Д. Досжанның романдарындағы тарихи образ жасау мәселесі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ
Д. Досжанның романдарындағы тарихи оқиғалардың көрінісі
1. 1 „Жібек жолы” романындағы тарихи оқиғалардың шынайылығы . . . 6
1. 2 „Мұхтар жолы” психологиялық романының көркемдік- тағылымдық- маңызы . . . 24
1. 3 „Абай айнасы” тарихи- ғұмырнамалық романының тарихи- танымдық қыры . . . 30
ІІ ТАРАУ
Д. Досжанның романдарындағы тарихи образ жасау мәселесі
2. 1 „Абақты”, „Алаң” романдарындағы тұғырлы тарихи тұлғалар . . . 42
2. 2 „Таразы” роман- толғауындағы қазіргі қоғамдық- кезеңдік мәселелердің адам психологиясына әсері . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі заман әдебиетіндегі тарихи роман үлесі барған сайын артып келеді. Өткен жылдарда тарихи тақырыпты меңгеру талабы елеулі нәтижелер бергенін атап өту қажет. Бұл тұста белгілі жазушылар І. Есенберлин, М. Мағауин, С. Мұқанов, С. Жүнісов, Д. Әбілов, С. Сматаев, Ә. Кекілбаев, Ә. Әлімжанов, А. Тоқмағанбетовтың романдары жарық көрді. Жазушылардың шығармаларындағы идеялық- көркемдік дәрежесі бірдей емес.
Қаламгер Д. Досжанның „Жібек жолы” романы тарихи романдардың алғашқыларының бірі болып саналады. Жазушының тарихи тақырыпта жазылған романдары әдебиетімізде жаңа қырынан үлес қосты. Сондықтан жекелеген тарихи тұлғалар жасауда, кезеңдік оқиғаларды сипаттауда жазылған шығармалары қазіргі зерттеу жұмыстарына тиесілі. Жазушының тарихи тақырыптағы романдары жайында бүгінгі күнге дейін айтылған сын зерттемелерді шола отырып, оларды тереңдей зерделеп қарастыру қажет болып отыр. Қаламгер тарихи романдарының өзіне тән сипатының пікірі мен сырын аша түсерлік мәселелер әлі де зерттеуді талап етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Д. Досжан тарихи романдары туралы сыншы ғалымдар өз мақалаларын көптеп жазып жүр. Қаламгердің тарихи тақырыпта жазылған роман, хикаяттарының барлығына дерлік сыни мақалалар айтылған. Атап айтсақ, З. Серікқалиев, Н. Төреқұлов, Д. Әбілов, Р. Бердібаев, М. Қаратаев, Д. Кішібеков, А. Мекебайұлы, Т. Сыздықов, Т. Данияр, Ә. Кекілбаев, Ж. Дәдебаев, М. Мырзахметов, Ж. Нұсқабаевтардың жазушы жөнінде айтылған пікірлері мерзімді басылымдарда жиі жарық көрді.
Әдебиетші ғалымдарымыздың бірқатар зерттеу еңбектерінде арагідік салыстырмалы түрде айтылып жүрсе, енді бірде қатты сынға алып талқылайды. Р. Бердібаев „Тарихи роман” (1997), Т. Сыздықов „Қазақ тарихи романы” (1996), „Төзім” (зерттеу мақалалар, естеліктер. 2004) зерттеу
еңбектерінде кеңінен қамтылған. Сыншы ғалым Р. Тұрысбеков „Тарих пен таным” деген мақаласында қаламгердің шығармасын кеңінен талдаған. Мақаланың айрықша атап айтар ерекшелігі сонда, Д. Досжан туындыларының ізденіс еңбектерінің құнарлы екендігін дәлелдейтін мысал деректер арқылы беріп отырған. Соңғы жылдарда жазушының шығармалары негізінде ғылыми еңбектер қорғалды. Мәселен, қаламгердің тіл қолданысы, жаңадан сөз жасауы, кәсіби, жергілікті салт- дәстүрге байланысты диалектілерді қолданғандығы. Әдеби тілді дамытудағы үлес төңірегінде Ж. Исаева „Д. Досжан шығармаларының тілі мен әдеби тілдің өзара байланысы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап шықты.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті:
Негізгі мақсат Д. Досжан шығармаларындағы тарихи оқиғалар көрінісі мен тарихи тұлғаларды, кейіпкерлерді ашу. Тарихи оқиғалардың көпшілігі жазушы қиялынан туған дүниелер. Шындық пен қиялдың табиғи үлесін табу мәселесі де жазушының тарихи романдарында аса қажетті қызмет атқарады. Д. Досжанның тарихи романдарында халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Сонымен қатар, тарихтың жауапты, ұрымтал тұстарын көрсетіп, тарихи кезеңдік оқиғаларға белгілі адамдардың ақиқат, тарихи мәнді істерін, тұлғасын ашу барысында барынша ізденістермен жасаған. Осыған орай белгіленген міндеттер төмендегідей:
- қаламгердің тарихи шығармалары шартты түрде топтап көрсету;
- шығармалардығы тарихи кезеңдік оқиғалардың көрінісін саралап көрсету;
- романдардағы жекелеген тарихи тұлғалық кейіпкерлердің нақты деректер арқылы жасалғандығына тоқталу;
- қаламгердің образдарды жасаудағы ерекшелігіне баға беру.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Жазушының бірқатар тарихи романдарына толық шолу жасалды.
- Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпта қалам сілтеген алғашқы қаламгердің даралығына мән берілді.
- Жазушының тарихи тақырыпты шығармаларының идеясына сай оқиғалар мен кейіпкерлер жасаудағы өзіндік әдіс- тәсілдері сараланды.
Диплом жұмысының дерек көздері:
Зерттеу еңбекке Д. Досжанның „Жібек жолы”, „Абай айнасы”, „Мұхтар жолы ”, „Таразы”, „Абақты”, „Алаң”, „Төзім” тарихи тақырыпта жазылған романдары дерек көзі ретінде алынды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы :
Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен талдаулар әдебиеттің біртуар қаламгері Д. Досжанның әлі де зерттелетін жұмыстарына, монографиялар мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазуға пайдалы.
Тарих пен қазіргі заман тура мағынасында - Дүкенбай Досжан шығармашылығының кос ішекті әуені, егіз арнасы.
Жазушының өмір жолы оның жазған шығармасымен өлшенетін болса, Д. Досжан осы күнге дейін 11 роман, 22 хикаят, 100 қаралы әңгіме жазыпты. Оларды шартты түрде былай топтауға болады:
- Тарихи тақырыптағы роман - хикаяттар;
- Бүгінгі заман туралы роман, хикаят, әңгімелер.
- Тарихи - ғұмырнамалық шығармалар.
Кезеңді оқиғаларға табан тіреген тарихи шығармалары, кейінгі жылдары үдете жазып жүрген ғұмырнамалық көркем романдары оқырман көкейіне жол тауып, жылы пікір иеленді. Алғашқы жазғандары туған жер тарихы, қабырғалы оқиғалар, сол тарихқа деген перзенттік парыз, ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан өлмес дәстүрлер туралы тұнба терең суреттер болса, кейінгі романдарында құлашты ойға, пәлсапашылдыққа, сүйіспендік романтикасына бой ұрады.
Дүкенбай Досжан тақырыбы, бейне домбыраның қос ішегі секілд: бірі - қоңыр үнді көне тарихи оқиғалар тізбегі, келесісі бүгінгі өмірдің ащы шындығымен суреттеуге арналған оқиғалы шығармалар.
Қаламгердің «Отырар» "Фараби", «Жібек жолы» "Абай айнасы", "Мұхтар жолы", "Алыптың азабы", «Таразы» туындыларының тақырып - мазмұн, адам мен оның еңбегіне тарих тағлымына негізделген оқиға өрімі ой сөз жүйесі тіл стиль сипаты, көркемдік таным арналары ізденіс-еңбекті серік еткен, қоғамдық - кезеңдік көріністер мен өмір - уақыт талаптары басты мұрат, өлшем еткенін аңғару киын емес.
Тарих көрпесін көтеріп, есте жоқ ескі мезгілде рухымызды сақтап қалған бабалар ерлігін паш еткен "Отырар", "Фараби", "Жібек жолы" атты тарихи шығармалары арқылы тыңға күрек салғандай, қазак, қара сөзінде таза дерек ізімен жазылған, тарихи хикаяттардың түңғышы аталып, оқырман қауымды елең еткізді. Қазіргі танымал болып отырған І. Есенберлин, Ә. Әлімжанов,
Ә. Кекілбаев, Ш. Мұртаза, М. Мағауин, С. Сматовтың, Д. Әбіловтің тарихи тақырыпқа арналған
романдары "Жібек жолынан" көп кейін жарьқ көрді.
Тарихи роман, Г. Ленобльдің пайымдауынша, суреттеудің реалистігі, тарихи күрестердің адамдар тағдырына әсерін айту принциптерін ұстанады. Халықтың тарихи белсенділігі, тарихи қажеттілік, бұқаралық, ірі қайраткерлердің істерін кең қамту да тарихи роман шарттары болып саналады. Тарихтың жауапты, ұрымтал тұстарын көрсету, белгілі адамдардың ақиқат тарихи мәнді істерін, тұлғасын ашу принципі тарихи романдар алдына биік міндет жүктейді. Шындық пен қиялдың табиғи үйлесім табу мәселесі де тарихи романдарда аса қажетті кызмет атқарады. [1, 3]
Тақырыптың тарихи болып саналуының бірінші шарты-суреттелетін оқиғалар мен адамдардың қазіргі кезден белгілі дәрежеде алшақ, алыста болуы деп біледі. Маңызды белгінің тағы бірі оқиғалардың, характерлердің, тартыстардың тарихи дәрежесі мен мәнділігін ашуды айтады.
Д. Досжан туындыларында өмір оқиғаларының шындыққа негізделіп, кейіпкерлер жүйесінен тарих пен қазіргі кезеңнің маңызды мәселелері айқын аңғарылып, оның өзі нәзік лиризм, сыр - сезім, ой ағыны, келісті ыргақ, арқылы кең өріс алады. Сондай-ақ тарихнамалық сипат, шежірелік белгі ерекшеліктер, ұлттық этнографиялық нышандар, кеше мен бүгін байланысы барынша жан-жақты сөз етілген.
Халықтың азаттығы үшін күестері мен ұмтылыстарын екшеп алу, сол мәселеге тереңдеп бару тың табыстарға жеткізетінін баса ескертеді. Бұрынғы мен бүгінгіні табиғи жалғастығын тауып көрсете алған шығармалардың ерекше танымал болуы осыдан.
Қазіргі заманғы тарихи романдардың оқиғасы өткеннің қай кезеңін көрсетуге арналса да, онда отаншылдық идеясы басым жатады. Атап айтарлық бір мәселе - тарихи романдарда халықтың көне дәуірдегі қаһармандың күресі мол да, мәнді де суреттелетіндігі. Бұл реттен алғанда, тарихи роман тарихи
эпостың дәстүрін жаңа сапаға көтеріп, жалғап келеді дей аламыз. [1, 5]
Тарихи романдар тілінің ерекшелігі туралы да сан тарау пікір қорытылған. Р. Мессер, мәселен тарихи шығарма авторы өз сөзін замандас тілмен айта алады,
ал кейіпкерлер сөзі негізінде суреттеліп отырған дәуірге сәйкес келуі тиіс деп есептейді.
Қазақ романының бұл күнде дамып, өркендегені соншалық - оның әрбір жанрын арнайы зерттеудің қажеттігі туып отыр.
Бұл жанрдың нақтылы зерттелуге лайық проблемалары көп. Соның бірі тарихи романдардың жанрлық ерекшелігін, өсу бағытын, көркем әдебиетімізге қосқан соның үлесін, жазушының тарихи шындықтың заманалығын, көркем сюжет, характер, шеберлік мәселелерін нақтылы сөз ету болмақ.
Осы еңбегімде халқымыздың тарихта тағлымды істерімен елеулі із қалдырған қайраткерлері тағдырына арналған жазушы романдарының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, олардың жұртшылыққа беретін гибраты жайында сөз етемін.
Д. Досжан архив - тарих қойнауларын жіті зерделеп, өмір-тұрмыс сырларына еркін бойлап, адам әлеміне терең үңіліп, сол арқылы қоғам - кезең сипаттарын, көзқарас эволюқиясын, уақыт ағымын байыпты болжайды. Тарих тағлымына, тұғырлы тұлғалар тағдырына, ғажайып ғұмыр иелеріне, кейіпкерлер әлеміне шығармашылық сипат беріп, оның қайсыбіріне де сергек, ойлы, мінез қалып танытады. Сонымен қатар тарихи роман халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Мұнда шығармалардың тәрбиелік танытқыштың мәні зор.
Жазушы қаламынан туған тарихи романдардың ішіндегі салмақтысы- "Жібек жолы". Романның негізгі мақсаты Отырар елінің алтын дәуірін елестету, сол алтын дәуреннің арамзалардың кесірінен апат болу сырын ашу. Шығарманың дені Отырардың, қазақ елінің бейбіт өмірін, еңбек пен ақыл бірлестігінен туған игіліктерін, Хорезм, Отырар билеушілерінің шығыстың қаһарлы ханы Шыңғыспен арадағы "қырғи қабақ"соғысының мән -жайын айтуға
арналған. Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы шабуылының бастапқы тұсы, Отырар қамалының жауға қарсы ерлік күресі күші басым дұшпанмен алапат соғыс жүргізгендігі, зор шығынға ұшырап жеңілгені, моңғол жаушыларының есепсіз апат әкелгені., талай елдердің шаңырағын ортасына түсіргені, мейірімсіз
тажалдай сұсты кейпі көз алдыңызға елестейді.
Жазушы Д. Досжан осы романда Отырар мен оның мәдениетінің құрып кеткен себебі, тек қана Шыңғысхан түмендерінің шапқыншылығы демейді; бұл ойды тереңдете түсіп, оның түп себебі халықтың басы бірікпеуі, ел басында отырған адамдардың азғындығы, өз бастарының артылмауы, биік мұраттарды мансұқ етушілік дегенге көзімізді жеткізеді. Көптеген қыруар тарихи окиғалар іріктеліп, сұрыпталып., үлкен нысанаға келісті көркем тұжырымға баяндалады.
Д. Досжанның жазушылық тағдырының қайнар көзі сонда: бояуы қанық балалық шақтан нәр тартады. Осынау таңғажайып суреті мол балалық әсер, Қаратау бөктеріндегі шаруа адамдарының парасат пайымшыл тіршілігі қаламгер құлшынысын қалыптастырып, тақырыптық шеңберін және шығармашылық қарымының өзіндік ерекшелігін өз халқының өткеніне, этнографиялық сыр сипатына, тұрмыс тіршілігіне, өмір салтына, қазақтың шебер, бейнелі сөз саптауына ден қоюын әуел бастан-ақ айқындап берген еді.
Д. Досжан жаңа бір қырынан тағы жарқ етті. Жаңа биіктерге көтерілу үшін жазушының өз бойынан күш-қуат тапқанын ұғыну ерекше қуанышты сезімге бөлейді.
Мұны оның соңғы жылдардағы жарыққа шыққан кітаптары: психологиялық роман-толгғныс "Мұхтар жолы "(1988), құжаттар ізімен жазылған қазақ ГУЛАГ-і көсемсөз романы "Абақты "(1992), және роман-арылу "Алаң" (1993), роман метафора, қасіретнамалық-пәлсапалық туынды "Таразы"(1992) және өзіндік ерекшелігі мол ғажайып адамдар ғұмыры сериясы бойынша жазылған "Абай айнасы" (1994) - осы сөзіміздің дәлелі.
Осы еңбегімде жазушы Д. Досжанның тарихи тақырыптағы романдары мен тарихи ғұмырнамалық шығармалары төңірегінде зерттеу жасадым. Атап
айтсақ, "Жібек жолы", "Абай айнасы", "Мұхтар жолы", "Таразы", "Абақты", "Алаң" романдарындағы тарихи кезендік оқиғаларға және тарихи кейіпкерлерге жеке тоқталып өттім. Қиын тақырыптарға қалам сілтеген жазушы өмірдің өзекті мәселелеріне батыл барды.
Тарихи - ғұмырнамалық шығармаларында құжаттарды көркем тілмен
сөйлетіп, кестелеп оқырманға жеткізе білді.
"Жібек жолы" романының жүйе-желісі бірқыдыру өзгеше. Көзқарақты "Эпилог" пен "Пролог" орнына "Түйін" және "Бастау" деп айдар тағылған. Бөлімдер "Желі" деп аталады, ал сол желі бойындағы ұсақ тараулар "Сарынға" бөлшектенген. Ескі заманның еміс-еміс алыс сарыны естіліп тұрғандай. Осы шығарманың табиғатын аша түсетін, көне қобыздың бебеуі, саз сырнайдың ызыңы секілді нәрсе, шығарма шертетін біртұтас үн тап осы сарындардың бойында жатқан секілді. Өткен заман оқиғалары мен адамдар тағдырын жаңғырта көрсетудің өзіндік қиындығы көп. Соның бірі-белгілі дәуірге, кезеңге тән оқиғалар, байланыстар., мінездер құрамын дәл екшеп алу мәселесі. Жазушыға таудай тірек болатын ерте заманның жазба деректері, шежірелер, тарихи аңыздар, тағы басқа жәдігерлер. Мұндай деректер келе соққан жерде қаламгер уәзипасының қиындай түсетіні кәміл.
Д. Досжан "Жібек жолын" жазу үстінде көптеген тарихи деректердің нақты болмауы киындық туғызған. Қазақстанның Шыңғыс хан шапқыншылыгының алдындағы жағдайын роман көлемінде кеңінен суреттеп шығу деген қиынның киыны еді. Оған себеп, бірінші деп аталған дәуірдегі қазақ елінің жай-күйі, тұрмыс, мәдениет, салт-сана дәрежесі әлі күнге дейін тарихтың жүйеде тексеріліп болмаған. Бұл кезең туралы сан тарап зерттеулер: археологиялық, этнографиялық, тілдік, тарихтық, экономикалық, саяси-әлеуметтік тұрғыдағы еңбектер ғана нақты түсінік, баға айтуы мүмкін. Екіншіден, қазақтың өз шежіресі де көп жағдайда арғы ғасырларға бара бермейді. Қазақ халқының негізін құраған үлкен рулар мен бірлестіктердің тарихы да, түркі, моңғол тайпаларының өзара байланыстар жайы да толық анықталып бітпеген. Үшіншіден, ХІ-ХІІ
ғасырлардан кеткен кейбір жазба әдеби мұралар көбінше Орта Азияның көптеген халқына ортақ мәселені қамтиды. Олардың ішінен қазақ тарихына тиесілі үлесті ажыратып алу да оңайға
соқпайды. Міне, мұндай жағдайда ескі тақырыпқа тәуекел ету үлкен отаншылдық сананы, ыждағаттылықты, зерттеушілік пен суреткерлікті ұштастыруды керек етеді. Сонымен қатар көркемдік қиялдаудың да қызметі айрықша күрделі болмақ.
"Жібек жолы" романында тарихта аты мәлім кейіпкерлер де, ойдан шығарылған көркемдік жинақтаулар да аралас. Отырар билеушісі Иланшы Қадырхан, тілші Исмайыл., математик Ғаббас, Шыңғыс хан, оның елшілері мен түменбасыларының аттары бұрыннан мәлім, ал Ошақбай, Қыпшақбай, Хиссамедин, Баршын сұлу тәрізді қаһармандар киялдың жемісі ретінде туған.
Отырар-орта ғасырда Арал бойындағы көшпелі сауда жасайтын орталық қала. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы экономикалық әрі стратегиялық сипаты төтенше шаһар. Осы маңыздылық оны моңғол шапқыншылығынан кейін жермен жексен болып қалса да, қайтадан "тірілтуге" мәжбүр етеді. Оған қызықпаған, көз алартып, "сойылын" көтермегендер аз, бірақ тұрғындары соның бәрінде де қаласымен бірге "өліп-тіріліп" жанкештілікті бастан кешкен.
Отырар-Дәшті Қыпшақ даласына, Інжу-Үгіз, Сейхун-Сырдария өзенінің өн бойын самай салынған қырықтан астам шаһарға ықпалы жүрген, беделі зор қала. Дегенмен, оның да өз тізгіні қолында болмаған, Мавренахр айдаһары Хорезм шаһ Мұхамедке бағынышты Д. Досжан романында шындықтан ауытқымаған. Ол: "Қазіргі Хорезм әміршісі Мұхаммед қасына үнемі қыпшақтан кеңесші ұстайды. Иланшы Қадырханның өз басы Үргеніштегі мемлекеттік кеңес-Дуан арудың мүшесі. Аузы дуалы айтқыштың өзі. Айбарлы Мұхаммедтің шешесі Түрікмен ханым қазақтың қаңлы руынан шыққан Иланшы сол Тұрхан ханымның туған жиені", -дегенді оқимыз. [2, 93]
Расы сол, Отырар қаласына шаһтың анасы "Әлемнің барлық әйелдерінің
падишасы" Тұрқан-ханымның қалауымен тағайындалған наиб (әмир, билеуші, әкім шаһтың оң көзі, наместник деп айтыла береді) 2 әмірін жүргізген. Қадырхан Д. Досжан пайымдайтындай, әкесі Тоған батыр таққа отырғызған билеуші емес, Тұрқан ханымның әмірімен Мұхаммед шаһ наиб Темір Мәлікті биліктен шеттетіп, соның орнына жіберілген жаңа әкім. [3, 12] . Бірақ бұл жерде қаламгердің ойы тарихи шындыққа жанаспайды.
Қайырхан Отырарға әмірші болып Шыңғысхан келердің алдында ғана тағайындалса керек. Романда бас кейіпкер Қайырханның есіміне тіркеліп жүрген "Иланшы" деген сөз оның лауазымына қатысты емес, әкесінің есімі. Мәселен, Ошақбай батыр мен қала әміршісінің асында сына қағып, от жакрақ болған жауырыншы оған "Иланшының баласы шаһар шетіне, Арыс жиегіне шатыр тіккен Баршын сұлу екеуі шатырда кездесіп тұрады - мыс, әмірші әрәдік ханшаға білдірмей көңіл тояттатып кайтады-мыс", - дейді отты көсеп. [2, 150] Осы үзіндіде аңғарылатындай, "Иланшы" сөзі Қайырханның тегі, оны басқаша өңін айналдырып түсіндіру қиянат.
Шаһ Отырардан сақтанып, оның ішкі ісіне өзі де шешесі Тұрқан ханым да қол сұғып, тақта сергек отырған. Қаланың гүлденіп баюына мәдениетінің көркеюіне олар онша ынтықпаған. Романда ол жағы ескерілген. Мәселен, ибн Мұхаммед шаһ өнбес дауды өлмес құлдай қуып, елшісі Шихам ад-Дин Мұхаммедұлы Ахмед Несевиді де Отырар және оған бағынышты қыпшақтармен қоңырат, қаңлылар қоныстанған қырық қала тұрғындарына енді інжу суын ішкені үшін де салық төлеуге бүйрық шығарғанын естіртуге арнайы жіберген. Әкімдерді ол қалаларға Хорезм шаһ өзі тағайындап Азиядағы Тудмордан кейінгі көркем, ең бай ізгі тәкаппар қаланы уысында ұстаған.
Д. Досжан "Жібек жолының" он бірінші сарынында сонау сегізінші ғасырдағы Дешті-қыпшақ даласының тарихи келбеті тамаша суреттелген.
"Ықылым сегізінші ғасырдан бастап осы күнге дейінгі ұлан-ғайыр ұзақ уақытта Дәшті-қыпшақ деп аталатын Інжу үгіз өзені және Хорчук тауын, Хорезм мен Абескүн теңіздері жағасын, құлынды даласын, Есіл мен Ертіс өзендері
бойын желдей есіп, еркін кезіп жайлаған сан қилы рулар жинағы бұл. Көне қара шаңырақ, аса айбарлы ел. Ескі шежірешілер көбіне Дәшті қыпшақ, кейде Каңлы-қыпшақ деп хатқа түсіреді"- деп сонау замандағы қыпшақтар елін кереметтей көрінісін аша түскендей. [2, 93]
... жалғасы"Тоғызыншы ғасырдан бастап, Дәшті-қыпшақтың түстік жағы, дәлірек ойласа, Отырар мен оның қол астына қарайтын қырықтан астам қалалар Хорезмнің жұрымына жатты. Інжу үгіз бойындағы дихан халық та солай жапырылды. Бұған басты себепкер мұсылман діні еді". Осы тарауда сол дәуірдегі тарихи деректерге жан-жақты тоқталады.
Сол кезеңдердегі Араб жаушыларының қыпшақ даласын жаулап алған уақытынан тарихи деректерге сүйене отырып, мәлімет беріп кетеді. "Араб қолбасшылары Отырар мен Испиджабты 840 жылы, Таразды 893 жылы, Сығанақты 843 жылы жаулап алады. Қараңғы халыққа діннен тор құрды, есін алды. Көп ұзамай әлгі шаһардың халқы көтеріліске шығып, апиын жұтқан арабтарды кері қуды. Бас бостандығын жеңіп алды. Бірақ арабтар бос кеткен жоқ, дінін таратып, соңына сахаба, баба, ата деген дін ұстар ұяластарын қалдырды", деп жазушы тарихи-тұрмыстық сипаты нақты деректерді де дәлелді жүйелі беріп отырды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz