Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясының өзіндік ерекшелігі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕ

ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Психология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АФФИЛИАЦИЯЛЫҚ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АФФИЛИАЦИЯҒА ДЕГЕН МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ

1. 1 Дарынды балалардың психологиялық сипаты

1. 2 Аффилиацияға деген мотивацияны сипаттап көрсету

2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АФФИЛИАЦИЯҒА ДЕГЕНМОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ

2. 1 Әдістерді негіздеу және зерттеу процедуралары

2. 2 Эмпирикалық зерттеу нәтижелерін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТІРКЕМЕ А

ТІРКЕМЕ Ә

КІРІСПЕ

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық, қарым-қатынас арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін, анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз нарызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми-тәжірибелік жұмыстар өз жалғасын табуда.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі - қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас - өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Сондықтан да дарындылардың қарым-қатынасқа қажеттіліктерінің деңгейлерін, серіктес іздеуге деген, өзара түсінушілікке деген қажеттіліктерінің деңгейін анықтау мәселесі өзекті болып отыр.

Демек, психологиялық теория мен практикада қарым-қатынас жайлы, аффилиациялық мотивация туралы аз зерттелінбеген. Алайда, қазіргі дарындылардың қарым-қатынас мотивациясы, аффилиациялық мотивация мәселесі аз қарастырылған.

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық, қарым-қатынас арқылы ғана жетуге болады. Дарынды балалардың мотивациялы шеңберін анықтау оларды тәрбиелеу мен оқытуда маңызды фактор болып табылады. Әсіресе, дарынды жасөспірімдердің қарым-қатынас мәселесі маңызды орын алып отыр. Қазіргі таңда дарынды оқушылардың қабілеттері, оқу дағдылары, үлгерімдері, қызығушылықтары, танымдық процестері зерттеліп келе жатыр.

Сондықтан, зерттеу тақырыбы: «Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясының өзіндік ерекшелігі» - деп алынды.

Зерттеу объектісі: Жасөспірімдердің мотивациясы.

Зерттеу пәні: дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясының өзіндік ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясының өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Аффилиациялық мотивация және қарым-қатынасқа қажеттіліктің теориялық негізін анықтау.

2. Жеке тұлға дарындылық ерекшеліктеріне сипатамма беру.

3. Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясын зерттеу әдістемелері мен процедурасын айқындау.

4. Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясын эксперименталды зерттеу.

Зерттеу болжамы: Дарынды оқушылардың дара қабілеттеріне, шығармашылықтарына байланысты орта мектеп оқушыларына қарағанда аффилиацияға деген мотивациясының өзіндік ерекшеліктері бар, қарым-қатынасқа қажеттіліктері жоғары.

Сараптама базасы: Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған лицей-интернат, Өскемен қаласы, Амурский көшесі - 12/1 және № 45 қазақ орта мектебі, Өскемен қаласы, Тоқымашылар даңғылы -3. Экспериментке 50 адам қатысты.

1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АФФИЛИАЦИЯҒА ДЕГЕН МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ

1. 1 Дарынды балалардың психологиялық сипаты

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз нарызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылықтың түп негізгі теорияларын кеңес психологтары құрастырған. А. С. Выготский, Б. Т. Ананьевтің, В. А. Крутецскийдің, Н. С. Лейтестің, В. М. Тепловтың және тағы басқалардың психологиялық концепциялары дарындылыққа интегралды тұлғалық білім ретіндегі жүйелі көзқарастың түбірін салып, адамның қабілеттерінің тұлғалық компоненттерін анықтады. [25, б. 140-147]

Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абромс, Ф. Гальтон, В. Штерн өз еңбектерін жазған. Олар дарынды балаларды зерттеуге эксперименттік және қолданбалық үлес қосқан, тесттер ұйқастырып, құрастырған.

Дарындылар мәселесі бойынша әдебиеттің көптігіне қарамастан, ғалымдар әлі оның мәні бойынша бір тұжырымға келген жоқ.

Баланың дарындылығы деп, оның құрдастарына қарағанда, барлық тең жағдайға қарамастан, оқуды жоғары қабылдауын және шығармашылық қасиеттерінің көбірек көрінуі түсініледі. «Дарындылық» түсінігі «дар» деген сөзден шығады және дамудың ішкі ерекше жағымды алғы шарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұл дифиницияға келесі анықтама беріледі: «Дарындылық» - белгілі бір іс-әрекет облысында оған ерекше табыстарға жетуіне мүмкіндік беретін адам қабілеттерінің жоғарғы деңгейі.

Іс- әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейінде болуы керек.

«Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б. Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағында қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшілігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақылсана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, тұлғааралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуге ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік деңгейі анағұрлым жоғары. [11, б. 35-38]

Дарындылықтың өзіндік ерекшілігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. осыдан, біреу математикаға құмар, екінші - тарихқа және біреулер - қоғамдық жұмыстарға араласуда өз дарындылығын іске қосып. Оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.

Әрине, білімді адам - өзінің қоғамдағы орнын, өзінің неліктен осы орында отырғанын біліп түсінетін, оны өзі тиімді өмір сүру үшін пайдалана алатын адам. Ал ғалым - қоршаған орта, дүниетаным туралы өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол өз көзқарасы ауқымында ғана іс-әрекет жасайды.

Дарынды бала - оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде-бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарасы қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өзгеруіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. [13, б. 41-47]

Көбіне «Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсеткенін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Э. Мейман дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін: оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік арасалмағын қарастырды.

В. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады» деп тұжырымдайды. Сонымен қатар «дарындылық» қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін белгілейді.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандылық ұғымдарына да тоқталып кетейін.

Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, мотивтің болуы.

Талант - қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.

Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады.

Әрине, бұл ұғымдар, жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады.

Дарындылықтың белгілері - бұл дарынды баланың, оның іс-әрекетінен көрінетін және оның әрекетінің сипатын бақылау жолымен ғана бақыланатын ерекшеліктері. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, дарынды балалар әртүрлі параметрлермен сипатталады. Ресейдің ғалым психологтары дарындылық белгілерін сипаттап көрсетуде 2 аспектіні бөліп көрсетуді ұсынады: инструменталды және мотивациялы. Біріншісі іс-әрекет түрін сипаттаса, екіншісі - баланың өз іс-әрекеті мен шынайылықтың екі жағына қатынасын сипаттайды.

Шығармашылықта психикалық процестері (ойлау, ес, қиял, эмоция және т. б. ) және психикалық күйі (құмарлық, жалығу, яғни бастан кешірулердің бірлігі мен мінез-құлқы) және де индивидтің тұлғалық қасиеттері көрінеді.

Мұндай ықпал ғалымдардың айтуынша, дарындылық типологиясының әлеуметтік критерилерінен (іс-әрекеттің әлеуметтік түрлері және табысқа жету деңгейі бойынша) басқа дарындылықтың даму деңгейін психикалық күй ретінде сипаттау үшін өзіндік психологиялық критериді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл шығармашылық акт мүмкін мынандай түрде көрінуі мүмкін:

  • нақты индивид үшін, әлі оның тұлғалық дамуы туралы болып табылмайтын, сондықтан анда-санда жағдайдан жағдай арасында эпизод сияқты көрінетін психикалық процесс күйінде;
  • нақты индивид үшін, әзірге оның бір ғана өмірінің мәні болып табылмайтын, бірақ тұлғаның нақтылауы мен бастан кешіруі үшін жағдай құрап, іздеу үшін жиі көрінетін психикалық күй ретінде;
  • нақты индивид үшін, бір ғана өмірінің мәні болып табылатын және үнемі кез келген іс-әрекет түрінде көрінетін, әсіресе тұлға өзі қызығушылық танытқан ерекше іс-әрекетте көрінетін тұғалық сипаттама түрінде.

Дарындылықтың сыртқы көрінісі көп түрлі. Олардың көбі ерте балалық шақтан көрінеді. Оны ата-аналары көбі қабылдап, байқамайды, керісінше мәселе сияқты қабылдайды. ең бірінші мәселемен ата-ана дарынды бала дүниеге келгеннен кейін кездеседі. оның жоғарғы белсенділігі ата-анаға оның ұйықтамауымен байланысты (мұндай балалар әдетте қарапайым балаға қарағанда аз ұйықтайды) . Сонымен қатар тамақпен байланысты болады, ата-анаға дарынды баламен өте ауыр келеді. Одан кейін дарынды баланың таным процесінің белсенділігімен байланысты қиындықтар болады. Мұндай белсенділіктің салдары көбінде жағымсыз болады; сынған телефондар мен электрлі заттар, бөлшектенген сағат пен киім тігетін машина, яғни дарынды баланың қолына не түссе, соны білуге ұмтылып, ақтарғысы келіп тұрады. Бұл қасиет ата-ананың көңілі толмай, алаңдауына әкеледі. [38, б. 85]

Дарынды балалардың ата-анасын мазалайтын басқа тәсілдердің ішіндегі - бірінші дарынды балалардың алғашқы мектепте оқу кезінде пайда болатын қиыншылықтар, сонымен қатар осы балалар қоятын шексіз бітпейтін сұрақтар. Дарынды балада әдетте оның ерекше қызығушылық аймағы ерте қалыптасады. Осы аймақтың сыртында қалатын мектеп пәндеріне дарынды балада уақыт та, ниет те болмайды.

Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми-тәжірибелік жұмыстар өз жалғасын табуда.

Дарындылық ұғымын қарастырып алдық, оның түрлерін, белгілерін, көріністерін анықтап алдық. Толығырақ келесі бөлімде, олардың қарым-қатынас мотивацияларының ерекшеліктерін сипаттап көрсетеміз.

1. 2 Аффилиацияға деген мотивацияны сипаттап көрсету

Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. адамды іс-әрекетте не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен, оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы түрде түрткі - бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің, оның мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейі саналы-еріктік деңгей болып табылады. В. Г. Асеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие. Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын ұстанымдар да, идеалды аясы да жатады. [2, б. 133] Соңғысы дәл қазір өзекті болғанымен де, бірақ оның түрткілерінің ары қарай дамуының мәндік болашағын беретін адам үшін маңызды функцияны атқарады. Мұның барлығы, бір жағынан, мотивацияны қажеттіліктердің күрделі, бір келкі емес көп деңгейлі жүйесі және қажеттіліктерді, түрткілерді, қызығушылықтарды, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстанымдарды, эмоцияларды, нормаларды, құндылықтарды және тағы басқа қамтитын жүйе ретінде анықтауға, ал келесі жағынан, адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының көп мотивтендірілуі жайлы және олардың құрылымындағы үстемдеуші түрткі жайлы айтуға мүмкіндік береді.

Мотивацияны зерттеуде (В. Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л. И. Божович, А. Маслоу, Е. К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен объектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инвариантты ретінде түсіндіріледі.

Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі Х. Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді: жетістікке, үстемдікке, дербестікке, аффилиацияға бөлген. Кең контексте қарастырылған осы қажеттіліктерді М. Аргайл мотивацияның жалпы құрылымына енгізген: 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметтік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биологиялық қажеттіліктер) ; 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, әсіресе беделді және билігі бар адамдардан; 3) аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ортасында болуға, достық үндесуге, топпен, құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзағырақ сөйлесуіне, шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5) сексуалдық қажеттілік - денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен достық және интимдік-әлеуметтік өзара әрекеті; 6) агрессияға деген қажеттілік, яғни денелік немесе вербалды зиян келтіру; 7) өзінің абыройына, өзіндік сәйкес болуға деген қажеттілік, яғни өзін маңызды деп қабылдау. Тәуелділікке, өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын. [18, б. 512]

Адамды әрекетке бағалайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп айтады. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Мотивтің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Шығармашылық әрекетке мотивация
Педагогикалық қабілет
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Солақайлық мәселесі
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудағы психологиялық ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz