Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық зерттеу


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 5

1. Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық талдау . . . 7

1. 1 Мемлекет нысаны түсінігі және басқару нысаны . . . 7

1. 2 Мемлекеттің құрылым нысаны . . . 16

1. 3 Саяси режим . . . 20

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанына талдау . . . 30

2. 1 Қазақстан Республикасы - Президенттік республика . . . 30

2. 2 Қазақстан Республикасы - унитарлық мемлекет . . . 42

2. 3 Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет . . . 52

Қорытынды . . . 65

Пайдаланылған дереккөздер тізімі . . . 67

Кіріспе

Мемлекет және құқық теориясының күрделі институттарының бірі болып табылатын мемлекет нысаны бойынша әлі де болса зерттеуді талап ететін мәселелер жеткілікті. Қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің мемлекеттік нысанына талдау жасай отырып, онда кездесетін кейбір шешуді талап ететін мәселелерді қарастырып, оларға өз тарапынан баға беру осы еңбектің басты мақсаты болып табылады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің мемлекеттік нысаны түбірімен өзгеріске ұшырады. Ендігі жерде сол өзгеріске ұшырап, жаңаша сипатқа ие болған мемлекеттік нысанды жан-жақты жетілдіру уақыт талабы болып отыр. Мемлекет нысаны туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан, бірақ олардың барлығы оның үш элементтен тұратын мемлекеттегі саяси билік екендігін мойындайды. Мемлекет нысанының элементтері ретінде басқару нысаны, құрылым нысаны және саяси режим танылады.

Жұмыста мемлекет нысанының әр элементіне талдау жасау арқылы олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктерге мән беріліп және бір-бірінен айырмашылықтарына талдау жасалады. Мемлекет нысаны жайлы әр кезеңдегі авторлардың ой-пікірлері әртүрлі және ол олар өмір сүрген кезеңмен байланыстырылады.

Жұмыстың өзектілігіне осы уақытқа дейін кеңестік кезеңде жазылған жұмыстардан өзге Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанына қатысты ғылыми еңбектер некен-саяқ болуына байланысты бұл жұмыстың негізінен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанын жан-жақты талқылауға арналғандығын атап өтуге болады. Ең алдымен мемлекеттің басқару нысаны бойынша Қазақстандағы президенттік басқару нысанының қалыптасу тарихына тоқталғаннан кейін, оның Қазақстандық моделінің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Мемлекеттің құрылым нысанына байланысты әртүрлі мемлекеттердің құрылым нысанына саралау жүргізілген соң, Қазақстан Республикасының унитарлық мемлекет ретіндегі өзіне тән ерекшеліктеріне талдау жасалды. Ең алдымен назар аударатын мәселе Қазақстанның көпұлтты құрамына байланысты ондағы саны басым ұлттардың өз алдына мемлекет құру идеяларына тосқауыл қою, яғни олардың біртұтас мемлекет ішінен жаңа мемлекет құруға ұмтылыс жасауына, соған байланысты ұлтаралық қақтығыстардың болуына жол бермеу мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Ал саяси режимге байланысты ондағы кездесетін көптеген мәселелерге саралау жүргізілгеннен кейін, кейбір олқылықтардың орнын толтыру жолдары қарастырылады. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы азаматтардың орнына тоқтала келіп, қоғамдағы адамдардың құқықтық санасын жетілдіру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар азаматтық қоғам құру үшін оның элементтерін жетілдіру мәселелері талқыланады. Жұмыста Қазақстандағы партиялардың даму тарихына қысқаша талдау жасалып, олардың қазіргі кезеңдегі құқықтық мәртебесіне саралау

жүргізіледі. Әлеуметтік мәселелерге қатысты халықты әлеуметтік қорғау, халықтың мемлекет тарапынан көмекке зәру топтарына қатысты мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты жұмыстың аталған өзектілігімен тығыз байланыста, яғни, оның мәні - дәл қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанын жан-жақты талқылап, өз бағасын беру және осы қалыптасу үстіндегі мемлекеттік нысан институтының даму жолдарын қарастыру болып табылады.

Жұмыстың бірінші бөлімде жалпылама түрде мемлекет нысанына осыған дейін берілген түсініктемелерге талдау жасалады және автор тарапынан қорытынды жасалады. Мемлекет нысанының элементтерінің бір-біріне қатыстылығына тоқталып, олардың даму ерекшеліктеріне талдау жүргізіледі. Екінші бөлімде Қазақстандық президенттік басқару институтының қалыптасу және даму тарихына қысқаша тоқталғаннан соң, онда кездесетін мәселелерге талдау жасалады. Олардың қатарына президентке қатысты импичмент институтына ерекше назар аударылады. Унитаризмнің Қазақстандық моделінің даму тарихына зерделеу жүргізе отырып, оның қазіргі Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталады. Ал саяси режим бойынша келесі мәселер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылады. Автор осы жұмыс барысында келесідей мәселелер көтереді:

- халықтың құқықтық санасын көтеру арқылы жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру;

- мемлекеттегі экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламаларын іске асыру арқылы мемлекеттегі халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайын жоғарылату;

- халыққа демократияның мәнін жете түсіндіру арқылы өзге мемлекеттерден келетін теріс пиғылды ұйымдар жұмысына тосқауыл қою;

- азаматтық қоғам құрудағы саяси партиялардың алатын орнына тоқталып, қазіргі кезеңдегі олардың заң шығару билігіне тигізер ықпалын жоғарылату;

- халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату арқылы демографиялық ахуалды жақсарту.

Аталған мәселелерді негізге ала отырып, олардың мазмұнын ашу үшін жұмыста кеңестік дәуірдегі, қазіргі кезеңдегі және шет елдік әдебиеттер және баспасөз беттерінде жарияланған материалдар пайдаланылды.

Жұмыс құрылымдық жағынан кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, глоссарийден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық зерттеу

1. 1 Мемлекет нысаны түсінігі және басқару нысаны

Мемлекет нысаны саяси ұйым ретінде, билік жүйесі ретінде, қоғамды тесіп өтіп, әртүрлі құрылу мүмкін. Адамдар оның пайда болу кезінен бастап мемлекетті қалай жақсылап құру туралы ойланып, осы күнге дейін іздеп келе жатқаны белгілі. Себебі мемлекеттік-ұйымдасқан қоғамда оның өмірі және тұрмыс жағдайы соған байланысты. Төңкеріс, азамат соғысы сияқты құбылыстар адамдардың мемлекеттің құрылысын және қоғамды өзгертуге бағытталған үміттермен тікелей байланысты.

Көне дәуірден бастап мемлекет құрылысы, оның құрылымы «мемлекет нысанында» көрсетілген. Айта кететініміз, философияда және сол кезеңдердегі юриспруденцияда «нысан» категориясына үлкен маңыздылық берілген. Рим заңгерлері «нысан затқа тұрмыс береді» деген болатын.

Философияның «нысан» категориясына үш негізгі мағынасы бар.

-бір нәрсенің әртүрлілігі ретінде («пролетариат диктатурасының нысандары») ;

-бір нәрсенің сырттан көрінісі, көріну ретінде (сыртқы нысан) ;

-Бір нәрсенің ішкі ұйымы, құрылым жолы ретінде (ішкі нысан)

Мемлекеттің нысаны туралы әңгіме болса, ойға келетіні құрылым жолы. Дегенмен, мұнда көңіл аударатын жалпы философиялық сипаттағы бір жағдай бар. Нақтылы соны, яғни нысанды сырттан көріну жолы ретінде есептемесек (сыртқы нысанды), «нысаннан» кейін әр уақытта біртұтас құбылыс тұрады. (мұнда айтылған құбылыс бір қатынастағы нысан ретінде көрінеді, басқа да мазмұн ретінде) . «Мемлекет нысанында» ешқандай тұтас құбылыс жоқ. «Мемлекеттің нысаны» ретінде көріну деген, негізінен алсақ, тек негізгі параметрлердің жиынтығы, көзқарастар, яғни баяғыдан бері мемлекетті сипаттауға маңызды ретінде көрсетіледі: соған байланысты мемлекет толық сипатталуы мүмкін.

Айтылған тезистің дәлелі сол, мемлекет нысанына қатысты оның түрлерін бөліп көрсете алмайды, себебі, олай айтатын болсақ, әңгімені тұтас құрылымдарға қатысты бұруымыз керек. Шын мәнінде, егер әдебиетке көңіл аударсақ, байқауға болатыны сол, онда әңгіме басқару нысанының түрлері, мемлекеттік құрылым түрлерінің нысандары, саяси режимнің түрлері туралы болады, бірақ мемлекеттің нысанының түрлері әр уақытта айтылмайды.

Соған байланысты басқару нысанын, мемлекет құрылым нысандарын және саяси режимді мемлекет нысандарының «элементтер» деп атауға негіз жоқ. Себебі, элемент-бұл әр уақытта біртұтастық-тың бөлігі (функционалды біреу) . Айтылған құбылыстар оның негізі болса да, мемлекет сияқты күрделі жүйенің әртүрлі сипаттарының біріне жатады. Мемлекет теориясында кездейсоқ емес көзқарас бар, онда саяси режим мемлекет нысанының сыртына шығарылады. Көңіл аударсаңыз шындыққа жақын сияқты.

«Мемлекет нысаны» жоғарыда айтылғандай, мемлекеттанудың жеткілікті түрдегі көне категориясы, олар бұрынғы оқымыстыларды қанағаттандырған. Дегенмен, содан бері ғылым тұтасымен және оның зерттеу әдістемелерінің жүйесі өте жоғары даму шегіне ұмтылуда. Мемлекетті сипаттауда және зерттеуде жаңа білімдер жүйесін күрделі жүйе ретінде пайдалану керек . [1, Б162]

Заң ғылымында мемлекет нысанының түсінігіне және мемлекет нысанын топтастыруға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Бір авторлар мемлекет нысаны ретінде мемлекеттегі саяси биліктің ұйымдастырылуын үш элементпен, яғни басқару нысанымен мемлекеттің құрылу нысанымен және саяси режиммен біріктіре қарастырады. Мұнда, мемлекетік органдардың өзара және тұрғын халықпен арақатынасы ретінде сипатталатын басқару нысаны ретіндегі мемлекеттің жоғарғы билігін ұйымдастыру түсіндіріледі. Мемлекеттің құрылым нысаны мемлекеттік аппараттың әкімшілік-аумақтық бірлігі және мемлекеттің аумақтық бөліністері мен олардың органдарының мемлекеттің өзімен арақатынасы ретінде қарастырылады. Саяси режим мемлекеттегі саяси бостандықпен жариялылық немесе үстем таптың билігін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде сипатталады.

Кейбір авторлар мемлекет нысанын кең және тар мағынасында түсіндіреді. Мұнда тар мағынасында мемлекет нысаны басқару нысаны ретінде түсіндіріледі. Ал, кең мағынасында басқару нысанын және мемлекеттік құрылым нысанын қамтиды. Мұнда саяси режим мемлекеттің мәнін сипаттайтын құбылыс ретінде түсіндіріледі.

Заң әдебиетіндегі келесі бір көзқарас бойынша, мемлекет нысаны ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Мұнда, егер социалистік мемлекетке қатысты алатын болсақ, ішкі нысаны ретінде социалистік демократия түсіндіріледі. Ал, сыртқы нысаны ретінде саяси биліктің нақты ұйымдастырылуы қарастырылады. Мемлекет кез келген обьекті сияқты динамикалық (қозғалмалы) функционалдық және статикалық (қозғалмайтын) ұйымдастырылған жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, мемлекет нысанын динамикалық негізде саяси режим ретінде ал, статикалық негізде басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны ретінде түсіндіруге болады. Мемлекет нысанын топтастыру барысында оның үш элементтік түсінігі қарастырылады. Жалпы алғанда, кез-келген болмыстың нысаны элементтердің бірлігі немесе жиынтығы бола алмайды. Элементтердің жиынтығы обьектінің мазмұнын құрайды ал, нысан мазмұнның құрылымы, оның элементтерінің өзара байланысының әдісі болып табылады. Осылайша мемлекет нысанының үш элементтен тұратын түсінігі оның мазмұнына сәйкес келеді. Сондықтан, мемлекет нысаны ретінде аталған элементтердің өзара байланысын түсінген жөн болар еді. [2, Б52]

Сонымен қатар, мемлекет нысанының үш элементтен тұратын түсінігіне басқару нысаны, саяси режим және мемлекеттің құрылым нысанымен қатар, кейінгілерімен бір деңгейдегі элемент ретінде кіргізіледі. Бірақ, саяси режим басқа элементтерге қатысты айқындаушы фактор рөлін атқарады. Тәжірибе жүзінде саяси режим тек нақты басқару нысаны мен мемлекеттің құрылым нысанында іс-жүзіне асады, олардан тыс өмір сүре алмайды.

Барлық кезде де саяси режим басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанына қатысты айқындаушы сипатқа ие болады. Сондықтан да кейбір авторлар саяси режимді мемлекет нысанымен біріктіре қарастыруды ал, басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанын саяси режимнің элементтері немесе құрамдас бөліктері ретінде қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, саяси режимді мемлекеттің саяси құрылысын негізгі көрсеткіші ретінде қарастыруды да ұсынды. К. Маркстің ойы бойынша жариялылық дегеніміз мемлекет нысанына жақын түсінік болып табылады. Бұл саяси режим түсінігін басқару нысанына және мемлекеттік құрылым нысанына қарағанда кең мәнге ие екендігін көрсетеді. Сондықтан, саяси режим мемлекет нысанының элементтері қатарына жатқызылмайды, бұл жеке мемлекеттік түсінік. Сондықтан, саяси режимді мемлекеттің жеке түсінігі ретінде ал, басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанын мемлекет нысаны ретінде қарастыру қажет. Кейінгі екі түсінікте мемлекеттің ұйымдастырушылық статикалық құрылымын сипаттайды, басқару нысаны мемлекет тетігінің тігінен бөлшектеу ал, мемлекеттік құрылым нысаны көлденең бөлшектейді. Мемлекет тетігін тігінен бөлшектеген кезде оның жекелеген қызмет түрін жүзеге асырушы органдарының жүйесі ажыратылады : өкілдік органдар, атқарушы органдар және сот органдары. Көлденеңнен бөлшектеген кезде сәйкес қызмет түрлерінің деңгейі ажыратылады: мемлекеттің ұлттық-аумақтық немесе әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуын айқындайтын орталық және әртүрлі төмен тұрған органдардың деңгейлері.

Басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны мемлекет нысанының дербес бөлшектері болып табылмайды және олардың басқа құрамда болуы мүмкін емес.

Кейбір авторлар мемлекеттік құрылым нысанының белгілі бір шекте мемлекеттің басқару нысанынан туындағандығын сондықтан, осы екі түсінік мемлекет нысаны түсінігімен қамтылады. Бұл жерде, ең алдымен мемлекет нысаны ретінде басқару нысанын түсіну қажет ал, мемлекеттің құрылым нысаны мемлекет нысанын топтастыруға қажет нақтылаушы белгі ретінде қарастырылады.

Мемлекет және құқық теориясында «нысан» термині мемлекеттің құрылысын айқындайтын арнайы ғылыми термин ретінде қолданылады. Философиялық жағынан қараған кезде, мемлекет теориясының бұл мәселесі философиялық «нысан» санатымен тоғысады. Сондықтан да, мемлекет нысанына қатысты мәселені шешуде «мазмұн» нысанына сәйкес келетін мемлекет келбетін ескеру керек. Осылайша статикалық жағынан алғанда мемлекетті мемлекет нысанын құрайтын органдар жұйесі ретінде түсінуге болады. Сәйкесінше, осы жағдайда нысан құрылымды айқындайды, яғни органдар арасындағы байланысты оларға өкілеттіктерді бөліп беруді, олардың бағыныштылығын және т. б. көрсетеді. Мемлекет мазмұнының элементтері ретінде қоғамның әлеуметтік құрылысының элементтерін, яғни әртүрлі әлеуметтік топтарды қарастырамыз. Өйткені, байланыс тек мемлекеттік органдар арасында емес сонымен қатар, олармен әлеуметтік құрылыс элементтері арасында да орын алады. Мемлекеттіліктің элементтерінің жүйесі мемлекеттің кез келген типі үшін өзгеріссіз қалады, мұнда нысанының әрқилылығы элементтер арасындағы байланыс типін орнату арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттіліктің мұндай элементтері ретінде мемлекет басшысын өкілетті огандардың жүйесін, атқару органдар арқылы жүйесін, тұрғылықты халықты алуға болады.

Мемлекеттіліктің арасындағы байланыс әралуан, дегенмен оларды келесідей үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. мемлекет тетігін тігінен бөлшектеу нәтижесінде пайда болған органдар жүйесі арасындағы байланыс; мемлекет басшысымен, өкілетті, атқарушы және сот органдарының; олардың өзара өкілеттіктерді бөлуі, атқаратын қызметтерді бөліп алу және т. б. .
  2. мемлекет тетігін көлденеңінен бөлу нәтижесінде пайда болған орталық және жергілікті әртүрлі деңгейдегі органдар арасындағы байланыс; олардың арасындағы өкілеттіктерді бөліп алу, әрекеттеріндегі бағыныштылық және т. б.
  3. әртүрлі мемлекеттік органдар мен тұрғылықты халық арасындағы байланыс; мемлекеттік органдарды құру тәртібі, халықтың мемлекеттік органдарды құруға немесе олардың қызметін бақылауға қатынасуы. Осындай байланыс түрлері арқылы кез келген мемлекеттің нысанын айқындауға болады.

Көбінесе мемлекет нысаны (басқару нысанына байланысты кейінен мемлекеттің тарихи типіне байланысты нақты белгілерімен толықтырылатын) монархия және республикаға бөлінеді. Былайша топтастыру монархия мен республика арасында үлкен айырмашылық болған кезеңдерде жасалған еді. Ол кезде монархия жариялылыққа қарсылықты бейнеледі, ал республика мемлекет нысанындағы жариялылықты сипаттады. Мемлекеттің монархиялық нысаны мұрагерлікпен келген мемлекеттік егемендіктің бастауы және айқындаушысы болып табылатын мемлекет басшысының болуымен сипатталды. Ал, республика нысаны туралы түсінік халықтың егемендігін жүзеге асыру мүмкіндігімен байланыстырылды.

Қазіргі кезде монархия мен республика нысандарын ажырату критерийлері формальдік сипатқа ие болды, ол негізінен мемлекет басшысының билікке келуімен байланыстырылады (мұрагерлік немесе сайлау қағидасы) . Сондықтан да, мемлекет нысанын топтастыру негізі ретінде мәнді белгілерді алу қажет, нақтылап айтсақ, бастапқы кездегі монархия мен республиканы бір-бірінен ажырататын белгілерді: мемлекеттік биліктің егемендігін табу қажет.

Осы көзқарасқа байланысты барлық мемлекеттердің нысандары екі негізгі типке бөлінеді - автократия және поликратия. Былайша топтастырудың тиімділігі сол осы терминдердің өзі мемлекеттіліктің құрылымдық типтеріне мәні бойынша сәйкес келеді: грек тілінен аударғанда автократия - autos (өзі) + kratos (билік), поликратия - сәйкесінше poly (көп) +kratos. Автократия ретінде мемлекет билігінің егемендігінің айқындаушысы және бастауы болып табылатын - мемлекет басшысының шектелмеген бақылаусыз толық билік жүргізуін қамтитын мемлекет нысанын түсінуге болады. Мұндай мемлекетте мемлекет басшысы жоғарғы заң шығарушы, атқарушы және сот билігін өз қолына шоғырландырады. Халық мемлекеттік билік органдарын құруға қатыспайды, ал егер қатыса қалса оның еркі ескерілмейді. Автократияны сипаттайтын тағы бір белгі ретінде биліктің орталықтандырылуын аламыз, мұндай жағдайда жергілікті органдар тек қана жоғарғы органдардың еркін жүзеге асырушы сипатқа ие болады. Автократияға ертедегі шығыстық деспотияларды, доминат кезеңіндегі Рим империясын, абсолюттік феодалдық монархияны, фашистік режим кезеңіндегі Италия мен Германияны және т. б. жатқызуға болады. Автократияларды ондағы мемлекет басшысының орнына келу әдістеріне байланысты мұрагерлік автократияға (абсолюттік және шексіз монархия), шексіз өкілеттілік берілетін тұлғаны сайлау арқылы туындайтын заңды автократияға, билікті күштеу арқылы озбырлықпен бір адамның қолына шоғырландыру негізінде пайда болатын (мысалы, франкистік Испания) автократияға бөлуге болады.

Поликратия автократиядан ондағы мемлекеттік биліктің егемендігінің бастауы тұрғылықты халық болуымен сипатталады. Мұнда, мемлекеттік егемендіктің айқындаушысы бүкіл халықтың атынан сайлау арқылы белгілі құқықтарға ие болатын сәйкес мемлекеттік органдар болып табылады. Поликратиялардағы егемендіктің айқындаушысы заң шығару билігін, сонымен қатар, атқару билігі және басқада мемлекет тетігі жүйесінің қызметін қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті органдар болып табылады.

Мемлекеттің қызметін айқындауды тұрғылықты халықтың қай бөлігінің өз еркін білдіре алуына байланысты поликратия олигархия, аристократия және демократия болып бөлінеді. Олигархияда мемлекетік егемендіктің бастауы болып ең күшті жоғарғы тап өкілдері табылады, өйткені, ол мемлекеттік органдарды құруға және мемлекеттің саясатын айқындауға қатысады. Аристократияда мұндай мүмкіндіккке тұрғылықты халықтың барлық заңды түрде тең құқылы, дәулетті мүшелері қатыса алады. Ал, қойылатын жоғары деңгейдегі талаптар саяси өмірге қатысушы тұрғындардың шегін азайта түседі және буржуазиялық поликратияға олигархиялық сипат береді. Көбінесе, аристократия мен олигархияның арасындағы шек онша байқала бермейді, бірақ, аристократия мен демократияның арасындағы шек мүліктік талаптарға байланысты айқын болады. Автократия мен поликратия мемлекет нысанындағы егемендіктің бір-біріне қарама-қайшы бастаулары болып табылады. Олармен аралық, дуалистік мемлекет нысандары қатар жүреді. Олар екі бастау арқылы сипатталады: тәуелсіз мемлекет басшысы - атқару билігінің басшысы және заң шығару билігін жүзеге асырушы өкілетті орган. Көбінесе бұлар конституциялық дуалистік монархиялар болып табылады. Мұнда монарх мемлекет басшысы және атқарушы билік (сот билігі) басшысы ретінде мұрагерлік құқығы бойынша егемендікке ие болады, ал, заң шығару қызметін жүзеге асырушы өкілетті орган бастауы халық болып табылатын егемендіктің айқындаушысы болады.

Заң ғылымында мемлекет нысаны мемлекеттің болмысының, мәнінің және мазмұнының сыртқы нысаны ретінде қарастырылады.

Мемлекеттің мәні биліктің саяси ұйымдастырылуын айқындайды. Басқаша айтқан кезде, мемлекет мәні оның қоғамды басқарудағы айрықша аппарат екендігін көрсетеді. Мемлекет мәні бүл аталған болмыстың ішкі заңдылығы. Мемлекеттің мазмұны бұл кез келген қоғамдық-экономикалық формациядағы мемлекет мәнінің сипаттамасы болып табылады. Мемлекеттің мәні санаты мемлекеттің типі түсінігіне сәйкес келеді. Өз мазмұнына сәйкес мемлекет құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік болуы мүмкін, бірақ, мемлекет мазмұны түсінігі мемлекеттің тарихы түсінігімен толығыменен сәйкес болмайды. Олардың өзгешелігі екі түрлі жағдайда көрініс табады.

Біріншіден; мемлекет мазмұны таптық-үстемдік жағынан ғана емес сонымен қатар экономикалық және идеологиялық негіздер арқылы сипатталады. Егер, мемлекетті қоғамның экономикалық базисінің саяси қондырмасы ретінде қарастырсақ, онда ол экономикалық мазмұнға ие болатын жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін. Басқаша алғанда, мемлекеттік билік өзінің мемлекеттің идеологиялық мазмұны ретінде қарастырылатын қызметінің идеологиялық негізіне ие болады.

Екіншіден; мемлекеттің белгілі тарихи типі шегінде оның таптық мазмұны өзгереді. Мысалға, феодалдық мемлекеттің таптық мазмұны феодализмнің дамуымен және феодалдық жүйенің ішінде капиталистік қоғамдық қатынастардың туындауымен байланысты өзгеріске ұшырады.

Мемлекет нысанын қоғамның арнайы саяси ұйымы ретінде түсінуге болады. Көбінесе, мемлекет нысаны ретінде үстем таптың саяси билігінің мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері түсіндіріледі. Мемлекет нысаны жоғарғы егеменді биліктің ұйымдастырылу тәсілдерімен, оның басқа органдарымен, тұрғылықты халықпен арақатынастарымен мемлекеттегі саяси билікті жүзеге асыру әдістерімен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теория негізі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Мемлекет басқару нысаны
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Саяси тәртiп туралы
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz