Кәсіпорын қызметінің дамуы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... 4
1.1 Кәсіпорын қызметінің экономикалық рөлі мен қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кәсіпорындар дамуының ұйымдық.құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... .8

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Кәсіпорын дамуының тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Кәсіпорын дамуын арттырудағы мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Кәсіпорын тиімділігін арттыру жолдары мен болашағы ... ... ... ... ... ... ...25


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр.
Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстанда кәсіпорындар дамуының тиімділігін арттыру бағыттары” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің әлемдік дамуында ұлттық кәсіпорындардың қызмет ету барысы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызы зор болып табылады.
Тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпорын қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн атап өту;
• Кәсiпорынның жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпорын қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне тоқталу;
• Елiмiзде бүгiндегi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу iс-шараларын талдау және олардың iске асуын қадағалау болып табылады.
1. ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2000 ж.
2. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
4. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
5. Финансовый менеджмент: теория и ппрактика: учебник / под. ред. Е.С.Стояновой. – Москва. “Перспектива”, 1996г.
6. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.
7. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
8. Тургинбаева А.Н. / Менеджмент в малом бизнесе: - Алматы: 2003, - 152с.
9. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента. – Алматы, - 1999г.
10. Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
11. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2005, №3-4.
12. Ж.Ильясов “Этапы и проблемы в развитии малого бизнесе” // Вестник предпринимателя, № 9-10, - 2006г.
13. Т.С.Сарбасова “Состояние и проблемы малого бизнеса в РК” // Вестник КазНУ, №1, 2005 г.
14. С.Т.Купешова “Шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау” // Қаржы-Қаражат, 2006ж.
15. Л.М.Ж.Арзаева “Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3, - 2006ж.
16. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
17. Статистический ежегодник, 2006 г.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... 4

1.1 Кәсіпорын қызметінің экономикалық рөлі мен қажеттігі
... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кәсіпорындар дамуының ұйымдық-құқықтық негіздері
... ... ... ... ... ... ... .8

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІН
ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.1 Кәсіпорын дамуының тиімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.2 Кәсіпорын дамуын арттырудағы мемлекеттің рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Кәсіпорын тиімділігін арттыру жолдары мен болашағы
... ... ... ... ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КIРIСПЕ

Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер.
“Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi
Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде
қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi
ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.

Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған:
еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң
төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi
өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп,
жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.

Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк
туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын
басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды
салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым
саясаттарының бiрi болып отыр.

Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық
тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi
көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға
бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника
мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн
жақсартуға қабiлеттi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстанда кәсіпорындар
дамуының тиімділігін арттыру бағыттары” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің әлемдік дамуында ұлттық
кәсіпорындардың қызмет ету барысы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың маңызы зор болып табылады.

Тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып
табылады:

• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпорын қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн
атап өту;
• Кәсiпорынның жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпорын қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне
тоқталу;
• Елiмiзде бүгiндегi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу iс-шараларын талдау
және олардың iске асуын қадағалау болып табылады.

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын қызметінің экономикалық рөлі мен қажеттігі

Кез-келген бизнес келесі үш басты сұрақтарды қоюмен оған жауап іздеуден
басталады:
- Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға
мүмкіндік беретін кәсіпорынның активтерінің тиімді құрамымен көлемі
қандай болуы қажет?
- Қаржыландырудың көздерін қайдан табу қажет және олардың тиімді құрамы
қандай болуы қажет?
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығыгн қамтамасыз
ететін қаржылық қызметі ағымдағы басқаруды қалай ұйымдастыру қажет?
3

Ø

Сурет-1 – Қаржылық ресурстарды басқару қызметі
Бұл мәселелер кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің негізгі бірден-бір
жүйесі болып табылатын қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың жүйесі
ретінде қаржылыж менеджменттің шегінде шешіледі. (1-сурет).

Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас
бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджердің жұмысында басты, ол оның фирманы
басқарудағы жоғары буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық
сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық
ақпаратты берумен байланыстылығы табылады. Фирма басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына
жауап береді.

Кез – келген ірілеу компания белгілі бір дәрежеде қаржылық рынокпен
байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда
болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер,
алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар
қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдануына әр
түрлі көз қарастар бар. Сонын ішінде: қаржылық құралдар қаржылық рынокта
саудасы жүзеге асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды
көздейтін контрактыны білдіреді. Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды,
облигация, фьючерстарды жатқызуға болады. 4
Бірінші топқа несиелеу, саудалық – қарыздық операциялар, кассалық және
есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі
қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік опреациялар, амортизациялық
аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің
жалпы логикасы олрадың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе
міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде
орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті
дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары
нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.
Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері,
үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған.
Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің
дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың
арнайы тәсілдері алады. Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр,
бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар,
франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық
құралдар жатыр.
Қаржыларды басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып
қаржылық сипатты кез келген мәліметтер, соның ішінде бухгалтерлік есепті,
қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің
ақпаратын, тауарлық, қорлық және волюталық биржалардың мәліметтерін, өзге
де ақпараттарды айтуға болады.
Қаржыларды басқарудың техникалық қамтамасыз ету жүйесі дербес болып
табылады және оның негізгі элементі болып табылады. Көптеген, қазіргі
таңдағы қағассыз технологияға негізделген (банкаралық есептесулер өзара
есептесулер несие карточкалар арқылы есептесулер, клирингтік есептесулер)
жүйелер ЭВМ желісін, персоналды компьютерлерді, қолданбалы бағдарламалардың
қызмет ету пакеттерін қолданусыз мүмкін емес. Ағымдағы сарапатамалық
есептерді орындау үшін қаржылық менеджер стандартты бағдарламалық
қамтамасыз етумен, соның ішінде Excel, Lotus типіндегі пакетпен қолдануы
мүмкін. 5
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және
нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған
президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары министрлер мен
ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар,
нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың
бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады.
Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік
табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары,
құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып
табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және
келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік
қызметін кеңейту;
жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық
тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық
қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты
міндеттерінің бірі болып табылады. 6
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті
заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай
әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге
асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан
инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен
сипатталады.
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық
саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына
кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ
маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері
қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық
бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір
инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты
дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру
арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған
шараларының жиынтығы болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық
саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша
маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі
міндеттері келесідей болуы тиіс:
кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық
жобаларды анықтау;
инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге
салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру. 6

Көптеген әсіресе ірі компаниялардың қызметі қаржылық активтермен
құралдары сатудың ұйымдастырылған немесе формальды емес жүйесін білдіретін
қаржылық рынокпен тығыз байланысты. Осы рынокта ақшалармен олардың
эквиваленттерімен айырбасталуы, несие беру, капиталдың шоғырландырылуы
жүзеге асырылады. Бұл жерде негізгі рөлді ақша қаражатын меншік иелерін мен
зайым алушыларға бағыттайтын қаржылық институттар ойнайды. Кез келген рынок
секілді қаржылық рынок қаржылық ресурстарды сатушы мен сатып алушылар
арасында тікелей байланысты бекіту үшін арналған. Қаржылық рынокты бірнеше
түрге бөлуге болады. Валюталық рынок валюталық мәмілелер
жасалатын рынок болып табылады. Бұл рыноктың негізі болып банкттер, басқада
несие – қаржылық рыноктар табылады.

Ақша қаражатының рыногы өтелу мерзімі бір жылдан аспайтын активтер
айналатын рынокты білдіреді.
Капитал рыногы – ұзақ мерзімді капиталдармен ұзақ мерзімді
міндеттемелер жтнақталатын және айналысқа түсетін рынок. Нарықтық экономика
жағдайындағы қаржылық рыноктың негізгі түрі болып табылады және оның
көмегімен компания өз қызметіне өаржыландыру көздерін алады. Фирма мен
капитал рыногын байланыстыратын ақша ағымдары қозғалысының схемасы барынша
жалпы түрде көрсетілген. 7

1.2 Кәсіпорындар дамуының ұйымдық-құқықтық негіздері

Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен
бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі маханизімі ретінде бәсекелестік
те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-
келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқарумен
ондағы қаржы ресурстарының басқарылуының қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорындардың келесі түрдері
құрылып жұмыс істеуі мүмкін:
- Адамдардың бірігуі ретінде серіктестік, олардың қызметіне
құрылтайшылар тікелей қатысуы міндетті;
- Капиталды біріктіру ретіндегі қоғам;
- Қарапайым азаматтардң өндіріске қатысу нысанындағы өндірістік
коперативтердің нысаны;
- Мемлекеттік кәсіпорындар. 7
Шарушылық қоғам үш түрде болуы мүмкін:

Акционерлік қоғам

1. Жаупкершілігі шектеулі шаруашылық қоғам
2. Қосымша жауапкершілігі шектеулі шарушылық қоғам
Меншік нысанының әр-түрлілігі Қазақстандағы қаржы рыногының пайда болуы
рынок қатысушыларының арасындағы қаржылық қатынастардың пайда болуын
көздейді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
- Ұйымдармен кәсіпорындар арасында жиынтық табысты қалыптастыру
мен бөлу процесінде, жеткізілімді төлеу кезінде, дайын өнімді
сату кезінде;
- кәсіпорынның акцияларын шығару мен тарату кезінде;
- Валюталық қорды пайдалану кезінде кәсіпорындармен және шетелдік
әріптестер арасында.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бухгалтермен экономистің
біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы
болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі
бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің
заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді
тұтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен
мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық
операциялар иеленеді. 8
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы
дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар).
Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер
тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда елдің
әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең
экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрыңғы механизмін
түбегейлі қайта құруы жүріп жатыр.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар
бойынша бөлiнедi:
- кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр
профильдi , көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.
Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес -
бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен
өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы
мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы
жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес
- бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк.
Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi,
ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша
операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық
бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi,
өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға
айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi
көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. 9
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның
негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта
бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң
өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi
дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы
несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның
негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi
болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе
бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды.
Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және
бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн
ақпарат. Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi
жағынан өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды
iскерлiк бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.

Сақтандыру бизннесi: сақтандыру эканомикалық қарым-
қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк
кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi
жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында
белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен
азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен
алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.

Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе
бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер
жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.

Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн
атап өтуге болады:

- Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
- Серiктестiк немесе партнерлiк;
- Корпорация (акционерлiк қоғам). 7
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес.
Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн
атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi,
өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға
белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән
болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк
ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын
ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске
тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы
ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi
шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле
түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк
ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық
жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi. 9
Жалпы кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз. (Сурет-1)

Сурет-1 – Кәсiпкерлiктiң жiктелуi

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІН
ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорын дамуының тиімділігін талдау

Кәсіпорын дамуының тиімділігін талдау бүгінгі нарықтық қатынастар
дамыған экономикда, кәсіпорындардың өзара бәсекелестік жағдайында
кәсіпорынның атқаратын өте маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорынның тиімділігін талдау оны жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру,
болжау, ынталандыру, реттеу және қаржыларын басқару сияқты талдау
қызметтерінен тұрады.
Қаржылық жоспарлау бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін ақша
қаражаттарын шығандаудың бағыттарын барлық оның кірістерін жоспарлау болып
табылады. Қаржылық жоспарлау әр түрлі мазмұндағы және бағыттағы қаржы
жоспарлаудың міндеттерін және объектілеріне байланысты жүзеге асырылады.
Осыны басшылыққа ала отырып, қаржылық жоспарларды перспективті,
ағымдағы және опреативтік деп бөлуге болады.
Перспективті және ағымдағы жоспарлаудың мысалы болып бизнес-жоспар
табылады. Ол дамыған капиталистік елдерде жаңа кәсіпорын құру кезінде және
өнімнің жаңа түрлерін өндіру кезінде жасалады. Ол үш жалдан бес жалға дейін
мерзімде жасалады. ¤йткені жоспарлар одан көп жылға жарамауы мүмкін. Бизнес-
жоспар тек қаржылық жоспар болып табылмайды. Ол нақты инвестордың белгілі
бір жағдайда жаңа кәсіпорынды құруға немесе жаңа өндірістік бағдарламаны
қаржыландыруға қатысуға тартудың стратегиясын жасау үшін қажет.6
Бизнес-жоспарды құру сөзсіз кәсіпорынды ішкі басқаруды қамтамасыз
етеді. Өйткені ол мақсаттардың қойылуымен олардың тәжірибе жүзінде іске
асырылуы жасалады. Бизнес-жоспардың кәсиби құрылымы инвесторлардың
қаражаттарын сақтауға және банкроттық ықтималдылығын төмендетуге мүмкіндуік
береді. Кәсіпорынның басшылығы барлық уақытта таңдау алдында тұрады. Ол
жүзеге асырылуы тиімді бағасының таңдауын жүзеге асырады, несиелік және
инвестициялық саясаттың салсындағы шешімдерді қабылдайды.
Кәсіпорынның барлық қызметі рентабельді болу, кәсіпорынның жұмысының
нәтижелеріне мүдделі толғалардың тобын (меншік иелері, кридиторлар т.б.)
қанағаттандыратын көлемде ақша қаражатының түсі мін қамтамасыз ететін
жағдайға жету қажет. Экономикалық қызметтің күтілетін нәтижелерін бейнелеу
болашақта кәсіпорынның бюджетін құрған кезде орын алады.
Жалпы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ажыратады.
Қабылданатын шешімдердің бір қатарын мәні өте ұзақ мерзімді
перспективаларға таралады. Бұл мысалы, негізгі капиталдың элементтерін алу,
кадр саясаты шығарылатын өнімнің түрлерін анықтау секілді салалардағы
шешімдерге қатысты болады. Мұндай шешімдер кәсіпорынның қызметін бірнеше
жылға алға анықтайды және ұзақ мерзімді жоспарда көзделу қажет. Ондағы
дәйектілік дәрежесі жоғары емес. Ұзақ мерзімді жоспарлар құрамдас элементі
қысқа мерзімді жоспарлар болып табылатын шектеулі конструкцияны білдіруі
қажет. 4
Негізінен кәсіпорындарда қысқа мерзіміді жоспарлау қолданылады, және
бір жылға тең жоспарлы кезеңге қатысты болады. Бұл мұндай аралықта
кәсіпорын өміріне қатысты жағдайлар орын алады. ¤йткені бұл мерзімде
коньюктураның мерзімді қозғалысы теңеседі. Уақыты бойынша жылдық бюджетті
айлық немесе квартлдық бюджет деп бөлуге болады.
Бюджеттің дәйектілігінің деңгейін бекітетін жалпы ережелер жасалынады.
Бірінші кезекте құрылған есептердің өнімділігі деңгейінің қаншалықты жоғары
екендігіне байланысты. Сонымен қатар, әр бір нақты кәсіпорында жекеленген
жоспарланған әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ету үшін бюджеттердің
қажетті дәйектілік деңгейін бағалау қажет.
Жоспарлау мақсаты әр түрлі кәсіпорында әртүрлі. Жоспарлаудың
функциясына кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әр түрлі мағына беруі
мүмкін. Бюджет экономикалық болжау секілді. Кәсіпорынның басшылығы оның
көлемімен түріне байланыссыз экономикалық қызметтің аясындағы қандай
міндеттерді ол келесі кезеңге жоспарлай алатындығын білуі қажет.
Кәсіпорынның мүдделі тұлғалар оның жұмысының нәтижелеріне аз талаптар
қояды. Сонымен қатар қызметтің бір қатар түрлерін жоспарлаған кезде
қойылған міндеттерді орындау үшін қандай экономикалық ресурстардың талап
етілетіндігі туралы білуі қажет. Бұл мысалы, капиталды тартудың аясындағы
жоспарлауға (несие алу акционерлік капиталдың ұлғаюы және т.б.) және
инвестиция көлемін анықтауға қатысты болып табылады.
Бюджет бақылау үшін негіз болып табылады. Бюджеттегі жоспарлардың
жүзеге асырылуы бойынша кәсіпорынның қызметінің фактілік нәтижелерін тіркеу
қажет. Жоспарланған фактілік көрсеткіштермен салыстыра отырып бюджеттік
бақылауды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі назар жоспарлыдан
алшақтайтын және осы ауытқулардың негізінде анализделетін көрсеткіштерге
бөленеді. Осылайша, кәсіпорынның барлық жағы бойынша ақпарат осылай
толықтырылады. Бюджеттік бақылау кәсіпорынның қандай-да бір жоспарланған
жоспарлары қанағаттанарлықсыз болуының мән – жайын анықтайды. Бірақ, мұндай
жағдай орын алған кезде бюджеттің өзі нақты емес жағдайлардың негізінде
құрылуы мүмкін. Екі жағдайда да басшылық осы туралы ақпарат алуға мүдделі
болады. 5
Бюджет үйлестіру құралы ретінде. Бюджет өндіріс, шикізат сатып алуда,
өндірілген өнімді жүзеге асырудың саласындағы құндық көрсеткіштерінде
көзделген әрекеттердің бағарламасын білдіреді. Әрекеттердің бағдарламасында
жекелеген шаралардың уақытша және функцияналдық үйлесімділік қамтамасыз
етілуі қажет. Оның рентабельділігі мысалы, жеткізушінің күтілетін
көлемінен, өндіріс жағдайына байланысты. Шығарылатын өнім саны – жүзеге
асырудың күтілетін көлеміне байланысты. Шығарылатын баға көлемі өндірістің
бағдарламасы талап ететін материалдардың көлеміне байланысты 6.
Бюджет міндет қою үшін негіз ретінде келесі кезеңге бюджетті жасай
отырып, осы кезеңге қызметтің басталуына дейін шішімі қабылдануы керек.
Мұндай жағдайда жоспардың жасаушысына баламалы ұсыныстарды таңдауы үшін
“уақыттың жеткіліктілігінің” ықтималдылығы жүзеге асады.
Бюджет құзіретті бөлу құралы ретінде. Бюджеттің жоспарының кәсіпорын
басшылығымен мақұлдануы одан арғы шешімдердің бөлініс деңгейінде
қабылдануының белгісін білідіреді. Әрине егер ол бюджетпен белгіленген
шектен шықпаса. Егер де бөлініс деңгейіндегі бюджет жасалмаса, онда
кәсіпорынның басшылығы мұндай жағдайда жедел шешімдерді қабылдау
процессінің децентрализациялануына жақын болуы екі талай.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты. Өте шағын
кәсіпорында басқару функциялардың бөлінісі орын алмайды. Осыған орай
басшылар барлық мәселелерге өздері енуге мүмкінді алады. Ірі кәсіпорындарда
бюджетті (жоспарды) құру бойынша жұмыстар орталықтан тыс болуы қажет.
Бөлініс шеңберінде ғана өндіріс саласында тәжірибесі бар кадрлар үйлеседі
емес пе. Сондықтан да бөліністерде болашақта қабылдануға тиіс әректтерге
қатысты ұсыныстар ұсынылады.
Бөлімшелердің бюджеті бір бірінен алшақталмған, есептеу кезінде мысалы,
сатудың жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде өндіріс жағдайын білу
қажет. Үйлесімінің жүйесін қамтамасыз ету үшін көптеген кәсіпорындарда
бюджетті құру бойынша нұсқаулар жасалады. Онда уақытша жоспар, сондай-ақ
бюджеттік көрсеткіштердің есебі кезінде міндеттер мен жауапкершілікті бөлу
орын алады.
Кәсіпорындағы жоспарлау туралы әдебиеттерде әдетте бюджетті құру
бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі схемасын ажыратады: Break-
Down(жоғарыдан төменге) әдісі бойынша және build-up (төменннен жоғарыға)
тәсілі бойынша. Break-down тәсілі бойынша бюджеттік құру жұмысы жоғарыдан
басталады. Яғни, кәсіпорын қаржылық менеджері оның міндеттерімен
мақсаттарын анықтайды. Содан кейін бұл көрсеткіштер кәсіпорын құрылымының
төмен деңгейіне қарай қозғалысы бойынша, барынша дәйектелген формада
бөлімшенің жоспарына енеді. Build-up тәсілі бойынша керісінше жүзеге
асырылады. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу
бөлімшелері бастайды, одан соң кәсіпорынның өткізу бөлімінің бастығы бұл
көрсеткіштерді соңыра кәсіпорынның жалпы бюджетін (жоспарының) құрамдас
бөлігіне кіруі мүмкін біріңғай бюджетке енгізіледі. 6
Break-down және Build-up екі тәсілі қарама-қарсы тенденцияны
білдіреді. Тәжірибеде бұл екі тәсілдің біреуін қолдану тиімсіз. Бюджетті
жоспарлау мен құру түрлі бөлімшелер бюджеттерін үйлестіруді тұрақты жүзеге
асыру қажет болатын ағымдағы процесті білдіреді.
Жоспарлау процесі кәсіпорын екі негізгі экономикалық аяда жоспарлау мен
бақылаудың жүзеге асырылыуы тиіс. Бұл жерде оның жұмысының пайдалылығы мен
оның қаржылық жағдайы туралы сөз болып отыр. Сондықтан да пайда мен
қаржылық жоспар бойынша бюджет ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементі
болып табылады.
Айналым капиталын қажеттілікті жоспарлау. Кәсіпорында пайдалану
жоспарын жүргізу қажет. Бұл жоспардың негізгі факторы болып кіріс пен шығыс
түсімінің уақытын жоспарлау болып табылады. Кәсіпорынның айналым
капиталының болуы, өндірістің басталу уақытынан басталып тұтынушымен өнімді
төлеуге дейін шығысты жабуы қажет.
Негізгі капиталға деген қажеттіктің жоспарлау. Кәсіпорынның даму аясына
қарай, технология өзгереді, жаңа ғимараттар, жабдықтар, компьютерлер қажет
етіледі. Негізгі капиталды сатып алу мерзімі жеткілікті дәрежеде жиі жоғары
болады.
Бұл қаржылық жоспарлауды кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау процесіне
енгізу маңызды болып табылады. Егер кәсіпорын жаңа рыноктарды игергісі
келсе ол маркетинг бойынша ұзақ мерзімді жоспардың қалыптасу кезінде
капиталға қажеттілік туралық назар аударуы қажет.
Табыс көзін жоспарлау. Кәсіпорын қорларының өнімді сатудан түскен
табысты, оның меншік иелерінің инвестициясын, сонымен бірге займды қосқанда
көптеген көздер білігілі бірінші кезектегі міндет, нақты қажеттілік
туындаған уақытта әр бір қажеттілігі үшін, нағыз көздері таубудан көрінеді.
Сапалық жоспарлау қажетті қорды тек уақытнан ғана емес, сондай-ақ
төменгі баға бойынша алудан көрінеді. Бұл үшін қазіргі уақытта оларды
көрсететін табыстан түсімдер немесе акция шығару мен банктік займға ғана
қарап отыру болмайтындықтан, түрлі қаржы көздерін жинақтап пайдалану
мақсатында қор көздерін қалыптастыратын банкті табу қажет. Соның ішінде,
уақытты дұрыс таңдай білу қажет: акция рыногы жанданғанда акция сату қажет,
есептік ставка жоғары болғанда қарыз алмау керек және т.б.
Кәсіпорын қызметін болжамдау – объектінің қаржылық жағдайының өзгеруін
жасау. Болжау жоспарлауға қарағанда жасаған болжаудың тәжірибеде жүзеге
асырудың тікелей көздемейді. Бұл болжамдар белгілі бір өзгерістердің
көзделуін байқатады. Жобалаудың ерекшелігі болып қаржылық көрсеткіштердің
құрылымы табылады. Жобалау өткенінің болашаққа ауысуы негізінде жүзеге
асырылады. Олардың алдын ала көруі негізінде басқару қаржылық менеджердің
белгілі бір рыноктың механизмінің сезімталдылығымен интуициясын, сондай-ақ
икемді экстренді шешім қабылдауын қалыптастыру талап етіледі. 10
Қаржылық менеджменттегі ұйымдастыру қызметі белгілі бір тәртіптер мен
жағдайларды қаржылық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыратын адамдардың
бірлестішін білдіреді. Тәртіптер мен жағдайларға басқару органдарын құру
басқару апаратының құрылымын қалыптастыру, басқару бөлімшелері арасындағы
өз ара байланыстарды бекіту, нормалар нормативтер және әдістемелер жасау
жатады.
Қаржылық менеджменттегі реттеу – берілген параметрлерден ауытқу
туындағанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы жағдайына қол жеткізу мүмкін
болатын басқару объектісіне әсер етуді айтамыз. Реттеу бекітілген нормалар
мен нормативтерден, жоспарлық міндеттерден, графиктерден туындаған
ауытқуларды болдырмау бойынша ағымдық шараларды қамтиды.
Қаржылық менеджменттегі ынталандыру қаржылық қызмет жұмыскерлердің
өздерінің еңбектерінің нәтижелеріне мүдделігінің оятудан көрінеді.
Ынталандыру арқылы жұмсалған еңбектің сапасы мен санына байланысты
материалдық және рухани құндылықтарды бөлуді басқару жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджменттегі үйлестіру – барлық мамандардың, басқару
апаратының және басқару жүйесі буындарының жұмыстарының келісілгендігін
білдіреді. Үйлестіру басқарудың объектісін, субъектісін, басқару апаратын
және жекелеген қызметкердің қарым-қатынасының бірлігін қамтамасыз етеді.
Активтерді басқару
Көптеген кәсіпорындардың қорын жұмсап жаратудан келесі негізгі бағыттар
бар: шикізат, бөлшек сатып алу, жұмысшылараға және қызметкерлерге еңбекақы
беру, коммуналды қызметтерге, салықтарға төлемдер, пайыз төлеу.
Активтердің ұлғайюы. Қолма-қол ақша, сатудан түскен кіріс, запастар,
жабдықтар, ғимарат, жер – осының барлығы активтер. Активтерді кез келген
ұлғайту қоры пайдалануды білдіреді. 4
Пассивтердің азаюы. Кәсіпорынның пассивті басқаларға берешек жағдайың
барлығы: банктік қарыздар, жеткізушілерге төлем және салықтар. Кәсіпорынмен
алынатын қорлар пассивтерді азайта алады, мысалы, банк қарыздарын қайтару.
Меншік иелеріне төлемдер. Жеке кәсіпорындардағы және серіктестіктердегі
активтерді ұлғайтудан және пассивтерді азайтудан кейінгі қалғанның барлығы
меншік иелерінікі. Корпарацияларда кәсіпорын өзіне пайдаланбайтын капитал,
меншік иелеріне дивидент турінде төленеді.
Ағымдағы активтер ретінде кәсіпорын бір жыл ішінде пайдаланатын
активтері түсіндіріледі. Айналым капиталының циклі. Ағымдағы активтер
айналым капитал ретінде қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын
қорлар белгілі бір сатыдан өтеді. ¤тімді активтер дайын өнімге айналатын
бастапқы материалдарын сатып алуға пайдаланылады; дибитор шотын құра
отырып, өнім несиеге сатылады; дибитор шоты төленеді және өтімді активтерге
айнала отырып инкассацияланады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану. Айналым капиталының қажеттілігі
үшін пайдаланылатын кез келген қорлар, пассивтерді төлеу үшін бағытталуы
мүмкін. Сонымен қатар, олар негізгі капиталды сатып алу үшін пайдаланылуы
мүмкін немесе меншік иелеріне кіріс ретінде төленуі мүмкін. Айналым
капиталын үнемдеу тәсілдерінің бірі, материалдық техникалық ресурстарды
басқаруды жетілдіруде көрінеде. Ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
- қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау
- қатаң өндірістік жүйелерді енгізу
- жаңа қоймаларды пайдалану
- сұранысты болжауды жетілдіру
- жедел жеткізу
Айналым капиталындағы қажеттілікті қысқартудың екінші жолы, басқа
мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін қажетсіз қорғауларды бағалауда, төлемге
ұсынылатын шоттарды бағалауда несие саясатын күшейту жолымен дебиторлар
шотын азайтудан тұрады.
Айналым капиталының шығындарын қысқартудың үшінші жолы қолма-қол
ақшаларды дұрыс пайдаланудан көрінеді. Фирмалар өздерінің өтімді активтерін
ұстайтын банктік шоттар бойынша пайыз төленбейді. Бірақ, басқа өтімді
активтер (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік
сертификаттар, алдынала сатып алу келісімі аталатын бірдей уақыттың займның
әртүрлілігі) түрінде табыс әкеледі. 10
Негізгі активтерге фирма бір жылдан аса уақыт пайдаланатын активтер
жатады. Оларға негізгі капитал және табиғи ресурстар жатады. Қаржыгерлердің
міндеттерінің бірі ретінде қолда бар қорды пайдаланудың вариантын таңдау
болып табылады: негізгі капиталды алуға немесе ағымдағы активтерді
ұлғайтуға, немесе пассивтерді қысқартуға немесе меншік иелерін толеуге
шішім қабылдаған кезде жаңа капиталдың құны, оны падаланғанда болатын
шығындарды қысқартудың мөлшерімен немесе құнымен салыстырылуы қажет.
Негізгі капиталды алу шешімі капитал салымының және олардың
қайтарылуының сметасын құрған кезде қалыптасады. Бұл күрделі процесс
өйткені қосымша негізгі капиталдардың плюстері әдетте бірнеше жыл өткен
кезеде байқалады.
Қаржыгерлер үшін негізгі капитал басты болып табылатын жағдау, оларды
жылжымайтын мүлікті тиімі басқарудың қажеттілігінен аландатпауы қажет.
Қаржылық менеджменттегі бақылау, қаржылық жұмысты ұйымдластыруды және
қаржылық жоспарлардың орындалуының тексеруге білідреді. Бақылау арқылы
қаржы өзгерістер енгізіледі. Бақылау қаржылық нәтижелерге талдау жасауды
білдіреді. Талдау – қаржыларды жоспарлау процесін бөлігі. Сәйкесінші
қаражаттарды қалай пайдаланғандығы туралы және объектінің қаржылық жағдайы
туралы ақпарат жинақталады, қосымша резервтер мен мүмкіндіктер ашылады,
қаржы бағдарламаларына, қаржы менеджменттің ұйымдастыруға, қаржылық бақылау
– қаржылық жоспарлаудың айналым жағы болып табылады және оның құрамдас
бөлігі ретінде қарастырылуы керек – қабылданған шешімдердің орындалуына,
қаржылық жоспардың орындаулына бақылау жасайды.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақ
тұрғысынан талдау қажет, өйткені оны бағалау критерилері әр түрлі болуы
мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның құралдары мен оның қалыптаусу
көздерін орналастырумен сипатталады. Қаржылық жағдайды таңдау, кәсіпорынның
иелігіндегі қаражаттар қаншалықты тиімді пайдаланылуда екендігін білу
мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін
бейнелейді: жеке қаражаттар мен қамтамасыз ету және олардың сақталуы,
тауарлы – материалдық құндылықтардың нормаланған қорының жағдайы,
дебиторлық және кредиторлық борыштылық жағдайы және қозғалысы, айналым
құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыз
етлуі төлем қабілеттілік. 5
Кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы
көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің
рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың
орындалуы. Кәсіпорын қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің
материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша
айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай
талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі.
Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер
кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі
және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi
Кәсіпорындардың нарықтық белсенділігің БӨЖ көрсеткіштері
Жобалық менеджменттің жобаға енуі
Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
Пәндер