Бейнелеу өнері сабақтарында және сабақтан тыс үйірме жұмыстарында кескіндеме оқыту әдістемесі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 бейнелеу өнерін оқытудың негізі

1. 1 Кескіндеме өнерін оқытудың жас ерекшелігі . . . 6

1. 2 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің

даму тарихы . . . 13

1. 3 Әр түрлі ағаштардың сабақтары мен жапырақтарының

түрлі - түсті жобасы . . . 18

2 бейнелеу өнері сабақтарында және сабақтан тыс үйірме жұмыстарында Кескіндеме оқыту әдістемесі.

2. 1 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің

даму тарихы . . . 23

2. 2 Табиғат көріністерінің түрлі-түсті бояудағы композициясы.

Жыл мезгілін, уақыт көрінісін, көңіл-күйді беру . . . 34

Қортынды . . . 42

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44

Кіріспе

Оқушыларға эстетиалық тәрбие мен көркемдік білім беру процесінде пән мұғалімдерінің практикалық бағдарламаларының мол болуы белгілі дәрежеде ықпал етеді. Біздің елімізде мектептегі жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресспен қазіргі мәдениеттің дамуына сай өмірге дайындау талап етіледі.

Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту мынадай мақсаттарды көздейді:

  1. Қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Жалпы білім беретін мектепте математиктер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді дайындайды. Бұл арнаулы оқу орнының міндеті. Мектептегі әрбір пән бірлесе отытып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Кейбір мектептерде суретшілер дайындайды, сондықтан көркемдік білім негіздерін меңгерудің қажеті жоқ деп көрсетеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады.
  2. Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасқан. Мектептің міндеті эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер етуі эстетикалық тудыру творчестваның арттыру белсенділігі болып табылады.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта халықпен өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады. Бұл орайда жазатын сәндік қолдаңбалы өнерінің мәнімен алатын орны ерекше. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі - адамның тарихи мұраты халық өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.

Өнер мектеп өмiрiнiң алғашқы күнiнен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретiнде, әлемдi бiртұтас эстетикалық жағымды мәнiмен қабылдауға, бағалауға және ассоциациялауға, яғни оймен байланыстыруға, бейнелi ойлауға үйретiп, көркемдік білім, біліктілігін дамытады. Әсемдікке баулып, өнер шығармаларын әсерлі сезініп, түсінуін және оны толқыныспен қабылдауын қалыптастырады.

Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ жеде қабыл нәтежиесі ғана көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүлге өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірынша дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.

Бейнелеу өнерін оқытудағы осындай жетіспеушіліктер пәннің мазмұнын қайта қарап, жетілдіру мен жаңарту қажеттігін ұсынады. Қазіргі таңда бұл міндеттерді шешудің өткір қажеттілігі ғана емес, объективті мүмкіншіліктерінің бар екендігі байқалды.

Дипломдық жұмыстың нысаны Кескіндеме оқыту әдістемесінің үрдісі.

Дипломдық жұмыстың пәнi: Үйірме жұмыстарында кескіндеме оқыту әдістемесі

Дипломдық жұмыстың мiндеттерi: Үйірме жұмыстарында кескіндеме арқылы оқытудың мазмұны мен әдістемесін анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеу;

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: - мектепте бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында кескіндеме оқытуға насқау дайындалды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.

1 бейнелеу өнерін оқытудың негізі

1. 1 Кескіндеме өнерін оқытудың жас ерекшелігі

Ғылыми тұрғыдан тану дегеніміз - жер-жаћан шындығын, күш қуатын парасат - білімін пайдалану, ұғыну, адам игілігіне айналдыру үшін оныњ бар құбылысын ой санаңмен көре білу. Ғылыми таным үлгісінің тарихи жолы бастан кешкен, сезінген тәжірибелік білім дер негізінде қалыптасқан.

Деректердің молдығы, оларды қорытып, топшалау арқылы жинақталған қыруар білімнің бірте-бірте жүйелену ең алдымен дүние кеңістігінде бағыт-бағдар табуға мүмкіндік берді. Осы мүмкіндіктен барып “жер бетіндегі” табиғат құбылыстарын ғана емес, алыс аспан шырақтарының да қозғалысын зерттеп, бақылау ісі басталған.

Танитын адамның танылатын дүние болмысына қатынасы бір-бірінен алшақ кете алмайды, сырт көзге әр- текті көрінер денелер әрекетін іштей бауырластырып жіберетін диалектикалық толассыз тіршілік бұл. Таным өрісінің кемелдену дәрежесіне қарай бейнелі ойдың бірте-бірте құбылыс сырына тереңдеп бойлап, шын жаратылыс мәнісіне барған сайын жақындата түсер рухани қыруар үлгісі, жалпы адамзаттық көркемдік түйіндеу тәжірибесі мен ғылыми жаңалықтар салтанатты көп шындықтың куәсі етіп отыр.

Жұмыр жерге табанын тіреген әр адам көзімен көріп көкірегімен сезетін жер - жакан иелігін шексіз - шетсіз ұлан - ғайыр дүние мұқиты көмкерген .

Ою-өрнек, бояуы түрлі-түсті, тұңғиығы тере, дамып, құбылып, бірте -бірте өзгеріп, тынысын кеңейте беретін ұлы жаратылыс ұғымына адам баласы Әлем, ғарыш, ғалам дейтіндей ғалама балама тапқан. Ғылым мен көркем өнердің даму белестері, адамзат ұрпағының міне дәл осы ғалам құпиясын ашу жолындағы ғасырлар бойғы бай тәжірибесі, сайып келгенде хақ дүниенің бірлігі заңдылығына сүйенген біртұтас әлем тану тарихын құрайды.

“Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды”, - дейді Абай жетінші сөзінде. Ақынның жалынды жүрегі, өмір шындығын мейлінше саралап түсінуге талпынған құдіретті көңіл заман қайшылығы жайлы тебіреніп отырып, әлем құпиясына ой жіберген.

Бүгінгі әдеби өнер туындысының көпшілігіне енді әлем айдынының жалаң суреті, сыртқы сұлулық беделі ғана емес, ғылыми ізденіс жаңалықтары да тікелей тән. Табиғат әлемін, оның қат-қабат қасиеттерін, ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан танып - білудің жаңа Велесі Томас Манн мұрасында дәстүрлі, қалыптасқан, байырғы пейзаждық үлгілердің өзін құлпыртып жіберген .

Көркемдік таным үлгісінде әлемшегі тек көрнекті жер бедеріне, дүние келбетіне тарихи қатынас, көзқарас құбылысы арқылы ғана емес сонымен бірге көзге көрінбейтін адам өмірімен, тұрмысымен белгілі бір дәрежеде сабақта үздіксіз ашылып жатқан әр қилы жаңалықтар арқылы да өрісін кеңейтіп келеді.

Көркемдік таным табиғатын, өзіндік мүмкіндігін жетілдіре отырып, адам баласы жаңа ғасыр, ғалам сырын жете тану, игеру жолында құлшына қызмет етуде ұлан ғайыр макроғарыш, жаратылыс тұңғиығына әсіресе көркем фантастика терең деп бойлап еніп барады .

Суреткер фантастсист бірін-бірі толықтыратын ғылым мен көркемөнердің тоғысқан тобында тұр. Дүние болмысының құпия қазынасына ғажайып кейіпкер, амал-тәсілдерімен барлау жасап, көз жіберіп, олар адамзат ұрпағының болашақққа бетбұрған салтанатты сапарын ғалымға дейін ұлғаюы -өнер мазмұнын байытып, табиғат тану сезімін ұштай түскен. Ғарыш мұхитын жан- жақты қайталанбас ғажайып сұлулығымен, көркемдік тұрғыдан игеру өрісінде жаңа жанрдың туып, қалыптасуының алғашқы белгілері де көріне бастады. Жай көз онша дағдылана қоймаған бояу, рең құбылыстары бай жаңа аспан денелері бедерін, күн мен түннің алмасуын аңғартар қап-қабат тосын ырғақтары, кең байтақ әлем тұңғиығының жанарыңды жасытар түр -түсін біршама ажырата алатын болдық .

Тұңғыш ғарышкер - суретші Леоновтың шығармалары шынайы, шыншылдық мәнерде салынған, адам баласының зеңгір көк құбылыстары жайлы тікелей сезім - түйсінісін жеткізуге тырысады. Өз сөзінде ғылыми ұғым бәрін бірдей жан жақты қамтитын қаншама құдыретке ие бола берсін, бәрібір, адамзат ұрпағының рухани дүниесін, қайталанбас қанық ғарыш бояуын қаз - қалпында бере алатын тек көркем өнер деген. Ғалам мұхитының ғажайып бояулар реңін, жердің үш түрлі белдеуін, басќа әлемдердегі күн мен түн алмасынуының жан білмейтін өзгешіліктерін, жалпы, бұрын қиял мен асқақ арман үлесіндегі құпия жұмбақ сырларды ол тұңғыш рет жұртшылық иелігіне айналдырды. “Ғарыш таңы” да, “Түнгі жер” де біздің бүгінгі замандастарымыздың жан жылуын, сезім түсінігін, қуаныш - құлшынысын, адамгершілік мейірімін жырлаған. Үш түрлі бояудың құлпыра жайнап құбылған сәукеле - сәні арқылы әлем кеңістігінің сұлулық сипаттық бояу соны ырғақтатқан.

Ақын жазушылар, суретшілер, ғалымдар дүние болмысының біртұтас сұлулық, ғылыми келбетін айқындау жолында бірін - бірі толықтырып, байытып бірегей ғибратты үлгілер дарытатын сәттер аз емес. Мұндай кезде әдетте көркемдік ой логикалық, теориялық толғамдармен сабақтасып ақиқат өмір шындығы, жаратылыс құбылысы көбіне бейнелі көрініске, суретке айналып кетеді

Дүние тану үрдісінің қарышты қадамы, шексіздігі - заттар мен құбылыстар шексіздігіне тікелей байланысты. Көркемдік таным нысанасы айқындала түскен сайын пейзаждық өнер шеңбері де ұлғайып, тақырыптық ауқымы кеңейе бермек. Жаратылыс шындығын нақтылы тарихи кешен тұрғысында барлап оның сан - салалы белестерін жан - жақты қамту өнер құбылысына тән белгілер.

Бұл тарапта кеңес суретшілері өзге елдер табиғатын мүсіндеу арқылы жол суреттерін жасаумен бірге жұлдыздар әлемін игеру тақырыбын да рухани тірек тұтқан.

Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Көркем өнер көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден ғалам кеңістігінде нақты тарифи дерегімен беріле зерттеп, мүмкін қадырынша оларды өмір шындығына бір табан жақын, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда. Күн айналысындағы кеңістік көлемі туралы кейінгі ұғым, әлем тану жітілігі, ғарыштық жаңа өлшемдер, таным нысанасының бүкіл шерітетін аңыз болжам әңгімелер геология ғылымы жаңалықтарымен өзектесіп, өріліп мазмұн - мағынасы тереңдей түскен. Ғылыми, көркемдік дүние таным тәсілдерін табиғи табыстыратын ғылыми көпшілік жанр қалың бұқараға қозғалықты әртүрлі әдеби түрде, құнарлы, бояулы тілмен ғылыми жаңалықтар ұлылығын жеткізіп, іздену өрісін ашатын бейнелеу, суреттеу сыршылдығымен де бағалы.

Бояу ашықтығы, бейнелеу ізденістеріндегі тапқырлық, жазу мәдинеті, өмір өрісін, адамзат ұрпағының арман -мұратын кеңейтер көкейкесті мәселелерге барлау, - сөз жоқ, фантастардың жан-жақты сөз ететін шеберлік сипаттайтын біріне айланып отыр.

Бірақ соған қарамастан, қалай дегенмен, “Әлем және адам“ тақырыбы көркемөнерге әлі де мейлінше баяу игеріліп келе жатқанын біз тіпті де жасыра алмас едік. Көз көріп құлақ естімеген табиғаттың таң ғажайып кеңістігін тану жолында қазіргі адам баласы жеткен ұлан-ғайыр рухани дүние өсу, жеке бір салаларда ғана болмаса, көркемдік ой жүйесі әлі тұтас қамти алған жоқ. “Ғылыми фантастика . . . Бірақ ол осы қазіргі қалпында біздің рухани сусынымызды қандыра алар мекен ?” - дейтін Ш. Айтматов сөзінің жаны бар.

Көркемдік таным қашанда өз заманының ғылыми табыстармен сабақтас дамыған. Суретшілер ежелден жаратылыс сырына жан-жаќты бойлау үшін ғылыми әдістерді кең пайдаланып, көркем өнер әсіресе дүние құбылысының мән-мағынасын сезіну жолында математикалық зерттеу үлгілерімен керем ет байыған. Кешендік құрылым, өрістілік қағидаларының ашылуына байланысты дүние заңдылықтарын зерттейтін математикалық әдіс қылқалам шеберлерін ерекше қызықтырған. Көрінетін нәрселер, нысаналар құрылысын орналасу тәртібін бейнелеуде ауа, жарық сәуле қатынасын айқындауда ғылыми жетістіктер мен заңдылықтар тікелей басшылыққа алынып, бейнелеу өнері ақыл-ой, парасат, білім ұғымымен пара-пар саналған кездер де болған.

Табиғат құбылыстарын бағалап, сыр-сипатын саралап жете сезіну жолында жаратылыс зерттеушілер тәрізді пейзажистке де өсімдіктер дүниесін тал май зерттеп, ботаника негіздерін игеру керек еді. Адам баласының жарық, ауа қозғалысы, бояу, түр-түс құбылысы тұрғысынан тану, түйсіну мүмкіндігін кеңейту үшін бейнеленетін нәрсенің ішкі құрылымын белгілеп, кеңістік өріс заңдылығын айқындау үшін геометрия, математика ғылымдарын да зерттеп үйрену қажет болған.

Шын суреткер маңдайына, міне, осының бәрін жазған, оған мол мұра, зор жауапкершілік бұйырған. Адамзат ақыл - ой дарытқан ғылым - білім, парасат мұратын өз бойына жан - жақты сіңірген көркем - өнер үлгілері ғана ұрпақтан ұрпаққа қастерлі қазына болып қала береді. Шын мәніндегі сүбелі өнер туындыларының қай - қайсынан да біз осындай жаратылыс тынысына жан біткендей, суреткер көңіл күйімен, шеберлік, сезімімен біте қайнасып, бір тұтас рухани игілікке айналған бай білім, өлмес бейнелер қуанышын табамыз.

Замандастары “орыс өнертану ғылымының қадірлі қолбасшысы” ретінде бағалаған, жан тәнімен беріліп голланд бейнелеу өнерінің тамаша үлгілерін жинаған Ресей ғалымы, саяхатшы П. П. Семенов - Тянь- Шанскийдің “Нидерланды бейнелеу өнері тарихы жайлы нұсқалар” авторы ретінде танылуы да тегін емес. Осы “Нұсқалардың” бүтіндей екінші бөлімі, бірінші бөлімінің жеке тараулары көркем өнердегі табиғат тақырыбына арналған. Біртұтас дүние келбетін айқындауға ғылыммен көркемөнердің өзара бауырластығы тақырыбы ғылымдарды, өнер шеберлерін көптен бері ойландырып келеді. 1880 жылы Д. И. Менделеев “А. И. Куинджи суреті алдында” деген мақала жазған. Менделеевтің пікірінше, жаратылыс тану ғылымы мен жер бедерін бейнелеу өнерінің үзеңгілес тууы мейілінше сүйсінерлік құбылыс. Адам өзін қоршаған дүние болмысына еркінірек ой жүргізіп, ұшы қиырсыз кең әлемге көкірек - көзін тікті. Тұңғыш рет өзі “табиғат” деп аталатын біртұтас алып құдыреттің жұрағаты екенін сезінді.

Табиғат көркі бұлардың қай - қайсысынанда негізгі нысана, негізгі кейіпкер, бүкіл суретті көмкеріп тұрады. Ал, таураттық желілерге көріністің азын аулақ аумағы ғана арналған. Бір шығарманың өзінде суретші табиғат кескінінің ұлан - ғайыр қиыр - қырқасын түгел тізіп, көзіне түскен құбылыстың бәрін де қамтып қалуға тырысады. Жалпы таным жүйесіндегі осы өзгерістердің өзі - ақ жаратылыс жайлы жинақталған бүкіл ұғым - білімді мейілінше көрікті бейнелеуге бірте - бірте жол аша берді. Ғылым жетістіктерін талмай, тынымсыз қадағалап, рухани сүйеніш тұту - пейзаждық өнер туындыларына ортақ қасиеттердің бірі.

Көркем өнерді ғылымиландыру ұранын біздің заманымызда абстракционизм мамандарын ту қылып отыр. Джон Бор “Жаңа пейзаж” дейтін мақаласында қазіргі Америка суретшілері ұстанған қағидатты қолдайды.

Бұл - бізге мейілінше кереғар көзқарас. Өнер үшін ғылымды, білімді ежіктеп ұғындыру бірден - бір дара мақсат емес. Көркемдік ойлау жүйесін бұлай қарабайырландыруға ғылым мен жаратылысты түсіндіретін нобайлы ұғым тәсілімен алмастыруға есте болмайды.

Абстракционистер жаратылыс мағынасын тек ғалым аясында - логикалық ой желісімен ашуға тырысуда “Абстракционизм табиғаты ХХ ғасырдағы америка көркемөнеріндегі бейнелеу жєне мүсін өнерінің табиғатқа қатынасы ”дейтін кітабында жарияланған өзге бір мақаласында Бор абстракционис- абстракциялау дегеніміз - ең мәнді белгілерді тап басу тер пейзажы “логикалық қаруға айналып бара жатыр, абстракциялау дегеніміз ең мәнді белгілерді тап басу - оны өрістету, еселеп күшейту” деп жазады.

Бордың сөзімен айтқанда, ғылыми қисынды талдаудан абстракционизмнің айырмашылығы - табиғатты жіктеп, жіліктеп алу, қалағанынша ер кін қайта құрастыру, жинақтау болып табылады. Ал, жаратылыс мәнін бұлай беталды, қалай - солай тану мүмкін емес. Суретші табиғат әлемін қисындылық тұрғысынан жүйелеуге тіпті міндетті емес, нобайлап ойлау жемісін айшықтап бейнелеп, ғылыми түсінікті көркем көрініске көшіру ешқашан оның дара мақсаты болмаған.

Ғалам көрінісінің ғажайып жұмбақ сырларын, заңдылығын, сезім байлығын, сұлулығын жан - жақты игеру жолында ғылыммен көркем өнердің жаңа белестерге көтеріле беретіні даусыз.

Көркемдік тұрғысынан дүние сырын игеру - жаратылыс шындығына, әр - нәрсе, әр құбылыстың мән - мағынасына талдау, саралау жолымен жай ойлана үңілу ғана емес, ол ең алдымен күлліәдемілік әлемін, сұлулық сипатын бар табиғатыңмен беріліп жан - жақты тану, рухани жан - жылуымен егжей - тегжейлі сезіну.

Табиғат бейнесінен біте қайнасып, бауырласып кеткен екі бірдей қатынас шамасын байқаймыз, танылу сипаты, бағалау сипаты. өнер туындысында әдетте жаратылыс шындығы осылай танула отырып сұлулық көрінісі ретінде бағаланады, айшықты өрнекті келісімін табады. Дүниені сұлулық жанрымен сезіну, көркемдік тұрғыдан тану жалпы өмір құбылысына табиғи қатынас түрлерінің бар өзгерісі қоғамдық даму үрдісімен қаншалықты дәрежеде сабақтастығын кейінгі өнер тәжірбиелерінен де аңғаруға болады. Телжанов шығармасында адам табиаттың өзекті арқауы, оның мән мағынасын ашатын тиянақ -тірегі ретінде білдіріп, ұлттың бояу рухы да айқын аңғарылған.

Пейзаж тек тес бейнесі ата қонысымен бауырласып, біте қайнасқан байсалды бір парасаттылық бабын жеткізеді. Жер мен адам жарасымы бірегейлік табиғат құшағында адам салтанатын даралап, әсемдеп жырлауға мол мүмкіндік туғызған. Дала төсінде терең ойға шомған еңселі қазақ сол суретке жан біті ріп, жаратылыс келбетіне айрықша ажар дарытқан.

“Сұлулық дегеніміз - адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи әлеуметтік құбылыс”, - деп жазады профессор В. П. Тучаринов. Осы көзқарас бізге біршама дұрысырақ көрінеді.

Өйткені табиғатқа тән ақиқаттық қасиеттерсіз, адамның оған өзіндік жеке қатынасынсыз сұлулықты сезіну мүмкін емес. Көркемдік, әдемілік ұғымының өн бойына осы екі қасиеттің екеуі де аялған, біреуінен бас тартсаңыз екіншісі бәрбір жеке дара сұлулық сырын жеткізе алмайды.

1. 2 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің

даму тарихы.

Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.

Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.

Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір - сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Абстракция туралы ұғым
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz