Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

1. Қазақ жеріне исламның таралуы.

1. 1. Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері.

1. 2. Исламның Қазақстанға келуінің саяси аспектілері.

1. 3. Отаршылдық және кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамындағы ислам.

2. Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні

2. 1. Қазақстандағы діни сенім және діни төзімділік мәселелері

2. 2. Қазіргі заманғы дін мен мемлекеттің арақатынасы

2. 3. Қазақ қоғамындағы ислам дінінің алатын орны

3. Қазақстан - дін мен өркениет үнқатысуының ошағы

3. 1. Қазақстан Республикасындағы діни қатынастың өзекті мәселелері

3. 2. Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен діндер үнқатысуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштықты, діндераралық, ұлтаралық татулықты, рухани бірлігімізді нығайтудағы игі әсері өлшеусіз.

Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуы және ішкі саяси тұрақтылықтың, өркендеуінің негізгі шарттары - біздің негізгі басымдылығымыз. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің 1 съезінде: «Менің ойымша, біз сақтап және нығайтып отырған этникааралық және дінаралық татулық түбегейлі және ауқымды қайта құрулар жүргізудегі негізгі тірек болып отыр. Саяси, экономикалық және рухани саладағы жетістіктерімізді қамтамасыз етті», - деген.

Бүгінгі таңда аса жоғарғы қарқынмен өсіп отырған жаһандану үрдісі (экономикалық, ақпараттық және т. б. ), халықаралық көші-қон ауқымының өсуі жағдайында ауыспалы, өзара байланыстағы әлемдік қауымдастықта діндер рөлі бұрынғыдан да өзекті мәселе болып отыр. Соның ішіндегі әлемдік дін ретінде ислам діні де бар. Көптеген тақырыптармен қатар соңғы жылдары «Ислам феномені» бұқаралық ақпарат құралдарында тартысты пікірталас тудырып отырғандығы да анық. Өкінішке орай, оның ішінде кейбір жекелеген БАҚ «Ислам қауіпі», «Ислам фундаментализмі» туралы жалған пікірлер, анықталмаған, шындыққа сәйкес келмейтін жала, жалпы алғанда қазіргі әлемдегі исламның рөлі туралы кеңінен таратылуда.

Ислам әлемі (халқының тұрғындарының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын 50-ге тарта мемлекет) 1, 5 млрд. халықты қамтиды. Ислам өзінің ғылыми негізінде мықты философиялық және рухани ілімі бар әлемдік толеранттық діндердің бірі.

Біздің пікірімізше, болашақта исламның рөлі қазақстандық қоғамның көптеген салаларында өз дамуын табады. 1990 жылдардың басында исламның қайта дамуының алғашқы сатысымен салыстырғанда, ең алдымен, соңғы 15 жыдда байқалып отырғандай исламға сенушілер санының өсуі есебінен, Қазақстан аумағында исламның таралуы, исламға ғибадат ету көбеюде.

Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері - дәстүрлі исламның таралу аймағы. Бүгінгі Қазақстанда исламның даму мәселелері сұранысқа ие және тек теоретикалық, дінтану жағынан ғана емес, сонымен бірге өмірлік, қолданбалылық жағынан да қызығушылық тудырып отыр. Бүгінгі ислам - еліміздің дамуындағы негізгі факторлардың бірі.

Саяси, экономикалық тасымалдауды атқарып отырған Қазақстан халықтарының көпэтникалык, көпдінаралық құрамын еске ала отырып, қоғамның, діндердің, мемлекеттің басты мәселелерін және өзара тиімді ықпал ету міндеттерін анықтап алу қажет. Бірлескен келісімдер, талқылау жолдары арқылы қоғамның рухани дамуы, адамгершілік негіздерін құруда исламның рөлін анықтау, ішкі саяси, аймақтық, халықаралық, саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайтуда жалпы діни фактордың рөлін анықтау қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Егеменді еліміздегі ислам дінінің жағдайы мәселесі қазіргі таңда көптеп талқылануда. Ол күн тәртібіндегі тақырып болып табылады. Елімізде 2003 жылдан бастап әрбір үш жыл сайын өткізіліп отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі осының анық дәлелі бола алады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- Қазақ жеріне ислам дінінің келуі мен таралу кезеңдерін, ерекшеліктері зертеу.

- Ислам дінінің бүгінгі таңдағы нақты жағдайын көрсету.

- Конфессияаралық келісім мен діндер үнқатысуының ошағы ретіндегі Қазақстанның рөлін айшықтау және осы салада ұйымдастырылған конференцияларды көрсету.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.

Тәуелсіздік таңы атқаннан бері барлық салалармен қатар дініміз де өркен жайып, халқымыз ата дінімен қауышты. Біз осы зерттеу жұмысымызда түрлі діни бағыттар мен миссионерлік ағымдардың қазақ жеріне көптеп келуі және жаһандану дәуірінде батыс мәдениетінің ықпалы артып тұрған шақта Қазақстандағы ислам дінінің жағдайы мен оның қоғам өміріндегі орнын айшықтауды көздеп отырмыз.

Зерттеу әдістері. Жұмыста тарихи анализдерді салыстыру, сипаттама, және типологиялық әдістер қолданылады.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Еліміздегі діни бірлестіктер ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуда. Қоғамның рухани және әлеуметтік адамгершілік деңгейіне діннің оң ықпалы өсе түсуде.

Қазақстандағы қазіргі діни жағдай күрделі әрі сан-салалы. Қазақ қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Елімізде ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Дәстүрлік діндер жасампаз қоғамымызда достық пен өзара құрмет және түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді. Қазақ халқының руханияты мен мәдениеті ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.

Сонымен қатар, Ислам дініне қатысты туындап отырған жаңсақ пікірлердің орынсыздығын дәлелдеп, Исламның осы мәселеге қатысты нақты және шынайы көзқарасын айқындауды қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, Ислам дінінің қоғамдағы ата дінімізге деген құрметті тереңдете түсудегі және оның бүгінгі замандағы маңызын түсіну үшін, бұл еңбек өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Жұмыстың құрлымы. Жұмыс кіріспеден және негізгі үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауда қазақ жеріне исламның таралуы қарастырылып, оның тигізген әсері мен исламның Қазақстанға келуінің саяси аспектілері, сонымен қатар, отаршылдық және кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамындағы ислам тақырыптары зерделенді.

Ал екінші тарауда Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні, яғни Қазақстандағы діни сенім және діни төзімділік мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, осы тарауда дін мен мемлекеттің арақатынасы мен қазақ қоғамындағы ислам дінінің алатын орны секілді өзекті тақырыптарға орын бердік.

Үшінші тарауда Қазақстандағы дін мен өркениет үнқатысуының ошағы көріністеріне тоқталдық. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы діни қатынастың өзекті мәселелері мен Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен діндер үнқатысуы жағдайына тоқталдық.

Ал жұмыс соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі келеді.

1. Қазақ жеріндегі исламның таралуы.

1. 1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері

Қазақ халқы ерте заманнан бері ислам дініндегі халық. Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Біздің жеріміз ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер.

Өздеріңізге белгілі, Орталық Азия аймағында исламның таралуы VII ғасырдың екінші жартысынан, яғни бірінші омейяд халифі Мағауия Ибн Әбу-Суфянның билік ету кезеңіңде басталады. Өзбекстан, Тәжікстанмен салыстырғанда Қазақстан аумағында ислам дінінің орнығуы ұзақ және қиын болды да, бірнеше ғасырларға созыдды.

Ғалымдар (тарихшылар, дінтанушылар) Қазақстандағы исламның таралуын бірнеше сатыға бөледі.

Алғашқы сатысы - VIII-IX ғасырларда Еуразия даласына исламның енуі орын алса, екінші кезең (X-XVII ғасырлар) ортағасырлық мемлекеттерде ислам дінінің басым болуымен ерекшеленеді. Осылайша ислам X ғасырда Жетісудағы Қараханидтер мемлекетіне енді. Кейінірек Алтын Ордада, қазақ хандықтарында кеңінен таралып, орнықты.

Сонымен бірге Қазақстандағы исламнын екі ерекшелігін атап өту керек. Біріншіден, исламның өздігінен ену сипаты. Екіншіден, ұзаққа созылу үрдісі (VIII-ХМІ ғасырлар) . Бұл өз кезегінде көшпелі ортадағы діннің синтетикалық сипатына әсер етті.

XVI ғасырда исламның терендеп енуі хандар билігінің (көшпелі қоғамға ғана тән) орталықтануына ғана емес, соған сәйкес қазақ тайпаларының біртұтас этникалық қауымдастыққа бірігуіне де ықпалын тигізді.

XVIII ғасырдың басында исламның орнығуы Тәуке ханның «Жеті жарғы» зандарында да айтылып, онда мұсылман дінін мемлекеттің қолдайтындығы туралы жазылған.

XVIII-XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы ислам тарихының үшінші сатысы - Ресей империясының құрамына ену, суфизм рөлінің, Ресей отаршыл әкімшілігінің исламға деген екі жақты саясатына қатысты татар молдаларының миссионерлік қызметінің томендеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ дінбасылары Орынбор мүфтиятының қарамағына енген болатын.

Исламнын күшеюіне этномиграция факторлары да әсер етті. XIX ғасырдың 70-ші жылдарының соңы 80-ші жылдардың басында қалыптасқан отырықшы егін шаруашылық дәстүрі бар екі ірі мұсылман қауымы - ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдың Іле өңірінен Жетісу аумағында қоныстанды. Бұл Қазақстанның оңтүстігінде исламның бағытын күшейтті.

Қазақстан халқы этникалық құрамының қалыптасу ерекшеліктеріне әсер еткен көші-қон процестері, ендігі жерде жекелеген мұсылман институттары этникалық сипат алуына да ықпалын тигізді. Бұл исламға тән емес көрініс екенін атап откен жөн. Осылайша XX ғасырдың басыңдағы орыс әкімшілігінің арнайы құжаттарында Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) сегіз мешіттің болғандығы, олардың арасында татар, дүнген, ұйғыр, өзбек мешіттері тіркелген.

Мешіттердің этникалық таңбалау дәстүрі кейін де және қазіргі күнде де кездеседі, бұл Қазақстандағы этниқааралық тұрақтылықтың нығаюына кедергі болады.

Қазақстандағы ислам тарихының төртінші қезеңі - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын қамтиды. XIX ғасырдың соңынан бастап Қазақстан аумағындағы ислам бағытының нығаюы Ресей үкіметінің, отаршыл әкімшіліктің талаптарына сай келмеді. Белгілі бір дәрежеде бұл сыртқы факторлармен орыстүрік қатынастарының шиеленісуі, «мұсылмандық сепаратизмнен» сақтану сылтауы, жергілікті мұсылмандардың Осман Түркиясымен байланысының өсуімен байланысты болды. Нәтижесінде әр түрлі діни ағымдардың пайда болуы «панисламизмді» насихаттау деп корсетілді.

Қазақстаңдағы ислам тарихының бесінші кезеңі - кеңес дәуірі. Исламға деген саясат жалпы дінге қатысты саясат аясыңда жүргізілді. Қазақ діни басқармасы 1923 жыддан кейін орталығы Уфа қаласы болып саналатын ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының Орталық діни басқармасының қарамағына еңді.

20-жыддардың екінші жартысынан бастап тоталитарлық жүйенің діңдерге, оның ішінде исламға қарсы қуғындау саясаты анық байқалды. Арнайы құжаттарда исламнын «антикеңестіқ сипаты» 1920 жылдардың соңында «исламмен күрес» «еңбекшілердің тап жауымен» күрес ретінде кең етек алды. Осылайша дінді, оның ішінде исламды бұрмалау бағыты күшейтілді.

1941 жылы орталығы Ташкент қаласы болған, Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылды. Тоталитарлық саясат жүйесіндегі барлық діни ұйымдар секілді, бұл басқарма да толығымен мемлекеттік бақылауда болды.

Сонғы он жыддықтарда, яғни 80-жылдардың екінші жартысын толық, қамтыған аралықта мемлекет тарапынан діндер бостандығын шектеу жоспарлы түрде жүргізіліп, қоғамды діннен бездіру саясаты үстемдік етті.

Қазақстандағы ислам дамуының алтыншы (қазіргі) кезеңі. 1980 жылдардың соңынан бастап Қазақстандағы исламның қайта жаңғыруы жүрді. Дінге деген халықтың қызығушылығы арта түскені байқалады. Демократиялық қайта құрулар халықтың дінге сенуін ғана емес, догматикалық жағына да қызығуға жол ашты [1, 71-72-бб. ] .

Қазақстан тарихында алғаш рет 1990 жылы жеке мұсылман діни басқармасының (муфтият) құрылуы маңызды, айтулы оқиға болып саналады. Көптеген зерттеулердің пайымдауынша өте қатал кең көлемде жургізілген тоталитарлық, мәні жағынан кенестік саяси жүйенің исламға деген ұстанымының ектемдігін, 70 жыл бойы халықты діннен бездіру саясатын қолданғандығын, әрі қеңестік кезеңге дейінгі уақытта қазақтарда ислам институтының аса жетілмегендігін айта келіп, қазіргі Қазақстанда исламның дамуын тек қайта даму деп қана қарастырмайды, оның жаңа сатысы деп таниды. Сонымен қатар біздің піқірімізше, діни-рухани саладағы үрдістерді исламның қайта өрлеуі, оны дәстүрлі тамырына қайта оралудың табиғи жолы деп тану қажет.

Дін, көпдінділік анықтамасы ҚР «Діни сенім және діни бірлестіктердің еркіндігі туралы» Заңында айтылады [2] . Аталмыш Заң сарапшылардың пікірі бойынша, кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттердегі діни ұйымдардың ережесін жүйелеп отыратын зандардың ішіндегі анағұрлым либералды заң болып табылады.

1990 жылдан бастап, 15 жылдың ішінде, діни институттардың сандық және сапалық өсуі анық байқалады. Егер 1990 жылы небәрі 670 діни бірлестік болса, ал 2005 жылы - 3259 діни бірлестік болды. Демек 5 есе өсу байқалады. 2005 жылғы есеп бойынша Қазақстан Республиқасындағы діни бірлестіктер төмендегідей болған:

• Ислам - 1766 (1990 жылы барлығы 46) ;

• Орыс православиялық шіркеуі - 255 (62) ;

• Рим-католиктік шіркеуі - 90 (42) .

Басқа да бірлестіктер бойынша сенушілер санының өскенін байқаймыз. Бір ғана лютеран бірлестігіндегілердің қысқарғаны байқалады. Мұның себебі 1989-2005 жылдар аралығында Қазақстаннан неміс ұлтының Германияға көптеп көшуі себеп болды.

Діни бірлестіктерге 2369 ғибадат ететін орындар, соның ішінде мұсылмандар мешіті 1643, православтар шіркеуі 229, католиктер қостелі 74, синагогтар 10, бес жүзге жуық протестанттар және басқа да шіркеулер жатады. Тарихшы, политолог ретінде Қазақстан тарихындағы мұсылман діни басқармасының маңызын айтар едім. Ел билеуде әрі діни, зайырлы билікті бір ғана адам басқарған кейбір Шығыс мұсылман елдерінен біздегі айырмашылық, қазақ хандықгарында дін өкілдері зайырлы, саяси билікке араласпады. Имамдар, молдалар халықты адамгершілік діни тәрбиеге, діни білімге үйретіп, қоғамнын (әлеуметтік қатынастары мен құрылымында маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ XУІ-ХІХ ғасырларда мұсылман дін өкіддері тек ислам ілімін таратып қана қоймай, негізінен мәдениет пен білімнің таратушылары болып табылды.

Сол тұстағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымының құрамына мұсылмандық дінбасылары енді. Заманымыздың қажеттілігі мен талаптарына жауап бере алатын билік жүйесіңдегі өзара бөлісу айқын байқалды. Қазақ қоғамыңдағы жоғары билеушілер - хаңдар сайланбалы болды. Сот билігі сайланушылардын (заң өкілдері) қолында, яғни билердің қолыңда болды. Осылайша, билер (судьялар) немесе әлеуметтік-саяси институттардың өзіндік демократиялык сипаты болды.

Тамыры сонау тереңге кететін ежелгі түрік дәуірінен қалыптасқан дәстүрлі саясаттан бастау алған қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси даму ерекшелігі дала демократиясының негізгі тірегі екендігін баса айтқым қеледі. «Қазақ» сөзінің этнонимінің өзі «азат адам» дегенді білдіреді.

Біздің жеріміз ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер. Аллаһ тағала адамдарға «Аллаһ тартқан желіден (діннен) бекем ұстанып, айырылмаңдар» (әл-Имран сүресі, 103) деп, «Ақиқатында Аллаһ алдында қабыл болатын дін - ислам діні» (әл-Имран сүресі, 19) деп таза ақиқат дін - исламды жіберді. Бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар осылайша ақырғы дінді қазақ даласына алып жетті.

Этномәдениеті алуантүрлілігімен ерекшеленетін бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің қазіргі әлеуметтік-саяси дамуына әсер ететін факторлардың ішінде діннің маңызы зор. Ол қазіргі кезде өзіндік саяси күшке айналуда. Бір жағдайаларда конфессионалдық фактор, этникаралық қарама-қайшылықтар мен даулар туғызса, басқа жағдайларда ол саяси үрдістерде жетекші күшке айналу мүмкін. Кез келген жағдайда діннің әлеуметтік-саяси дамуға араласуы конфликтогендік факторлар санын көбейтеді. Мұнымен белгілі бір діни идеологиядан тәуелділік болады.

Сонымен бірге бұл территориядағы исламның қазақша нұсқасы туралы айтуға рұқсат ететін бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - қазіргі Қазақстан территориясына исламның енуі мен оның территориясының исламизациясы арасындағы уақыттың ұзаққа созылуы. Бұл екі нүкте арасында ҮІІІ - ХҮІ аралығында бірнеше ғасырлар жатыр. Дегенмен ХҮІІІ ғасырдың өзінде исламның жаппай сана деңгейінде діни доктрина және өмір сүру қалпы ретінде қабылдануы әлсіз болды. Бұл кең дала зонасына белгілі бір діни дәстүрдің берік сақталуы тән емес. Қазақстан территориясында ислам эволюциясын талдау Орталық Азияның бұл аймағындағы исламизацияның ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.

Ислам дінінің келу тарихы Орталық Азияның бұл бөлігінде ислам діні таралуының деңгейі мен ауқымдылығына әсер еткен бірнеше маңызды сатылардан өтті. Исламның территорияға ену үрдісі бір уақытта жүзеге аспай, бірнеше ғасырларға, тіпті, ХҮІ ғасырға дейін созылды.

Бірінші саты - ҮІІІ-ІХ ғасырларда қазіргі Қазақстан территориясы кірген байтақ еуразиялық далалық зонасына исламның енуі. Бұл сатының ерекшеліктері кейінгі исламизациялау үрдістерінің табиғатына едәуір әсер етті. Біріншіден, көрші аймақтардың қалалық орталықтарымен (Мәуреннахр) салыстырғанда, Қазақстан аймағы көшпенді мал шаруашылықты зонасы болды. Тек оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана егін шаруашылығы, қалалық мәдениет дамыды. Дәл осы аймақтарда ислам кеңінен таралды.

Екіншіден, Қазақстан территориясында исламның енуі кезеңінде рухани-діни өмірі алуантүрлілігімен ерекшеленген ежелгі түрік көшпенді тайпалар өмір сүріп жатты. Ежелгі дәуірлерден бастап, мұнда әртүрлі мәдени-идеологиялық жүйелер дамыды: табиғатқа табыну және аруақтарға сену, магия, аспанға (Тәңірге) табыну. Бұл сенімдерге, біріншіден, шығыс-ирандық зороастризм едәуір әсерін тигізді. Исламизациялау басында аймақта шығыс-христиандық ілімдер: несториандық, манихейшілдік кеңінен етек жайды. Келесі оңтүстік-шығыс қалаларда христиандық шіркеулер қызмет етті: Тараз, Сығанақ. ХІҮ ғасырдың аяғында көшпенді тайпалардың арасында несториандық шіркеудің «түрік митрополит» миссиясы болды. Әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара әсері исламға дейінгі мәдени таптқа тән синкретизмді туғызды. Бұл таптың ішінде ежелгі түрік сенімдері жақсы сақталды. Олар исламмен біріге отырып, нәтижесінде қазақ қоғамының дәстүрлік өмірінің мәдени негізін құрады.

Үшіншіден, көшпенді халықты исламға бағыттауда негізгі рөлді Мәуреннахр қалалық орталықтарынан, негізінен Бұхардан шыққан накшбандийа, яссауйа, кадирия секілді бірлестіктердің суффистік миссионерлері атқарды. Басқа бір қатар мұсылмандық аймақтармен салыстырғанда, бұл жерде суффистік ағайындар безгендік болып саналған жоқ, ресми және «халық» исламының арасында айырмашылық болған жоқ. Сөйтіп, аймаққа исламның әрі қарай енуінің және оның саяси өмірге әсері мұсылманға дейінгі дәстүрмен, монғол шапқыншыларынан кейін монғол идеологиясымен тығыз байланысты болды. Бұл үрдістер идеялардың соғысы нәтижесі емес, әртүрлі идеялардың бейімделу болды.

Кейінгі кезеңдерде ХҮІ ғасырда қазақ халқының түзіліп, исламның енуі жоғарғы биліктің нығайып, әртүрлі қазақ тайпаларының біртұтас этникалық қоғамға бірігуіне әрекет етті. Бұл кезде қазақтар діни ұқсастықтарын анықтап, өздерін мұсылман-сүнниттер деп есептеді. Дегенмен, ислам сенімінің синкретизмі толық жеңілмеді: құрамына исламға дейінгі сенімдердің элементері енген халық исламы формасында далада таралған діни көріністер мен салттарға бұрынғыдай аруақтарға сену, шаманизм, анимизмнің күшті элементтері кірді. Сәйкесінше, имам, кади, молда тұлғасында мойындалатын ислам өкілдері, мұсылмандық руханилықтың ұйымдастырылған құрылымдары әлсіз дамыды.

Бастапқыда ислам отырықшы түркілер арасында, қалалар мен ірі қоныстарда таралды. Ибн Хордадбехтің «түркі қалаларының тізімінде» Фараб қаласындағы мұсылман әскери топтарымен қатар түркі-қарлұқтардың әскери бөлімшелері де бар. Түркілердің барлық қалалар саны - 16. Көшпенділерге қалам алдымен Қазақстанда қалалық дін ретінде қалыптасқан. Ислам бұқара халыққа дүниедегі байлықтан, сараңдықтан, ақы алудан бас тартуға шақырумен ұнады. Біртіндеп идеологиялық және ұжымдық қауым қалыптасты, ол адам өмірінің тұрақтылығын, өмірін, денсаулығы мен игілігін қорғады. Тұрғындардың исламды қабылдауы қоғамның тұрақтылығы мен топтасуын арттыратын маңызды фактор болып табылады. Ислам бұл жерлерге бір құдай - Аллаһқа табынуды алып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пірлер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы
Қазақстандағы ислам эволюциясы
Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері
Некені бұзу және ажырасу түсінігі
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Діннің қазіргі Қазақстанда атқаратын рөлі
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz