Қазақстан Республикасының кеден саясаты


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ

1. 1. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқарудың мемлекеттік басқару саласындағы орны

1. 2. Кедендік бақылаудың қағидалары

2 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ

2. 1. Кендік бақылаудың тәртібі және нысандары

2. 2. Кедендік бақылау жүргізуді ресімдеу және кедендік бақылау

құжаттары

2. 3. Кедендік бақылау саласындағы кеден органдарының құзіреті

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер мен

арнайы әдебиеттер тізім

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еліміздің әлемнің барлық мемлекеттерімен қарым қатынас жасап отырған бүгінгі жағдайында және Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикаларының Кеден одағын құруы қарсаңында кедендік бақылауды жетілдіру және нығайту экономикамыз үшін, әсіресе ұлтттық қауіпсіздікті сақтауда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Нарықтық қатынастардың кең етек жа юы жағдайында, сыртқы экономикалық қызмет қоғам мен жекелеген адамдардың өмірінен елеулі орын алып, сыртқы экономикалық қызметтер арқылы мемлекеттің ел экономикасының өсіп дамуына белсенді де қарқынды түрде ықпалын тигізіп отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің биылғы ел халқына Жолдауында « . . . ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ», деп атап өткен болатын[1] .

Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Заңда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлык тауарлар мен көлік кұралдары кеден бақылауына жатады. Кеден бақылауы кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеру және т. б. белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі. Соңғы кездегі статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізге келетін тауарлардың 20-30 пайызы контрабандалық жолмен ел аумағына енеді екен [2] . Бұл мәлімет кедендік бақылауды одан әрі жетілдіре түсу қажеттілігін көрсетеді.

Кеден бақылауы анықталған кеден бақылау аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен баска орналасу үшін рұқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналастыруға тиіс аумаққа және ғимаратқа кез-келген тұлғаның келуі үшін алдын-ала кеден органына хабарлама, қажетті құжаттар талап етіледі немесе бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.

"Кеден кодексінде" кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауының жалпы ережелерінен тыс "шетелдік тұлғалардың жекелеген категорияларына берілетін кеден жеңілдіктері" деп аталатын ерекшеліктерді қарастырады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ

1. 1. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқарудың мемлекеттік басқару саласындағы орны

Кеден саласы қоғамның дамуының негізгі бір материалдық көзі болып отыр. Нарықтық қатынастардың кең етек жаюы жағдайында, сыртқы экономикалық қызмет қоғам мен жекелеген адамдардың өмірінен елеулі орын алып, сыртқы экономикалық қызметтер арқылы мемлекеттің ел экономикасының өсіп дамуына белсенді де қарқынды түрде ықпалын тигізіп отырғандығы белгілі. Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдалануы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатындығын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруға байланысты өз көзқарастарымызды білдіріп өтсек. Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде ол әр алуан қоғам мүдделерін көздейтіндіктен осы салалардағы мемлекеттік басқаруларды жоққа шығаруға болмайды; екіншіден, мемлекеттің экономика, қаржылар, инвестициялар және әлеуметтік-мәдени салалардағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей түбірлі реформалар кезеңінде мемлекеттің, мелекеттік реттеудің рөлі күшейе бермек; Үшіншіден, мемлекет ешқашанда нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына септігін тигізетін зор мүмкіншіліктер бар екендігін ұмытпағандығымыз жөн; Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туғызады және оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің қолынан келеді; Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді барынша үйлестіріп отыру қажет. Ал бұл процестер өздігінен жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі; Алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туғызады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекеттің құзырында болады. Сондай-ақ, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық салалардағы қажетті режимдерді белгілейді, ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Осы жерде айта өтер жәй, мемлекеттік басқару ілімі, осы жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенмен, көптеген мәселелер оның ішінде инвестициялар саласындағы мемлекеттік реттеу жеткілікті деңгейде өз шешімін тапқан жоқ. Мемлекеттік басқару мына келесідей өте күрделі субъектілік тұрғыдағы элементтер жүйесінде, яғни “мұқтаждық -мүдделер -мақсаттар - ерік білдіру -нормалар -қағидалар - көзделген белестер -пайдалар - ынталандырулар”шеңберінде қалыптасып, дамығандықтан замана және нарықтық экономика талаптарына толығымен жауап беретін сияқты[3] .

Сонымен бірге, қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реттеудің өзі де мемлекеттік басқару болып табылатынын білуге тиістіміз. Басқарудың көпқырлы аспектісімен қатар әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, саяси және этикалық тұрғыдағы көзқарастары басқаруды қоғамдық құбылыс түрінде адамзат пен қоғамның өзара іс қимыл механизміне ұтымды қосылған, көпқырлы категория ретінде танытады.

Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның салаларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымдардың негізі бар екендігін көреміз. Басқару биліктің қызмет атқаруы болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік басқару мынадай ерекшеліктерге ие: 1. Мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекеттке түседі. Мемлекет мемлекеттік-құқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық және басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды ұйымдастырады; 2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асады; 3. мемлекеттік басқару ғылыми негіздерге сүйенеді.

С. С. Алексеев мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келе, сондай-ақ осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып мына төмендегідей басқару сатыларын бөліп шығарған: басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау; 2. басқару шешімін дайындау және қабылдау, 3. шешімді атқаруды ұйымдастыру; 4. есептеу және бақылау[4] . Ал, мемлекеттік құрылыс және құқық саласының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берген: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асатын қызмет. Сонымен қатар, ол мемлекеттік басқару жүйесінің мына әрекеттер мен элементтерді қамтитындығын көрсеткен:

1. басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;

  1. басқарушылар мен басқарылушы объектлердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс-қимылдардың жиынтығы;
  2. мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері;

Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда, актлерде міндетті үш элементтің болғаның қалайды:

  1. басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
  2. құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
  3. жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің қызметтері түріндегі ықпал ету объектісі [5] .

Латынның “администрация” сөзі басқару деген мағынада айтылады. Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады. Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екендігін байқаймыз.

Ал өз кезегінде, адамдардың бірігіп жасаған іс-қимылдары, әрекеттері ұйымдастыруға әкеліп саяды. Ұйымдастыру біріншіден, адамдардың бірігіп жұмыс жасауларына қажетті бірлесу болып табылады. Басқаша сипаттасақ, басқаруды біріккен адамдардың өздеріне тиісті жұмыс, қызметтерін атқаруыларымен байланыстырамыз. Демек ұйымдастыру (басқару) тек адамдардың бірігуімен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар олардың өз қызметтерін жүзеге асыру тәртібін де қамтиды. Басқарудың негізгі міндеттеріадамдардың брлескен қызметтерін ұйымдастырумен байланысты болғандықтан, олардың өзара іс-қимылдарын әртүрлі бірлестіктермен және қызметтерінің бағыттарымен нысаналай отырып қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл туралы К. Маркс “әкімшіліктік мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі” деп айтқан болатын [6] Демек, басқаруға әлеуметтік функция ретінде ұйдастырушылық сипат тән. Ұйымдастырудың бұл маңызды көрінісі бірлесіп қызмет атқарушылылардың өз функцияларын орындаумен қатар дербес жұмыстардың арасындағы ауыз бірліктен, келісімнен тұрады.

1. 2. Кедендік бақылауды жүргізу қағидалары

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады.
Кедендік бақылау аймақтары оларда кедендік бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендік тексеріп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргізу кезіне құрылатын болуы мүмкін.
Кедендік бақылау аймақтарын құру мен белгілеудің тәртібін, сондай-ақ кедендік бақылау аймағына жіберу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын көрсету бойынша рұқсат етіледі.
Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, тауарлар мен көлік құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегінде өткізуге кеден органының рұқсатымен ғана жол беріледі.
Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер берудің міндеттілігі. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті.
Кеден органы кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы .
Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәліметтер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен көлік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті.
Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды Кеден Кодексінің 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс [8] . Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Мемлекет Басшысы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген өз Жолдауында Үкімет және мемлекеттік органдар үшін жұмыстың басымды бағыттарының бірі ретінде бизнеске арналған әкімшілік ауыртпалықты азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен, әсіресе кіші және орта бизнес үшін лицензиялауды, сертификаттауды, аккредитациялауды одан әрі оңайлатуды атап өтті. Осыған байланысты, сондай-ақ жүргізіліп отырған «Кеден - адал сұхбат» акциясының шеңберінде ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті өткізу пункттеріндегі бақылау рәсімдерін оңайлату, көлік құралдарының шекарадан өту уақытын жаңа енгізілімдерді іске асыру жолымен қысқарту туралы бастамашылық жасады. Олардың негізгі мәні ықпалдасқан бақылауды енгізуде, ҚР ҚМ КБК Жедел басқару орталығы базасында мониторингтің ведомствоаралық жүйесін құруда, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарының санын және оларды беру мерзімдерін қысқартуда. Бақылау функцияларын өткізу пункттерінен (шекаралық бақылауды қоспағанда) тораптағы терминалдар мен Кедендік ресімдеу орталықтарына көшіру де ұсынылып отыр.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ

2. 1. Кендік бақылаудың тәртібі және нысандары

Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кедендік және басқа да заңнамаларының орындалуын бақылайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүзеге асырушы шаралардың жиынтығы.

Кеден бақылауы кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен мыналарға байланысты жүзеге асады:

Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтуші өнімдер және көліктерге;

Қазақстан Республикасы Кеден Кодексімен қарастырылған тауар және көліктер туралы мәліметтердің және құжаттардың кедендік декларациясына;

кеден брокерлері сипаттас тұлғалардың қызметін, кедендік аудармашылардың, сонымен қатар жеке кедендік режимдерінің ішінде қызметін жүзеге асырушылардың және уақытша сақтау кедендік қызметін ұсынушылардың қызметін;

тауарларды қолдану және басқару құқығына қойылған шектеулерді сақтау;

кедендік төлемдерді және салықты төлеу және аудару.

Кедендік бақылау нысандары:

1) кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

2) ауызша пікір сұрау;

3) түсіндірмелер алу;

4) кедендік қадағалау;

5) тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

6) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

7) жеке тексеру;

8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін соғу;

9) тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

10) тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;

11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады [9] .

Кеден органдары, құжаттардың түп нұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді.

Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі. 442-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрату және оларды тексеру, егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергі жасамауға тиіс.

Ауызша пікір сұрау

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пікір сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбашасында ресімделмейді.

Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.

Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру

Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.

Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.

Кедендік тексеріп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін сауда саясаты
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Арнайы экономикалық аймағының кеден саясатының ұғымы мен жалпы сипаттамсы
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Орталық Кедендік орган
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz