ҚР-ғы кәсіпкерлік қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік және оны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтык реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11

ІІ ҚР.ғы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
2.2 ҚР.ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары (бағыттары) ... ... ... ... ... .. 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кәсіпкерлікті қызметті мемлекеттік реттеуді қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында ө ндіріс факторларын тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік ққызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын тжәне орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салық тық аспектілері деген актуалды болып табылады.
1. Қазақстан республикасының Кодексі "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", 12.06.200ІЖ. (01.01.2005ж. дейінгі енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып)
2. Закон Республика казахстан "О государственнной поддержке малого предпренимательства",19.07.1997 г.
3. Закон Республики Казахстан "Об индивидуальном предпринемтельстве", 19.0б.1997г.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестік туралы" Заң күші бар Жарлығы, 2.05.1и Казахстан "О Государственной программе развития и поддержке малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы", 31.12.1998 г995ж.
5. Гражданский кодекс республики Казахстан, 27.12.1994г.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндірістік кооператив туралы" Заң күші бар Жарлығы, 5.10.1995ж.
7. Указ Президента Республик.
8. Қазақстан республикасының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті толемдер туралы" Заңы, 24.04,1995 ж.
9. Указ Президента республики Казахстан, имеющий силу Закона "О государственной регистрации юредических лиц" от 17.04.1995 г.
. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. // М. Экономика, 1993 г.
10. Құланбай Э. Шағын бизнес иелері текке шырылдамайды. // Егемен Қазақстан, 26.12.2002 ж.
11. Алматы облыстық көсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдану жөніндегі комитеттің сандық мәліметтері.
12. Алматы облыстық СК 1-Н, 2-Н 2003-2004жж. есебі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

І Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік және оны мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.2 Кәсіпкерліктің 7
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтык реттеу мемлекеттік реттеудің негізі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

ІІ ҚР-ғы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оны дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
... ... ... ... ... ... .
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары 21
(бағыттары) ... ... ... ... ... ..

Қорытынды 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған 27
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Кәсіпкерлікті қызметті мемлекеттік реттеуді қолдау орта және кіші
бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға
мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар
оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар
салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды
пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің
жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты
дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал,
мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен
мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық
мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі
қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен
мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан
нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен
дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере
алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға
негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы
жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және
жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың
егізгі кіліті болуы тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында ө ндіріс факторларын
тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік ққызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет
тарапынан жағдай жасалуы қажет.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын тжәне орта
кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың
салық тық аспектілері деген актуалды болып табылады.

І Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік және оны мемлекеттік реттеу

1.2 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол
кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер
ретінде болған. Орта ғасырларда кәсіпкер деген термин одан да бұрынғы
антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада қолданылды: 1)
түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш ХVIII
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген.
Ол кәсіпкер деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын
қарастыратын болсақ:
1723ж : Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең
алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне
міндеттеме алатын адам" пайда болған;
1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен
байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске
жауапкершілігі бар адам;
1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен
капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі
мен пайда табатын адам;
1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың
қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше
көп пайда түсіретін адам;
1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді
ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және
тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге
асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа,
қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы
қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл
ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент
фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік
дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге
асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың
субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке
қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан
соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни
акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты
жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас,
бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі -
өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол
төрт сатыдан тұрады:
• жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
• бизнес-жоспарды құру;
• қажетті ресурстарды іздеу;
• құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде ,
барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер
өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты –
пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір
уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет
әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау
іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы
жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі
сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды
қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау;
бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар
жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге
асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған
өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру,
табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің
бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық
субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық
механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің
негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен
таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға
құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен
шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады.
Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі
тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге
баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық
тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара –
қатнасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық
жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы.
Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді.
Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған
ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық
гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге
асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс;
жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін
жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау
қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары
бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі
функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
• нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен
қызметтерді іздеу;
• тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
• төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
• бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде
ұйымдастыру және оларды басқару;
• маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар
мен қызметтерді сату, тарату;
• табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

1. 2 Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша
сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша
классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ
көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі,
персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану
деңгейі және т.б.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік
негізінен 2 формада:
-мемлекеттік;
-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:
-индивидуалды;
-коллективті формаларда көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
-заңды;
-заңсыз;
-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы
кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға,
үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен
айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да
мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған
коммерциялық үйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:
-жергілікті;
-үлттық;
-халықаралық;
-әлемдік;
-аймақтық болып бөлінеді.
Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:
-әйелдер;
-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына
қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде
Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша
кәсіпкерлік ұйымдарды:
-қарқынды өспелі;
-даму қарқыны бәсең;
-жоғары табысты;
-рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды,
жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды
атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын
жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы
прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік
қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі
еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты
-жеке кәсіпкерлік .
-колективті кәсіпкер болып бөлінеді .
Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер
үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда
Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай
кәсіпкерлік "біріккен" деп аталадыі
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару
процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және
сауда үйымдар деп аталады .
Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың
минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп
түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері
бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз
еріктерімен бірлеседі.
Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру
және оның көмегімен сүраныс пен үсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық
бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын
жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме
нарықтың едәуір жетілген формасы.
Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:
-сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;
-тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
-бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;
Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға
тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар
қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады.
Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және
коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер
мен қор биржалары табылады.
Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде
несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті
операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі
қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз
қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.
Коммерциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:
-пассивті;
-активті;
-коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің
нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-
әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету
принцип! үсыныс пен сүранысты оперативті реттеуге негізделген.
Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан
өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар
биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып
отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар
бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол
уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын корсегеді.
Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм
жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мүның
басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған
мықты несие-қаржылық институттардың қүрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда
мемлекеттік облигациялар-ң ұлғаюы да әсер етті.
"Консультант" сөзі латынның "кеңес беруші" дегенінен шыққан. Бұл сөз
белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман
екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық
ақылы кеңес беру "консалтинг" деп аталады.
Нарықты экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консул ыациялық қызмет
формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық
технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.
Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін.
Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде үсынылып, келесі негізгі
этаптардан түрады:
-проблеманың анықталуы;
-жобаның шешімдерін дайындау;
-жобаның жүзеге асырылуы;
Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға созылуы мүмкін.
Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі
бар:
-эксперттік;
-үрдістік;
-баулашы;
Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғүрлым белсенді емес формасы.
Мүнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды ендіру
туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етеді.
Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының
барлық кезеңдерінде клиентпен озара белсенді қызмет атқарады. Оган өз
идеяларын айтуга мүмкіндік береді.
Баулушу кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына,
шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық .
теоретикалық және практикалық ақпараттарды үсынады.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады.
Мүнда өнім, тауар, жүмыстар, қызметтер, белгілі рухани қүндылықтар
жасалады.Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық
байланыстар-ң құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бүзылуы, өнім
өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы
секілді негативті өзгерістерді бастан өткерді.
Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай
тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы
тиіс. Содан соң бүл кәсіпкер маркетингтік зерттеугу кошеді. Тауарға
сүранысты анықтау үшін ол тікелей түтынушылырмен, тауарды сатып
алушылармен, когерме және бөлшек сауда үйымдарымен байланысқа түседі. Бүл
келіссөздерің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып
алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт
кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.
Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу
немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жүмысшы
күші, ақпарат және т.б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және
айналым қорларына бөлінеді.
Негізгі өндіріс қорларына: қүрылыс, ғимараттар, машиналар мен
жабдықтар, өлшеуіш жіне реттеу қүралдары, өндірістік инвентарь және басқада
негізгі қорлар.
Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші
материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын
қүралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер қүрайды.
Қаржы қүралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай
шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы
қажеттілікті мынандай формуламен есептеуге болады:
Акг= Аж+Ам+Ажқ+Аа+Ақк, мүндағы: Аж-жалдамалы жүмысшыларга төленетін
еңбек ақы. Ам-шикізат, материал, жабдықтаушы онімдер және т.с.с. кететін
ақша.
Ажқ-жұмыс құралдарын сатып алу, қолдануға жұмсалатын ақша.
Аа-керекті ақпараттарға жұмсалатын ақша.
Ақк-ұйымдар мен тұлғалардың көрсеткен қызметін төлеуге кеткен ақша.
Өндірістік қызмет нәтижелілігі. Кәсіпкердің өндірістік қызметінің
нәтижесі оның өндірген өнімін өткізуді, қажетті жұмыстар мен қызмет көрсегу
арқылы тапқан белгілі бір түсім және ақша сомасын иеленуі. Ақшалай табыс
пен өндіріс шығындарының айырмасын құрайды.
Пайданы жалпы табыс пен газа табысқа бөледі. Жалпы табыс- барлық өндіріс
шығындарын өтеп, алымдарды, айыппұлдарды шегергенге тең және өндірістік
уәсіпкерлік қызмет қорытындысы.
1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория
ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин ,одан да бұрынғы антрепренер(антрепренер
француз сөзі делдалдық дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі
мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында
кәсіпкерлік мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты
ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің
есімдерімен байланыстырады. Кәсіпкер терминының атасы белгілі ағылшын
экономисі Ричард Кантилон .Ол кәсіпкер деген нарық жағдайында әрекет
жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке
дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің
еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы
жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар
жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық
мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады.
Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік
қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда
партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені
мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола
алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа,
айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы
шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне
байлданысты), ұжымдық жеке дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау
үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.
Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты
экономика елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру
қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын
реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл
иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін
құрып дамытва алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адаамның бергілі қызметі.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет.Бірақ,
ең бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне
осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп
келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне
оның істі үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы
кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс
факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер
ісінің ең басты мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа
технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау
шеңберіне шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту,
қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай
өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою
және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі
факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады , нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше
жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының
иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі
істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер
әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық
мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы,
өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы
факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі
кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып
тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан
қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни
жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу.
Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді
технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы
құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім
қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу
киын. Жаңа идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп,
оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін
болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген
тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін
тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау
кәсіпкерді өне бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай
өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің
шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу
пайдалылықтарын анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа
ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен,
кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның
атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол
басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы
новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі
тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын
жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл
сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің
қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан
қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын
меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде
иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен
айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын меншік және
шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп
түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді.
Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып
отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде
иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар
белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық
жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған
тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы
мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі
кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық
басқару меншік иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен
сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші
болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін
меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған
шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен
кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс
күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ.
Кәсіпкерлікті өркедетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау
(адамдық келбеті), мүіктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен
шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай
мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап
алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың
ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың,
информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды
бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының,
оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті
иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы
мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты
мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда
бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу,
өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың
қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің артығын қиып түсетіндігінен әзір
болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс
жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде
жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке
жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары
Кәсіпкерлік мәні және түрлері
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Жалпы кәсіпкерлік
Салық салынатын табысты түзету
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Сақтандырудың теориялық негізі
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Пәндер