Авторлық шартты рәсімдеу


КІРІСПЕ . . . 3

  1. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВТОРЛЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 5Шет мемлекеттердің заңнамасында авторлық шарттың пайда болуы және қолданысқа түсе бастауы . . . 5Авторлық шарттың Ресей Империясының және КСРО-ның авторлық құқығында дамуы . . . 10
  2. АВТОРЛЫҚ ШАРТТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 21Авторлық шарттың түсінігі . . . 21Авторлық шарттарды топтастыру . . . 35
  3. АВТОРЛЫҚ ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН АВТОРЛЫҚ ШАРТТЫҢ НЫСАНЫ . . . 40Авторлық шарттың тараптары . . . 40Авторлық шарттың нысаны . . . 49Авторлық шарттың мазмұны. Елеулі ережелері . . . 51
  4. АВТОРЛЫҚ ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ. АВТОРЛЫҚ ШАРТ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК . . . 58Авторлық шартты рәсімдеуАвторлық шарт бойынша жауапкершілік . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың дамуы, өркендей түсуі, құқық аумағындағы мәселелерге қатысты болып отыр. Халықаралық қатынастардың соның ішінде сауда, экономика, өнер және де тағы да басқа салаларын алып қарастырсақ, олар келіп авторлық құқықпен байланыстырады.

Авторлық құқықтың халықаралық тұрғыда немесе қоғамның ішкі қатынастарында болсын өзіне тән әр алуан мәселелері толық шешіле қойған жоқ, ал оларды құқықтық реттеудің одан әрі күрделенуін қазіргі талаптарға сай шығып жатқан электрондық және басқа да неше түрлі технологиялардың жаңаруы бірден бір себебін туғызуда.

Осы қарастырылып отырған құқықтық жүйе өзінің даму барысында қазіргі қоғамдық талаптарға сай болуды көздеп, авторларға өздеріне тиісті құқықтардың қорғалуына кепіл бере отырып, ал сол кезде қоғамның интеллектуалды меншікке деген жолын ашып отыр, бұнысы әрине адам құқығы жөніндегі декларацияға сай жасалады. Осының өзі авторлық құқық жүйесінің қай елде болмасын маңыздылығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында авторлық құқықты реттеу үшін 1996 жылы 10 маусымда «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы заң¹ және Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінің 1999 жылы 1 шілдеде қабылданды. 2 Бұл заңдар авторлық құқық туралы КСРО кезінде қалыптасқан тұжырымды түбімен өзгеріске ұшыратты. Ондағы басты өзгеріске ұшырағаны авторлық құқықты тану автордың өз құзыретінде делінген, ал жоғарыда айтылғандай КСРО кезінде авторлық құқық обьектілері жеке меншігі деп танылмаған еді.

Қазақстан Республикасында авторлық құқық саласында ең негізгі нормативтік құқықтық акт ретінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң болып табылады. Оның себебінің бірі ол авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында пайда болған қатынастарды реттеу тетіктерін пайдалануда, дамытуда тиімді және де авторлық құқыққа тән құқықтық атмосфераны жасауға үлкен әсерін тигізеді.

Осы авторлық құқыққа қатысты ғылыми тұжырымдар бұрынғы кеңес одағы кезінде қалыптасқан қазіргі нарықтық экономикада тіпті қолдануға келмейді. Кеңестік республикалар одағының құрамында болған кездерде авторлық құқыққа қатысты жағдайлардың барлығыда мемлекеттің монополиясында болса, ал ендігі кездерде авторлық құқықтағы шарттар шығармашылықты және интеллектуальдық меншікті қолдануда, дайындауда, жасау кезінде авторлық құқықты және де шаруашылық байланыстарда бекітудің негізгі тәсілі ретінде ие болды.

Жоғарыда қарастырылған, авторлық құқыққа қатысты нормативтік құқықтық актін осы шарттарға қатысты ерекшеліктеріне негізінен оның типтік шарттарды алып тастап, жалпы азаматтық қағидаға, яғни шарт еркіндігін

негізге ала отыра әртүрлі авторлық шарттардың арасында әрқайсысына өзіндік

ешбір айырмашылық жасамайды. Бір жағынан ол заңнамада әрбір авторлық шарттарға қатысты онда болуына қажет талаптар схема түрінде көрсетілген.

Осы айтылған жағдайларға қатысты жұмыс барысында авторлық құқық саласындағы шарттық қатынастарды кешенді түрде қарастырып және авторлық шарттың тарихи даму кезеңдерін, авторлық шарттың түсінігін анықтап, оның құқықтық табиғатын, авторлық шарттың мазмұнын, азаматтық қатынастарда авторлық шарттың қолдану ерекшелігін сонымен қатар авторлық құқыққа тән ерекшеліктерді қарастырып көрейік. Негізінен ғылыми, әдебиет тұрғысынан, өнер туындыларының дамуын және де оларды пайдалану кезінде пайда болатын қатынастарды саралауға, авторлық шарттың құқықтық табиғатын, мазмұнын, топтамасын анықтауға, сонымен қатар «авторлық құқық» түсінігінің, тіпті бұл терминнің қалай пайда болғанын сол терминмен қатар жүретін «интеллектуальдық меншік» және «авторлық шарт» терминдерінің түсінігіне нақты тоқталып кетелік.

Сонымен қатар, бұл жұмыста авторлық құқықтың нарықтық экономикадыға алатын рөлін әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдан қарастыруға тырысып көрейік.

Өз жұмысымда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша авторлық құқықты реттеу ерекшеліктерін қарастыра отырып, бұл саладағы заңнаманы жетілдіре түсу қажет деп есептеймін. Бұл ретте автордың мүліктік құқықтары мен қатар, мүліктік емес құқықтарын қорғауды да ниеті қарастыру қажет.

¹ Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы 1996 ж. 10 маусым

² Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде

І. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВТОРЛЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.

1. 1. Шет мемлекеттердің заңнамасында авторлық шарттың пайда болуы және қолданысқа түсе бастауы.

Қазіргі кездегі европалық заң ғылымдарында интеллектуалдық шығарманың нәтижесіне құқық бұл − тұлғаның өзінің ойлау еңбегінің нәтижелеріне абсолютті түрде билік ете алуы деген тұжырымдарға сүйенгенді жөн көріп отыр. Ал мұнда меншік құқығымен ұқсастық көрініп отыр, ал меншікті қорғау бұл табиғи құқыққа тән, яғни дәстүрлі тұжырым болып отыр. Осы айтылған тұжырымның тарихи тереңдігіне үңілген болсақ, табиғи құқықтан алынуының себебінің бірі бұл капиталисттік қатынастардың дамуының салдарынан туындады деуге болады. Бұдан анықталатыны авторлық құқықтың пайда болуына негіз болған баспашының корпаративтік мүдделерінің мемлекеттің әкімшілік мүдделерінің сәйкес келуінен болды деуге де болады.

Бірақ, авторлық құқық тек катипалисттік кезеңде ғана пайда болды деуге болмайды. Авторлық құқықтық белгілері сонау ежелгі Египетте көріне бастаған еді. Негізінен кітаптардың отаны - ежелгі Египет, ең бірінші әдеби шығармашылық осы елде жарық көрген. Сонымен қатар бұл елде авторлық құқық туралы тіпті түсінік болған да емес, себебі мұндағы авторлар өздерінің шығармаларына өздерінің аттарымен байланыстыруды көздемеген еді, олар шығармаларын атақты құдай атымен немесе сол кездерде билік етіп отырған патшаларымен, перғауындармен байланыстырды, бұл олардың әдеби шығармаларының мәңгі өмір сүруінің кепілдігі болды.

Афиныда болса баспа ісі, әдеби шығармашылықтар, кітап саудасы жоғарғы деңгейде болды. Дәл осы кездерде Ежелгі Грецияда кітаптардың басылып шығу түсінігі қалыптасқан еді, ол түсінік қазіргі түсініктерден өзгешелеу болды. Осы Ежелгі Грецияда пайда болған көне термин «ecdosis» бұл «басып шығару» деген сөз болса, ол Грецияда шығарманың авторының қатысуымен жазбаның нұсқасын жазып кейіннен сол нұсқадан көшірмелер жасау процессін айтуға болады. Бірақ мұндағы бір кемшілік ол сол нұсқалардан кез келген адам көшірме жасай алды, оны әрине автордың рұқсатынсыз жасай алады, ал бұл процесс өз кезегінде шығарманың жалпы мазмұнын өзгеріске ұшыратты. Сол себепті ең алғаш жасалған түп нұсқасы арнайы мекемелерде сақталуға берілетін, міне сол нұсқамен кез келгені көшірмені тексере алды, бұл процесс автордың шығармасын басқа біреу өзіне сол шығармаға авторлық құқықты заңсыз тіркеп алудан сақтандырды. Әрине ондай мекемелер шығарманы жәй ғана сақтауға алмайды, ол үшін автор сол мекемемен шығармашылықты сақтау туралы шарт жасасады, бұл шарттың талаптарына шығармашылықты болашақта қолдану және жаңарту тәртібі қарастырылған.

Тіпті Империя тұсында Римде азаматтық құқықтық даму кезеңі бола тұра олардың заңдарында шығармашылыққа деген құқық қарастырылмаған, оны

меншікке деген құқықтан ажыратпай қарастырған деуге де болады.

Сол дәуірлерде құқықтық қорғаудың болмауының себебінің бірі жазылған шығармалардың көшірілу мүмкіндігінің шекті болуы еді, бұл әрине техникалық құрамдардың болмауының немесе әлі пайда болмағандығынан болды деп есептеуге болады. Мысалы, бір нұсқаны көбейту үшін оны қайтадан қол жазбамен көшіріп, ал егер онда суреттер болса оны қолымен салуына тура келетін еді, сонда ғана елдер ол шығарманы қолдана алады. Сонда автор өзі жазған көшірмелердің иесі нақтырақ айтсақ қолындағы бар материалдық дүниенің иесі ғана болып, оны зат ретінде ғана бір тұлғаға сата алды. Сондықтан болар римдік заңгерлер шығармашылықты материалды зат ретінде қарастырып оны реттейтін құқықтық институт, меншік құқығын қолданған еді.

Қазіргі кездегі қоғамға мәлім интеллектулдық меншік институты сол ежелгі дәуірдегі заңгерлерге тіпті тансық болған.

Кез келген құқықтық институт тәрізді интеллектуалдық меншік құқығының дамуы, пайда болуы, қолданылуы жалпы алғанда белгілі бір кезеңдермен байланысты, осыған қатысты әр уақытта да құқық саласын зерттейтін ғалымдардың пікірлері бір тоғыстан шықпайтыны анық. Мысалы: Каудыров мырзаның пікірі бойынша интеллектуалдық меншік құқығының даму үрдісін 3 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, 3 нақтырақ, бірінші кезең − XV ғасырмен XVIII ғасыр аралығын бөліп, оны автор «монополиялық ерекшеліктер» кезеңі деген атау береді; екінші кезеңге − 1790 жылдармен 1883 жылдар аралығы, оны автор «интеллектулды меншікті қорғаудың ұлттық жүйесінің гүлденген кезеңі»; үшінші кезеңге − 1883 жылдан басталып, оны автор «бүкіл әлемдік конвенция кезеңі» деген атаулар беріп интеллектуалдық меншік құқығының даму кезеңдерін өздігінше бөліп көрсетіп отыр.

Қазіргі кездегі интеллектуалдық меншік институтының негізі Европада кейінгі орта ғасырда және Жаңа кезеңде қалыптаса бастады. Оның негізіне себеп болған, баспа станоктарының пайда болуы және әдеби шығармаларды басып шығарумен байланысты қатынастарды реттеу кем дегенде екі жақтың мүддесіне жауап береді, мұндағы бір тарап баспашылар корпорациясы болса, ал екінші тарап мемлекет болды. Сондағы баспашылар корпорациясының жалғыз көздейтіні тек кітаптарды сатуға, басып шығаруға деген абсолюттік құқықты иелену еді, ал мемлекет өз тұрғысынан мұндағы көздейтіні тек өзінің әдеби шығармаларына деген сенімді цензураны сақтап қалу және де сол тұста бюрократиялық механизмді өзгертпей және оған деген артық шығындардышығармай сақтап қалуды көздеген еді.

3 Т. Е. Қаудыров Гражданско-правовая охрана обьектов промышленной собственности в РК. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора ю. н. Алматы 2002 г. 50 стр

Осы екі мүдделі жақтардыңкүштерін қосу алғаш рет XVI ғасырда Англияда көрініс тапқан еді. Ол кездерде мемлекет белгілі бір қаржылық қиындықтарға дұшар болған, сол себепті олар өздеріне қажетсіз баспалық шығармалардың басылып шығуын бақылай алмаған. 4

Сондықтан жоғарыдағы екі тарап бірігіп баспа шаруашылығын қорғауды көздейді, оның бір көрінісі ол кіпаттарды көбейту құқығын шектеу және оны тек белгілі бір баспалық корпорациялар иеленген еді. Осыған байланысты Пауль Н. Ассер өзінің ойын білдіреді; «баспа станоктары еркіндік пен демократизацияға өзіндік үлес қосты, енді кіпаттар көптеген дана түрде басылып шығатын басылымға айналды». 5

Осы жағдайларға байланысты қалыптасқан қорғау жүйесі қазіргі кездегі авторлық құқық жүйесінің негізгі белгілерімен сәйкес келеді, бірақ сонымен қатар өзіне тән белгілерге де ие болған, нақтырақ атасақ;

§ мұндағы құқықтың субьектісі болып − автор емес, баспашы болды;

§ құқықты орнатудың мақсаты − корпоративтік және әкімшілік мүдделерді

қорғау;

§ құқықты қорғау тетігі − тек корпоративтік институттар арқылы, олардың шешімінің міндеттілігі мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілді. Осының бір көрінісі авторлық құқықты, автордың туындыларын қорғау қажеттілігі туындады, ал ол қорғау құқықтары әр түрлі билік басындығылармен беріліп отырған, Германияда князьдар болса, Англия мен Францияда корольдармен беріліп отырған. Мұның өзі нағыз монополизациялау болды. Сонда басып шығаратын корпорация мен король арасында жасалған шарт негізінде алған құқықтары «copyright» деген атауға ие болды. Ал ол дегеніміз мемлекетпен кепілдік берілген нақты бір ақпараттық обьектіге байланысты берілетін айрықша құқық деген ұғымда болды.

XVII ғасырдың соңына таман бұл шектеулі құқықтар нақты айтқанда корольдық биліктен берілетін монополиялық құқыққа қатысты ел ішіндегі еркін дарынды авторлардың наразылығын туғыза бастады, себебі корольдың қол астындағы баспалар тек ақсүйектердің және өздері қалаған авторлардың шығармаларын басып шығарғанды жөн көрген еді. Сөйтіп, 1709 жылы 11 қаңтарда Англия Парламентінде «авторға және басылып шыққан кітаптың көшірмесін алған тұлғаға уақыт шектеуімен құқық беру туралы» заңның жобасы қарастырылып, ал 1710 жылы 10 сәуірде бұл жоба заңдылық негізге ие болып, тарихта алғашқы авторлық құқық туралы заңнама ретінде қалыптасып, Королева Аннаның Статуты деген атпен елге жария болған. Осы Статутқа байланысты автор өзінің шығармаларын басып шығаруға ерекше құқықтарға 14 жылға ие болды, ал осы құқықтарды баспашыға автор осы мерзімге тек сыйлық ретінде ғана бере алды.

4 Р. Дюма. Литературная и художественная собственность. Авторское право Франции: пер. с фр. 1989г. 336 стр.

5 Пауль Н. Ассер. Издательское дело, авторское право и общественное благо. \\ Авторское право и издатели в условиях рыночной экономики. Материалы международного семинара, проходившего в Гамбурге в 1991г. Киев 1991. 11-18 стр

Кейінен көрсетілген мерзім біткен жағдайда шығармашылықты басып шығару құқығы қайтадан авторға қайтарылып, оны автор қайтадан басқа баспашыға 14 жылға сыйлай алады. Сонда барлық қарастырылған әрекеттер авторлық құқықты 28 жылға қорғау жүйесін құрады, ол мерзім ең бірінші публикация шыққан күннен бастап есептелді. Сонымен қатар Статут авторлардың шығармашылығын міндетті түрде Кітап баспасының орталығында тіркелуді талап етіп және университеттер мен негізгі кіпатханалар қорына қол жазбалардың даналарын сақтауға беруге міндеттеген еді. Осы кездерде міндетті түрде авторлық шарттар қолданыла бастады, бұл шарттар қазіргі кездегі қолжазбаларды сақтауға беру (депонирование) туралы шарттардың жобасына сәйкес келді. 6

Шығармаларды тираждаудың арқасында кіпаттарды көбейтіп сауда саласында көбейтіліп кітап сататындар мен баспашылардың пайдасына жүріп жатты, бірақ баспашылар кітаптарды көбейту кезінде авторлардың жеке құқықтарын ескермеді. Сол кездегі авторлық құқықты реттейтін заңдар тек пайдаланушыларға қатысты белгілі бір құқықтық шектеулерді және минималды талаптарды қарастырып, оларды пайдаланушылар сақтаған жағдайда ғана авторлардың шығармашылықтарын қолдана алды. Ал, авторлар үшін бұл қарастырылған минималды талаптар мынаны білдірген, яғни олардың шығармашылықтарын тек авторлардың рұқсатымен ғана қолдана алды және мұның барлығы белгілі бір талаптарды сақтаған жағдайда ғана орын алды.

Уақыт өткен сайын жоғарыда қарастырылған, Англияда қабылданған Статуттың кемшіліктері анықтала бастады, мысалы: әдеби шығармалардың авторларына құқықтарын қорғау туралы мүлдем сөз болмаған; драмалық шығармаларды жария түрде орындау, яғни сахнада орындау, оларды басқа тілге аудару; өнерлік шығармалардың авторларының құқықтары мүлдем қорғаусыз қалды. Әрине мұнымен шектелмеген, бірте - бірте халық ішінде толқулар жандана бастап, революциялар толқындары елде жайлады.

Кейінен уақыт өтіп, барлығыда тұрақталған кезде авторлық құқықты шығармашылық қызметтің табиғатынан шығатын табиғи құқық деп мойындайтын күн туды деуге де болады, бұл құқық ресми биліктің талқылауына бағынбайды деген тұжырымдарға келді. Соған байланысты Францияда көптеген Декреттер қабылданып, олар халықтың ішінде патент алушылардың санын жыл өткен сайын көбейе түсті. Мысалы:1971-1804 жылдар аралығында саны 19-дан 71-ге дейін болса, ал 1815-1831 жылдар аралығында 230 дейін патенттер берілді деген деректер болды. Декреттердегі ұстанған тұжырымдар Францияда қабылданғанымен басқа да елдерге таралып «Наполеонның Азаматтық Кодексі» деген атқа ие болады.

Авторлық құқықтың дамуының келесі кезеңі Германияда көрініс тапты, ол философиялық концепцияларда көрініс тапты.

6 Введение в интеллектуальную собственность. Публикация ВОИС № 478. 1998 г

Сол философтардың бірі Кант, ол авторлық құқықты немесе ол атағандай автордың құқұғында тек меншікке қатысты құқық деп қарамай, ол автордың жеке өзінің әдеби және творчестволық шығармашылықта автордың жеке дүниесінің шағылысы немесе оның жалғасы деп оған қатысты автордың табиғи құқығы деп санады. Бұл концепция кейінен авторлық құқықтың дамуына континентальды Европада дамуына және қазіргі кездегі қолданылып жүрген моральдық құқық ол бізге жеке мүліктік емес құқық болып таныс келеді.

Авторлық құқықты түсіндіре келе, алдымен қоғамдық құқық пен азаматтық құқытағы осы авторлық құқыққа қатысты айырмашылықтарға қарасақ, қоғамдық құқықты ұстанушы мемлекеттер авторлық құқықты тек меншіктің бір формасы ретінде, оны тек жеке тұлғамен немесе заңды тұлғамен ғана жасалынып басқа да меншіктер тәрізді кәсіптік нысанда қолданылды. Ал континентальдық құқыты ұстанушы мемлекеттер авторлық құқықты меншіктің белгілері бар құқық ретінде қарап, осы құқықтың мүліктік құрамын қорғауды меңзейді.

Авторлық құқыққа мұндай түсінік беру өркениеттік мағынада интеллектуалдық меншікке жалпы европалық концепцияның негізін қалануына себеп болды. Сол кездерде авторлық құқық өзекті түрде дамып, оның қорғауы туралы барлық мәселелер өз орындарына қойылған кездерде қазіргі кезде қолдану аясы дамыған «интеллектуалдық меншік» түсінігі пайда болды. 7 Бірақ басқа саланы дамытқан кездегі ұлылардың тұжырымдары осы меншікке қатысты нақтылық, тұрақтылық болмады.

Осыдан барып, интеллектуалдық меншіктің қазіргі концепциясында кем дегенде оның құқықтық реттеудің басты мақсаты болып табылатын, қоғам мен авторлардың мүдделерінің балансын жүзеге асыру мәселесі болып табылады. Ол балансты «интеллектуалдық меншіктің компромисі» 8 деп атады.

Сонымен, тарихи дамуының әртүрлі сатыларында интеллектуалдық меншіктің институты әр алуан әлеуметтік мағыналарға ие болған. Соған сәйкес әр кезеңдерде интеллектулдық еңбектің нәтижелеріне қатысты қатыныстарды құқықтық реттеудің модельдері де әртүрлі нысанда құралып отырған.

Тағы айтып ететін мәселе, Голландия елінің ірі баспа фирмасының редакторы Мартен Ашер авторлық құқықтың жалпы жүйесін 2-ге бөліп қарастырады; 9 бірінші жүйе - англо-американдық жүйе, оның негізгі мақсаты әдеби және көркем өнер туындыларын сату болып табылады, екінші жүйеге - европалық доктрина, оның негізгі мақсаты автордың жеке дүниесіне көп көңіл бөлінеді.

7 Сергеев А. П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. Москва 1999г. 751 стр.

8 Широков Ф. Право на компромисс // Поиск. Москва. 25-31 декабря 1992. № 52

9 Маартен Ашер. Что нужно издателям от национального законодательства по авторскому праву. // Авторское право и издатели в условиях рыночной экономики. Материалы международного семинара, проходившего в Гамбурге в 1991г. Киев 1991. 19-24 стр.

Сонда бұл жүйе мәдениетке жақын келеді. Бірақ авторлық құқыққа келгенде осы екі жүйенің қосындысы керек, сонда ғана экономика мен мәдениет арасында баланс ұсталып тұрады. Міне осыны жоғарыда айтылғандай компромисс, яғни автордың мүдделері мен қоғамның мүдделері арасында тепе-теңдікті орналастыру деуге болады.

1. 2 Авторлық шарттың Ресей Империясының және КСРО-ның авторлық құқығында дамуы.

Ресейде заң жүзінде авторлық құқықты бекітетін алғашқы заңнаманың бірі бұл 1828 жылы қабылданған «Цензура туралы Устав» болды. Бұл устав бойынша авторлар мен аудармашыларға өздерінің шығармаларын басып шығаруға және оны сатуға толық түрде рұқсат берді. Бұл Устав бойынша авторлық құқықты қорғаудың мерзімі автордың өмірлік ғұмыры бойына, яғни автор қайтыс болғанға дейін және ол қайтыс болғаннан кейін оның соңынан шығармашылыққа деген авторлық құқықты 25 жылға сақтап қала алады да кейінен ол мерзім өткеннен кейін бұл құқық жалпы қоғамға тиесілі болып, еш бір шектеусіз басыла береді. Бұл Уставтың ең басты қателігі ол жерде авторлық құқыққа қалай ие болатынын немесе оның қандай жолмен иеленуге болатыны туралы ешнәрсе айтылмаған. Бірақ ондағы көрсетілген ережелер бойынша авторлық құқықтың ең бірінші субьектілері олардың заңды құқық қабылдаушыларымен анықталады деген ереже қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Авторлық құқық туралы мағлұматтар
Ұзақ мерзімді активтер есебі
Ғылыми мақаланың құрылымы және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар
Тұлғалар туралы құжатты жинақтарды жеке тектік қорлар негізінде дайындау жөніндегі жадуал
Материалдық есмес активтердін есебінің міндеттері
«Үш қиян» баспасынан жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптар ерекшелігі
Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?
Реферат мәтіні
Ғылыми зерттеудің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz