Міндеттемелік құқық туралы



1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері және оның пайда болу негіздері
2 Міндеттеменің пайда болуы мен негіздері
3 Қорытынды: Міндеттемелік құқық ұғымы
1. Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі
тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл
туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес
бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б.
сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан
тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін
орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан
атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек,
міндеттеме — азаматтық құқықтық катынастың бір түрі. Ал, талап
ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара
жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады.
Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан
қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып
қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік құқық" деп атайды. Бұл - "екіжақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге қүқылы" деген сөз. Басқа да азаматтық қүқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.
2. Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы
Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабында тайға таңба
басқандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие
беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама
беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға
міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта
тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы
міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң
құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды
тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты
өзіндік атауларымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретіңде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мүның аты — көп түлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.1
Ғазиз Төлеуғалиев ҚР-ның азаматтық құқығы, 2001ж.
ҚР-ның Азаматтық кодексі(Жалпы бөлім), 1994ж.
Гражданское право. Под редакцией Сергеева. Алматы 1980г.
Азаматтық құқық. І том. Жоғары оқу орындарына арналған ред. М.К. Сулейменов Ю.Г. Басин Алматы 2003ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері және оның пайда болу негіздері
2 Міндеттеменің пайда болуы мен негіздері
3 Қорытынды: Міндеттемелік құқық ұғымы

Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері және оның пайда болу негіздері

1. Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі
тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл
туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес
бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б.
сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан
тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін
орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан
атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек,
міндеттеме — азаматтық құқықтық катынастың бір түрі. Ал, талап
ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара
жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады.
Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан
қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып
қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік құқық" деп атайды. Бұл - "екіжақты
құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға,
яғни, талап етуге қүқылы" деген сөз. Басқа да азаматтық қүқықтық қатынастар
сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект,
мазмұн және объект.
2. Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы
Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабында тайға таңба
басқандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие
беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама
беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға
міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта
тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы
міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң
құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды
тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты
өзіндік атауларымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретіңде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мүның аты —
көп түлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің
286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық
(жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.1
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға
өздерінің ортақ меншік қүқығындағы мүлікті сатқаңда, бірнеше жеке түлға

Төлеуғалиев Ғ. ҚР-ның Азаматтық құқығы: жоғары оқу орындарына арналған
академиялық курс І том.- Алматы: Жеті Жарғы 2001ж. 300-305 б.
бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі
басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда
жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге
кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды
түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор,
не болмаса, несие беруші ретіңде қатысады.
Егер міңдеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе
ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал
несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті
талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген
борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала
береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес,
борышқорлардан міңдеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал
борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ
қатысатын міндеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды.
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:
1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны -ортақтасқан
міңдеттеме;
2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны — ортақтасқан талап
етуші;
3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар
қатысқаны — аралас ортақтасу, — делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң қүжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық
нұсқаланбаса — ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда
болады.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың
міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң
қүжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан
міндет болып табылады.
Несие берудегі ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке
алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те
борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық
қанағаттанбаған несие беруші алымдарын одардың қалғандарынан талап етуге де
құқығы бар.
Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып
қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие
беруші алдындағы міндеттерінен босатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені
борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау
борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына
қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай
қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің
біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа
ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық
білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің
міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап
орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі
мүмкін екеңдігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың
арасыңдағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіңдіре кетелік, яғни борышқор
өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы,
субсидиялық міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің)
жауапгершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған
ондай занды тұлғаның ауыртпалығын негізгі қоғам өзіне көтеріп алады.
3. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субьектілерінің құрамыңда
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде
жүзеге асады. Мысалы, занды түлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен
ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы
түлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да
соңдай қүқықтарының біріне нақты міңдеттемесі де кіреді.
Заң міндеттемедегі түлғаны ауыстыруға жеке құкық қабылдаушылық жағдайыңда
рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет
өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі
түлғаның ауысуы мүндай жағдайда арнайы мәміле негізіңде жүзеге асады, бұл
талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады (АК-тің 339-347
және 348-баптары).
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие
берушілер арасында борышқорға талап ету қүқығы келісім шарт арқылы жүзеге
асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне
қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдырады. Талап
етуді біреуге беру (мүны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады,
оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді
жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке
басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке
басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру
жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-
бабы).
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң
құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап
етілмейді (АК-тің 339-бабьшың 2-тармағы).
Дейтұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс.
Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға
жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне
қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге
міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-
тің 339-бабьшың 3-тармағы).
Егер заң қүжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие
берушінің құқығы жаңа несие берушіге қүқықтың ауысуы кезінде болған көлемде
және сондай жағдайларда ауысады. Aтап айтқанда, жаңа несие берушіге
міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның
ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талал етуге байланысты құқықтар
ауысады (АК-тің 341-бабы). Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына
дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міңдеттемелерді
орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабыньщ 1- тармағы).
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын
куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар
мәліметтерді хабарлауға міндетті (АК-тің 342-бабының 2-тармағы).
Борышқор міндеттеме жөніндегі қүқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны
туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған
қарсылықтарын жаңа нееие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы (АК-тің
343-бабы).
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие
берушінің қүқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай
жағдайлардың болуы негізінде:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты
мирасқорлық нәтижесінде;
2) заң қүжаттарында мұндай ауысу мүмкіндіні көзделсе, несие беруші
құкықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы
нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына
жауапты борышқорға несие берушінің қүқықтарын алып берген
кезде;
5) заң құжаттарыңда көзделген өзге жағдайдарда басқа адамға
ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн — несие беруші, борышқор және
үшінші тұлға арасындагы соңғысының борышты өз мойнына алу жөнщдегі келісім-
шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің
келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-бабы). Бүл түсінікті де, өйткені,
несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ
борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын қалайды.
Оның үстіне бұрынғы борышқордың міңдеті жаңасына айна-қатесіз ауысуы
шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы
қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға
құқылы (АК-тің 348-бабының 2-тармағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші
жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол
тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге
келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе -талап етуді
беру нысанына сәйкес келуге тиіс (АК-тің 348-бабының 1 жөне 2 тармақтары).
4. Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме)
міндеттеме2 ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін
орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол
адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп
атайды.
Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері
салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді
талап етуге құқылы. Ортақтасқан міңдеттемені орындаған борышқор қалған
борышқорлардың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен
кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған
борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең
үлесте түседі.
Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие
берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса,
оларға тиесілі үлестерін өтеуге міңдетті.
5. Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік
беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер
жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да
айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттеменің тараптары
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Міндеттемелік құқық жайлы
Міндеттемелік құқықтың ұғымы
Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық - құқықтық қатынастардан айырмашылығы
Міндеттемелік құқық туралы ақпарат
Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері
Пәндер