Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, даму теңденциясы мен қызмет тиімділігі және жетілдіру жөнінде ұсыныстар



КІРІСПЕ

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫН ДАР ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру
1.2 Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы
2.2 « ЕРКА» ЖШС қызметінің тиімділігін талдау.

3. ОТАНДЫҚ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелердің пайда болумен сипатталады. Әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорын төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан, шағын кәсіпорын дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:
-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-импортқа тәуелділігі;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
-аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Бұл аталғандар біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпорындарды дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпорын қызметі еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетке кәсіпорын жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпорындарды дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз емес болады.
Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр. Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің тарапынан жасалынып жатқан кәсіпорындарды қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады. Сондықтан кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жайт, мемлекетімізде шағын кәсіпорын жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпорын дамыту үшін деп түсінбей, сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенің естен шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп, өркендеуі кәсіпорын қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Нарықтық экономикаға өтудің салдарынан пайда болған меншікке деген құқықтық заңдық күшке ие болғаннан соң Қазақстанда, сонымен қатар ТМД елдерінде де кәсіпорын қызметінің қайта жандануына жол ашылды.
1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР-сы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. 2007 жыл 1-наурыз.
2. Сәбден О. Бәсекелестік экономика, Алматы - 2007 ж;
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алматы-2001 ж;
4. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдардағы шағын кәсіпорындарының қызметі. Статистикалық жинақ;
5. ҚР-ның Азаматтық кодексі, Алматы-1999 ж.
6. Окаев К.О. Предпринимательство в РК, Алматы-1999 ж;
7. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару, Алматы-2001 ж;
8. Бердалиев К.Б., Тұрсынбаев А.А. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, Алматы-2002 ж;
9. Под ред. Жатканбаева Е.Б. Малое препринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001 ж;
10. Битемиров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері, Алматы-1998 ж;
11. Егемен Казақстан газеті // табыс та, міндет те көп. 27.12.2002 ж;
12. Афанасьев В. “Анатомия” малого бизнеса //Росийский экономический журнал. 1994. №2.–с.55-64.
13. Абалкин Л. Старна располагает условиями для вывода экономики на путь устойчивого равновесия // Экономист-1996 №1–с.3-9.
14. Афанасьев В. Малый бизнес: проблемы становления // Росийский экономический журнал. 1993. №2.–с.59-62.
15. Баранников А. Помочь малому бизнесу // Экономика и жизнь. 1996. №6. с.33.
16. Қазақстанның қысқаша жылнамалылығы - 2006ж;
17. Дауранов И. Проблемы развития малого бизнеса в Казахстане, Аль-Пари, №3-4, 72-75бет.
18. www.ct\kz;
19. www. khabar.kz;
20. www. rambler.ru;
21. www.yandex. ru;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1.Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорын дар қызметін ұйымдастырудың
теориялық мәселелері
1. Шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру
1.2 Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі

2.Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы және
қызмет тиімділігін талдау
2.1 Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы
2.2 ЕРКА ЖШС қызметінің тиімділігін талдау.

3. Отандық шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен
қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелердің пайда болумен сипатталады.
Әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың
басымды бағыты болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорын төңірегіндегі көптеген мәселелердің
экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі
маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: еліміздің
экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік деп
аталынған. Сондықтан, шағын кәсіпорын дамытуды басқару еліміздің жүзеге
асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының
мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:
-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-импортқа тәуелділігі;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
-аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Бұл аталғандар біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және
орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын
кәсіпорындарды дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне
ықпал етуі және өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде
қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпорын қызметі еліміздің шаруашылық
қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты
мемлекетке кәсіпорын жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын
кәсіпорындарды дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар
үлесі де аз емес болады.
Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның
негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және
олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік реттеу әдістерін
жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр.
Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің тарапынан жасалынып
жатқан кәсіпорындарды қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-
ақ осы шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады.
Сондықтан кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш
күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жайт,
мемлекетімізде шағын кәсіпорын жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпорын дамыту
үшін деп түсінбей, сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар
үлесінің де қомақты екенің естен шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп,
өркендеуі кәсіпорын қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Нарықтық экономикаға өтудің салдарынан пайда болған меншікке деген
құқықтық заңдық күшке ие болғаннан соң Қазақстанда, сонымен қатар ТМД
елдерінде де кәсіпорын қызметінің қайта жандануына жол ашылды.
Соңғы жылдары Қазақстанда ірі монополистік кәсіпорындардың орнын кім
басады? деген сауал орын алғаны белгілі. Дегенмен, ол кәсіпорындардың
орнына мемлекеттік жаңа құрылымдар құруы керек делінеді. Ал шын мәнісінде
ол оңай нәрсе емес. Біздің еліміздегі мемлекеттік кәсіпорындар өкінішке
орай дамып келе жатқан бәсекелестік ортада жұмыс істей алмайды. Сондықтан
да шағын кәсіпорындардың дамуына еркіндік беру қажет. Олар Қазақстанда
бағаның тұрақтылығын, бәсекелестік ортасын қамтамасыз етер еді.
Еліміздің экономикасында орын алып отырған өзгерістер кезінде шағын
кәсіпкерлікті енгізу мәселесі актуалды мәселелердің қатарына жатқызылып
жүргені баршаға мәлім. Кеңестік дәуірде дүркіреп, жоспарды екі есе, үш
есе орындайтын ірі кәсіпорындардың барлығы дерлік өз жұмыстарын тоқтатты.
Оның басты себебі олардың барлығы дерлік жаңа заман талабына сай өнім
шығара алмағандығы. Яғни, өнімдердің бәсекелестік қабілеті өте төмен
дәрежеде болғандығы.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлік дамыған
нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.
Себебі өркениетті елдердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Сондықтан, шағын кәсіпорындарды мемлекеттегі нарықтық экономикалық
қатынастарды құруда алатын маңызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты –
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролін
анықтау, даму теңденциясы мен қызмет тиімділігін талдау және жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталынады:
-шағын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру және бағалау ерекшеліктері,
экономиакадағы ролін анықтау;
-шағын кәсіпорындардың даму тенденциясын көрсету;
-Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың даму тенденциялары мен жағдайы
зерттелінеді;
Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік негізін Қазақстан
Республикасының заңдылықтары, жарлықтары мен бұрықтары, ҚР-сы үкіметінің
қаулылары, экономикалық монографиялар, оқулықтар, ҚР-ң статистикалық
мәліметтері, мерзімді басымдылықтар құрайды. Курстық жұмыс кіріспеден,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорын дар қызметін ұйымдастырудың
теориялық мәселелері
1.1 Шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру

Кәсіпорын іс ретінде қарастырылады, оны істердің дипломатиялық қарым-
қатынастары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар ретінде қарастыру керек.
Сондықтан осы процеске қатынасатын адамдарды бизнесмен деп атайды.
Кәсіпорын сондай-ақ пайда әкелетін әрекетретінде қарастырылады. Оның
басқа тірліктерден айырмашылығы – ол әртүрлі салаларда орындалады.
Кәсіпорынның жеке түрінің бірі кәсіпкерлік болып саналады. Бұл
кәсіпкерліктің экономикалық негізі өндіріс құралдарына жеке меншік және
басқа түрлі меншіктің болуымен сипатталады.
Жалпы кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырлардан басталады. Тіпті
сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер, бастаушы
кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырда кәсіпкер деген термин одан
да бұрынғы антрепренерің , яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада
қолданылады:
1)түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы;
2)өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы;
Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш 18 ғасырдың басында ағылшын
экономисі Ричард Контильон (1680-1734ж.ж) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық
жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге
асыратын адамды айтқан.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-
бабында: “Кәсіпкерлік деп-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда
табуға бағытталған ынталы қызметі” және ол кәсіпкердің өз атынан, оның
тәуекелдерімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның
негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
1)жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
2)жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
3)құралдарды іске асыру еркіндігі;
4)жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу;
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент
функцияларымен байланысты екендігін көруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік
дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және оны тиімді түрде іске
асыру болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты-оның субъектісі
мен объектісі. Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы
түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер жатады, сосын кәсіпкерлік
қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни шаруашылық
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер.
Ал кәсіпкерліктің объектісіне адамның белгілі-бір қызметі, нақты
жағдайда жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әр-түрлі
факторларын қосу жатады..
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі – нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың
шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан
тұрады .
Ал жалпы жаңа шағын кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен
тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін
және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау
процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу
мәселелері шешіледі;
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық
құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын,
басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде негізгілерінің бірі шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы-
экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі
болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бәр сипаты- ол шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге баруы. Тәуекел-жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық
тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің
арақатнасы жатады.
Кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде
жаңашылдық, шығармашылық ізденіс, жауапкершілік, іскерлікте этикет
әрекеттері, жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметі байланысты
жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша: -шағын, орта, ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай: -жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша: -жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
төртіншіден салалық бағыты бойынша: -өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден атқаратын қызметтеріне байланысты: -өндірістік, коммерциялық,

қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
-дара кәсіпкерлік, өндірістік кооперативтер;
-толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
-жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
-қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер;
Монополизммен күресудің бірден-бір тиімді жолы ірі, орта және шағын
кәсіпорындардың оптималды үйлесімге жетуі болып табылады. Жалпы алғанда,
ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындардың бірқатар артықшылықтары
болады:
1) шағын кәсіпорынның икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар
талғамына тез бейімделу мүмкіндігі;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін, бастапқы капиталдың және
жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;
3) өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға
икемділігі;
4) өндірістік үрдістің қысқа мерзімде орындалуы, айналым капиталының,
айналым деңгейінің жоғарылығы және қоршаған ортаға тигізілетін зиянды
әсерінің аздығы;
5) кәсіпорынды басқару қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық құрылымның
болмауы;
6) жұмыскерлердің және кәсіпорын басшыларының жоғары нәтижеге жетуге деген
ортақ мүдделерінің болуы, мотивацияның жоғарылығы;
7) ірі кәсіпорындармен әріптестік қатынаста болуы. Үнемі жаңару мен
табиғи сұрыпталу жағдайында шағын фирмалардың біреуі пайда болып, біреуі
жойылып отырады. Қазіргі уақытта дәстүрлі, сондай-ақ озық салаларда жұмыс
істеуші озық компаниялардың көлемі жағынан тұрақты өсу тенденциясы
байқалады. Олардың бір бөлігі ірі корпорациялардан бөлініп шықса, басқалары
қалыптасқан иерархияның құрылымына енуге ұмтылатын, шаруашылық етудің жаңа
субьектісі ретінде құрылады, бірақ олардың бәріне бірдей ең маңызды мәселе
қаржымен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Нарықтық жүйеде оның өзін-өзі икемдеу механизмі мынаған
негізделген, шағын кәсіпорындардың барлығы өзара тұтынушының қажеттілігін
жылдам және тиімді қанағаттандыру үшін күреседі. Сондықтан да, дамыған
тауарлық-қаржылық қатынастарға негізделген нарықтық жүйе шағын кәсіпорындар
жүйесін өсіру мен дамытуды талап етеді. Халық шаруашылығының барлық
салаларында шағын кәсіпорындар қарқынды және тез дами бастаған кеңес
экономикасының ЖЭС кезеңі осыған мысал бола алады. Олар қайта қалпына келу
үшін күрделі қаржының жұмсалуын, шикізат, отын, құрал талап етпеген, ал
олардың көлемінің кішілігі жеке тұлғалар мен кооперативтер тарапынан
пайдалануды жеңілдетті. Екінші жағынан шағын кәсіпорындар икемді
болып келеді, сұранысқа тез жауап бере алады, нарық сұранысы мен
қажеттілігін тез қанағаттандыра алады. Осылайша жеке меншік капитал
өнеркәсіпке ене отырып, нарықпен тығыз байланысы бар экономика салаларына
жұмсалады.
Сонымен қатар шағын кәсіпорындар, жэс (нэп) кезеніңде маңызды өткізу
нарығы, әрі шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар жеткізіп беруші
ретінде ірі өнеркәсіптің дамуының материалдық негізін де құрады.
Шағын кәсіпорынның дамуы үшін, оны қолдау стратегиясындағы озық
бағыттарды анықтау, балансталған инвестициялық саясат құру, шағын
кәсіпорындар үшін кадрлар жүйесін құру керектігін білдіреді. Бұл мәселелер
шағын кәсіпорынның дамуы мен қалыптасуы жөнінде критерийлер қалыптастырып,
талдау жасауға мүмкіндік береді. Отандық тәжірибеде ел басы Нұрсылтан
Әбішұлы Назарбаевтің 1997 жыл 6-наурыздағы “Шағын кәсіпкерлікті дамытуды,
мемлекеттік қолдауды және ынталандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы”
Жарлығы қабылданғанша, мынадай жұмысшылар санымен шектелгн шағын
кәсіпорындар әрекет етті: өндірісте-200 адамға дейін, ғылым мен ғылыми
қызмет көрсетуде-100 адамға дейін, өндірістен басқа салаларда –50-ге дейін,
өндірістік емес салалар сферасында–25-ке дейін, бөлшек саудада - 15-ке
дейін.
Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субьектілерді шағын және орта
кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критерийлері ретінде: персоналдар саны,
жарғылық капиталдың мөлшері активтерінің шамасы, айналым көлемі және т.б.
айтуға болады. Алайда, айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге
кәсіпорындардағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық
айналымы және активтерінің мөлшерін жатқызуға болады.Ал дамыған елдердің
көпшілігінде негізгі критерийі- жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы:
құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының анықтауы кәсіпорындағы персоналдар саны 19-адамға дейін (өте
шағын), 100-адамға дейін (шағын), 100-500 адамға дейін орта және
персоналдар саны 500-ден жоғары болса ірі кәсіпорындар ретінде белгіленген.
Біздің елімізде басты критерий жұмыскерлер саны және активтерінің мөлшері
болып табылады.Сонымен қатар кәсіпорынның кемшіліктеріне мыналарды
жатқызамыз:
1) тәуекел деңгейінің жоғарылығы;
2) ресурстық, қаржылық, техникалық, материалдық базаның жеткіліксіздігі; 3)
өткізу нарығының тарылығы және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру
мүмкіндіктерінің төмендігі;
4) қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы немесе
бір адамның бірнеше қызметтерді қатар атқару мүмкіндігі;
5) қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндіктерінң төмендігі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту жөніндегі мемлекеттік
саясаттың негізгі мақсаттары олардың қызметі үшін қолайлы жағдай жасау,
олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жұмыс істейтін бизнестің
жалпы санын ұлғайту, олар өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі үлесін ұлғайту, халықтың
өзін өзі еңбекпен қамтуын дамыту болып табылады.
Инновациялық өсім мен экономиканың әртараптануын қамтамасыз етудің,
халықтың кедейшілігі проблемасын жеңудің маңызды бағыттарының бірі шағын
бизнесті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру; шағын
кәсіпкерлікті қаржы-кредиттік және инвестициялық қолдау жүйесін дамыту;
шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту; шағын кәсіпкерлікті оқыту,
ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау; кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жүйелеу және жетілдіру
қажет.
Шағын кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын құра отырып, бір жағынан
қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың тұрақтануына және халықтың әл-ауқатының
өсуіне ықпал етеді, екінші жағынан жұмыссыздар үшін төлемдерге бюджеттік
шығыстарды қысқартуға және үнемделген қаражатты экономиканың дамуына
инвестицияларға жіберуге мүмкіндік береді.
Индустриялық инфрақұрылым шеңберінде шағын кәсіпорындарды дамыту
үшін жаңа кәсіпкерлердің қалыптасуына жәрдемдесу мақсатында бизнес-
инкубаторлардың желісін кеңейтуді жалғастыру қажет.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру кезінде бизнес-
инкубаторлар құру көзделеді. Бұл бизнес-инкубаторлар ұйымдастыруға үй-
жайлар тапшылығы проблемасын шешуге, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың
өнеркәсіптік өндіріспен бірігуге, бағдарлауға мүмкіндік береді.
Бизнес-инкубаторлар мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары индустриялық-
инновациялық дамудың өңірлік бағдарламалары мен ұлттық даму институттары
шеңберінде қажетті қолдау алады.
Кредиттік-қаржылық қолдауды Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ
микрокредиттеуді дамытуды қоса алғанда, қаржыландыру құралдарын тұрақты
түрде жетілдіру кезінде жүзеге асырады.
Қабылданатын шаралар ел экономикасындағы шағын кәсіпорындардың
үлесінің орнықты өсуін болжауға мүмкіндік береді. 2015 жылға қарай шағын
кәсіпорын өз дамуының жаңа сапалы деңгейіне шығады, және өзінің
экономикадағы мәні бойынша Шығыс Еуропа көшбасшы елдерінің деңгейіне
жетеді. Шағын кәсіпкорындар дамуындағы өңірлік әртараптандырудың бөлінісі
елеулі түрде қысқарады. Шағын кәсіпорындардың ІЖӨ-дегі үлесі 50 %-ға дейін
өседі. Салық түсімдеріндегі үлес кемінде 30 %-ды құрайтын болады. Шағын
кәсіпорындардың құрылымдық қайта бөлінуі жүреді, оның өнеркәсіптік
өндірістегі үлесі 20 %-ды құрайды. Шағын кәсіпорындарындағы жұмыспен
қамтылу 2,0 млн. адамға дерлік өседі. Индустриялық-инновациялық дамудың
маңызды құрауышы тиімді сауда саясатын жүргізу болып табылады.
Шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, іскер адамдарға
қолдау көрсету одан әрі де біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып
табылады. Бұл әсіресе тұрғындарға барынша жан-жақты және сапалы қызмет
көрсетілуі қажет ауылдар үшін ерекше маңызды. Бұл істе барлық деңгейдегі
әкімдердің жұмысы үлкен рөл атқарады. Шеберхана, ағаш шеберінің цехы,
наубайхана, шаштараз, дүкендер мен дәмхана әр елді мекенде болуы тиіс. Біз
іскер адамдарды табуымыз, оларды қолдауымыз және көмектесуіміз керек.
Қазіргі кезде аграрлық кәсіпорындарда ұдайы өндірісті кеңейтуге,
өндірістік процестерді интенсификациялауға тауар өндірушілердің шаруашылық
және қаржылық тиімділігін дамытуға жағдайлар жасау қажет. Бұл үшін
кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру керек.
Ал бұл дегеніміз: -ұзақ мерзімдік бағдарлама құру;
-перспективалық өндірістік бағдарламаны жасау;
-қажетті ресурстарды жасау, табу;
-өнімділігі жоғары еңбекті ынталандыру;
-ішкі және сыртқы қарым-қатынасты жақсы ұйымдастыру
Бүгінгі таңда бизнестің дамуы іскер адамдардан жаңа мамандарды
үйренуді, адамдар арасындағы қатынастың жаңа түрлерін үйренуді, ал ең
маңыздысы жаңа білімдерді талап етеді.
Бұл мәселелерді жүзеге асыруда ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеп
жатқан кәсіпорындардың өндіріс процестерін ұйымдастыру заңдылықтары мен
принциптеріне маңызды рөл беріледі. Бұл принциптер мен заңдылықтар
негізінде кәсіпорын дамуының стратегиялары, жоспарлар мен басқару шешімдері
қабылданып, оларды жүзеге асыру бақыланады. Сонымен қатар өндіріс
тиімділігін арттыру қорлары табылып, кәсіпорын қызметінің нәтижесі
бағаланады.

1.2 Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі

Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Экономикалық
өсудің жоғары қарқыны көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеделдете
түсті. Дамудың жаңа тұжырымдамасында сапалық көрсеткіштердің мәні артып,
әлемдік деңгейге бағдарланған тұрмыстың әлдеқайда жоғары стандарттары
басымдылыққа ие болған.
Барынша биік мақсаттарға қол жеткізу қалыпты бола бастады. Әлемдік
тәжірибе ресурстық, ғылым мен білімнің, индустриялық әлеуетті жұмылдыру
шаруашылық жүргізу ортасының жаңаруын жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілік
деңгейінің артуын, Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүргізу үдерістеріне
толыққанды қатысуын қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді.
Еліміз Президенті “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты биылғы
Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып
келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны
бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық
“орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге
қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика –
инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын
кәсіпорынды дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие
болады. Шағын кәсіпорынның дамуы бәсекелестік ортаның күшеюіне, тұтыну
нарығын қажетті тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен толықтыруға жаңа
жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, ҒТП-ны жеделдетуге,
жаңашылдықты енгізу және басқа да маңызды мәселелердің оң шешімін табуына
септігін тигізеді. Шағын кәсіпорын халықтың айтарлықтай бөлігін жұмыспен
қамтып, тауарлар мен қызметтердің кең ұсынысын қалыптастырып, бюджетке
салықтық түсімдердің бірталай үлесін қамтамасыз етіп отыр. Облыстағы шағын
кәсіпорындарды дамыту көрсеткіштері экономиканың осы секторын дамытудағы
оң қарқындар туралы айғақтайтын түсімдік динамикасы бар. Өнеркәсібі дамыған
өңір ретінде облыстың экономикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып түсті
металлургия, машина жасау, электроэнергетика, орман және ағаш өңдеу
өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, құрылыс
материалдары өндірісін одан әрі дамыту көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде
шағын кәсіпорындарды дамытудың бағыттары болып табылады, оның негізгі
басымдықтарын айқындайды. Шағын кәсіпорындар үшін перспективалы қызмет
салаларының бірі – пайдалы қазбаларды өндіруді және қайта өңдеуді
ұйымдастыру.Қазірдің өзінде Тарбағатай ауданында бентонит саз топырақтары
кеніші әзірленуде, соның негізінде бірқатар дайын өнім түрлері шығарылады.
Бентонит саз топырақтарын пайдаланудың перспективалы бағыттары - медицина
препараттарын, парфюмерия өнімдерін, сорбенттер шығару. Мысалы, Сорбент
ЖШС Тагансорбент дәрілік құралын шығаруды жолға қойды. Кәсіпорынның
қызметін кеңейту жүзеге асырылып отыр. Нарықтық экономикаға өту
монополизмді жеңуге және бәсекелестіктің дамуына бағыттала отырып, қоғамдық
өндіріс құрылымының түбірлі қайта құрылуын талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл міндетті шағын
кәсіпорындардың дамуынсыз мүмкін емес. Шағын экономиканың кәсіпорыны
нарықтық жүйенің объективті элементі болып табылады және үстемдік етуші
қоғамдық – саяси құрылыстан тәуелсіз, экономикада маңызды роль атқарады.
Соңғы уақытта мерзімді баспасөз беттерінде және ғылыми басылымдарда
республика экономикасындағы шағын кәсіпорын формасының даму болашағымен
байланысты мәселелер кеңінен талқылануда. Көптеген авторлар шағын
кәсіпорынды экономиканың нарықтық қатынастарға кіруінің неғұрлым тиімді
және икемді формасы ретінде қарастырады. Тек қана шағын кәсіпкерлік нарық
конъюктурасының өзгеруіне тез жауап қайтара отырып, нарықтық экономикаға
қажетті икемділікті береді. Мұндай белгілер тұтынушылар сұранымдарының
жылдам даралануы және саралануы, ғылыми – техникалық прогрестің жылдамдауы,
өндірілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасының өсуінің әсерінен
ерекше маңызға ие болады. Мұндай жағдайларда шағын кәсіпорындар ірілеріне
қарағанда жылдам икемделгіш болып келеді, олар өте жаңа технологияларды
тиімді пайдаланады, өнімдердің жаңа түрлерін жылдам игереді, сапалы заттар
жасап шығарады.
Шағын экономика кәсіпорыны біздің еліміздің жағдайында халық
шаруашылығы тиімділігінің елеулі артуын қамтамасыз ете алады, әсіресе
күрделі және ағымдағы шығындарды жақсы пайдалану есебінен. Оларға мынандай
факторлар тән: құрылысқа жұмсалатын шығындарды қысқарту негізінде күрделі
жұмсалымдардың жылдам айналуы, өндірістік күштерді игеру және енгізу,
негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің басымдылығы, инфрақұрылымды
объектілер құрылысына шығындардың аз жұмсалуы.
Ағымдағы шығындарды пайдалануды жақсарту жоғары еңбек
өнімділігіне және қолданылып отырған құрал – жабдықтарын жоғары
өнімділігіне әсерін тигізеді, басқарушы аппараттың шығындарын қысқартады.
Жоғары монополияландырылған бұрынғы одақтас республикалардың
экономикасында бірінші дәрежеге ие болатын бәсекелестік ортаны
қалыптастыруда шағын кәсіпорын елеулі үлес қосады. В.Афанасьевтің пікірі
бойынша “шағын кәсіпорын ” өзінің табиғатынан монополияға қарсы, бұл оның
әрекет етуінің әртүрлі аспектілерінен көрінеді, ол өзінің элементерінің
көптігінен және олардың жоғары динамикалылығынан монополияға өте аз
дәрежеде ырық береді. Екінші жағынан, тар шеңберде мамандану мен жаңа
техниканы қолдануда шағын кәсіпкерлік бәсекеге ірі корпорациялардың
монополиялық позициясын бұзатын байсалды сапада түседі. Нақ осы аталған
сапа өнеркәсібі дамыған елдерде монополияның әлсіреуіне және тоқтап қалған
техникалық прогрестің жылжуында елеулі роль атқарады. Батыс экономистерінің
есебі бойынша “...белсенді бәсекелестік бөлу үшін, біртекті өнім
шығарушылардың саны 8-15, ал кем дегенде 4-5” болу керек..
Ресей экономистері Блинов А. мен Никитов А. Шағын кәсіпорындардың
“...көпшілік ірі кәсіпорындар көріп отырған инвестициялық жетіспеушіліктің
әлсіретуде аз роль атқармайтындығын бөліп көрсетеді.” Шындығында мемлекет
те, жеке тұлға да ірі кәсіпорынға капитал салуға асықпайды, “бір жағдайда,
тәртіп бойынша олар жиі ғана жоқ (мемлекет), ал екіншісінде олар бүгінгі
күнде пайдалы емес немесе, барлық жағдайда проблемалы.” Ол өте үлкен
көлемде капитал салуды талап етпейді, керісінше оның айналымының жоғары
жылдамдығын қамтамасыз етеді және аз емес пайда табуға нақтылы мүмкіндіктер
береді. Мұның бәрі өзінің шағын ғана қорларын инфляциядан сақтау жолын
іздеуші салымшыларды (ұсақтарын да қосқанда) өзіне тартатын еді.
Шағын кәсіпорынның ғылылыми – техникалық прогрестің маңызды
бағыттарын жүзеге асыруда елеулі байқалады. Мысалы, АҚШ-та әрбір оң жаңа
технология идеясының тоғызы шағын кәсіпорында пайда болады.
Шағын кәсіпорындардың осы айтылған және басқа да айтылмаған
қасиеттерге байланысты дамуы республика экономикасын реформалаудың елеулі
факторы және құрамды бөлігі екенін көрсетеді.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы көптеген шағын
фирмаларды құрумен бірге жүреді. Бұл процестің шындығы көпшілікке таңымал,
сондықтан шағын кәсіпорындар кең ауқымды назар аударатын объектіге айналды.
Қазақстандық экономистер А.К.Қошановтың, А.А.Алимбаевтің,
Р.Каренованың, К.С.Сүлейменовтың, П.С.Шимнің жұмыстары ішінен олармен шағын
кәсіпорындар сипаттамасында бөліп көрсетілген мынадай белгілерге назар
аудару қажет: біріншіден, нақты кәсіпорын негізделетін меншік нысанының
көптүрлілігі; екіншіден, өндірістің шағын көлемділігі, демек бұл әртүрлі
қызмет түрлерін жариялауға кедергі келтірмейді; үшіншіден, шағын кәсіпорын
ірі құрылымнан басқару стилі бойынша ерекшеленеді, мұнда шешуші рөлді басшы
атқарады; төртіншіден, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру сипаттамасы
толығымен мемлекеттік салымдарды қоспайды (қаржыландырудың жалғыз көзі жеке
өз қорлары мен банктердің шағын кредиттері). Бұған ірі кәсіпорындарды
мемлекет иелігінен алу процесінде, жекелеген реттерде мемлекетпен
қаржыландырылатын жаңа құрылушыға шағын кәсіпорындар кірмейді.
Тағы бір ескертетін нәрсе, мұнда мәселе шағын кәсіпорыннан алынған,
керемет бір сиқырлық қасиеті жөнінде болып отырған жоқ.Олар орта және ірі
кәсіпкерлікпен бірге органикалы біртұтас өмір сүре береді. Бірақ Батыс
мамандарының пікірі бойынша бұрынғы социалистік елдерде экономикалық өсу
нарықтық экономиканың дамуында негізгі элемен болу мүмкіндігі берілген
шағын бизнес көмегімен болады.
Дегенмен әлі күнге дейін “шағын кәсіпорын ” түсінігі мәселесінде
айқындылық жоқ. Шет елдік және отандық әдебиеттерде шағын кәсіпорынға
берілген бірнеше анықтамаларды қарастырайық. Мысалы, Ботонның жұмысында
(шағын кәсіпорын мәселесіне арналған классикалық жұмыс) шағын кәсіпорын
ролі қоғамның экономикалық жүйесімен тығыз байланысты. Ол былай деп жазады:
“...шағын кәсіпорынның ерекше ролін тану экономикалық жүйені тұтасымен
қарастыруды талап ететіндігі айқын болу керек. Бүгіндегі үлкен фирмалардың
барлығы дерлік шағыннан және осы күнгі көлеміне дейін осындай және басқа да
әдістермен өсті.”
Ал кейбір экономистер, “шағын кәсіпорынның дамуын рыноктардың
жетіспеушілігінен және бәсекенің кемшілігінен” деп есептейді.
Эдит Пенроуз шағын кәсіпорындардың өмір сүруі нарықтық
түйіспеушіліктерді қолданумен байланысты деп есептейді: “шағын фирмалардың
өндірістік мүмкіндіктері үлкен фирмалардың қолдана алмай бос қалдырған
техникаларынан тұрады, шағындар осылардың көмегімен үлкен табысқа жету
мүмкіндіктеріне ие.”
Қазіргі шетел экономистері бұл мәселеге былайша қарайды. Мысалы,
Л.Филлионның анықтамасы бойынша, “шағын кәсіпорындар -бұл бір адамға немесе
шағын адамдар тобына жататын және олармен басқарылатын ұйым. Ол
жетіспеушіліктерді (нарықтағы) сезінеді және өзінің өмір сүруі үшін, үлкен
бизнес жасайтын ортагың өзгеруіне бейімделуге мәжбүр.”
Л.Филлионның анықтамасын жалғастыра отырып, Ресей экономисі
В.Любимова былайша толықтырады “бұл кәсіпорындардың ерекше белгілері болып,
уақытша және тұрақты жолдамалы жұмысшылар санының аздығы ... және олардың
қызметінің негізгі салынған капиталдан түскен пайда, өз еңбегі, кәсіпкерлік
молшығы болып табылады.”
Ресей экономисі Ф.Шамхаловтың анықтамасы сәл өзгеше болып келеді, ол
“...шаруашылық қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорын
қызметінің аз ғана үлеске ие.”
“Әр түрлі салалардың шағын кәсіпорындарын біріктіретін мұндай сала
біздің шаруашылық тәжірибемізде шағын бизнес деген жалпы атқа ие болды,”-
деп есептейді.
Бұлардан Қазақстандық экономистерде шет қалған жоқ, олар “...
республикамызда көп мөлшерлі шағын кәсіпорындар құрмай толыққанды нарық
қалыптаспайды, өйткені нақ осы кәсіпорындар ғана ішкі рынокты тұтыну
тауарларымен тез толтыра алады” деп атап көрсетті.
П.С.Шимнің анықтамасы бойынша, шағын кәсіпорындар “... көбіне
мемлекеттік емес кәсіпорындардың, соның ішінде жекелердің қызмет формасы
болуы қажет, олар өндірісі дамыған елдерде өзінің тиімділігін өндіріс пен
өндірген құралдардың бір субъектіде және бір меншік иесінде болуының
арқасында жоғары екендігін дәлелдейді.” Авторлардың позицияларындағы
айырмашылықтарды түсіндіру қиын емес. Өйткені мәселе 90-жылдарға дейін
біздің экономикалық өмірімізде болмаған құбылыс жайында болып отыр.
Жоғарғыдан, “шағын бизнес” ұғымының кәсіпкерлік ұғымымен тығыз
байланыстылығы шығады.
Кәсіпкерлікті қуат-күші мол және ынталы адамның интеллектуалды
қызметі деп атауға болады. Ол қандай да бір материалдық игіліктерді толық
немесе оның жекелеген бөліктерін иелене отырып, басқару арқылы, оларды
бизнесті ұйымдастыруға пайдаланады. Кәсіпкерлік “динамизм”, “ынталылық”,
“батылдылық” секілді түсініктермен ассоциацияланады, көптеген қызықты
идеялар шағын кәсіпорындарды өмірге әкеледі. Өзіне пайда әкелуді көздеу
арқылы, қоғам игілігін арттыруға септігін тигізеді. Бизнестің тарихи
кәсіпкерлердің негізгі ниеті материалдың болғаның біледі. Олар сонда да
әрқашан моральдық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы қанағаттанбау оларды
ойландыруға, әрекет етуге мәжбүр етті, бизнесті ұйымдастырудың жаңа жолдары
мен шешімдерін іздеуге итермеледі. Нақ осы байланыс пен біртұтастық
“кәсіпкер” және “шағын бизнес” ұғымдары өзара байланысты деп айтуға құқық
береді.
Шағын өндірістік қалыптасу процестерінің әсерін тигізуші
факторлардың әртүрлілігі, біріншіден, шағын қатарына жатқызушы белгілерді,
екіншіден құқықтық мәртебесінен шаруашылық механизмдері принциптерін
анықтап алуды талап етеді. Экономикалық статистикада кәсіпорынның көлемін
үш негізгі белгілер бойынша бағалау қабылданған: өндірістегі адамдар
санымен, жалпы өнім көлемімен және өндірістік қорлардың көлемімен. Шағын
бизнес кәсіпорынның қызметін осы аталған белгілермен бағалауға бола ма? Бұл
сұраққа жауап беру өте күрделі. Мысалы, экономист Э.П.Горбунов кәсіпорын
көлемін анықтаудың көрсетілген үш белгісінің ішінде “... өндірісте жұмыс
істеушілердің көрсеткіші артықшылық беру керек, өйткені жұмыс істеушілер
саны өнім көлемі мен негізгі қордың мөлшерін анықтайды,” деп есептейді.
Осымен қатар ол, шағын кәсіпорындар “... аз құрал-жабдықтарды иеленеді,
ауысымдылықтың аз мөлшерлі коэфицентіне ие, бүгінгі күні бұл орта және ірі
кәсіпорындарға қарағанда 1,5-2 есе төмен” деп өз анықтамасын негіздейді,
автор қалған екі көрсеткішті (тауар өнімінің көлемі мен қолданылатын
өндірістік қордың мөлшері). “... жетекші көрсеткіш-өндірісте жұмыс
істеушілер санына қатысты реттеліп отырады” деп анықтайды.
Келесі экономист Е.А.Тарасов бұл пікірмен келіспейді. Оның пікірі
бойынша “...тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары техникамен
жабдықтандырылғанда жұмыс істеушілердің аз ғана санымен үлкен өндірістік
кәсіпорынға ие болуға болады, бұл әсіресе экспериментальді өндіріс саласына
қатысты.”
Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша, шағын кәсіпорындар
сипатына жатқызуға инфляцияның жоғары дәрежесі және шаруашылық қызметті
жуықтап есептеу жағдайында “... айналымның жылдық көлемі де табыс та,
пайданың көлемі де” белгілі сипат бола алмайды, сондықтан тек қана “...
дәстүрлі көрсеткіштердің ішінен біреуі ғана қалады-бұл жұмыс істеушілер
саны, ал ол салалар бойынша түрленіп отырады.” Біздің көзқарасымыз бойынша
кәсіпорынның интегралды көрсеткішінің мөлшерін анықтау мақсатында арнайы
зерттеулер жүргізу қажет, немесе басқа елдердің тәжіриблеріне назар аудару
керек. Мысалы, дамыған елдерде шағын кәсіпорындар жұмыс істеушілер санымен
ғана емес, ол капитал мөлшерімен, инвестициялар көлемінен, тауар сату,
шаруашылық айналымының көлемдерімен, пайда массасымен және т.б. да
анықталады.
2.Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы және
қызмет тиімділігін талдау

2.1 Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды
міндеттердің бірі – шағын кәсіпорынды дамыту. Шағын кәсіпорындар
экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына
жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына
қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарға
қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар
бекітілген:
-шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез
келген меншік формасы негізінде құрыла алады;
-өнеркәсіппен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;
-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 100 адамға
дейін;
-өндірістік сфераның басқа салаларында: жұмыс істейтіндер саны 25 адамға
дейін;
-бөлшек саудада: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік, ұжымдар, біріккен
кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік органдар құрады. Шағын
кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға статусына
ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуде, шығарған өнімге,
міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз иелік
етеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік
проблема, ол халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол
үшін экономиканы, тұтынушыға қызмет ету режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың
кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл инициатива,
толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен
қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін
талдау.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын
кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
-Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
-жеңілдік жағдаймен несиелеу;
-шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық
мөлшерлемесін қолдану;
-шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;
-шағын кәсіпорындар мемелекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған
кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
-шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек
көрсету.
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа
шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған.
Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық орталықтары мен
инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету
мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның "шағын кәсіпкерлікті дамытуға
мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы"
Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-
материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын
бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасауына жоғары талап қойып, бұл
мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде
қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге
асуы жеткіліксіз болып отыр.
Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.
Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының
жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгйіндегі банктердің шағын және
орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.
Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып
саналады. Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасамай, оынң қолдануына
сүйенбей ілгері басу мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық
база жасау және және оған мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен
серпін береді.
Бұл бөлімде бизнеспен шұғылданатын шағын кәсіпорындардың (заңды
тұлғалар) және жеке кәсіпкерлердің (жеке тұлғалар) қызметтері туралы
жедел деректер көрсетеміз, олар Республикада шағын бизнестің маңызды
қырларын сипаттайды.

1-кесте Өңірлер бойынша тіркелген шағын кәсіпорындар саны
жыл басына
2002 ж 2003 ж 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2006 ж
2002 ж
%-бен
Қазақстан 115354 130770 145160 141783 192255 166,7
Республикасы
Ақмола 4010 4572 4949 5056 6609 164,8
Ақтөбе 4470 4915 5387 5546 7329 163,9
Алматы 5343 5986 6532 6606 8668 162,2
Атырау 2434 3056 3689 4113 5162 212,1
Шығыс Қазақстан 8661 9555 3323 9568 12721 146,9
Жамбыл 4045 4283 4542 4439 5762 142,4
Батыс Қазақстан 2633 3013 9792 3423 4200 159,5
Қарағанды 8520 9243 5931 9367 12429 145,9
Қостанай 5333 5722 2802 6061 7595 142,4
Қызылорда 2379 2596 3905 3215 3948 165,9

1 кестенің жалғасы
Маңғыстау 2922 3398 12628 4104 5169 176,9
Павлодар 6006 6655 7087 6509 8860 147,5
Солтүстік Қазақстан 3280 3627 3763 4045 5157 157,2
Оңтүстік Қазақстан 10234 11314 10120 12382 16791 164,1
Астана қаласы 7397 8921 10681 12117 16428 222,1
Алматы қаласы 37687 43914 50029 45232 65427 173,6
Ескерту: ҚР-ң Статистика жөніндегі агенттігінің негізінде дайындалған
мәліметтер

Бірінші кестеде берілген мәліметтер негізінде қысқаша талдау жасасақ,
өңірлер бойынша тіркелген шағын кәсіпорындардың саны жыл сайын өскен. 2002
жылмен салыстырғанда 2006 жылы республикадағы шағын кәсіпорындардың
тіркелген саны 166,7 % артса, Астана қаласында 222,1 %, Атырау
қаласында 212,1 %, Маңғыстау қаласында 176,9 %, Алматы қаласында 173,6 %-
ға ұлғайып отыр. Сонымен қатар шағын кәсіпорындардың көпшілігі едәуір
өнеркәсібі дамыған және халық тығыз қоныстанған аймақтарда орналасқан,
оларға Алматы және Астана қалаларын, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды
және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады. Яғни, тіркелген
кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі 222,1 % және 173,6 %, 164,1 %, 163,9,
145,9 %, 146,9 % құрайды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздықтың азаюы мен қосымша
жұмыс орындарының ашылуына, экономикалық белсенді халықтың тез өсуіне де
ықпал етеді. Бұл экономикалық реформаларды жүзеге асыруда жоғары мәнге ие
болады. Шағын кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндерді де аймақтар және қызмет
түрлері бойынша қарастыруға болады.
Соңғы жылдардағы статистикалық деректер болмағандықтан, қол
жеткізілген мәліметтер бойынша келесідей талдау жасадық.
2007 жылдың 1 қаңтарына статистикалық тіркелім деректері бойынша
республикада 172,3 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл
2006 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 0,7% –ға жоғары. Тіркелген
кәсіпорындардың 66,7% -ы жұмыс істеп тұрған болып табылады, яғни
экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға мүмкіндігі
барлар. 2006 жылдың желтоқсанында 47,8 мың кәсіпорын белсенді жұмыс істеді.
Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары арасынан 63% –ы қызметкерлерінің
саны 6 адамнан кем субьектілерге келеді. Өңірлер бөлінісінде белсенді
кәсіпорындардың басым көпшілі Алматы қаласына (26,6 %), Оңтүстік
Қазақстан (9,6% ), Астана қаласына (8,6% ) және Шығыс Қазақстан (7,9
%) облыстарына келеді.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйекте кәсіпорын өндірісі көлемінің өсуі 2006
жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қарағанды және Солтүстік Қазақстан
облыстарынан басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге
Батыс Қазақстан (18,6%-ға), Қостанай (8,6%-ға), Ақмола мен Жамбыл
(әрқайсысында 7,5%-дан) және Павлодар (7,1%-ға) облыстары, сондай-ақ Астана
мен Алматы қалалары (тиісінше 24,3% және 9,8%-ға) қол жеткізді. Жоғары өсу
қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында
байқалды. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан областарында кәсіпорын
өнімінің өндірісі (тиісінше 0,8% және 1,4%-ға) төмендеді. Сонда 10 өңірде
өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті.

2-кесте Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген шағын
кәсіпорындар саны

жыл басына
2002 ж 2003 ж 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2006 ж
2002 ж
%-бен
БАРЛЫҒЫ 115354 130770 145160 141783 192255 166,7
Ауыл шаруашылығы, 8213 8879 9294 8900 11193 166,7
аңшылық және орман
шаруашылығы
Балық аулау, балық 292 311 318 285 365 125
өсіру
Өнеркәсіп 13791 15090 16170 14419 19190 139,1
Кен өндіру 757 839 949 884 1271 167,9
өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі 11999 13206 14198 12478 16592 138,3
Электр энергиясының1035 1045 1023 1057 1327 128,2
газ бен су өндіру
және бөлу
Құрылыс 11118 13314 15825 16567 23110 207,9
Сауда; 50657 58289 64816 55475 76113 150,3
автомобильдерді,
тұрмыстық бұйымдар
мен жеке
пайдаланатын
заттарды жөндеу
Қонақ үйлер мен 1956 2129 2339 1903 2626 134,3
мейрамханалар
Көлік және байланыс5941 6730 7460 6832 9304 156,6
Көлік 5311 6034 6695 6128 8340 157,0
Байланыс 630 696 765 704 964 153,0
Қаржы делдалдығы 2612 2754 2898 2482 3787 144,9
саласындағы қосалқы
қызмет
Жылжымайтын 17430 19569 22031 21909 29951 171,8
мүлікпен
операциялар, жалға
беру және
тұтынушыларға
қызмет көрсету
Коммуналдық, 3344 3705 4009 13011 16616 496,9
әлеуметтік және
дербес қызметтер
көрсету
Ескерту: ҚР-ң Статистика жөніндегі агенттігінің негізінде дайындалған
мәліметтер

Шағын кәсіпорындардың 2006ж, 2002 жылмен салыстырғанда басым бөлігі
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету 496,9% , ал
құрылыспен айналысатын шағын кәсіпорындардың үлесі 207,9% ; Кен өндіру
өнеркәсібі 167,9%; сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке
пайдаланылатын заттарды жөндеу 150,3 % маманданған жылжымайтын мүлікпен
операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 171,8 %
құрайды. Шағын кәсіпорындардың қызмет сфералары бойынша даму жағдайындағы
үлкен кемшіліктердің бірі олардың өндірістік сфера емес сауда және қызмет
көрсетудегі басымдылыққа ие болуы. Оның басты себептерінің қатарына
өндіріспен айналысу үшін қаражат көлемінің жеткілікті деңгейде болмауын,
жұмсалатын шығындардың жоғары болуын жатқызамыз, сондай-ақ, тәуекел
деңгейінің жоғарылығы мен капитал қайтымдылығының салыстырмалы түрде ұзақ
болуымен байланысты қарастыруға болады.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылдың басында және
өткен жылдарда да экономикалық қызмет түрлеріндегі жұмыспен қамтылғандардың
ең көп саны сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке
пайдаланатын заттарды жөндеуде ( құрылыста (17,9 %), өңдеуші өнеркәсіпте
(13,0 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (12,9 %),
жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет
көрсетуде (12,3 %) еңбек етеді.
Шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарды аймақтық деңгейде
қарастырсақ, барлық жұмыспен қамтылғандардың ¼ бөлігі Алматы қаласының
үлесінде, ал едәуір көп үлесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік
Қазақстан облыстарына және Астана қаласына келеді. Өткен жылғы сәйкес
кезеңмен салыстырғанда шығарым 19,0% жоғарылады. Облыстын шағын бизнес
кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі шығарымның 30,6% өз қызметін сауда,
автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды
жөндеу, 27,3% өнеркәсіп, оның ішінде 15,0% өңдеуші өнеркәсіп, 16,6% құрылыс
және 12,4% жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға
қызмет көрсету саласында жүзеге асырған, ал аймақтық тұрғыда өнім шығару
Қарағанды қаласына 66,3%, Теміртау 11,2 %, Жезқазған қаласына 7,5% келеді.
Экономиаклық қызмет түрлері бойынша тіркелген шағын кәсіпорындар
саны бойынша да соңғы жылдардағы статистикалық деректер болмағандықтан,
2007 жылғы мәліметтер бойынша келесідей талдау жасадық.
Қазіргі кезде тұтастай республика бойынша шағын кәсіпорындар дамуының
көрсеткіштерінің ұлғаюы үрдісі байқалады. 2007 жылғы 1 қаңтарға
республикада 850 мыңға жуық шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Шағын
кәсіпорын саласында жұмыс істейтіндердің саны 1,7 млн-ға жуықты құрайды.
Алайда компаниялардың жабылуы рәсімінің күрделілігіне байланысты тіркелген
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ¾ ғана әрекет ететіндер болып табылады.
2007 жылға арналған республика ІЖӨ-дегі шағын кәсіпорынның үлесі 32
%-ке жуықты құрайды.Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы
соңғы жылдары іс жүзінде өзгерген жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, шағын
кәсіпорындардың жұмыс істейтін субъектілеріның жалпы санынан үстем жағдайды
сауда саласы алады – саны 554 630 жұмыс істейтін адамдары бар 342 235
субъект.
Саны 118 307 жұмыс істейтін адамы бар 32 021 субъект құрылыста
тіркелген, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша, жалға берумен,
тұтынушыларға қызметтер көрсетумен – жұмыс істейтіндер саны – 121 354 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің даму жолдары
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау
Ұсақ бизнес
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Пәндер