Сарқын судың тазалауы ( жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы )


Cарқын судың тазалауы ( Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы )
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Жүн жуу кезіндегі лас судың физико-химиялық негізгі қасиеттері
1. 2 Сарқын су тазалау әдістерінің талдауы
1. 3 Текес ауылының жүнді алғашқы өндеу фабрикасында өңдіріс
технологиясы су шаруашылығының жағдайы
1. 3. 1 Су шаруашылық жағдайының сипаттамасы
2 НУСҚАУЛАР БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРІ
2. 1 Жүннің алғашқы өңдеу фабрикасының лас суларын тазалауының технологиялық жүйесін салыстыру
2. 2 Механикалық тазалау үймереттері
2. 3 Анаэробты-аэробты тәсілі бойынша толық екі сатылы тазалау
2. 3. 1 Көлдеңен тұңдырғыштың есебі
2. 3. 2 Метантенк есебі
3 ТАҢДАЛҒАН НҰСҚАУ БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕП
3. 1 Сарқын сулардың шығының анықтау
3. 2 Қажетті тазалаудың дәрежесін анықтау
3. 3 Лас су тазалау ғимараттарының есебі
3. 3. 1 Қабылдау камерасы
3. 3. 2 Диск түрді механикалық беттік аэратор
3. 3. 3 Тұнба алаңдары
3. 3. 4 Хлор сатуратордың есебі
3. 4 Гидравликалық есеп
3. 5 ЖАӨ фабрикаларының сарқын су тұңбаларын қайта пайдалану
4 САЛЫСТЫРУ НҰСҚАУЛАРЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАҒАЛАУ
4. 1 Нускауларды технио-экономикалық салыстыру
4. 1. 1 Жоба шешімінің салыстыратын нұсқаулардың инвестицияларын
анықтау
4. 1. 2 Эксплуатация шығынының есебі
4. 2 Жоба шешімдердің нұсқауларды салыстыру
4. 3 Өңдірістің залалсыздық талдау
4. 4 Таңдалған нұсқауларды талдау
4. 5 Технико-экономикалық көрсеткіштер
5 ҚҰРЫЛЫС-ЖИНАҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
5. 1 Тазалау ғимараттар құрылыс алаңының есебі
5. 1. 1 Құрылыстың сумен және элетр энергиясымен қамтамасыз ету
5. 1. 2 Уақытша үймереттер
5. 1. 3 Қойма және алаң есебі
5. 1. 4 Учаскені жобалау кезіндегі және котловандарды өңдеу жер
жұмыстардың есебі
5. 1. 5 Жинақтау механизмдердің құрылысы және таңдаудың ерекшелітері
5. 1. 6 Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу
6 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
6. 1 Потенциялды қауіпті және ЖАӨ фабрикаларында зиянды өңдіріс факторларын талдау
6. 1. 1 Құрылыс жұмыстары өңдірісі кезіндегі қауіпсіздік техникасы
6. 1. 2 Электр қауіпсіздік
6. 1. 3 Өрт сөндіру қауіпсіздігі
6. 1. 4 Өңдірістік жарықтандыру
6. 2 Еңбек қауіпсіздігінің және жұмыс шарттарының жақсарудың
инженерлік есептер
6. 2. 2 Жасанды жарықтанудың есебі
6. 3 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы ( ЖАӨ фабрикасы ) жеңіл өнеркәсіпке жатады, басқа өңдірістермен салыстырғанда ЖАӨ фабрикаларының сарқын сулары ең лас болып келеді.
Тоқыма өңдірісіне қарағанда қалқыма заттардың концентрациясы және ОБҚ көрсеткіштері бірнеше жүз есе асып түседі. ЖАӨ фабрикасында су жүн жуу үшін қолданады.
Сарқын судың негізгі ластаушысы жүн майлары, механикалық қоспалар, сабын ерітінділері және СББЗ ( синтетикалық беттік-белсенді заттар ) . Ластану түрі жуылатын жүнге байланысты. Сарқын судың ластанудың үлкен концентрациясы жіңішке, жартылай жіңішке меринисті жүнін жуғанда, қатты және жартылай қатты жүнді жуғанда аз ластанады. Тәулігіне өңделуі 3. 2т жүн, шығыны Q=200 м 3 /тәул, оның ішінде 10% тұнбаға түседі.
Бұл жобаның басты мақсаты лас судың тазалауын берілген жүйеде салыстырылады, технико-экономикалық салыстыру, ең оптималды және арзан жүені таңдау. Лас суларды тазалау кезінде пайда болатын тұнбаны қолдануды ұсынылады, бұл қазіргі кездің маңызды мәселесі болып табылады.
Таңдалған нұсқау бойынша барлық қажетті жобаның жағдайларын берілгені және технико-экономикалық салыстыру арқылы графикалық суреттеу қажет.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Жүн жуу кезіндегі лас судың физико-химиялық негізгі қасиеттері
ЖАӨ өңдірісінде жоғары концентрациялы жүнжуғыш лас сулары (ЖЛС) түзіледі, сандық және сапалық ластану қурамы судың технологиясынан және әуелгі жүннің сапасынан тәуелді болады, оны жуу үшін қолданады. Жуылмаған жүнде ластан басқа ЖЛС құрамында реагенттер кіреді, олардан жуатын ерітінді дайындайды.
Қойдың өсірілген шартының және тұқымына байланысты жуылмаған жүн құрамында механикалық қоспалар болады: құм, сазбалшық, топырақ және өсімдік бөлшектері, көң, ерекше ластану-жүнді май және тері.
Жуылған жүннің жуылмаған жүнге қатынасы пайыз бойынша және ластанудан оташа көрсеткіш мәндері төменде келтірілген.
Жуылмаған жүн 100%
Жуылған жүн . . 40%
Қылшық қадаулы май ……… 20%
Қылшық қадаулы тер ………. . 10%
Механикалық қоспалар ……. . 17%
Ылғал құрамы 13%
Сарқын су қоспаларында жуылатын жүннің сорты бойынша берілгені 1-ші кестеде талдап қорытылған.
Кесте 1 - ЖЛС-ластану саны кг 1т жуылған жүнге
Жүннің сортына және тазалаудың технологиялық процесіне байланысты ластану концентрациясы 2 кестеде келтірілген.
Кесте 2 - Жүнді қарапайым жуғанда және 3м 3 1т жуылған жүнге салыстырмалы нормада судың тұтынуы
Ескерту - Шайқалған сынау бойынша алымында көрсеткіштер берілген.
Берілгендеріне сай ЖАӨ фабрикасының ерекше ластану фаза-дисперсиялық жағдайы бойынша төрт топқа бөлінеді.
Қаттыдисперсиялық механикалық қоспалар бірінші топқа кіреді: құм бөлшектері, сазбалшық, топырақ, өсімдіктер, көң, жүн талшықтары. Барлық ластанудың үстенде жүн майларының бөліктері орналасқан, ол май шығарудың барлық тәсілдерінде ластан бөлінбейді. ЖЛС суспензиясында еркін жүрген жүн майының бейтарап бөлшектері, РТ-ОНС 4 типті сепаратор-бөлгіште еркін алынады. Бұл қаттыдисперсті бөлшектің өлшемі 10 -7 м, және бөлшектердің өлшемдері 5·10 -5 м-тен асса, көлемдік салмағы γ > 2г/см 3 болса бөлшектер жай тұңдыру кезінде жақсы бөлінеді, ал ортадантепкіш алаңда бөлшектер ірілігі 3*10 6 м бөліне алады.
Солай барлық бірінші топтың қатты дисперсиялы механикалық қоспалары тұңдырғышта бөліне алады, тұңған центрафугаларда, сепараторларда, ластан тазаланған суда жуып шайғанға қайта қолданылуы мүмкін. Жалпы ластану санынан Бірінші топтың ластану салмағы 75% -дан тұрады.
Екінші бөлімге жоғарымолекулалық ерітінділер және күл кіреді. Кейбір бөлшектердің өлшемдері 10 -7 -10 -8 тар аралықта орналасқан. Мұндай күйде ЖЛС құрамында сазбалшық және сазбалшық тектес заттар, жүн майы, жүн кератин деструциясының өнімдері кіреді. Бұл ластың ерекшеліктері құмұстағыш, тұңдырғыш, гидроциклон және тұңдырғыш центрафугалар сияқты үймерет пен аппараттарда өтетін механикалық тұңдыру процестері әсер етпейді.
Сазбалшықты заттар сарқын сұйықтыққа тұрақты қою-қоңыр түс береді, ол сабынсодалы ЖЛС- ті бескүрілдеуікті биологиялық тазалау кезінде де кетпейді.
Бірақ бұл заттардың жуғыш ерітінділерде қатысуы жүн жуу кезінде жақсы білінбейді, өйткені мұндай процестер уақытша және тұрақты қаттылық кезінде сапалығы төмендейді. Бұл топтың ластануына, жуғыш процестердің күшеюі ықпалын тигізбейді.
Үшінші топқа сабын, аминқышқылдар, жүнтерінің органикалық қышқылдары, СПАВ-тар кіреді, дисперсиясы 10 -8 -10 9 м молекулалық еітінділер құрылады. Бұл топтың заттары, аминқышқылдан басқасы жуу процесіне жағдай жасайды. Қалған реагенттер СПАВ және сабын өздері негізгі жуғыш құрал болады.
Соданың қатысуымен органикалық жүнтері қышқылдары калий сабының құрады:
2C 17 H 34 COOH+K 2 CO 3 →2C 17 H 34 COOK+H 2 CO 3 . (1. 1)
Төртінші топқа дисперсиясы 10 -9 -10 -10 м ионды ерітінді құратын заттар кіреді: фосфат, хлоридтер, жүннің ласынан сілттінетін және жуу ерітіндісіне қосылатын арнайы реагенттер - сода, сульфаттар, хлоридтер, бөлек түсіп немесе жуу құралының құрама бөлігі ретінде, мысалы, анионды СПАВ-ты қолдануымен жүн жуу кезіндегі сульфаттар, олар толтырғыш ретінде қолданады . Сонымен төртінші топтың барлығы дерлік компоненттері иондар, құрылатын ерітінділер - жуу процесіне жағдай жасайды.
Физико-дисперсті күйдегі физико-химиялық қасиетінің талдауынан ЖЛС ластану, кешенді немесе айналмайтын жүйелерді еңгізгенде екінші, үшінші және төртінші топтың құрамы өсе бастайды. Бұл жерде қиыншылықты сазбалшық майдадисперсті бөлшектер көрсетеді, ал олардың құрамы айқын шекке дейін өседі. 3- Кестеде құрғақ қатты заттың концентрациясына тәуелді болатын ЖЛС суспензиясының тазалауының ұсынылатын процесстері келтірілген.
Кесте 3 - ЖЛС суспензиясын өңдеу процесінің негізгі қолдануы
Қатты заттың құрамы
М соң
Жүн жуу поцессі кезінде жуылатын ерітінді суына барлық лас ауысады, тек ең қатты механикалық қоспалар( ластың ортақ массасынан 5% ) алдын ала сілкілейтін машнеде бөлінеді. ЖЛС ластануының концентрациясы технологиялық су тұтыну нормасына тәуелді. Араластырғыш ретінде жұмыс істейтін, жүн жуу процессі, жуғыш аппаратың барлық көлеміне біркелкі тарату кезінде, ықтималдық заңы бойынша жуылғаннан кейін ластану концентрациясы С:
С = G/g 0 (2. 2)
мұндағы G - 1т жуылған жүнге ластың салыстырмалы саны;
g 0 - 1т жуылған жүнге судың салыстырмалы шығыны.
Егер G-ді бірге теңестірсек, ластың концентрациясы С су тұтыну g мен кері тәуелділік құрылады:
С=1/g ; g=1/C. (2. 3)
Сөйтіп, су шығынының және ластану концентрациясының арақатынасын (3) формуласы бойынша бақылауға болады.
ЖАӨ технологиясының талаптарына сәйкес, ортақ кермектілік және темірдің су құрамындағы көрсеткіштері бойынша, технологиялық мұқтаждыққа, судың ақырғы сапасын негізінен осы көрсеткіштері бойынша шектеледі. Сәйкес, жалпы кермектіліктің МШК-і ақырғы суда 2, 5 мг-экв/л темір - 0, 5мг/л, ал берілгені бойынша, жалпы кермектіліктің МШК-сі 5мг-экв/л-ге дейін рұқсат етеді.
Су тұтынудың технологиялық процессіне байланысты, пайда болған сарқын су инертті, тұрақты және тұрақсыз, улы болуы мүмкін, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді.
1. 2 Сарқын су тазалау әдістерінің талдауы
ЖАӨ фабрикасының өңдірісті сарқын сулары жоғары концентрациялы категорияларға жатады. Сарқын судың ластануы көпкомпонентті, өйткені оның құрамында жүн майы, жуғыш компоненттержәне механикалық қоспалары бар.
Технологияда жүн жуу кезінде әртүрлі жуғыш заттарды қолдану екі түрлі сарқын су құрылды құрамы бойынша ажыратылады: сабын-содалы және СПАВ бар сарқын су.
Бұл жағдай жүнжуу сарқын суының, тазалау әдістерін өңдеуге қажет етті.
ЖЛС тазалау көп тараған түрлері - химиялық, биологиялық, физико-химиялық және тотығу.
Жүн ластануының құрамы мен саны ЖАӨ фабрикасының ЖЛС -на ғана мінездес, қой тұқымына, оны ұстау және тамақтандыру, табиғи және климаттық шарттарына байланысты, осыған орай ЖЛС өңдеу технологиясы әр аймаққа әр түрлі болады.
Химиялық тазалау тәсілдері тек ЖЛС -на ғана қолданады, олардың құрамында СПАВ бар. Әртүрлі массалы қатынастарға әртүрлі реагенттерге синергиялық қоспа қолданады. ЖАӨ Бор фабрикасында және Невыномыс жүн комбинатында химиялық тазалау технологиялық жүйесін қолданады, бұл жерде ЖЛС майұстағыш, құмұстағыш, талшықұстағыштан кейін алғашқы тұңдыру биотоғанына, содан екінші тұңдыру биотоғанына барады.
Тоған ға жіберудің алдында сарқын суға - хлорлы магний, магни сульфаты және хлорлы кальций, келесі жағдайда - алты реагенттің синергиялық қоспасы. Сонымен қатар тұңбаға СПАВ пен аралас реагент, реагент қоспалары, олардың саны 2-ден 7г 1кг тұңбаның құрғақ затына. Тұңба улы, ауыл- шаруашылық мақсаттарға пайдалану мүмкін емес, сондықтан термиялық өңдеумен жояды.
Чехословакия, Нидки қаласында ЖЛС ЖАӨ өңдірісінде физико-химиялық, флотациялы тазалаудан кейін Ролава өзеніне ағызылады.
Джилангада (Австралия) тәжірибелі құрылғы салынған, майды жүннен алуды, алдымен қысыммен суық уайт-спирит ерітіндісіне, кейін суық суға сулау арқылы ажыратылады. Май, лас және басқа заттар өте тез кетіріледі. Сабын және сумен жуғанға қарағанда мұндай өңдеу жүн ыдырауға баяу түседі.
ЖАӨ ЖЛС-рын тазалау рационалды тәсілдерін, үлкен көлемді ғылыми және тәжірибелі зерттеулерді Ресей және Украинада:ФГУП, НИИВодГео, ОАО НИИКВОВ, МГСУ сияқты ғылыми бастама орталықтарда жүргізген.
Харьков ЖАӨ фабрикасында ЖЛС-нан жүн майларын қышқылды деэмульгуляциялау тәсіліне зерттеулер жүргізілді. Өңдіріс суларын, мұндай тазалау тәсілдерінің айырмашылығы, бірінші екі барка сарқын суларының өте майлы болғандықтан флотациялы майсыздандыру технологиясын сақтайды. Сепарациядан кейін және құрамында жүн майы 4-5 г/л азмайлы өңдіріс сулары өңдеуге түседі, кейін қала канализациясына ағызылады. Сонымен бірге күкірт қышқылының шығының орташа мәні 12, 62 г/л-ден тұрады.
Тәжірибемен анықталған, көрсетілген 60-70% күкірт қышқылы сарқын суларда сілтіні бейтараптауға, 30-40% -тін қышқылдауға шығындалған.
Канализацияға майсызданған суларды тастау алдында олардың бейтараптануы осы сулардың және соңғы барка шаюлы суларының сілтілерімен жартылай араласумен орындалады.
Тәжірибе көрсеткендей ағындының майсыздану дәрежесі оның концентрация және температурасына байланысты. Анықталған қышқылды деэмульгуляция кезінде алдын ала лас сулардың 40-500С температурасымен араласқан кезде жүн майының тұну процессі анағұрлым толық өтеді.
ЖАӨ фабрикасының сабын-содалы ЖЛС-рын өңдеудің ең көп тараған түрі биологиялық тазалау тәсілдері.
Н. Ю. Акимцеваның қатысуымен МГСИ-да сатылы биохимиялық сарқын суларының тазалауының үйлесімді жүйесін жасау мақсатымен зерттеулер жүргізілген. Аналитикалық зерттеулер және зертханалық үлгілерде тәжірибе жүргізу аэротенк-араластырғыш сатылы тазалау кезінде өңделген әдіс арқылы тазалау сатысының саны қысқару мүмкіншілігін тұғызды, сонымен қатар аэротенктің жұмыс көлем қатынасын анықтауға жағдай жасады.
Зерттеуден өткен және талданған төрт ең мүмкін жүйелердің жұмыс параметрлері қарастырылады, каскадты, биологиялық жүнжуу сарқын суларының тазалау аэротенк-араластырғыштың 1:1:1:1:1; 2:2:1; 3:1:1; 3:2 көлемдік жұмыспен қатынасы.
ЖЛС тазалауға, тікелей аэробты үш сатылы тазалауы бар биологиялық өңдеу, аэротенк-араластырғыштың 3:1:1көлемдік жұмыспен қатынасы бар, технологиясы ұсынылған.
НИИ ВодГео зерттеулерінің негізінде сарқын су өңдеуінің алты технологиялық жүелері келтірілген: анаэробты - аэробты процесінің екі сатылы метантенкте, аэротенктің және оның үйлесуінің екі сатылы процесте.
Омск және Улан-Уденің ЖАӨ фабрикасында ЖЛС-ды тазалау екі сатылы метантенкте анаэробты қолданады. Берілген жүйе суды қайта пайдалануды қарастырмайды.
Алдын ала тазаланған соң құмұстағышта, майаулағышта, талшықаулауда сондай сияқты ЖЛС тұңдырғыштарында анаэробты шарттарда өңдеу бірінші және екінші сатылы метантенктерде жүргізіледі. Екінші тұңдырғыштан кейін лас су қалалық канализация жүйесіне немесе суқоймаға тасталуы ықтимал.
Сабын-содалы ЖЛС тазалау келесі түрде өтеді: ХПК 40-20 г/л-ден 11-10 г/л-ге дейін төмендейді, өлшенген заттар 25-20 г/л-ден 15-12 г/л-ге дейін. Сабын - содалы ЖЛС тазалау ұқсас технология, Журавичи қаласында (Белорусия), Семей, Ақтөбе (Қазақстан), Тоқмақта (Қырғызстан), Чернигове (Украина) ЖАӨ өңдірістерінде жұмыс істейді.
Екі сатылы аэробты ЖЛС тазалау ВНИИ ВодГео -да шығарылған, бірінші тұңдырғыштан кейін сарқын су аэробты - араластырғышқа бірінші сатылы - екінші тұңдырғышқа түседі, одан екінші сатылы аэротенкке - үшінші тұңдырғышқа келеді.
Лас судың құрамының есебі бойынша, тазалау дәрежесінің тлабына сай және технико экономиялық көрсеткіштер келесідей жүйені ұсынады:
- ЖЛС тазалау үшін, құрамында СПАВ бар, екі сатылы жүйе аэротенктерімен ең рентабельді;
- Сабын - содалы сарқын суларға екі сатылы метатенктерде анаэробты - аэробты процестердің қолдануы лайықты.
ЖЛС аэротенктерде биологиялық тазалаудың бірнеше нұсқаулары МГСУ-да жасалды, аэротенк-араластырғышта сұйықфазалы қышқылдандыру процесінен кейін және электрофлотациялау тұрмыс сарқын суларымен араластыру және араластырмау.
Мүмкіндігінше шектік концентрация (МШК) анионбелсенді СПАВ су қойма суларында 0, 5мг/л тұрады, ионогенсіз
0, 11-0, 05мг/л. СПАВ -тың МШК-і биологиялық тазалауға келіп түсетін, нормативті құжаттарға сай: анионбелсенділер үшін -20мг/л, ионогенсіз -50мг/л.
Жоғары биологиялық белсенділіктің күшіне сай СПАВ ЖЛС сарқын суларын ашық суқоймаларға тастау көрсеткіштері бойынша тазалау мүмкін емес. Мысалға, берілгені бойынша анионды СПАВ-тардың биохимиялық қышқылдануы және суқома суларында ыдырауы: теориялық және ыдырау уақыты концентрациясына 0, 5мг/л 36 және одан көп тәулікке дейін сульфонол НП-3 қышқылдануына оттегіні қолдану 17, 8% құрайды, НП - 1-ге бұл берілгндер сәйкесінше 2, 5% және 75 тәлікті құрайды. ДС-РАС сульфонолы үшін 9, 4 % және 227тәліктен жоғары.
Физико-химиялық Лурье және Антипованың ұсынған әдісі ерекше орын алады, НП-1 сульфонолын жұғанға пайдаланатын ЖАӨ ЖЛС - та сынау өтті. ЖЛС өңдеуінің технологиялық сызығы екі құрастырушыларға бөлінген. 1және2 баркаларынан лас су талшық ұстағыщ, майұстағыштан өткеннен кейін жиналатын резервурына келген. 3-ші және 4-ші баркаларынан сарқын су сол жерге жиналған, содан бірінші, екінші тұңдырғыштарынан және биотоғаннан өткен. Тұңдырғыштың арасынан араластырғыш арқылы коагулянт, алюминий сульфаты және әк сүті еңгізіледі. НП-1 сульфонолының ақырғы концентрациясы 240-тан720 мг/л-ге дейін өзгеріп отырған, таза сұйық 43-80мг/л құрап отырған, тазалау әсері 75-90% .
Сарқын судың құрамында май келесі өңдеуден кейін 800-2000мг/л-ден 0-ге дейін төмендеген. Екі сағатты тұңдырудан кейін өлшенген заттың саны 200мг/л-дің шамасында болады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей сарқын суға қосылатын кальций алюминаттың саны қайта есептегенде НП-1 сульфонол ақырғы құрамы 240-720 мг/л болғанда аллюминий саны 80-100мг/л-ден аспауы тиіс. Кальций алюминаттың үлкен қоспасының саны сарқын сұйығынын тазалау сапасын жақсартпады.
Сарқын суынан ПАВ-тың кетіру дәрежесінің өзгеруі (75-90%) сарқын су құрамында майдың болуымен түсіндіріледі. Зертханалық берілгеннің негізінен ұсынылған тәсілдің авторлары «сльфонол-май» арақатынасы сарқын суда 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.
Физико-чимиялық тазалау тәсілінің, соның ішінде коагуляция дәстүрлі биологиялық тазалау тәсілдерінен артықшылығы бар.
- Артықшықтарының ішінде:
- Тазалау ұзақтығының қысқаруы;
- Тазалау ғимараттарының ауданының азаюі;
- Қиынқышқылданатын қоспаларының лас судан толық кетірілуі;
- pH мөлшерінің аз өзгеруі;
- тұңбаның аз шіруі, тазалау ғимараттарынан сасық иістің кетуі;
- улы заттар әсеріне тазалау процессінің берілмеуі.
Органикалық заттарды қышқылдандыру бәріне мәлім тәсілі, сасық иісті кетіру, су татымын озон және хлор арқылы кетіреді. Бірақ Ресей, Украинада өткен ғылыми зерттеулерден кейін әртүрлі заттарға қышқылдардың әрекеті, озон сияқты күшті қышқылдың қолдануы сенімді санитарлы су тазалау тәсілі ретінде қарастурыға болмайды. Қышқылдардың органиклық заттарға қолдануы соңғылары олармен қатынасқа түсіп, басқа қосылыстар құрады. Қышқылды жеткілікті бермеген кезде ейбір заттар суға дәм, түс және жаман иіс береді. Қышқылдандыру әдісінің тағы бір жағымсыз жағы лас судың деңгейімен және түрінің тек дәл арақатынасымен қышқылдандырудың қолдануын қиынға соғады.
1. 3 Текес ауылының жүнді алғашқы өңдеу фабрикасында өңдіріс технологиясы су шаруашылығының жағдайы
Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы ― ТОО Куат ЛТД― Алматы олысы Раиымбек ауданының орталығынан Текес ауылы 90 км - де орналасқан Кеген ауылы Нарынқолдан км, ал Алматы қаласынан 320 км арақашықтықа орналасқан.
Фабриканың өңдіріс корпусы ғимарат және үймереттерді жабдықтауды, өңдіріс процессінің инфроқұрылыс объектісі қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz