Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру


Химия-биология мамандығы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: “Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік

жұмыстарды ұйымдастыру”

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР- ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ

НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ

1. 1 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

1. 2 Өзіндік жұмыстардың маңызы, міндеттері мен мақсаттары

2 “Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік

жұмыстарды ұйымдастыру”

2. 1 Биогенді элементтердің таралуы және рөлі

3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

3. 1 Факультативтік сабақтардың - өзіндік жұмыстарды арттырудағы ролі

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жаңа әлем табалдырығында алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын білім алуы қажеттігілігіне баса назар аударылған.

Қазақстан Республикасы және ғылым минстрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.

«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1] .

Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы - оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын, ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.

Қазіргі таңдағы экономиканың қарқынды дамуы жағдайда іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.

Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңыздыда күрделі.

Орта мектептердегі факультативті сабақтар барысында химияны оқытудың дәстүрлі әдістемесі, өзіндік жұмыстары мен сабақтар барысында инновациялық мазмұн мен дәстүрлі емес әдістер формасын жүзеге асыру қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу химияны оқушылардың білімін жоғарлату әдістемесін ұсынуға мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмыстарға баулуға арналған химия курстарына дидактикалық тапсырмалар жүйесін жасап шығару; зерттеу мәселесі бойынша ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: философиялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді және зерттеу мәселесі бойынша нормативті құжаттарды синтездеу және сараптау; теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін сараптау; бақылау, салыстыру, жалпылау, педагогикалық тәжірибе, тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы химияны оқытуға арналған факультативті сабақтардың мүмкіндіктерін қолданудың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дәлелденген әдіс-тәсілдерінің жасап шығарылуы болып табылады.

Дәстүрлі және ұйымдастырушы инновациялық формалар мен тәсілдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін химияны оқытудың теориялық моделін ойлап шығару бітіру жұмысының теориялық мәні болып табылады.

Химияны оқыту процесі барысында факультативті сабақтарды жүргізудің әдістемесін ұсыну, факультативті сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған және жалпы орта білім беруші, кәсіптік мектептердің мұғалімдері мен болашақ химия пәнінің оқытушылары - студенттерге арналып бағытталған химия пәнін оқытудың моделін ұсыну жұмыстың тәжірибелік мәні болып табылады.

Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты- оқушылардың таным белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.

Зерттеудің мақсаты -“Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру” тақырыбын факультативті сабақта тапсырма беру арқылы оқыту барысында 8-9-шы сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы химия пәніне деген қызығушылығын және ынтасы мен бейімділіктерін, білімін арттыру.

Зерттеудің нысаны - орта мектептердегі 8-9-шы сыныптарда химияны оқытуда факультативті сабақтарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.

Зерттеудің пәні - химия пәні 8-9-шы сыныптарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі мен мазмұны.

Зерттеу пәні өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденімпаздығын, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу орыны - Зайсан ауданы Көгедай ауылы Көгедай атындағы орта мектеп.

Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 49 беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ

НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ.

  1. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

Негізгі алға қойған міндеттерге сәйкес химия курсын оқытқанда оның жетекші идеяларына жете назар аударған жөн. Бұлар - заттар қасиетінің құрылысына тәуелділігі, қолданудың олардың қасиетіне байланыстылығы, химиялық реакцияларды олардың жүру заңдылықтарына сүйене басқару мүмкіндіктері, органикалық және бейорганикалық заттардың материалдық бірлігі, танымның құрылыстан біртіндеп тереңдеу мәнге қарай қозғалуы, елімізде халық шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі мен қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі туралы идеялар. Жетекші идеяларға назар аудару арқылы негізгі ұғымдарды меңгеруге және оқушыларға политехникалық бағдар беруге болады. Сондықтан химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдай толтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу керек.

Қазіргі кезде химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру керек. Сабақ, оқу таным жорықтары (экскурсиялар) факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы.

Оқытудың барлық формалары өзара байланысты. Ол ең алдымен жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.

Оқушыларға химиядан жүйелі түрде білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, көп жақты және көп қызмет атқаратын педагогикалық құбылыс.

Бұл сабақтардың барлығы мақсаты, мазмұны, өткізу әдістері жағынан өзара тікелей байланысты.

Оқу таным жорықтары

сыныптан тыс Факультативтік сабақтар

көпшілік жұмыс САБАҚТАР

сыныптан тыс сыныптан тыс

топтық жұмыс жеке жұмыс

Сурет 1 - Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларының жүйесі:

Сабақ мақсат қоюдан басталады. Сабаққа қойылатын талаптардан мақсаттар туындайды. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:

1. Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау.

2. Жаңа білім қабылдау.

3. Жаңа материалдарды жалпыға қорытындылау.

4. Білімді жетілдіріп, жаттығулар орындау.

5. Білім мен біліктерді қолдау.

6. Білім мен біліктерді меңгеру нәтижесін тексеріп, оқушылардың жетістіктерін талдау.

Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:

1. Жаңа материалды оқып - үйрену.

2. Білім мен біліктерді жетілдіру.

3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.

Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.

Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады:

1. Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату.

2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы.

3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.

Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік дидактикалық мақсат іске асады.

Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.

Кесте 1 Өздік жұмыстардың түрлері

Өздік жұмысты жіктеу
Өздік жұмыстар
№: 1
Өздік жұмысты жіктеу: Дидактикалық мақсаты
Өздік жұмыстар: Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау. Жаңа материалды ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру. Тексеру, бақылау.
№: 2
Өздік жұмысты жіктеу: Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты.
Өздік жұмыстар: Берген үлгілер бойынша көшіру. Жартылай іздену сипатында. Зерттеу.
№: 3.
Өздік жұмысты жіктеу: Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру формалары.
Өздік жұмыстар: Фронтальды. Топпен. Жеке - саралап.
№: 4.
Өздік жұмысты жіктеу: Білімнің қайнар көзі.
Өздік жұмыстар: Оқулық және анықтамалармен жұмыс істеу. Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу. Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу. Химиялық тәжірибелер жасау. Химиялық диктант жазу. Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. Графиктік жұмыс.

Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.

Өздігінен орындайтын жұмыстардың ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Олардың маңызы кейінгі еңбек жолында өздігінен білімін толықтыру кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау дағдыларын қалыптастыруда да оқулық пен жұмыстың үлкен маңызы бар.

  1. Өздік жұмыстардың маңызы, міндеттері мен мақсаттары

Оқушылар шығармашылығын дамытуда өздік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін өздік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.

Өздік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай батбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.

Химия пәні бойынша өздік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.

Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірақтары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.

Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.

Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығуын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т. б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын фвкультативтік сабақтар: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.

Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, факультативтік сабақтарда да, өздік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.

Өздік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу - мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғамнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезенде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.

Өздік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өздік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар факультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.

Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы - күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр.

Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, яғни өздік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өздік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өздік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.

Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.

Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өздік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс», «мектептен тыс», «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.

Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өздік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өздік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады, т. б.

Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер станциясында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бүған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.

Өздік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.

Факультативтік сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді: оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік сабақтар.

Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.

Топтық жұмыстардың негізгі түрі - факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.

Факультативтік сабақтар жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі - оқушыларға ерік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Факультативтік сабақтар уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді.

60-70 жылдары факультативті курстардың пайда болуы білім саласын жаңарту қажеттілігінен туындады, мектептердің біркелекілік сипаттылығы мен тұрақты бағдарламалар жағдайында білім саласына өзгертулер енгізуден өзге жол болмады. Факультатив термині француздық facultative сөзі мен латындық facultatis сөздерінен пайда болып, мүмкін, міндетті емес, қосымша таңдауға берілетін деп аударылады. Осыған орай, факультативті сабақтар оқушылардың ерікті таңдауы арқылы міндетті пәндермен қатар өткізіледі.

Факультативті сабақтар арқылы мектеп келесі төмендегі міндеттерді шешеді: оқушылардың белгілі бір пәнді неғұрлым тереңдете оқуға деген сұранысын қанағаттандыру; оқу-танымдық мүдделерді дамыту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Факультативті сабақтардың негізгі педагогикалық мәні осы болып табылады. Факультативті сабақтарға сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылады. Мұндай сабақтарда теория мен практика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Факультативті сабақтардың дәрежесі мен мәнісі әдеттегі сабақтардан жоғары, себебі, ол оқушылардың еңбекке деген қабілеттігін арттырады, олардың тәжірибе мен алға қойылған міндеттерді шешу барысында тәжірибелік іскерлікпен қамтамасыз етеді.

Орта мектепте факультативтік сабақтар химияны оқытудағы сабақтың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған факультативтік сабақтар мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, факультативтік сабақтар оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа, т. б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Көптеген мектептерде факультативтік сабақтар жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Факультативтік сабақтар жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезеңде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылуда.

Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын факультативтік сабақтары әрбір мектепте болғаны жөн.

Ауылдық жердегі факультативтік сабақтары ауыл шаруашылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды үйымдастырады. Факультативтік сабақтар азотты, фосфорлы, калийлі, т. б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.

Химиялық факультативтік сабақтар жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын факультативтік сабақтардың болашағы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Биогенді макро және микро элементтер
Микробалдырлар
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Ерітінділер, жалпы түсінік
Әдістеменің технологиядан ерекшелігі
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz