Қазақстандағы халал индустриясын қалыптастыру мәселесі


Реферат
Работа состоит из 52 страниц. Список литературы включает 23 наименований.
Цели исследования:
Осуществление анализа проблем особенностей халал-индустрии в Казахстане. В первой главе исследовательской работы дано определение понятиям «халал» и «харам». Рассматривались особенности халал-индустрии в мусульманских странах. Во второй главе большое предпочтение уделялось проблемам развития халал "технологии" в мировом рынке. А также, формированию халал идеологии в нашей стране. Постановка этих целей предопределила соответственно задачи исследования:
- Исследовать смысл соблюдения разрешенного и запретного в исламе.
- Проанализировать состояние халал-индустрии в Казахстане.
- Изучить зарубежный опыт в этом секторе и сопоставить его с опытом Казахстана.
- Определить и понять роль халал-стандарт комитета в развитии халал индустрии в нашей стране.
- По анализам исследовании показать пользу пользования дозволеннной пищи в Исламе.
Объектом исследования являются проблемы формирования и развития халал-индустрии в Казахстане. А это на сегодняшний день одна из немаловажных проблем в нашей республике.
Предметом исследования является роль и смысл создания . Теоретическую и методологическую базу работы составили методы сравнительного и сопоставительного анализа.
Структура работы: работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия ғылымдары және дінтану кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛАЛ ИНДУСТРИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
тақырыбы
Орындаған Уатханқызы. Л.
4 курс студенті (қолы, күні)
Ғылыми жетекші
Философия ғылымдары
және дінтану кафедрасы Құрманалиева. А. Д.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Шубаева. Ұ. К
Оқытушы. (қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
Философия ғылымдары
және дінтану кафедрасының
меңгерушісі, философ. ғ. д., профессор Байтенова. Н. Ж.
(қолы, күні)
АЛМАТЫ
2008
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. Исламдағы халал-харам антитезасы
1. 1Мұсылман елдеріндегі халал индустриясының бірегейлігі . . . 6
1. 2 Әлемдік нарықтағы халал индустриясын дамыту «технологиясы» . . .
ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы халал өнімдер индустриясы
2. 1Халал индустриясын қалыптастырудағы халал - стандарт комитетінің орны
2. 2Халал индустриясы мұсылмандық мәдениетті қалыптастыру көзі ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы «Халал» индустриясын қалыптастыру мәселесін шешудегі, алғашқы атқарылуы тиiс міндеттердің бірі тамақ өнеркәсібін сапамен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, жүзеге асыру болып табылады. Бұл салаға басымдьқ берiлуiнiң басты себебi, Республиканың салауаттылығы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар ұрпақты тәрбилеуде жатыр.
Бүгiнгi таңдағы ұлтымыздың амандығы мен саулығына кепілдік бола алатын мәселелердің бірі - индустрия саласындағы өнім сапасын басқарудың жаңа моделін құру болып отыр. Және халықтың санасын қалыптастыру мақсатында, Республикамызда жаңа идеологияны дамыту концепциясына, яғни халал идеологиясына көп көңіл бөлінуде, оның орны мен рөлiне баса назар аударылуда.
Ертеңгі күні еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикалық жағынан дамыған, өркениет көшінен өзіндік орын алуға елеулі үлес қосатын қоғамның негізгі күші - мемлекет азаматтарын халал стандарттағы өніммен қамтамасыз ету. Еліміздің болашағы болып, ұлтымыздың гүлденіп, мемлекетіміздің қарқыны да ілгері дамуына үлес қосатын мақсаттарды қолдаудың маңызы өте зор.
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде халал индустриясын қалыптастыру жүйесіндегі «халал» стандартын енгізу мен жетілдіру мәселелерін көтеру. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде тамақ индустриясының өзекті проблемасы ретінде қаралып келе жатқан мәселесі, адал өнім. Бітіру жұмысының мақсаты - халал-индустрия саласындағы мәселелерді анықтап көрсету және олардың практикалық шешімін ұсыну. Бүгінгі таңдағы бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарға сараптамалық баға беру.
Диплом жұмысының әдістемелік негіздері: Зерттеу материалдары ретінде Халиф Алтайдың «Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі», «Таңдаулы хадистер аудармасы», Інжіл (орысша нұсқа), Қазақстан Діни Басқармасы «1001 Хадис» деректерін пайдаландым. Бітіру жұмысы барысында осы саладағы қазақстандық авторлар Н. Қазыбеков, Н. О. Өсеров. Ө. Қ. Қопабаев, Н. Өсерұлы сынды материалдары пайдаланылды. Мерзімді басылымдардан «Наш Мир», «Ислам және өркениет», т. б. жарияланған материалдар алынды.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Берілген жұмыстың құрылымы төменгідей:
Кіріспе, 2 тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды, глоссарий және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Бірінші тарауда Исламдағы «халал» және «харам» түсініктері жайлы және мұсылман елдеріндегі және шет елдердегі халал индустриясының өндіріс секторының ерекшеліктері мен тәжірибесі қарастырылды. Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы халал өнімдер индустриясы мен халал стандарт комитетінің мәселелері мен олардың перспективалары қарастырылды. Әлемдік деңгейдегі халал өнімдерді өндіру технологиясын дамытудың бірнеше шешімдері ұсынылды.
І ТАРАУ. Исламдағы халал-харам антитезасы
1. 1 Мұсылман елдеріндегі халал индустриясының бірегейлігі
Исламдағы рұқсат етілген (халал) және тыйым салынған (харам) туралы түсініктер діннің негізін құраушы мәселелердің бірі болып саналады. «Халал» және «харам» түсінігі Құран мен пайғамбар (с. ғ. с. ) Сүннетінде жиі кездеседі. Халал сөзі үш әріпті түбірден құралған, яғни «халля» -бұл араб тілінен аударғанда «босату; шешу; рұқсат беру; рұқсат деп санау» деген мағынаға ие. Мұсылмандық заңдар жинағы бойынша «халал» - бұл тыйым салынбаған, соған қатысты шектелмеген және Аллаһ істеуге рұқсат еткен деп талданады. ооо
Ал, «харам» сөзі де үш әріптен құралған түбір етістік, «харама» - бұл «арылу; бас тарту; тыйым салу; аластап қуу» деген мағына береді. Мұсылмандық заңнамаларда, «харам» - бұл Жаратушымен тыйым салынған, және соған сәйкес әрекеттердің мұсылмандық құқық тарапынан рұқсат етілмейтіндігі болады. Ал, бұл құқық шеңберінен шыққандарды өлімнен кейін ауыр жаза күтеді, ал тірі кезінде Шариғат заңдары бойынша жазаланады. Ғибадаттың (ғибадат - адамның Құдаймен тілдесуі) негізі - тыйым салу болып саналады. Мұндағы, ғибадат ету жолдарының кейбір түрлерін жартылай немесе толығымен алып тастау, не болмаса қайта енгізу. Мысалға, қанша қаласақ та біз өзіміз үшін намаздың алтыншы уақытын қоса алмаймыз, не болмаса, Рамазан айындағы ораза уақытын екі айға ұзарта алмаймыз. Сонымен де, мысал ретінде, зекет мөлшерін қысқарта алмаймыз, қой орнына тауық союды енгізе алмаймыз. Бұл дегеніміз, ғибадат бөлімінде біз барлық шарттарды өз ретімен міндетті түрде орындауымыз қажет дегенді білдіреді. Мумалятқа (адамдар арасындағы қатынас) келетін болсақ, экономика мен индустрия, киім өндірісінде бұл заттардың негізі Құранда және пайғамбар (с. ғ. с. ) хадистерінде тыйым салынғаннан басқаның барлығы рұқсат делінген. «Ол сендерге жердегінің барлығын Жаратушы»(Құран, 2:29)
Исламда халал нәрселер тізімі жоқ, себебі харам саны ғана бірқатар, ал халал ол Аллаһтың шапағатымен рұқсат етілгеннің барлығы болып саналады.
Әрбір халықта, әрбір дінде өз тыйымдары болады. Ал, ислам діні халал мен харамға келгенде сәл өзгешелеу. Мұнда тыйым мен рұқсат - Аллаһтың бір өзінен болмақ. Бұл шарттарды сақтамау, Жаратушыға қарсы шығу болып табылады. Жерге «Тәубе» сүресінің 31-ші аяты түскен кезде: «(Иудейлер және христиандар) Аллаһтан өзгеге құлшылық етіп, оларды құдай деп санаған . . . »
Қазіргі Исламды зерттеушілердің көпшілігі екі топқа бөлінеді.
Бірінші топтың принциптері батыс өркениетінің ықпалына икемделген. Олар пұтты құрмет тұтып, оған табынып, құрбан шалады. Олар батыс ұстанымдары мен дәстүрлерін қолданады. Егер исламның қандай да бір аспектісі бұл ұстанымдар мен дәстүрлерге сәйкес келсе, онда олар оны мадақтап, дәріптейді, ал егер қайшы болса, онда өздері пір тұтатын дәстүрге икемдеп, Исламды батыс өркениетінің дәстүрі мен философиясына бағындыруға тырысады. Мұны олардың Исламдағы харам нәрселерге жол беруінен: пұтқа табыну, лоторея, пайыз, заңсыз неке, ер адамдардың алтын тақпауы мен жібек киім кимеуі туралы тұжырымдарынан көре аламыз. Олардың сөздерінен Исламда ажырасуға, көп некелікке рұқсат етілген дегенді естуіміз мүмкін, өз көзқарастары бойынша, Батыста рұқсат етілген -бұл халал, ал тыйым салынған -бұл харам болып табылады. Бұл топқа жататындар, Ислам -бұл Аллаһтың сөзі екенін, Оның сөзі барлығынан жоғары, құнды, екенін естен шығараған. Біз Исламды емес, Ислам бізді икемдеуі керек. Адамдардың құдайы адамдарға қалай бағынады, және Жаратушы жаратқандардың іске аспайтын тілектерін қалай орындайды? «Егер де ақиқат солардың қызығушылықтарына ерсе, онда аспан, жер және сол жердегілер күңіренер еді » (Құран 23:61) «Иә, Біз оларға ескертулермен келетінбіз, бірақ олар өздеріне жасалған ескетулерден бас тартатын». Құранның барлық басылымдарына сәйкес келтірілген. Жалғыз ерекшелік - бұл бесінші сүре. «Әл - Маида» сүресі, Юсуф Алидің аудармаларында және басқа да аудармашылардың жұмыстарында аяттардың нөмірленуі сәл өзгешелеу. Бұл сүреден келтірілген аяттар кездесетін жерлерде, алдымен нөмір саны беріледі.
Айт: «Сендердің жанашыр достарыңның арасында ақиқатқа жетелейтіндер бар ма?» Айт: «Аллаһ ақиқатқа жол көрсетеді. Ақиқатқа жетелеушінің артынан ертіп жүруге құқығы жоғары ма, әлде өзі ертпей, оны ертіп жүруі керек ететін адамның құқығы жоғары ма? Сендерге не болған, сендер қалай ойлайсыңдар?» (Құран 10:35) . ооо
Екінші топта - құранның аяттары мен сүрелердің нөмірленуі, халал мен харам туралы мәселелерге қатысты ережелер өзгеріссіз көзқараста қалды, олар мәтін мен кітапта жазылғандарға сөзссіз сеніп, оны Ислам деп санады. Олар өз ойларынан бір қадам да артқа қайтпайды, тіпті оппоненттердің аргументтерімен өз көзқарастарын салыстыруға да бармайды. Егер де, олардың біреуінен әуен, ән салу, шахмат, әйел білімі, әйелдердің бетін, қолын ашып жүруі, т. с. с. сұраса, ондағы бірінші сөз «харам» болады. Бұл топ біздің ата - бабаларымыздың мінез-құлық мәдениетін ұмытқан, олар «харам» сөзін оған деген қатаң негізсіз қолданбаған. Егер оларда бұл мәселе бойынша күмән туса, олар былай деген: «Біз мұны құптамаймыз» немесе «бұл бізге жағымсыз», немесе осы тектес басқа ой болар еді.
Ақиқат Ислам мектептерінің (мазхаб) бірінде емес. Бұл мектептердің алдыңғы қатарлы ғалымдары өздерін күнә істемегенбіз деп ешқашан жариялаған емес; шын мәнісінде, олар ақиқатты іздестіру жолында зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Егер олар өздерінің тұжырымдарымен қорытындыларында қателескен болса, олар марапатталып отырған, егерде олар қателеспей дұрыс тұжырымдар жасаса оларды екі есе марапаттап отырған. Малик имам айтуынша: «Пайғамбардан (с. ғ. с) басқа кез-келген адамның сөзі өабылдануы және қабылданбауы мүмкін». ооо Ал, Шафиғи имамның айтуынша: «Менің көзқарасым дұрыс та бұрыс та болуы мүкін. Ал, маған қарсы көзқарас қате, кейіннен дұрыс болуы да мүмкін». ооо -« Талбис Иблис », 81бет . «Аллаһтың діні бойынша! Бұл діннен не артық?» ( Құран , 2 :138 ) . Рұқсат етілгенмен тыйым салынғаннан туралы түсініктер ежелгі кезден бастап мәлім болған. Дегенмен көпшілігі өріс түрлілік және харам мен табу себептеріне қатысты ойлары бір жерден шықпайтын, олардың көпшілігі өрескел сенімдер, ырымшылдық және мифтердің нәтижелері болатын. Кейіннен адамдарды ырымшылдық, мифтер мен тайпалық санадан жоғарылатушы халал мен харамға қатысты, заңдар мен жарлықтар жинағы бар Құдай аяндарының діндері пайда болды. Дегенмен Исламға дейін ертедегі пайда болған діндерде кейбір тыйым салу мен рұқсат ету болған, олар адамдардың үйреншікті өмір жағдайларына қатысты уақытша енгізіліп отырған. Мысалыға, Аллаө Израильдің балаларына тыңдамағандары үшін, кейбір заттарға тыйым салған. Бұл жайлы Құранда Исаның (с. ғ. с) сөзімен ескертілгендер бар.
«Торамен маған дейін жіберілгендердің ақиқаттылығын айқындау үшін сендерге тыйым салынғандардың бір бөлігін рұқсат ету үшін . . . » (Құран, 3:50) нәтижесінде, адамзат өз дамуының қажетті шегіне жеткен кезде, Аллаһ тағаладан соңғы өсиет Ислам келген, бар адамзатқа мәңгілік және бәрін қамтитын заңдары бар дін келді. Мұны растау үшін, Аллаһ айтқан: «Бүгін Мен сендерге өздеріңнің діндеріңді аяқтадым, сендерге менің шапағатымды аяқтадым, сендерге Исламды дін деп бердім» (Құран, 5:33) ооо
Құранға сәйкес, жалғыз ақиқат сенім бар, ол - Ислам деген. Ислам Аллаһқа, Оның әміріне санамен берілген жолмен бейбітшілікке жетуді білдірді. Барлық Пайғамбарлар мен Әулиелердің миссиялары (міндеттері) осы болған. Бұл Мұсаға, Исаға және Мұхаммедке (с. ғ. с) келген Аяндар, бүгінгі күні толық, түпнегізгі формасында жоқ. Құран - бұл өзінің бастапқы толық күйінде сақталған жалғыз Қасиетті Өсиет. Ол өздігінен, қазіргі кездегі сыни трактаттардың шынайылығын талдайтын критерии ретінде қолданыла алады.
Исламдағы рұқсат етілген мен тыйым салынғандық түсініктері айқын әрі түсінікті. Ол Аллаһтың ұлы сенімінің бөлігі болып табылады, одан аспан, жер және таулар бас тартқан, бірақ адам қабыл алған. Бұл құдайлық сенім адамға жердегі елшілік, жауапкершілігн жүктейді. Осыған орай, адам Аллаһ үкіміне тартылады, ол марапатталады немесе жазаланады. Сол үшін Аллаһ адамға сана, ерік берген, содан кейін оған Өзінің Елшілері мен Аяндарын жіберген. Адамдар: «Халал мен харам не үшін қажет? Неге мен өз еркіммен істегім келгенді істей алмаймын?» деген сұрақтар қоймауы керек. Себебі, бұл оның таңдауы мен әрекеттерінің сыналуы болып табылады. Себебі, адам періштелер секілді таза рухани тіршілік емес, не болмаса жануарлар секілді, инстинктқа бағынышты тіршілік те емес. Ол солардың ортасындағы орынды алалады: ол рухани тазалыққа қол жеткізе алады, тіпті, періштелерден де аса алады, бірақ ол сондай-хайуан деңгейіне де тіпті төмен түсіп кетуі де мүмкін. Бір жағынан Исламның барлық заңдарының жинағы яғни халал мен харамды белгілейтін заңдар адам өмірінің саулығын қамтамасыз етеді. Адамдық қиындық тудыратын ырымдар мен наным сенімдерден қорғайды, күнделікті өмір сүру жолын жеғңілдетеді оның жанын тәнін және санасын түзеу, қоғамның барлық табының мәселелерін шешу: байлардың және кедейлердің, басшылар мен қызметшілердің, ерлер мен әйелдердің. Барлық адамзат өміріндегі мәселелерді шешу олардың тегіне, нәсіліне, азаматтығына, өмір сүру жер мен жасына қарамастан күрделі мәселелерді шешу. Бұл дін құдайлық барлық шапағатқа толы мейірім ретінде адамзат дамуының соңғы сатысында келген дін болды. Осыған байланысты Қасиетті Құранда Аллаһтың Пайғабары (с. ғ. с) туралы былай делінген: «Біз сені әлем үшін мейірім бол деп жібердік» (Құран, 21:107) оооПайғамбардың (с. ғ. с) өзі де айтқан екен: «Мен рахымдылық сыйымын». [Әбу- Хурайрдың айтуынша; әл-Хакиммен айтылған; әз-Захаби бұл хадисті түп негіз деп санайды ] .
Халал мен харамда анықтаудағы Исламдық белгі келесі аятта берілген: «Айт: «Аллаһтың өз құлдарына түсірген әшекейлеріне кім тыйым салды?» Айт: «Бұл ақірет күніне ерте кезден сенгендер үшін ғана». Айт: «Жаратушым менің айуандыққа, оның ашық және жасырындарына, күнә мен зұлымдыққа, Аллаһқа серік қосуға тыйым салған». ( Құран, 7 :32-33) .
Халал мен харам не болып табылатынын анықтау әр кез маңызды мәселелердің бірі болып келген, оның шешімін Ислам келгенге дейін әлем халықтары таба алмаған, олар адасу жолында, таза емес, зияндының көпшілігін пайдаланып, таза және адалды пайдаланбайды, адасу жолында болған. Исламдағы халал және харамды, біз оны басқа діндер мен мәдениеттерге деген қатынасы арқылы салыстыра отырып қарастыруымыз қажет. Бір қарағанда, Исламдағы халал және харам мәселесі жеңіл сияқты болып көрінеді, алайда, шын мәнісінде ол өте күрделі мәселе. Бұл мәселе аумағында қозғалаған сұрақтар, жазылған жұмыстар жоқ деуге де болады. Оны зерттеушілер ақиқатты іздеу жолында өздерін толығымен Аллаһ Тағалаға арнаулары керек.
Олар адасу жолында не оңға не солға кете бастаған. Оң жақтағы шектік Үндістандағы аскеттік брахмандыққа және христиандағы монахтыққа беттеген. Басқа ағымдар безінуге немесе тәтті тағамнан бас тартуға немесе Аллаһ адамдарға жіберген өмірдің көптеген қуаныштарынан бас тартуға ұрындарған. Христиандық монахтың орта ғасырларда өз кемеліне жетті, ол кезде жақсы және таза заттардан бас атрту монахтар арасында кеңінен тарады олардың саны мыңнан асатын, оларда тіпті, аяқ жуу күнә болатын, ал моншаға барғандар кешірім мен өз күнәсірн мойындау керек болатын.
Сол жақ шектікке Парсыларда пайда болған маздакизома ағымын жатқызуға болады, олар адамзаттың жалпы құндылықтарына және әрекеттерге шексіз еркіндік жариялаған.
Ислам кезеңіне дейінгі (жахилия) арабтар күрделі адасушылықтың, адасушылықтағылардың жарқын мысалы болып табылады.
Құран тыйым салынғанды рұқсат еткен, ал рұқсат етілгенді тыйым салынғанды, яғни адасушылықты шешті.
Ислам қоғамға, яғни тура жолдан адасқандарға, халал мен харамды айыра алмайтындарға келді. Солсебептен де оның алғашқы міндеттерінің бірі халал мен харамды ажыратуға негіз болатын белгілі бір заңды ұстанымдарды орнату болатын.
Әділеттілік ұстанымдарының негізінде барлығын өз орнына қоя отырып, Ислам халал мен харам арасындағы тепе - теңдікті орнатты. Осылай, мұсылмандық үммет адасқандар мен безінгендер арасынан өз орталығын тапты, оны Аллаһ Тағала былай суреттеді: «Сендер адамдар алдында үлгі болған ең үлгілі қауым болғансыңдар» ( Құран, 3:110) .
Исламмен бекітілген алғашқы ұстаным, оның мәні - бастапқыда, Аллаһпен жаратылғанның барлығы адам үшін халал болады. Еш нәрсе, яғни жаратушыдан келетін сенімді наспен нақты тыйым салынғаннан басқасының барлығы рұқсат етіледі. Егер де нас сенімсіз болса, егер нақты дәлел болмаса рұқсат етушілік ұстанымы қолданылады. Ислам ғалымдары негіз шығарған ол - «негізінде барлығы адал», Ол келесі аяттарға сүйенеді: «Ол - сендерге жердегінің барлығын жаратқан». ( Құран, 2:29) . Және ол сендерге аспандағыны да, жердегіні бағындырды . . . ( Құран 45: 13 ) .
Нас - Құран аятын, немесе Мұхаммед Пайғамбардың істері мен айтқандары. Бұл Исламның екі негізгі қайнар көзі, яғни шариғаттың заңдары.
Исламда тыйым салынғандардың шеңбері көлемді емес, ал рұқсат етілгеннің шеңбері шексіз. Харамға қатысты ашық жарияланған бірнеше тыйымдар бар, алайда, наста айтылғандар жалпы рұқсат етілген негізге енеді және Құдай құдіретінің шеңберінде болады. Бұл байланыста Пайғамбар (с. ғ. с) айтқан:
«Аллаһ Өз Кітабында рұқсат еткен - бұл халал, ал тыйым салған - харам, ал айтылмай, ескерілмеген - Оның мейірімі ретінде рұқсат етілген болып табылады. Сондықтан да, Аллаһтан Оның мейірімін қабыл етіңдер, себебі Аллаһ еш нәрсені естен шығармайды . . . деп оқығаны: «Құдайың сенің ұмытшақ емес»» ( Құран , 19 :64) .
Салман әл - Фарсы айтқан екен, Аллаһтың елшісінен жануар майы, шикізат және терісі жайлы сұрағанда, ол былай жауап қайырған:
«Халал - бұл Аллаһ заңды еткен, ал харам - бұл оның тыйым салғаны, ал үндемегені - бұл Оның сендерге деген шапағаты».
Бұл хадис әл - Хакіммен айтылған және сахих ретінде сипатталған, сонымен қатар әл - Баззармен де мысалға келтірілген.
Осылай, батыс сұрағына нақты жауап қайырмас бұрын, Пайғамбар (с. ғ. с) халал мен харамды анықтаушы ортақ негізге жүгінген. Сондықтан, бізге Аллаһ нені харам, нені рұқсат еткенін білу қажет. Пайғамбар (с. ғ. с) сондай - ақ айтқан екен:
«Аллаһ сендерге белгілі бір міндеттер жүктеген, ендеше оларды ескермей қалмаңдар; Ол белгілі бір шекаралар орнатқан, ендеше одан аспаңдар; ал Ол айтпағанды - бұл мейірім деп біліңдер, бірақ, бұл Оның ұмытшақтығы емес, сондықтан да қайта - қайта сұрастыра бермеңдер».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz