Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары

Орындаған:

4 курс студенті (қолы, күні) Адильжанов. Р.

Жетекші:

т. ғ. д., профессор (қолы, күні) Ташенов М.

Рецензент: (қолы, күні) Валиханов Е.

Кафедра меңгерушісі:

т. ғ. д., профессор

қорғауға жіберілді

(қолы, күні)

«»2007Қаражан Қ.

Алматы 2007

Реферат

Диплом жұмысының көлемі 51 бет. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қосымша үш тараушадан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделген. Мәселенің тарихнамалық зерттелу деңгейі көрсетілген және деректанулық талдау жасалды. Сонымен қатар, мақсат - міндеті мен теория - методикалық негізі көрсетілді.

Бірінші тарауда қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің Қазақстан тарихындағы маңызының теориялық негіздері анықталып, талданды.

Екінші тарауда қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің жақтаушылары туралы баяндалды.

Үшінші тарауда қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің қарсыластары туралы баяндалды.

Бұл тақырып мүлдем зерттелмегендіктен, онда жаңа мәселелер көтерілді.

Қарастырылған ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей анықталды:

  • Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтар күресі ұлт - азаттық соғыстың ең жоғарғы сатысы
  • Ұлт - азаттық күрестің кезеңдері, сипаты мен ерекшеліктері
  • Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері
  • Кенесарының қолбасшылық, мәмлегерлік таланты және қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы саяси қызметі
  • Оңтүстік Қазақстанның кейбір қалаларының Қоқан хандығы билігінен босатылуы
  • Орыс әскерлерінің көтерілісшілерге қарсы жаппай шабуылы
  • Кенесары бастаған қазақтардың орыстар мен Қоқан хандығының және қырғыз манаптарының біріккен күштеріне қарсы күресі
  • Кенесарының соңғы шайқасы және қаза табуы
  • Ұлт - азаттық күрестің жеңілу себептері мен оның Қазақстан тарихындағы маңызы.

Диплом жұмысының қорытындысында зерттеудің нәтижелері мен негізгі ой - түйіндері тұжырымдалған.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі бірнеше себептері мынада: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір рубасыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де, кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхара хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған, кейбір қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.

Мазмұны

Кіріспе3-7

1. Қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің Қазақстан тарихындағы маңызы

1. 1. Ұлт - азаттық қозғалыстың басталу себептері және барысы 8 -10

1. 2. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күрес і 10 - 12

1. 3. Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілу і 12-21

2. Қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің жақтаушылары

2. 1. Көтерілісті жақтаушы қазақ рулары 22 - 28

2. 2. Көтерілісті жақтаушы қазақ батырлары 28 - 31

2. 3. Көтерілісті жақтаушы қазақ қоғамының жоғарғы әлеуметтік топтары -- 31 - 34

3. Қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің қарсыластары

3. 1. Кенесары хан және көтеріліске қарсы қазақ ақсүйектері35-37

3. 2. Кенесары ханның көтеріліске қарсы ішкі жаулармен күресі 37 - 42

3. 3. Қырғызстандағы күрес. Кенесарының қаза табуы 42 - 44

Қорытынды45-48

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 49-51

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патша өкіметінің отарлау саясатына қазақ халқы қатты қарсылық білдірді. Қазақтың ұлт - азаттық қозғалысы тарихындағы анағұрлым ірі көтерілістердің бірі Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс нақ сол XIX ғасырдың 20-40-жылдарында болған - ды. Бұл көтеріліс қазақтың үш жүзін түгел бірінен соң бірін қамти отырып, 10 жыл бойына созылды, сөйтіп халықтың қалың бұқарасын күреске тартты. Бұл көтерілістің айрықша көңіл аударарлық жері сол: оның барысында қазақ елінің саяси тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында біртұтас қазақ мемлекетін құруға соңғы рет талпыныс жасалынған еді. Көтерілістің себептері мен қозғаушы күштерін талдау, оның өзіне тән ерекшеліктерін және оның прогресшілдігі мен бұқаралығы қаншалықты дәрежеде болғаны жөніндегі мәселені зерттеу, ақырында көтерілістің жеңіліске ұшырау себептерін және оқиғаның одан былайғы барысына оның ықпалын анықтау - сол заманды зерттеуші тарихшы үшін қызғылықты мәселелер, міне, осы / 1/.

Ұлт - азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі - 1837 - 1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. Отарлық басып алушылыққа, Орта жүзде әскери желілер салуға және өлкелер ұйымдастырылуына қарсы наразылық білдіру тұрғысында Кенесары Қасымұлы ханның қолбасшылық етуімен басталған бұл көтеріліс 10 жыл бойы қуатты империяның күш - құралдарын өзіне аударды, Орта және Ұлы жүздердің бірсыпыра жерлерін соғыспен бағындыру мерзімдерін кейінге шегерді, сөйтіп ол қырғыздар жеріндегі жеңіліспен аяқталды.

Бұл көтеріліс царизмның отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ең қуатты қозғалысы болды. Көтерілістің шыққан кезі патшалық Ресейдің отарлық иеліктерін кеңейте түсіп, қысым жасауының әкімшілік және әскери шараларына қарамастан өзінің оңашалануын сақтап тұрған аудандардың тәуелсіздігін жоюға бұратола кіріскен уақытымен тұспа - тұс келді.

1837 -1847 жылдардағы көтеріліс өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Ол орыс халқына қарсы емес, ол отаршылдық тәртіптердің орнығуына және даланың байырғы тұрғындарының ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен ығыстырылуына қарсы бағытталды. Оның мәнін ғылыми - сын тұрғысынан түсінуді талап ететін қарама - қайшылықтары, анықталмаған жағдайлары аз емес.

Өлкенің Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт - азаттық күресінен жалпызаңдылықтар мен бірқатар аз зерттелген жайттарды баса айтуға болады /2/.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы жүргізілген Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісінің мәнін, тарихи маңызын жан-жақты түсіну үшін, ең алдымен сол тарихи құбылыстың зерттелу

3

деңгейін біліп алуымыз керек. Олай болса, бұл күрделі мәселе тарихнама ғылымының әр кезеңдерінде әрқилы жағдайда зерттеліп, әртүрлі бағаға ие болып келгендігі белгілі. Енді, осыған көз жеткізуіміз үшін нақтылы тарихи дәлелдер келтірейік.

Шоқан еңбектерінде бұл көтеріліс шындықты бұрмалай қортындылады: "Бүлікші сұлтан Кенесары - 1) феодалдық-монархиялық қозғалысқа бас болды; 2) Хандық билікті қалпына келтіруге тырысты; 3) Ортазия феодалдық мемлекеттеріне ұқсас, сондай саяси құрылымды аңсап, жекедара қазақ хандығын құрғысы келді, ”/3/-т. б. шындыққа сыймайтын кері пікірлер айтылды.

ХIХ ғасырдың II жартысында орыстың тарихшыларының ішінде Кенесары көтерілісін арнайы зерттегендер М. Красовский мен И. Завалишин болды. Б ұл екі авторды ерекше бөліп алып қарайтынымыз:1) М. Красовский Кенесары көтерілісін патшалықтың сыртқы саясатымен байланыстыра талдайды. Әрине, бұл жері көңілге қонады /4/. Дегенмен, автор, 1822 жылғы патшалықтың "Хандық билікті жою туралы Уставы шығуының салдары себеп болған көтеріліс болса да, патшалықтың жаулап алу саясатын ақтау бағытын ұстап отырғандығын аңғартады; 2) И. Завалишинның зерттеу еңбегіне келер болсақ, ол кітап патшалық империяның шеткері аймақтарды басып алып, Ресей жерінің аумағын одан сайын кеңейту саясатын дәріптеу тұрғысында жазылған.

1870 жылы "Вестник Европы" журналының №2 санында Н. Середаның ғылыми құнды мақалалары жарық көрді. Б ұл мақалаларында автор көтеріліс басшысы Кенесарыға берген бағасы мен көтерілістің саяси сипатына деген көзқарасында қарама-қайшылық байқатады:Халықтық көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» дейді де көтерілісті басқарған Кенесары ханның өзін «құйын мен дауылға теңейді». Оның үстіне, автор осы еңбегінде Кенесарыны Европа әскерлерінің дарынды қолбасшыларына теңейді. Сондай-ақ, В. Поттоның еңбегінде, орыс әскерлерінің полковнигы, зерттеуші М. Венюковтың еңбегі, тіпті, басқа мәселелерге арналса да, Кенесары көтерілісі жөнінде тартымды да, қызықты мәліметтер берген: Мысалы, Кенесарының Екатерининская станицасын алуы туралы;

Кенесары көтерілісінің әрқилы жақтары туралы нанымды тарихи деректер В. Поттоның еңбектері мен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивы қорларында ғана шындық тұрғысынан көптеп кездестіруімізге болатындығын ерекше айтуымыз керек.

1831-1833 жылдарда Польша азаттық қозғалысына атсалысқан Адольф Янушкевич өз еңбегінде Кенесарыға көтерілістің көсемі ретінде қарап, әділ баға беруге тырысып, біршама іштартқандығын білдіреді.

XIX ғасырдың 50-ші жылдарында Верный қаласында болған ұлы саяхатшы П. Семенов-Тянь-ІІІанский біршама тарихи деректер мен мәліметтерге сүйеніп: «Кенесары біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Кіші Азияда Понт патшасының билеушісі Рим құлиеленуші мемлекетінің жаулағыш саясатына қарсы тұрған Митридат VI Евпатормен тең деп қарауымыз қажет»/5/- деген өте жогары баға береді.

4

Кезінде біршама талас тудырған, Кенесары ханның ұлы Ахмет Кенесаринның «Сұлтандар Кенесары және Садық» деген еңбегін терең, арнайы зерттеу деп қарау, әрине, біржақтылық пікір туғызуы мүмкін.

Ал, Кеңес үкіметі тұсына келетін болсақ, Кенсары көтерілісі туралы: 1) большевиктік идеология; 2) тап күресі; 3) саяси-әлеуметтік принциптерге негізделген монокоммунистік бағыт ұстаған зерттеулер көптеп саналады.

Дегенмен, ресми тарих ғылымында үстемдік еткен коммунистік идеологияға қарама-қарсы пікірлерін жасырмай айтып, жазған ғалымдар ішінде орыс ғалымы А. Ф. Рязановтың еңбегін айтуға болады.

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін ерекше сипаттап, насихаттаудағы бір белес - ол 1943 жылғы жарық көрген «Казақ ССР тарихы». Республика көлемінде орыс тілінде жарық көрген бұл монографиялық зерттеу - ақиқатымен ақтарылып, нағыз ғылыми жолмен зиялы қауымды таңғалдырған еңбек болып табылады /6/.

1837-1847 жылдардағы Кенесары көтерілісін ақиқат жолмен зерттеуде тарихи елеулі оқиғаға айналған, 1947 жылы жарық көрген, қазақ халқының біртуар перзенті, көрнекті тарихшы Ермахан Бекмахановтың атақты, тарих ғылымына қомақты үлесімен қосылған монографиялық зерттеуі болып табылады.

60-шы жылдары қырғыздың ғалым-зерттеушілері де Кенесары көтерілісіне объективті түрде баға береді. Мысалы, Б. Жамгерчиновтың 1945-1963 жылдардағы жарық көрген зерттеу - еңбектері бұған дәлел бола алады. 1984 жылы жарық көрген «Қырғыз ССР-і тарихының I томында да Кенесары көтерілісіне қомақты да байсалды баға береді.

Елімізде қоғамдық дамудың соңғы кезеңінде хан Кене бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне коғамдық пікір түбегейлі өзгеріп, қайта оянып, жаңа тың деректер мен тарихи мәліметтер жариялана бастады. Енді солар жөнінде тоқталып өтейік:1) Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына әділ баға беру ісін ең алғашқылардың бірі болып қолға алған "Жұлдыз" журналы редакциясында тарихшы, әдебиетшілердің басын қосып дөңгелек стол ұйымдастырған көрнекті жазушымыз Мұхтар Мағауин болды. 2) Ұлттық Ғылым Академиясы жанындағы Қазақстанның тарихы институтының директоры, белгілі ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың бастамасымен жарық көрген, Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттеріне арналған тарихшы-ғалымдардың ғылыми жинағында осы маңызды проблемаға 3 мақала орын алған:а) Н. М. Дружининның Е. Бекмаханов туралы естелігі; б) К. Н. Нурпеисовтың «Бір істің тарихы» атты Е. Бекмахановке арналған мақаласы; в) Ж. Қ. Қасымбаевтың тарихи мақаласы Е. Бекмахановтың өмірі мен саяси қоғамдық қызметіне арналған. 3) 1991 жылы «Қазақстан коммунисті» журналының №3 санында академик Р. Б. Сулейменов пен профессор Ж. Қасымбаевтың Кенесары қозғалысына арналған мақалалары архив деректері негізінде жазылып, әлі де басы ашылмай жатқан мәселелерге түрткі

5

болды /7/. 4) 1991 жылы Ақмола қаласында академик Манаш Қозыбаевтың жалпы редакциялауымен жарияланған Кенесары қозғалысына арналған тарихи жинақ жарық көрді. Бұл еңбектің бірден-бір құндылығы сол - онда қазақ даласындағы өткен XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістердің зандылығы мен ерекшеліктері, әсіресе, Кенесары қозғалысының кең географиялық өңірдегі барлық оқиғалармен байланыстыра талқылануында еді /8/.

Қорыта айтсақ, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық козғалысы объективті түрде жалпыұлттық мақсатпен ынта-ықыласты халық қамын, үстем тап өкілі де қорғайтынын дәлелдеді. Қазақтың дербес, тәуелсіз мемлекетін құрудағы бұл қозғалыстың тарихи мәні зор екені сөзсіз /9/.

Деректік негізі. Диплом жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданған дерек көздерін төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық: 1) монографиялық зерттеу; 2) оқулық; 3) оқу - әдістемелік көмекші құрал.

Тақырыптың мазмұнын ашу барысында кейбір авторлардың еңбектері Е. Бекмаханов, Ж. Қасымбаев, С. Мәшімбаев, М. Қойгелдиев т. б. кеңінен қолданылды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары жаңаша тұрғыда зерделеу диплом жұмысымыздағы басты мақсатымыз болып табылады. Бұл үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:

- Тегінде XVIII ғасырдың аяғындағы және XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстары тарихында бұл - қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды қамтыған бірден - бір көтеріліс: оған Орта жүз, Кіші жүз, Ұлы жүздердің руларының қатысуы;

- Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске старшындар да, сұлтандардың тартылуы;

- Топ жетекшілерінің арасында атақты халық батырларының болуы;

- Қоғамдық дамудың феодалдық сатысынан аса алмаған қазақ жұртының бытыраңқылығы;

- Ұлт - азаттық қозғалысын қазақтың нағыз деген бай-шонжарлары, ауқаттылары қолдамады, қайта олар өздерінің жеке бастарының мүддесін жоғары қойып, сатқындық, опасыздық жолына түсіп, патша әскерлері мен жендеттеріне көмек көрсетуі;

- Көтерісшілер негізінен бұқара халықтан шыққан қара шаруалар болды да, мұндай жауапты да шешуші күреске келгенде, олардың әскери дайындығы төмен болды, жетілдірілген қару - жарақтары болмауы;

- Қазақтардың ұлт - азаттық қозғалысын біржола тұншықтыруға, Қазақстанның отар ел ретінде қала беруіне көршілес Қоқан, Хива, Бұхара хандықтары мен қырғыз манаптарының өте мүдделі болғандықтары дәлелденуі;

Бұл тақырып мүлдем зерттелмегендіктен, онда жаңа мәселелер көтерілді.

Қарастырылған жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей анықталды:

-Бұл қозғалыс қалың қазақ бұқарасының саяси мектебі ретінде танылды.

6

Kейінгі уақытта да патшалықтың сол отарлау саясатына қарсы күрес эволюциясы Кенесары көтерілісімен сабақтасып отырды;

- Бұл көтеріліс - бұқара халықтың күш - жігерін бір орталықтан дұрыс ұйымдастыра алған жағдайда ғана жеңіске жетуге болатындығын көрсетті;

- Кенесары көтерілісі патшалықтың отарлау саясатынан туындайтын біраз шараларды кешеуілдетті;

- Көтеріліс қазақ даласына отаршылдық саясатты біржола енгізу жолына бірден - бір тосқауыл болды;

- Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қазақ халқының тәуелсіздік, бостандық жолында күресе алатын халық екендігін, және отарлық тағдырға ешуақытта бағына алмайтын нағыз батыл да қаһарман, әділ де жауынгер халық екендігін бүкіл әлемге паш етті десек те, еш артық айтқандық емес деп бағалаймыз. Оған дәлел: алыс шетелдерде Қазақстан тарихының терең де жан - жақты зерттелгендігі барша зиялы қауымға мәлім. Өте құнды деректерді солардан алып, тарихи шындық пен ақиқатқа көз жеткізуге болады деп білеміз.

Диплом жұмысының теория - методологиялық негізі қазіргі Қазақстандық тарихшылардың зерттеулеріне негіз болған және бүгінгі күні Отан тарихының мәселелерін зерттеудегі еліміздегі тарих ғылымының дамуында өңделген концепциялардың жиынтығы болып табылады. Ал жұмыстың методологиялық негізі тарихты зерттеудің гуманистикалық және өркениеттік пен тарихилық болып табылады.

Жұмыстың хронологиялық шегі. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері IX - ғасырдың 1837 -1847 жылдар аралығын қамтиды.

Құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай үш тараудан, қосымша үш тараушадан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер реті берілген.

7

1. Қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық күресінің Қазақстан тарихындағы маңызы

1. 1. Ұлт - азаттық қозғалыстың басталу себептері және барысы

XIX ғасырдың 30- жылдарының аяғында Ресей империясының отарлау саясаты қазақ жеріне ішке қарай енген сайын қазақтардың отарлық саясатқа қарсы күресі күшейе түсті. Отарлық саясат тек Кіші жүзде ғана емес, Орта жүз қазақтарына да тісін батыра түскен. Орта жүзде ұлт - азаттық қозғалысты 1837 жылы Абылай ханның немересі Кенесары Қасымов бастады. Бұл кезге дейін Кенесары өзінің әкесі Қасымның Қоқан хандығына қарсы күресіне қатысып, әділетсіздікті өз көзімен көріп өскен еді. Жорықта шыныға, әділетсіздікке қарсы күресе отырып, қазақ даласының даналығын, күш-қайратын бойына сіңірді. Ол ұлттық сананы оята алатын, ұлттық туды мақсатты асқар шыңға көтере ұстап халықтың тірегі мен бірлігін қорғай алатын болып ерте қалыптасты.

Сөйтіп жүрген кезінде Кенесарының туған жері Көкшетауға да орыс бекіністері салына бастады. Бүған қарсы болған Кенесары бірнеше рет Ресей патшасының Сібірдегі әкімшілігіне хат жазады. Бір хатында ол былай деген: «Ата-бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазлық, Жарғайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоғзақ - қазіргі патша тұсында біздерден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге өмір сүруімізге де қауіпті». Хаттарына ешқандай жауап болмаған соң Кенесары Ақмола округында халық қозғалысына басшылық жасайды. Бұл кезде Ақмола бекінісі салынып, қазақтар жерінен қуылып жатқан болатын. Ауыр езгіге шыдай алмаған қазақтар туған жерлерін тастап Кіші жүз жеріне көшеді. «Тамыз айында Ақмола округының 6 болысы Кіші жүзге, орыстар билігінен азат етуге уәде берген Абылайхановтар әулетіне көшіп кетті», - деп жазды полковник Талызин.

Ақмола жеріндегі көтерілісті басу үшін Сібір әкімшілігі бірнеше рет әрекет жасап, қазақтардың Кіші жүзден өз ауылдарына қайтуын талап етеді. Бұдан ештеме шықпаған соң, патша өкіметі қазақ даласына арнаулы әскери отрядтар жібереді. Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс Орта жүз жерін толық қамтиды. 1837 жылдың аяғы мен 1838 жылдың басында Қарқаралы округы түгелдей көтеріліске шығып, ұлт-азаттық қозғалыс бұқаралық мән алады. Сөйтіп 1836 - 1838 жылдары Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысына ұласады, «Кене хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы көптеген күрестерден өзгешелігі елдің тәуелсіздігін, мемлекеттігін негізгі күрес мақсаты етіп күн тәртібіне қойғандығы»/10/ - деп баға береді академик, тарихшы М. Қозыбаев. Көтерілістің негізгі себебі

8

қазақтардың тек қана жерінен айрылып қана қоймай, ғасырлар бойына қалыптасқан көшпелі мәдениеттің тамырына балта шабылып, көшпелі қоныстың шеңбері өрісінен айырыла бастады. Сондықтан Кенесары жер үшін ғана емес, қазақ халқының сақталуы және оның мәдениетінің дамуы үшін күрескен адам.

Кенесары Орта жүз жерінен еріксіз кеткені туралы белгілі ғалым, тарихшы С. Асфендияров былай дейді: «Ұлытау, Көкшетау, Атбасар жерлерінде Есіл Шебі салына бастағаннан кейін Сібір әкімшілігі Кенесары ауылдарына қысым жасап, Кенесары туған жерінен ауылымен көшуге мәжбүр болды. Ол Сібір әкімшілігінің казак отрядтарымен соғыса отырып, Кіші жүз жеріне өтіп, Ырғыз және Торғай өзенінің жағалауына жетеді»/11/.

Ұлт - азаттық қозғалыстың Орта жүзде бірінші кезеңі аяқталып, Кіші жүз жерінде 1840-1845 жылдары екінші кезеңі басталады. Екінші кезеңнің басталуы Кіші жүзде бейбіт жағдайда өтеді. Оның негізгі себебі, біздің ойымызша, бұл уақытта Кенесары жаңа жерге келгеннен кейін Орынбор генерал-губернаторы Перовскиймен хат алмасып, Ресей әкімшілігіне сөзін тыңдатып, өзінің мақсатына жетуді ойласа, екіншіден, екі жақтан қыспаққа түсе отырып, соғыс жүргізу мүмкін емес еді. Сібір генерал-губернаторы Горчаков әскери казактарды жіберіп қудалауын әлі тоқтатпаған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Исатай - нағыз батыр
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азатт козгалыстын басталуы
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.)
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
Сырым Датұлының өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz