Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған «Қорқыт ата» және оның кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұны, оның халықты тәрбиелеудегі орыны



К I Р I С П Е
I бөлім
Қорқыт ата туралы
ІI бөлім
«Қорқыт ата кітабы»
Төбекөз Дәу мен Бисат жыры
Қорытынды
Т а қ ы р ы п т ы ң к ө к е й к е с т і л і г і :
Ежелгі дәуірде өмір кешкен Қорқыт жайында әлем халықтарының рухани дүниесінде ғасырлар бойы қалыптасқан аңыздар тек түркі халықтарының рухани байлығы емес, әлем халықтарына ортақ байлық. Қорқыт пен оның шығармашылығы жайлы көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді. Қорқыттың өз Отаны Қазақстанда да ол жайлы зерттеулер әлі өз деңгейіне жеткен жоқ. Бұл шағын жұмыста түрік тілінен аударылған «Қорқыт ата кітабы» деп аталатын Б.Ысқақовтың (Алматы, «Жазушы», 1994 ж.) аудармасы мен шыққан жинақтағы туындылардың тарихи шындыққа қатысы және сол дәуірдегі халықтың әдет- ғұрпы, салттық дәстүрлерінің негізі мен ерекшеліктері қарастырылады,
Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы :
Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған «Қорқыт ата» және оның кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұнын ашу, оның халықты тәрбиелеудегі орыны туралы пікір айту, бүгінгі күндегі оның керектілігін ашып беру.
З е р т т е у м а т е р и а л д а р ы :
Тақырып бойынша жинақталған зерттеу материалдары қазақ ғалымдарының, жазушыларының еңбектерінен, сондай-ақ күнделікті баспа беттерінен, тарихи жазбалардан алынды,

Ж ұ м ы с т ы ң қ ұ р ы л ы м ы :
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Қорқыт ата кім болған?» деп аталатын кіріспе бөлім екі тараудан тұрады:
а) Қорқыт--ел ауызындағы аңыздардың кейіпкері;
б) Қорқыт ата туралы тарихи деректер.
Ал негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Мұнда ең алдымен «Қорқыт ата кітабының» зерттелу тарихы жайында сөз болады. Онан соң бүл жинақтың тарихи негізде жасалынған көркем шығарма екендігі, сонымен қатар ондағы салт-дәстүрлердің көрінісі сөз болады.
Қорытынды бөлімде Қорқыт ата мұрасының бүкіл түркі халықтарының мәдениетінің негізгі іргетасы екендігі айтылады, жинаққа енген жырлар логикалық жүйелері бойынша ретке келтіріледі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
К I Р I С П Е
Т а қ ы р ы п т ы ң к ө к е й к е с т і л і г і :
Ежелгі дәуірде өмір кешкен Қорқыт жайында әлем халықтарының рухани
дүниесінде ғасырлар бойы қалыптасқан аңыздар тек түркі халықтарының рухани
байлығы емес, әлем халықтарына ортақ байлық. Қорқыт пен оның шығармашылығы
жайлы көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді. Қорқыттың өз Отаны Қазақстанда
да ол жайлы зерттеулер әлі өз деңгейіне жеткен жоқ. Бұл шағын жұмыста түрік
тілінен аударылған Қорқыт ата кітабы деп аталатын Б.Ысқақовтың (Алматы,
Жазушы, 1994 ж.) аудармасы мен шыққан жинақтағы туындылардың тарихи
шындыққа қатысы және сол дәуірдегі халықтың әдет- ғұрпы, салттық
дәстүрлерінің негізі мен ерекшеліктері қарастырылады,
Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы :
Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған Қорқыт ата және оның
кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұнын ашу,
оның халықты тәрбиелеудегі орыны туралы пікір айту, бүгінгі күндегі оның
керектілігін ашып беру.
З е р т т е у м а т е р и а л д а р ы :
Тақырып бойынша жинақталған зерттеу материалдары қазақ ғалымдарының,
жазушыларының еңбектерінен, сондай-ақ күнделікті баспа беттерінен, тарихи
жазбалардан алынды,

Ж ұ м ы с т ы ң қ ұ р ы л ы м ы :
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорқыт ата кім болған? деп аталатын кіріспе бөлім екі тараудан
тұрады:
а) Қорқыт--ел ауызындағы аңыздардың кейіпкері;
б) Қорқыт ата туралы тарихи деректер.
Ал негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Мұнда ең алдымен Қорқыт ата
кітабының зерттелу тарихы жайында сөз болады. Онан соң бүл жинақтың тарихи
негізде жасалынған көркем шығарма екендігі, сонымен қатар ондағы салт-
дәстүрлердің көрінісі сөз болады.
Қорытынды бөлімде Қорқыт ата мұрасының бүкіл түркі халықтарының
мәдениетінің негізгі іргетасы екендігі айтылады, жинаққа енген жырлар
логикалық жүйелері бойынша ретке келтіріледі.

I бөлім
Қорқыт ата туралы
а) Қорқыт ата – кейіпкер
Қорқыт ата және оның кітабы – тек қана қазақ
халқы емес, бүкіл ортақтас Орта Азия халықтарының ұлы
тұлғасы және қымбатты шығармасы есептеледі. ...
Егемендікке қол жетіп, өзінің өткеніне көз жібере
бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған
гуманистік ниеттегі диалектикалық мұралардың маңызы
өзгеше зор дер едім. Өйткені, оның осыдан он ғасырдан
астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары
қоғамымыздың бүгінгі тыныс тіршілігімен де жақсы
үйлесім тауып тұр...
Н.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының президенті

Адамзаттың тарихты біліп үйренуі, ата-бабаларына қатысты деректерге ие
болуы үйреншікті нәрсе. Тарих дөрегі біз бен өткен уақыт арасына көпір
салатын және шығу тегіміздің тексіз болмау жағдайынан құтқаратын материал.
Тарих дерегі түйсікті болуға шақырады. Ал түйсік дегеніміз адамды ой-өріске
жетелейді.
Адамдардың сол бір түйсігін ақылға айналдыруға мүмкіндік берген,
қозғау салған бірден-бір ғажайып күш – мыңдаған ертегілер, дастандар,
аңыздар.
Түркі қауымының өз аталарын танып білуі оңайға түспейді. Мұның ең
бірінші себебі — олардың тарихи деректерге деген ғылыми зерттеулерге
самарқаулығы. Екіншісі, түркі халықтарының өте кең географиялық аймақта
өмір сүруі. Үшіншісі болса, түркі халықтарының түйсігі мен сана-сезімінің
қайнар бұлағы болған, олардың ортақ ғұмыр кешкендігінің шындығын көрсететін
жоғарыда айтқан ертегілердің, аңыздардың, дастандардың жеткілікті дәрежеде
зерттелмеуі және бұл бағытта тұтас жұмыстың жасалмағандығы.
Түркі халықтарының ортақ дәуірін ауызекі әдебиетте жомақшы, жырау,
ақын, озан, ашық, меддах, қыссахан, шехнамехан сияқты айтушылардың тарихқа
тән ақиқаттарды шыншыл жағдайға айналдырғанын білеміз. Бұл шығармалар
уақыттан уақытқа, мекеннен мекенге өзгере келе бір арнадан және бір
шығармадан туғанымен жаңа шығармаларға айналғанын көріп отырмыз. Бұлардың
бір өрнегі (мысалы) - Қорқыт ата дастандары.
Түркі халықтарының тарихын, тағдырын, түп негіздерін тану үшін ауыздан
ауызға таралып келген, уақыт шаңына көміліп қалмай, саф алтындай сараланып
жеткен бұл дастандардың мәні зор.
Қорқыт атымен байланысты дастандар, аңыздар түркі халықтары (қазақ,
түркімен, әзербайжан, түрік) арасында кеңінен таралған. Өйткені бұл
шығармалар - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын,
әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи
мұра. Қорқыт ата хикаясы VII— X ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-
қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған
рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи,
этнографиялық, т.б. мәнін жоймаған аса құнды шығарма.
Қорқыт ата туралы аңыздар қазіргі түркі тектес халықтардың ертеде
туыстығы, араластығы мол болғандығының куәгері, тілі де, салты да жақын
елдердің бәріне бірдей ескерткіш. Демек, Қорқыт ата тақырыбы түркі
халықтарының рухани бірлігін тұтастырып, елдердің өткен замандарда
қоныстас, тағдырлас, мүдделес болғандығын еске салып, көп сырларды бүгіп
жатқан ауқымды тақырып.
Түркология ғылымында Қорқыт, оның жырларына қатысты зерттеулер көп.
Алайда күні бүгінге дейін Қорқыт кім? Оның тарихи прототипі бар ма? Қорқыт
аңыздары мен жырларының арасындағы байланыс қандай? Оның Орта Азия
халықтарының мәдениетіне қосқан үлесі, орта ғасырдағы ғылым мен әдебиетті
дамытудағы тарихи рөлі қандай деген мәселелер өзінің әлі толық ғылыми
шешімін таппаған.
Заманының данышпан әулиесі, бүкіл елдің пір тұтқан ақылгөйі Қорқыттың
туған, ер жеткен кездерінің әңгімесі қазақтар арасында кеңірек таралғаны
ерекше көңіл бөлерлік мәселе. Ал Кавказ бен Кіші Азияға мекен аударған
оғыздар шығармасында Қорқыттың егде тартқан, ел ісіне төрелік шешім айтқан
кезеңі ғана көрініс тапқан. Мұның өзі Қорқыт туралы эпостың алғашқы
бастаулары Сырдария, Қаратау өңірлерінде пайда болып, жалғасы оғыздардың
жаңадан ірге тепкен жерлерінде аяқталғанын көрсетеді. Мысалы,Башқұрттар
қайдан келген?[1] деген аңызды алайық. Башқұрттар Алтай жақтан келген.
Қорқыт атты басшылары болған. Ол алға шығып, жасыл шөпке жатты да,
домбырасын шертіп, өлең айтты:
- Мен елші, кет демеңіз,
Менің руыма тимеңіз.
Тиген кісіні өлтірем.
Оған қарсы біреу айтыпты:Сіз үшін алда қабір қазылған, бармаңыз,
қайтыңыз,—деп.
Алдымызда біз үшін рахым, артымызда қаһар. Алға барамыз,— деп жауап
берді Қорқыт.
Содан барып башқұрттар Ақ Еділ бойларына орналасты.
Қорқыт туралы осындай аңыздар түркі халықтары арасында көп таралғанын
жоғарыда айтып кеткенбіз, Ал, қазақтарда Қорқыт атаның дүниеге келуі, өлімі
туралы аңыздар өте көп. Мысалы:
Қорқытты анасы құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір
рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн,
үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара
дауыл соғып, ел-жұртты қатты қорқыныш сезімі билейді. Сыр бойы мен Қаратау
өңірінің аспаны да қараңғы тартып, қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай
Қараспан аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні
туылғандықтан баланың атын Қорқыт деп қойған екен.
Қорқыт анасынан туылған бойда-ақ тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Қорқыттың
өмірге қалай келгені туралы мынадай өлең-жыр бар:
Қорқыт туар кезінде
Қараспанды су алған,
Қара жерді күл алған,
Ол туарда ел қорқып
Туған соң әбден қуанған.
Халық өлеңдерінде, М.Қашқаридің айтуынша және Оғызнама жырында
Қорқыттың туылуы осылай ерекше сипатталады.
Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт атаның қалай және неден өлгені
туралы да айтылады. Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария
жағасына жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақұрт шығып,
шағып өлтіреді делінеді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл
жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген
кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте күйге елтіп,
арбаған әбжылан Қорқыт қалғып кеткен кезде шағып алады-да, Қорқыт ата содан
өледі.
Осы тақырыптағы аңыздардың тағы бір варианты былай әңгімеленеді:
Қорқыт бабамыз Сейхундарияның үстінде қобызын гөй-гөйлетіп, Қармақшы
тұсынан кілеммен ырғып өтіп бара жатады. Бір сәт киелі кілем дария
ортасында шыр көбелек айналып тұрып қалыпты. Өз әуеніне өзі елтіп, көзін
тарс жұмып, қобызын сарнатып отырған Қорқыт айналасына қараса, сонау дария
жарқабатын қопара, шаңын бұрқыратып дәу қара шұбар жылан өңмеңдей суға
түсіп, өзіне қарай салып ұрып келеді екен. Дарияның берігі бетінде әудем
жерде жайбарақат таяғына сүйеніп тұрған бейтаныс сиыршыға Қорқыт:
— Уа, пендем. Мен қысылғанға қол ұшын ұсынған, ұлсызға ұл, қызсызға
қыз берген Қорқыт едім. Енді менің ажалым ана арғы беттен келе жатқан қара
шұбар жыланнан болады. Еліңе сәлем айт. Мені ақ жауып, арулап осы жерге
қойсын. Иншалла, жаман болмассыңдар, - дейді.
Сиыршы байғұс шын мұсылман екен. Елін жиып әкеліп, жұмылып жүріп
қасиетті қобызшының өтінішін бұлжытпай орындайды.
Бұл айтылғандардың бәрі ел ауызындағы аңыздардағы Қорқыттың бейнесі.
Ал тарих парақтары бұл бабамыз туралы не дейді, енді соған келейік.
ә) Қорқыт ата туралы ғалымдардың іздену жұмыстары
Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі
Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ
құрамына кіретін қыпшақ қызы деп айтылады.
Қарақожаның шыққан руы Баят туралы Қазақ совет энциклопедиясында
былай делінген:
Баят — XI ғасырдағы мәлімет бойынша (М.Қашқари) 24 оғыз тайпасының
құрамына еңген тайпа. Баят туралы келесі мәлімет XII ғасырға жатады: бір
деректер бойынша Баят Қаңлы құрамына, екінші бір деректе Қимақ құрамына
еңген. Рашид ад-Диннің жазуынша Баят XIV ғасырда жергілікті монғол
тайпалары ретінде оғыздардың құрамына кірген. Ежелгі Баяттардың ұрпағы XIX
ғасырда осы атпен қазақтың қызылқұрт руына (кіші жүз) қосылса керек.[2]
Ал Қорқыт атаның өзі туралы осы энциклопедияда былай делінген: Қорқыт
(VII ғ. туған-өлген жылдары белгісіз, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданы) атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Тарихи деректер мен халық
шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа
оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан... Ватикан архивінде
Қорқыт туралы Расул пайғамбар заманына жақын кезде (VII --VIII ғ.) Баят
(Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық
уәлаятты ол өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт
ата оғыз қауымының мүшкіл халін сөйлер еді. Әрине, іс болса, бәрі соның
алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса, соны қабыл етер еді деген дерек
бар. Жазба ескерткіштердегі деректер бойынша Қорқыт 95 (кейде 195) жыл
жасаған қарт данышпан. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет
атқарған. Тарихта Қорқыт ықпалында болған Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа деген
хан аттары аталады. Ал бүл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл), Талас,
Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орталық Қазақстан (Ұлытау, Кішітау,
Есіл, Нұра, Сарысу), Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімшілік
құрғандығы тарихтан белгілі. Қорқыт осы тұста әлеуметтік жора (заң) негізін
жасап, оны: ата-баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны сыртқы жау
шабуылынан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды
ақылмен шешу, кінәлі болған адамды жазалау сияқты салаларға бөлді. Сондай-
ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң
қол, сол қолға бөлу, халықты жиналыста тәртіппен отырғызу, ас-той үстінде
мүше беріп, шүлен тарқандағы тәртіптердің бәрін де Қорқыт жасаған аталық
заңға (жораларға) жатқызады[3].
Бұл пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан. Ол өзінің
Түрік шежіресі атты еңбегінде Қорқыт туралы: Собрался весь огузский Иль
во главе с Коркут-ата - сыном Кара-ходжи (Из Иля) Кайы, с Энкеш-ходжой (Из
Иля) Салор и Авашан-ходжой и подняли государем Инала-Иавы, из народа Кайы.
Везиром у него был Коркут-ата. И что бы ни сказал Коркут-ата, Инал-Иавы не
отступал от его слов. Много необыкновенных дел совершил Коркут-ата. Он
прожил двести девяносто лет и был везиром при трех государствах.[4]
Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Кейбір
деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195-ке, тіпті 400-ге
келген деген болжам бар. Ал Деде Қорқыт кітабында Қорқыттың өмір сүрген
уақытын Мүхаммед пайғамбардың заманына жақындатады.
Расул ғалейһи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт ата дейтін
бір ер тұрыпты,—дейді ол кітапта,[5]
Парсы тарихшысы Ибн әл-Асирдің айтуына қарағанда XI ғасырда Сыр бойын
мекендеген бозоқ оғыздарының көсемі Қорқыт ибн Абдулхамит деген кісі
болған, Сұлжақ тарихшысы Имамәддин Исфахани да Қорқыттың XI ғасырда оғыздар
көсемдерінің бірі болғандығын айтады. Бұны XIII ғасырда жасаған парсы
тарихшысы Равенди де қолдайды.
Қорқыт ата туралы басқа да пікірлер бар. Соның бірі Қорқыт атаны
екінші Шығыс түрік қағанатының негізін қаласқан, әйгілі Орхон-Енисей тас
жазуларында аты қашалған Тоныкөкпен салыстыра келіп, екеуін бір адам деген
болжам. Осы болжамды ұсынушылардың бірі Қойшығара Салғарин де Қорқыт атаны
Қайы тайпасынан шыққан деп тұжырымдайды да, Тоныкөкті оғыз тайпасының теле
бірлестігінен шыққан деп, туған жылын 646-жыл, жас кезінде Қытайда өсіп
тәрбиеленгенін айтады.
Қысқаша қайырғанда,- дейді Қ.Салғарин,- көне заманның екі дана қарты
жөніндегі деректің айтарлары осы деңгейде ғана. Енді осындағы ескі заманда
хандарға ақыл-кеңесші болған кісілерге жалпылама тән батырлық, шешендік,
алдағысын ақылмен болжайтын сәуегейлік секілді ортақ қасиеттерді былай
қойып, тек екеуін бір кісі емес пе деген ойға жетелейтін ұқсас деректерге
назар аударайық. Екеуі де бір кезеңнің перзенті, VII ғасырдың орта шенінде
туып, VIII ғасырдың басында қаза болады. Екеуі де оғыз тайпасынан шыққан.
Екеуі де үш хан тұсында уәзір болып қызмет істейді. Шынына келсек, оларды
бір кісі емес пе деген ойға шақыратын басты дерек те екеуінің осы үш бірдей
ханға уәзір болулары.[6]
Міне, осы деректердің бәрінен шығатын негізгі тұжырым Қорқыт атаның
негізгі ортасын қалай қарай сүйресек те айналып Қаратау мен Сыр бойына
орала беретіндігі. Тіпті, мазараты да Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына
қарасты теміржол бекетіне жақын жерде екенін еске түсірейік. Бүл жерде VII-
ІХ ғасырларда Жаңакент (Йеникент) қаласы болған. Бұл қала Сыр өзенінің Арал
теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан қазақ халқы оны Су аяғы —ер Қорқыт
деп те атаған.
Ә.Диваев пен И.А. Кастаньенің зерттеуі бойынша мазар IX ғасырда
кірпіштен салынған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз үйі сияқты
дөңгелек. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен безендіріліп, кереге, уықтар
бейнеленген. XIX ғасырда мазаратты Сыр суы шайып кеткендіктен Қорқыттың
табыты басқа жерге көшірілген.
1978-1980 жылдары Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау
қоғамы Орталық кеңесі Президиумының шешімі бойынша арнай қаржы босатылып,
Қорқытқа мәңгілік ескерткіш орнатылды. Алматылық архитектор Ибраев Бектің
жобасы бойынша жүзеге асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы қыл қобыз
бейнеленген бұл ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады.
Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық
музыкалық аспабы қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады. Қобызды жасаушы
да, тартушы да Қорқыт. Жырда қазақтың бұл тамаша аспабы қыл қобыздың қандай
заттардан, қалай жасалғаны да сипатталады. Мысалы:

Қарағайдың түбінен
қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
үйіріп алған, қобызым.
Ақ қайыңның безінен
қағып алған, қобызым.
Өзегінен , қобызым.
Орткенің терісін
сауыт қылған, қобызым.
Ақ түйенің сүтімен
сылап алған, қобызым.
Сырыңды ашып, үніңді
сынап алған, қобызым.
Өзі мықты, үні әдемі, сазды болу үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні
бүгінге дейін осы әдіспен жасалып келеді.
Жинаушы Ғали Киізбаевтың тапсырған бір өлеңінде Қорқыт ата өмірінің
соңғы жылдары жырланған. Бұдан 40 жыл бұрын бақытты өмір іздеп, өлімге
қарсы күрескен Қорқыт арманына жете алмай, арып-ашып бір тауды мекен
етеді.Өлмейтін өмір кілті өнерде деп тұжырымдаған Қорқыт қобыз тартып,
жыр толғайды.
Қиялмен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,
Арасы әділетсіз жер мен аспан.
Жете алмай қиялына арып-ашып,
Бір тауды мекен қылып, жалғыз жатқан.
Сол тауда жалғыз жүріп, қобыз тартып,
Ән шырқап, күйлер шерткен, өнер тауып,
Жете алмай қиялына арып-талып,
Етіпті күнелтуге ойын-сауық.
Бір ғажабы халықтың осындай өлең-жырларының, ән-күйлерінің негізгі
мазмұны-сюжеті Қорқыт өлімі туралы аңыз-әңгімелерімен сарындас, сәйкес
келетіні.
Халқының бақытты өмірін аңсаған Қорқыт өмір бойы қажымай-талмай ажалға
қарсы күресумен болады.
Дегенмен, өзінің желмаясына мініп, дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт
қайда барса да алдынан қазылған орды көріп,дүниеде ешбір мәңгі нәрсе жоқ
екен, бәрінің ақыры бар екен деген тұжырымға келеді.
Олар да бұл дүниеге келді, кетті,
Бейне керуен қонды, көшті.
Оларды да ажал алды, жер жұтты,
Фәни дүние кімге қалды?
Келімді-кетімді дүние,
Ең соңы өлімді дүние.
Сонда да болса ол осы қиын жолдан шығудың, адам атын өлтірмей,
мәңгілік етудің жолын іздейді. Адам өмірінің бақилығын ол өнерден әннен,
музыкадан табады, Қорқыт адам жүрегін төбірентетін толғауы тоқсан түрлі
құбылған күйлер шығарады. Өйткені ол әсерлі ән мен сазды күйлер ұрпақтан
ұрпаққа тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын жанымен түсінеді.
Ел арасында Қорқыттікі делінетін күйлердің сарыны, сазы ғана емес,
солардың тарихы, мазмұны да айтылып келген. Мұның да себебі қобызшылардың
бәріне ортақ болып табылатын дәстүрге қатысты, Қобызшының белгілі бір
туындыны орындау алдында оның шығу тарихын түсіндіруі де бұрыннан келе
жатқан салт болатын. Тіпті Жыршылардың белгілі бір шығармаға кіріспес
бұрын өзінің білетін өлең, дастандарын санап айтып шығып, солардың ішінен
таңдауды тыңдаушының еркіне қалдыратын дәстүр де Қорқыттан қалған деген
пікір бар,- дейді ғалым Р.Бердібай.[7]
Қорқыт күйлерінің бірнешеуі өз атымен біздің дәуірімізге жетуі
халықтың ұлы жырау, кемеңгерге деген шексіз құрметіне қатысты деп
білеміз.Қорқыттың қобызда ойнаған Арыстан Баб немесе Ұстаз, Желмаяның
желісі, Толқын, Аққу, Ұшардың ұлуы, Кілем жайған, Башпай немесе
Қоштасу, Елім-ай, Қорқыт күйі тәрізді күйлері жоғалмай қаз-қалпында
бізге жетіп отыр.
Қорқыттың бүл музыкалық мұраларын 1975 жылы М.О.Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институты ұйымдастырған музыкалық-фольклорлық
экспедицияға қатысушы, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерді
қорғау қоғамының белсенді жанашыры
М.Байділдаев Қызылорда қаласының сол кезде 96 жасқа толған тұрғыны қарт
қобызшы Нышан Ысмайыл Шәменовтің (1883 -1979 ж.ж.) қобызда орындауынан
таспаға жазып алған. Бұл күйлер институттың музыка бөлімінде сақтаулы
тұрғанын білеміз, Қорқыттың музыкалық мұраларын біздің дәуірімізге
жеткізген қазақтың Қойлыбай, Шақар, Берікбол, Сіләмбек, Молықбай сияқты
әйгілі бақсылары мен Ықылас Дүкенұлы сияқты күйшілері.
Қорқыт есімін ұмыттырмаған себептердің кейбіреулерін атап өттік. Бүл
қатарда көптеген ақын-жыраулардың, жазушылардың Қорқытқа арнап жазған
шығармаларын да көрсетуге тиіспіз. Солардың ішінен ең даңқтылары деп ұлы
ақын Мағжан Жұмабаевтың Қорқыт, Қойлыбайдың қобызы секілді дастандарын
айтуға болады. Қорқыттың рухы тарыққанда және торыққанда медет бергенін,
халыққа қызмет етудің өнегесін ұлы жырдан алғанын ақын:
Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем...—
деп түйіндейді.

ІI бөлім
а) Қорқыт ата кітабы - орта ғасырдағы Оғыз қағанатының ерлігін
жырлаған ғажайып эпос. Бұл еңбек жайында ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан:
Қорқыт қазақ халқының тарихындағы сұлу легенда, ұлы суреттің бірі. Халық
ауызынан қалған қандай легенда болса да, Қорқыт пернесінен асқан бейне
өткен ғасырдың ешбірінде болған емес - депті.
...Соңғы екі ғасыр бойы әлемдік сананы әжептеуір дүрліктірген
батыс философиясындағы экзистенциализм ағылшынның да мәйегінде өлім мен
өмір туралы, адам өмірінің мәні жайындағы Қорқыт ата ойларының ұшқыны
жатыр. Сондықтан, Қорқыт ата мұрасын тереңірек зерттеп, әлемдік философия
бастауында тұрған данағай баба есіміне қатысты орындарды қастерлеу тек
қазақ халқы немесе түркі жұрты үшін ғана емес, барша әлем өркениетінің
толыққанды тарихын түзеу үшін де маңызды, - дейді философ Әбдімәлік
Нысанбаев.
Шынында да алғаш Китаб дадам Қорқыт ғали лисан тайфа оғузан
деген атпен архивтен аршылап, кейін біздер Қорқыт ата кітабы атап кеткен
жыр тобының әлемдік мәні бар құнды еңбек екенін сол 200 жылдан бері
қарай дүние жүзі оқымыстыларының 800-ден астам зерттеу жұмысын арнап
жариялауынан-ақ көруге болады. Ең бастысы, Қорқыт ата кітабын орта
ғасырдағы этникалық та, тіл тұрғысынан да тегіс түркі халқына ортақ
қазына деуге болады. ІХ ғасырмен ХV ғасыр аралығында ауыздан ауызға
көшіп, ал ХV ғасырдың аяғында хатқа түсіріліп, бүгінгі күнге жеткен
туындыны өткен, тарихымыздың көркем бейнесі деп те, түркі халқының
феодализм кезеңдегі әскери және әлеуметтік жағдайын шынайы суреттейтін
тарихи – этнографиялық туынды деп те, түрлі оқиғалардың басын
біріктіріп, жырлайтын дала кемеңгерлерінің ертедегі дәстүрін бізге
жеткізе алған құнды ескерткіш деп те бағаланған жөн. Солай дегенмен
де Қорқыт ата кітабындағы өлең жолдары бесік талғамның қандайын да
жауап беретін ғажайып поэзия үлгісі деуге болады
Мысалы: Салқын салқын тау самалы ескенде
Сақалды бозторғай сайрағанда
Сақалы ұзын азаншы жар салғанда
Бәдеуи аттар иесін көріп аңырғанда
Қараңғы кетіп жарық нұр шашылғанда
Бауыры жасыл жоталы тауды күн шалғанда
Бек, жігіттер дуылдасып кеңескенде
деген жолдар түрлі теңеулерді қолдану арқылы таң атқан сәттегі
дала т табиғатының әсем көрінісін суреттеп қана қоймай, ондағы
тіршіліктің жанды қимыл қозғалысын паш етеді.
Қорқыт ата жөніндегі аңыз-әңгімелер түркі тектес халықтардың
бәріне ортақ үлеске айналған асыл мұра. Осы ұлы бабамыз жөніндегі
әңгімелерге негізгі тірек болатын дүние - Қорқыт ата кітабы.
Бұл кітапта Қорқыт есімімен байланысты түркі халықтарына
ортақ бірнеше жыр-дастандар топтастырылған. Ең бастысы – кітап қазір
қайта қолға алынып, бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отыр.
Қорқыт ата кітабы шығыстану ғылымында көп зерттелгенмен,
солардың дені Батыс Европа мен Ресей ғалымдары тарапынан жүргізілгені
белгілі. Соңынан Түркия мен Кавказдан шыққан ғалымдарда болды.
Біздің дәуірімізге дейін Қорқыт ата кітабын үш қолжазба
нұсқасы сақталып келген. Кітаптың белгілі алғашқы жазбасы Дрезден
кітапханасында Флейшер шығармалар жинағындағы 86-нөмірінде. Бұл қолжазба
кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: Кітаби дедем Қорқут ғали лисани
таифаи у оғузан, яғни Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы
делінген. Бұл Дрезден нұсқасы он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі
оғыз-немеден тұрады.
Екіншісі Берлин кітапханасында 203-нөмірде тіркеулі. Ал Қорқыт
ата кітабының үшінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы Аростолика
кітапханасының түрікше жазбалар арасында 302-нөмірде тіркеулі тұр. Бұл
қолжазба алты жырдан құралған. Ол Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри
деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне тұңғыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Қазақ халқының саз өнері пәнінен дәрістер
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Қорқыт (VIII-IX ғғ.)
Қорқыт ата кітабы - әдеби мұра
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Пәндер