Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: І. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері . . . 1. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің түсінігі және оның даму болашағы . . .
3:

6

6

Кіріспе . . .: 1. 2. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 1. 3. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметтің қағидалары мен түрлері . . .
3: 24
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: ІІ. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздері . . .
3: 33
Кіріспе . . .: 2. 1. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру . . .
3: 33
Кіріспе . . .: 2. 2. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті өткеру . . .
3: 42
Кіріспе . . .: 2. 3. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық . . .
3: 50
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 57
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер көздері . . .
3: 58
Кіріспе . . .:
3:

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік билктің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органда лауазымдық міндеттерін орындау бойынша мемлекеттік қызметі. ҚР мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын сақтауға және ҚР азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған. Әлемде мемлекеттік сала қоғамдық өмірдің басты назарында болады. Осыған орай осы ұғымға оң көзқараспен қараған абзал. Мемлекеттік қызмет имиджі қызметтік және мәртебелік маңызға ие. Мемлекет тарапынан жүргізілетін қайта құру кезеңінде басқарушылық қызметтің тиімділігін қоғамның бағалауы бойынша критерийінің және халықты сенімділігінің дәрежесін анықтайтын көрсеткіші болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру қажеттілігіне бағытталған мәселелерге ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мәртебесін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып саналады. «Қазақстан-2030» даму стратегиясында ұзақ мерзімді басым бағыттардың бірі кәсіби мемлекет құру болып белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне бағытталған, біздің мемлекетіміздің міндеті ретінде қойылған басқарудың тиімді құрылымын және жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті құру міндеттерін жүзеге асыру. Әрбір мемлекеттік немесе қоғамдық орган, әрбір ұйымдармен немесе мекемелер қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын адамдар ұжымдарын құрайды. Әрбір мемлекеттік немесе қоғамдық органда, ұйымдармен немесе мекемелерде жұмыс істейтіндер олардың ұжымына кіреді және ол қызметте арнайы рөл атқарады. Мемлекеттік аппарат қызметшілері сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің басқа да категориясындағы мемлекеттік қызметте бола тұра әр түрлі: әкімшілік, еңбек, қаржы, азаматтық және басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылар болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынаста олар атқарушы-өкімдік өкілетті жүзеге асыратын, немесе атқарушы-өкімдік өкілеттігі жоқ тек қана осы құқықтық қатынасқа қатысушылар болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің рөлін әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде дұрыс түсуі үшін, мемлекеттік қызметтің маңызын, мемлекеттік-өкімдік өкілеттілік берілген мемлекеттік қызметшілердің категорияларын, мемлекеттік-қызметтік қатынастың өзгеруімен тоқтатылуын білу қажет. 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерді орындаудағы жұмысы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын орындауға бағытталған. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметке кіруге тең құқылы. Зерттеу жұмысының мақсаты. :

Ішкі істер органдарындағы қызмет мемлекеттік қызметтің ерекшелігін, мазмұнын, басқа құқық қорғау органдарында қызмет етуден айырмашылығын ашу, қарастыру, жан-жақты талдау.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері. 1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге; 3) азаматтар мен заңды тұлғалар кұқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қоргалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың етініштерін қарауға, олар бойынша қажеггі шаралар қолдануға; 4) өзіне берілген қүқыктар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға; 5) мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға; 6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға; 7) заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; 9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға; 10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді қүпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

Зерттеу жұмысының заты және объектісі.

Ішкі істер органдарындағы қызмет мемлекеттік қызмет ету барысында қалыптасатын қоғамдық қатыныстар.

Жұмыстың құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі таруға бөлініп қарастырылып, пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрады.

І. Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері.

1. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.

Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік билктің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органда лауазымдық міндеттерін орындау бойынша мемлекеттік қызметі. ҚР мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын сақтауға және ҚР азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған. Әлемде мемлекеттік сала қоғамдық өмірдің басты назарында болады. Осыған орай осы ұғымға оң көзқараспен қараған абзал. Мемлекеттік қызмет имиджі қызметтік және мәртебелік маңызға ие. Мемлекет тарапынан жүргізілетін қайта құру кезеңінде басқарушылық қызметтің тиімділігін қоғамның бағалауы бойынша критерийінің және халықты сенімділігінің дәрежесін анықтайтын көрсеткіші болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру қажеттілігіне бағытталған мәселелерге ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мәртебесін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып саналады. «Қазақстан-2030» даму стратегиясында ұзақ мерзімді басым бағыттардың бірі кәсіби мемлекет құру болып белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне бағытталған, біздің мемлекетіміздің міндеті ретінде қойылған басқарудың тиімді құрылымын және жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті құру міндеттерін жүзеге асыру. [2, 36] . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік қызметші мемлекетті басқарудың тиімді жолдарын тандау үшін жоғары рухани жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, адамгершілік, өмірге деген оң көзқарас сияқты қасиеттерімен ерекшелену керектігін айтқан болатын. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам баласы өзінің жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі, оң көзқарасы бойынша негізгі ережелер Қазақстан Республикасының ар-намыс кодексінде көрсетілген. Мұны кодекстің «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды . . . » деген жолдарынан аңғаруға болады. Мемлекет осы бағытта дұрыс жұмыс атқарып жатқанын атауға болады. Мемлекеттік қызметшінің имиджін дұрыс қалыптастыру - қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік бұл іске өз үлесін қосып отыр. Біз әрқашан «Мемлекеттік қызметшінің имиджі» тарауында өз өмірін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне арнаған ең мықты қызметкерлеріміз жайында баяндап отырамыз.

Мемлекеттiк қызметшi өз қызметiнде мына этикалық нормаларды басшылыққа алу керек:

1. Билік жүргізе білу және адал болу;

2. Мемлекеттік қызметте жеке өз мүдделеріне емес, мемлекеттің мүддесіне қызмет ету керек. Мемлекеттің қаржысын заңсыз әрекетпен өз қалтасына салмау;

3. Шенеуніктер биік қоршаумен қоршалған үйі мен қымбат автокөліктерінің дұрыс жолмен, өз еңбегімен алынғанына күмән туғызбайтындай, «Қандай қаражатқа өмір сүріп жатырсын?» деген сұраққа батыл жауап беруі керек.

4. Заңнның талаптарын сақтай отырып дұрыс өмір сүру маңызды.

5. Кез келген орында, лауазымда өз елінің азаматтарының, халқтың сенімін ақтайтындай қызмет ету;

6. Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі шындық, қарапайымдылық қасиеттерімен үлгі көрсете отырып, қоғамдық ортада өз-өзін ұстай білуі керек;

7. Ұжымды басқармас бұрын өзі бағына білу керек. Өз қызметкерлерінен талап ететін тапсырмаларды өз деңгейінде орындай білу;

8. Мемлекеттің мүддесіне немесе жемқорлыққа қарсы әрекет жасалатыныг көрсең, шара қолданып, куақытылы шешу этикалық нормаларын басшылыққа алу керек [4, 25] .

Мемлекеттік қызметің құқықтық негіздері: ҚР-ның Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның Заңы 23. 07. 1999 ж. ; «ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР-ның Заңы 26. 06. 1998 ж; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР-ның Заңы 2. 07. 1998 ж. ; «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР-ның Заңы 15. 03. 1999 ж. ; «Прокуратура туралы» ҚР-ның Заңы 21. 12. 1995 ж. ; «ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР-ның Конституциялық Заңы 25. 12. 2000 ж; «ІІО-ры туралы» ҚР Заңы 21. 12. 1995 ж. Өткен сабақтарда айтқанымыздай әкімшілік құқық мемлекеттік басқару кезінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастың негізгі субъектісі мемлекет болып табылады, дәлірек айтсақ атқарушылық-өкім ету қызметін атқаратын мемлекеттік органдар. Атқарушылық-өкім ету қызметі атқару билік органдарымен және оның лауазымды адамдарымен жүзеге асырылады. Қызмет бұл адамдардың әлеуметтік қызметтің бір түрі. Меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емесболып бөлінеді. Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде кәсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады. Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Атқару билік органдары деп мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы мемлекеттік билік өкілеттігіне ие саяси ұйымдарды айтамыз. Лауазымды адам деп тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкіліттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкім ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдарды айтамыз. Билік өкілі /представитель власти/ дегеніміз, яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы [5, 77] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz