Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі

М А З Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 3

І-Тарау Д. А. Қонаевтың еңбек жолының басталуы . . . 8

1. 1. Д. А. Қонаевтың жастық шағы . . . 8

1. 2. Д. А. Қонаевтың еңбек жолындағы алғашқы жетістіктер . . . 11

ІІ-Тарау Д. А. Қонаев - мемлекет қайраткері . . . 18

2. 1. Д. А. Қонаевтың мемлекет қайраткері ретінде атқарған қызметтері . . . 18

2. 2. Д. А. Қонаевтың Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетінің

дамуына қосқан зор үлесі . . . 20

ІІІ-Тарау Д. А. Қонаев замандастарының көзімен . . . 38

3. 1. "Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға" . . . 38

3. 2. Д. А. Қонаевтың естеліктеріне шолу жасау . . . 42

Қорытынды . . . 46

Сілтемелер тізімі . . . 48

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 51

Кіріспе

Біздің қазақ даласы ай заманда да, дарынды, ақылды адамдардан құр қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан ешуақытта өшпес орын иемденген.

ХХ ғ. Қазақ халқы үшін ең ауыр да, қасіретті, сонымен қатар бақыт пен табыстары мол жылдар болды. Сталиндік-голощекиндік геноцидтен жарымына жуығы жойылып, тілі мен ділі, діні мен салт-дәстүрлері құрдымға кете жаздап, өз елінде өзі кірмеге айналуға жақын қалған қазақ халқы Д. А. Қонаев басқарған жылдары қайта бой көтеріп өзін-өзі ұлт ретінде толық таныды.

Тақырыптың өзектілігі.

Қазақ тарихының экономикасы мен мәдениетін дамытудағы өзіндік үлес қосқан ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлері, интеллегенция өкілдері және ғалымдарының баға жетпес еңбектері соңғы онжылдықтарда отандық тарихтарды зерттеуге үлкен мән берілуде. Осы тұрғыдан алып қарағанда Д. А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері ретінде зерттеу, оның ширек ғасыр бойы Қазақстанды басқаруы, Орталық Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі.

Соңғы он жылдықтарда отандық тарих мәселелері ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдерінің, Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының дамуына баға жетпес үлес қосқан атақты қоғам мен мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдар мен зиялы қауымның басқа да өкілдерінің өмірлері мен қызметтерін зерттеу арқылы талқыланып жатыр. Осы орайда КОКП Орталық Комитет Полит бюросының құрамына 20 жыл бойы (1966-1971 кандидат ретінде, 1971-1987 полит бюросының мүшесі ретінде) кірген, 40 жылдан астам Қазақстанды басқарып келген, ХХ ғасырдың әйгілі мемлекет және саяси қайраткерлері болып табылатын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметі үлкен қызығушылықты тудырады. Ең маңыздысы оның қызметі республиканы басқарып тұрған кездегі уақытта Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуында тамаша жетістіктерге қол жетуімен үнемі байланыста болды. Сондықтан біз "Д. А. Қонаевтың өмірі және мемлекеттік қоғамдық қызметі" атты тақырып бүгінгі таңда зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері.

Д. А. Қонаев өз заманының саясаткері ретінде кеңестік қоғамының экономикасы мен мәдениетінің дамуында Коммунистік партияның саясатының іске асырылуында белсенділік танытты. ХХ ғасырдың атақты мемлекет және саяси қайраткер ретінде Д. А. Қонаевтың бейнесін жан-жақты қарастыру, зерттеу жұмыстың алдына қойған мақсаты болып табылады. Аталмыш мақсаттарға сай мынадай міндеттерді алға қойдық:

- Д. А. Қонаевтың жастық шағын, өмірбаянын ашып көрсету.

- Д. А. Қонаевтың қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметін ашып көрсету;

- Д. А. Қонаевтың Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының қарқынды дамуында оның қосқан үлесі мен рөлін көрсету;

- Д. А. Қонаевтың Қазақстан Республикасын басқарудағы баға жетпес үлесін айқындау;

- Қазақстанның 50-90 жылдары ірі астық және малшаруашылық базасы бар күшті өндірістік республикаға айналудағы жүргізген жұмыстарын саралау;

- Дара тарихи тұлға ретінде қазақ тарихындағы орны мен рөлін түсіндіру;

- Д. А. Қонаевтың естеліктеріне шолу жасау.

Зерттеу жұмысының методологиясы.

Жұмыстың негізгі мәселелерін баяндаған кезде ғылыми зерттеудің жалпыға түсінікті принциптері мен әдістері қолданылады: келесі - хронологиялық талдау сараптау, салыстырмалы, баяндау - суреттеу т. б. Материалдың көп болуының арқасында солардың ішінен ғылыми - тарихи маңызы бар құнды мәліметтерді іріктеп алу әрекеті жасалды. Бұл мәселені зерттеудің нәтижелерінің дұрыстығы зерттеудің әдістемесі мен әдіснамасымен сонымен қатар Д. А. Қонаевтың баспадан шыққан еңбектерінің негізгі тезистерімен және басқа жұмыста қолданылған деректермен расталады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.

1912-1993жж Д. А. Қонаевтың өмір сүрген жылдарын қамтиды. Осы кезеңді:

- 1912 - 1936жж. өскен ортасы, азамат болып қалыптасуы және қоғамдық ортаның алғашқы кезеңі.

- 1936 - 1946жж. КСРО Ғылым Академиясының тұңыш президенті.

- 1955 - 1986жж. Мемлекеттік және саяси қызметі.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысым Кіріспе бөлімнен, негізгі мәселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат-міндеттері, деректік көзі құрастырылған.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында жастық шағы мен Д. А. Қонаевтың еңбек жолындағы алғашқы жетістіктері қарастырылған. Ал екінші тарауында Д. А. Қонаевтың Қазақстанның халық шаруашылығмен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі қарастырылған. Үшінші тарауында Д. А. Қонаевтың естеліктеріне шолу жасау.

Зерттеу жұмысының тарихнамасы.

Д. А. Қонаевтың жастық шағы, өмірбаянына арналған «Өтті даурен осылай» Алматы: «Дәуір» 1992ж, бұл кітапта жастық шағы, еңбек жолындағы алғашқы жетістіктері және қызметі жайында айтылған.

Соңғы жылдары замандастарының естеліктерінің бірнеше жинақтары жарық көрді: Д. А. Қонаевтың қоғамдық және саяси өмірі тарихи еңбектерде, оқулықтарда, қазақ совет энциклопедиясында кездеседі. Қонаевтың Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, мәдениет саласын дамыту зерттеулер жеке басылымдар мен қатар өзінің замандастарының естеліктер жинағы шықты. Г. Толмачевтың "50 встреч с Д. А. Конаевым", «Елу жыл ел ағасы» Алматы: Санат 2002, «Естен кетпес Ұлы есім» Шымкент: Өркениет 1999, «Кемеңгер естеліктер» Алматы: 2003ж. Бұл кітабында Д. А. Қонаевтың естеліктеріне шолу жасаған.

Аталмыш еңбектерде қоғам қайраткерінің қызметі, өмірі жайында замандастарының естеліктерімен өлеңдері негізінде жазылған: Б. Тілегеновтің "Тұйық өмірдің құпиясы" Алматы: 1992ж, Д. А. Қонаев "От Сталина до Горбачева" Алматы: 1994г, "Д. А. Қонаев Кеңестік Қазақстан" Алматы: 1980ж. және мерзімді баспасөз беттерінде К. Аухадиевтің, Ж. Аупбаевтың, И. Жеменейдің, К. Таукеновтың, Д. Кішібековтың, К. Смаиловтың, Я. Белоусовтың, Б. Турсумбаевтың, И. Тасмағамбетовтың, М. Сагдиевтің, С. Абдраимовтың, К. Ултараковтың мақалалары Д. А. Қонаевты жағымды тұлға ретінде сипаттайды.

Сонымен қатар кейбір басылымдарда қайта құру жылдарында Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметінің жеке жақтары сынға алынды. Олардың ішінен Кәрішал Асан атаның теріс түсінікпен ерекшеленетін "Тәуелсіздіктің елесі" атты кітабы мен Тоқтасын Беркімбаевтың "Оқшау ойлар" атты мақалалар тізбегі. Бірден айтайық, автор Д. А. Қонаевты сынаған кезде, негізінен бірінші автордың ұстанымын қайталап, жаңадан ешнәрсе енгізген жоқ. Бұл басылымдарда Д. А. Қонаевтың 1942 ж. КСРО түсті металлургия министрінің бұйрығымен Лениногор қорғасын - мырыш комбинатының бас директорының қызметінен босатылғандығын дәлелсіз тұжырымдайды. Олар Қонаевқа үш мәрте берілген Социалистік еңбек Ері атағы еңбегіне лайық берілгендігіне күмән келтіреді, оған көзі тірісінде не үшін ескерткіш қойды деген сұрақ қояды, ұлтына да күмән келтіреді., оның шын мәнінде Алматы да туылып, бірақ кезінде Баханаста туылдым деп жазғандығын айыптайды, ал Беркімбаев оның Жамбыл облысында туылғандығын жазады. Авторлардың барлық осындай пікірлері еш дәлелденбеген.

Біздің зерттеуіміз бойынша, Д. А. Қонаев ешқашан Лениногор қорғасын - мырыш қомбинатының бас директорының қызметінде болған емес және оны ешкім бұл қызметтен босатқан емес. Ол тек 1939-1942 жылдары Риддерлік кен басқармасының директоры қызметін атқарды. Ал енді үш мәрте социалистік еңбек Ері атағының оған берілгендігі туралы айтатын болсақ, біздің ойымызша Д. А. Қонаевтың оны еңбегіне лайық алғандығында ешкім күмән келтірмейтін сияқты әрі қала басшылары екі мәрте Кеңес Одағының батыры және Социалистік еңбек Ері болған адамға көзі тірісінде ескерткіш қойылу тиіс деген заңға сәйкес оған ескерткіш орнатқан болатын. [1] Қонаевтың ұлтына күмән келтіре отырып, авторлар оның өзінің айналасына ұлы жүздің қазақтарын тартты дей келе өздеріне-өздері қарсы шығады.

Қонаевтың туылған жері туралы мәселеде авторлардың өздері шатасып кетті. К. Асанов оның Баханаста емес Алматыда туылғандығын пайымдаса, Т. Беркімбаев оның отаны Жамбыл облысы деп жазады. Біздің ойымызша бұл көңіл аударуға тұрмайтын мәселе.

Д. А. Қонаев туралы айтылған даулы, дәлелсіз, қосалқы айыптарды теріске шығара отырып біз оны мінсіз тамаша болды деп айта алмаймыз. Д. А. Қонаевтың мемлекетті басқару кезіндегі жұмысында әрбір адамға тән жіберген қателіктері болды. Мәселен республикалық облыстық деңгейдегі қызметтердегі басқару орындарға кадрларды іріктеу және ұсыну кезінде қателіктер жіберілген еді. Міне сондықтан олардың арасынан жауапкершілігі жоқ, адал емес белсенділік танытпаған адамдар шықты. Олар кәдімгі тұрақсыз, құбылма адамар болды. Д. А. Қонаев өзінің мінезіне тән жұмсақтықтың салдарынан әрдайым қатаң табандылықты танытпай, соңғы жылдары өзін қоршаған ортаның ықпалына түсті.

І-Тарау Д. А. Қонаевтың еңбек жолының басталуы

1. 1. Д. А. Қонаевтың жастық шағы.

Д. А. Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келді. Балдәурен балалық шағым, қайран жастық дәуренім өткен осынау әсем қала мен үшін оттай ыстық. Әрине, балалықтың да, жастықтың да өз белгілері бар, қызығынан қиындығы басым сол бір кезеңнің біреу біліп, біреу білмес, бірақ өзіме аян өмір жолы қандай болса, өзіммен бірге жасасқандай сезінетін бұл шаһардың да аса бай тарихы бар. Біздің ұшан-теңіз жерімізде ойран болмаған орда бар ма?! Озбыр жаудың күйреуіне ұшыраған халықтың көне қонысы Алматыға - Іле Алатауының солтүстік етегіне «Іле» салынды кейінірек оны Верный деп атап кетеді. Арада он үш жыл өткенде ол қала атанып, Жетісу губерниясының орталығына айналады. Қазан төңкерісінен кейін 1921 жылы көрнекті партия және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ұсынысы бойынша өзінің байырғы аты - Алматыға ие болды, 1924 жылы Жетісудың орталығы деп саналды. [2] Ол қызметкердің отбасында дүниеге келген. Дінмұхамедтің әкесі Меңліахмет Ысқақ Ғабдулуалиев атты көпестің қолында жалданып жұмыс істейтін, ал шешесі Зухра Байырқызы осы күнгі ауданының орталығында сіңірі шыққан кедейдің қызы. Ол үй шаруашылығымен айналысатын. Әкем мен шешем жетпіс жылдан астам уақыт бірге ғұмыр кешті. Анасы байғұс 86 жасында дүние салды. Қонаевтар 2 ұл - Дінмұхамед және Асқар, 7 қыз өсірді. Жігіттің үш жұрты бар дейді ғой. Соның бірі - нағашысы. Мен нағашы ағайым А. Шымболатовтың есімін әрдайым құрметпен еске аламын. Ол кісі комсомолдың ағаш ұйымдастырушыларының бірі, сондай-ақ Жетісу өңірінде, Верныйда Кеңес өкіметін орнату күресіне қатысқан азамат еді. Кейін Түркістан Компартиясы Алматы ояздық комитетінің хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Жаркент ояздық комитетінің бірінші хатшысы болды.

Әкем 1976 жылы тоқсан жасына үш ай қалғанда дүниеден озды. Біз Верный қаласының Сарқант көшесінде Иванов дегеннің тұратын едік. Мен сол үйде туылғанмын. [3] Мен Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатысында оқыдым. Мектеп Алматы көшесінің (қазіргі Емелев) бойында ескі үйде болатын, кейінірек ол мектеп таратылып, мекен-жайы бұзылды. Төртінші класты бітірген соң №14 мектепке ауыстым. Ол осы күнгі тәтті тағамдар фабрикасы тұрған жерде болатын.

Мектеп адам өміріндегі естен кетпес бір белес қой. Мен үшін хат танып, әліппені оқытқан, орыс тілін үйреткен алғашқы мұғалімім Анна Павловнаның орны ерекше. Жаны жайсаң адам еді. Ол кісімен араға, құдайым-ау, қанша жыл салып барып кездестік десеңші. Ұмытпасам, 1955 жылы болатын.

№14 мектепте дәріс берген елгезек те ерекше сезімтал мұғалімдерім: орыс тілінің маманы Л. А. Федулованы, математик С. И. Соколовты, физиктер А. А. Астраханцевті, И. П. Масленниковты, географ Тугаринді, жаратылыстанушы Б. Н. Дублицкийді, қоғамтанушы Е. Войцеховскийді ылғи да еске аламын. Олардың балаларға деген жомарт жүректерін, кіршіксіз таза көңілдерін, жан баурар ақыл-кеңестерін, сарқылмас білім қайнарын қалай ұмытарсың. Әке қаны, ана сүтімен даымаған өнерді игеру оңай емес. Менің орыс тілін ойдағыдай меңгеруім Любовь Александровнаның сіңірген еңбегінің аз болмағаны ризашылықпен айту лазым.

Өзі заманы бірдің - талабы бір ғой, біздермен қыздар аралас оқыды, мектептегі әдет-ғұрып, әрине, бүгінгідей емес, тәртіп қатаң еді, оны сақтай білетінбіз, бір-бірімізге құметпен қарап, сыйласа да білетінбіз, қандай жағдайда болмасын қол ұшын беруден тартынбайтынбыз. Ол кезде оқытудың бригадалық әдісі кеңірек қолға алынғаны бар. Ол үлгерімі жақсы оқушы нашар оқитындарды «жетекке» алу деген сөз, ал мұның өзі өз жемісін бермей қоймайтын еді. Бір ғажабы, мектеп қабырғасында жүріп-ақ тау-кен инженері болуға бел байлаған едім. Қазақтар үшін әрине, ол таңсық кәсіп. Арман алдамапты. Ал оған қалай қол жетті? Мен мектеп бітірген соң, жоспарлау органдарында (республиканы аудан-ауданға «бөлумен» айналысатынбыз) статист болып жұмыс істедім, ал кешкілік институттың дайындық курсында оқыдым.

1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеу түсті металдар институтына түсуге астанаға келдім. Ол кезде поезд Мәскеу мен Алматы арасына алты-жеті тәулік жүреді. Алыс жолға шыққан кісінің терезеден телміріп, дүниені қызықтау. Оған қуанбасам өкінбеймін. Жерімнің шетсіз-шексіз екенін көрдім. Оның құлазып жатқан сар даласын көрдім. Көзім көкжиектерге дейін сүрінбей жетіп, жоқ іздегендей тіміскілеген сайын көңілім алып ұшатын. Сондай-ақ біз тусырап жатқан туған жер төсін түлететінімізге шүбәсіз сенгенмін. Өйткені баға жетпес қазыналы жерім туралы, қойдан жуас халқым жайлы аңыз әңгімені әбден құлаққа сіңіріп өскенмін . . . Мәскеуге күпті көңілімен келіп түстім. Әмина әпкем сонда тұратын, ат басын сол үйге барып тіредім. Жездеміз А. Түркебаев 1920 жылдан партия мүшесі болатын, Свердлов атындағы Коммунистік университеттің тыңдаушысы еді. Ерте есейіп, от пен судан өткен азамат, 1918 жылы азамат соғысына қатысып, партизандар жасағының командирі болған, айдарынан жел есіп тұрған ақ казактармен қанды шайқасқа түсіп, анненковшыл қарақшыларды талқандауға қатысқан. Менің Мәскеуде оқуым республиканың, елдің өміріндегі аса ауыр кезеңге-зорлап коллективтендіру науқанымен тұспа-тұс келді. [4]

1936 жылы шілдеде Мәскеу түсті металдар мен алтын институтын қызыл дипломмен бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жолдама алдым. Осы жерден менің өмірбаяным, нағыз еңбек жолым басталды. Маған бұл өңір бұрыннан таныс еді. Өткен жылы жаз салым келіп, бес айдай практикамды өткергенмін. Қоңыраттың ыстық-суығына азды-көпті төзіп, оның жайсаң жандарымен жақынырақ танысып қайтқанмын.

Д. А. Қонаев 1930 ж Алматыдағы орта мектепті бітіріп, 1931 жылы Мәскеудегі түрлі-түсті металдар мен алтын институтына оқуға түседі. 1936 жылы шілде айында институты бітіріп Қоңырат - Балхаш құрылысына жолдама алып, сол жерде еңбек жолын бастады. [5]

1. 2. Д. А. Қонаевтың еңбек жолындағы алғашқы жетістіктер.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезеңінде Республикада ірі өнеркәсіп орындары аз салынған жоқ, соның ішінде Риддерде, Зыряновскіде, Текеліде, Жезқазғанда. Сол кезде Балқаш көлінің жағасында мыс өндіретін ірі мыс балқытатын Балқаш комбинаты салынып жатқан еді, оны тіпті Магнитогорскпен теңестіретін. Ал мыс балқытатын комбинаттың негізгі шикізат базасы ретінде Қоңыраттық мыс-фарфор кен орны пайдаланылды, осы жерге Д. А. Қонаевқа жұмыс істеуге жолдама берді. Осы жерде Д. А. Қонаев соқпа айналымы қопарғыш станоктың машинисі болып еңбек жолын бастайды. Көп ұзамай ол қопарғыш цехтың бастығы болып тағайындалды. Аталған цех артта қалған еді, сондықтан жаңа басқарушыға істі алға қою үшін көп күш қайратын салу қажет болды. Сөйтіп, Д. А. Қонаевтың қопарғыш цехы алдыңғы қатарға шықты.

Көп ұзамай Д. А. Қонаев кен орынның бас инженері болып тағайындалып, іс жүзінде директордың міндеттерін атқарды. 1939ж Д. А. Қонаев коммунистік партияның қатарына қабылданды. Әрине ұжым үшін лайық іс деп Қонаевтың мыс балқытатын зауыттардың шикізат базаларын дамытуды қарастыратын мәселені көтерген баяндамасымен Мәскеуге, КСРО-ң Совнаркомына баруы еді. 1938ж қараша айының соңында металлургтер тұңғыш Балқаш мысын балқытып шығарды. Мұнда Д. А. Қонаевтың қосқан үлесі зор еді. Сонда КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы жұмысшылардың үлкен тобы мен инженер-техник қызметкерлерін орден мен медальдармен марапаттаған еді. Солардың ішінде Д. А. Қонаев өзінің алғаш наградасы - «Еңбекте көрсеткен азаттық үшін» (немесе "Ерен еңбегі үшін") медалін алады. [6]

1939 жылы кыркүйек айында Д. А. Қонаев Қазақстан Коммунисік Партиясының Орталық Комитетіне шақырылып, Қазақстанның Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовтың қабылдауында болды. Скворцов оған Орталық Комитетінің оны Риддер Кен фбасқармасының басшылық қызметке ұсынып жатқанын хабарлайды. Кен орында жағдай қиын болды, кен орын барлық көрсеткіштер бойынша артта қалған еді. Кен өндіру жоспары орындалмайтын.

1940 жыл да таяп қалған еді. Көпшілігі соғыстың болмай қоймайтындығын түсінді. Өндірісте тәртіп лезде қатаң болды. Осындай жағдайда қорғасын, мырыш және басқа да металлдардың өндірісінің өсуі ерекше маңызға ие болғаны түсінікті. Тау-іргелі жұмыстарымен кен өндірудің жоспарына мерзімінен ерте бітіруге еңбек өндірісін арттыруға еңбектің жаңа әдістерін енгізуге ат салысты. Қонаевтың инженерлерінің және басқалардың айтқан ұсыныстарын өндіріске енгізу жақсы нәтиже берді. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау жылдарында Қазақстан әскери жағдайға бейімделді. Мұндай жағдайда республика басшылары өнеркәсіп орындарының жұмысын ұйымдастыра алатын тұлғаның өкіметте болғанын қажет деп білді. Ол тұлға Д. А. Қонаев болып шықты.

1942ж сәуір айында Д. А. Қонаев Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне шақырған жедел хат алады. Оған өнеркәсіптің жұмысымен айналысатын республиканың Совнаркомының төрағасының орынбасарлық қызметін ұсынды. [7]

Д. А. Қонаев қысқа мерзім ішінде түсті металлургияның барлық мекемелерімен, Қарағанды мен Ленгердің көміршілерімен және барлық қорғаныс кәсіпорындарымен іскерлік қарым-қатынас орнатты. Кәсіпорындардың ұжымдары өнімді арттырудың, еңбек өндірісін көтерудің жолдарын іздеді. Бәрі майдан үшін жасалынды. Соғыстың бірінші жылы ең қысқа мерзім ішінде барлық өнеркәсіп орындарын шығысқа қарай қайта орналастыру қажет болды, оларды қатарға қосып ең маңызды өнімдердің өндірісін ұлғайтып, ірі құрылысты бастау керек болды. Бұл мәселелерді шешуде маңызды рөл Қазақ КСР-ң экономикасына жүктелді. Құйылатын қаржының көлемінің артуы елдің өнеркәсібінің негізгі фондтарының екі есеге өсуіне алып келді. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасына құйылатын қаржы негізінен әскери өнеркәсіпке шикізат, отын, металл шығаратын, майданы қару-жарақ пен азық-түлікпен қамтамасыз ететін салаларға жұмсалатын еді. Көшірілген машина жасайтын зауыттар майдан үшін қару-жарақтың көптеген түрлерін шығарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға
Қайын атасы
Ғылыми жұмыстың тақырыбы
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың саяси еңбегі
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Д. Қонаевтың өмір жолына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz