Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау және жасау тәсілдері


Мазмұны
1 Аналитикалық шолу
1. 1 Дәрілік өсімдіктердің тарихы
1. 2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы сипаттама
1. 3 Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау әдістері
1. 4 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсер етуші
биологиялық активті заттар
1. 5 Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды
дайындау және жасау тәсілдері
1. 6 Патенттік ізденіс
2 Ғылыми-зерттеу бөлімі
2. 1 Зерттеу жұмысын жүргізу
2. 2 Тәжірибе әдістемесі
2. 3 Тәжірибе нәтижесі және оларды талқылау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам денмсаулығын қорғау, ауруларға медециналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Өз уақытысында және сапалы дәрілермен қамтамасыз ету ұйымы осы мәселенің басты құрамды бөлігі. Медикаментозды көмек жұмысында дәрілік өсімдіктерді зерттеудің үлкен маңызы бар, оларды нарықтық қатынас жағдайында біріншілік мәнді иеленетін эффективті дәрілік препараттарды алу үшін зерттейді.
Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктердің саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдік түрлеріне көп көңіл аударылады.
Культурада жасалынатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану формацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның форма индустриясының ең перспективті бағыты салаларды дамыту болып табылады, ол бай шикізат базасында базирленеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мәнісі аз және олар қорғауды қажет етеді.
Барлық елдер мен халықтардың дәрілік заттарды қолдануының көп жылдық тәжірибесі халықтың медицинаның дәрілік заттарының негізінде жатыр. Бірақ та өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмперикалық болып қала берді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік берді.
Дүние жүзілік Денсаулықты қорғау ұйымының болжауынша жақын он жылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 6% -тін құрайтын болады.
- Аналитикалық шолуДәрілік өсімдіктердің тарихы
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін ір түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн өзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т. б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 -дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т. б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ - бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т. б.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің “Дәрілік заттар” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.
Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни “Китаб - ас - сайдана” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр 1 кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан т. б) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.
Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы “О сборе и культуре лекарственных растений” деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтың кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды шаралардың іске асыфрылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде денсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дұрыс жолға қойыла бастады.
Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып, шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантациялар құрылды. Украинада, Қазақстан мен Молдовада, Грузияда, Белорусияда, Латвия республикасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.
Бұл шаруашлықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс. Мысалы, фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді. Дегенмен, жұмыстың ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна, 1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналады. Бұл өсімдіктерден стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин, тағы басқа көптеген препараттар алынады. Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 процентін осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.
Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің бұл тобының емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды соның тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі болып есептеледі. Франция тұрғындары қайнаған ыссы суға қантты езіп, аюбалдырғанның уақталған жапырақ сабағының үстіне құйып тәтті тағамдар жасайды. Ал солтүстік жақтың тұрғындары аюбалдырғанның жас бұтақтарын уақтап салат жасайды немесе басқа тағамдарға қоспа ретінде пайдаланады. Оның әсіресе дәні мен екі жылдық тамыры хош иісті келеді. Сондықтан оларды ыстық тағамдарға дәмдеуіш ретінде, тағам толық пісуге 3-5 минут қалғанда қосады. Жаңа жиналған тамырынан тосап, цукат жасайды. Кептірілген тамыр ұнтағын жұпар иіс беру үшін нан илегенде ұнға араластырады. Тамыр ұнтағын қуырған етке салуға, шай демдегенде қосуға болады.
Витаминдерге өте бай өсімдіктердің бірі - қалақой. Бұл өсімдіктің жас жапырағынан щи, салат жасайды. Кавказ елінің тұрғындары оның жас жапырағын тұздап, шайға, етке қосып пісіреді. Ал Грузия жерінде қалақайдың жас жапырақтарын уақтап кесіп, үстіне сірке қышқылын және май қосып, тұз, бұрыш салып салат жасайды. Кептірілген жапырақтарын ұнтақтап нан илейтін ұнға қосады. Бұл жағдайда, 400 грамм ұнға 100 грамм қалақай жапырағының ұнтағын қосу керек.
Міне, өсімдіктердің осындай пайдасын, әсіресе қалалық жерлерде толық кәдеге жарату жүйелі түрде жүргізілгені дұрыс. Өсімдіктердің қала тұрғындарының денсаулығын сақтауға тигізетін пайдасы архитектуралық жоспарлау кезінде ескеріліп, қалалық жерлерде парк, сквер, бульвар санының көбеюіне болашақта да көңіл бөлінуі керек.
Өсімдіктер атмосферадағы зиянды газдарды сіңіруде де айтарлықтай роль атқарады. Негізінде улы газдар завод, рудник тағы басқа өндіріс орындары бар және көшелерімен үнемі автотранспорт жүретін қалаларда өте көп болады.
Адам денсаулығын сақтау жолындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Оның негізгі тұтқасы - өзіміз тіршілік етіп отырған ауа. Ол әр түрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатынын естен шығармауымыз керек. осыған байланысты ауа кеңістігін таза ұстаудың нақты жолдарының ең негізгісі- өсімдік дүниесі екенін білген орынды. Сондықтан жасыл желектің көптеген отырғызылуы, оларды қорғау халық игілігіне керекті бүкіл адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл әсіресе, қазіргі өндірістің сала-сала болып дамыған шағында бүкіл ел болып, бірге жүргізетін жұмысы.
Дәрілік өсімдіктер адам өмірі мен денсаулығының маңызды көзі болған және болады да, сондықтан оған деген қажеттілік денсаулықты сақтау мақсаттарына жыл сайын өсуде. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныстың өсуіне байланысты, оларды табиғи әсерлерде дайандау өсті, бірақ оның өзі қазіргі уақытта өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге қабілетсіз. Көптеген дәрілік өсімдіктер регенерациялық қабілеттілігінің төменділігімен сипатталады, олардың жер астының бөлімі орташа есеппен 3-8 жылда қалпына келеді. (5)
Ыстық жаздың жағдайлары және егудің, өңдеудің агротехникалық шарттарын құру Оңтүстік Қазақстанда тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік жасайды, сондықтан дәрілік өсімдіктерді культурада интродукциялау мен өсіру олардың қолданылу аумағының кеңеюіне жол алады.
Культурада егілген дәрілік өсімдіктерді қолданудың жабайы өсетін шикізат жинақтарына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар, өйткені табиғи ресурстардың әлсіздеу қауіптілігі төмендейді және өңделуге жоғары сапалы шикізатының едәуір бірқалыпты партия өсіру қадағалауымен қамтылған.
Оңтүстік Қазақстан ТОО “Химфармға”, сонымен қатар түгелдей республикадағы болып табылады. (6)
Оңтүстік Қазақстан Республикамыздың төрттен жоғары ауданын алып жатады, ол жерлік - климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады. Ауданның Оңтүстігі мен Шығысы Тянь-Шань тайлы жүйесімен көмкерілген. Таулардағы климат түзілудің маңызды факторы биіктіктерге қатысты өзгеретін рельф болып табылады. сондықтан, әсіресе Оңтүстік Қазақстаның климаттық контрастылары үлкен, ондағы қуатты таулы бөктер (Джунгар, Займискалық, Қырғыздық, Таластық және Теріскей алатау т. б. ) ауа бағытын өзгертеді. Осының барлығы формирлену үшін әртүрлі экономикалық шарттар мен экожүйелерді құрады.
Әсіресе Қаратаудағыны атап өтуге болады, онда көптеген эндемикалық және ирек кездесетін өсімдіктер өседі. Мұнда дәрілік препараттардың көзі ретінде перспективті болып табылатын көптеген өсімдіктер бар, сонымен қатар қыстың суығына тұрақты және құрғақшылыққа төзімді культуралды өсімдіктердің сорттарын селекциялауда үлкен қызығушылық тудыратын өсімдіктер кездеседі. Тек Оңтүстік Қазақстанда ғана бағалы, пайдалы өсімдіктердің өндірістік мәні бар тоғайлар кездеседі, мысалы, Северцев унгериясы, костянковая проролеясы және т. б. мұнда негізгі өндірістік егістер, ең атақты дәрілік өсімдік - қырықбуын эфедрасы орналасқан.
Төтенше әртүрлі физико-географиялық жағдайлары осы аймақтың байлығын, өзіндік нұсқалылығын, тіпті флора мен өсімдік ресурстарының уникалдығын анықтауды, жергілікті (Artemisia cina Berg, Helichrusium maracandicium M. Pop) және бөтен аймақтық өсімдіктерді (Solanium avicula forst, Cassia acutigolia Del., Catharanthus roseus т. б. ) культивирлеуге мүмкіндік берді.
Дерменені культураға енгізудің алғашқы тәжірибелері ВИЛАР - дың қызметкері С. А. Суетинмен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді және зерттеулері оңды нәтижелер берді. (8)
Т. Н. Джанабаев Шымкент облысы шарттарында үшкір жапырақты кассийдің биологиялық ерекшеліктерін оқып білу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді және эффективті әдістерін өңдеді, кейін “Дармин” совхозына енгізуді көздеуі Оңтүстік Қазақстандағы қызмет катарантустың биологиялық ерекшеліктері мен өнімділігін А. М. Маралбаев зерттеді. (11)
Бұл шаруашылықтарда осы культуралардың айтарлықтай жоғары өнімді және шикізатты дайындауды жүргізуге мүмкіндік туғызды. Осының негізінде зауыт формацияға саласодин, антросенин, глауцин, мукалтин және т. б. сияқты бағалы жартылай фабрикаттарды шығарды.
Қазақстанның оңтүстік - шығыс, оңтүстіктің аридтік шарттарында самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, жасау әдістері зерттелді. Самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің культурасы өндірістік плантацияларда өндірістік зерттеулерден өтті. (12)
Сонымен, Оңтүстік Қазақстанда әртүрлі флоралық аймақтардың дәрілік өсімдіктерін культивирлеуге болады. Осыған байланысты күлгін эхинацеясы үлкен қызығушылықты туғызады.
Эхинацея тұқымының 5 түрі бар, оның екеуі Мексикада, үшеуі Солтүстік Америкада өседі. (13)
Түр алғаш рет К. Линнеймен 1753 жылы Рудбекия күлгіні - Rudbekia puppurea L. Деген атпен жазылған. 1794 жылы К Moench күлгін және қызғылт гүлдердің, қатты тікенектілігіне, гүл күлтесі жапырақшаларының өткір бізді ерекше белгілерін пайдалану арқылы эхинацеяны жеке бір түрге бөліп алды.
“Эхинацея” атауы - “күлгін” деген сөзден шыққан. Медицинада үш түрі қолданылады: Asteraceae Dumort тұқымдасына жататын ең кең таралған Echinaceae puppurea (L) Moench, E. palliada (L) (Nutt) және E. Angustigolia.
1. 2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы сипаттама
Соңғы кезде әртүрлі саладағы фитохимиктер, фармокологтар мен дәрігерлер эхинацея туысының өкілдерін зерттеуге және қолдануға үлкен қызығушылық танытуда.
Бұл жағдай иммунно димирлеуші әрекеттегі жаңа фитопрепараттарды құру мәселесімен соқтығысқан елдерге ТМД, Ресей, Украина және белорусия тән. 50 жыл бойы эхинацея препараттарын шығарып келе жатқан Германия елінің тәжірибесі - эхинацеяның фитохимиясын терең зерттеу, жіңішке жапырағы эхинацеядан препараттарды шығаруға негіз болды. Экологиялық және климаттық аудандары бар Қазақстан жерінде өсімдіктер флорасы алуан түрлі, олардың түрлері 5630-ға жетеді, соның ішінде пайдалылығы жөнінен белгілі болғаны 1200 түрлі өсімдік.
Оңтүстік Қазақстан флорасында 3 мың түрлі өсімдік өседі, оның ішінде көптеген дәрілік өсімдіктер бар. [1]
Дәрілік өсімдіктер Қазақстанда 1932 - 1947 жылдардан бастап зерттеле бастады. [2]
1926 жылы ғалым П. С. Массагетов түкті эрва шөбінің дәрілік қасиетін анықтады. Түкті эрва және анабазис шөптерінің дәрілік қасиеті адам денсаулығына зор көмегін тигізді.
1938 жылы Қазақстанда дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсатымен арнаулы экспедиция құрылды. Ол экспедицияны В. Е. Корнилова басқарды (1940) .
Эхинацеяның дәрілік қасиеттері ХҮІІ ғасырдан бастап белгілі ХІҮ ғасырдан эхинацеяға әкелінген, ал ХХ ғасырдан - ТМД елдеріне, тек ХХ ғасырда ғана Қазақстанда өсіріле бастады. (14)
Эхинацеяның химиялық құрамы мен фармокинетикасы туралы алғашқы мағлұматтар 1897 жылы ДЖ, Люйдпен жарияланған.
Шамамен жүз жыл уақыт зерттелген эхинацеяның биохимиясы туралы мәліметтер Бауэр, Вигнер және Фостер еңбектерінде, сонымен қатар Хоббитин анықтамаларында толық қарастырылған.
Украйна жағдайында онтогенез В. А. Мельмовамен зерттелген, ал академик А. В. Фомин атындағы ботаникалық бақылауда үш түрін интродуцирледі: күлгін эхинацеясы, ақшыл және жіңішке жапырақты эхинацеясы. (18)
Қазақстанда интродукциялық зерттеулер Қазақстан Республикасының МНиО ботаникасы мен фитоинтродукция институтында У. Х. Суюнсалиева, Т. А. Коваленко, Н. Т. Ташкулова мен жүргізілуде, Орти Урал жағдайында Е. С. Васфилова мен жүргізілуде. (20)
Күлгін және жіңішке жапырақты эхинацеяның морфобиологиялық сипаттамасы мен биологиялық гүлдену жолдары Ташкент жағдайында.
С. Худжаниязава мен әсіресе су режимі О. А. Ильинскимен зерттелді. (22)
Қазіргі уақытта құрамында күлгін эхинацеясы бар 70-ке жуық аллопатикалық және гамеопатикалық препараттар белгілі, ал жалпы дүние жүзінде шығарылатын “иммунал”, “эхинацея”, “эхинор”, “эстифан”, “күлгін эхинацея тұнбасы” “эхинацея майы”, “Богатырь”, “эхинацея” және тағы басқа сияқты 300 жуық медициналық препараттардың құрамына кіреді. (22, 23, 24)
Бұл заттар Қазақстанға өте қажет, өйткені елімізде 108 мың онкоаурулар бар және жыл сайын олардың саны 28 мыңға өсіп жатыр. Республика бойынша ауру - сырқауға шалдығатындардың орташа көрсеткіші - 81, 2 де яғни 100 мың халыққа шаққанда. (25)
Сонымен Оңтүстік Қазақстанда осы өсімдікті зерттеу дәрілік өсімдік шикізатының шикізат базасын кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.
Күрделі гүлділер тұқымдасы. Эхинацея грек сөзінен тікенекті (күрделі гүлді жапырақшалары ине тәрізді өткір тікенекті болып келеді) деген мағынаны білдіреді.
Эхинацея туысына 5 түрлі шөптесін өсімдік кіреді, олар жабайы түрде Солтүстік Американың атлантикалық аудандарында және Мексикада кездеседі. Бұл көп жылдық, тамыр сабақты, 1-15 м биіктегі тік сабақты, әдемі күлгін гүлді өсімдік. Оның спецефикалық дәмі мен иісі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz