Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
  1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
3: 5
КІРІСПЕ . . .:
  1. Азаматтық іс жүргізу субъектілерінің түсінігі және мәні.
  2. Азаматтық іс жүргізу субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
  3. Іс жүргізуге тең қатысушылықтың түсінігі және оның түрлері……
  4. Азаматтық процестегі тиісті және тиісті емес тараптар.
3:

5

14

16

17

КІРІСПЕ . . .:
  1. ТАРАПТАР АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ………
3: 19
КІРІСПЕ . . .:
  1. Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретіндегі тараптардың құқықтық сипаттамасы
  2. Тиісті емес жауапкердің түсінігі және сипаттамасы
  3. Іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлығы. .
3:

19

49

56

КІРІСПЕ . . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3: 62
КІРІСПЕ . . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3: 66

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс «Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама) » деген тақырыпқа арналған. Дипломдық жұмыс азаматтық іс жүргізу субъектілерінің түсінігін, мәнін, азаматтық іс жүргізу субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін, іс жүргізуге тең қатысушылықтың түсінігін және оның түрлерін, азаматық процестегі тиісті және тиісті емес тараптарды, тараптардың құқықтық сипаттамасын, іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлығын ашуға бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тиісті тарап, тиісті емес тараптарды ауыстыру мен процессуалдық құқық мирасқоры туралы сұрақтар қозғалады. Процеске бірнеше талапкерлер немесе бірнеше жауапкерлердің қатысуына ой бөлініп заң шығарушы осы кезде мына заң терминді қолданады - процессуалдық қатысушылық. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі мен азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі бұл екі процессуалдық категория бола тұра материалдық және процессуалдық құқықпен тығыз байланысты. Бұл категориялар азаматтық процесте маңыздылардың бірі және материалдық құқық субъектілерінің азаматтық процеске қатысуына не қатыспауына мүмкіндігін бөліп қарастырып анықтама береді. Бітіру жұмыста көрсетілген категориялардың маңыздыларын ескере отырып процессуалдық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ерекше көңіл бөлінеді. Азаматтық процессуалдық қатынастың субъектілері ішінде мына тараптар ерекше орынға ие: талапкер, жауапкер, азаматтық істі қараудағы басты қатысушы тұлғалар болып табылады. Бұл тұлғалардың құқықтық жағдайы әртүрлі болғанымен, бірақ бұлардың мүдделері азаматтық іс жүргізу заңымен бірдей қорғалады. Тараптарды бір - бірінен айыратын негізгі белгілер болып мыналар - азаматтық істен шығатын жеткілікті дәрежедегі заңдық мүдделілік. Мақсаты құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотпен қаралатын істегі барлық материалдық - құқықтық және процессуалдық сұрақтарды қарау кезінде тараптарға сот өндірісіне қатысу бастамашылығын таңдау құқығы берілген. Тараптар істе материалдық - құқықтық заңи мүдделі болады: істі қарау нәтижесінде бір тарап материалдық игілікке ие болса, басқасынан ол алынады. Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адам және азамат өзінің бұзылған құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау үшін сотқа талап арыз, не талап өндірісінен басқа да шағым, арыз беруге құқығы бар.

Талап өндірісі - азаматтық сот өндірісінің басты түрі.

Азаматтық істер - бұл ереже бойынша талап істері. Сондықтан, көп жағдайларда құқықты қорғау талап өндірісінің тәртібімен сот арқылы қорғалады. Құқықты қорғаудың талап формасы көп жағдайда азаматтық процессуалдық форма сәйкес келеді.

Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша азаматтық процесстің қатысушыларының түсінігі мен маңызын құқықтық және теориялық тұрғыдан зерделеу, саралау осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Атап айтқанда, мына мәселелер қарастырылды, азаматтық процесстің субъектілері, олардың түсінігі мен түрлері, азаматтық іс жүргізу субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері, іс жүргізуге тең қатысушылықтың түсінігі және оның түрлері, азаматық процестегі тиісті және тиісті емес тараптар, тараптардың құқықтық сипаттамасы, іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлығы.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Зерттеудің объектісі болып- азаматтық процесс қатысушыларының азаматтық іс жүргізу кезінде қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Диплом жұмысын зерттеудің жалпы диалектикалық- танымдық әдістермен қатар арнайы ғылыми әдістер, оның ішінде: логикалық, тарихи жүйелеу, құрылымдық, салыстырмалы және тәжірибелік әдістемелер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары, мерзімді басылымдар мен арнайы әдебиеттер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 68 бетті құрайды.

  1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫАзаматтық іс жүргізу субъектілерінің түсінігі және мәні

Азаматтық іс - азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау - дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар - намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б. Қ қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай - ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай - ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.

Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.

  1. Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды. Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды. Сот приставы - төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді. Сот орындаушысы - бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымдм тұлға.
  2. Іске қатысушы адамдар- тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мілімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар. Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды. Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед:
  1. өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді;
  2. мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.
  1. Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар.

Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын, субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысаңында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтың және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюы немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп-шотынан талап қоюшылық пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында жөне ҚР Азаматтың іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.

Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамыіна ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес:

• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді) ;

• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін) ;

• прокурор;

• мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;

• ҚР АІЖК-нің 56, 57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;

• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК-нің 289-бабы) жатқызамыз.

Сот төрелігін жүзеге асыруын жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот ұыйдастырушысы, өкіл және т. б. жатқызылады.

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК-ның 44-бабы) . Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар - сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы, және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы - сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өзмүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер - талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер - сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК - нің 45 - бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖК - нің 46-бабы) қажет.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі - азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттігі, материалдық құқық субъектілері болып

табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады [1] .

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі - сотта құқықтарын өз іс - әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті [1] .

Тұлға азаматтық іс жүргізуге қатысқан кезде нақты белгілі бір құқықтық жағдайға ие болады. Қатысушының іс жүргізудегі мәртебесін дұрыс анықтамау істе соттық қателесу, яғни бұл соттың дұрыс емес актісін шығаруға әкеледі.

Тараптардың қатысуынсыз іс жүргізуде жоқ, сондықтан азаматтық істе олардың құқықтық жағдайын ғылыми зерттеу және практикалық іздену үлкен мағнаны білдіреді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында және жалпы мойындалатын заң ережелерінде тараптар іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектісі ретінде іске қатысушы тұлға. Істе сот және тараптар арасында пайда болатын қатынас, негізгі азаматтық құқықтық қатынас болып табылады. Бұл қатынастар болмаса азаматтық сот өндірісі де болмайды. Сондықтан тараптар-азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары. Осылардың арасында пайда болатын азаматтық (үлкен мағынада) құқығындағы дауы, соттық қарау және рұқсат беру пәніне айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Апелляциялық шағым наразылық беру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі
Арыз
Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы
Заңдылық түсінігі және қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz