Инновациялық педагогика



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5

I.тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның
теориялық негіздері.

1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
1.2.Деңгейлеп оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.14

1.3. Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.22

II . тарау. Бастауыш мектептің оқу. тәрбие үрдісінде деңгейлеп
оқыту технологиясын пайдалану жолдары.
(оқушылардың даму мониторингі, бағалау рейтингісі) ... ... ... ... .23.26

2.1.Бастауыш сыныптардағы тіл сабақтарында деңгейлеп оқыту
технологиясын қолданып жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.30
2.2.Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағын деңгейлеп
оқыту технологиясына сүйене жүргізудің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... 31.40

2.3.Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін анықтау
бойынша эксперимент нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41.44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.48

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49.60
Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу –тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды , оқушылардан танымдық , шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып , үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым – саты »,- деп В .Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт , жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес , танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал – тәсілдердің жиыны , іс – қимыл , қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе , Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал жасау»,В.П.Беспалько «Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер», деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог ғалымдар:
Ә . Жүнісбек, А. Таубаева , Ж. Қараев , М. Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кең қолданылады. [ 5].
Педагогика ғылымдарының докторы , профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мұнда баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.
Ал, В.П.Беспалько деңгейлік технологиясы :
1. «Міндетті», «оқушылық».
2. Алгоритмдік .
3. Эвристикалық .
4. Шығармашылық ,- деп төртке бөлді. Ж. А. Қараевтың технологиясында төрт деңгейлік тапсырмалар кездеседі.Онда:
1. Жаңа өтілген тақырыпты қайталау, пысықтау , ереже жаттау.
2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Танымдық іздену.
4. Ұғым , түсінік , қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.
Деңге йлеп оқыту технологиясының төрт деңгейлік тапсырмаларын барлық оқушылардың толық орындауы талап етіліп, әр деңгей ұпаймен белгіленіп, рейтингті жүйелеп есептелінеді , мониторинг бойынша баға қойылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді . Яғни мықтылар өз қабілеті мен икемдігін бекіте түседі. Әлсіздер өзіне сыни көзбен қарауға дағдыланып сенімсіздіктен арылып , белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген құлшыныс ұлғайып , білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді.[4]
Н.Ә. Назарбаев : «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп көрсетті.
Осыған орайда , филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүсіпбектің «Қазақ тілін меңгерту үшін оның грамматикасын ескеруіміз қажет » деген пікіріне сүйенуіміз қажет . Ал , қазақ тілін терең білім беруде деңгейлеп оқытудағы грамматикалық тапсырмалар мұғалімнің де , оқушының да шығармашылық пен ғылыми ізденуіне жол көрсетеді.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі Ж.А.Қаревтың деңгейлеп оқыту технологиясындағы оқушылардың білім деңгейіне қарай жұмысты ғылыми түрде қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару болып табылады[19].
Зерттеудің мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның ішінде «Деңгейлеп оқыту технологиясын» пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Бастауыш мектептің білім мен тәрбие беру ерекшелігіне сай әрбір пәндерінің жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:
1.Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.
2.Бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып , оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау жүйесін жасау, шеңберін кеңейту.
3.Білім берудегі педагогикалық инновациялық әдістемеліктерге сүйене отырып , сынақ (тест) , сауалнама және сабақ жоспарының үлгілерін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін бастауыш мектеп пәндерінің ерекшелігіне , мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп , яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық – педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді , себебі деңгейлеп оқыту бастауыш мектеп пәндерінің деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептің оқу –тәрбие үрдісіндегі
қазақ тілі пәні.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 3- сыныбындағы өтілетін
қазақ тілі пәні.

Зерттеудің деректі көздері : Педагогтардың , психологтардың таным ,білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері , инновация туралы ғылыми еңбектер, деңгейлеп оқыту технологиясы туралы ғылыми еңбектер , Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы » және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы », «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», озат мұғалімдердің іс тәжірибелері .

Зерттеудің әдістері: бастауыш мектептердегі пәндерде деңгейлеп оқыту технологиясының принциптеріне сүйене отырып әр сабақты жан – жақты жетілдіріп маңыздылығын арттыру.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :
I- кезеңде (2003-2004ж.)зерттеу жұмысының мәселесі бойынша «Бастауыш сынып оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияны қолдану » тақырыбына курстық жұмыс жазылып ,«өте жақсы » деген бағаға қорғалды.
II - кезеңде (2005- 2006 ж) (12.09- 22. 10) зерттеу тақырыбы «Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығын » ашуда қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың практикалық –эксперименттік жұмыстары жасалынды.
III- кезеңде (2005- 2006) (13. 02- 12. 06) жұмыстың даярлығы анықталынып алдын –ала қорғауға жіберіліп отыр.

Зерттеудің жаңалығы:мектептің оқу –тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың инновациялық әдіс –тәсілдерін пайдаланудың негіздемесі жасалынды.
Мектептің оқу тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың әдіс –тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.
Зерттеудің базасы : Тұрар Рысқұлов атындағы №48 қазақ орта мектебі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның
теориялық негіздері.

1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6-8
1.2.Деңгейлеп оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..9-14

1.3. Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму

мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-22

II – тарау. Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп
оқыту технологиясын пайдалану жолдары.
(оқушылардың даму мониторингі, бағалау
рейтингісі) ... ... ... ... .23-26

2.1.Бастауыш сыныптардағы тіл сабақтарында деңгейлеп оқыту
технологиясын қолданып жүргізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-30
2.2.Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағын деңгейлеп
оқыту технологиясына сүйене жүргізудің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ..31-40

2.3.Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін анықтау
бойынша эксперимент
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...41-44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45-46
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .47-48

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49-60

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында
Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша
қарауда: мұғалімнің оқу –тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды ,
оқушылардан танымдық , шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті
ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды.
[1].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып , үздіксіз ілгері жылжи береді.
Ғылым – саты ,- деп В .Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім
жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа
бағыт , жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде
емес , танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал – тәсілдердің жиыны , іс –
қимыл , қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе , Б.Т. Лихачев
Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал
жасау,В.П.Беспалько Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге
асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс –
тәсілдер, деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог
ғалымдар:
Ә . Жүнісбек, А. Таубаева , Ж. Қараев , М. Жанпейісовалардың еңбектері
білім беру үрдісінде кең қолданылады. [ 5].
Педагогика ғылымдарының докторы , профессор Жауынбай Амантұрұлы
Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан –
жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мұнда баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар
даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін
ашуға болатындығы ескеріледі.
Ал, В.П.Беспалько деңгейлік технологиясы :
1. Міндетті, оқушылық.
2. Алгоритмдік .
3. Эвристикалық .
4. Шығармашылық ,- деп төртке бөлді. Ж. А. Қараевтың технологиясында төрт
деңгейлік тапсырмалар кездеседі.Онда:
1. Жаңа өтілген тақырыпты қайталау, пысықтау , ереже жаттау.
2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Танымдық іздену.
4. Ұғым , түсінік , қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.
Деңге йлеп оқыту технологиясының төрт деңгейлік тапсырмаларын
барлық оқушылардың толық орындауы талап етіліп, әр деңгей ұпаймен
белгіленіп, рейтингті жүйелеп есептелінеді , мониторинг бойынша баға
қойылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік
деңгейіне орай оқытуды көздейді . Яғни мықтылар өз қабілеті мен икемдігін
бекіте түседі. Әлсіздер өзіне сыни көзбен қарауға дағдыланып
сенімсіздіктен арылып , белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген
құлшыныс ұлғайып , білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді.[4]
Н.Ә. Назарбаев : Қазақстан Республикасын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту – Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы, деп көрсетті.
Осыған орайда , филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүсіпбектің
Қазақ тілін меңгерту үшін оның грамматикасын ескеруіміз қажет деген
пікіріне сүйенуіміз қажет . Ал , қазақ тілін терең білім беруде деңгейлеп
оқытудағы грамматикалық тапсырмалар мұғалімнің де , оқушының да
шығармашылық пен ғылыми ізденуіне жол көрсетеді.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі Ж.А.Қаревтың
деңгейлеп оқыту технологиясындағы оқушылардың білім деңгейіне қарай жұмысты
ғылыми түрде қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару болып табылады[19].

Зерттеудің мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның
ішінде Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалануды теориялық және
практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін
тексеру.
Бастауыш мектептің білім мен тәрбие беру ерекшелігіне сай әрбір
пәндерінің жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:
1.Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.
2.Бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясының
элементтерін қолдана отырып , оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау
жүйесін жасау, шеңберін кеңейту.
3.Білім берудегі педагогикалық инновациялық әдістемеліктерге сүйене
отырып , сынақ (тест) , сауалнама және сабақ жоспарының үлгілерін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер деңгейлеп оқыту технологиясының
тиімділігін бастауыш мектеп пәндерінің ерекшелігіне , мақсатына сай
қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп , яғни оқушының
сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан
оқушыда психологиялық – педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі
күрделенеді , себебі деңгейлеп оқыту бастауыш мектеп пәндерінің деңгейінің
жоғары болуына әсерін тигізеді.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептің оқу –тәрбие үрдісіндегі
қазақ тілі пәні.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 3- сыныбындағы өтілетін
қазақ тілі пәні.

Зерттеудің деректі көздері : Педагогтардың , психологтардың таным
,білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері , инновация
туралы ғылыми еңбектер, деңгейлеп оқыту технологиясы туралы ғылыми еңбектер
, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан Білім туралы заңы және
Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы , Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, озат мұғалімдердің іс
тәжірибелері .

Зерттеудің әдістері: бастауыш мектептердегі пәндерде деңгейлеп
оқыту технологиясының принциптеріне сүйене отырып әр сабақты жан – жақты
жетілдіріп маңыздылығын арттыру.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :
I- кезеңде (2003-2004ж.)зерттеу жұмысының мәселесі бойынша Бастауыш сынып
оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияны қолдану тақырыбына
курстық жұмыс жазылып ,өте жақсы деген бағаға қорғалды.
II - кезеңде (2005- 2006 ж) (12.09- 22. 10) зерттеу тақырыбы Деңгейлеп
оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығын ашуда қазақ тілі
пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың практикалық
–эксперименттік жұмыстары жасалынды.
III- кезеңде (2005- 2006) (13. 02- 12. 06) жұмыстың даярлығы анықталынып
алдын –ала қорғауға жіберіліп отыр.

Зерттеудің жаңалығы:мектептің оқу –тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың
инновациялық әдіс –тәсілдерін пайдаланудың негіздемесі жасалынды.
Мектептің оқу тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың әдіс –тәсілдерін
пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.
Зерттеудің базасы : Тұрар Рысқұлов атындағы №48 қазақ орта мектебі.

I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның
теориялық негіздері.

1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері.

Еліміздің егемендік алып , қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің
осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы
мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:
білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда. [1].
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау
қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім
беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және
радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына ,
азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын
дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың
басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды
дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға
ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім
беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [2].
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында
қазіргі мектептер:
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді
көздейді.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған
оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде
жаңашыл инновация деп аталады.
Инновация ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол
кейбір ғалым дардың еңбектерінде жаңа,жаңалық енгізу деп көрсетіледі.
Кейбіреулері оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл
түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген
өзгерісті сипаттайды [6].
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда
мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін
екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым
этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту
дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген
жаңалық. [9].
Ғылымның қайнар көзі -Ресейде инновация ұғымына өте үлкен
күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл
термин кезікпейді. Инновация ғылымына берілген ең ескі емес анықтама ,
бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі
Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны
былайша түсіндіреді: Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын
идея.Кейіннен инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу
мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –инновация
нововедение новшество новое т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты
әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны -
нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек,
инновация мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет бұрудың кілті.[11]
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен
технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің
қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу
ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке
– ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп
жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып
жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр , Қазіргі педагогикалық
қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу
мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында көрсетілген. [3]
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі
ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан
экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа
прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық
даму перспективалары айқындалған.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші
жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау
мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова ,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов,
М.М.Потащник, В.И.Загвязинский , Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б.
зерттеулерінде қарастырылған. [4]
Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы , Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы ,
В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері
(сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы , П.И.Третьяковтың ,
К.Вазинаның , М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы ,
В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың
технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың Перспективті
дамыта оқыту технологиясы , Н.П.Гузиктің Сынып ішіндегі деңгейлеп
–саралап оқыту технологиясы , В.В.Фирсовтың Міндетті нәтижелер
негізіндегі саралап оқыту технологиясы , Н.Н.Пиканның Саралап деңгейлеу
технологиясы,В.Дьяченконың Жобалап оқыту технологиясы ,
М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы , В.М. Монахавтың
технологиясы , Д.Б. Эльконин ,В.В Давыдовтың Дамыта оқыту технологиясы ,
В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі , И.П.Волковтың Шығармашылық пен дамыта
білім беру технологиясы , Ш.Амоношвилидің Ізгілікті – тұлғаны оқыту
технологиясы , В.Д.Шадриков жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту
технологиясы , Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы Ақпараттық оқыту
технологиясы (Дьяченко) , Проблемалық оқыту технологиясы , Ойын арқылы
оқыту технологиясы В.В . Гузив т.с.с. жаңа технологиялық оқыту түрлері
зерттелді.[34]
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру
бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның
өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін
оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны
мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму
процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология
құрылымын түсіну кілті бола алады. (Қосымша №1 кесте).
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров,
С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа
технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.
Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , прфессор
Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде
қолданысқа ие болуда. [6].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына
сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз
қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен
енгізілуі керек.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық
және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа
әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және
қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.[11]

1.2.Деңгейлеп оқыту технологиясы.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм
идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін
мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана
отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау
қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық
- оқушы және оның жеке тұлғасы.[8].
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі
туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға
болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап
етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың
деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы
болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында
бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа
технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы
алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз ,
бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша
оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. [19].
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін
мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып
табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді
жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке
тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге
бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын ,
оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал ,
сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін
оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру
қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі.
Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып,
жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол
мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып,
тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін.
Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне,
негізгі мәселе осында жатыр. [1].
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей
бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) –эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру
мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей –түсініктерді жүйелеу деңгейі
. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы
ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[19].
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына
әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде
ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші
деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан
меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші
деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару
қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар -
өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған
тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында
мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік
ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес
оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас
ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға
беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.
Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс
орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік
тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының
белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік
оқыту барысында біліктілікке жетеді. [19].
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі,
мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын ,
оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты
лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер,
жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де
есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап ,
түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді
, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады.
Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық,
лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып
бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді.
Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық
дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы ,
жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары
болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың
шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау
дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау
жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау,
суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр
түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау,
салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі
жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты
балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының
өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын
орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу
ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін салмақтыңартуы басты
себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға
қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.[4].
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып
білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып
,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық ,
күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі
шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс
пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де
нәтижелі болу үшін :
*жеке тұлға ерекшеліктеріне;
*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне ,
ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
*пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет
тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [11].
Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Дайындық кезең Оқушыларды оқу материалын
базалық , бағдарламалық
күрделенген деңгейлер
бойынша игеруін анықтау.
Диогностикалық Білімді меңгеру деңгейін Диагностика нәтижелері
кезең. анықтайтын тапсырмаларды мен өз қызығушылықтары
дайындау. Оқушылардың негізінде пәнді оқу
білімді меңгеру деңгейін деңгейі
диагностикалау . Оқушылардантаңдалады.Оқушы
сауалнама алу.Сынып өзіндік таңдау
жетекшілерімен оқушылар жасайды.
және олардың ата-аналарымен
әңгімелесу.
Оқушыларды топтарғаОқушыларды топқа бөлуді Белгілі топты оқушының
бөлу кезеңі ұйымдастыру : әр топ үшін таңдауы. Топтардағы
оқу мазмұнын анықтау . Әр оқыту талаптарының
деңгейде оқытуға қойылатын жобасын талқылауға
нақты талаптарды дайындау қатысу.
Дайындалған талаптарды
оқушыларға ұсыну.
Деңгейлеп оқыту Оқушылардың топтардағы Таңдалған топта өзінің
жүзеге асырылу жұмысын ұйымдастыру. оқу іс-әрекетін
кезеңі. ұйымдастыру.
Деңгейлеп оқыту Атқарылған жұмыстар нәтижесіЖеткен нәтижелер
жағдайына білімді бойынша оқушыларды бағалау. бойынша өзара
меңгеру нәтижелерінКері байланыстың дұрыс бағалауды және
бағалау кезеңі. орнауы , жүзеге асыру. өзін-өзі бағалауды
жүзеге асыру.

Бастапқы ғылыми идеялар :
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып
білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып,
олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту
құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі
деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік
стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс
пайдалануына мүмкіндік береді.
-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы
тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне ,
ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет
тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек ).
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен
құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп
атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік
жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары
(тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші – практикум сабақтар.Балалардың даму деңгейінің бірыңғай
болмауына , жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге
байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.
Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды
беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп
саралап оқытуды ұйымдастырады . [34].
Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны
мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша
технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың ,
В.Шейманның , Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты – оқушының оқу танымдық
қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ
үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік ) деңгейінде жан-
жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар
жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған
әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны
технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы
тиіс (В.Беспалько).
-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие
үрдісінің табысына негізделуі қажет.
-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл
тексеріліп , базалау қажет.
-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп ,
даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы
қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:
-оқушыға сенімділік білдіру;
-пәнге қызығушылығын арттыру;
-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген [4].
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты
балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан
мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік
сұрақтар қойып отыру .Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі
сабақта қарастырылды.
(Қосымша №2-3 кесте ).
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды
қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын
талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік
береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін
қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа
қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар
арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге
дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен
оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге ,
ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті
дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс
-әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз
бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан
кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт
беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын
тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда
оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай
ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы
әр сабақта жинаған ұпайларын Даму мониторинг кестесінде белгілеп отыру
арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын
жұмыстар.
- оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
- дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
- әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе
алады, материалды толық меңгереді.
- жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
- тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
- өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
- бақылау жұмысы алынады.
- бақылау парағы жасалады.
Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең . Мектеп
оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді.
Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл –
ойы дамиды , ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймай, соны игеріп , ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету
мақсатын көздейді.

1.3.Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың
даму мониторингі.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары
жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда , академик В.М.
Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық
тәсілі.[30].
Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген
мектептерінде қолданылып жүрген:
-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру
Принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш
рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық
технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы
ретінде енгізетін болсақ, онда:
- білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;
- оқыту сапасын арттыруға;
- басқару тиімділігін жетілдіруге;
- оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
- оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр[19].
Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың тиімді
пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да , бірқатар мектептерде
жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік –сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті
дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне
енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде
жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы [4].
Педагогикалық технология
Тәжірибеде
жүзеге асыру

+

Бұл жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс, сабақ түрі,
құралдар}Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}
Тқ
Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр
оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай
өзгеруін талап етеді.
Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды
орындау.
Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін
-өзі басқарады)
Жалпы , педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты
–жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде
де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті- оқыту
мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке
тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті
белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік
жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының)
олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.
1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-
әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің
мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен
айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы оқыту әдістемесі
деп отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы
қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және
оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген
сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі
мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдалынылады.
3. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет
деп отырмыз ғой. Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді
талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың
өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы
керек
4. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды
сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа
типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі
төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік
техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай
оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа
оқулықтарда –оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [29].
- Қалайша ?!
- Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға
қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны
әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты
меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды
қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар сұрақ-жауап
диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып
бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды
өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту
үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші-
оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.
Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама, С.Л.
Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, ойлау барысында ойлау берік
объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық негіз
бар-деген ойыннан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға
жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.
Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория
- Л.С. Выготскийдің оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы
актуальды дамуаймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы
туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана
арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы
деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі
деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей-
міндетті, оқушылық, екінші –алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және
төртінші –шығармашылық деңгейлердегі қабылдау [4].
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін,
оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік
принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар
әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар
берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен
оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды
орындауға көшеді. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен,
төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек:
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап,
пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған
есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі
шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл
аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.
Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға
ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп
пайдалану қажет болады.
Математика мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен
берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру
тапсырмалары т.с. с.
2) Оқушының ойлау қабылетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік
маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен
сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше
топтастырдық:
1) танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында
оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін
(заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т .с. с.
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі
үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және
салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын
қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап
болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа
әдістер іздеуі керек.
2) Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару
өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындау
берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым
түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша,
бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының
икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген теорема
дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып
шығарды.
2) Олимпиадалық есептер.
3) Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.
Демек , бұл тапсырмалар –оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [19].
Сонымен , қорытып айтатын болсақ, бұлар:
Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға, ережелері мен
анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге
және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу
процесі басқаруға ыңғайсыз-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары:
оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате
болады-дейді.
Мүмкін , дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша
өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген кезде
солай болса, болған шығар.
Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар
күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда
ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші
мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын
байқаған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус,
математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп,
өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа
тақырып басталады. Нәтижесінде екіліктер жойылумен қатар, үштік алып
жүрудің өзі де ұят саналатын болған [29].
Осы жерде , үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір
себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуі қажет?-
деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
- Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар
үлгермеушілерге көмектеседі;
- Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің
де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол
сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқару,
жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау
функциясын атқарады.
- Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға
қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың
ерекшелігі неде?
- Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын
қабілеттіжәне қабілетсіз деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге
бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту
принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де
сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды
дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан,
жұмысын оқушылық, міндетті, 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да,
тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім
игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды
тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ :
- барлық оқушылардың оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады және
оқу пәндерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Пәндер