Қазақстан ауыл шаруашылығында меншік түрлерінің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстан ауыл шаруашылығында меншік түрлерінің дамуы ... ... ... ... ..
1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер ... ... ... ... ... ... ...
3. Жер .негізгі ауыл шаруашылығының өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Экономика - өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп жатқан қоғамда бірде-бір саланың, бірде-бір мамандықтың, бірде-бір елдің экономикалық заңдарды мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Барлығы да экономика әлемінің талаптарын ескеріп отырады.
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері (академиктер Сагадиев К.Ә., Қалиев Ғ.Ә., Куватов Р.Ю. және басқалар) бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді. Осының салдарынан мемлекеттік орталықтандырылған күрделі қаржы құрамыңда ауыл шаруашылығынын үлес салмағы оңшақты есе "жеңілдеп", 22 - 24 пайыздан (1990 ж.) 1,5 - 2 пайызға дейін (1998 ж.) төмеңдеді.
Бұл жағдайдын одан әрі күрделенуіне басқа да субьективтік себептер әсер етті. Айталық, негізгі экономика салық механизмдердің барлығы дерлік ауыл еңбеккерлерінің мүдделеріне "қарсы" тұрды.
Банктердің несие пайызы мөлшерімң жоғарылығы мен қысқа мерзімділігі, бюджеттік қаржылық қаралмауы, ауыл шаруашылығы тауарларын мемлекетгік сатып алу көлемінің жоспарланбауы, осы тауарлар мен өнер кәсіптің ауыл шаруашылығына арналған тауарларының (әсіресе, техникалық жабдықтау) бағаларының өзара сәйкессіздігі, аграрлық сектордың мүдделерін ескеретін ғылыми ізденістердің үкімет тарапынан қолдау таппауы және т.б. осылардың бәрі айтылмыш саланың төз кұлдырауына әкеліп соқтырды. Сөйтіп, мұнын аяғы жеңіл және тамақ өнеркәсібін дағдарысқа ұшыратып қана қоймай, еліміздің басқа елдерден азық-түліктік тәуелсіздігін нашарлатты. Осы айтылғандардың себептік-салдарлық астарлары жұмыстың кейінгі бөлімдерінде тереңірек талданады. Қазіргі баса көрсеткіміз келіп отырғаны - ауыл шаруашылығында кең етек алған осы дағдарыстан шығу жолындағы инвестиция мен инвестициялық белсенділіктің маңызын көрсетіп, солардың ғылыми-теориялық негіздерін ашып тұжырымдау.
Оның негізгі себебі мынада: қалай десек те асығыс жүргізілген жекешелендіру мен мемлекет меншігінен жаппай алу салдарынан ауыл экономикасыңда көпукладтылық пайда болып, әсіресе, жеке меншікке негізделген шаруашалық жүйесі қалыптаса бастады. Дегенменен бұл жүйенін қауқарсыздығы да, ұйымдастыру-құқықтық негіздері мен әлеуметтік орнының нашарлығы да көзге көрініп тұрған фактіге айналды. Осыңдай жағдайда бұрынғы біртүтас ірі шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы күйреуте ұшырап, жеке шаруа қожалықтары (фермерлер) "өз күнінді өзің көр" принципіне жүгіндірілді. Олардың қолында ақшалай каржының жоқтығынан ауылдық жердің тауар айналымында натуралдық ауыс-түйіс (бартер) пайда болып, ол кең етек жая бастады. Осыдан барып бюджетке түсетін салықтың ауқымы тарылды да, ауыл еңбеккерлерінің өндірістік қимылға деген ынтасы күрт төмеңдеді. Сөйтіп адамдарды баяғыдан бері ауылдық жерде ұстап түрған мүдделі шаруашылық жүргізудің күретамырларына балта шабылып, ауыл тұрғыңдарының көбі (әсіресе жастары) туып-өскен елін тастап, қалалық жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болып отыр.
1. Асанов К.А. ҚР, жайлымдылық шарушылықтарындағы шұғыл шаралар туралы// Вестник с/х науки Казахстана. 1991. №4.
2. Абалкин Л. Нарықтық экономиканың құрылуы мен реттеуіндегі мемлекеттің рөлі// Вопросы экономики. 1997.
3. Әубәкіров Я.Ә. 2030 жылға дейінгі стратегияняң экономикалық мәселелері // 1997 жылғы 13-14 қарашада өткен конференция материалдары. Алматы.1997.
4. Статисгикалық пресс-бюллетень. 1999. №1. 125-126-66.
5. Қалиев Ғ. Қазақстандағы аграрлық реформа: тарихы, қазіргі кезеқ болашағы Алматы, 1998. 231-6.
6. Кейнс Дж. М. Жұмыспен қамту, пайыз. және ақша туралы жалпы теория. М., 1993.
7. Бочаров В. Инвестиция нарығының реттеудегі қаржы-несиелік әдістері М, 1993. 7-б.
8. Сатыбалдин А.А. Еліміздің агрокәсіптік кешені: жағдайы, мәселелері және одан әрі даму жолдары// Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: мәселелер және оларды іске асыру жолдары. Алматы. 1998.
9. Сүлейменов Ж., Оспанов М. Қазақстан ауыл шаруашылығын реформалауды басқарудың мәселелері//Транзитная экономика. 1998. №3
10. Қалиев Ғ.А., Сатыбалдин А.А. Шаруа қожалықтарының аймақтық үлгілері және оларды дамытуды мемлекеттік қолдау. Алматы.1997.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстан ауыл шаруашылығында меншік түрлерінің дамуы ... ... ... ... ..

1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі
қателіктер ... ... ... ... ... ... . ..
3. Жер –негізгі ауыл шаруашылығының өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Экономика - өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп жатқан қоғамда бірде-бір
саланың, бірде-бір мамандықтың, бірде-бір елдің экономикалық заңдарды
мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Барлығы
да экономика әлемінің талаптарын ескеріп отырады.

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып
отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері (академиктер Сагадиев К.Ә.,
Қалиев Ғ.Ә., Куватов Р.Ю. және басқалар) бұдан он шақты жыл бұрын, яғни
ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта,
осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану
керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан
мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса
кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл
шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде
саясат деңгейіне дейін көтерілді. Осының салдарынан мемлекеттік
орталықтандырылған күрделі қаржы құрамыңда ауыл шаруашылығынын үлес салмағы
оңшақты есе "жеңілдеп", 22 - 24 пайыздан (1990 ж.) 1,5 - 2 пайызға дейін
(1998 ж.) төмеңдеді.
Бұл жағдайдын одан әрі күрделенуіне басқа да субьективтік себептер әсер
етті. Айталық, негізгі экономика салық механизмдердің барлығы
дерлік ауыл еңбеккерлерінің мүдделеріне "қарсы" тұрды.
Банктердің несие пайызы мөлшерімң жоғарылығы мен қысқа мерзімділігі,
бюджеттік қаржылық қаралмауы, ауыл шаруашылығы тауарларын мемлекетгік сатып
алу көлемінің жоспарланбауы, осы тауарлар мен өнер кәсіптің ауыл
шаруашылығына арналған тауарларының (әсіресе, техникалық жабдықтау)
бағаларының өзара сәйкессіздігі, аграрлық сектордың мүдделерін ескеретін
ғылыми ізденістердің үкімет тарапынан қолдау таппауы және т.б. осылардың
бәрі айтылмыш саланың төз кұлдырауына әкеліп соқтырды. Сөйтіп, мұнын аяғы
жеңіл және тамақ өнеркәсібін дағдарысқа ұшыратып қана қоймай, еліміздің
басқа елдерден азық-түліктік тәуелсіздігін нашарлатты. Осы айтылғандардың
себептік-салдарлық астарлары жұмыстың кейінгі бөлімдерінде тереңірек
талданады. Қазіргі баса көрсеткіміз келіп отырғаны - ауыл шаруашылығында
кең етек алған осы дағдарыстан шығу жолындағы инвестиция мен инвестициялық
белсенділіктің маңызын көрсетіп, солардың ғылыми-теориялық негіздерін ашып
тұжырымдау.
Оның негізгі себебі мынада: қалай десек те асығыс жүргізілген
жекешелендіру мен мемлекет меншігінен жаппай алу салдарынан ауыл
экономикасыңда көпукладтылық пайда болып, әсіресе, жеке меншікке
негізделген шаруашалық жүйесі қалыптаса бастады. Дегенменен бұл жүйенін
қауқарсыздығы да, ұйымдастыру-құқықтық негіздері мен әлеуметтік орнының
нашарлығы да көзге көрініп тұрған фактіге айналды. Осыңдай жағдайда бұрынғы
біртүтас ірі шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы күйреуте
ұшырап, жеке шаруа қожалықтары (фермерлер) "өз күнінді өзің көр" принципіне
жүгіндірілді. Олардың қолында ақшалай каржының жоқтығынан ауылдық жердің
тауар айналымында натуралдық ауыс-түйіс (бартер) пайда болып, ол кең етек
жая бастады. Осыдан барып бюджетке түсетін салықтың ауқымы тарылды да, ауыл
еңбеккерлерінің өндірістік қимылға деген ынтасы күрт төмеңдеді. Сөйтіп
адамдарды баяғыдан бері ауылдық жерде ұстап түрған мүдделі шаруашылық
жүргізудің күретамырларына балта шабылып, ауыл тұрғыңдарының көбі (әсіресе
жастары) туып-өскен елін тастап, қалалық жерлерге қоныс аударуға мәжбүр
болып отыр.

Қазақстан ауыл шаруашылығында меншік түрлерінің дамуы

1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру проблемалары

Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде, аграрлық
салада әр түрлі меншік түрлеріне негізделген шаруашылықтар қалыптасуда.
Қазақстаңда 1999 жылдың аяғында 96 198 әр түрлі ауыл шаруашылығы құрылымы:
оның ішіңде 91 471 шаруа қожалығы, 1 781 өндірістік кооператив, 2 886
шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорындары жұмыс істеді. Бұл
- Астана қаласыңда 8 ақпан күні 2000 өткізілген агроөнеркәсіп кешені
қызметкерлерінің республикалық кеңесіңде келтірілген мәліметтер.
Бірақ меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде
пайда болып жатқан әр түрлі меншікке негізделген шаруашылықтардың жалпы
саны төңірегінде баспа беттерінде сәйкессіз мәліметтер келтіріледі.
Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру өзгермелі, динамикалық
процесс болғандықтан, еліміздің аграрлық саласындағы әр түрлі меншікке
негізделген шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуына негіз болатын
факторларды қарастыруды мақсат тұтып отырмыз.
Нарық экономикасының қалыптасу кезенінде аграрлық саладағы шаруашылықты
жүргізу формаларының қандай түрі тиімді деген сұрақ ауыл шаруашылығының
теориялық мәселесімен айналысып жүрген экономистерді және басқа да қоғам
қайраткерлерін толғандыруда. Жоғарыдағы мәселе төңрегіңде олар әр түрлі
пікір айтып, тұжырымдар жасайтынын ескеріп, оларды үш үлкен топқа бөлуге
болар еді. Бірінші топтағы экономистер: бұрынғы колхоздар мен совхоздар
объективті экономика зандарына сүйене отырып даму мүмкіндігіне ие болмады,
сондықтан колхоздар мен совхоздарды (ірі шаруашылықтарды) шынайы экономика
зандарына сүйене отырып, дамыту қажет деген пікірді алға тартады. Екінші
топтағылар: мемлекеттік меншікке негізделген ірі шаруашылықтар тиімсіз,
соңдықтан аграрлық салада жеке меншікке негізделген орта және ұсақ
шаруашылықтар қалыптасгыру қажет деп тұжырым жасаса, үшінші топтағы
экономистер: аграрлық салада әр түрлі меншікке негізделген ірі, орта және
ұсақ шаруашылықтардың бірдей дамуын қолдайды.
Нарық экономикасына өтпелі кезеңде шаруашылық түрлерінің тиімділігі
төңірегіңде жүріп жатқан пікірталас, осы ғасырдың басында да кең етек алған
еді. Әсіресе, В.И. Ленин мен А.В. Чаяновтың жоғарыда айтылған мәселелер
төңірегінде қалыптасқан пікірлері мен жасаған тұжырымдары бүгінгі таңда
көптеген экономистердің ой желісінін, негізі болып отыр.
XX ғасырдың алғашқы жартысында ұсақ және ірі шаруашылықтардың
арасалмағының теориялық негізін қалаған экономистердің, бірі - А.В. Чаянов
екені белгілі. Дегенмен біз оның шаруашыльщтардың тиімділігі төңірегіңде
келешек ұрпаққа қалдырған құнды еңбектерін ескере бермейміз. Солардың
қатарына "Кооперацияның қысқаша курсы", "Ірілендірілген егіншіліктің бүгіні
мен ертеңі", "Аграрлық мәселе дегеңіміз не?" және басқа еңбектерін
жатқызуға болады. А-Никонов, В.Данилоқ А.Емельянов сияқты экономистер
А.Чаяновтың аграрлық саладағы ірі шаруашылықтардың даму мәселесіне арнаған
еңбектеріне көңіл бөлсе, оның ұсақ шаруа қожалықтарының теориялық негізін
қалаған еңбектеріне де көңіл бөліп жазылған ғылыми еңбектердің саны аз
емес.
А.ВЧаянов аграрлық мәселе төңірегінде жазылған жұмыстарында еңбек
процесінің мән-мағынасына, ерекшелігіне және оны ұйымдастыру факторларына
көп көңіл бөлген. Ол егіншілік пен мал шаруашылығында негізгі фактор
қоршаған табиғат болып табылатындығың яғни ауыл шаруашылық өндірісі ауа
райы, жер және топырақ құнарлылығы сияқты факторларға бағынышты екенін
көрсетеді. Соңдықтан, оның пікірі бойынша, жоғары деңгейлі техникамен
қамтамасыз етілген ірі егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың ұсақ шаруа
қожалықтарынан артықшылығы айтарлықтай болмағандықтан, соңғылары қарапайым
техникамен қамтамасыз етілген жағдайда ірі шаруашылықтармен бәсекеге төтеп
бере алады.
Сондай-ақ ол аграрлық саладағы шаруашылықтардын, еңбек процесінің
төмендегідей төрт ерекшелігін бөліп көрсетеді:
1) шаруашылықтың жер көлеміне байланысты техникалық процестер (топырақ
өңдеу, егін егу, енімді жинау және тасымалдау, мал шаруашылығына
байланысты мәселелер);
2) егіншілік пен мал шаруашылығына байланысты биологиялық процестер;
3) алынған өнімді қайта өндеуге байланысты механикалық процестер;
4) шаруашылықтардың сырткы экономикалық байланыстары (сатып алу мен сату,
инвестициялық кредиттік операциялар және тағы басқалар).
Дақылдық жер мен табиғат жағдайының ерекшеліктеріне байланысты ұсақ
немесе ірі шаруашылықтар ұйымдастыру қажет екенің айта отырып, ол ойын
былай тұжырымдайды: "Ең бастысы шаруашылықтардың ұсақ немесе ірі болуында
емес, мәселе егіншіліктің артықшылығы мен кемшілігін тенесгіріп отыратын
көлемінің орта тиімділігін табуда".
XX ғасырдың басында Батыс мемлекеттердің экономика әдебиеттеріне және
сол кезендегі дамыған капиталистік мемлекеттердің экономикалық болмысына
сүйене отырып шаруашылықтарды бес типке бөледі. Олар:
-тікелей жер кәсібінен табыс таппайтың жұмысшылар мен қолөнершілердің
кішкене қосалқы шаруашылықтары;
-жанұя мүшелері өздерінің еңбек күшімен ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіретің ұсақ шаруа қожалықтары;
-жер иеленуші өзінің еңбек күшімен катар жалдамалы еңбек күшін
пайдаланылатың фермерлік шаруашылықтар;
-жер иеленуші шаруашылықты ұйымдастырумен ғана айналысып, еңбек
процесінде жалдамалы еңбек күшін пайдалана отырып өнім өндіретің ірі
капиталистік шаруашылықтар;
-өте ірі шаруашылықтар.
Өте ірі шаруашылықтар тиімді қызмет етуі үшін, ол жерді ұсақ учаскелерге
бөлу кажет деп есептеген. Рас, Чаянов өмірінің сонғы жылдарында аграрлық
секторда ірі шаруашылықтар маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Бірак,
Чаянов шаруашылықтың көлемі еңбек процесін ұйымдастыру мен басқаруды
қиындатпауы керек деп есептейді. Чаяновтың пікірі бойынша, ірі
шаруашылықтардың жер көлемі 100 мың гектардан аспауы керек болса, орта
шаруашылықтар 60 шақты жанұядан тұратын 150 адамнан құралған шаруашылық
болуы тиіс.
Сонымен, А.В.Чаяновтың XX ғасырдың 20-шы жылдарында жазылған еңбектері
мен 30-шы жылдары жазылған еңбектерінің арасында айырмашылықтар бар.
Мысалы, А.В.Чаянов 20-шы жылдары жазылған еңбектеріңде ұсақ шаруа
қожалықтары аграрлық саладағы еңбек процесінің негізі деп есептеген болса,
өмірінің соңғы жылдарыңда ірі қожалықтар аграрлық салада негізгі шаруашылық
формасы болып табылады деп есептейді. Ал ұсақ жанүя қожалықтарын қолдау,
оның сөзімен айтқанда: "Бірнеше ұрпақтарды біртіндеп өлтіретін от аптабына
ұстап түрғанмен тең болар еді!"6.
Шаруашылықты жүргізу формаларының тиімділігі төңірегіңде айтылған ой-
пікірлерді қорыта айтсак, біріншіден В.И.Ленин 1921 жылға дейін жазылған
еңбектерінде аграрлық салада мемлекеттік меншікке негізделген ірі
шаруашылықтар тиімді деп есептеген болса, өмірінің сонғы жылдарында
социолистік қоғам құру жолында ұсақ шаруа қожалықтарын пайдалану керек
деген тұжырымда келеді. Екіншіден, олардың аграрлық теорияларының
айырмашылықтарымен қатар пікірлерінің бір-біріне жақындығын да көреміз.
Айталық, В.И.Лениннің өмірінің сонғы жылдарында айтқан пікірлерінің
А.В.Чаяновтың аграрлық теориясымен ұқсастығы байқалады.
Бірақ, өкінішке орай, олардың сонғы жылдарда жазылған еңбектеріне жете мән
бермей, оның теориялық тұжырымдарын бір жақты түсінген Сталиннің аграрлық
саясаты осы салада мемлекеттік меншікке негізделген ірі шаруашылықтардың
қалыптасуына алып келді.
Аграрлық саладағы реформаларды зерттеу, әр түрлі революцияға дейінгі,
кеңестік тарихтың реформалық идеяларын бағалауда және шетелдік ғалымдардың
ой-пікірлерін түсінуде шынайылықты қамтамасыз етеді. Бүгінгі уақытта
ғалымдар мен саясаткерлердің ауылдың даму болашағы жөніндегі
пікірталастары толастаған жоқ.
Әкімшілік басшыларының алдында баяндама жасай отырып, Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамдардың нақтылы
саяси, экономикалық және рухани бостандығын қамтамасыз ету оп-оңай нәрсе
емес. Бұл әркімнің қандай да бір қоғамдық саяси ұйымдардың құрамында болу
немесе болмауға өз хақысы бар екендігін, меншіктің кез келген түрі мен
шаруашылық жүргізудің әр түрлі формасын таңдауға, атеист болуға не дінге
сенуге, өзінің жеке өмірін өзгелердің қол сұғушылығынан қорғауға ерікті
екендігін білдіреді.
Алға қойылған мақсатқа жету – кейде бір ұрпақ өкілдеріне де мүмкін
болмайтын, зор еңбек.

2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер
Жаппай коллективтендірудің салдарынан бұрынғы Одақ көлемінде, оның
ішінде Қазақстанда жеке меншіктегі шаруашылықтардың бәрі мемлекеттің
иелігіндегі ірі шаруашылықтарға (совхоз бен колхоздарға) айналды.
Бұрынғы Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатында жіберген
қателіктерін түзетудің бүгінгі тандағы негізгі жолы шаруашылықтарды
мемлекет мешігінен алып, жекешелендіру болып отыр.
Осы процесс нәтижесіңде аграрлық салада әр түрлі меншікке негізделген
ұсақ, орта және ірі шаруашылықтардың калыптасуы керек. Оны респубдикамыздың
аграрлық саладағы бүгінгі нақты тәжірибесі де дәлелдейді.
Мерзімді және басқа әдебиеттерде ұсак, орта және ірі шаруашылықтардың
тиімділігі төңірегінде айтылып жүрген пікірталастар біршама баршылық.
Негізгі мәселе пайда болып жатқан әр түрлі шаруашьглықтардың әлеуметтік-
экономикалық даму мүмкіңдіктерін қарастыруда болып отыр. Әрине, обьективті
экономика заңы мен заңдылықтарына сүйенсек, өңдіргіш күштер мен өңдірістік
қатынастардың даму денгейі, өңдірісті шынайы қоғамдастыру заңы аграрлық
саладағы шаруашылықтардың көбінің ірі шаруашылық болып қалыптасуына алып
келеді. Айталық, АКШ мемлекетінің аграрлық саласында екі онжылдықта (1970-
1990 жылдар) ұсақ фермерлер шаруашылықтарының саны 26 пайызга азайып,
аграрлық саладағы барлық шаруашылықтардын, 55 пайызын құраған, ал бұл
көрсеткіш 1970 жылы жалпы 81 пайыз болатын. Осы мерзім аралығында орта
шаруашылықтардың үлесі 2 есе өскен болса, ірі және өте ірі шаруашылықтардың
саны 54 мыннан 198 мыңға жетіп, жалпы шаруашылықтардың 11 пайызын құраған.
Қорыта айтқаңда, шаруашалықтардық тиімді түрі мен даму мүмкіндігін тек
меншік түрінен іздеу негізсіз. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру нәтижесіңде пайда болып жатқан жаңа шаруашылық түрлерінің
дамуына көптеген бұдан басқа да обьективті-субъективті, әлеуметтік-
экономикалық факторлар негіз бола алады.
Ол факторларды есепке алмайынша ауыл тауар өндірушілерінің еңбекке
құштарлығы мен инвестициялық белсеңділігін арттыру мәселесін шешу өте
қиынға түсер еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Агроөнеркәсіптік интеграцияның қазіргі ахуалы мен жетілдіру жолдары
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Агробизнес және аграрлық қатынастар
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Пәндер