Қазіргі кезеңде Ресей – АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан Республикасының сыртқы саясат кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазіргі кезеңде Ресей - АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі
Орындаған 4 курс студенті Танабаева М. Е.
Ғылыми жетекші т. ғ. к., аға оқыт. Көшербаев Ж. Д.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы т. ғ. к., доц. Исова Л. Т.
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің т. ғ. д., проф. Кукеева Ф. Т. рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ РЕСЕЙ-АМЕРИКАН ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ТАРАТПАУ МӘСЕЛЕСІ . . . 25
2. 1 ШАБУЫЛ ҚАРУЛАРДЫ ҚЫСҚАРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАБУЫЛ ӘЛЕУЕТІН ҚЫСҚАРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМІНЕ ДЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ЖАҢА ШЕШІМДЕР . . . 25
2. 2 Д. МЕДВЕДЕВ ПЕН Б. ОБАМА ӘКІМШІЛІКТЕР ТҰСЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ҚЫСҚАРТУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ҰСТАНЫМДАРЫ . . . 33
2. 3 ШҚҚ ТУРАЛЫ ЖАҢА КЕЛІСІМ ЖАСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Осы жұмыста тақырыпқа сәйкес болған Ресей мен АҚШ арасындағы туған мәселелер қарастырылды. Берілген тақырыпқа сәйкес Ресей мен АҚШ-тың арасындағы ядролық қару таратпау жөнінде мәселе туындағандықтан, сол салада жақтардың айқындауға келетін негізгі мәселелерін қарастыруға тура келеді. Жұмысты қарастыру барысында ең негізгілері ШҚҚ-1, ШҚҚ-2, СШП, ЯҚТШ сияқты келісімдерін қарастыру болып келеді. Оның өзекті болған себебі, жаңа айтылған келісімдер арқылы әлем қауіпсіздік қалпында 30 жыл бойы қалғандығы болып табылады. Яғни, осы келісімдердің жасалғандығынан ядролық қарудың көлемі зілзала тудыратындай сындық нүктеге дейін жетпейтініне көпшілік сенімді болды. Бұған қоса сол уақытқа дейін АҚШ-тың ядролық монополиясы ликвидацияланып әлде түгел ликвидацияланып қалды. Келісімдер қаруланудың жарысын шектеу мен термоядролық соғысты алдын алуда саясатта көмек беретін жалғыз ғана негіз болып қызмет етеді. Қазіргі кезде осы келісімдер жойылып кетуде және оның келешекте қандай нәтиже беретіні белгісіз. Белгісіз болғанмен оның болашағы Ресей мен АҚШ-тың әкімшілігіне келген жаңа президенттерінің шешімдері қарастырылып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қару сияқты жойқын қару түрлерінің пайда болуы мен оны жетілдіруге байланысты адамзат өркениетінің құрып кету қауіпі сезіліп, ол еселене түсті. Хиросима мен Нагасаки қасіретінен сескенген адамзат ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы ойлана бастады. Аталған мәселе айырықша өткір талқыланып, маңызды рөлге ие болды. Мемлекеттердің өзара байланыстылығы мен тәуелділігі жағдайында қандай да бір жанжалдың ушығуы, жалпы дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке келеңсіз әсер ететінін түйсіну үшін әлемдік қауымдастыққа біраз уақыт қажет болды.
АҚШ пен бұрынғы КСРО басшылық еткен, ешқашан бітіспес жүйелердің блоктық ядролық тайталас заманында “ықтимал дұшпанды тежеу” немесе “кепілді құртып жіберу” құралы ретінде жер бетіндегі тіршілікті түбімен талай рет жойып жіберуге жететін ядролық қарудың орасан зор арсеналы жиналды. Ядролық қару халықаралық қатынастарда саяси бопсалау құралына айналды. Күш тепе-теңдігінің “өлшемі” нақ ядролық қару болатын.
1960-1970 жылдары әлемде кеңес-американ паритеті болып ол елдердің әлемнің тағдырын шешетіндей қалыпты жағдайы келді. Дәл сол уақытта Вашингтон саясаты кез-келген қарсыластардың алдына бірінші болатындығы ұйғарылды. Ресей немесе АҚШ болмасын өз ережелерінің қолданылуын ұсынды. 50-ші жылдары ядролық артықшылық доктрина негізінде американ сыртқы саясаты салынды. Ал, пайда болған әскери-стратегиялық паритетте ядролық (белгіленген қашықтықта ядролық оқ-дәрілер, ауыр бомбардировщиктер, қанатты және баллистикалық ракеталар сияқты) қондырғылар саны кіретіндігін анық айтуға болады.
КСРО ыдырап, “қырғи-қабақ” соғыстың аяқталуы нәтижесінде әлем, ядролық қаруды таратпау тұрғысынан алғанда тұрақты бола қойған жоқ. Жаңа әлемдік тәртіп жағдайында халықаралық тұрақтылыққа қауіп төндіретін мәселе - жаппай қырып-жоятын қарудың таралуы болып табылады. Соның ішінде ең негізгісі - ядролық қаруды таратпау мәселесі. Ғаламдық геосаяси жағдайдың түбегейлі өзгеруіне қарамастан, дүниенің бірқатар аймақтарында айтарлықтай өткір этникалық, саяси, діни т. б. қайшылықтар сақталуда және оларда тактикалық ядролық қару қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмас. Оның үстіне, соңғы жылдарда ядролық қаруды қолдарына түсіргісі келетін, әртүрлі экстремистік ұйымдардың лаңкестік әрекеті етек алуда. Осының барлығы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін аса жауапкершілікпен шешу қажеттілігін туындатты. Дегенмен әлем қауымдастығы бірқатар халықаралық актілер мен шарттар қабылдап, оның таралуын, белгілі-бір өңірлерге орналасу мүмкіндігін біраз шектеді. Өкінішке орай, адамзат ядролық қаруды толық жоя алмай отыр.
Беріліп отырған жұмыста ядролық қару таратпау саласы өткен ғасырда пайда болса да, оның қазіргі күндері шешіліп жатуының әлі қажеттілігі бар. Өйткені АҚШ пен Ресей стратегиялық серіктертер болғандықтан олардың негізгі мақсаттары қай кезде болмасын осы сала бойынша болжай алатын жағдай мен тұрақтылықты сақтау қажет.
Бітіру жұмыстың мақсаты. Жұмыстыың басты мақсаты Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастардың ядролық қару таратпау мәселесі жөнінде қазіргі кезде мәселелерін талдау және оның ғаламдық жүйедегі орнын айқындау болып табылады. Осы жұмыста алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін төменгідей нақты міндеттерді шешу қарастырылды:
- Ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаттың тарихына шолу жасай отырып, КСРО-АҚШ қатынастарындағы ядролық қару таратпау мәселесінің пайда болуы мен дамуын ашып көрсету;
- 1985-2000 жылдарда КСРО/Ресей мен АҚШ-тың ядролық қару таратпау саласындағы келіссөздер үрдісін саралау;
- Шабуыл қаруларды қысқарту туралы келісімнің шабуыл әлеуетін қысқарту туралы келісіміне дейінгі эволюциясы бойынша жаңа шешу жолдарын көрсету;
- Д. Медведев пен Б. Обама әкімшіліктерінің ядролық қаруды қысқарту мәселесі жөніндегі ұстанымдарын қарастыру;
- ШҚҚ туралы жаңа келісім жасау жолындағы түйткілді мәселелері мен болашағын анықтау.
Жұмыстың деректік негізі. Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсат-міндеттерге жету жолында деректік негіз болған деректердің ерекшелігі мен сипатына қарай төмендегідей бірнеше топтамасы қолданылды.
Деректердің бірінші тобына АҚШ пен КСРО/Ресейдің ядролық таратпау және қарусыздану, халықаралық қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясаттың негізгі бағыт-бағдарын анықтайтын ресми құжаттар мен ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша қол жеткізілген маңызды екі жақты және көпжақты дипломатиялық құжаттар жатады. Оларға 1991 жылы 31 шілдеде КСРО мен АҚШ президенттерінің Мәскеудегі жоғары дәрежелі кездесу кезінде екі елдің стратегиялық шабуыл қаруын шектеу және қысқарту туралы келісімге (ШҚҚ-1) [1], 1993 жылы қаңтаң айының 3-нде қол қойылған стратегиялық қарулануды одан әрі қысқарту мен шектеу Келісімі (ШҚҚ-2) [2], 1972 жылы 26 мамырда Мәскеуде КСРО мен АҚШ (РҚҚ) ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу келісімі [3], 2002 жылы 24 мамырда Мәскеуде Ресей Федерациясы мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл потенциялдарын қысқарту туралы келісім (СШП) [4], 1968 жылы 1 маусында қол қойылуға дайын болып 1970 жылдың 5 наурызда күшіне енген ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) [5], КСРО мен АҚШ арасындағы олардың орта және шағын қашықтықты ракеталарын (ОШҚР) жою туралы шартқа 1987 жылы 8 желтоқсанда қол қойылып, ол 1988 жылы 1 маусымда күшіне енген келісімі [6] мен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1996 жылдың 24 қыркүйекте қол қоюға дайындығын Женева конференциясында 1994-1996 жылдары жасалған ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттары (ЯСЖТС) [7] сияқты құжаттар жатады.
Деректердің екінші тобына Ресей мен АҚШ президенттерінің, ресми тұлғалардың сұхбаттары, баяндамалары, мәлімдемелері жатады. Оларға ЦК КПСС Бас хатшы М. С. Горбачевтің мәлімдемесі, 15 қаңтар 1986 жыл, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы сеесиясында РФ СІМ И. Иванвтың сөз сөйлеуі, РФ президенті Д. Медведев пен АҚШ президенті Б. Обаманың стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқартудың келіссөздері туралы біріккен мәлімдемесі, ШҚҚ-1 келісімінің 2009 жылдың желтоқсанында аяқталатын мерзімі туралы Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі 45-ші халықаралық конференциясында бұрыңғы АҚШ бас хатшысы Генри Киссинджержің мәлімдемесі, тура сол конференцияға қатысқан Ресей вице-премьері Сергей Ивановтың баяндамасы, АҚШ мемлекеттік департаментіндегі пресс-хатшы орынбасары Гордон Дугудтың жыл сайынғы болатин брифингте стратегиялық шабуыл қарулары келісімі жайлы сөз сөйлеуі кіреді және басқа беделді тұлғалардың ядролық қаруланудан бас тарту және оны таратпау мәселесіне қатысты ой-пікірлері айтылған. [8-20] .
Деректердің үшінші тобына зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Оған республикалық және шетелдік газеттер мен журналдар кіреді. Ядролық қару таратпау мәселелеріне қатысты елдегі және одан тыс шұғыл ақпаратқа қол жеткізуде маңызы өте зор [21-26] .
Бітіру жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Бітіру жұмыс тақырыбының әр түрлі аспектілеріне арналған ресейлік және американдық зерттеушілердің еңбектері мұқият қарастырылды. Бұл еңбектер зерттеу жұмысының теориялық негізіне айналды және тақырыптың мәнін аша түсуге айтарлықтай жәрдемдесті.
Ресейлік тарихнамадан В. А. Орлов, Р. М. Тимербаева, А. В. Хлопковтың еңбегінде жалпы ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту, ядролық қару таратпаудың ғаламдық және аймақтық тәсілдерін ұштастыру мәселелеріне байланысты келелі ойлап айтылған. Авторлардың пікірлерінше, ядролық қауіп, ядролық арсеналдың санымен емес, оның қарапайым болу фактісімен өлшенетін деңгейге жетті, сондықтан ядролық қарудың одан әрі таралуын болдырмай, толық қарусыздану үшін халықаралық бақылау жасаудың жетілдірілген, әмбебап жүйесін құру жөнінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру қажет [27] . Сонымен қатар белгілі ресейлік қайраткері А. С. Дьяков, Е. В. Мясников, Н. Н. Соковтың Ресей-американ қарым-қатынастарындағы ядролық қарулануды қысқарту мен оны бақылаудың үрдісі атты еңбегінде жаппай қырып-жоятын қаруларды, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселесіне қатысты сыртқы саясатының басым бағыттары жан-жақты баяндалған [28] .
Қарусыздану және ядролық қару таратпау мәселелерін зерттеумен айналысатын Ресейдегі беделді ұйымдардың бірі - Мәскеулік ПИР-Центрді айтпауға болмайды. ПИР-Центр ұжымы әзірлеп шығарған екі томдық еңбекті ерекше атап өту керек [29] . Кітаптың бірінші томында ядролық қаруды таратпаумен байланысты мәселелердің барлық тұстары баяндалған. Жұмыста ядролық қарудың жасалу тарихы, ядролық таратпаудың халықаралық тәртібінің қалыптасуы мен халықаралық-құқықтық аспектілері, соның ішінде дипломатиялық күрестің ерекшеліктерін және жекелеген мемлекеттердің ядролық бағдарламалары мен ядролық саясатының ерекшелігі егжей-тегжейлі баяндалған. Ал екінші томында ядролық қару таратпау, аймақтық мәселелер, ядролық қарудан азат аймақтар, экспорттық бақылау, МАГАТЭ кепілдіктері, ядролық саладағы Ресей заңнамасы бойынша негізгі құжаттар толық немесе қысқартылған түрінде берілген. Осы ұйым шығаратын журнал беттерінде де аз да болса біз зерттеп отырған мәселеге қатысты ресейлік және шетелдік мамандардың мақалалары жарияланып тұрады.
Американдық тарихнама. Қарастырып отырған тақырыпқа байланысты ізденуші американдық зерттеушілер қатарында Генри Киссинджер [12], Гордон Дугуд [13], Джеймс Картрайд [16] және Канзализа Райс [18] бар. Аталған авторлар негізінен ядролық қару таратпау мәселелеріне, соның ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастарды сол сала бойынша реттеудің өз үлестерін қосты. Ядролық қару таратпау мен қарусыздану саласындағы тараптардың сыртқы саясатын талдауға және өзара әрекеттестік тұрғысын қарауға көбірек көңіл бөледі.
Қазақстандық тарихнамадан өздерінің ядролық қару таратпау мәселесіне қатысды ой-пікірлерін білдіргендерге: Қасымжомарт Тоқаев [40], Арыстанбекова А. Х [26], Ибрашев Ж. У [32] және Көкеева Ф. Т [41] .
Жалпы айта кететін нәрсе, соңғы жылдары таратпау мәселелерін зерттеу ісінде өзгеріс орын алды. Егер бірнеше жыл бұрын негізгі тақырып ядролық қаруды жою болса, қазіргі уақытта ең маңыздысы- экспорттық бақылау және онымен жанасатын ядролық материалдардың заңсыз айналымына қатысты мәселелердің өзектілігі артты.
Бітіру жұмыстың әдістемелік негізі. Бітіру жұмысын дайындау барысында алға қойылған міндеттерді шешуге ғылыми және объективті тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін методологиялық қағидалардың басшылығы мен зерттеудің басты методологиялық негізіне тарихи ұстаным қағидасы алынды. Бұл қағида, ХХ ғасырдың орта шенінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасқан ядролық қаруды таратпау және қарусызданудың күрделі мәселелерін анықтауға негіз болды.
Ресей мен АҚШ-тың ядролық қару таратпау саласы бойынша халықаралық қатынастардағы алып отырған орнын көрсетуі объективтілік қағидасын қолданады. Мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдарды пайдалану барысында оларды сыни тұрғыдан талдау әдісі қолданылды. Әсіресе, кеңестік заманда жарық көрген, анағұрлым бай фактологиялық материалдарды қамтитын, дегенмен біржақты сұрыпталған құжаттар жинағы мен ғалымдардың біржақты баяндалған еңбектерін пайдалану кезінде бұл әдістің қолданыстық маңызы айырықша.
Мемлекетаралық қатынастарды зерттеуде негізінен деректік сипаттағы мемлекет қайраткерлерінің сөздерін, баяндамаларын, сұхбаттарын, сонымен бірге ресми құжаттардың мазмұнын саралауда контент-анализ тәсілі қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бітіру жұмыстың басында қолданған белгілер мен қысқартулар тізімі, соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыс көлемі - 53 бет.
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ РЕСЕЙ-АМЕРИКАН ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ТАРАТПАУ МӘСЕЛЕСІ
2. 1 Шабуыл қаруларды қысқарту туралы келісімнің шабуыл әлеуетін қысқарту туралы келісіміне дейінгі эволюциясы: жаңа шешімдер
2002 жылы 24-ші мамырда Мәскеуде Ресей мен АҚШ президенттері арасында стратегиялық басып кіру қарулануын таратпау жөнінде жаңа ресей-американ келісімге қол қойылды. Осындай жол арқылы Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық басып кіру қарулануын қысқарту саласындағы қатынастарды жаңарғаннан олардың ара қатынасын өзгертеді және әлемдегі жағдай толығымен жақсарады. 2002 жылы мамырда екі елдің стратегиялық ядролық күштеріне қатысты Ресей-Американ стратегиялық шабуыл потенциалдарын қысқарту туралы жасалған келісім негізінде АҚШ арқылы ядролық және күшті ядролық емес потенциалдар көбейді. Осыған қарай Ресейдің қарулануды бақылаудың саясаты АҚШ-пен стратегиялық тұрақсыздықтың болдырмауына бағытталды [41, 241] .
Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту саласында екіжақты келісімді одан әрі дамыту өте қажет. Ол олардың арасындағы диалогты реттеумен ғана маңызды болмайды, сонымен қатар бұл саладағы қатынастарды реттеу басқа ядролық мемлекеттердің мәртебелері мен мінездерін анықтайды. Сол себептен осы жолмен анықталған шектеулер, бақылау шаралары және де басқа жағдайлар бұл мемлекеттер оннан да көп жылдарға бағдарлы болады. Ядролық таратуларды шектеу өте қажет, өйткені осындай шектеулер жасалмаса бүкіл адамзатқа қауіп тигіздіруші еді. Осыған қарай қырғи-қабақ соғысының аяқталуы Мәскеу саммитінде толық шешім тауып, әлем структурасына биполярлылықтың қатаң жойылуына әкелді. Соның нәтижесінде ұлттық қорғаныс пен мемлекеттердің сыртқы саясат шеңберінде дербес шешім қабылдауына мүмкіндік туғанын есепке алуы жөн болып келеді.
АҚШ билігіне жаңа республикандық әкімшілік келгеннен бері стратегиялық шабуыл қаруын (ШШҚ-1) қысқарту жөнінде жаңа келісім мен болашақ дайындықтар жасау анық болмай тұрды. Құрама Штаттарының сыртқы саясаты біржақты қызметтерді АҚШ ұстанымын Киот протоколдардың өнер-кәсіптік қоқыстарды атмосфераға тастаумен басталып стратегиялық қару қысқарту мен ракетаға қарсы қорғаныстың ұлттық жүйесімімен аяқталатын кез-келген мәселе бойынша қатаңдатуы шектеусіз мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге қайта бағытталған болды. Сөйтіп, келіссөздерді одан әрі жалғастыратын үрдістің бастапқы ұстанымы өте тайғақ болып келеді.
2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін жағдай толығымен өзгерді. Нью-Йорк пен Вашингтондегі террорлық әрекет кез-келген мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі болып, оны жаңа барлық халықаралық қоғамдастыққа көрсетті. Әлемге төнген осы қауіптерден жаппай қырып жоятын қаруды таратпау мәселесі ерекше орын алады. Сондықтан бұл жағдай жаңа диалогтың басталынуына себеп болды. Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы қарастыру жөніндегі жаңа келіссөздерге бастама етіп АҚШ пен Ресей президенттері 2001 жылдың қараша айында келісімді алға қойылды. Сарапшылар деңгейіндегі алғаш кеңестер 2001 жылдың соңында басталды [42, 324-330] .
АҚШ-пен сұхбаттасқан Ресейдің келіссөз жасаушылардың негіз қалайтын ұстанымы Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы болды. АҚШ-пен жаңа стратегиялық қарым-қатынастарды орната отырып Ресейдің сол кездері ядролық арсеналдары аяқталып келген. Сондықтан Ресейге құрамындағы ядролық күштердің көлемі өзара төмендету мен стратегиялық күштерді тоқтатуды іске асыру қажет болды. Сол себептен басқа негізгі келісімге енген принциптер жақтардың бірдей қауіпсіздігі болып табылады.
Осы түсінік бойынша АҚШ пен Ресей арасында СШҚ қысқырту туралы диалог жасалды. Келіссөздің үрдісі жеңіл болды деп айтуға болмайды. Келіссөздердің ең басында Америка жағы стратегиялық шабуыл қаруларын қысқартуын «оқ-дәрілерді жедел үйлестіру» (ОДЖҮ) келісімінің концепциясын қабылдау және орнату негізінде жүргізуді ұсынды. Құрамында қоймалық резервте сақталып қазіргі күні қолдануға қалған шұғыл ядролық күштерін қолдану ОДЖҮ-ге сәйкес 1700-2200 әзір болып ядролық оқ-дәрілерін қолдануға дайын. Қысқартудың осындай үйлесімін қабылдау жақтарға өздерінің ядролық қаруды үрдісінің орнын ауыстыруға нағыз заңды түрде стратегиялық қарулану есебінен тыс қорытындылау ШҚҚ-1 Келісімі бойынша рұқсат берілген стратегиялық шабуыл қаруларын сатысы шамамен 6000 ядролық стратегиялық оқтарын сақтауға мүмкіндік беруші еді.
АҚШ жағынан бұндай үйлесім ұсынғаны Ресейге көп сұрақтар туғыздырды. Ресей ұстанымы жақтардың бірдей қауіпсіздік қамтамасыз етуде шынайы стратегиялық шабуыл қарулануын қысқартуды жүргізу мүмкіндігінде негізделді. Ол әрине ядролық саясат пен байланысты қысқарту есебімен стратегиялық шабуыл қарулануын қысқарту қорғаныс жүйесіне шектеу жасай алу керек. Ресей жағынан негізгі ұсыныстары келесідей болды:
- Келер 10 жыл ішінде ШҚҚ-1 Келісімі арқылы деңгейі 6000 бірліктен 1700-2200 бірлікке дейін стратегиялық оқ-дәрілері барларды шынайы радикалды түрде қысқартулар жасау;
- Қысқаратын стратегиялық қарулануды ең рационалды экономикалық көз-қарастық әдіс арқылы жоюды қамтамасыз ету;
- 1991 жылдан бері сақталып келе жатқан және ШҚҚ-1 Келісімімен анықталған бақылау жүйесінің сенімдестік пен ашық болу шараларын кеңейту;
- 1972 жылы АҚШ ракетаға қарсы қорғаныс Келісімінен шыққаннан кейін стратегиялық шабуыл қарулануын қысқарту мен қорғаныс қарулануын шектеу өзара байланысты үрдісті сақтауға қамтамасыз ету.
Содан әр тарап жаңа келісімде негзіделген өздерінің ұлттық мүдделері мен экономикалық мүмкіндіктеріне сүйеніп өз еркімен олардың ядролық қару структураларын анықтала алар еді [22, 48-49] .
Маңызы жағынан жаңа Ресей-Американдық стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту Келісімін егжей-тегжейлі жетілдіру үшін осы құжаттың ең маңаызды дайындау және қол қою моменттерінің үрдісі туралы қысқаша суреттеуге болады. Тараптардың ұстанымдарында айырмашылық бар болғанынан келіссөздер жүргізуге үлкен әсер етеді. Бірақ олардың екеуі ортақ мәселені шешу түсүніктері жағдайды жақсартады. Ресей мен АҚШ ядролық қпруды қысқарту түсініктерін жалғастыруға және өзара түсінушілік деңгейіне жеткендігін сақтап қалуға талпынды. Басқа сұрақ тудыратын мәселелерді кейінгі уақытқа қалдырып өзара сенімдестік жақтардың келісімге келген келісім варианттарын дайындауға және олардың мәселені шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Ресей-Американ келіссөздердің үрдісінде фактілі түрде келіссөздің жаңа модель үрдісі жетілдірілді. Жаңа келіссөздердің қызметтесу принципі Ресейге басқа да елдермен (біріншіден ядролық елдермен) қарым-қатынас орнатуда қалыптастыруға негіз әрі мысал бола алады. Осындай модель саяси жетекшілік арқылы орнатылған нақты мерзімдегі натқы міндетті шешуге бағытталған.
Келіссөздер барысында жақтардың ұстанымдары шарасыздан өзгерістерді бастан кешті. Осының бастапқысына Ресей мен АҚШ келешек келісімнің форматы, мазмұны және түсінігі бойынша әртүрлілікті көрсетті. Негізгі проблемалар олардың қарым-қатынастарынша келіссөздер барысында шешу керек болды, олар мынадай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz