тәжірибе ұсыну. Ноу-хау - бұл түрлі өндірістік құпияларының, конфеденциалды білімдердің, техникалық, экономикалық, административтік, қаржылық мінезді мәліметтердің жалпы термині. Ноу-хау оларды алған тұлға немесе фирмаға ерекше артықшылықтар береді. Ноу-хау келісімдерінің лицензиялар келісімдерінен айырмашылығы - бұл технология иесі өз меншігін сатудан бас тартпай, бірақ белгілі бір себептерге байланысты оны патенттеуден бас тартты. Құқықтық қорғаудың болмауы ноу-хау келісімінің спецификасын вйқындады; мұнда берілетін ақпараттың құпиялылығы сақталуының пункті көрсетілген және оның бұзылуы жағдайында шығындар қайтарылады;
- сатып алу, аренда, лизинг т. б. жолдармен алынған машина мен құрал-жабдықтар, жартылай өнімдер мен материалды жөндеу және пайдалануға қажетті технологиялық білімдерді ұсыну;
- машиналар, құрал-жабдықтар, жартылай өнімдер материалдарды техникалық жүзеге асыру бойынша өндірістік және техникалыө көмек көрсету.
Жоғарыдағы келісім-шарттармен қатар қосымша қызметтерді де атап өтуге болады:
- инжинирингтік қызметтер көрсету. Бұған технико-экономикалық негіздер мен жобалар дайындау, құрылыстық, инвесторлық және техникалық бақылау, ұзақ және қысқа мерзімді консультациялар ұсыну, жаңа технологияларды жобалау, маманданған жұмыстар өткізілгенде техникалық көмек беру, құрал-жабдықтар мен машиналарға тексерістер мен тәжірибелер жасау, ерекше технологиялар пайдалану арқылы шикізатты өңдеу;
- екі жақтың да ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері маңызды деңгейде қосылып, ұзақ уақыт ішінде технологиялардың оперативті және тұрақты айырбасы жүзеге асырылатын кезде ғылыми-техникалық пен өндірістік кооперациялар шегінде технологияларды беру;
- инвестициялық келісімдерде технологиялар беру. Бұл үрдіс кезінде тек машиналар, құрал-жабдықтар т. б. материалданған технологиялардың коммерциялық реализация ғана емес, сондай-ақ, мамандарды оқытып, консультация беру жұмыс сызбаларын ұсыну және де технологиялық айырбастың басқа да түрлері арқылы технологияларды «таза түрінде» беру жүзеге асырылады.
Бұл формалардан басқа технологиялық айрбастың технологиялық емес формалары да бар: әркелкі ғылыми-техникалық ақпарат беру, ғылыми коныеренциялар, симпозиумдер өткізу, жәрмеңке мен көрмелерге қатысу т. б.
Мұндай келісімдер коммерциялық негізде технологияларды беру және алу міндетін атқару үшінжүзеге асырылып, сатушы - белгілі бір салада білім мен өндіріс құқығын, ал сатып алушы - сәйкес өндірістік потенциал немесе капитал иемдейтін ерекше бір келісім-шарттар болып табылады. Олардың барлығын ортақ «технологиялардың айырбасы» ұғымына келтіріп, марапаттау төлемдерінің түрлері бойынша ажыратуға болады.
1 қосымшада халықаралық валюталвқ фонд деректерінің негізінде жасалған есептері көрсетілген. Олар 1972-2000 жылдарында лицензиялардың халықаралық айырбасының динамикасын және масштабын бағалауға мүмкіншілік береді.
Лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығында технологияларды сатудың негізгі көлемі өндірістік дамыған елдерге жатады. 2000 жылы лицензиялар экспорты 25163млн. долл. құрап, 17 жетекшіелдердің үлесі (АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Франция, ГФР, Жапония, Нидерланды, Бельгия, Люксембург, Швеция, Испания, Норвегия, Португалия, Финляндия, Австрия, Австралия) - 98, 4%7
Дамушы елдер (Мексика, Аргентина, Колумбия, Марокко, Бразилия, Оңтүстік Корея т. б. ) тек 1970 жылдардың ортасында ғана технологиялар саудасының тәжірибесін бастады. Сату объектілерінің басты үлесін технологиялардың сублицензиялары мен ноу-хау жасады да, сатып алушылары - көрші дамушы елдер болып табылды. 2000 жылға қарай дамушы елдерінің лицензиялар экспортында үлесі 14% құрады.
Лицензиялардың әлемдік нарығында лицензияларды импорттайтын елдер көп. Статистикалық талдау көрсеткендей, 2000 жылы лицензиялар үшін төлемдердің 91%-і дамыған 17 елге келеді, ал дамушы елдердің үлесі 9% қана құрады. Жалпы дамушы елдердің лицензияларды импорттау динамикасы 1970-2000 жылдарында 45, 8%-тен 9%-ке дейін төмендеді.
Халықаралық лицензиялар мен ноу-хау келісімдері бойынша түсімдер мен төлемдер динамикасын зерттеу лицензиялар сауда саласы өндірістік дамыған елдерде жедел дамитынын көрсетеді. Осылайша, жоғарыда аталған 17 дамыған мемлекеттердің төлемдері 1970-2000 жылдарында 35, 6 есе өсіп, қалған елдердің төлемдері 4, 2 есе ғана жоғарлады. Лицензия саудасы бойынша жылдық өсім қарқыны дамыған елдерде 13, 5%, қалғандарда 2, 0% құрады.
Егер 1987 жылға қарай лицензиялар халықаралық саудасының жалпы көлемі 38, 5млн. долл. болып бағаланса, 1990 жылы ол 60, 3млн. долл. жетіп, одан әрі өсе береді. Мамандардың көбі мұндай коммерциялық белсенділігінің дамуын бұрынғы КСРО-дан «білімдердің» миграциясымен байланыстырады.
2. 2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік саудасының жағрафиясы
2 қосымшада берілген деректер 1970-2000 жылдары лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық жағрафиялық құрылымын, оның негізгі орталықтары мен өзгерістерін сипаттайды. Олар лицензиялық халықаралық сауда саласындағы күштердің орналасуын бағалауға ғана емес, сондай-ақ, 30 жыл ішіндегі әлемнің маңызды экономикалық аудандары бойынша өзгерістерді бақылауға да мүмкіншілік береді.
Көптеген онжылдықтар бойы АҚШ лицензия мен ноу-хау саудасының айналымы бойынша алдыңғы орын алады, алайда, 1970-2000 жылдары оның үлесі 38, 6%-тен 27, 9%-ке дейін төмендеді. Мұның себебі - лицензиялар экспортында жалпы көлемінің 70, 8%-тен 47, 0%-ке дейін азаюы. Бұл кезеңде лицензиялар экспорты мен импорты, әсіресе, Батыс Еуропада жедел дамыды.
Осылайша, 1970-2000 жылдарында лицензиялардың әлемдік саудасының динамикалық орталығы - Батыс Еуропаның дамыған елдері болып табылды. 2000жылы лицензия мен ноу-хау саудасының айналымы бойынша АҚШ (14060млрд. долл. ) және Жапониядан (7340млрд. долл. ) кейінгі орындарды Ұлыбритания - 4333млрд. долл., Италия - 4134млрд. долл., Германия - 4050млрд. долл., Франция - 3021млрд. долл., Нидерланды - 2390млрд. долл., Бельгия мен Люксембург - 1869млрд. долл., Швеция - 1041млрд. долл. алды. 2000жылы лицензияларды сатудан түскен пайда: Ұлыбританияда - 2205млрд. долл. (8, 8%), Италияда - 1619млрд. долл. (6, 4%), Германияда - 1360млрд. долл. (5, 4%), Францияда - 1146 млрд. долл. (4, 6%), Нидерландыда - 773млрд. долл. (3, 1%), Бельгия мен Люксембургте - 1164млрд. долл. (6, 4%) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz