Кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау



Кіріспе
Ι.Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және өрсеткіштері
1.2.Маркетинг жұйесіндегі стратегиялық жоспарлау
ΙΙ.Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ.ның маркетингтік мүмкіндіктерді талдау
ΙΙΙ.Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады. Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республиканың нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіпкерлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбұрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызбалары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйымдастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жұгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
1. “Бәсеке және монопольдік қызметті шектеу туралы” Заң// Егемен Қазақстан, жыл,  қаңтар.
2. Котлер Ф. «Маркетинг негіздері» – Прогресс, Мәскеу, 2001 ж.
3. Афанасьев М. “Маркетинг: стратегия и практика фирмы” - Москва,
4. Финстатинформ, 1998 г.
5. Божук С. Г «Маркетинговые исследования» - Питер, 2003;
6. Ильющенко Е. В «Маркетинг на предприятии» - Минск, 2000;
7. Малхотра Н «Маркетинговые исследования и эффективный анализ» - Питер, 2002;
8. Данько «Управление маркетингом» - Минск – 1999;
9. Диксон П. «Управление маркетингом» Москва, 1998;
10. Бун Л. Куртц. Д «Современный маркетинг» - Юнити Дана, 2005;
11. Есимжанава С.Р. “Маркетинг в Казахстане”-Экономика, Алматы, 2003 ж.
12. Есімжанова С.Р. “Маркетинг негіздері” – Экономика, Алматы, 2003
13. Алтынбаев Б.А «Основы маркетинга» - Экономика, Алматы, 2003ж.
14. Алтынбаев Б.А « Орғанизация службы маркетинга» - Экономика, Алматы, 2000 ж
15. Ассәль Г. «Маркетинг: принципы и стратегии: Учебник для вузов.-М.: ИНФРА-М, 2002г.
16. Ман И. «Маркетинг на 100 %» - Питер, 2003;
17. Юлдашева О.У «Промышленный маркетинг» - Экономикс, 2002г;

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Ι-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және
өрсеткіштері
1.2.Маркетинг жұйесіндегі стратегиялық жоспарлау
ΙΙ-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.ҚантААҚ жалпы сипаттама
2.2.ҚантААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
ΙΙΙ-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен
серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының
қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең
жағдайына орай анықталады. Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық
қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республиканың
нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-
тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке
кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді
жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты
мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіпкерлерді
нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін
салуға мәжбұрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ
банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-
әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызбалары
мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік
зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйымдастыру
сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-
данбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана
маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-
ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны
жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды
қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жұгіртсек,жоспарлау
қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде
жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді
болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана
көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жұз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-
парлауды жұйелі жұргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары
қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.
Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау
жұйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық. Әртүрлі шешімдерді үздіксіз
қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағдайда
өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып
саналады.
Фирманың жақсы талқыланған бағдарламалық мәлімдемесін құрастыру өте
жауапты іс. Жоспарлау-фирма өзінің құрамына кіретін әрбір өндірісті
бағалап,оларды кеңейту, сақтау, доғару не олардың жемістерін жеу туралы
қорытынды шығаруды талап етеді.
Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып
табылады. Нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын өз жұмысының
тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жоспарлау
-басқарудың маңызды бір функциясының элементі болып табылады. Сондықтан да
курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен
ҚантААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық
жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жоспарлаудың тиімділігі және де оның
қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
1.Теориялық: бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны туралы
түсініктемелер берілген.
2.Зерттеліп отырған ҚантААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау
жұргізілген.
3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын
әзірлеу.
Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жұргізіліп, қолданылған
әдебиеттер тізімі беріледі.

Ι-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және өрсеткіштері

Нарықтық экономикада өнеркәсіпптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама ,
кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау
методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жұргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жұйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалықг
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз
қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын
энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының
қолданылуын көрсетін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы
өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар
бойынша жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны,
қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі)
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт
шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
- материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал отын,
жылу, энергия, жабдықтарын үлестік нормалары);
- еңбек құрал - жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды,
ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды қолдану
нормативтері);
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс
циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар,
отынның қорлары);
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен
агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы.
Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек
шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының
қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық
материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін
қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың
көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік ;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі; сатудың
көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен
факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше
көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен
металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.

1.2. Маркетинг жұйесіндегі стратегиялық жоспарлау

Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан
құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан
олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген
басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да
жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп
санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді.
Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен,
жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады.
Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден кептеген фирмалар
өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол
пайдаларды Бранч мынандай ретімен атап өтеді:
1. Жоспарлау басшыларды турақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.
2. Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге
мүмкіншілік береді.
3. Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге
мүмкіншілік береді.
4. Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға
мәжбұр етеді.
5. Фирманың төтенше өзгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.
6. Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын
көрнекті керсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм
болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға
былай деп анықтама береміз:
Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен
потенциалды мүмкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және
жалғастыруға керекті басқару процесі. Фирманың дәл тужырымдалған
бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер
мазмұндамаларға, дұрыс шаруашынық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.
Фирма бағдарламасы
Фирманың міндеті және мақсаты
Шаруашылық портфелінің өркендеу жоспары
Фирманың өсу стратегиясы
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық
жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық
жоспарлау нарықтағы бәсекелестік курестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары
болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың
мәні болашақга технологиялық экономикалық және әлеуметтік-мәдени
өзгерістерге байланысты өсіп отырады.

ΙΙ-Бөлім. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.ҚантААҚ жалпы сипаттама

"Қант" ашық акционерлік қоғамы Жамбыл облысының тараз қаласының шығыс
өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы
саласы болып табылады. "Қант" акционерлік қоғамы шаруашылық объекі ретінде.
Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы
облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. "Қант" акционерлік қоғамы заңды
тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы
және жарғысы негізінде жұмысын жұргізуде. "Қант" акционерлік қоғамы өз
алдына балансы, банктік есел шоты және өзінің аты көрсетілген мөрі бар.
"Қант" акционерлік қоғамы қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен
табыс алу. "Қант" акционерлік қоғамының негізгі өндірісіне шығару өнімдері
жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су қамтамасыз ету
және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару
және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалық
шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, цехының қызметі, жөндеу -
құрылыс учаскісі жатады.
"Қант" акционерлік қоғамы өзінің тарихын жамбыл қант комбинаты болып
бастады. Оның құрылысы 1932 жылы каңтарда басталды. 1937 жылы ақпанда іске
қосылды. Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.
1932 жылдың қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халық комиссариатының
қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бұкіл одақтың трестінің
Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.
1935 жылдың қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік Қазақстан облысынын Алматы
қант қызылша трестінің Әулие - Ата зауыты.
1938 жылдың қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік Қазақстан
облысының жамбыл қант қызылша зауыты.
1939 жылдың қаңтарынан - "Жамбыл қант комбинаты" 1993
жылдың қазанынан "Қант" акционерлік қоғамы. "Қант орталығы" ЖШС-тің мерзімі
5 жылға созылған сенімділік басқармасының қол астында. Бизнес -
жоспары өнеркәсіптің өзінде жасалынады шикізатпен фирманың
президенті қамтамасыз етеді (шетелдік қант - сырец). Одан басқ
зауыт жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен келісім шартқа тұрып олардың
өткізген қант қызылшасын өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына өңделген
заттын 35 % кәсіпорында қалады.
"Қант" акционерлік қоғамы шығарылатын
өнімін негізгі номенклатурасы: кұмшекер, қант рафинады және т.б.
ассортименттер.
"Қант" акционерлік қоғамы келесі құрылымдык бірліктерден түрады: қант
қызылша зауыты, рафинад зауыты, ТЭЦ, механикалық цехі, шикізат
бөлімі. Олардың бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан
және қызметтерін Қазақстан республикасы заңына сәйкес атқарады.
АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі тараз шақпа қант шығаратын
комбинаты негізінде дамыған. Бұл комбинат жергілікті шикізаттарды
пайдаланып, республиканың барлық шақпа қаңтын өндіреді. Қант өндірісінің
қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шыарылатын этил спиртінің
23 жуығы өндірледі.
Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеп аз көлемді ілеспелі өнім
береді. Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың
қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.
Кез келген әлеуметтік - экономикалық жұйе біршама дербес бірақ өзара
байланыс екі бөліктен тұрады. Басқарылатын және басқару?
Басқару - ұйымдасқан жұйеге нысаналы турде ықпал жасау оның
белгіленген құрылымын сақтау, кызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау.
Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруға саяды;
адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды.
Орғандар (ақпараттын болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар),
басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жұйесі
басқарудың материалдық негізі болып табылады.
Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару орғандарының адамдарды
бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік
ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін
шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның
жарғысына сәйкес жұзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару
басқарушылық шешімдедің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын,
ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған
басқару жұйелерін қамтиды.
Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен
еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы баскару объектісінің
алдында тұрған мақсаттарга жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар
талаптарын практикада әске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу
және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді практикалық негіздеу, басқарудың
нақты мақсатына қолжеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару
қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатусуымен өндіріске немесе
қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе
ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен
оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде
басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен
сипатталады. Басқару әдістері жұйесінде өзара байланысты және өзара
тәуелді, жиынтығында баскару объектісінің алдында тұрған кешенді
міндеттерді шешуге мүмкіндіқ береті әдістердің мынадай топтары қабылданған:
экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру) әдістер
және әлеуметтік -психологиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару
объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы
кешенді жұйені құрайды.
"Қант" ашық акционерлік қоғамының басқару құрылымы келесідей формада
белгіленген:
Атқарушы директор - кәсіпорынының барлық өндірістік - шаруашылық
қызметіне басшылық етеді. Директорге: техникалық директор, президент
кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң
бөлімінің басшысы, экономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және
коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөдімінің басшысы бағынады.
Техникалық директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың
жұмыстарын қадағалайды. Оған құмшекер және шақпақ қант зауыттарының бас
инженерлері, ТЭЦ және ТВК, басшылары, электорцехтар, теміржол цехы, жөндеу
- құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.
Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп
мәселелерін жұргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас
бухгалтер шикізаттың, материалдардын, дайын өнім және оның сатылуын
бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім
және орталық бухгалтерия бағынады.
Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңбы
-құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және
өндірістік тәртібін қадағалайды.
Экономика бөлімінің бастығы - "Қант" акционарлік қоғамының
экономикалық жұмысын басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша
көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есепті құраумен
айналысады.
Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды.
Қант қызалшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол
қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.
Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау
бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша
материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Өйткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.
Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл
бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жұргізеді. Кадр бөліміне
жымысшылардың жұмыс уақытысының есебін жұргізетін өткізу бюросы бағынады.
Төмендегі кестеде "Қант" ашық акционерлік қоғамының техника
-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
"Қант" ашық акционерлік қоғамының техника-экономикалық көрсеткіштері.

Кесте 1.
№ Көрсеткіштер өлшем 2000 2001 2002 Ауытқу
бірлігі 0) а
1. бақтылы бағада мың тг. 725640 672791 1212097 486457
тауарлы өнім:
2. Салыстыр малы мың тг. 8790268 7207996 10260324 1470056
бағадағы тауарлы
өнім
3. ІПығарылған өнім тонна 140814,7 111565,8 144633,0 3818,3
көлемі барлығы
а Қант тонна 6726,2 8062,9 7692,6 966,4
қызылшасынан
[ІІақпақ кұмшекер тонна 4671 4602,4 7692,6 3021,6
Үгітілмелі шақпақ тонна 940,2 1400,5 - -
қанты
'Шамбон" шақпақ тонна 1115,0 2060,0 - -
қанты
б Иіетел тонна 134088,5 103502,9 136940,4 2851,9
шикізатынан
Шақпақ құмшекер тонна 130198,5 100585,5 125646,1 4552,4
Үгітілмелі шақпақ тонна 2566 1841,4 2748,7 182,7
кані
'Шамбон" шақпақ тонна 1324 904,8 3115,0 1791
қанты
1 кг-дық буылған тонна - - 5430,6 -
шақпақ қант
4 Еңбеккерлер саны адам 1123 1123 1182 59
-жұмысшылар адам 1002 1006 1064 62
5 Еңбек ақы қоры мың тг. 160465,3 182488,6 243446,8 82981,5
- жұмысшылар мың тг. 130715,2 149535,9 201026,8 70311,6
6 1 еңбеккердің теңге 11910 13540 17160,0 5250
орташа айлық еңбек
ақысы
- 1 жұмысшының теш е 10870 12390 15740,0 4870
7 Еңбек өнімділігі
- 1 еңбеккердің мың тг. 646,16 599,1 1025,5 379,34
- 1 жұмысшының мың тг. 724,2 668,8 1139,2 415
8 Негізгі қолардың мың тг. 1138662 1141886 1191377 52715
жылдық құны
9 өндірістік қорлар мың тг. 1117226 1120679 1180666 63440
10 Қор қайтарымы тгтг 0,64 0,59 1,02 0.38

14
11 Өзіндік кұн ТӨ мың тг. 762216 558965 1097361 335145
12 1 теңгеге шығын теңге 1,05 0,83 0,90 -0,15
13 Өнімді өткізуден теңге 824375,131700449,0 1274649,341450274,2
түскен табыс
14 Өткізілген өнімніңтеңге 715167,13 598189,0 1122768,758407601,6
өзіндік құны
15 Жалпы кіріс теңге 109207,983102260,0 151880,583 42672,6
16 Нақтылы бағадағы теңге -36025,97920116,0 2822,338 38348,32
ТӨ түскен таза
табыс (шығыс)
17 Табыс (шығыс) мың тг. -36576 113826 114736 151312

Сонымен, "Қант" ашық акционерлік қоғамының техника-экономикалық
көрсеткіштерін талдайтын болсақ, есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда
тауарлы өнім көлемі 486457 мың теңге ге артқан. Ал сатылған өнімнің өзіндік
құны 2001 жылы 598189,0 болса 2002 жылы 1122768,758 мың теңге болды. Яғни
ол 87,69 %-ға артты. Яғни, бұл салыстырмалы бағамен тауарлы өнімнің артуына
байланысты, сонымен ол есепті жыомен өткен жылды салыстырғанда 3052328 мың
теңгеге өсті. Ал натуралды түрде шығарылған өнім көлемі 2000 жылы 140814,7
тонна, 2001 жылы 111565,8 тонна, 2002 жылы 144633,0 тонна өнім шығарылды.
2002 жылы кәсіпорынның кейбір қант ассортименттері (үгітілмелі шақпақ
қанты. "Шамбон" шақпақ қанты) өндірістен мүлден шығарылып, өндіріске басқа
қант түрі, яғни 1 кг-дық буылған шақпақ қантты шығарыла бастады. Оның 2002
жылы натуралды түрде шығарылған көлемі 5430,6 тонна.
Кәсіпорынның еңбеккерлер саны есеп беру жылы базистік жылға қарағанда
59 адамға көбейген. Соның ішінде жұмысшылар саны 58 адамға, яғни 5,3 %-ға
көбейген.
"Қант" АҚ-ның еңбек ақы қоры 2000 жылы 160465,3 мың енгеден 2002 жылы
243446,8 мың теңгеге дейін өскен. Соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақы қоры
2002 жылы 2001 жылға қарағанда 5,8% -ға өскен. 1 еңбеккердің орташа айлық
еңбек ақысы 2002 жылы 17160,0 теңге болса, 2001 жылы 13540 теңге болған,
яғни, 3620 теңге өскен. Ал 1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы есеп беру
жылы 2001 жылға қарағанда 3350 теңгеге, яғни 27%-ға өскен. 1 еңбеккердің
еңбек өнімділігі 2001 жылы 599,1 мың теңге, 2002 жылы 1025,5 мың теңге
болды. Ал 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 2002 жылды 2001 жылмен
салыстырғанда 470,4 мың теңгеге өсті.
Кәсіпорынның негізі өндірістік қорының орташа жылдық құны 2001 жылы
1141886 мың теңге болса. 2002 жылы 1191377 мың теңге болды. "Қант" АҚ-ның
өндірістік қорлары есеп беру жылы базистік жылмен салыстырғанда 59987 мың
теңгеге өскен.

2.2.ҚантААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау

Фирманың стратегиялық жоспары ол қавдай өндірістермен айналысатынын
және бұл ендірістердің мівдеттерін баяндайды. Енді олардың әрқайсысьгаа
жекеленіп нақтыланған жоспарды дайындау кажет. Бгер өндіріс бірнеше
ассортимештік топтарды, бірнеше тауарларды, маркаларды және нарықгарды
қамтитын болса, онда олардың әр позициясына жеке жоспар дайындалуы керек.
Сондықтан біздер өндіріс жоспарларымен, тауарды шығару жоспарларын, маркалы
бұйымдарды шығару жоспарларымен, нарықгағы әрекетгер жоспарларымен
кездесеміз. Бұл жоспарлардың бәрін бір терминмен -"маркетинг жоспары" деп
атаймыз. Маркетингілік жоспардың негізгі тарауларына және маркетинг
бюджетін дайындаудың бірізді кезеңдеріне токталық.
Бакыяау кврсеткіш-терінін иеяіметгері
Кяэіргі юрюстшгілік жагдайды баяндау
Крушгіліх хене иұк-ыишіліктер тізбегі
Міадетгер жвне вроб-лемалар тобегі
Мархетинг стратегвясы
Жұиыс бмдарпшасы
Бюдасттер
Баккгау твртібі
3 сур. Маркетинг жоспарының құрылымы
Маркетинг жоспарынын тараулары
Жай не маркалы бұйымдарды шығару жоспары мынадай тараулардан құралады:
бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері, қазіргі маркетингілік жағдайды
баяндау, міндеттер және проблемалар тізімі, маркетинг стратегаясы,
қауіптілік және мүмкіншілік тізбектері, жұмыс баідарламасы, бюджетгер және
белгіленгендердің орындалуын бақылау тәртібі (3 сур.)-
БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКШІТЕРІШҢ МӘЛІМЕТТЕРІ. Жоспардың ең басында жоспарда
қаралатын негізгі мақсаттар және ұсыныстар туралы кысқа мәліметтер болады.
Мысал міне: 1983 ж. маркетингілік жоспары өткен жылмен салыстырғанда фирма
табысын және сату көлемін бірқатар өсіруі керек, бакылауға алынған сату
көрсеткіші 80 млн долл, ол жоспарланған өсімінің 20%-і. Бұл өсімге жақсарып
келе жаткан экономикалық және бәсекелестік жағдайларға және де тауарды
тарату жағдайына да байланысты қол жеткізуге мүмкіншілік бар сияқты.
Болжамдалған табыс мөлшері 8 млн долл, демек, өткен
жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 25 % артық. Бұл мақсатқа қол
жеткізу үшін ынталандыруға бөлінген бюджет мөлшері 1,6 млн долл, ол
жоспарланған сату сомасының 2%-іне теқ. Жарнамаға белінген бюджет мөлшері
2,4 млн долл, ол жосрарланған сату көлемінің 3 %-і.
Бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері жоғары сатыдағы басшыларга
жоспардың негізгі бағытын тез аңғаруға мүмкіншілік береді. Мәліметтерден
кейін жоспар мазмұндамасын қою керек.
ҚАЗІРГІ МАРКЕТИНГЫНС ЖАҒДАЙ. Жоспардың бірінші негізгі тарауында
мақсатты нарықшң сипаттамалары және фирманың осы нарықтары жағдайы
келтіріледі. Жоспарды кұрастырушы нарықты оның мөлшері, негізгі
сегаентгері, заказчиктердің мұқгаждығы және орталықгың арнайы факторлары
бойынша суреттейді, негізгі тауарларға шолу жасайды, бәсекелестердің
тізімін келтіреді және тарату арнасын көрсетеді.
КАУШТІЛПСТЕР ЖӘНЕ МҮМКШШІЛІКТЕР. Бұл тарау басшыларды тауар алдывда
кездесіп қалуы мүмкін кауіптіліктер мен мүмкіншіліктер туралы келешекке көз
тастауға итермелейді. Осының бәрінің мақсаты - фирмаға улкен ықпалын
тигізуі мүмкін маңызды окиғаларды алдын ала байкауға үйрету. Басқарушылар
өздерінің байқауынша мүмкін болатын максимальды қауіптіліктермен
мүмкіншіліктерді санактауы керек. Темекі компания басқарушысы мынадай
тізімді болжамдады делік:
І.АКШ-тың бас дәрігері конгресске мынадай заң қабылдау туралы ұсыныс
жасады делік. Әр сигарет қорабының ең бетінде бас сүйектің және
айқастырылған қос жіліктің суреті және мынадай ескерту орналасқан: "Ғылыми
дерек бойынша күндеяікті темекі тарту орта есеппен өмірді жеті жылға
қысқартады". *"'
2. Темекі тартуға тиым салынатын қоғамдық орындар саны ылғи өсуде не
темекі тартушыларға және оны тартпаушыларға жеке бөлмелер
қарастырылуда.
3. Темекі егістеріне қңя-құмырсқаның жаңа түрлері шабуыл жасап,
егер
олармен күресу жолдары табылмаса, келешекте өсімдіктер
шыгамы төмендеп және бағаның қатты өсуі ықтимал.
4. Фирма лабораториясы салатгы зиянсыз темекіге айналдыруды ашу
жолында. Егер бұл табысты болса, денсаулыққа зиян келтірмейтін,
сонымен қанататтануға мүмкіншілік беретін темекі пайда болады.
5. Сигареттерді шет ел нарықтарында, әсіресе даму үстіндегі елдерде
тұтыну тез
өсуде.
6. Бірқатар топтар марихуананы легализациялауды талап етуде, демек,
оны сату үшін өсіруте еркіндік талап етуде.
Осы айтылған жағдайлардың әрқайсысы сигарет ендірушілерге бірқатар
ықпалын тигізеді. Бірінші үшеуін қауіптіліктер деп санауға
болады.
Қауіптілікке бІздер былай дей аныктама береміз:
Қауіптілік - накдылы оқиға не колайсыз тендеіщияларға байланысты пайда
болған, егер мақсатгы бағыттағы маркетингілІк әрекетгерді қарсы коймаса
тауардың тіршілігіне зиян келтіретін не онын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі
Маркетингтің дамуының алғы шарттары. Сада кәсіпорында маркетингті жоспарлау
Кәсіпорындағы маркетингті басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорын қызметінде маркетингті жетілдіру
Кәсіпорындағы маркетингтік қызмет
Кәсіпорындағы маркетингті басқару
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Кәсіпорында маркетингті жоспарлау
Пәндер