Қазақ жеріндегі алғашқы мәдениет іздері



Кіріспе

Негізгі бөлім
«Қазақ жеріндегі алғашқы мәдениет іздері»

1 Қазақ мәдениетінің бастаулары

2 Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи.ғарыштық негіздері

3 Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері

4 Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті

5 Дәстүр жалғастығы және заман талабы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәудени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоңыстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға бұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстадалақ, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекен қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды.
1. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану. Алматы: 2003;
2. Т.Х. Ғабитов. Қазақ мәдениеттің типологиясы. Алматы: 1998;
3. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы: 1996;
4. Смысл и значение истории. Москва, 1991;
5. Эпос әлемі. Алматы, 1993;
6. Пищулина К.А. Территория. – Қазақ. Алматы, 1994;
7. Қазақ әлемі. Алматы, 1993;
8. Ауызша тарихнама. – Қазақ. Алматы, 1993;
9. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. Алматы, 1996;
10. Таңдамалы. Алматы, 1984;
11. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994;
12. Мұсылманшылдықтың белгісі. Алматы, 1991;
13. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984;
14. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі. Әлем.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

Негізгі бөлім
Қазақ жеріндегі алғашқы мәдениет іздері

1 Қазақ мәдениетінің бастаулары 4

2 Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи-ғарыштық негіздері 12

3 Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері 17

4 Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті 19

5 Дәстүр жалғастығы және заман талабы 21

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі
жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс
жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы сунниттер, Алтай тіл
бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті
түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып,
кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті
еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы
ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен
бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған
ортада әрекет етеді. Мәудени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол
тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті –
оның тылсымдық сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көшпелілер үшін қасиетті,
ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол
сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен
туады. Ата қоңыстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі
жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-
көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б.
тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде
болашақ ұрпақтарға бұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстадалақ, интуициялық жоғары
қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорғаны тұрған
жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны)
білдіретін дәнекен қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық
мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей
байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мідениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем
дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда бұл осы мәдениетке
тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында
тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік,
вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл
қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру
табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға
бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

1 Қазақ мәдениетінің бастаулары

Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына
тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше
бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы
адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады.
К. Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару
жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар
жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. (Смысл и значение
истории. Москва, 1991, с. 71,72). Жылқыны пайдалана білу шектелген
кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі
мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу
көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа
қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шімерліктердің
Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының
оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының
Кіші Азияны жаулап алғанын алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге
көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А.
Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі халықтардың
Ұлы қоныс аударуы атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениеттердің
қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында
жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.
Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер
пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып көрінеді. Мұны көрші
халықтардың миф-аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек
мифологияысындағы қанатты тұлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз
Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы –
кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік
өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен
көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.
Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік
мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақщындай түскенін сезінеді. Жер-
Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық
басады. Халық дәстүрінде де тәй-тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын
кеседі.
Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген
қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі, дабада тек малшылар мен үй
малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны
бөлік. Қазақ ит – жеті қазыналардың бірі деп бекерден-бекер айтпаған.
Егер қой мен сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу
жеткілікті болса, онда ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен
шеберлік пен төзімділікті талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның
көмекшілеріне айнала алады. Кейін осман түріктері бұл тәжіребені өз
империясындағы халықтарды ұстап тұруға пайдаланды. Оттоман падишахтары, -
дейді А.Тойнби, - арнайы тәрбиеленген құлдардың көмегімен өз империясын
басқарды және бұл олардың империясының қуаттылығын күшейтті. (Постижение
истории, с. 189).
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы
даланы тұтас даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. ХХ
ғасырда қалыптасқан этникалық этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың
және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің
арасында үлкен айырмашылық бар.
Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл
еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін
байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай,
Қазан, Ордос т.б. түріктерінің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр
қысылғанда арқа сүйетін тілектес елдер болып есептелген.
Әрине, бұл кеңістік, тұтастық уақыт ағынына тәуелді болған. Ішкі
қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп
отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана
емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың
болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің
шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бұл туралы мәдениеттану
ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.
Батыстық мәдениеттанудың көптеген өкілдері өздерінікінен бөлек
өркениеттер болды деген ойдың өзін бекерге шығарған. Олардың пікірі
бойынша, тек бір үлкен әріппен жазылған Өркениет (ол, әрине, еуропалық)
бар, ал басқа кеңістік тағырларды мәдениетті адамға айналдырудың полигоны
деп аталады. Батыстық миссионерлер жергілікті тұрғындарды туземдіктер
деген кемсіту атымен атап келді. Бұрын бұл сөз адамгершілік қасиеті жоқ
жабайы адамдар дегенді білдірген. Олар сор территориядағы жануарлар және
өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп қарастырылды. Ал флора мен фаунаға
көзқарас екі түрлі: не олар – арамшөптер мен зиянды жануарлар, сондықтан
оларды құрту парызға жатады. Егер, туземдіктер пайдалы болса, оларды
өсіріп, қолда ұстауға болатын жағдайда жеткізу керек. Соның өзінде олар
адамсымақтар деңгейінен көтеріле алмайды.
Батыстың көптеген ғұламалары осындай көзқарастардың жалғандығын өз
шығармаларында көрсете білді. А.Тойнби былай дейді: Адамға туземец деп
немқұрайлы аяусыз қараудан оның белгілі бір нәсілге жататындығы негізінде
адамдық, тұлғалық намысын аяққа басуға дейін бір-ақ қадам бар. Бұл
хайуандықтың ең бір өрескел көрінісі. Біріншіден, ол адамдардың белгілі бір
тобында тұлғалық қасиеттердің барлығын, оны дәлелдемей-ақ бекерге
шығарады. Екіншіден, адамзаттың нәсілдік дихотомиясы барлық діни, мәдени,
саяси-экономикалық дихотомиялардан өзгеше, адамзаттың арасынан өте алмайтын
және абсолютті жыра қазады. Үшіншіден, нәсілшілдік өлшем (критерий) ретінде
адамдық табиғаттың сыртқы, мәнді емес, қарапайым белгісін қабылдайды
(Постижение истории, с.589).
Сонымен, нәсілшілдік пен мәдени империализм батыстық емес
мәдениеттердің өзіндік кеңістігін жоққа шығарады, олар жергілікті
халықтарды ландшафың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Ұлттық мәдениет пен
кеңістік арасындағы байланысты Л. Гумилев өзінше түйіндейді:
- Этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады. Адамдар ландшафтыны не
өздеріне тәуелді түрде өзгертеді, не өздері осы ландшафтыға икемделе
бірігеді. Кейбір оқшау қалған (реликтілік) этностардан басқасы мәдени
ағында суперэтностар (өркениеттер) болып тұтастанады. Өркениет
дегеніміз ортақ мәдени өрісі бар ұлттық мәдениеттердің болмысы.
Мысалы, мұсылмандық суперэтнос араб мәдениетінің шеңберінен шыға
білген.
- Әрбір халықтың кеңістіктік тұтастығы, Отаны бар. Адам өз биоценозында,
басқалардың емес, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып
өмір сүреді. Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениетінің өзгеруіне әкеп
соқтырады. Пассионарлықтың (рухани ізденістің) адамзат тағдырындағы
қызметі туралы пікір ол үшін жетекші болды.
- Еуразия құрылығы 5 этномәдени аймақтан тұрады:
1. Муссондық Қиыр Шығыс – бұл конфуцийлік-буддалық өркениет
кеңістігі.
2. Құрғақ Ұлы Дала – көшпелілер мәдениетінің аймағы.
3. Субтропикалық Таяу Шығыс – мұсылмандық әлемі.
4. Орманды Шығыс Еуропа – православиелік мәдениеттің ошағы.
5. Батыс Еуропа – католиктік кеңістік.
Ғылым үшін мәдениеттерді континенттер бойынша бөлудің маңызы тым
жоғары емес. Мысалы, Жерорта теңізі Еуропа мен Африканы бөліп тұрғанымен,
ол эллиндік мәдениет үшін ішкі теңіз болды. Әдетте өркениеттердің кеңістік
шегі климаттық және өтуі қиын шекаралармен байланысты. Сөздің тар
мағынасында Еуразия деп Карпат тауларынан Қытайға дейінгі Ұлы жазықтықты
айтады. Ол үшін ауданнан тұрады: биік Азия (Моңғолия, Тува, Алтай, Байқал
төңірегі), Орталық Азия және Шығыс Еуропа жазығы. Еуразияы тек жағрафиялық
ұғым емес, сонымен бірге ол мәдени тұтастық болып табылады. Еуразияны оның
ландшафты мен ауа райына икемделген автохотонды халықтар: түріктер,
славяндар, угро-финндер, моңғолдар т.б. мекендейді. Бұл кеңістікте бірде-
бір еуразиялық емес өркениет үстемдік ете алмаған.
Жоғарыда аталған мәдени кеңістік славян халықтарының христиан дінін,
ал түрік этностанының көпшілігінің мұсылмандықты қабылдағанынан кейін бір-
бірінен алшақтады. Ресей Батысқа қарай жылжыса және Еуразияның басқа
бөліктеріне отаршылық пиғыл танытса, түрік өркениетінде Шығыстық элементтер
күшейе түсті.
Кеңістік пен мәдениеттің арақатынасы табиғи ортаны өзімдікі және
өзгенікі деп бір-біріне қарсы қою арқылы айқындала түседі. Бұл қарсы қою,
әсіресе, мифологиялық дүниетанымда әсерлі көрсетіледі. Мифте, - деп жазады
Ш. Ыбыраев, - адамзаттық және адамзаттық емес (дию, албасты, марту,
жезтырнақ, шойынқұлақ, жалғыз көз дәу т.б.) болып бөліну ретінде көрінсе,
классикалық эпоста біздікі (ноғайлардікі, қыпшақтардікі, қазақтікі, т.б.)
және жаудікі (қалмақтікі, қызылбастікі, ындыстікі) деген ұғымдарға лайық
жіктеледі. (Эпос әлемі. Алматы, 1993, 137-бет).
Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер өзгенікіне
тек беріде пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау ерте
заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады
(Қытай, Иран, Үрім, Орыс т.б.).
Кеңістікті біздікі және өзгенікі деп бөлу оппозициясы тек
суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мәдени-шаруашылық типтер
аралығында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы
бітіспес жауластық бар деген әсіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың
арасында қайшылық жоқ емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт
ерекшеліктері арқылы суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі түп қазығы –
кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь-Шань, Орал, Кавказ таулары
қоршап тұр. Бұл шекара тауларда және одан ары қарай жау бар деген түсінік
халық санасына терең ұялаған.
Алайда, эпостық кеңістіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың
шекараларын басқанікі деп түсіну өзгермелі болды. Бұл эпостық кеңістіктің
жоғарыда айтылған ситуативтік қолданылуына қатысты. Лирикалық поэзиядағы
сияқты табиғат көріністерін көркем суреттеу эпоста жоқтың қасы. Табиғат
көрінісі, кеңістік бітімі әрекет мен бірлікте ғана көрінеді. Тау – асқанда,
аң – аулап жүргенде, өзен - өткенде, дала – жүргенде, ағаш – басына
шыққанда, не ат байлағанда айтылады.
Тағы бір ескеретін жай – эпостық кеңістік пен реалды кеңістіктің
арасындағы айырмашылық. Мифологиялық немесе эпостық кеңістіктің
топонимикасы қазіргі жер-су атауларымен сәйкес болмауы мүмкін. Әр түрлі
тарихи қозғалыстар этностардың белгілі бір территорияда қалыптасуығ олардың
мекен-жайларын өзгертуі, басқа этностардың бұл территорияға енуі т.б. осы
сияқты процесстер, жоғарыда келтірілген біздікі - өзгенікі оппозициясын
түбегейлі өзгеруі мүмкін.
Биік таулар этностың киелі жерлеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын
қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің туысқандары тұратын, тіршілік
үшін қажетті заттар алатын тұрақ-жайға айналуы әбден мүмкін. Бұл процесс,
әсіресе, орта ғасырлардағы түрік империяларына тән. Осы туралы Мағжан былай
жырлайды:
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай.
Еріксіз Ер түрікті еске аларсың,
Көкке асқан Хан Тәңірге қарай-қарай.
Этномәдени кеүістік туралы паймдағанда маңызды бір мәселе осы аймақты
мекендеген халықтардың автохтонды (жергілікті) немесе келімсек екендігін
анықтаумен қатысты. Бұрынғы тарихтағы толастамаған соғыс пен жаугершілік,
шекаралас жерлерге талас кезеңінде этностардың қисапсыз жылжуы, көшіп-
қонуы, қырылуы және ығыстырылуы, ассимиляциялық процесстер этнографиялық
деректерде этномәдени кеңістік туралы қарама-қарсы пікірлер туғызады.
Мысалы, Қытай менталитетінде қытайларға қазір бағынышты халықтар бұрын
иелік еткен жерлердің бәрі Аспан астындағы империяның кеңістігі деген ұғым
бар.
Кеңістік аясындағы мәдениеттің автохонды екендігін шешудің басты жолы
осы мәдениетті құраған этникалық бөліктерді, этномәдени аймақты мәңгі
өзгермейтін тұтастық ретінде емес, жанды тарихи құбылыс күйінде, қозғалыс
үстінде қарау, көршілес халықтардың тарихи тағдырымен салыстыра отырып,
әрбір этникалық топтың өзінің қазіргі негізгі жеріне қай уақытта жылжыды,
міне осындай межелерді анықтау арқылы жүзеге асады (Пищулина К.А.
Территория. – Қазақ. Алматы, 1994, 49-бет).
Кеңістік және автохонды мәдениет мәселесін шешу үшін біз оқшау алынған
этнос көлемінен, ол енетін үлкен өркениеттің (суперцивилизацияның) өріс
аймағына жылжу керек. Өйткені, қазіргі этностардың көпшілігі қоныс
аударудың, ассимиляциялық процестердің, топтасу мен жіктелудің нәтижесінде
қалыптасқан. Бұған мысалдар жеткілікті. Айталық, Иран мен Солтүстік Үндінің
халықтары арийлік топтардың оңтүстікке қарай қоныс аударуы негізінде,
француздар галл тайпалары мен франктардың араласуы, орыстар ежелгі славян
тайпаларының көршілес угро-финн, скандинафтық, түріктік компоненттерді
өзіне сіңіруі нәтижесінде қалыптасқан. Соңғы кезде қалыптасқан латин-
американдықтар туралы айтпаса да түсінікті. Қазақтың этникалық территориясы
да көп ғасырлық қалыптасу нытижесінде айқындалды.
Суперөркениеттерде кеңістік аймағы тұрақты анықталған. Л. Гумилевтің
сөзімен айтсақ, әрбір өркениет белгілі бір ландшафтымен қатысты. Мысалы,
афроазиялық даланы негізінен семит халықтары, еуразиялық даланы түрік
этностары, Шығыс Еуропаның орманды жазығын славяндар, Қиыр Шығыстың орманын
манчжурлар ж.т.т. мекендеген.
Кеңістік пен автохонды мәдениеттің арақатынасын түрік халықтарының
өркениетіне байланысты қарастырайық. Бұл мәдениет тарихында әлі күнге
дейін көптеген пікірталастар туғызып отырған мәселеге жатады.
Еуроорталықтық көзқарастағы батыс ғалымдарын, патшалық Ресей мен
тоталитарлық жүйе тарихшыларын айтпағанның өзінде, тіпті, соңғы кезде
шыққан басылымдарда түрік халықтарының мәдени кеңістігі және оның
автохондығы бұрмаланып көрсетілген. Тарихи және қоғамдық-саяси еңбектерде
жиі кездесетін пікірдің бірін былай қысқаша тұжырымдауға болады:
- Ұлы еуразиялық даланы арийлер мекендеген. Көне тайпалардың иран
түбірлі ортасында бұл өңірге кейін келген түркілерлің тілдік ықпалы
күшейген. Андрон заманында жасаған, малшылықпен, егіншілікпен
айналысқан, еуропалық пішіндес, үнді-ирандықтар тайпасын ілкі темір
дәуірінде, оңтүстік және шығыс өңірлерде – сақ, солтүстік және
батыс өңірлерде – савромат малшы тайпалары мұраланған.
- Алтай тайпалары Енисей мен Тынық Мұхиттың ортасында Сібір мен
қазіргі Солтүстік Қытай жерін мекендеген, ал соның ішінде
прототүріктік тайпалар Байкал мен Ордостың арасында өмір сүрген.
Олар Еуразия даласына халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде ғана
келген.
Жоғарыда келтірілген көзқарас ресми әдебиетте де хрестоматиялық
қағидаға айналып кеткен. Алайда, бұл мәселеге сырттан бейтарап қарасақ,
Орталық Азияның арийлік субстраты деген ұғым жөнінде көптеген күмәндар мен
сұрақтар туады. Біріншіден, аталған пікірді дәлелдейтін нақтылы деректер
жоқ. Көптеген дәлелдемелер мұның болуы мүмкін емес, сондықтан болған жоқ
деген логикалық қателіктің маңайынан алынған. Яғни, басқаша айтқанда,
прототүріктік өркениеттің болуы мүмкін емес, сондықтан ол болған жоқ.
Екіншіден, Олжас Сүлейменовтың Аз и Я кітабында келтірілген шумерлік және
прототүріктік мәдениеттердің туыстығы жөніндегі гипотеза үнді-ирандық
Орталық Азия туралы ілімді бекерге шығарады. Үшіншіден, егер
прототүріктіккеңістік Ордоспен ғана шектелсе, онда ол қалай орта
ғасырлардың басында бүкіл еуразиялық Ұлы Далада үстемдік етті. Мұны тек
жаугершілікпен түсіндіру ақиқатқа жата қоймас. Әлемнің жартысын жаулап
алған македондықтар мен моңғолдар тез арада жергілікті халықтармен сіңісіп
кеткен. Әрине, бұл мәселе әлі талай ғылыми зерттеулерді талап етеді.
Түрік халықтарының кеңістігі Азиыя мен Еуропаның талай аймағын
қамтыған. Олардың мекені Солтүстік мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі
алып территориыяны біріктіріп тұр (шамамен 14-15 миллион шаршы шақырым).
Ерте заманда бұл аймақ Қытай, Үнді, Иран антикалық сияқты бір-бірінен оқшау
орналасқан өркениеттерді байланыстырып тұрған.
Түрік халықтарының мекен-кеңістігі осы автохонды этностардың тұтас
өркениеттік аясы болып табылады. Ол тек еуразиялық Ұлы даламен шектелмей,
адамдық мәдениеттің ерте кезден қалыптасқан суармалы – оазистік ошақтарын,
Алтай, Тянь-Шань, Памир, Кавказ тауларын қамтиды. Үлкен өркениет қалыптасу
үшін біркелкі табиғи ландшафтан гөрі, кеңістіктің әртүрлі бедерлері
қолайлы. Яғни түрік халықтарын тек жазық даланың тұрғындары деп қарастыру
олардың мәдени кеңістігінің күрделілігін ескермеуге жатады.
Этномәдени кеңістіктің не ұлғайып таралуы да, не азайып тарылуы да
мүмкін. Мұның себептері әр түрлі. Жаугершілік кезінде әлсіз, өзін-өзі
қорғай алмайтын мәдениет өз атамекенінен ығыстырылуы, ассимиляцияға
ұшырауы, тіпті, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Оған тарихтан талай
деректер келтіруге болады (ХVІІІ ғасырдағы қытайлықтардың жоңғарларды
қыруы, еуразиялықтардың қос Америкадағы жергілікті этностарға жасаған
геноциді, Рим қуатымен жүзеге асқан кельт тайпаларын ассимиляциялау
ж.т.б.).
Көне заманнан бері біртұтас болып қалыптасқан кеңбайтақ
территориядағы түрік суперэтносының кеңістігін, Жаңа Заманнан бері
империяшыл көршілері бірнеше жерден үзіп жіберген. Сол себептен ХХ ғасырдың
аяғына дейін бұл өркениеттің ішіндегі жалғыз тәуелсіз болып келген Түркия
мемлекетінің кеңістігі басқа туысқан халықтардың жерімен тікелей ұласпаған
деуге де болады. Сібір мен Орталық Азияның арасын, Еділ бойы мен басқа
түрік халықтарының жерлерінің ортасын, Еуропа мен Азияның аралығын Ресей
отаршылары экспансиялау нәтижесінде бөліп тастаған. Әрине мұндай
әділетсіздіктің, - дейді М.Тәтімов, - мәңгілікке созылуы мүмкін емес еді.
Әділдік орнап, түркі халықтарын қатты жаныштаған Кеңес Одағы ыдырады, Орта
Азиыя мен Қазақстан тәуелсіздік алып өз мемлекеттерін құрды. Түркілік
тұтастықты, үзілген байланысты қалпына келтіріп, бүгінгі әлемдік өркениет
дәрежесінде дамытуға толық мүмкіндік пен алғышарттар қалыптасты (Қазақ
әлемі. Алматы, 1993, 82-бет).
Еуразиялық Ұлы Даланы игеру туралы сөз болғанда, осы кеңістікті қоршап
тұрған өркениеттерінің (суперэтностардың) өрлеу-құлдырау ырғақтарын ескеру
қажет. Қытай, Иран, Батыс және Ресейлік өркениеттер мен түрік халықтарының
арасында талай тарихи процестер өткен. Ол тек мәдени сұхбаттасу дегейінде
болмайғ осы этномәдени кеңістік үшін бақталастық және жаугершілік сипатында
да болды. Орталық Азия өзінің кеңістікте орналасуына байланысты балға мен
мөстің арасында шындалды. Отты қару пайда болғанға дейін мыңдаған жылдық
адамзат тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қаһарлы күш болғаны күмән
тудырмайды. Бұл жерде А. Вебердің тарихтағы номадалордың рөлі туралы ілімін
еске алып өткен жөн. Оның пікірі бойынша, техногендік өркениет (батыстық)
пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін
атқарған. Алайда А. Вебер осындай бағаны тек үндіеуропалық (арийлік)
номадаларға ғана берген. Біз тағы да еуроорталық мәдениеттанушылардың
түріктік көшпелілерлің мәдениетін кемсіте қарастыруының мысалын көріп
отырмыз. Ал нақтылы тарих далалық өркениеттердің әлемдік дамудың бір
қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.
Скиф-сақ өркениеті біздің заманымыздан жүздеген-мыңдаған жылдар бұрын
сол кездегі антикалық және шығыстық өркениеттермен қоян-қолтық араласып,
олардың тарихи дамуында терең із қалдырған. Дүрілдеп тұрған Батыс Рим
империясын құлатуға қатысқандардың арасында ғұндардың қызметі ерекше.
Материалдық және рухани мәдениеттің халықтар арасындағы ауыс-түйістігі, -
деп жазады А. Тарақты, - адамзат өркениетінің бірден-бір кепілі болса,
осынау тарихи қажеттіліктің арбакеші көшпелілер еді.
Күні бүгінгіге дейін Алтай пен Карпат арасында тарыдай шашылған Скиф
қорғандарынан Мысырдың (Египет), Грекияның, Иранның, Ассирияның, Урартудың,
Қытайдың, Үндінің өнері мен тұрмыстық заттарының ұшырасуы тегін емес. Қос
құрлықты көктей өтетін Ұлы Жібек жолын ашқан игерген Қытайдағы тұт ағашын
түптеген жаяу шаруа емес, желмен жарысқан салт аттылар екенін мойындау үшін
архивтік айғаққа жүгінудің қажеті жоқ (Ауызша тарихнама. – Қазақ.
Алматы,1993,32-33бет).
Түрік этностарының мәдени кеңістігін қарастырғанда мынадай
ерекшеліктерге назар аудару керек. Біріншіден, түріктің төлтума мәдениеті
арабтардікіндей шөл сахарада емес, жер бедері қолайлы Саян-Алтайдың орманды
даласында ұяланған. Яғни маңында қор жинау қажет еді. Бұл қор жинақтау
аймағын Қытай мен Иранның шет пұшпағы деп қарастыру ақиқаттан алшақ.
Екіншіден, түріктік этномәдени тұтастықты тарихи тұрақтылығының тағы
бір себеті Орталық Азияның тыс-темір кендеріне бай болуымен де қатысты.
Металл өңдеуді өте ерте кезден меңгерген прототүріктік мәдениет бұл аймақта
қуатты күш болған. Мәдениет тарихын зерттеушілердің кейбіреулері шумерлік
металлургия мен Сібірлік қару-жарақтардың ұқсастығын атап көрсетеді (О.
Сүлейменов, Н. Оспанұлы, М.М. Әуезов т.б.).
Үшіншіден, А. Гумилев атап көрсеткендей, дала биоценозының тағдырын
көптеген жағдайда құрғақшылық пен ылғалдылық циклдерінің ауысып тұруы шешіп
отырған. (Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 18-бет). Полюстік және
тропикалық ауа мұнараларының алмаса әсер етуі еуразиялық даланы не куаң
шөлге, не гүлденген далаға айналдырған. Мысалы, Гоби кезінде шөпті дала, ал
Арал мен Каспийдің арасы шалғынды мекен болған. Айталық, ІХ ғасыр ылғалды
болса, ХІ ғасырда далада қуаңшылық басым болған. Даланы құрғақшылық басу
түрік-моңғолдардың әлсіреуіне және олармен көршілес қытайлардың,
ирандықтардың, славяндардың, маньчжурлардың күшеуіне әкеп соқты. Мысалы,
дағадарыс жағдайындағы Қытайды басып алған далалықтардың ұрпақтары
(көбісінің аналары қытай әйелдері) көшпелілік дағдыдан айырылып қалды.
Кейін Қытай күшейген кезде олар қытайланып кетті және әлсіреген Дала
отырықшы өркениеттің боданына айналды. Яғни, ландашафтың ауысуы, не ондағы
түбегейлі өзгерістер автохонды мәдениеттің икемделу (адаптация) қабілетін
кемітті.
Осыған дейін айтылған қағидалардан бір қорытынды жасауға болады.
Тарихтағы салмақты және салыстырмалы тұрақты өркениет аймағын тұтас
кеңістіктік континиум деп қарастыру керек. Әртүрлі мәдениеттерді
салыстырғанда үлгі ретінде олардың жеке бөліктерін емес, қщалыптасқан
суперэтностарды алу қажет.
Кеңістік аясындағы мәдениеттің табиғи қалыптасқан тұтастығын бұзу осы
мәдениетті терең күйзеліске ұшыратады. Мұны Еуразияны Ресей отарлауынан
анық байқаймыз. Орыс казактары көшпелілер үшін табиғи кедергі болып
табылатын өзендерге бекініп алды. Скандинав теңізшілердің навигациялық
әдістермен таныс казактар өзендерді орыстың байырғы жерлермен байланысу
артериясы ретінде шебер қолдана білді. Ал көшпелілер үшін өзен транспорттық
байланыс құралы болмап еді. Көшпелілерден салт атпен соғысуды жақсы
үйренген казактар қайықтарын да тастамады. Осының нәтижесінде көшпелілік
этномәдени кеңістіктің буыны үзілді, тұтастығы бүлінді.
Кейін Столыпин әрекеттері нәтижесінде қазақтар және басқа да көшпелі
халықтар өздерінің шұрайлы жерлерінен айырылды. Бұл көшпелілік этномәдени
кеңістіктің егіншілік алқабына айналуына негізгі себепкер болды. Ал бұл
процессті прогресшіл немесе реакцияшыл деп бағалау әр мәдениет үшін әртүрлі
сипатта.
Жалпы алғанда, кеңістіктің этномәдениетке тигізетін әсерін бұрыс
бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны жоқ халық болған емес. Бұған бүкіл
тарих куә. Әрине, кеңістік ерекшеліктері (ландшафт, биоценоз, оқшаулық
ж.т.б.) өркениетке әсер етті. Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың
абсолюттігіне күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың
прерийлерінде, Аргентинаның пампасында, Австралияның жайылымдарында
номадалар пайда болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа да
факторларды қарастыру қажет.

2 Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи-ғарыштық негіздері

Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі
оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. Жоғарыда біз мәдени кеңістікті
өзімен-өзі берілген айғақ, қоршаған орта, өркениет аясы ретінде талқылаған
едік. Ондағы басты зерттеу тәсілін сырттан қарау деп атауға болады.
Алайда мәдени кеңістік тек бос қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасымен
іштей бірігіп, оның дүниетанымы арқылы көрініс табады. Бұл жерде көне
философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімділігі,
гармониясы туралы идеяның танымдық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем
мәдениетінің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді
халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар
аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымы қандай? Ол қалай пайда болды? –
деген сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен
табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен
байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік.
Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп
жазды М. Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік
тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын
түсінуімен өз көрінісін тапты (Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. Алматы,
1996, 87-бет).
Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес
әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғалардан тыс тұрса, онда ол
көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз
кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік керілі ретінде түсіндіріледі. Адам
ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері,
кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар
бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі,
ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады.
Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі Гильгамеш
туралы жырдан келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номада ең
алдымен үлкен шеңбер - көкжиекті көрген. Оның қзі аспандық күмбезбен
көмкеріліп тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін
емес. Ол – тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің
таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар
іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы
жұлдыздардың орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынан, алыс аспанды
жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы
түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған.
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді:
жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол
Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас.
Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі – алып
бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемелік қозғалысты, Жер мен Аспанның
тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтерек пен эпос батырлары аспан
денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын
қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем – төменгі дүниемен
байланыстыруда. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын
үзбейді.
Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш
күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.
Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі-құдай ретінде
қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай
деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің
дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі.
Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Оның
рақымымен елді билеген қағандар Аспанда туған және Күнмен, Аймен
безендірілген деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық
жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын
қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының
маңызды белгісі. Мысалы, Оғызнаме эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын
Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.
Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік
тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы құдай ұғымы болған жоқ
деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер
жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге
айналған.
Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш. Уәлиханов былай деп
жазды: Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астынан белбеу
буынады. Біз Ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің
ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдықдары бар жер асты адамдары
белбеуді аяғында буады. Аспан қырғыздарымен өте бай кемпір арада тұрады
(Аспан тұрғындарының өмір салтына ұқсас, өйткені бұл қырғыз қиялының
жемісі). (Таңдамалы. Алматы, 1984, 99-101-бет).
Мифтік кеңістік жоғары-төмен тәртібімен құрылған. Мысалы, мифтік
кейіпкер тыңдаушы көбінесе жер астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды, ал
Жоямерген жер астындағы жылан патшасының қызына үйленеді. Аспанда пері, дию
сияқты кейіпкерлер ұшып жүргенімен, миф қаһарманы олармен көбіне жер
үстінде ұшырасады. Аспан әлеміне қатысты ұғымдар көне жырларда алып
бәйтерек, жеті басты айдаһар мекендейтін тау түріндегі символдық мәні бар
түсініктерімен шектелген.
Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі
халықтардың ғарыш туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізінен жергілікті халықтың түсінігінде Маңғыстау аймағының киелі әулиелер қорымдарына келушілерге айтатыны
Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының зерттелу тарихы
Қазақстан территориясындағы (VI –XIII ғғ.) архитектуралық ескерткіштер: жалпы ұқсастықтар мен ерекшеліктер
Тарих ғылымдарының докторы
Археология ғылымына түсінік
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстандағы тас дәуірі
Пәндер