Бүргенің жыл маусымына ит пен мысықтың жасына байланысты таралу динамикасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Кіріспе . . . 3 - 4
  2. Ғылыми әдебиеттерге шолу . . . 5 - 27
  3. Еңбекті қорғау . . . 28 - 33
  4. Қоршаған ортаны қорғау . . . 34 - 39
  5. Өзіндік зерттеулер . . . 40 - 585. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері . . . 40 - 435. 2. Бүргенің жыл маусымына ит пен мысықтың жасына байланысты таралу динамикасы . . . 44 - 455. 3. Мысықтан жиналған бүргелердің түрлерін анықтау . . . 46 - 505. 4. Бүргеге қарсы карэте дәрісін сынау және қолдану нәтижесі . . . 51 - 535. 5. Ит пен мысықтың бүргелеріне қарсы ветеринариялықшаралар . . . 54 - 58
  6. Қорытынды . . . 59
  7. Ұсыныс . . . 60
  8. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61 - 63
  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік - экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор.

Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұймдастыру деңгейіне байланысты. Сол себепті, қазіргі ветеринариялық даму барысында әртүрлі ауруларды емдеу мен ол аурулардан сақтандыру шараларына ерекше көңіл бөлінуде.

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің өркендеуі үшін «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасын халқымызға жолдағаны белгілі. Бұл жолдауында ветеринария саласын дамыту бағыттары қарастырылып, 2003-2005 жылдарын ауыл жылдары етіп жариялауы осыған бірден - бір дәлел бола алады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы Қазақстан халқына жолдауында :-«Агроөнеркәсіптік кешен дамыу арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтанда біз тауарлы - сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс - көкеніс дақылдарды өндірісін ұйымдастыру ауыл шаруашылық техникаларын жинау жөніндеу өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өндеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өндеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату маңызды сала» - деп атап көрсеткен [1] .

Қазақ халқының ел - ауқатының арттырумен бірге ауыл шаруашылық, соның ішінде мал шаруашылық өнімдерін тұтыну ұдайы артып келеді. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қажеттігін анықтайды.

Мемлекетіміздің кез - келген аймағында кездесетін, шаруашылыққа үлкен зиян тигізетін зиянкес - жәндіктердің көбі инвазиялық және инфекциялық қауіпті ауру қоздырушыларын тасмалдаушы болып табылады. Бұл жәндіктердің шектен тыс көбейіп кетуі жануарлар мен адамдарда қауіпті аурулардың тууна әкеп соғады. Сондықтанда, жануарларды зиянды жәндіктердін қорғау - шаруашылық өнімділігін сақтап және қажетті тұқымды жоғарлатуға мүмкіншілік береді.

Шаруашылықтың алға жылжуы үшін жәндіктермен күресу шаралары айтарлықтай негізгі роль атқарады. Сондықтан, қазіргі заманғы шаруашылық кәсіпорындарында қатаң түрде ветеринариялық - санитариялық ережелерді сақтай отырып, жануарлар терімен күресу шараларын жоспарлы түрде ұйымдастыруды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді ветеринария мамандарының міндеттері мен мақсаттары кез - келген ауыл шаруашылық саласында жұмыс атқарғанда малдәрігерлік ісін ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жоспарлау және адамдар мен жануарларға ортақ қауіпті аурулардан сақтандырып, алдын алу шараларын жүргізу болып табылады.

  1. Ғылыми әдебиетке шолу.

Буынаяқтылар - жер шарында кең тараған, құрлық пен суда өмір сүретін организмдер. Жануарлар әлемінде олар омыртқасыздар арасында түрлерінің көптігімен басымдығын айқын байқатады. Қазіргі кезде буынаяқтылар типіне 1, 5 миллионнан астам омыртқасыздар түрінің жататыны анықталған. Олардың 90%-ға тақауы жәндіктер. Бұлардың көптеген түрлері табиғатта пайдалы болса, бірталайы адам мен жануарларға аса зияндылығымен ертеден белгілі.

Кейбір жәндіктер малға және ауылшаруашылығына үлкен зиян тигізеді және олар жер шарының кез-келген аймақтарында кездеседі. Олардың көбі инвазиялық және инфекциялық қауіпті ауру қоздырғыштарын таратушы болып табылады. Бұл жәндіктердің өзінің көптеп көбеюі жануарларда қауіпті аурулардың тапралуына әкеп соғады. Сондықтанда, жануарларды зиянкес жәндіктерден қорғау шаруашылық өнімділігін сақтау және қажетті тұқымды жоғарлатудың негізгі бір шарты болып табылады.

Шаруашылықтың алға жылжыуы үшін жәндіктермен күресу де айтарлықтай негізгі роль атқарады. Ірі фермалар мен комплекстерде көп көлемді жануарлардың бір түрі болады. Бұл паразиттік жәндіктердің тездеп дамуымен таралу қауіпін жоғарлатады. Қазіргі заманғы шаруашылық кәсіпорындарында жұмыстың алға қарай жылжуы қатаң түрде ветеринариялық - санитариялық ережені сақтауға байланысты, сондай-ақ жануарлар паразиттерімен күрес шараларын дұрыс және жан-жақты жүзеге асыруға тікелей байланысты [2] .

Зиянкес жәндіктері паразитологияның энтомология бөлімі қарастырады. Энтомология - (гректің entomon - жәндік, logos - ілім) жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым саласы. Энтомологияның маңызды салалары медициналық және мал дәрігерлік энтомологиясы.

Малдәрігерлік энтомология - малға зиянды жәндіктерді зерттеп, оларға қарсы күрес шараларын қарастырады. Жәндіктер жануарларға тек тоғышар ретінде ғана зиян келтіріп ғана қоймай, олар аса қауіпті аурулар қоздырушыларын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктердің көптеген түрлері энтомоз ауруларының қоздырушылары. Сонымен олардың тіршілігі жануарлармен тығыз байланысты. Олардың мал шараушылығына келтіретін зияны орасан зор.

Жәндіктер денесі үш бөліктен құралған: бас, кеуде және құрсақ. Басы алты сегіменттер қосындысынан құралған және кеудемен қозғалмалы жалғасқан. Бастың сырт пішіні әр түрлі. Қатты хитинді қабыршықпен қапталған. Бастың алдыңғы жағында жеке бунақтардан құралған мұртшалары мен қос қармауыштары бар.

Ауыз аппараты жәндіктің басының алдыңғы, кейбіреулерінің - астыңғы жағында орналасқан. Ол жұтқыншақ асты, үш жұп жақтан, жоғарғы еріннен құралған. Қоректену ерекшелігіне сәйкес ауыз аппататтары: кеміруші, сорушы, тесіп - сорушы түрлеріне бөлінеді.

Бастың екі жағында көптеген жеке көздерден (фасетка) құралған күрделі көздері орналасқан. Кейбір жәндіктерде бастың төбесінде бір - үш қарапайым көздері болады.

Кеудесі үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Әр қайсының астыңғы жағында бір жұп аяқтары бар, ал ортаңғы және артқы кеудеде бір жұп қанаттары бекіген.

Аяқтарында бір-бірімен жалғасқан, жамбас, ұршық, сан, сирақ және 1 - 5 буыннан тұратын табан, қос тұяқ бунақтары бар.

Жәндіктер құрсағы 5 -тен 11-ге дейін жеке бунақтардан құралған. Әр бунақ екі жарты сақиналардан, тергиттен (жоғарғы) және стерниттен (төменгі) тұрады. Көптеген түрлердің кейбір құрсақ бунақтары жартылай өзгеріп жыныс мүшесінің бөліктеріне айналған. Жәндіктердің 8 және 9 бунақтары аталықтарында сыртқы жыныс мүшелері гипопигийге, ал аналықтарында - жұмыртқа салғыш түтікшеге айналған.

Жәндіктердің бұлшық ет жүйесі дене және іш құрылысы бұлшық еттерінен құралған. Олар жәндік склетімен ішкі мүшелеріне бекіген. Бұлшық еттері жақсы жетілгендіктен жәндіктер өте күшті және шапшаң қимылдайды.

Іш құрылыс бірінің астына бірі орналасқан екі жұқа қабыршақпен үшке бөлінген. Әр бөлімдерде жәндіктің нақтылы ішкі мүшелері орналасақан: жоғарғысында қан айналысы; ортаңғысында - ас қорту, зәр шығару, жыныс мүшелері мен май қоры; төменгісінде - құрсақ - жүйке тізбегі.

Барлық дене мүшелерін қамтыған, тармақталған тыныс түтікшелері, кеуде және құрсақ буындарының екі жағында тыныс алу тесігімен жалғасады.

Май қоры бүкіл іш қуысын алып жатқан борпылдақ ұлпа, жәндіктің негізгі азық қоры.

Ас қорту жүйесі - алдыңғы және артқы ішек түтікшелерінен құралған. Ортаңғы ішек асқазан қызметін атқарады. Өйткені оның кілегей қабаты безді эпителиден тұрады. Ас қорту жүйесінің алдыңғы және артқы бөліктері хитинді ұлпамен қапталған.

Зәр шығару жүйесі - мальпигий түтікшелері артқы ішекпен жалғасқан. Гемолимфадан зат алмасу заттары мальпигий түтікшелерінен өтіп, шайылады.

Қан жүйесі ашық, бір ғана түтікшеден (жүрек) тұрады. Ол қан жолы тетігімен камераларға бөлініп, кеуде аортаға, дененің алдыңғы жағында ашық түтікшеге айналады. Қан мөлдір, сарғыш, жасыл, қызыл түсті.

Жүйке жүйесі жақсы жетілген және үш бөліктен: орталық, шеткі және симпатикалық жүйке жүйесінен құралған.

Сезім мүшелері: көз, иіс, бағдарлау, есту, дәм ажырату. Бұлар өте жақсы жетілген. Сезгіш мұртшалар және қармалауыш бунақтарында, дене мен аяқтарында көптеген ойыс, бұдыр төмпешіктер, қылшықтар мен түктер түрінде орналасқан.

Жәндіктер - дара жынысты. Аталық жәндіктердің жыныс мүшелері қос ұрық безі, ұрық жолдары мен ұрық шашатын түтікше, қосымша жыныс бездері мен қосалқы жыныс мүшелерінен құралған. Аналықтардың жыныс мүшелері қос аналық жыныс безі мен жұмыртқа өткізгіш, қосымша жыныс безі мен ұрық қабылдағыш және жұмыртқа салғыш түтікшеден тұрады.

Қазіргі уақытта жәндіктердің 1 миллионға жуық түрлері белгілі, бірақ, шындығында олардың саны одан едәуір көп, себебі ғалымдар жылына 7 - 8 мың жаңа түр ашады.

Осының ішінде бүргілерге келетін болсақ, бүргілер - сүт қоректілер мен құс денесінде өмір сүретін, ұсақ қанатсыз қан сорғыш жәндіктер. Бүргелер табиғатта кең таралған жәндіктер. Оларды жазық, шөлді жерлерден бастап, Тамир, Үлкен Алтай, Тянь - Шань, Алтай тауы сілемдерінің көгалдар алқабында кездестіруге болады. ТМД - елдерінде бүргелердің 500-ден аса түрі бар. Олардың 100-дей түрі Қазақстанда таралған. Табиғатты шаруашылыққа кеңінен пайдаланудың нәтижесінде, Орта Азия мен Қазақстанда эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тұрғыдан өте қауіпті, бүргілердің антропогендік фаунистикалық топтарының құрылуына мүмкіндік беретін, жаңадан қалыптасқан экосистемалар пайда болған. Сондықтан бүргілердің, әсіресе экологиялық тиімділігі зор, эврибионтты оба қоздырушысының негізгі таратушысы Pulex irritans қауіпі күшейеді. Бұл бүрге ет қоректілер мен адамның тоғышарлары. Негізінде ит пен мысықтың тоғышары Ctenocephalides felis пен C. canis, барлық кемірушілер мен адамның қанын сорады. Қой - ешкі, ірі қара, қодас пен жылқыда Vermipsylla alacurt пен V. Ioffi тоғышарлық етеді. Құстарда Ehidnophada gallinacае кездеседі.

Бүргілердің қан сорғыштар ретінде сондай-ақ індет және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде зияндылығы мол.

Бұл салада жүргізілген көптеген зерттеулердің ішінде Д. Вержебицкийдің (1903), адамдарда оба ауруы қоздырушысын бүргенің тасымалдайтынын дәлелдеуі үлкен жетістіктердің бірі болды.

Батыc және оңтүстік Қазақстанның шөлді аймақтарында обаның табиғи ошағында қоздырушыны тасымалдаушылар ретінде Xenopsylla minax, X. Conformis, X. Hirtipes, Paradopsylla terafifrons, Ceratophyllus laeviceps белгілі болса, Тияь - Шань тау сілемінде оба қоздырғышын Rhadinopsylla liventricosa, Oropsylla silantiewi, Ceratophyllus lebedewi таратады. Табиғатта қалыптасқан бүргілердің фаунистикалық тобымен, олардың иелері - кемірушілердің көптеген түрлерінің адам мекендеген жерге жақын ауысып, орналасуының нәтижесінде бүргілердің эпидемиялогиялық және эпизоотологиялық қауіпі арта түсуде.

Бүргілерді жіктейтін болсақ, бүргілер Arthropoda - буынаяқтылар типіне, Incecta - жәндіктер класына, Siphanoptera - бүргелер отрядына жатады. Оның үш тұқымдасы бар:

  1. Pulicidae тұқымдасы,

туыстары: Pulex

Xenopsylla

Ctenocephalides

  1. Vermipsylidae тұқымдасы,

туысы: Chaetopsylla

  1. Ceratophyllides тұқымдасы,

туысы: Ceratophyllus

1. Pulex irritans - барша жерде таралған адам бүргесі, олар етқоректілерде де болады.

2. Ctenocephalides felis және C. Canis - мысық пен ит бүргілері. Етқоректілерде, кеміргіштерде және адамда да кездеседі.

3. Vermipsyla alacurt және V. (Dorcocdia) ioffi - қой, ірі қара, қодас, жылқы және ешкіде кездеседі.

4. Echidnophada dallinacae - құс бүргесі.

5. Ceratohyllus gallinae - еуропалық тауық бүргесі.

6. Sarcopsylla penetrans - құм бүргесі, тропикалық жерлерде адамды, итті және шошқаны талайды.

Морфологиясы мен биоэкологиясына келер болсақ бүргелер қанатсыз, басы және денесі бүйір жағынан қысыңқы, ал үсті сарғыш және қошқыл қоңыр түсті жұқа қабықпен қапталған. Оның үстінде жыпырлаған тікеншелер және иректері бар. Соңғылар бүрегінің басында және кеуде бөлігінде ұштары арт жаққа қараған тәж түзейді (ктенидиялар) . Олар бүргенің отырғанында және қан сорғанда жануарлар денесіне мықтап бекуіне мүмкіндіктер береді.

Бүргенің ұзындығы 0, 5 - 16 мм. Бүргенің ұрғашылары еркек бүргелерден ірірек. Кейбір түрлерінің қанға тойынған ұрғашылар 16 мм-ге дейін үлкейеді. Басы дөңгелек, қозғалмайды. Екі қарапайым нүкте тәрізді көздері бар, мұртшалары қысқа, ауызы тікенді - сорғыш түрлі. Кеудесі созылыңқы, үш буылтықтан құралған, бұған үш жұп аяқтары бекіген. Олардың әр табанында, жануарларға мықтап бекінуге арналған, күшті дамыған тырнақшалары бар. Артқы аяқтары басқаларына қарағанда ұзынырақ және секіруге бейімделген. Құрсақ бөлігі он буылтықтан құралған, оның арқа жағында сегізінші буылтық үстінде күрделі сезім мүшесі пигидием орналасқан. ІХ және Х буындары жыныс жүшелеріне өзгерген. Ұрғашыларының артқы жағы домалақ, шығыңқы, церкилары байқалады, еркектерінің аналь сегменті екі жағынан қосылып, біраз көтерілген, жыныс мүшелері шығыңқы.

Жұмыртқасы жылтыр, ақшыл түсті, сопақтау, ұзындығы 0, 5 мм. Личинкалары құрт тәрізді. Ұзындығы 3 - 10 мм, ақ, сұрғылт, сары, қоңыр. Қуыршағы жібек тәрізді пілләмен қапталған.

Бүргелер толық өзгеріспен дамиды. Бүргелердің еркегі мен ұрғашысы сүт қоректілер мен құстарда бірнеше рет қоректенеді. Иесінің денесінен қоршаған ортаға түскен бүргелер көп айлық аштыққа төзімді. Ұрықтанған ұрғашылары жұмыртқаларын аңдар, кемірушілердің іні мен құстардың ұясына, еден саңлауына, топыраққа салады. Бір салғанда 3-6 сирек жағдайда 8-15 жұмыртқа салады. Бір тәулікте 1-14 рет жұмыртқалайды, ал тіршілігінде барлығы 500 ден 2500-ге дейін жұмыртқа салады. Температура мен ылғалдылыққа байланысты 5-60 күннен кейін ақ түсті ұзындығы 3-5 мм, аяқсыз балаң сатысы шығады да органикалық қалдықтармен, қан қалдықтары бар имагонның нәжісімен қоректенеді. Бүргенің личинкасын еденнің қуыстарынан, иттердің төсеніштерінен, т. б. табуға болады. Балаң бүрге үш рет түлеп сыртында пілләсі бар қуыршаққа айналады. Олардың ішінен ересек бүргелер шығады.

Бүргелердің мал дәрігерлік маңызына келер болсақ, бүрге ең алдымен жануардың балалары шыдамсыз келеді. Бүрге шағуынан жануар мазасызданып, ауырсынады. Жануардың жалпы жағдайы төмендейді, денесі қатты қышып, жүні ұйпаланып қалады. Ауру жануар бүрге шаққанда бірден жауап береді, өзін тістелеп, орнында тұрмай жүгіре жөнеледі, нәтижесінде жүні түсіп, шаққан жері бөртіп, қотырланып, жарақаттанады. Бұлай жалғасатын болса потологиялық процестерге айналуы мүмкін. Бүргелер етқоректілердің тамақ асты, мойыны мен қарнына жабысып қан сорады; қойдың мойын асты, кеуде мен арқасында топталады; құстардың басы мен мойынына жабысады.

Бүргелермен зақымдалған ит пен мысықта және шошқада дерматит дамиды, олар арықтайды. Өте қатты зақымдалған ұрғашылары мазасызданып, күшіктеріне қарамай қояды, күшіктері де мазасызданып, салмағын жоғалтады, өсіп - өнуі кешеуілдейді және әр түрлі ауруларға шалдыққыш келеді.

Жаздың жылы ауа райы бүргенің дамуына қолайлы кез. Жануарлардың қатты зақымдалуы (әсіресе күшіктер) қан аздыққа (анамия) әкеледі.

Тұяқтылар мен құс бүргелері ұзақ уақыт қан сорып, жануарларды бірқатар қансыздандырады. Мысалы, ала құрттың ұрғашысы тәулігіне 100 мг-дай қан сорады, ал олар әр малға 700-ден 7000-ға дейін жабысуы мүмкін. Олар өте ауыр, кейде өлім - жітімге ұшырататын вермепсиллез ауруын қоздырады. Бүргелермен зақымдалған қой қанындағы гемоглобин мөлшері 20%-дай төмендейді, мал арықтайды, тістерімен терінің қышыған жерлерін қасиды, 40%-ға дейін жүні түсіп қалады.

Тауықтардың жұмыртқа салғыштығы 5 - 50% төмендейді. Балапандардың өсіп - жетілуі баяулайды.

Ит пен мысық және адам бүргелері дипилидоз ауруының, ет қоректілерде қияр цепенінің аралық иесі.

Сондай-ақ бүргелердің денесінде оба, бруцеллез, пастереллез, топалаң, псевдотуберкуллез, листериоз, үй қояндарының миксоматозы, сіреспе және т. б. жануарлардың қауіпті ауруларының қоздырғыштары сақталып, оларды басқа жануарларға тасымалдайды.

Бүргемен зақымдалған жануарларды анықтау қиынға соқпайды. Жоғарыда айтып өткен клиникалық белгілерге, жануар түгі мен мал қораларын қарап, оларда бүргенің бар - жоғын анықтайды. Бүргелер әдетте қой жотасында, кеудесінде және мойнында, етқоректілердің - мойнында, қарын жағында және алқымында, құстың басы мен мойнында шоғырланады [3, 4, 5, 6] .

Бүргенің қоныс аударуын (миграциясын) анықтау әдісі. Бүргенің қоныс аударуын анықтау үшін маркілеу әдісін қолданады. Алдымен бүргелерді флюоресцина ұнтағымен сеуіп шығады (Деревянченко қызметкерлермен, 1957) кутикулаға жақсы сіңіріп, ауада тез кебетін 10 - 15%-ды этил спиртіндегі канифол ерітіндісімен (канифолды лак) маркілейді. Маркілемес бұрын бұл ерітіндіге алюминь ұнтағын, брилант көбігін, метилвиолет, сафранин қосып ақ, жасыл және қызыл бояу алынады. Содан жұмсақ пинцетпен бүргені басынан немесе құрсағының артқы жағынан қысып алып, өте жіңішке қыл қаламмен бүргенің арқасына бояумен нүкте қылып белгі салып шығады. Бояу кебу үшін бүргені бірнеше секунд ұстап тұрады. Бүргенің аяқтарына тамып кетпеуін қадағалау керек, бұдан жәндік өліп қалады. Бүргенің денесінде бояу лаборатория жағдайында бір, сирек екі ай сақталады, ал кемірушілердің інінде бояу бүргеде 3 ай көлемінде сақталған (қадағалау мерзімі) (Р. Б. Косминский және Н. Т. Соловьева 1959) .

Белгі салынған бүргелерді анықталған орындарға жібереді, содан шығарған нүктеден алысырақ әр жерлерден эксперимент аймағында әдістемеде алдын ала қаралған календарь мерзімінде бүргелерді аулайды. Ауланған бүргелерді өлтіріп, фильтрлі қағазға салып, спирт тамшысымен ылғалдандырады. Бүргенің денесіндегі бояу езіліп фильтрлі қағазды бояйды. Осылай эспериментальды бүргелерді анықтайды. Канифолды лакпен боялып, маркіленген бүргелерді жай көзбен және лупамен қарап ажыратады.

Кейінгі жылдары жәндіктерді радиоактивті изотоппен (радиоактивті фосформен - Р 32 және радиоактивті көміртегімен - С 14 ) белгі салу әдісі қарастырлыған. Яғни белгі салынған ересек жәндіктерді радометриялық аппаратура көмегімен немесе радиоавтография әдісімен табады. Бірақ бұл әдіс бояу әдісімен салыстырғанда қыйындау болып келеді [7, 8, 9, 10, 11] .

Кесте 1- Бүргенің кейбір түрлерінің таралуы (Е. Н. Павловск бойынша)

Түрі
Географиялық таралуы
Түрі: Pulex irritans
Географиялық таралуы: Барлық жерде таралған. Кәдімгі адам бүргесі, үйдің және үй жануарларының бұдан басқа етқоректілерде - қасқыр, түлкі т. б. жиі кездеседі.
Түрі:

Ec.

Idnophaga gallinaсae

Географиялық таралуы: Бұл түр Орта Азия, Кавказда, Төменгі Павольжеде таралған. Үй құстары мен үй сүтқоректілерінде кейде адамда болады. Сондай-ақ кірпі мен жабайы жануарларда жиі кездеседі
Түрі: Xenopsylla G
Географиялық таралуы: Бұл түрдің көптеген өкілдері бар (X. gerbilli, X. conformis X. skrjabini, X. hirtipes және т. б) . Қазақстанда, Орта Азияда, Кавказда кеміргіштерде кездеседі. Көптеген қалаларда (Батуми, Одесса, Махач - Кала, Ворошиловск, Ростов, Киев, Калинин, Ленинград т. б. ) обаны тасымалдайды. Бүрге егеуқұйырықта кездеседі Xenopsylla cheopis.
Түрі: Spilopsyllus cuniculi
Географиялық таралуы: Батыс Европада қояндардың паразиті
Түрі:

Ctenocephalides. S.

Ctenocephalus. K.

Географиялық таралуы: Барлық жерде таралған. Өкілдері - Ct. Cаnis және Ct. Felis иттер мен мысықтарда кездеседі, адамдарда да болады.
Түрі: Ceratophyllus gallinae
Географиялық таралуы: Тауық бүргесі, сондай-ақ көптеген басқа да құстардың ұясында болады.

Бүгелердің өмір сүруіне байланысты 2 топқа бөлінеді: ұя бүргесі және жүн бүргесі. Осыған байланысты бүргені өзінің иесімен, сондай-ақ ақырғы мекен ететін жерінен жинауға болады (иттер мен басқа жануарлардың төсеніші, құс ұясы, кеміргіштердің іні т. б. )

Тірі жануарлардан бүргені тарау арқылы жинайды. Жәндіктің жүгірісін тоқтату үшін алдымен жануарды жылы суға керосин қосып жуындырады. Содан жиі дүзді тарақпен тарап жинайды.

Сондай-ақ, жануарлардың жүнін гехсахлормен сүртіп жинауға болады.

Ұсақ жануарлардан (ит - мысықтың балалары, кемірушілер, ұсақ аңдар, т. б. ) бүргені керосин буымен қуып жинауға болады. Ол үшін жануарлардың өздеріне сай келетін кастрюлдің ішін, қақпағының ішін, керосин жағып, осының ішіне жануарларды отырғызады, қақпағын нығыздап жабады. Біраз уақыттан кейін кастрюлдің түбі мен қабырғасына жабысқан бүргелер қыл қаламмен оңай жиналады. Осылайша жануарлардың төсеніштерінен де жинауға болады (Е. Н. Павловский) .

Ұсталынған жәндіктерді өлтіріп, сол сәтте бензин немесе хлороформмен дымқылданған материалға салып содан бүргелерді 70 0 спирттке ауыстырады.

Бүрге мекендейтін тұрғын үйлерде, су немесе сұйық май құйылған талерканы қоюды ұсынады, сонда секіріп жүрген бүргелер осында түседі. Ал түнде талеркаға кішкене лампалар қойылады. Ертеңінде жабысқан бүргелерді қыл қаламмен 70 0 спирттке ауыстырады [12, 13] .

Бүргелерді кемірушілердің інінен жинау үшін «лента әдісін» қолданады. Ұсынған профессор И. Г. Иофф, өңдеген П. И. Ширинович.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таспа құрттар класының негізгі өкілдері
Иттердің парвовирусты энтеритпен ауруға шалдығу динамикасы
Қазақстанда кездесетін жыртқыштардың жекеше сипаттамалары
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары, оларға қарсы шаралар
Оба ауруы
Ауру қоздырушылары Piroplasmida отряды, Babesiidae тұқымы
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz