Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінің фалеристика материалдар жинағы


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Фалеристиканың қалыптасу және даму тарихы . . . 6

1. 1 Алғашқы марапат белгілерінің шығу тарихы . . . 6

1. 2 Фалеристиканың зерттеу обьектісі мен құрылымы . . . 8

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық

Музейінің фалеристика материалдар жинағы . . . 15

2. 1 Музей қорындағы марапат белгілерінің сыныпталуы . . . 15

2. 2 Музей қорындағы Кеңес Одағы марапат белгілері . . . 16

2. 3 Қазақстан Республикасының марапат белгілері . . . 22

3. Музей қорындағы заттардың сақталу тәсілдері . . . 27

3. 1 Марапат белгілерінің сақталу тәсілдері . . . 27

3. 2 Реставрация және консервация жасау тәсілдері . . . 32

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бүл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, элеуметтік-экономикалық алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктері мен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.

Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан Елбасының қолдауымен 2003-жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасының іске асырылып жатуы тарихи-мәдени жәдігерлердің жинақталуына, олардың зерттелуіне игі әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз.

Егемендік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны қастерлеуге, сақтауға, ерекше ден қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі - Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі. Оның алғашқы коллекциялары XIX ғасырдың 30 жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесіндегі «Орынбор өлкесінің Музеумінде» жинақталған. Кейіннен музей қоры Жетісу облыстық музейі, казак әскері және дінге қарсы күрес республикалық комитетінің коллекцияларымен толықты. 1931 жылдан бастап музей Верный қаласының танымал сәулетшісі А. П. Зенковтың жобасымен 1904-1907 жж. Салынған бүрынғы кафедралық собор ғимаратында орналасты. Музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы сәулетшілер Ю. Ратушный. З. Мустафина жэне Б. Рзагалиевтің жобалары бойынша салыңған. Бүгінде ҚР Мемлекеттік Орталық музей қоры материалдық жэне рухани мәдениеттің үш жүз мыңға жуық қүндылықтырынан тұрады.

Музей қорларының ішіндегі ордендер және медальдарды сақтау қоры марапат белгілерін зерттеумен, сақтаумен айналысып келеді. Бүл қор тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда қорда екі ғылыми қызметкер жүмыс істейді. Марапаттау процессімен байланысты марапат белгілері, марапат қүжаттары, көркемдік материалдар мен кино, фото, фоно қүжаттар кешені жаңа ғылыми зерттеулерді талап етеді. Бүл марапат кешенінің негізін әртүрлі тарихи деректер кешені кұрайды. Олар ту, елтаңба, әнұран сияқты әрбір мемлекеттік аппараттың ажырамас атрибуты. Марапат белгілері, марапат құжаттары және басқа да марапаттау материалдары ел тарихындағы маңызды оқиғаларды ашуға, мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени салаларында жеткен жетістіктерін көрсетуге көмек береді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан фалеристика ғылымы саласында жазылған зерттеулердің көлемі саусақпен санарлықтай, бірақ осы салаға қатысты азда болса ғылыми жұмыстар мен мақалаларды кездестіруімізге болады. Фалеристика туралы алғашқы іргелі еңбектің бірі Шейн Р. «Фалеристика-сестра нумизматики» деп аталатын 1965 жылы жарық көрген еңбегі. Бүл еңбекте фалеристиканың қалыптасуы мен дамуы жайлы деректер жарыққа шығады жэне фалера сөзі алғаш рет осы еңбекте қолданылады. Енбектің негізгі бөлімінде әлемдік марапат белгілерінің ерекшеліктерін салыстыра отырып талдаған/1/.

1985 жылы жарыққа шыққан В. Г. Бурковтың «Фалеристика» еңбегі. Еңбекте марапат белгілерінің шығу тарихы, ордендер иен медальдардың қалыптасуы, олардың классификациялары корсетілген/2/.

Г. В. Антонов «Фалеристика» деп аталатын ғылыми еңбегінде ресейлік фалеристиканың кейбір мәселелеріне тоқталған/3/.

Дуров В. А. «Знаки отличия ХУІІ-ХХ вв. Как исторический источник» еңбегінде марапат белгілерін тарихи дерек түрғысында зерттеген/4/.

Вилинбахов Г. В. «Некоторые проблемы соотношения старых и новых вспомогательных исторических дициплин» еңбегінде геральдика, вексиллология, фалеристика тарихи қосалқы пәндерінің бір-бірімен байланысын көрсетеді/5/.

«Медали императорский России» еңбегінде Ресей империясының медальдарына жан-жақты тоқталып, классификациясын жасаған/6/.

Шепелев Л. Е. «Титулы, мундиры и ордена Россиской империи» еңбегінде марапат белгілерінің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталады/7/.

Е. Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты еңбегінде тарихи қосалқы пәндердің даму тарихына тоқтала келіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі марапат белгілеріне тоқталған/8/.

Юренева Т. Ю. «Музееведение» атты еңбегінде музей қоры туралы, музейлік қорларды ғылыми ұйымдастыру, ғылыми қор жұмысы туралы өзекті мәселелерге тоқталады/9, 365/.

Жұмысты жазу барысында К. Райымхан мен Д. Қатыранның «Музей ісінің теориясы мен практикасы» атты еңбекті атап өтуге болады. Жалпы музей ісіне қысқаша мәлімет бере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі мен оның қорлары туралы мәлімет береді. Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің сақтау тәртібін жазады/10, 19/.

Жалпы ел егемендігін алғаннан кейінгі ғылыми негізде жазылған еңбектер қатары әлі де болса толыққанды емес деп айтамыз. Аяғын жаңа басқан мемлекетіміздің тәуелсіз тарихының толыққанды жазылып, одан ары бағасын ала түсуі болашшақ ұрпақ еншісінде екендігі мәлім.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Диплом жүмысының алдына қойып отырған негізгі мақсаты жоғарыда аталып кеткен зерттеушілер мен ғалымдар еңбектерін пайдалана отырып, ҚР Мемлекеттік Орталық музейіндегі фалеристика материалдар жинағының музей қорындағы орнын анықтау

болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу барысында мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

  • Марапат белгілері жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
  • Фалеристиканың жеке ғылыми пән ретінде маңыздылығымен музейтануға байланысын зерделеу;
  • Ордендер мен медальдардың шығу тарихын зерттеу;
  • Музей қорындағы фалеристикалық материалдар жинағының құрамын анықтау;
  • Музей қорындағы марапат белгілерінің классификациясын анықтау;
  • Қор материалдарының қүрамындағы марапат белгілерінің ерекшелігің, сақталуын көрсету;
  • Қор бөліміндегі марапат белгілерін классификациялау, жүйелеу.

Тақырыптың дерек көзі. Жұмысты жазу барысында негізгі пайдаланған деректер: ҚР Мемлекеттік Орталық музей қорындағы марапат белгілері және құжаттардағы марапат белгілерінің түрлері, музейдегі түсім кітаптары, инвентарлық карточкалар, ордендер мен медальдардың аңызы, ғылыми зерттеулер мен музей меңгеруші қызметкерлерінің жинақтары, экспедиция материалдары, музейдің архив материалдары.

Диплом жүмысының хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың 60-90 жылдары мен XX ғасырдың басын қамтиды. Себебі, ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы марапат белгілерінің басым бөлігінің хронологиялық уақыты сол кезеңге сәйкес келеді. Сондай-ақ еліміз егемендік алған жылдарды қамтиды.

Диплом жүмысының жаңалығы Музей қорындағы марапат белгілері алғаш рет музей жәдігері ретінде ғылыми зерттеу жүмысының нысаны болып отыр. Музей қорындағы марапат белгілері толық сипатталып талданып, жүйелеу және сыныпталуы айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде Объектілік, тарихилық, жүйелік принциптері, тарих және әлеуметтік ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу жүмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми зерттеудің арнайы музейтанулық ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының қүрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан (әр тарау тараушаларға бөлінген), қортындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

I Фалеристиканың қалыптасу және даму тарихы

1. 1 Марапат белгілерінің шығу тарихы

Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде Көне Грекияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета - медаль түрінде болып келді/11, 40/.

«Фалера» сөзі ( грек тілінде фалара, латынша « phalera ») ең алғашқы рет ежелгі Грекияда жалтырақ металл әшекей деген мағына берген, Фалера әскери адамдардың дулығаларын, сауыттарын, ат сауытын безендіру үшін қолданылған түйме тәрізді дөңгелек металл. Фалералар бейнесі көптеген грек құмыраларында кездеседі. Ежелгі грек сөзі « фалераның » басқаша мағынасы кеудеге тағатын марапат белгі осы елден Апеннин жартыаралына тараған. Ежелгі Римде біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда алтын жүзікпен бірге қолданылған, осы уақыттан бастап фалералар әскери марапат белгісі болған. Жауды жеңіп, олжалы болып қайтқан атты жауынгерлерді осы белгімен марапаттаған. Ал жаяу әскерді фиала деп аталатын белгімен марапаттаған. Кейіннен фиаланың орнын фалера басады. Фалера дөңгеленген немесе сопақша формада болған, диаметрі 4-тен 7-сантиметрге дейін жетеді және олар әртүрлі материалдардан: металдан ( күмістен, қоладан, алтын жалатылған металдан ) асыл немесе жартылай асыл тастардан, әртүрлі бейнелер бейнеленген әйнектерден жасалынған. Горгон Медузасы, Минерва, Марс, Юпитердің бастары бейнеленген бейнелер жиі кездеседі. Императорлық биліктің жарлығына байланысты ежелгі Римде біздің эрамызға дейінгі І ғасырда Рим императорлары бейнеленген « портретті фалералар» пайда бола бастайды.

Сондай ақ ежелгі римдік фалералар қабірге тұрғызылған ескерткіштерде ержүрек жауынгерлердің бейнелері бейнеленген рельефті репродукция түрінде белгілі.

1858 жылы Германиядағы Крефельц қаласына жақын жерден дөңгелек металл қорапшадан тоғыз күміс фалера табылған. Табылған олжаны Берлиндегі Көне заттар музейінің жинағына кіргізген. Лауэрнсфорттық фалера иегері Марк Флавий Фест оны кеудесіне таққан, бұл үшін фалераның ішкі жағы смоламен толтырылып, келесі беті мыс таспамен жабылған және осы пластина арқылы металл ұңғы өткізілген. Басқаша түрі Югаславия қаласы Пулаға жақын жердегі Истриден табылған. Табылған фалераның жиектері шеңбер тәрізді ілгіштермен бекітілген. Дәл осындай фалералар Ватикан музейінің коллекцияларында кездеседі. Санкт Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитаждағы фалералар үлкен қызығушылық тудыруда. Олардың арасында әйнектен жасалынған портретті фалералар және жауынгерлердің сауыттарына тағатын арнайы ілгіштері бар фалералар да кездеседі/2, 8/.

Жауынгердің батырлығын білдіретін кеудеге тағатын марапат белгісі ретінде фалера ежелгі Римнің алтын жүзік, садақ марапат белгілерінің қатарына қосылады. Рим әскерлерінің жеке басының ерекше қасиеттерін, батылдығының белгісі ретінде кеудеге тағынатын марапат белгісі фалера вексиллуммен әшекейленген. Көне заманғы марапат белгілері қазіргі заманғы марапат белгілерінің бастамасы екені белгілі. Сондықтан марапат белгілерін зерттейтін ғылымды фалеристика деп, ал белгілердің өзін фалероним деп атайды/2, 9/.

«Фалеристика» термині Чехославакияда 1937 жылы пайда болған. Оны ғылыми айналымға енгізген марапат белгілерін зерттеуші, коллекционер Олдржих Пильц. Бұдан кейін ол шетелдік арнайы әдебиеттерде қолданыла бастаған. Мысалы, Батыс Берлиндегі марапат жүйелерін зертейтін ғылыми институт шығаратын «Ordenskunde» журналында және француз журналы

«Jurnal Europeen du Collectioner deb Ordres et des Decoration» және т. б. Сондай ақ бұл терминнің ғылыми айналымға енуіне марапат белгілерін зерттеуші чехословактық В. Мержичка, З. Свобода, З. Михал сияқты ғалымдар үлкен үлес қосқан/1, 9/.

Ресейде алғаш рет «фалеристика» сөзі 1965 жылы Р. Шейннің «Фалеристика - сестра нумизматики» деген мақаласында қолданылған, кейінірек басқа да басылымдарда жарық көрген. Бұл сөзді анықтамалық басылымдарға, оның ішінде әскери энциклопедияға енгізе бастаған/12, 7/.

Фалеристика - марапат ісінің даму тарихын, қалыптасуын және марапат белгілерін анықтауға көмектесетін басқа да деректерді зерттейтін қосалқы тарихи пән. Оның арнайы ғылыми сала болып қалыптасуы 60 - 70 жылдардан басталады. XX ғасырда жеке және мемлекеттік марапат жүйелерінің қалыптасу процесі жүрді. Монеталар мен марапат белгілерінің шығу тегі бір - біріне жақын болғандықтан фалеристиканы нумизматика шеңберінде зерттеді. Оның бірнеше себебі бар. Оның біріншісі ақша және марапат жүйелерінің ортақ дамуына байланысты. XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында орталықтандырылған орыс мемлекетінің құрылуына байланысты бірыңғай ақша жүйесінің қалыптасқаны белгілі. Иван III-нің билік еткен уақытында құрметті княздардың бірі ерлік жасағандарды «алтынмен» марапаттау жөнінде өтініш білдірген. Осы кезден бастап Ресейдің марапаттау жүйесінде монета ақша функциясымен қатар марапат жүйесінің функциясын да атқара бастаған. Марапат белгісінің лауазымдық ерекшелігі материалы мен салмағына байланысты анықталған. Ақша және марапат белгілерінің қызметін бірдей атқаратын монеталар XVIII ғасырдың басына дейін сақталған.

Фалеристикалық материалдардың нумизматикамен бірге зерттелуінің тағы бір себебі монеталар мен марапат белгілерінің жасалу техникасының ортақ болуына байланысты. Монеталар мен ордендерді, марапат белгілерін шығаратын ортақ жер 1724 жылы негізі қаланған Ленинград монета сарайы.

Бұл монета сарайы 1876 жылдан 1942 жылға дейін жұмыс істеген. Ал 1942 жылы Мәскеу монета сарайының негізі қаланған. XVIII ғасырдың басында алғашқы медальдарды монета технологиясымен соққан. Тіпті монета мен медальдың штемпельдерін С. Гуэн, Г. Гаупт, Ф. Алексеева және т. б. дайындаған. Кейінірек ордендерді, марапат белгілерін монета сарайының қызметкерлері белгілі шеберлермен бірлесе отырып дайындаған. Келесі бір себебі музейлердің жинақтау жұмысында монеталар мен марапат белгілері ортақ нумизматикалық материал ретінде қабылданып отырған. Алайда марапат белгілерін нумизматика шеңберінде зерттеу ескірді, медальдар мен ордендер сөзінің өзі нумизматика сөзіне ешбір сәйкес келмейді. Марапат жүйелерін тарихи дерек ретінде жеке зерттеу маңызды болды. Көптеген шетелдік әдебиеттерде марапат белгілерінің нумизматикаға ұқсамайтын ерекше спецификалық белгілері жарыққа шыққан. Бұның барлығы фалеристиканың жеке қосалқы тарихи пән ретінде бөлініп шығуын қажет еткен. Арнайы білім беру орталықтарында фалеристикалық материалдарды зерттейтін бөлімдер ашылған. Олардың ішінде Эрмитаж, Ресейдің мемлекеттік тарихи музейі, Әскери - тарихи артиллерия музейі, Орталық әскери - теңіз музейі, ал батыста Вена қаласындағы Тарихи - көркемдік музейі мен Хофбургтың ақсүйек және шіркеулік құндылықтар Камерасы, Дрезден қаласындағы «Зеленые свободы» мемлекеттік көркемдік жинағы, Британ музейі мен Виктория мен Альберт музейінің Лондондағы филиалы Апсли-Хаус, Варшава қаласындағы Ұлттық музей, Париж қаласындағы Армия музейі және т. б. музейлерде зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Батыс Берлинде ордентану Ғылыми институты, ал Чехословакияда Пльзен қаласында фалеристикалық студия жұмыс істейді/6, 44-45/.

1. 2. Фалеристиканың зерттеу обьектісі мен құрылымы

XX ғасырдың 70 жылдарында өзіндік зерттеу обьектісі бар, ерекше құрылымды, спецификалық міндетер атқара алатын фалеристика ғылыми қосалқы тарихи пәндердің қатарына енгізілді. Фалеристиканың зерттеу обьектісі марапаттау ісінің қалыптасу және даму тарихы болып табылады.

Марапат жүйелерін зертеуде фалеристика тарихи деректерге сүйенеді, олардың ішінен бірнеше негізгі топтарын бөліп көрсетуге болады: 1) марапат белгілері

(орден, медаль және т. б. ) ; 2) марапат құжаттары (марапат актісі, әр түрлі жазба деректерден алынған марапат белгісі туралы статистикалық мәліметтер) ; 3) фоноқұжаттар; 4) көркемдік деректер - живопистік және графикалық жұмыстар, кино, фото, фоно құжаттар.

Марапат актісі тарихи деректердегі марапат жүйесінің негізі болып табылады. Олар манифестер, жарлықтар, декреттер, бұйрықтар, ережелер, инструкциялар және т. б., сондай-ақ марапат актісін жасау процесіндегі дайындық материалдар. Реляция, марапат қағаздары, формулярлы тізімдер, есеп карточкалары, тапсыруға берілетін хаттамалар, марапатталғандардың тізімі, құжаттар, статистикалық мәліметтер және т. б. сияқты жазба деректердің маңызы өте зор. Одан басқа, марапат белгілері туралы мағлұмат беретін кез - келген жазба ескерткіштер - жылнамаларды, мемуарларды, күнделіктерді, жеке жазбаларды, саяси шығармаларды және т. б. ел тарихы мен фалеристика туралы құнды мәлімет беретін дерек көзі ретінде қарастыруға болады/3, 22/.

Марапат жүйелерін зерттеуге бағытталған әдебиеттер фалеристиканың құрылымын белгілеуге көмектеседі. Олар: 1) марапат белгілерінің қалыптасу ы мен даму заңдылықтарын оқыту, фалеристиканың негізін жасау: зертеу обьектісі, фалеристика құрылымы, марапат белгілерінің функциялары, тарихи деректердегі марапат жүйелерінің классификациясының жалпы принциптері және зерттеу әдістері; 2) ғылыми пән ретінде фалеристиканың тарихы; 3) жеке және салалық фалеристиканы зерттеушілер: а) фалеристика мен марапат белгілерінің тарихнамасын; б) фалероним мен фалеристика туралы библиографиялық әдебиеттерді; в) жеке елдердің марапат белгілерін; г) марапат белгілерінің эмблемасын; д) марапат белгілерінің эстетикасын зерттеушілер.

Бұл құрылым схема түрінде мынандай көрініс табады:

ФАЛЕРИСТИКА

Фалеристика тарихы Жалпы фалеристика Жеке фалеристика

Әр түрлі елдердің марапат жүйелерінің тарихына тоқталып, сонымен қатар лексикографиялық баспалардың материалдарына салыстырмалы анализ жасау барысында «марапат белгісінің» бірінші орында «орден» және «медаль» ұғымдарын білдіретіндігіне көз жеткізуге болады. Бұл арқылы марапаттау жүйесіндегі мемлекеттің ең жоғарғы марапат белгісін көреміз/12, 13/.

Орден ( неміс тілінде "orden", латын тілінде "ordo" - рет, қатар ) - әскери және азаматтық қызметі үшін берілетін әр түрлі дәрежедегі, түрліше аталатын IIұжымдарға: қалаларға, мекемелерге, оқу орындарына, ұйымдарға, әскери бөлімдерге және т. б. беріледі. Әрбір орденнің өзіндік дәрежесі болады, яғни берілген орденмен кім және не үшін марапатталуы мүмкін, ордендік белгінің жазбасы беріледі, марапатталғандарға ерекше ережелер орнатылады және олардың құқықтары көрсетіледі.

Ордендердің марапат белгісі ретінде шығу тарихы рыцарлық ордендермен байланысты. Олар XII - XIII ғасырларда крест жорықтары кезінде пайда болған. Алғашқы рыцарлық ордендер XІІ ғасырдың басында Палестинада (ианнитер, тамплиерлер ордені, Неміс ордені және т. б. ), одан кейін Испания мен Португалияда (Калатрава, Алькантра, Сантьяго - декомпостелла және т. б. ордендер) пайда болған. XІІІ - ХVI ғасырларда Батыс Европада рыцарлық ордендердің саны артады. Оның ішінде, мысалы, XIII ғасырда Балтика маңындағы неміс агрессиясы кезінде пайда болған, айтарлықтай территорияға белгілі болған Ливон ордені. Сол уақытта европалық мемлекеттерде орталықтандырылған билікті күшейтуге байланысты, жекеленген елдердің монархтары бекіткен жаңа рыцарлық ордендер пайда бола бастайды. Олардың ішінде 1219 - 1220 жылдары пайда болған дат ордені «Данеборг» және швед ордені «Серафимов» бар. Рыцарлық ордендер ұйымдарына мүше болатындарға тағылатын крестердің арнайы формада және материалының бір түсте болуымен ерекшеленген. Ерекше одаққа мүше болудың мұндай нышандары бара - бара марапат белгілеріне айнала бастайды/2, 16/.

XIV-XVI ғасырларда ордендер мен медальдар кең таралады. Подвязка ордені - Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағ жоғары рыцар ордені. Оның негізін 1350 жылы король Эдуард III қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды. Король графиня Сэлисберимен билеп жүргенде, оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады». Бұл сөз орденнің ұранына айналып кеті. Ресми эмблема - алтынға қондырылған қою көгілдір таспа, оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін.

Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған; 12 рыцарға король Эдуард басшылық етсе, 12 - сін Уэльс ханзадасы басқарды. 1786 жылы Орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде орденнің басшысы мен он екі канонигі бар/11, 40/.

Мұндай ордендерге ағылшын ордені Бани (1399 ж. ), бургундық орден, одан кейін австриялық және испандық Алтын жабағы ордені (1429 ж. ), француздық қасиетті Рух ордені (1579 ж. ) және т. б. жатқызуға болады. Бұл ордендердің иелері ордендік кең костюмдерге ие болды, костюмдердегі арнайы белгі-крестерді, әр түрлі формадағы жұлдызшаларды, кеуде мен белге тағылатын арнайы ленталарға ілетін болған. Әсіресе марапатталатын ордендердің көбісі XVIII - XIX ғасырларда бекітілді, соның ішінде бұрын мүлдем орден болмаған елдерде де бекітілді, мысалы, Туркияда (Жартыай ордені - 1799 ж ), Иранда (Арыстан мен Күн ордені -1808 ж. ), Жапонияда (Күншығыс ордені - 1875 ж, ) Қытайда (екі басты Айдаһардың ордені - 1882 ж, ) т. б. /2, 16-17/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Музей ұғымының теориялық негіздері
Музейлердің қор жұмысы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz