Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ

1. 1 Ислам Конференциясы Ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары 7

1. 2 Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы: Ислам Конференциясы Ұйымының міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидалары 14

1. 3 Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізі 20

2 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫМЕН АРАҚАТЫНАСЫ

2. 1 Ислам Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған органдары және басқа да құрылымдық бөлімшелері 28

2. 2 Ислам Конференциясы Ұйымының заңи табиғаты 35

2. 3 Ислам Конференциясы Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арақатынасы 40

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

3. 1 Ислам даму банкінің құрылу тарихы мен дамуы 47

3. 2 Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық ынтымақтастық 59

ҚОРЫТЫНДЫ 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап сыртқы саясатта теңгерімді бағытты ұстанып келді. Біз ауқымды мәселелер шешімінде мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен көпжақты бастамаларды нығайтуды қалаймыз. Күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірден - бір мүмкіндік ретінде Қазақстан көпкіндікті әлемді жақтап, оны қолдауда дәйектілік танытып отыр. Бұл біздің саналы қалауымыз және дүниетанымдық негізі болып табылады.

Еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің кең ауқымды қамтуында және ұлттық мүдделерін қорғау барысында Қазақстанның ислам әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Жаһандану мен жаңа күштер орталықтарының дамуы кезеңінде саяси әртараптандыру мен түрлі бағыттарда ұстанымдарды орнықтыру - елдің тұрақты дамуы үшін обьективті қажеттілік.

Қазақстан Республикасы 1995жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен ілгерушілік діні ретінде таныту барысында ИКҰ-ның мұсылман әлемінің тиімді әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз [13] .

2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен Ислам Конференциясы Ұйымының IX саммитінің жұмысына қатысты. ИКҰ саммитіне жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев былай деді: «Еуропа мен Азияның, Оңтүстік пен Солтүстіктің, Батыс пен Шығыстың тоғысында орналасқан Қазақстан халқы атынан демократиялық және әртүрлі конфессиялық қоғамы, тұрақты саяси жүйесі, нарықтық экономикасы бар, үлкен экономикалық әлеуеті, алдыңғы қатарлы ғылымы мен білімі, елеулі адами және табиғи ресурстарды, қолайлы инвестициялық ахуалы бар Қазақстанның бейбітшіліктің, прогресс пен тұрақтылықтың, елдердің, халықтарды және мәдениеттерді жақындастырудың ұлы ісіне үлес қосуға дайындығы туралы мәлімдеймін.

Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес ерекше маңызды сипат алуда, өйткені осы құбылыстар бірқатар мұсылман елдерінде әлеуметтік -экономикалық дамуға кедергі келтіретін тұрақсыздандырушы фактор ғана емес, сонымен бірге біздің бейбітшілік сүйгіш ислам дініне орасан зор нұқсан келтіреді. Ислам құндылықтарын қорғаудың жалған ұранымен кейбір күштердің Орталық Азия аймағында құқыққа қарсы және террорлық бопсалауды жүргізу әрекеттері байқалады. Біз ИКҰ экстремизм мен терроризмнің барлық түрлеріне қарсы үзілді-кесілді күресті бастауы тиіс деп есептейміз». Қазақстан мемлекеті басшысының жолдауында сондай -ақ ғаламдану жағдайында мұсылман қоғамдастығы тарапынан оңтайлы шешімдер әзірлеудің, экономикаға қатысты тәуелділікті жоюдың, аймақаралық кооперацияны жетілдірудің елеулі және шұғыл шараларының қажеттігі атап өтілді. Н. Ә. Назарбаев ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты ұлғайтудың, ИКҰ-ның экономикалық құрылымдары шеңберінде бірлескен іс-қимылды жандандырудың орындылығын атап көрсетті [12, 329 б. ] .

Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттарын, соның ішінде ислам әлемімен арақатынасын зерттеумен орын алады. Мұсылман әлемінің өзі күрделі әрі алуан түрлі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен мемлекеттік құрылымы жағынан біркелкі емес. Дегенмен, бірқатар қиыншылықтарға қарамастан, бұл өзгешеліктер қиын кезеңдерде, әсіресе, Палестина мәселесінің шешімімен байланысты, аса маңызды мақсаттарға жету үшін Ислам елдеріне қосылуға кедергі келтірген жоқ.

Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. ИКҰ қызметіне араласу мен Қазақстанның ИКҰ СІМК-де 2011 жылы төрағалық етуі Қазақстанға дүние жүзі күн тәртібіне ықпал етіп, халықаралық жанжалдар мен дау-дамайлардың шешілуіне қолдау көрсетіп, ұлттық мүдделерді ілгерілетіп, тәжірибе жинақтап, көпжақты дипломатия мектебінен өткен білікті мамандар даярлау мүмкіндігін береді.

Қазақстан мұсылман әлемімен қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне шығып келеді. Саяси тұрғыда ислам елдерімен қатынастарды одан әрі белсенді ету еліміздің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай, әрі Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларына сәйкес келеді.

Жұмысты зерттеу барысында көптеген зерттеушілердің Воскресенко А. Д., Жданов Н. В., Валькова Л. В., Нешатаева Т. Н., Тункин Г. И., Тоқаев К. К., Кольяр К., Шибаева Е. А., Моравецкий В., Морозов Г. И. және т. б. ғылыми басылымдардағы еңбектеріне салыстырмалы түрде шолу жасай отырып, Ислам Конференциясы Ұйымының құрылу тарихы мен алғышарттары, Ислам Конференциясы Ұйымының міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидаларын, Ислам Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған органдары және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері, Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізі, Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасында Ислам банктерінің ашылу мәселелері туралы толық ақпарат алып, жүйелі түрде пайдалана алынды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының зерттелу мақсаты болып Ислам Конференциясы Ұйымының халықаралық құқықтық статусын анықтау табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей мідеттер қойылды:

  • Ислам Конференциясы Ұйымының пайда болуының негізгі себептерін анықтау;
  • Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінің негізгі бағытын айқындау;
  • Ұйым дамуының жалпы заңдылықтары мен тән қалыптарын ерекшелеу;
  • ИКҰ-ның заңи табиғатын анықтау мен Жарғысын талқылау;
  • Ұйымның халықаралық аренадағы алатын орнын бағалау және оның даму перспективасын түсіну;
  • Қазақстан Республикасының ИКҰ-ға мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізін анықтау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу кешенді сипатта болғандықтан жалпы зерттеу әдістері диплом жұмысында қолданылды. Атап айтқанда: салыстыру, талдау, тарихи әдіс және жүйелік әдістер.

Қорғауға шығарылатын ережелер. Диплом жұмысының тақырыбын зерттеп келе келесідей тұжырымдар қорғауға шығарылады:

1. Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуі Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Жаһандық саясат пен экономикаға мұсылман әлемінің ықпалы күшейіп келеді. Ислам әлемі Қазақстан мұсылмандарын өз қоғамының бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырады, бірақ біздің ел әлемде зайырлы мемлекет позициясын ұстанған. Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. ИКҰ-мен ынтымақтастық үлкен тәжірибелік мәнге ие, ол ұйымның субсидиарлы органдары мен институттарымен біріккен жобалар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асадыТерроризм мен экстремизмге жол бермеу; бейбітсүйгіштік ислам негізі мен таза шындыққа түсінік беруді үйлестіруге күш салу; сауда және инвестициялық ынтымақтастық; білім сапасы мен деңгейінің жоғарылауы сияқты салаларда ИКҰда бірнеше нақты бағдарламалар мен жоспарлар өңделіп жүзеге асты. Қазіргі экономикалық жағдайда ИКҰ мүшелерінің арасында қаржы ресурстарын артық иеленетін мемлекеттер көп емес. Бұл ресурстар өзге елдердің экономикасын тарту мүмкін, соның ішінде өзара пайдалы шарттар негізінде Қазақстан үшін де ықпалын тигізеді.

2. Қазақстан Республикасында ислам банктерінің жүйесін дамыту қажет. Исламдық қаржыландыру бүкіл әлемде танымалдыққа ие болды. Қазақстандық қаржы нарығына қаржыландырудың балама тәсілін енгізуге қажеттілік дағдарыс уақтында экономистер тарапынан жиі айтылды. Экономистердің ойынша исламдық қаржыландыру қаржылық қызмет спектрін кеңейтеді және Таяу Шығыс елдерінен инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, исламдық қаржы ұйымдары өздерінің ерекшелігіне қарай әлемдік дағдарыста тұрақтылығымен көзге түсті. Жоғарыда аталғандай қазақстандық банктерге қарағанда ислам банктері дағдарысқа тұрақты әрі тиімді.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ендігі жылы ИКҰ-ға төрағалық ету туралы ақпараттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға белсенділік танытуды және ИКҰ қызметін жақсартуда Қазақстанның нақты саяси ұстанымын анықтауды қажет деп санаймыз. ИКҰ СІМК-да 2011 жылы өкілдік етуі мұсылман әлемінің елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік туғызуда және республика беделінің жоғарылауы көзделіп отыр. Қазақстан сапалы жаңа деңгейдегі өзара қатынасқа шығу үстінде. Қазақстан үшін кең ауқымдағы сұрақтарды талқылаумен қатар, елдің дамуы мен сыртқы әлеммен байланыс орнату мүмкіншілігі туып отыр. Қазіргі таңда ИКҰ-ға 2011 жылы төрағалық ету жайында сөз болғанмен бұқаралық ақпарат құралдармен ақпараттық хабарландырулар аз қамтылып отыр, сол себептен арнайы баспасөз отырыстарын шақыру, парламентте ғылыми және саяси пікір таластар, бас қосулар, отырыстар өткізілуі қажет.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеліп жатқан диломдық жұмыстың объектісі болып ұйымның қызмет аясындағы қоғамдық қарым қатынастар табылады. Зерттеудің пәні болып Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етудің құқықтық мәселелері мен ИКҰ қызметінде Қазақстанның қатысуы, сондай-ақ ИКҰ-ға мүше ислам мемлекеттерінің ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтау.

Практикалық маңызы. Осы бітіру жұмысын орындау нәтижесінде берілген қорытындылар және ережелер тәжірибе жүзінде заң факультетінде және басқа да сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, шығыстану мен исламтануды зерттеу саласындағы дәрістерді оқыту процесінде қолданылады.

Жұмыстың құрылымы тақырыптың мазмұны мен зерттеу міндеттерімен анықталған. Жұмыс бекітілген көлемде жасалынған және кіріспе, сегіз бөлімшеден тұратын үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 70 бет.

  1. ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ

1. 1 Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуының тарихы мен алғышарттары

XX ғасырдың ақырғы онжылдығында халықаралық қатынастарда дін негізіндегі саяси және экономикалық мемлекеттер интеграциясы құрылды. Ол діннің заңды түрде өсуіне алып келді, бәрінен бұрын әлемдік саясатқа ислам дінінің ықпалын тигізуіне әкеп соқты.

Қазіргі таңда ислам әлемдік дін ретінде қалуда. Дінді ұстанушылар саны 1, 5 млрд адамнан асуда және олар алпыстан астам мемлекеттерде тұрады. Ислам әлемі кең ауқымды территорияны: Атлант мұхиты жағалауындағы Африкадан бастап Азияның шығысына дейінгі жерлерді алып жатыр. Оған бірнеше миллиард мұнай долларларын иеленетін мемлекеттер (Сауд Аравиясы, Кувейт, БАӘ) мен әлемнің кедей мемлекеттері, феодалдық-теократиялық және конституционалды монархия, жоғарғы деңгейдегі мемлекеттер мен ислам республикалары кіреді. Бір мемлекеттердің халқының көпшілігін мұсылмандар құрайды, ал бір мемлекеттерде олар азшылық. Барлық бұл мемлекеттерде ислам ішкі және сыртқы саясатына елеулі түрде ықпал етуде, сондай-ақ әлемдегі жаһандану процесінде орын алған жағдай, Азия мен Африка елдеріндегі ұлттық бірегейлікке жол табушылықты көре аламыз.

Исламның қалыптасуы Шығыс елдерде ішкі саясатын ғана емес сондай-ақ әлеуметтік экономикалық дамуға алып келді. Сонымен қатар халықаралық қатынастарда экономикалық және саяси интеграция орын алды, әлемде әділ тәртіп орнады. Ислам әлемі халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің құлдырауына әсер етті. Соның ішінде АҚШ пен Батыс мемлекеттерімен келтірілген әлемдік қауымдастықтағы батыстық модельдер мен құндылықтар [1, 257 б. ] .

«Мұсылмандық ынтымақтастық » қозғалысы шегінде халықаралық ұйым құру идеясы 1969 жылы қыркүйек айында Ислам пактісі түрінде көрініс тапты. Ислам Конференциясы Ұйымының құрылу процесінің бастамасы болатын, Марокко астанасы Рабатта өткен жоғары деңгейдегі мұсылман елдерінің Конференциясы болып өтті. Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар шегінде бұл факт елеусіз қалар еді, егер исламды тарату аймағындағы кертартпа күштерге қарсы бағытталмаған болғанда [2, 46 б. ] .

Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде діни қағидалар негізінде құрылған халықаралық бірлестік құру әрекеттері байқалған болатын. Олар 1924 жылы шілдеде жарияланған Мекке конвенциясы, 1926 жылы мамырда жария етілген Каир конвенциясы және 1931 жылғы Иерусалим конвенциясы. Осы конвенциялар Осман империясы құлағаннан кейін, Европаның ықпалымен саяси элитаның жаңа тобы, араб әлемінің үш мемлекеттік құрылудың саяси аренаға шығуының нәтижесі болды.

1924 жылғы Мекке конвенциясының инициаторы болып сол кезде Қызыл теңіздің шығыс жағалауында өмір сүрген тәуелсіз мемлекет - Хиджаздың басқарушысы -Шериф Хусейн болатын. Конвенция сол жылдың шілде айында жыл сайынғы қажылық аяқталғаннан кейін әр түрлі мұсылман елдері мен қауымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда

қабылданған болатын. Конференция құжаттарында келесілер көрсетілген болатын: «Арабтардың бірлігі болашақ мұсылман елдерінің бірлігінің негізі болу керек», болашақта Умма хашимиттерінің туының астында бірігіп, араб тілі ресми тіл болуы тиіс делінді. 1924 жылы қазан айында Неджда басқарушының әскері Меккені алды. Хиджаздың каролі болып Абдел Азиз ибн Сауд жарияланды. Сауд карольдігі арабтық жарты аралдың маңызды бөлігін өз территориясына қосуы ақиқатқа айналды.

Мұсылман әлемінде аса ірі және ең танымал діни университет аль-Азхар орналасқан Каир қаласында мұсылман әлемінің саяси бірлігінің құрылуының екінші орталығы болды. Сол университеттің улемдерінің инициативасы бойынша 1926 жылы Египет астанасында Дүниежүзілік мұсылман конгресі болып өтті. Алайда ол қажетті нәтижелерді көрсетпеді. Мұсылман әлемінің әр түрлі елдерінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұлттық үкіметтер саяси тәуелсіздік алуды басты орынға қойды. Египет каролі Фуадтың жүргізген ағылшындық бағыттағы саясаты басқа мұсылман елдерінің қоғамдық пікірі алдында атақсыз болды. Каир конгресінің жұмыстарында кеңестік мұсылмандардың делегациясы қатысқан жоқ.

1931 жылы Иерусалимде Палестинаның бас муфтиі Амина аль-Хусейннің инициативасы бойынша жаңа жалпы мұсылмандық конгрес өткен болатын. Бірінші орында конгреске қатысушылардың алға қойған мәселесі Иерусалимдегі (Аль-Кудс) мұсылмандық қасиетті жерлер еді. Сол уақытта Амина аль-Хусейн ағылшын мандатының билігімен тығыз қатынаста еді, сол себептен Палестинада конгреске қатысушылардың назарын палестиналық мәселелерді талқылауға тартты. Иерусалимдегі Аль-Кудс ісі бойынша тұрақты хатшы конгресті ашты және оның төрағасы етіп сол кездің көрнекті ирандық саяси қайраткері Зиа ад-Дина Табатабаиды тағайындады. Алайда, 1936 жылы ағылшын билігі хатшылықты таратып жіберді және Палестинаның территориясынан тысқары конвенцияның әрекет етуіне тыйым салды.

Бұл үш форумда жалпы мұсылмандық қозғалыс дамуында еш мәнге ие болған жоқ. Бірақ олар даму үрдісінің тоқтап қалуына кедергі жасады, кең түрдегі мұсылмандық аймақтық бірігуді құрумен дәлелдеді.

1935 жылы Парижде тұратын, египеттік журналист әрі адвокат, саяси эмигрант Махмуд Селим Женевада жалпы мұсылмандық съезді ұйымдастырды. Бұл форум европалық кантиненттегі мұсылмандарды тартуды қажет деп білді. Палестиналықпен қатар болашақ ИКҰ қызметіне бағытталған қадам болып табылады [3] .

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ислам әлеміне басшылық етуге Иран мен Пакистан үміткер болды. Араб ойшылдарының айтуы бойынша ислам діні арабтардың арасында пайда болды, Құран араб тілінде жерге түсірілді, сол себептен мұсылмандар арасында арабтардың ролі жоғары деп білді. Пакистанның саяси қайраткерлерінің ойынша олардың мемлекеті нағыз

діни орталық негізінде құрылған жалғыз мемлекет болып табылады. Иран өзін шығыс мәдениетінің бесігі болып табылатынын айтып, өз тарапына араб емес мұсылман халқын тартып, ислам әлеміндегі арабтардың ерекше жағдайына қарсы әрекет етті. Сауд Аравиясы мұсылмандық қасиетті жерлердің қорғаушысы деп жарияланғанымен өз талаптарын негіздеді. Ливия-Арабиялық Джамахирия өзінде нағыз ислам қоғамын құрып жатқанын мәлімдеді және исламдық сенімді бәрінен артық таза күйінде алып жүруді және еуропалық ықпалдан қорғауды айтты [1, 261 б. ] .

Бұл орайда Сауд Аравиясы өз жұмысын күшейтті, Иерусалимдегі Аль-Акса - мұсылман мешітінің өртенуін сылтау ретінде қолданып, 1969 жылы тамыз айында Ислам пактісін құруға белсенді қатысты. 60 жылдардың басында панисламизмнің дамуындағы үрдістер басты ұранның өзгеруіне әкелді, яғни бірыңғай мұсылмандық мемлекет құру болды. Бұл үрдістердің негізінде Таяу Шығыста - мұсылман әлемінің орталығында айқын өзгерістер болуы күтілді. 60 жылдардың ортасында исламды тарату аймағы елдерінің бірқатарында ұлтазаттық қозғалыс антифеодалдық, антиимпериалдық мазмұнға ие болды. 1952 жылы Египеттегі, 1958 жылы Иракта, 1962 жылы Солтүстік Йеменде болған революциялар араб елдерінде әлеуметтік қарама-қарсылық процесін күшейтті. Сирия, Алжир, Ирак, Индонезия сияқты елдерде қайта құрылу басталған еді, олардың кейбіреулері антикапиталистік бағыт алған болатын.

Багдад пактісінің күйреуі, СЕНТО-ның атақсыздығы, араб мемлекеттер Лигасында антифеодалдық, антиимпериалистік көріністің болуы, Оңтүстік Йемендегі антиколониялық күрестің өсуінің ықпалымен Оңтүстік Аравиялық жарты аралдан Ұлыбританияның кету перспективасы, Парсы шығанағы аймағында бірқатар ұлттық азат ету ұйымдарының пайда болуы (Прасы шығанағы мен Оманды азат етудің ұлттық фронты, Бахрейнді азат етудің ұлттық фронты және т. б. ) - бұл Палестинадағы қарсылық қозғалысының бірігу бастамасы еді. Қосылмау қозғалысының өсуі және оның «үшінші әлемге» әсері, әлемдегі жаңа күш жағдайындағы әлемдік саясаттағы мұнай ролінің көтерілуі орын алып жатты. Айтылып өтілген факторлар исламды тарату аймағындағы монархиялық режимге үлкен қауіп төндірді. Бірінші орында Сауд Аравиясы Корольдігіне әсер етті.

Сауд Аравия Корольдігі дін негізіндегі кең ауқымды халықаралық саяси блок құру идеясын жүзеге асыруда бастаушы болып шықты. Исламның жасыл жалауы барлық араб елдерін қамтып қоймай, сондай-ақ Азия және Африка елдерінің бірқатарына стратегиялық қатынаста болды. Иран, Индонезия сияқты ірі араб емес мұсылман мемлекеттерін сол блокқа қатысу үшін негіз жасады. Пакт шеңберінде діни формадағы ынтымақтастық « астам держава саясатынан тәуелсіз болу» елесін көрсетті. «Мұсылмандық қосылмау» барлық мұсылман мемлекеттерінде қоғамдағы ислам дінінің күші артып, императивтік мәнге ие болды. Оны қандай да саяси жүйенің елемеуі мүмкін емес еді.

Сауд Аравиясының корольдері Фейсал, Халед және Фахд үнемі «Сауд Аравиясының сыртқы саясатының бірінші қағидасы болып исламдық ынтымақтастық, ал екінші қағидасы - арабтардың бірлігі» деп сызып айтқан [2, 46-47 б. ] .

Айта кету керек, Сауд Аравиясы мұсылман әлемінде көшбасшы болуға ұмтылды. Мысалға айтсақ: екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Трансиордания королі Абдаллах тарапынан ұсынылған Ұлы Сирия жобасына қарсы шықты, сондай-ақ Ирак королі кабинет басшысы Нури Сайдтың жоспарын қайтарып тастаған болатын.

1956 жылы наурыз айында Сауд Аравиясы Египет пен Пакистанмен бірге Исламдық конгрес (Пакт) құру туралы келісімге қол қойды. Пакттың міндеттері айқын емес еді, осыған орай саяси өмірі ұзаққа созылған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам Конференция Ұйымы
Хатшылық және Халықаралық ислам
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Ислам конференциясы ұйымы
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz