Ежелгі Үнді және Қытай философиясы


Ежелгі Үнді және Қытай философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде - Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайда біздің эрамызға дейінгі 8-6 ғ. ғ қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі ағаш, су, от, жертуралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары(инь және ян), табиғи жолы(дао) туралы т. б қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлауының бас тапқы негізі Дао терминін түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің алғашқы мәні- жол деген ұғымды беретін еді. Бірақ ол терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңын, ұйымдасу сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолымен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао-аспан мен жердің түп тамыры», »барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың:қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтардың екі жағы бірін-бірі толықтырады, бірін-бірі терістейді, тұтастың қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе - адам табиғаты жағынын қандай - қайырымды ма әлде мейірімсіз бе?-деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен Конфуцийді, Лао-Цзыны, Мэн-Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь-Цзы, Хан Фэй, Ван-Чунды т. б материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.
Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда.
Ертедегі Үнді философиясы -үшін адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болады. Сондай-ақ адамды рухани жағынын жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынумен деген талап қойды.
Ертедегі Үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік - онда салт-сана мәдениеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдниет ұстаздың бет-бейнесін толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.
Біздің жыл санауымыздан 3мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады.
Ежелгі Үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді :
1. Брахмандар
2. Кшатрийлер
3. Вайшьилер
4. Шудралар
Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы:брахмандардың үлесіне-ой еңбегі, кшатрийларға-әскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер
кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға-қара жұмыс қана тиді.
Ведалар 4 бөлімнен тұрады :
1. Самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар.
3. Араньякта брахманға тән ритуалдардың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты козқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта»дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Брахман екі түрлі болады :
1. Қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін.
2. Жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат.
Кейбір жағдайда брахманмен қатар, синоним ретінде Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Атман тек бастама ғана емес, ол-саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Пуруша-ол әлем, адам түріндегі әлем.
Конфуцийшылдық . Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, тек 15жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50жасында өз мектебін қалыптастырады. Көптеген ізбасарлары болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz