Инфляция экономикалық құбылыс ретінде


Жоспары:
Кіріспе . . . 2
1 бөлім. Инфляцияның мәні және оның сипаттары. Инфляцияның пайда болу себептері.
- Инфляцияның мәні және мазмұны . . . 4
- Инфляцияның пайда болу себептері және оның балама қайнар көздері . . . . . 7
- Инфляцияның типтері және түрлері . . . . . . 12
2 бөлім. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
Инфляцияға қарсы күрес
2. 1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салаларға әсері . . . 16
2. 2. Антиинфляциялық саясат…… . . . 22
3 бөлім. Қазақстандағы инфляция процессі және оған қарсы саясат.
3. 1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болу себептері және
әлеуметтік-экономикалық салаларға әсері . . . …27
3. 2. Қазақстандағы антиинфляциялық саясат . . . 30
Қорытынды . . . 35
Қолданылған әдебиет . . . 37
Кіріспе.
Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрыңғы КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседі. Осы кезде мемелекет алдыңда тұрған ең басты мәселелердің бірі бұл тұрақты ақша жүйесін құру болды, өйткені оптимальды ақша массасының айналымы мен қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкін емес еді. Ақша жүйесінің тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейіне және мемлекеттің жүргізіп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан үздіксіз қадағалау мен реттеу жүргізіп отыру қажет.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі ең бір өткір проблемаларының бірі. Бұл проблема бұрыңғы КСРО құрамындағы мемлекеттердің барлығын қамтып өтті.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән « ғажайыпң құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы шаруашылықтың түрлі салаларындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескеріп, инфляция дейтін экономикалық құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.
Менің осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебі- инфляцияның экономикалық құбылыс ретінде экономиканың барлық салаларына (өндіріске, қаржы-несие жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық салаға және тағы басқаға) әсер етуі.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- инфляцияны қазіргі экономикалық жүйенің айрылмас құбылысы ретінде терең зерттеу. Курстық жұмыста мен мынандай негізгі мәселелерге көңіл бөлем:
- инфляцияның мәнін ашу, оның түрлерін анықтау және пайда болу себептерін танып білу.
- инфляциның әлеуметтік-экономикалық зардаптары мен антиинфляциялық күрестің қазіргі кездегі әдістерін зерттеу.
- Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы мен оған қарсы мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты туралы сөз болады.
1 бөлім. Инфляцияның мәні және оның түрлері. Инфляцияның пайда болу себептері .
- Инфляцияның мәні және мазмұны.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуы ақшаның шығуымен, қызметімен байланысты.
Инфляция терминінің сөзі латынның-іnflatіo-ісіну, қампаю дегенді білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жыдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.
Қағаз ақша деп- толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқарып, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығарылатын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте алтынға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құнбелгісі алтынның өкілі) .
ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылса, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы-айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына, тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі.
Бірақта инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша, несие, банктер” деген, 1998 жылы Масквадан шыққан көлемді оқулықта (орыс тілінде), “инфляция бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен және тауар мен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді” делінген.
Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері көрінбейді.
1999 жылы Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, нарықта қаржы активтерінің көбеюі салдарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі. ” Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады. Бірақ, бұл да теріс түсінік. Мәселе табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болғандықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.
Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн деп санайды:
“ Айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің, тауар мен қызметтердің жетіспеушілігінің және олардың сапасыздығының салдарынан, ақшаның құнсыздануы, тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сөйтіп халықтың нақты табысының төмендетілуі. ”
Инфляция тек қағаз ақшаға ғана тән және ол экономиканың кез келген үлгісінде де орын алады. Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бірқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы жедетілсе де туады. Ақша айналымын жетелдету, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға ғана тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол- күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең бір өткір проблемалардың бірі.
Әсіресе, инфляция қауырт жағдайларда байқалады (мысалға: соғыс, төңкеріс жағдайларында) . Осындай кездерде мемлекет өз шығындарын жабу мақсатында қағаз ақшаларды шығаруды қолданған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, әсіресе, Германияда инфляция жоғарғы қарқынға жетті. 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ол ақша өлшемі триллион есе құнсызданды. 1
Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне тән біршама ерекшеліктері бар:
- егер инфляция қарқыны бұрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір де бүкіл ел аумағын қамтиды.
- егер инфляция бұрын бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп уақытқа созылған құбылыс.
- егер инфляция бұрын тек ақшаның әсерінен туындаса, қазір де көптеген ақшасыз және тағы да басқа факторларға байланысты. Инфляцияныңпайда болу себептері және оның балама қайнар көздері.
Инфляцияға төменде көрсетер пайда болар себептерімен қоса, осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Бұл әсіресе қазіргі заманға тән құбылыс. Ақшаның саяси жағдайдағы өз курсын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта нарығында да анықталады.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай факторлар- ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы да басқа факторлар жатады.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлекеттің экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық іс-шаралары және сол сияқты факторлар жатады.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір- бірімен тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі- тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі- айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы.
Бұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден , айналымдағы тауар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасының тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалға, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бір қалыпты болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттырудан туындаған инфляция еді. Бұны былай түсіндірейік: айналыста төлем құралы ретінде немесе айналым құралы ретіндегі қолма-қол емес ақшалардың үлесінің артуы еді. Яғни қолма-қол емес ақшалар қолма-қол ақшаларды үнемдеп алдымен олардың айналым жылдамдығын арттырса, екіншіден ақша массасының артуын көрсетеді. Бір мысал ретінде 80-ші жылдары АҚШ-тағы инфляцияның тудырушы бір факторы ретінде банкоматтар ақша жылдамдығын арттырып, нәтижесінде сұранысты өсіріп, ал бұл фактор өз кезегінде тауар дефицитін тудырып, инфляцияға түрткі болады. Қорытындыласақ, ақша айналымының шапшаңдығының артуы өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанмен тең.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің инфляцияға байланысына келсек, ол мынандай. Егер, тауар өндірушілер, басқа елдерден шикі затты немесе өндірістік жабдықтарды жоғары бағамен сатып алса, өндірістің шығыны көбейеді, тауардың өзіндік құны өседі. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер пайданың көлемін азайтпау үшін өнімнің бағасын өсіруге тырысады. Сөйтіп баға өседі. Инфляция күшейе түседі.
Елдің ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы да инфляциялық ахуал туғызады. Өйткені, кез келген митингілер, ереуілдер, басқа да бас көтерулер, осыдан шығатын барлық зардаптарымен өнімнің көлемін азайтады.
Ел ішінде, ұлттық ақшамен қатар басқа елдің ақшасының қолдануы да инфляцияның қозғаушы күші болып табылады. Басқа елдің ақшасы (мысалы доллар) еркін айырбасталатын болған соң, ұлттық ақшаны айналымнан ығыстырып, оны құнсыздандырады.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ, ол инфляцияның әсерін күшейтеді; несиені өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты- тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер етеді.
Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс.
Сонымен, инфляцияның пайда болуын қорытындыласақ мынадай тұжырымдамаларға келеміз:
- мемлекет кірісі мен шығысының бұзылуы, балансының бұзылуы.
- әскери шығындардың өсуі немесе инвестицияның милитаризациялануы.
- нарықтың өзіндік ерекшеліктері. Бұл олигаполиялық немесе монополиялық нарықтағы монополистердің нарықтық заттарды, нарықтық бағалардың қалыптастыруынан пайда болатын инфляция.
- бұл автаркиялық рынокта пайда болатын құбылыс. Елдегі рынокқа импорттық тауарлардың көптеп енбеуі, тауар тапшылығы туындаса, онда да инфляция туындаудың бір себебі.
- инфляцияның пайда болуының тағы бір себебі - инфляциялық күту. Егер де белгілі бір инфляциялық жағдай- бағаның өсуі ішкі рынокта күтілсе, онда барша халық тауар сатып алуды көбейтеді де, нәтижесінде өзіндік инфляцияға үлес қосады. Мысалға: Бұрыңғы КСРО тарағаннан кейіндері, 1992 жылдың қаңтар-сәуір айларының кезінде инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру қаупінен сақтанып, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деігейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті. 2
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгізі-әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери-техника күнбе-күнгі өмірде қолданылуға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады немесе ақша нарығына мемлекеттік займдар орналастырады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуының, жұмыссыздықтың азаюының және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады. Себебі, ондай инфляция артық өндіру дағдысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себебші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеулі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.
Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның "инфляциялық серіппе" теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің бірі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материялдық шығындардың өсуі- бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа техналогияны пайдалану. Бұл бүгіңгі ең маңызды алдыға қойып отырған мәселе. Адамзат қоғамы дәл осы үшін күресуі тиіс.
Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бір-бірімен тығыз байланыста және біріне-бірі себепші, оларды дәл ара-жігін ажырату мүмкін емес. Оны мынадай жүйеліктен байқауға болады:
1. 3. Инфляцияның түрлері.
Дүниежүзілік тәжірібиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономиканы қамтитын аумағына байланысты-.
- жүру қарқынына байланысты-біркелкі(баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксізжәнесатылы(бір қалыпты емес) инфляция.
- даму қарқынына байланысты-жылжымалы инфляция(ползучая) - онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция(галопирующая) - онда бағаның өсуі орта есеппен 10-проценттен 50-ге дейін жетеді. Кейде бұл инфляцияның жоғарғы көлемін көптеген ғылыми әдебиеттер 100 процентке жеткізеді; ұшқыр инфляция(гиперинфляция) - онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық Валюта Қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегіаса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты"стагфляция"деп атайды.
- инфляцияның тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байланысты бөледі.
Жылжымалы инфляция. Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляция нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік-экономикалық шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Стагфляция.
Көпшілік мемлекеттердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтың құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіреді. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соғады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуіне деген “қаттылығын” көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға бағаның төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.
Стагфляция монополиялардың нарықтағы үстемдігіне байланысты болады деген көзқарас бар. Әрине, монополиялар белгілі бір дәрежеде өндіріс көлемін азайтып, бағаны көтеру арқылы жоғары пайдаға қол жеткізеді. Дегенмен монополия жоғары баға деңгейінің себебі бола тұра, бірақ бағаның өсуінің себебі бола алмайды.
Көптеген зерттеушілер стагфляцияның пайда болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екенін ескере отырып, өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды. Бұл өндіріс шығындарының өсуіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болады. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.
Шет елдер нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі.
Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағанық тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталтын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.
- Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Инфляцияға қарсы күрес.
2. 1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салаларға әсері.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болады. Экономикалық зардаптары инфляцияның түрлері мен балама көздеріне байланысты болып келеді. Мысалы, сұраныс инфляциясынан:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz