Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Кіріспе
1 Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану . уақыт талабы
1.1 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
1. 2 Қазақ тілі сабағында модульдік технологияны қолдану
2 Қазақ тілі сабағында технологияларды пайдаланудың тиімділігі
2.1 Қазақ тілін проблемалық тұрғыдан оқыту
2.2 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен.
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында мемлекеттік тілді еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, тілді оқу орындарында оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту мәселесіне назар аударды.
Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.
Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп, бұрынғыға қарағанда күрделеніп, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріліп жатқаны да белгілі.
Қазір әдістеме ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы» деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.
Инновация дегеніміз – білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықтаған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру бағытын өрістеудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке тұлғаның құрылымымен, оның даму заңдылықтармен сәйкестікте ұйымдастырудан көрініс табады. Оқушылардың өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды. Қазіргі кезеңде «педагогикалық технология» – оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары, жаңа технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелерін беруде. Сондықтан оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын зерттеу әрі қолдану – қазақ тілін оқыту әдістемесінің де еншісіндегі басты мәселелердің бірі.

1 Білім туралы. Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: «Литера», 2000. – 96 б.
2 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әсем», 2003. – 368 б.
3 Ыбыраимжанов Қ. Педагогикалық технология // Бастауыш мектеп. – 2005. – №8. – Б. 6-8.
4 Раисова Г. Орыс мектептерінде мемлекеттік тілді оқытуда жаңа педа-
гогикалық технологияларды пайдалану // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс
мектебінде. – 2006. – №6. –Б. 3 -24.
5 Нағымжанова Қ. Қазіргі педагогикалық технологияларды – объективті
қажеттілік // Бастауыш мектеп. – 2005. – №7. – Б. 7-10.
6 Алтаева Ш. Сыни ойлау – шындалған ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2003. – №7. – Б. 53-59.
7 Машенова Ш. Қазақ тілін оқытуда жаңа әдістерді қолдану // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2005. – №4. – Б.28-35.
8 Нұматова Р. Оқытудың жаңа технлогияларын оқу-тәрбие ісіне енгізу // Мұғалім және заң. – 2009. – №6. – Б. 28-30.
9 Рысқалиев Б. Оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың әдістері мен формалары // Ұлағат. – 2009. – №10. – Б. 96.
10 Маханова К. Сыни тұрғыдан ойлау – білім көзі // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – №11. – Б. 21.
11 Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2008. – №4. –Б. 7-8.
12 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауы). Алматы: «Білім баспасы», 1998. – 96 б.
13 Рахматулина Г. Технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2008. – №4. – Б. 29-35.
14 М.Нұрмұқанов оқулары: Филология ғыл. д-ры, проф. Хайролла Мырзағалиұлы Нұрмұқановқа арналған аймақтық ғыл.-тәжір. конф. Материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. – 269 б.
15 Тыналина Б. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны пайдалану // Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде. – 2004. – №9. – Б. 103-113.
16 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту негізінде. – Алматы.
17 Қаражігіт А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары // Қазақ тлі мен әдебиеті. – 2005. – №5. – Б. 3-10.
18 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2006.
19 Сыздықова М. Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандарды даярлау мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – №1. – Б. 112-115.
20 Қараманқызы А. Модульдік технология // Сынып жетекшісі. – 2005. – №5. –Б. 22-23.
21 Байжанова З.Т. Жалпы педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Таймас баспасы, 2008. – 168 б.
22 Максимова В.Н. Проблемный подход к обучению в школе. ЛГПИ, - Москва, 1973.
23 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995. – 120 б.
24 Ерғожина Ш. Проблемалық әдіс арқылы оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – №11. – Б. 98-102.
25 Ахметова Г.К., Исаев З.Ә. Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 220 б.
26 Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2005. – 228 б.
27 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналған оқулық./ ред, басқарушы П.И.Пидкасистый; Ауд.: Г.К.Ахметов, Ш.Т.Таубаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 336 б.
28 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2004. – 420 б.
29 Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981. – 248 б.
30 Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М., 1972. – 239 б.
31 Махмутов М.И. Проблемное обучение (основные вопросы теории). М., Педагогика, 1975. – 362 б.
32 Ерғожина Ш. Проблемалық әдіс арқылы оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – №11. – Б. 98-101.
33 Жайлаубаева Қ. Проблемалық әдіспен оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. – №9. – Б. 15-17.
34 Жанәбілова А. Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – №9. – Б. 80-85.
35 Шадиева Н.Х. Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту жүйесі. – Астана, 2007. – 140 б.
36 Қайруллина Қ.А. Оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялар // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2008. – №6. – Б. 109-118.
37 Тыналина Б. Саралап оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2005. – №2. – Б. 65-69.
38 Момынбаева Б.К., Шермағанбет М.З., Асқаров С.Қ. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім сапасын жоғарылату // Білім. – 2009. – №6. – Б. 3-6.
39 Құлмағанбетова Б., Исанова А., Исинғарина М., Көккозова М., Құрманғалиева Р., Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Білім баспасы, 2000. – 144 б.
40 Жанбабаева Г. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы // Бастауыш мектеп. – 2005. – №1. – Б. 5-7.
41 Сарбасова Қ. Саралап оқыту // Қазақстан мектебі. – 2007. – №7. – Б. 28-30.
42 Сыбайласова Ж. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы // Сынып жетекшісі. – 2003. – №6. – Б. 15-17.
43 Жамантаева Г. Инновациялық технология білім сапасын арттыру кепілі // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2007. – №12. – Б. 26-30.
44 Окпина Б. Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологииясы // Сынып жетекшісі. – 2003. – №6. – Б. 3-5.
45 Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы талаптарына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі // Бастауыш мектеп. – 2003. – №9. – Б. 89-91.
46 Жұмабаева А.Т., Байсенова М.С. Оқушылардың шығармашылық қвбілеттерін инновациялық әдістер арқылы дамыту // Педагогика мәселелері. – 2009. – №4. – Б. 125-129.
47 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім заңы. Алматы: Дастан, 2000.
48 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2003 жылғы даму Концепциясы». – Астана, 2003.
49 Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Монография. – Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007. – 140 б.
50 Орысша-қазақша сөздік. Москва, 1954. – 812 б.
51 Қадашева Қ. Қазақ тілі: Оқытудың тиімді әдістемелері. – Алматы: Мектеп, 2000.
52 Айтбаева Б.М., Әбдірахманова Г.Х. Қазақ тілін оқытуда жаңа технологиялардың тиімділігі. Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – №3 (51), 2008. – Б. 79-83.
53 Сығаева Р. Сабақ берудің жаңа технологиясы – оқушылардың білім сапасын көтерудің кепілі // Педагогикалық кеңес. – 2006. – №3. – Б. 3-6.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру
бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен
ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне
ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына
сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге
жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді
жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов:
Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын
өнер, - деген екен.
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып
жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-
бір жолы.
Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында мемлекеттік тілді
еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, тілді оқу орындарында
оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту мәселесіне назар аударды.
Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай
компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру,
әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы
жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.
Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал
шындық, өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық
технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа
оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі.
Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп,
бұрынғыға қарағанда күрделеніп, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерінің де
жетілдіріліп жатқаны да белгілі.
Қазір әдістеме ғылымында оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен
қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз
байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.
Инновация дегеніміз – білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа
әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап,
оларды қолдану деп анықтаған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Білім беруді ізгілендіру,
демократияландыру бағытын өрістеудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке
тұлғаның құрылымымен, оның даму заңдылықтармен сәйкестікте ұйымдастырудан
көрініс табады. Оқушылардың өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне,
оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа
педагогикалық парадигманың өзегін құрайды. Қазіргі кезеңде педагогикалық
технология – оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асатын педагогикалық
жүйенің логикалық негізделген жобасы. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді
жолдары, жаңа технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру процесі
жүріп жатыр. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды
пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелерін беруде. Сондықтан оқытудың жаңа
педагогикалық технологиясын зерттеу әрі қолдану – қазақ тілін оқыту
әдістемесінің де еншісіндегі басты мәселелердің бірі.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Білім берудегі жаңа педагогикалық
технологияларды оқу-тәрбие ісіне енгізу, білім сапасын жоғарылату, қазақ
тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды, олардың әдіс-тәсілдерін,
стратегияларын қолданудың тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы: Білім берудің жаңа технологиясын
білу, тиімді түрлерін ұтымды пайдалану, педагогикалық және ақпатараттық
жаңалықтардан хабардар болып, жан-жақты, сапалы білім беру, кәсіби
шеберлікті қалыптастыру және қазақ тілі сабақтарында жаңа педагогикалық
технологияларды қолданудың тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Мемлекеттік тілді оқытуда
қазіргі заман талабына сай қандай принциптер негізінде, қандай тәсілдер мен
жолдар арқылы іске асып жатқандығын көрсету, білім беру, оқыту, тәрбиелеу
бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру зерттеудің мақсаты болса,
бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- білім алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді (технологияларды) пайдалану;
- өздігінен білім алудың жолдарын ойластыру, ұсыну, әдіс-тәсілдерді
жүйелі қолдану, оқушы еңбегін ұйымдастыра білу;
- оқу процесін ұйымдастыру жолдарын ойластыру.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық
технологиялар, олардың талаптары, әдіс-тәсілдері, формалары, түрлері және
олардың даму бағыттары мен жолдары дипломдық жұмысымыздың нысаны ретінде
алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Қазіргі заман
талабына сай білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, оның
жасалу жолдары мен әдіс-тәсілдері туралы, қазақ тілін оқытуға және
педагогикаға арналған Б.Б.Белғара, Ж.Нұржанова, Ф.Ш.Оразбаева, Ә.Әбиев,
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, С.Б.Бабаев, Ж.Р.Оңалбек, Т.Әбдікәрімова,
Т.Әбдіғалиева, К.Шәймерденова, Н.Х.Шадиева, Ж.Бектұрғанова, Н.Құрманова,
Б.Құлмағамбетова, А.Исанова, М.Исинғарина, М.Көккөзова, Р.Құрмағалиева,
П.Айтжанова т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерімен қоса, Қазақ тілі мен
әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде, Ұлағат, Сынып
жетекшісі, Педагогика мәселелері, Білім, Бастауыш мектеп т.б.
журналдар басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста
қазіргі қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды арнайы зерттеу
нысаны ретінде қарастырылып, қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды
енгізудің жеке тұлға дамуына әсері, тәрбиелік мәні, білім сапасын
арттырудағы рөлі, заман талабына сай білім беру мүмкіндіктері анықталды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және шындалған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық
желілерге шығу [1, 10-б.] делінген.
Оқытытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері
адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы
білімге адамдардың да барлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына
және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырады.
Дәстүрлі оқыту ұғымы XVII ғасырда Я.А.Коменский Ұлы дидактика
еңбегінің негізінде қалыптасты. Күні бүгінге дейін әлем мектептерінде
қолданылатын сынып-сабақтық оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі [2, 301-
б.].
Дәстүрлі оқыту технологиясының ерекшеліктері мыналар:
- оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық
көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш
өзгеріссіз сақталады;
- сынып бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен
жұмыс істейді. Осыған сәйкес, балалар мектепке бір мезгілде және алдын-ала
белгіленген уақытта келулері тиіс;
- оқытудың негізгі бірлігі – сабақ;
- сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір
материалмен жұмыс жасайды;
- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жасайды. Ол жеке пәндер бойынша әр
оқушының білімін жеке бағалап, жыл соңында сыныптан-сыныпқа көшіру
мәселесін шешеді;
- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі, оқу демалыстары, үзілістер, яғни
сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық жүйенің атрибуттары
[3, 6-б.].
Қазіргі ғылыми – техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік
талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың
мазмұны мен әдістері жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау
қажеттілігі туды.
Алдымен, техника, технология, оқыту технологиясы, білім беру
технологиясы, педагогикалық технология, жаңа педагогикалық технология
терминдерінің мағынасын түсініп, соны ақылмен аңғаруымыз керек. Әлемдік
педагогикалық тәжірибеде технология ұғымының екі мағынасы бар. Олар:
- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да борлсын
жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа формалары, амалдарынан
іздене отырып, белгілі бір уақытта алдыға нақты, тұжырымды мақсат қоя
отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық
технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен
ізденуді, яғни білім мен тәрбиеде ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа
ізденістерді оңтайлы пайданлану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жету
деген сөз. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу,
қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісімен адамның қорлары, оның өзара
қатынасы болып табылады. Бір жағынан оқыту технологиясы – ол ақпаратты
өңдеудің, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан,
оқыту үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді
қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясы
жүйелі ұғым. Оның құрамына кіреді:
- оқытудың мақсат-міндеттері;
- педагогикалық өзара қатынас құралдары;
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушы, мұғалім;
- іс-қимыл нәтижесі.
Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 -жылдарда
шетел зерттеушілері педагогикалық технология терминін енгізді. Оның мәні
жайлы соңғы он жылдықта белгілі болып кеткен көптеген анықтамалар бар. Атап
айтатын болсақ, олар мыналар:
- Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің
жиынтығы, қалыпты өзгерту (В.М.Шепель).
- Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі
(М.Чошанов).
- Педагогикалық технология – әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін,
әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амалдарын
анықтайтын психологиялық-технологиялық құрылымдардың жиынтығы. Ол
педагогикалық барыстың құралы болып табылады (Б.Т.Лихачев).
- Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған
шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және
өткізу, сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты
ойластырылған моделі (В.М.Монфсьв).
- Педагогикалық технология – білім беру түрлерін оңтайландыруда өзінің
тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды
есепке ала отырып, өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың
барлық процесін анықтау, қолдану, құру тәсілдерінің жүйесі (ЮНЕСКО).
- Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін
қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдің
жүйелі жиынтығы ретінде жұмыс істеу (М.В.Кларин).
- Педагогикалық технология – алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының
мағынасын бойына сіңірген мағыналы қорытындысы (Г.К.Селевко) [3, 7-
б.].
Технология – оқыту мақсатына қалай жету керек деген сұраққа жауап
береді. Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға
бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші.
Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты
шарттарын талдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттейді
және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-қимылды, сондай-ақ
олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-
әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелерінің
бірі.
Қазіргі таңда П.Эрдниявтың дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы, Ш.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың
оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модульді оқыту технологиясы,
П.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, проблемалық оқыту,
ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы, оқытудың
компьютерлік оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,
бағдарламалап оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы, ұжымдық
оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы,
шоғырландырылып оқыту технологиясы, толық меңгерту технологиясы, жеделдетіп
оқыту технологиясы, кәсіби бағдар беру технологиясы, білім берудің
ізгілендіру технологиясы, коммуникациялық оқыту технологиясы, ақпараттық
технология, кейс-технология, web-технология, интерактивтік әдіс
технологиясы, мультимедия технологиясы, телекоммуникация немесе электронды
оқыту технологиясы, кредиттік оқыту технологиясы, қашықтан оқыту және басқа
да көптеген технологиялар кеңінен таралған. Ал қазақстандық Ш.Қаланова,
Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова,
Ә.Жүнісбек, Қ.Ноғымжанова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа
технологиялары жан-жақты қарастырылады [4, 3-б.].
Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және
психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім
іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі, - көрсетеді С.В.Селевко [5, 8-б.].
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық
тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде
білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған
педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
1 Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану – уақыт талабы
1.1 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың
мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін
әзірлеу – қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелерінің бірі.
Технологияның тиімділігі, оның болашақ маманның психологиялық
ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты. Бұдан шығатын басты талап субъектінің
мән бере оқуы, жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы
ізденістер диалогы, оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру.
Оқытушы көбінесе әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.
Инновациялық білім – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет
пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік іскерлігін арттыруға, оқу
ісін дамытуға бағытталған.
Оқу және сызу арқылы сыни ойлауды дамыту бағдарламасына негізделген
сабақтар оқушыларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, көзқарасын өзгертуге
септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын
нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік
жағынан қызуғышылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударылады
[6, 53-б.].
Сын тұрғысынан деген не? Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол -
өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге өз
пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін
дәлірек қарастыру және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді
білдіреді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге оқыту деп аталады.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
1. Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы білетіндігі анықталынады,
белсенділігі артады.
2. Мағынаны тани білу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра
түседі.
3. Ой-толғаныс. Оқушылар өз ойларын өз сөздерімен айта біліп, өзара
алмасады.
Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану
барысында көптеген жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластарын
ашық сөйлеу, еркін ой-дағдылары қалыптаса бастайды. Өзіне сенімсіздік
білдірген бұйығы отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін
айта бастайды [7, 32-б.].
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының мақсаты мен мағынасы:
Білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен
түзіледі. Сабақ кезінде үйренуші мен үйренгенін саралап, салмақтап оны
қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді; қайта
қарап, өзгерістер енгізеді.
Сын тұрғысына ойлауды дамыту оқыту технологиясының мынадай стратегиялары
бар:
- Ой түйіндеу стратегиясы;
- Топтастыру стратегиясы;
- Кубизм стратегиясы;
- Бес жолдық өлең стратегиясы;
- INSERT стратегиясы;
- Сөздер сөйлейді стратегиясы;
- Түйінді сөздер стратегиясы;
- Интервью стратегиясы;
- Еркін ой стратегиясы т.б. [6, 59-б.].
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы –
шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар. Демек, сол әдіс-тәсілдерді
жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-
міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс
даналығы мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде демей ме? Сондықтан
мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отыратын
қазіргі жағдайда бұл технологияның маңызы зор.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мәселелерге
назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
2. Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау;
3. Қиялын дамыту үшін менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру;
4. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау;
5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау;
6. Жауап беруге тілек белдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау;
7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау;
8. Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру
[8, 29-б.].
Бұл жүйеде барлық стратегиялар үш кезең бойынша қолданылады.
1. Іс тапсырмастан бұрын ынтасын, үйретпес бұрын үйрену құмарлығын
оятып алу керектігі сияқтығы. Сын тұрғысыан ойлау сабақтарының алғашқы
бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады.
2. Ойланбай оқу шайнамай жұтқанмен бірдей болып қалмас үшін, Сын
тұрғысынан ойлау сабақтарында екінші – мағынаны тану кезеңінде мәтінді
жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүргізеді.
3. Білім ой толғаныс арқылы тек жалпыланып-жүйеленіп барып қана
қабылданатын Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында әрбір ұстаз шәкірттерін
ойлауға тұрақты түрде үйрететіндіктен, бала білім қоймасына айналып қалып
қоймайды [9, 96-б.].
Бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талпынбайтын, ғылымның маңызын төмен
санап, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі
орташа деңгейдегі балалар, адам танымастай өзгерді. Ал үздіктер мен оқу
екпінділерінің көпшілігі бұрын не жазаланбау үшін, не мадақталу үшін, не
өзгелерден жоғарырақ, жақсырақ болу үшін оқып келсе, қазір қызықты
ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды.
Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып
жатқан өзгерістер екені даусыз. Оқушылар жүргізген сауалнамаларға берген өз
жауаптарында жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау
сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастайды.
Академик Лернердің көрсеткендей білім-мәліметтер мен деректер,
икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әректтер, көңіл-күй құндылық
бағдарлары сияқты төрт бөліктен тұратынын мойындайтын болсақ, мектепке сол
ұғымдар мен деректер, заңдылықтар мен ережелер, теориялар мен идеялар деп
төртке бөлінетін алғашқысын толығырақ, ал арнайы пәндік, логикалық,
практикалық деп бөлінетін, екіншісін, жарым-жартылай ғана қарастырып,
қоғамның басты талабы болып есептелетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға
бағытталған соңғы екі бөлігін мүлде қарастырмайтынымызды мойындауға тура
келеді. Ал сын тұрғысынан ойлау сабақтарында білім беріп, икем-дағды
қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық – шығармашылық іс-әрекеттер арқылы бала
болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеп
дамытуына жағдай жасауға болады екен. Әр баланың танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген
сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы
жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастайды. Бір сабақта
білім беремін, келесі сабақта тәрбиелеймін немесе іс-әрекет дамытады, ал
мазмұн тәрбиелейді деген түсініктердің қате екеніне осы бағдарлама біздің
көзімізді толық жеткізіп отыр.
Дәстүрлі Бағыт Жаңаша
Жоспар орындау; Мақсат-міндет Тұлға қалыптастыру;
Сыртқы стимул; Ішкі мотив;
Оқытып-үйрету Дамыту, тәрбиелеу
Жатқа білу, түсіну, Стратегия Анализ, синтез, бағалау
қолдану Мазмұн, бағдарлама Мемлекеттік стандарт;
Білім, білік, дағды; Жылжыма, көп бағыт;
Тұрақты бір бағыт; Нақты міндет
Жалпы нұсқау
Көрнекі-үлестірме; Әдістемелік құрал Аудио, видео, компьютер,
Жалпы ортақ тапсырма; жеке деңгейлік тапсырма,
Әдістемелік жүйе оқыту технологиясы
Ортақ талаптарға Ұйымдастыру жұмысы Жеке ерекшеліктерге
бағытталған мұғалімнің бағытталған ұжымның
жеке басқаруына өзін-өзі басқаруы
негізделген
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегі [10, 21-б.].
Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте және демократиялық құрылым тараған
сайын жастар кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері
шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің
бірін таңдауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысынан ойлау – идеялар мен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап
жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп
тұжырымдайтын күрделі құбылыс. Бұл – әр түрлі деңгейде бірдей бір кезде
болатын екпінді және өзара болатын дамуға бағытталған бола тұрса да, ол
межеге аса мән бермейтін шығармашылық тұрғыдан да қаралады.
Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Көбінесе бұл ойлау ересек
оқушыларға ғана тән деп түсініледі. Бұл аса дұрыс түсінік емес. Жас балалар
өз даму деңгейіне байланысты ойы шыңдалып, кез келген мәселеге сын көзімен
қарай алады [11, 7-8-бб.].
Олар күрделі мәселелердегі тапсырмаларды шешуге аса маңызды жауапты
шешімдер қабылдауға құштар болып тұрады. Ешқандай алғы шартсыз,
дайындықсыз, мақсатсыз берілетін оқыту – стратегиялар мен нұсқауларды
қысқаша түрде жеткізіп отыратын қиын шындық.
Балалар жүйелі, сабақтастық принциптерге негізделіп берілген сабақтарда,
тіпті сол сабақта оқу материалдары аса жақсы болмаса да, озық
жетістіктерге жетіп жүргендерін байқауға болады. Балалардың жетістіктері
мақсатсыз, түсініксіз, жүйеліліксіз жағдайдан сабақтастық, жүйелілік
принциптеріне негізделіп берілген жағдайда, тіпті озық тәжірибелер
қолданылмаса да, ұтымды болып танылып жүр.
Бұл жұмыс жаңа бір теориялық құрылымды ұсынады. Дегенмен де, теория өз
қолданысын табу керек. Егер таппаса, онда оның құны жоқ.
Бұл құрылым оқушылар мен мұғалімдердің білім беру – алудағы әр түрлі
бірлесіп жұмыс жасау үлгісін де ұсынады.
Бұл құрылымда берілетін әр түрлі жүйелі жаттығулар оқушының сеніміне
негізделген. Ұсынылған стратегияларды алғашқыда қолданыла отырып, оқушы
өзінің не үйреніп отырғанын түсінеді және содан соң жаңа ғана үйренген
істеріне біраз тоқталып, оны саралайды. Осындай бағдарланған іс-әрекеттерге
қатысқаннан соң үйрену мен үйретудің негізгі құрылымы талқыланады.
Тақырыпқа байланысты қызығушылықты ояту кезеңінің негіздемесі
Бұл бірінші кезеңде маңызды когнитивтік іс-әрекеттер толығынан іске
асырылады. Бірінші, оқушы тақырып туралы не білетіндігін анықтаумен
шұғылданады. Бұл іс-әрекет оқушының тақырыпқа байланысты өз білімін
анықтауға мәжбүр етеді және сол тақырыпты әбден білу үшін не суреттелгеннен
соң айқындала түседі. Дегенмен де, бұл алғашқы кезеңдегі ең маңызды мақсат
– оқушының жаңа білімді алардан бұрын осы тақырыпқа байланысты өз білімінің
деңгейін анықтап алуы. Бұрыннан таныс контексте байырғы білімді анықтау аса
қиын.
Үйрену процесі – бұрынғы мен жаңа білімді ұштастыру. Үйренуші бұрынғы
біліммен және сенім негізінде жаңа түсінікті құрады. Сөйтіп, оқушыға
бұрынғы білімі мен түсінігін кеңейтуге көмектесе отырып, оның білім деңгейі
тереңдей түседі де, түсініктілікпен жаңа ақпараттармен толықтырылады.
Тақырыпқа байланысты оқушы ойын ояту немесе ой қозғау кезеңінің екінші
мақсаты – оқушының белсенділікке баулу. Үйрену – енжарлықтан гөрі
белсенділікті қажет ететін іс-әрекет. Оқушылар көбінесе сыныпта енжарлықпен
отырып, өз ойларын қалай болса солай жазып отырады. Олардың ойларының
маңызды, мәнді, сыншыл болуы үшін, оқушылар үйрену үстінде белсенділік
танытулары керек. Белсенді түрде үйреніп өз ана тілінде сөйлегенде, өз
ойының анықтығына күмәнсіз болады. Содан кейін, олар өз білімін, түсінігін
активті ойлау тұрғысынан, сөйлеу, жазу арқылы жеткізеді.
Оқушы өз танымын ортаға салып айтқан кезде, ол жаңа ақпарат пен байырғы
білімді ұштастыруға мүмкіндігі бар екендігіне көзі жетеді. Екінші кезеңнің
негізгі мақсаты – жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру болса, үшінші
кезеңнің мақсаты – тақырып жөнінде ой қозғауда сын тұрғысынан қарау. Осы
кезеңде тақырыпқа қызығушылық оянып, зерттеу қалыптасады.
Бұл тақырыпқа қызығушылықпен қойылған мақсат, үйренуші еріксіз белсенді
жұмыс жасауға бастайды. Мақсатты үйрену мақсатсыз үйренуге қарағанда
әсерлі.
Дегенмен де, үйренуде екі түрлі мақсат бар: мұғалім немесе мәтіннің
көмегі арқылы үйрену және осыған кері мақсатта – өз бетімен үйрену. Өз
бетімен үйрену басқалардың үйреткеніне қарағанда ұтымдырақ болып табылады,
себебі, оқушы оқытудағы өзінің негізгі көздейтін мақсатын нақты біледі және
сол мақсатына жетуге тырысады. Белгілі бір қызығушылық болмаса, жасалынған
кестені қайта жасауға немесе жаңа ақпаратты қолдануға аса үлкен себеп
болмайды
Мағынаны тани білу
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламанның екінші кезеңі –
мағынаны тани білу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақрараттармен, ойлармен таныса
бастайды.
Екінші кезеңде оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасауы керек.
Сонымен қатар, бұл кезеңде оқушыларға мұғалім көмегі аса қажет болмайды.
Бұл кезеңде оқушы тақырыпқа өз бетімен жұмыс жасап белсенділік танытады.
Осы екінші сатының негізгі мақсаты – біріншіден, тақырыпқа байланысты
оқушы ойын ояту кезінде мәтінмен жұмыс жасауға көмектесу және қызығушылық
деңгейін көтеруге жұмыс жасалынады. Екінші негізгі іс, ол – оқушының өзі
түсінген, қабылдаған білімді басшылыққа алып, жұмыс жасауына көмектесу.
Ұтымды түрде оқушылар, нағыз оқырмандар жаңа ақпараттар түскен кезде өзінің
білімін басшылыққа ала қояды. Әңгімені оқу барысында жақсы оқырман
түсінбеген жерлерін қайта оқып отырады.
Оқушылар тыңдап отырған кезде, түсінбесе сұрақ қояды немесе түсінбеген
жерлеріне мән бермей, оларды анықтауға құлқы жоқ болады немесе ол ақпаратты
түсіріп тастап кетеді.
Тағы да бір айта кететін жайт, ол – оқушылар өзі түсінген ақпараттарды
өз білімін басшылыққа ала отыра, өзінде қалыптасқан білім жүйесіне қосып
отырады. Олар мақсатты түрде бұрынғы білім мен жаңаны ұштастырып отырады.
Бұл саты туралы көп айтуға болады. Осы мәселелерге қатысты белсенділікті
арттырып жұмыс жасау және түсінік деңгейін көтеруді кең көлемде талқылау
мүмкіндігі бар.
Әңгіме белгілі бір мағынаға қатысты контекстің негізінде болуы керек
және мақсат қою, сын тұрғысынан талдау, салыстырып талдау және синтездер –
бәрі қолдауларын табады.
Тақырып туралы толғаныс
Бұл бағдарламаның үшінші сатысы – тақырып туралы толғаныс сатысы. Бұл
саты оқыту процесінде ұмытылып жүрсе де, қиын сын тұрғысынан қарағанда
бірдей деңгейде.
Дәл осы кезеңде оқушы жаңа үйренген білімін қайтадан қалыптастырып жаңа
концепцияны қолдану, қолдау үшін белсенді түрде өзі білім алу жолына қайта
қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл кезеңде оқушы нағыз білім алады. Міне, осы
жерден бастап оқушы білім әлеміне кіреді және ол ұзаққа созылады. Білім
адамды өзгертіп, оны басқалардан бөлек етеді. Ол өзгеріс бір жаңа түсінік
немесе жаңа бір сенім, өзгеше бір тәрбиелілік арқылы сезіліп, даналықпен
ұзаққа бастайды. Бұл өзгеріс оқушының белсенділік танытып жаңа білім алу
жолында қайтадан ұтымды өзгерістер жасау кезінде байқалады.
Бұл сатыда бірнеше негізгі көзделінген мақсаттар бар. Олар оқыту
процесінде байқалады.Ұзаққа бағытталған оқыту әрекеті және түсіну тереңдігі
әр адамға байланысты. Оқушылар өз түсінігін өзі білетін контексте аса жақсы
еске сақтайды, еске түсіре алады.
Бұл сатыдағы екінші бір мақсат – оқушылардың бір-бірімен әсерлі түрде ой
алмастыру, ой түйістіру, жаңа ақпараттармен алмасу болашақта қолданылатын
мақсатты құрылымға жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына бағытталған оқу, хаттардың түрлері,
кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, ми шабулының
түрлері, ЖИГСО, конференция, РАФТ, т.б әдіс-тәсілдер жатады.
Кейінгі кезде психология ғылымында дамытпалы оқыту концепциясы ұсынылып
жүр. Ондай оқытуды ұйымдастырудың маңызды шарты – оқушы мен окушы
арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру.
Л.С.Выготский пікірінше: Қатаң ғылыми тұрғыдан қарағанда, басқа адамды
тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу – оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі
тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Тәрбиелеу процесінің негізінде
оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда СТО-ның шын мәніндегі дамытпалы оқыту
стратегиясымен үндес екендігі көрінеді. Дамытпалы оқытуда оқытудың белсенді
әдіс-тәсілдері қолданылады.
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: бағдарламалық оқыту, проблемалық
оқыту, интерактивті әдістер, эвристикалық әңгіме, пікірталас, дөңгелек
үстел, сайыстар, миға шабуыл, тренигтеу т.б. Бұлар оқушының белсенді іс-
әрекетіне бағытталады, іс-әрекеттің мәні мен нәтижесі іс-әрекет
субъектісінің өзі болады, ал негізгі көрсеткіші – оқытылатын адамның ойлай
алу іскерлігін қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқытудың:
мақсаттары;
міндеттері;
әдістері;
алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары бар. Олар:
INSERT, топтастыру, Бес жолдық өлең, Кубизм т.б. жатады.
INSERТ бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында:
V - білемін;
-- білмеймін;
+ - мен үшін жаңа ақпарат;
? - мені таң қалдырды,
белгілерін қою арқылы оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз
ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін
ұғымды құрау болып табылады.
Топтастыру оқыту стратегиясы оқушыларды еркін және ашық ойлауға
үйретеді.Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан
тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол
тақырыпта болуы мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді
топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.
Бес жолдық өлең стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз
ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бес жолдық өлең
стратегиясында тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданғанын
және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Бұл
стратегия мынадай жолдардан түрады: 1-жол тақырыпты білдіретін сөз (зат
есім); 2-жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім); 3-жол үш сөз
тақырып бойынша іс-әрекет (етістік); 4-жол тақырыптағы сөзден тұрады; 5-
жол тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.
Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін
тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді.
Кубизм стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Оның алты
қыры болады. Әрбір қырына тапсырмалар беріледі. Мысалы: салыстырыңыз,
зерттеңіз, қолдаңыз, т.б.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы
шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікрлерді қабылдау.
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуға
айналдырмау.
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сыни тұрғыдан ойлау – білім көзі. Осы оқыту технологиясының тиімділігін
көрсету үшін 11-сынып оқушыларына арналған мынадай бір сабақ жоспарының
үлгісін келтіреміз:
Тақырыбы: Шешендік және сөз мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздердің мазмұны, айтылу формасы, стильдік
ерекшелігі жайлы түсінігін молайту.
Міндеттері: 1. Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.
2. Анық та, нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.
3. Шешендік сөз өнері тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға
үйрету.
4. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға
және басқалар көзқарасын сыйлауға үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Өнер алды – қызыл тіл буклеті,
тірек-сызба, пікір жазуға арналған әр түрлі белгі қағаздары.
Бағалау: тест сұрақтары, топтық кестені қорғау, әңгіме жазу.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, кубизм, адамтану диаграммасы, түсініктеме
күнделігі, ой-толғаныс.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту сатысы:
Ой қозғау
Өмір-мәңгі, уақыт – мүмкін, елес,
Кел, болашақ! Сауық құр, күлкіңе
көш!
Бір күн шықса, бір күннің батуы
анық,
Екі күннің тұруы мүмкін емес!
– деп Мұқағали ағаларын жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі
де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!
Әрине, әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы – кітап. Ендеше сөздер, кітапты
жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар. Қазіргі сәттен
бастап осы сөздің сыры өз қолдарында. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.
ІІ. Топтастыру әдісі
Оқушы жаңа идеяларды жинақтап, бір-бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды
күшейту үшін, әр түрлі белгідегі қағаздарды үлестіру.
1. Шешендік сөз өнері тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер
мен сөз тіркестерін жаза беріңіз (топпен жұмыс жүргізіледі).
2. Орфографиялық ережелерге мән бермеңіз.
3. Берілген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады.
Ел билеу ісінің
тұтқасы
Отағасы
Шешен Биағасы
Ру басы
Ауыл ақсақалы
Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері
шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.
ІІІ.Кубизм
Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.
Кубиктің алты қыры бар.
1. Суреттеңіз
2. Салыстырыңыз
3. Зерттеңіз
4. Қолданыңыз
5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
6. Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
Суреттеңіз: (5 минут) кубиктің осы беті түскен сәтте Шешендік сөз –
өнер падишасы тірек-сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау,
шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.
Зерттеңіз: (5-6 минут)
Тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда
көз алдыңызға не елестейді? (Қиял дүниесімен болжайды). Зерттеушілер
тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:
1. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?
2. Өнер алды – қызыл тіл деген мақалдың мәнін қалай түсінесің?
3. Шешеннің жүйрік ой-толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме?
Оқушы: Сөз саптау мәдениетінің ең үздік көрсеткіші – айқындылық. Шешен
айтқан сөзін өзі қалай түсінсе, тыңдаушылары сондай түсіну керек. Тіл
анықталығы – тілді меңгерумен, құрметтеумен және ұрпақтар сабақтастығымен
жалғасын таппай ма? Сондай ойлау мен сөйлеу және сөз қуаты даналықпен
ұштасатынына көзіміз жетеді.
Оқушы: Шешенді дана деп айту – ойын бүкпей еркін айта алатындығымен және
сөздің тобықтай түйінін қиыннан қиюластырып құрастыра алатындығынан
болар.
Оқушы: Шешендердің жүйрік ой-толғауы тыңдаушылардың талғамына тәуелді.
Ол не айтатынын, қай жерде айтатынын және қалай айтатынын жете түсінуге
тиісті. Ендеше сөз қуаты тіл өнерінде жетіліп шындалса, сөйлеу – шебер
орындаумен жүрек қуатынан шындалары сөзсіз. (Тірек-сызба негізін әдебиет
теориясымен байланысты талдайды).
Шартты белгілер:
А – антоним сөздер
Ш – шендестіру
М – метафора
Сп – синтаксистік
параллелизм
Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.
1. Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурініне таныған,
халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?
2. Шешен нені біліп, неден сақтану керек?
Салыстырыңыз: Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық
күресін ұйымдастырушы Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер еңбегін ІІ Филип
патша басқыншыларына қарсы Афина азаматтарының күресін ұйымдастырған
Цицеронның азаттық миссияларымен салыстырады.
ІV. Адамтану диаграммасы
Венн диаграммасына сүйене отырып, көбелек бейнесін кескіндедік. Әрине,
шешендік өнер – адамтану өнерімен шендеседі. Өйткені, сөз білу – адамтану
ғылымын жүйрік меңгеруге байланысты, өз болмысын терең таныған адам,
өзгенің де ерекшелігін жіті көреді. Оқушылар адам баласын қор қылатын
қырсық дерттерді және зор қылатын мөлдір қасиеттерді тізбектей жаза
бастайды. Тән мен жан саулығы – зор байлық екендігін қорытынды ой-пікір
түйеді.
Әрине, жан мен тән сабақтас, екеуі де бірнен-бірі айырғысы. Осынау адам
бойындағы, нұрлы дүниедегі шынайы бақытты қиял жеткен жерге самғатын, аяқ
жеткен жерге жеткізетін, көңілі алғанды істететін, кісілікті, ерлікті,
өрлікті тегеурін-қуатымен, пәрмен-дәрменімен қанағаттандыратын шын асыл –
бас амандықта, байлық негізі – саулықта. Қазіргі салауатты өмір салтының да
өзегі осы емес пе? (Тірек-сызба бойынша жыл идеясымен байланыстырады).
Адам жанын аздыратын дерт
Қызығу – басқаның басындағы озық пен жақсылықты ұғыну.
Қызығу – басқаның жақсылығын ұғыну арқылы өз олқылығынды түсіну.
Қызығу – рухани ізденістің көрінісі. Бірақ қызығуды қызғанышпен
шатастыруға болмайды. Қызғаныш, тек қызығудың ғана емес, адам бойындағы
барлық ізгі қасиеттердің жендеті.
Сондықтан, қызығуға қандай құмар болсаң – қызғаныштан сондай абай бол!
Әбіш Кекілбайұлы.
V. Түсініктеме күнделігі
Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, сөз саптау үлгілеріне
талдау жасайды. Шешендік өнерді зерттеген М.Әуезовтің Бас мінесу деп
атаған айтыс-тартыстың сөз саптауындағы үлгісінен мысалдар келтіреді (Тірек-
сызба бойынша ауызша талдау). Өзіндік қорытынды жасайды.
VІ. Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы
Жаңа тақырыпты қорытындылауға құрылады:
1. Зат есм: Шешен
2. Сын есім: Шешендік сөз
3. Етістік: Айтысады, тартысады, шешіледі.
4. Сезіну: Шешендік сөз – ұлттық өнер
5. Синоним: Шешендік сөз – ұлттық өнер падишасы.
Үш топ талдайды.
VІІ. Ой-толғаныс. Үйге тапсырма
Шешендік сөз - өнер падишасы тақырыбында шығарма жазу.
Сонымен қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
қазақ тілі сабақтарында қолданудың маңызы зор екендігіне көзіміз жетті.
1. 2 Қазақ тілі сабағында модульдік технологияны қолдану
Қазіргі ғылыми-техникалық жедел дамуға, ақпараттардың жан-жақты
өрістеуіне қарай бағдарламаларды күрделендіре отырып сауаттылыққа үйрету –
баланың интеллетуалдық, психикалық, физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу-
тәрбие үрдісінің сапасын жақсартатын ғылыми-әдістемелік жаңа, тиімді
технологиялармен қарулануы қажет, - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан –
2030 Жолдауында айтып өткен [12].
Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуға өте жоғары талап қойылады. Жаңа
педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты
болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Шеберліктің белгісі –
түрлі әдісті болу, - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады.
Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп
нәтижеге жетуге болады [13, 209-б.].
Жаңа технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағының нәтижесін даму
жағынан көре аламыз. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және
қабілет деңгейлерін дамытуға М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту
технологиясының маңызы ерекше. Себебі аталмыш технология әдістері оқушының
өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға
жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Модульдік оқыту технологиясы – жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған,
синергетика заңына негізделген. Ал, синергетика дегеніміз – грек тілінен
аударғанда біріге, келісе отырып істеу деген мағынаны білдіреді [14, 164-
б.].
Модульдік технологияның ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының
танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есте
сақтау, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту,
шығармашылық деңгейін арттыру.
Модульдіу оқыту технологиясының мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас
педагогикасын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық
үрдіс түзу. Әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол
үшін жағдай жасау. Ол үшін оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау
және тіл ортасын ұйымдастыру.
Модульдік технологияның басты артықшылығы – оның қазақ тілін оқыту
мақсатында ең жақсы нәтижеге жету үшін алдын-ала құрылған жобаны жасап алуы
шарт. Тәсіл, іскерлік, дағдының жиынтығы, озық әдістемелердің жүйелік
құрылымдарының түзелуіне оқытушының әр балаға жеке тұлға ретінде қарап,
онымен санаса отырып білім беруге бағытталуы керек. Әр баланың қабілетін
ашу, дамыту, сендіру, жағдай жасау мұғалімнің тікелей борышы [15, 108-б.].
Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның
бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға
шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау
қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ
формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында
қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің
орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-
шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және
оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны
басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір
жерге келтіріліп, модульдерге бөлінген. Бұл модульдік оқытудың негізгі
идеясы – жаңғырту [16].
Модуль деген қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқыту процесінің ортақ
құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік
оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның іс-әрекетін
ұйымдастыруға, оқу процесін диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға
тиімді болып саналады.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны:
- оқытудың жалпы мақсатын қою;
- жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
- оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
- оқу әрекетінің жиынтығы;
- нәтижені бағалау;
- модульдік оқыту технологиясының құрылымы;
- оқу модулінің кіріспе бөлімі;
- оқу модулінің диалогтік бөлімі;
- диалогтік бөлімді дайындаудың негізгі этаптары;
- танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға оқушылардың білімділік
дәрежесін есепке алу;
- технология және шығармашылық;
- дискуссиялық формалар;
- әр бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы;
- оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модулініндегі нұсқаулары;
- оқу еңбегінің нәтижелерін анықтау.
Модульдік оқыту жүйесі үш бөліктен тұрады:
1. Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу);
2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде
ұйымдастыру);
3. Қорытынды бөлім (бақылау).
Кіріспе бөлімінде – мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Мұғалім осы оқу модулінің барлық
уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба,
кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Сөйлесу бөлімінде – танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға
бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құралған. Яғни оқу
модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйренудің екінші операционалдық-
танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімін
даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекіту үшін оның әр
сабақта жеке бөліктерімен берілітінін есепке алу керек, бұл бөліктерге
қысқаша, шағын түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде
(қарапайым, орташа, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын
әр оқушының өзі шешеді. Мұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік,
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейдегі
бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, іс жүзінде бәріне
де беруге болады.
Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғылымдарының жетістіктерін
басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне
қарай ұйымдастырылады. М.М.Жанпейісова сөйлесу бөлімін құру қағидаларына
сүйене ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz