ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 4

1. Орта ғасырлық қалалардың аймақтағы экономикалық процестерге ықпалы.

  1. Орта ғасырлық қалалардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен дамуы . . . 15
  2. Керуен жолдары мен сауда қатынастарының дамуы және ақша айналысы . . . 18

2. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.

  1. . Дәстүрлі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы . . . 23
  2. . Халықтық кәсіп пен қолөнердің дамуы . . . 36

3. «ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстан экономикасы» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі.

3. 1. «ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстан экономикасы» тақырыбын ойын технологиясы арқылы оқыту . . . 50

3. 2. «ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстан экономикасы» тақырыбын оқытудағы сабақ үлгісінің әзірлемесі . . . 59

Қорытынды . . . 71

Қосымшалар . . . 73

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 76

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздікке дейін Қазақстан тарихшылары отарлық жүйе ұсынған концепциялар мен қорытындыларды басшылыққа алып келді. Бұл жағдай Қазақстан тарихының көптеген мәселелеріне үстіртін қарауға, әсіресе обьективтік шындықты ашуға қажетті дереккөздерін ескермеушілікке, кейде ашық бұрмалауға итермеледі. Осындай тақырыптардың бірі халқымыздың даму тарихындағы бір кезеңі, ХІҮ - ХҮІ ғ. ғ. еліміздің экономикалық ахуалы. Мұның өзі тәуелсіз Қазақтанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық салаларында болып жатқан өзгерістердің мазмұны жағынан да, түр-сипаты жағынан да мемлекеттегі жаңа саясатты қалыптастыру қажеттігін айқын байқатып отыр. Бұл орайда елімізде сонау орта ғасырда жүргізілген ұлттық - экономикалық саясаттың барлық қырларын ой-сана елегінен жаңаша өткізіп, жаңаша қабылдауымыз қажет деп ойлаймыз. Қазақстан тәуелсіздігінің сақталуына, тарихи негіздегі мәселенің алатын орны айрықша.

Қазіргі таңдағы жаңаша тарихи бетбұрыстың желісімен зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерден, атап айтқанда Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы мен обьективтік деректерге негізделген тарихи сананы қалыптастыру қажеттілігінен туындайды. Президент Н. Назарбаев «өзінің ұлттық "МЕН" дегізерлік қасиетінен ажырап қалмас үшін, қазақтардың нақты ұлттық бірегейлікке ұмтылуға тарихи тұрғыдан хақысы бар» /28; 6/. деген қоғам дамуының заңдылықтарына тікелей байланысты.

Бұл бағытта орта ғасырлардағы ел тарихындағы мағлұматтарды жүйелеу мен олардың айқындық деңгейін анықтау арқылы Қазақстан тарихының деректік негізінің кеңейтілуі маңызды ғылыми ізденістер қатарына жатады.

Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, өз елінің тілі мен дінінен, дәстүр - салтынан алшақтап кету қаупін де жоққа шығаруға болмайды. Ал оған қарсы күш жаңаша бетбұрыс пен жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі, құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетуі болмақ. Кейінгі кездері аталған тақырыпты қозғаушы ғалымдар қатары да арта түсуде. Оны да заңды құбылыс деп түсінуге болады.

Жалпы тарих тағылымы мынаны үйретеді, кез келген өркениетті елдер өзінің ұлттық тәуелсіздігін алғаннан кейін, ұлт тарихының назардан тыс қалған мәселелерін қайта қарап, саралап, толық қамтып жазу мәселесін қолға алуға ұмтылады. Сөйтіп, адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлайды. Ендеше тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды орын алады.

Қоғамда болған түбірлі өзгерістер білім беру саласында да жүріп жатыр. Білім беруде құндылық пен ізгілікті оқытып үйретуге баса назар аудару қажеттігі ғылымда көптеп айтылып келген мәселе. Тарихты оқытудың басты мақсаты - оқушыларға адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық рухани, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға . . . » - баса назар аудару бүгінгі жаңарған қоғамдық сана мен уақыт өзгерісінен туындаған қажеттілік.

Бітіру жұмысының мақсаты:

ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен негізгі мәнін, басты көрсеткішьерін, сонымен қатар, әлеуметтік даму жолдарын ашып көрсету болып отыр. Орта ғасырлардағы қазақ елінің экономикалық әл- ауқатын түсіндіре отырып, бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің қарқынды экономикалық даму үдерістерімен сабақтастық мәселелерін анықтап, бала санасына жеткізу. Теориялық мәселелерін толықтырып, оқу-әдістемелік кешенін жасау және осы тақырыпты мектепте оқытудың жолдарын, әдіс-амалдарын көрсету арқылы оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып, ел тарихы жөніндегі танымдарын арттыру.

Бітіру жұмысының міндеттері:

- ортағасырлық қалалардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен дамуы жайлы сипаттамалар;

- керуен жолдары мен сауда қатыстарының дамуының ақша айналысына қалыптасуы;

- ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық дамуы ерекшеліктерін анықтау;

- дәстүрлі мал шаруашылығы мен егіншіліктің даму деңгейі;

- халықтық кәсіп пен қолөнердің дамуы;

-«ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстан экономикасы» тақырыбын мектепте оқытудың технологиясы мен әдістемесі жайлы жан-жақты түсіндірмелі сипаттамалар беру.

Зерттелу деңгеі:

Қазақстанның орта ғасырлардағы экономикасы жайлы мәліметтерді сол дәуірдің өзіндегі шежірелі жинақатардан бастап кедестіруге болады. Осындай еңдектің бірі парслық Махмұд ибн Әмір Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар («Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялар») деген энциклопедиялық еңбегінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы женінде алуан түрлі және өте құнды материалдар бар. Автор XVII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, Балхтатуған, көп саяхат жасап, Үндістанда болған, кітаптардан, білімді адамдармен сұхбаттардан толып жатқан ғылыми мәліметтер жинаған. Бірқатар поэтикалық шығармалар жазған /6; 87/.

М. X. Әбусейітова XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы-ның зерттеу үшін келтірген деректемелер тобында қазақ хандары мен сұлтан-дарының шайбанилермен, содан соң XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басындағы Мауараннахрдың аштарханилерімен қарым-қатынастары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер бар /6; 126/.

Қазақ және өзбек (Бұхара) билеушілерінің XVII ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан мен Ташкенттің маңызды сауда-экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мұхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып-жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өтуге болады.

Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тідді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тідці әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нармативтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда ортағасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халкы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ XҮ-ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.

Жалпы тарих бойынша «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығарманы басқа бір деректемелер бойынша Абдаллах Балхи (XV ғ. аяғы - XVI ғ. басы) ретінде белгілі Абдаллах бен Мүхаммед жазған. Абдаллах Балхи өз еңбегін Шахрухияның, кейіннен Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммед сұлтанның тапсыруымен жазған /15; 156/. Құрастырма хроника болып табылатын шығармада мұсылман әулеттерінің тарихы баяндалады. Оқиғаларды суреттеу 1525 жылға дейін жеткізіледі. Еңбектің XVI ғасырдың алғашкы ширегі үшін ғана түпнұска деректеме ретінде маңызы бар. Бұл кезеңнің оқиғаларын автор өз әсекрлері және замандастары мен оқиғаларға катысушылардан алынған ақпарат негізінде берілген. «Зубдат әл-асарда» қазақтардың саяси тарихы мен олардың бил шілері женінде нақты материал бар.

Тарихшы, ақын, билеуші - Үндістаңда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр-наме» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі ортағасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады /17; 41/.

Қазақстан тарихы үшін Бабырдың Жетісу моғолдары, Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мүхаммед Шайбанидің саяси іс-қимылдарына қатысу туралы, қазақтану институты, Оңтүстік Қазақсан мен Жетісудың тарихи географиясы, өзбектер сияқты, қазақтардың, қырғыздардың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың этникалық тарихы туралы мәліметтері ерекше маңызды.

Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530- 1605 жж. ) бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жами ат-таварих» («Жылнмалар жинағы») деген тұңғыш тарихи еңбегін жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы (XIV ғ. ) негізіңде жазынған. Белгілі би Қадырәли бек Ондан сұлтанға, ал одан соң оның ұлы Ораз-Мұхаммедке қызмет еткен. Қалмактардың қолынан Ондан сұлтан өлгеннен кейін Қададырғали Ораз-Мүхаммедпен бірге Көшім ханның қамқорлығымен Сібір хандығына қоныс аударған. Мұнда ол Сібір хандарына кеңесші болып кызмет еткен. Оның еңбенінде XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы туралы деректер едәуір ынта-ықылас туғызады /19; 92/, олар қазақ қоғамында ауызша тарихнамалық дәстүр, генеалогияларға және саяси тарих мәселелеріне нақты мүдделілік бар екенін көрсететін сенімді жергілікті деректемелерге негізделген.

XVIII ғасырда Мунис деп аталын кеткен Шер-Мұхаммед Әуез би «Фирда-ус әл-икбал» («Жұмақтағы бақыт бағы») деген тарихи шығарма жазды. Мунис юз тайпасынан шыққан өзбек ақсүйектеріне жататын еді. Ол сарай маңында татарихшы, акын, мемлекет қайраткері болды. «Фирдаус әл-икбалды» Мунис аяқтаған жоқ (1829 жылы қайтыс болған) . Оның шежіресі Мунистің хан қызметіңдегі мирасқоры ғана емес, сонымен қатар оның шөкірті де болған жиені Атахи аяқтаған. Мунис - Атахидің ауқымды еңбегі шағатай тіліңде жа-зылған.

Тегінде, «Тарих-и Қашғар» («Қашғар тарихы») Шығыс Түркістанда XVII ғасырдың екінші ширегінде жазылса керек. Автордың есімі белгісіз. Мазмұны және құрылымдық жағынан «Тарих-и Қашғар» орта ғасырлардағы Шығыс Түркістан және Орта Азия тарихнамасының үлгілі туындысы болып табылады. Оғыз хан туралы аңыз, Шыңғыс-хан мен оның мирасқорларының тарихы алдыңғы жазбаша деректемелер негізінде баяндалады. Шаштай мен оның ұрпақтарының едәуір егжей-тегжейлі тарихы берілген. Моғолстан мен Моғолияның тарихы едәуір ынта-ықылас туғызады. 1670 жылдан кейінгі оқиғалардың баяндалуы толық мағынасында алғанда түпнұсқа болып табылады. Моғоддардың қазақтармен шайқастарының неғұрлым ертеректегі нарративтік шығармаларда келтірілген жазбаша мағлұматтармен салыстыргаңда анонимнің дербес нұсқалар хабарлайтыны назар аудартады. «Тарих-и Қашғардағы» қазақтар туралы соңғы мағлұмат XVII ғасырдың басында Даниал қожаның Шығыс Түркістанда Шағатай ұрпақтарының әулеті құртылған аласапыран көзенде Шыңғыс ұрпағы ретінде қазақ сұлтаны Есімді Жаркент тағына шақыруы туралы хабар болып табылады /21; 20-22/.

Соңғы орта ғасырлардағы көзенде Қазақстан тарихы үшін араб тілді деректемелердің мәні парсы және түркі тілді тарихнамадан өлшеусіз кем. Солай бола тұрса да, біздің ден қойғызатын нақты материалдың белгілі бір дәрежеде егжей-тегжейі айтылатын бірқатар араб тілді туындыларды көрсетіп өтуге болады.

Ең алдымен XIV ғасырдың басында белгілі филолог, тарихшы және сая-хатшы Жамал Қарши жазған «Мулхакат ас-сурах» («Ас-сурах сөздігіне қосымша») деген тарихи шығарманы керсете кеткен жөн. Ол 1230-31 жылы Алмалықта туып, өз еңбегін Кашғарда жазған /24; 108/.

Мысыр қаласындатуған ғалым әрі саяхатшы әл-Омари (1301-1349) жазған «Масалик әл-абсар фи мамалик әл-амсар» деген еңбек маңызды географиялық шығарма болып табылады. Онда Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өмірі туралы, Жетісудағы қалалар мен сауда жолдары туралы, қыпшақтардың орналасуы мен этнографиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Әл-Омаридің татар-монғолдардың қыпшактар арасына сіңісіп кету үрдісін баяндауы ерекше маңызды. Бұл тарихи факт тарихи қалыптасқан қыпшақ мәліметтері бар «Сібір Чертеж кітабы» болды.

Орта Азия мен Қазақстан туралы мағлұматтар бар XVII ғасырдағы евро-палық еңбектер арасында голланд географы Н. К. Витсеннің «Солтүстік және шығыс Татария туралы» деген кітабы мейлінше құнды, ол географиялык, этнографиялықжәне лингвистикалық мәліметтердің орасан үлкен жинағы болып табылады.

Парсы, түркі және араб тілді ескерткіштері, оларды бүкіл алуан түрлі және толық күйінде тікелей зерттеу, сондай-ақ тарихи-деректсметану проблемаларына жүйелі көзқарас қазақ халқы тарихының жеке мәселелерінен гөрі, ең жалпылама мәселелері бойынша маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол көзендегі қазақтар туралы мағлүматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулык-тайпалық құрамы, орналасуытуралы этнографиялық мағлүматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы анызәңгімелер зерттедді. Бұл зерттеушілер арасында П. И. Рычков, И. Г. Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардын жағдайын сипаттап беретін бұл материал халыктың алдыңғы ғасырлардағы өмірін көрсетеді. 1750 жылы Г. Ф. Милл ердің «Сібір тарихы» жарыққа шықты, онда Сібір хаңдығының құрамындағы Солтүстік Қазақстанның тарихы тұңғыш рет жазылған. Орыстың мұрағат және жылнама материалын, сондай-ақ өз байқауларын кеңінен пайдаланған В. Н. Татишевтің (ол Астрахан губернаторы болған) еңбегінде соңғы уақыттағы қазақтар туралы мәліметтер бар /26; 120-121/.

Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы тарихы туралы мәліметтер келтірілген түпнұсқа деректемелер жариялана бастады. 1768 жылы түрік халықтарының тарихы мен этнографиясы жөніндегі Әбілғазының «Шаджара-йи турк» деген енбегі французша басылымынан орыс тіліне аударылды. Шағатайша мәтіні 1825 жылы Казанда басыпшығарылды. 1854жылы Әбілғазының шығармасын, И. Н. Березин «Шығыс деректемелерінін кітапханасы» сериясында басып шығарды. 1906 жылы Г. С. Саблуков орыс тіліне аударған бұл еңбек зерттеушілер арасында кеңінен мәлім. И. Березин, сондай-ақ беймәлім автордың «Шайбаниадасын» да басып шығарған. XV ғасырдағы Қазақстан жөніндегі жалпы мәліметтер «Таварих-и гузнда-йи нусрат-наме» материалдарымен сәйкес келеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың шығыстану ғыл ымы ойдағыдай дамыды. В. В. Григорыев, П. И. Лерх, И. Н. Березин, В. Г. Тизенгаузен, Н. И. Весел, В. В. Радлов, В. Р. Розеңдердің еңбектері «орыстың дүниежүзілік шығыстануда құрметті орын алған тарихи-шығыстанушылық мектептің пайда болғанын» /26: 137/ көрсетті.

Орыс шығыстанушылары есңбектерінің арасында қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, этнографы, географы Ш. Ш. Уәлиханов (1835- 1865) көрнекті орын алады. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының мәселелерін, қырғыз, ноғай, өзбек, ұйғыр халықтарының тарихын зерттеді. Ш. Ш. Уәлиханов өзінің көптеген: «Қырғыз шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздардың көші-қонытуралы» деген еңбектерінде қазактардың этногенезінің, жүздер құрылуының, қазақтардың рулық-тайпалық құрамының, орналасуының проблемаларын зерттеген еді. Ол қазақтар мен ноғайлардың этникалық жақындығы туралы пікір айтты. Бірқатар еңбектерінде («Жоңғария очерктері», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-әңгімелері») Ұлы жүз қазақтарына тарихи-этнографиялық сипаттама берілген; ол қазақ хандарының генеалогиясы, Қазақ хаңдығы мен Ноғай Ордасының саяси қатынастары туралы да жазды.

Ш. Ш. Уәлиханов ез зерттеулерінде қазақ және ноғай эпостарын, аңыздарды, тарихи әңгімелерді, алуан түрлі фольклор материалдарын пайдаланған. Ол В. В. Вельяминов-Зерновтың еқбектері шыққанға дейін-ақ, бірінші болып шығыстың жазбаша деректемелеріне зор мән берді, соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде олардың ең маңыздыларын пайдаланды. Ол Қадырғали Жалаиридің «Жами ат-таварихынан», Мырза Мұхаммед Хайдардың «Та'рих-и Рашидынен» үзінділер келтірген /10; 122/. Орыс Географиялық қоғамы 1904 жылы Ш. Ш. Уелихановтың шығармалар жинағын шығарды. Қазақтың аса көрнекті ғалымы, ағартушысы, ойшыл-демократы еңбектерінің толық жинағын 60-жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясы дайыңдяп басып шығарды, ал 80-жылдарда олар қайта басып шығарылды.

Көшпелілердің, атап айтканда, қазақтардың қоғамдық ұйымдасу деңгейіне берілген баға көшпеліліктану тарихнамасының қалыптасу кезеңі бойында талай рет өзгерді. Мәлім болып отырғанындай, әуелі «жаратылысынан бар және өзгермейтін» рулық-тайпалық құрылымы, «патриархаттық-рулық уклады болған көшпелі қоғамдарды тапсыз, әлеуметтік жағынан айқындалмаған» деп тану орнықты, мысалы, ХІХ ғасырда Н. А. Аристов, XX ғасырдың 20-жылдарында А. П. Чулошников осылай деп санады. Бұл қоғамдар отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, ез мемлекетін өз бетінше құра алмайды деп саналды (В. В. Григорыев, шығармашылығының ертерек кезеңдерінде В. В. Бартольд) /21; 23/.

20-30-жыддарда арнайы Қазақстан тарихына арналған; соның ішінде ұлттық қазақ зиялыларының өкілдері жазған зерттеулер пайда болды. Бұлар - А. П. Чулошниковтың (1924 ж. ), М. Тынышбаевтың (1925 ж. ), С. Ж. Асфендияровтың еңбектері. Неғұрлым ертеректегі көзенде, ХІІ -XX ғасырлар шебінде қазақ халқы мен басқа да түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеушілер арасында С. Бабажанов, М. Шорманов, Т. Сейдалин, А. Жантөрин, С. Нұрмұхамедов деген және басқа да қазақтардың есімдері малім болды. Олардың еңбектері тарихнамада өлкетану еңбектері ретінде бағаланды. Ақын әрі философ Шәкерім Құдайбердіұлының «Түріктердің, қырғыздардың, қазақтардың және хан әулеттерінің шежіресі» деген шығармасын атап өту керек. Шежіре 1911 жылы Орынборда басып шығарылды. Бұл-қазақ халқының құрылу тарихын Әбілғазы, Н. А. Аристов, В. В. Радлов еңбектерінің негізінде ана тілінде жаңғыртуға әбден сәтті жасалған әрекет болатын /19; 101-103/. Жүздердің рулық-тайпалық құрамы, жекелеген рулардың шежірелері, олардың таңбалары, хан әулеттерінің генеалогиясы баяндалған.

1935 жылы өзінің «Қазақстан тарихын (көне заманнан бергі) » бастырын, шығарған С. Ж. Асфендияров М. Тынышбаевтың қазақ тайпаларын ежелгі етіп керсеткен және олардың орналасқан аумағын шексіз кеңейткен қателіктерін керсетті. М. Тынышбаев жүздердің құрылуын Батый мен Орда-Ежен заманына жатқызады /30; 76/. Оның пікірінше, олардың иелігі тиісінше Орта жүз бен Ұлы жүз.

Міне, осындай мұрағаттық деректерді негізге ала отырып жазған қомақты зерттеу жұмыстары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына арналған. Дегенмен де, деректік негізі мол әдебиеттер орыс тарихшыларыынң монографияларында кездеседі. Сонымен қоса бұл тақырып көлемінде Қазақстандық ғалымдар да аз жазып жүрген жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ел тарихына көңіл бөлген тарих зерттеушілердің көпшілігі аталған тақырып жөнінде құнды еңбектер жазды.

Бірақ келешекте атқарылар жұмыс бұдан да көп, өйткені ол жөніндегі арнайы жазылған әдебиеттер бар болғанымен, жұртшылықтың ой-пікірі әлі де сан-алуан. Бұл тақырыптың теориялық мәселелеріне арналған әдебиеттер жеткілікті болғанымен де, әдістемелік әдебиеттер жеткіліксіз. Мұның өзі Отан тарихына деген жаңа көзқарастар мен таным-түсініктердің қажеттілігінен туындайды.

Зерттеу объектісі - орта мектептегі оқу үрдісінің 7 және 10 сыныптары.

Зерттеу пәні - ХІҮ - ХҮІ ғ. ғ. Қазақстан экономикасы және оны мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері.

Болжам - ХІҮ - ХҮІ ғ. ғ. Қазақстан экономикасы тақырыбын мектеп бағдарламасы бойынша сыныпта оқыту мен қатар сыныптан тыс жұмыста осы мәселені оқушыларға терең түсінуіне, танымдық білім сапасының артуына үлес қосады. Тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Бітіру жұмысының тәжірибелік маңызы : Жоғарғы оқу орындарында тарих мамандығы бойынша оқитын студенттерге Отан тарихының орта ғасыр тарихы курсы мен арнаулы курстар, семинар сабақтарын өткізу кезінде оқу-әдістемелік құрал ретінде және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ, ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде
Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz