Отандық философия
1. Отандық философия
2. Ыбрай Алтынсарин
3. Абай Құнанбаев
4. Әдебиеттер тізімі
2. Ыбрай Алтынсарин
3. Абай Құнанбаев
4. Әдебиеттер тізімі
Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадалық мәдениет бірегей құбылыс болып саналады. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты арта қалғандық, сананың жетілмегені деп қарап келді. Ежелгі және ортағасырдағы көшпенділікті қажетті тұрмыс салты ретінде қарау керек.
Көшпенділік (номадалық) өмірдің ерекшелігі. 1. Еркін өмір сүру, яғни, негізінен экономикалық және әлеуметтік дербес, шағын топпен өмір сүруі. Оның себебі: мал - тамақ, киім, үй, көлік, отын да болып ең негізгі қажеттіліктердің бәрін қамтамсыз етеді. 2. Көшпелі қазақ елі еуразиялық кеңістікте ақпараттық рөл атқарды, отырықшы көрші елдердің жақсылықтарын бір-біріне жеткізіп отырды. М: Жібек жолы, оның үш бағыты: Сібір, Батыс, Оңтүстік. 3. Отырықшы елдердің идеологиялық-саяси тұйықтыққа ұмытылуын бұзып, іштен іріген елдерді жаулап жаңа жолға итермелеп отырды. 4.Көшпенділер тек ақпараттық рөл атқармай, жаңа идея, жаңа бағыт ұсынады. Оны ежелгі зороастризмді Иран, Ирак жеріне алып келген «түйелі адам» ұғымынан, тәңірге сенудің конфуцийліктің аспанға сенуіне ұқсастығынан байқаймыз. Дін - өнегеліктің көзі десек, көшпелілердің этиканы сақтап дамытудағы ерекше ролін байқамыз. Алғашқы иудаизм, ісләм дініде көшпелілерден шыққаны тарихи дәлелденген. Бұған Қорқыт, Асанқайғы ісзденістері, Абайдың «Адам бол» талабы да куә. 5. Көшпелі елдердің адамдары табиғатқа жақын болғандықтан реалистік ойлауға икемді, отырықшы елдер секілді бір мифологияны ұзақ ұстану оларға тән емес. Анарыс, Фараби ғылымның бастауы саналатын логиканы, нақты ойлауды жетілдіруде атаулы роль атқарғаны да тарихтан белгілі. Олардың табиғатқа жақындығы балаға тән мейірмандылықты, бәсекешілдікті, жерді қорғаудағы жаугершілік мінезді сақтауға әкелді.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлемутеттік, саяси-экономикалық жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді, рухани, және материалдық ескерткіштерді зерттеу халқымыздың танымдық, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарастық ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың мақал - мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты шыңдалған. Айталық: «көре- көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Көп көрген біле ма, көп жасаған біле ме?», «Өнер алды қызыл тіл», «Сөз - өмір, сөйлеу - өнер», «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді» т.б.
Ақыл-ой, әдеп-ғұрып адамның өскен ортасына байланысты. «Көлде жүзген қоңыр қаз, қыр кәдірін не білсін» деген қанатты сөздер мақал-мәтелдердің саны мен сапасына, философиялық ойлардың қалыптасуына әсер етті. Қазақ «тоқсан сөздің- түймедей түйіні бар» деп ұқққан, практикалық философия саласында ерекше жетілген халықтың бірі.

1. Абай. Шығ. Жинағы. – Алматы,1995
2. Алтаев Ж., Касабек А. Филсофия тарихы. – Алматы,1998
3. Алтаев Ж., Касабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы – Алматы, 2000
4. Алтаев Ж., Ғабитов Т. ж.т.б. Философия және мәдениеттану. – Алматы, 1998
5. Әбішев Қ. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 2001
6. Әуезов М. Шығ. Жинағы. Т. 14-15.-Алматы, 1974
7. Байтұрсынов А. Ақжол. – Алматы, 1974
8. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1998
9. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989
10.Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,1995
11.Бейсембиев К. Очерки истории общественно-политический и философской мысли Казахстана. А-Ата. 1976
12.Валиханов Ч. Собрание соч. В 5 т. – А-Ата, 1985
13.Досмұхамедов Х. Аламан. – Алматы, 1991
14. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994
15.Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 т. Алматы, 1994-2004
16.Есім Ғ. Фәлсафа тарихы – Алматы: Раритет,2004
17.Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1996
18.Жұмабаев М. Таңдамалы. - Алматы, 1992
19.Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы, 1999
20.Кішібеков : Кочевое общество. Гензис, развитие, упадок, А-Ата, 1984
21.Кішібеков Д., СыдықовҰ.Философия. Алматы, 2003
22.Касымжанов А.Х. Духовное казахского народа. А-Ата, 1991
23.Касабек А., АлтаевЖ,Қазақ философиясы, - Алматы, 1998
24.Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиции. – Алматы, 2002
34.Сегізбаев О.А. Казахская философия. Алматы, 1995
35.Сатыбекова С.Х. Аль-Фараби. Философские трактаты. А-Ата, 19 72

Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадалық мәдениет
бірегей құбылыс болып саналады. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты арта
қалғандық, сананың жетілмегені деп қарап келді. Ежелгі және ортағасырдағы
көшпенділікті қажетті тұрмыс салты ретінде қарау керек.
Көшпенділік (номадалық) өмірдің ерекшелігі. 1. Еркін өмір сүру, яғни,
негізінен экономикалық және әлеуметтік дербес, шағын топпен өмір сүруі.
Оның себебі: мал - тамақ, киім, үй, көлік, отын да болып ең негізгі
қажеттіліктердің бәрін қамтамсыз етеді. 2. Көшпелі қазақ елі еуразиялық
кеңістікте ақпараттық рөл атқарды, отырықшы көрші елдердің жақсылықтарын
бір-біріне жеткізіп отырды. М: Жібек жолы, оның үш бағыты: Сібір, Батыс,
Оңтүстік. 3. Отырықшы елдердің идеологиялық-саяси тұйықтыққа ұмытылуын
бұзып, іштен іріген елдерді жаулап жаңа жолға итермелеп отырды.
4.Көшпенділер тек ақпараттық рөл атқармай, жаңа идея, жаңа бағыт ұсынады.
Оны ежелгі зороастризмді Иран, Ирак жеріне алып келген түйелі адам
ұғымынан, тәңірге сенудің конфуцийліктің аспанға сенуіне ұқсастығынан
байқаймыз. Дін - өнегеліктің көзі десек, көшпелілердің этиканы сақтап
дамытудағы ерекше ролін байқамыз. Алғашқы иудаизм, ісләм дініде
көшпелілерден шыққаны тарихи дәлелденген. Бұған Қорқыт, Асанқайғы
ісзденістері, Абайдың Адам бол талабы да куә. 5. Көшпелі елдердің
адамдары табиғатқа жақын болғандықтан реалистік ойлауға икемді, отырықшы
елдер секілді бір мифологияны ұзақ ұстану оларға тән емес. Анарыс, Фараби
ғылымның бастауы саналатын логиканы, нақты ойлауды жетілдіруде атаулы роль
атқарғаны да тарихтан белгілі. Олардың табиғатқа жақындығы балаға тән
мейірмандылықты, бәсекешілдікті, жерді қорғаудағы жаугершілік мінезді
сақтауға әкелді.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар,
мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлемутеттік, саяси-экономикалық
жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді, рухани, және
материалдық ескерткіштерді зерттеу халқымыздың танымдық, адамгершілік-
тәрбие және дүниеге көзқарастық ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың
мақал - мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді
ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты
шыңдалған. Айталық: көре- көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен
боласың, Көп көрген біле ма, көп жасаған біле ме?, Өнер алды қызыл
тіл, Сөз - өмір, сөйлеу - өнер, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен
қонады, Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас, Ат шаппайды, бап
шабады, Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді т.б.
Ақыл-ой, әдеп-ғұрып адамның өскен ортасына байланысты. Көлде жүзген
қоңыр қаз, қыр кәдірін не білсін деген қанатты сөздер мақал-мәтелдердің
саны мен сапасына, философиялық ойлардың қалыптасуына әсер етті. Қазақ
тоқсан сөздің- түймедей түйіні бар деп ұқққан, практикалық философия
саласында ерекше жетілген халықтың бірі. Қазақ халқының рухани қазынасы -
ауыз әдебиеті. Фольклор философиялық дүниетанымға қатысты мән-мағынаны ой-
парасат арқылы ашу. Тұрмыс-салттық жырлар, жан-жауарларға, табиғатқа
арналған толғаулар, батырлар (Алпамыс батыр, Қобыланды Ер Тарғын)
және ғашықтық жырлары (Қозы-Көрпеш - Баян сұлу, Қыз жібек, Айман -
Шолпан), тарихи жырлар, шешендік сөздер, термелер, қара өлеңдер, аңыздар
және т.б. қазақ халқында өте көп.
Қазақ халқының діни көзқарасы да әрқилы. Бүгінде қазақтар мұсылман
халқына жатады. Қазақ даласына ісләм діні ІХ ғасырда келе бастады. Ол араб
халифатының Орта Азияны, Қазақ жері елдерін жаулап алуына байланысты.
Әскермен бірге араб миссионерлері - діни ілімді таратушылар, саудагерлер
келе бастады. Олар Сунақ Сауран, Яссы, Отырар, Талас (Тараз), Баласағұн
қалаларының тұрғындарына айналды, жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпын
бойына сіңіріп, қазақ болып кетті. Қожалар молдалық жасап ел аралап,
балаларды сүндетке отырғызып, мектептер ашып дінді таратты.
Ісләм дінінің тұрақталуына бөгет жасаған – көшпелі тұрмыс. Мал
соңында жүрген қазақ үшін бес мезгіл дәрет ұстап намаз оқу, мешіт соғып
бала оқыту қиынға түсті. Сондықтан олар ескі қорымдарға, ұсталық
дүкендерге, далада өскен ағаштарға шүберек байлап, Әулие басына түнеп,
садақа беріп, тәңірлік дінге сиынуын тоқтатпады. Ел арасында науқасқа бақсы
- балгерлер шақырылып, олар түрлі емдік әрекеттер жасап, адамның ауруын
қуыршаққа аударып, әртүрлі жаралардан бәдік оқып сауықтырмақ болды.
Құмалақ ашу, көкке қол жайып, тілек айту, аспан денелері - Айға, жұлдызға,
Күнге табыну, отқа сиыну, күл шашу, не оны баспау, үкі құстың қауырсынын
тақияға, домбыраға, кілемге, ботаға тағу, жыртқыштың тырнағын бесікке ілу,
үйге қарай жүгірмеу, иттің ұлығанынан қорқу, әйелдердің шашын жалбыратып
жүрмеуі т.б. ырымдар мен нанымдар ісләмге дейінгі ескі шаман дінінің
қалдықтары. Ертедегі адамдар көзден, тілден қорыққан. Қазақ бұлардың бәрін
ісләм дінімен қабат ұстанған, оларды тіпті ажыртпады. Ақ қойдың кәлләсі,
қара қойдың кәлләсі, мен Құдайдың пәндесі деп те намаз оқыған
Қазақ имандылықты сүйген, үлкендерді сыйлаған, әйел мен қыздар ер
адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем берген, жастар үлкендердің
қолына су құйып, сүлгі - орамал ұсынып батасын алған, ас қайырғанда игі
тілек айтып, алғысын білдірген. Ел ішінде ата - анасын, жесірлерін, жетім
балаларын тентіретіп жібермеген. Темекі, арақ-шарап ішу, карта ойнау қазақ
арасында кейін кірген жексұрын әдеттер, ол отаршылықтың салдары. Имандылық
руханилық тәрбиемен, философиялық көзқарастармен бекітіліп отырған. Әке
көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер, Шалқайғанда шалқай, төбең көкке
жеткенше, еңкейгенде еңкей, басың жерге тигенше деп өскен еркін қазақ.
Қазақта жылан жылы жылыс болады, жылқы жылы ырыс болады, Ағаш тамырымен
көгереді, Ажал келмесе - шыбын да өлмес- дейді. Ал тіршіліктің
өткіншілігі, мәңгі емес екені былай айтылады: Ағаштың басын құрт жейді,
адамның басы - тәңірдің тасы, Адам - адамға қонақ, жан - кеудеге қонақ.
Адамның ішкі дүниесіне, рухына байланысты Қанағат, ар- ұждан, пейіл, намыс
ұғымдары қаралады. Мысалы, қанағат ету - жетіспеушілікке төзіп шыдау емес,
ақылға сүйеніп, құнықтанудан бас тарту, сондықтан халық адамды қанағат
аздырмайды дейді.
Қазақ халықының материалдық байлығы да жеткілікті. Ол халық болып
қазақ атауын алғанға дейін де еуразиялық дала кеңістігінде тұрақты өмір
сүріп, өз жеріндегі өткен мәдениеттің бәрінің жетістігіне, ата -
бабалардың рухани және материалдық табыстарына ие болған, және солардың
бірден-бір тікелей ұрпағы. Сондықтан, қазақ тарихын Андронов мәдениеті
заманы, үйсін мен қаңлы мемлекеті, түрк қағанатынан т.б. бастаған жөн. Осы
ретте оның өзіндік жазуы, қалалары, билік жүйесі болған деу әбден заңды.
Соңғы деректерге қарағанда Қазақстан жерінің тұрғындары алғашқылардың бірі
болып металл, соның ішінде темірді балқытуды үйренген, жылқыны
ауыздақтаған, дөңгелекті ойлап тапқан. Отаршылық қысымнан енді ғана арылған
еліміз сондықтан әлі де көп археологиялық, этнографиялық т.б. зерттеулерге
зәру. Рухани байлық елдің есінде қалайда болса сақталып отырылса,
материалдың мұралардың сақталуы қиын болады, бірақ солардың көрнектілерінің
бірінің өзі де қазақтың дүниетүсінігін айқара ашып көрсетеді.
Қатал аяздан, шілденің ыстығынан қорғайтын, тез жинап тұрғыза қоятын
баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге
орнықты болса, туырлықтар жауынан (қардан) кейін тез кебеді. Шаңырақ -
шеңбер тәрізді шабығынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесінен
жабылатын түндіктің жартылай ашық тұруы бір жағынан қажеттілік - жарық
түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа кіретін тесік, ал екіншіден -
шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке жол көрсетеді. Киізге үйге
жоғарыдан төмен қарасақ, шаңырақ - күнге, ал уық, керегелер оның
сәулесіне ұқсас. Халық санасындағы пәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға
ұмытылу идеясы, киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Киіз үй қазақтың
уақыт пен кеңістікті игеруінің құралы болды. Уақыт өлшемдері негізінен
атшаптарым, ет асым, сүт пісірім деп беріледі, ал ол күн сәулесінің
уаықтармен жылжуына сүйенеді. Киіз үйдегі шаңырақтан түскен күн сәулесінің
уық аралығынан өтуі 360 градусқа байланысты болса, уық саны 45, 60, 72, 90,
120 градус болып қалдықсыз бөлінеді. Әрбір уықтың 5 градусқа, ал 360(5=72.
Шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20 м, үш уықтың арасын 40 м өтеді,
немесе 360(120=3 бие сауым мерзімі болады. Қазақ халқының киіз үйі соңғы
мыңжылдықтарда бір елі өзгермеген. Сонда киіз үй қай заманда келген? Қонақ
күту дастархан басында ретпен отыру, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналай
бөлу, бас беру кәдесі де анау заманнан келе жатыр.
Қазақ халқының ойлау жүйесінің ең жоғарғы сатысы философиялық
дүниетанымы, ең ауқымды ұғым - дүние. Бұл ұғым болмыс, әлем ұғымына
қарағанда көбірек қолданылады, әрі мағынасы өте бай. Дүние сөзі араб
тілінен шыққан. Ол:
1. Бүкіл әлем, ғарыш, табиғат немесе болмыс.
2. Дүниені – тіршілік немесе жарық дүние деп, білу, тану. Дүние -
құбылмалы, өзгермелі, опасыз, қайырымсыз. Дүниеде келу де, кету де бар.
Дүние кезек, терме - тезек, Опасыз дүние - түлкі құйрық. Бұл мағынада
оған о дүние, мәңгілік қарсы қойлады.
3. Дүнием түгел деген ұғым - бәрі өз орында, бәрі өз ретімен істеліп
жатыр дегенді білдіреді.
4. Дүниенің тұтқасын ұстау деген ұғым - ретін, есебін тапқан және де
қолына билік тиген адамдар туралы айтылады. Жалаң күш, әлсіз білім -
дүниенің тұтқасына жеткізбейді.
5. Күнделікті дүниетанымда дүние деп зат, мүлік, жиһаз, байлықты айтады.
Бұл әрине тіршілікте немесе көркем әдебиетте кешірімді, ал философияда
дүние ұғымын дәл қолдану керек.
Қазақ жерінде дүние туралы жүйелі философиялық ой - пікір айтқан
данышпандар жетіп жатыр. Х ғасырдан аты дүниеге әйгілі болған Әбу Нәсір
Мухамед Әл- Фараби Оңтүстік Қазақстан жерінде Отырарда дүниеге келген. Ол
ұрпақтарына 160- тай философиялық трактат жазып қалдырған.
Одан екі ғасыр бұрын Қорқыт - Ата деген данышпан философ болған. Ол
Қызыл-Орда облысы, Қармақшы ауданында туып өскен. Қорқыт дарынды ақын,
сазгер. Қорқыт ата айтыпты деген мақал мәтелдер көп: Ескі мамық бөз
болмас, кәрі дұшпан дос болмас, немесе, Шөлді жердің отын киік білер,
сулы жердің қадірін құлан біледі. Қорқыт ата, түйе мініп дүниенің
төртбұрышын аралайды. Жолында кездескен бір кездегі көк майса жер қурап
солдым десе, аспанмен таласқан асқар таулар бұрын сәулетті едік, енді
мыжырайып үгіліп біттік- деп мұңаяды. Аңыз бойынша, Қорқыт қайда барса да,
қазылған қабірге тап болады. Кімнің қабірі деге сұраққа Қорқыттың қабірі
деген жауап алады. Ол барлық жан - жануарлардың, орман - тоғайдың, түбінде
қартайып бір өлетінін аңғарады. Оның өлмейтін еш нәрсе жоқ деп, өлімді
музыкамен жеңбекке ұмтылуында үлкен философиялық мән бар. Ол қолына қобыз
алып, өлмей, өшпей түрлі халықтың есінде сақталған неше түрлі күйлер
шығарды.
Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Араб
әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ болған. Ақынның негізгі
дастаны- Құтадғұ білік (1069) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет
басқару, әскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады.
Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, ақыл- сана, қанағат туралы
диалогтардан беріледі. Одан басқа да көптеген рубаилар жазған.
Шығармаларының поэзиялық көркемдік жағы жоғары, философиялық толғаулары
терең. Ол адамдарды - адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Жүсіп
Баласағұни: Біліп сөйле, білмегенге үйрет, Білім - жарығын шашып тұрған
нұр, Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады,- дегендей ұлағатты
өситетті сөздер қалдырған.
Махмұт Қашқари (ХІ). Негізгі еңбегі Диуани лұғат ат-түрік (түрік
тілдерінің жинағы). Тұрмыс – салт жырлары, түркі халықтарының фольклоры
жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. Мұнда көшпенділерге тән төрт
түлік мал туралы, ерте замандағы адамдардың дүниетанымын, тұрмыс
тіршілігін, әдеп-ғұрпын, салт- санасын, тотемдік түсініктерін танып
білеміз.
Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167) ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған
әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны Әзірет Сұлтан деп атады. Оның
басты еңбегі Диуани Хикмет- кітабында қазақ халқының ежелгі мәдениетіне,
әдебиетіне, тарихына этнографиясына қатысты көптеген құнды деректер
табылды. Бұл еңбек халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл
атқарады. Пайғамбар жасына келгенде Яссауи қалған өмірін жер астында
өткізді деген аңыз бар. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады, беделі
орасан зор болды. Сондықтан Әмір Темір ол кісінің жерленген жеріне арада
екі ғасыр өткенде дүниежүзілік маңызы бар Түркістан Кесенесін орнатты.
Яссауи еңбегінде Бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің
қазылардың қарамдық істерін әшкерлеп сынайды, фанидің жалғандығын айтады.
Діни адамдардың Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды
ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіледі, өзін олардан аулақ
ұстап, Алла-тағалаға адал берілгенін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп,
софылыққа (аскетизм) ден қояды.
Аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ
хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, Асан Қайғы (ХV
ғ.)атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: Көшпелі ноғай, қазақ
ұлысының философы деп атады. Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан
Қайғы Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп
жүрген тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең
дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. Жерұйық оның
орындалмаған арманы. Жерұйық - қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел
аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны таба алмайды
қайғырады.
Мұхамед Хайдардың Тарих и Рашиди еңбегі қазақ ханыдығының қалыптасу
кезеңін баяндайды, оның ерекше халықты мемлекет болуына ат салысады.
Бұхар жырау өлеңдерінен сол кездегі халықтың салт - санасын, ой -
өрісін, тілек - мақсатын, қайғы –қасіретін, қауныш- сүйінішін білеміз.Ол
алауыздық, келіспеушілік бірбеткейліктің нәтижесі салдары екендігін айтады.
Жер бетінен жойылып кеткен жоңғар мемлекетінің тағдырын Бұхар жырау мысал
етеді. Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті
өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өгерістер тұрмыста
ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады.
Шалкиіз Тіленшіұлы ел билеушінің опасыздығын, қара басының қамы үшін
бүкіл халықты сатып жіберуге баратынын бетіне айтып, сені хан көтерген
халық еді, асып - таспа, халықтан қол үзбе, көп қорқытады, терең батырады
- деген өзекті ақыл кеңестер айтты.
ХІХ ғасырда қазақ жеріндегі феодалдар, дін иелері халықтың санасын
революция идеологиясынан алшақ ұстады. Қазақ жерінде прогрессивтік қоғамдық
- саяси, философиялық ой - пікірлер, осы идеологияға қарсы күресте туып,
шынығып қалыптасты. ХІХ ғ екінші жартысында қазақ жерінде болған үлкен
өзгерістер, сол кезде Россияда болған оқиғалармен тығыз байланысты. Олар:
1. Қазақ халқының ханы Абылхайырдың қазақ елінің Россияға қосылуына
мүмкіндік жасауы
2. 1861 жылы Басыбайлық хұқығы жойылғанынан кейін, Патша өкіметінің Ресей
шаруаларын қазақтың жеріне орналастыра бастауы.
3. Россия отаршылық саясатының арқасында Батыс Еуропа секілді империализм
сатысына көшуі
4. Россияның орталық аймақтарындағы революциялық қозғалыстары шет
аймақтардағы ұлт- азаттық қозғалыстардың пайда болуына себеп болуы.
5. Қазақ жеріндегі қоғамдық объективті жағдайлар, алдынғы қатарлы ойшыл-
ақындар мен қоғам қайраткерлерінің пайда болуына алып келді.
Оларды ойландырған мына мәселелер:
1. Ел тағдыры
2. Отаршылық бұғауынан құтылу.
3. Тәуелсіз мемлекет құру, яғни Патшаның қазақ жерін өз меншігіне
айналдырудан арылу.
4. Тарихи жер-су атын өзгертуге, орысша атауға қарсылық.
5. Отаршылықтың тағы бір түрі, халық намысына тию, яғни, қазақтарды
киргиз немесе буратана, тіпті дала адамы (степняк) деп, халықты бір
жолата өз атынан айырмақ болуына қарсы тұру.
6. Жергілікті халық екі түрлі қыспақта болды: Отаршылық езгісі және
жергілікті үстем тап езгісі - соларды тоқтатуға ат салысу.
Орыстың отаршылдық саясатына ашық назарлық білдірушілер Зар заман
ақындары деп аталды. Олар: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Канайұлы
(1818-1881), Мурат Мөңкеұлы (1843-1906). Бұлар өз өлеңдерінде Қазақ елінің
Россияға қосылуы нәтижесінде болған жаңалықтарды қабылдамай, өткен заманды
алтын заман деп атады. өз заманындағы кейбір жексұрын мінездерді, бай мен
болмыстың, қожа мен молданың озбырлықтарын, кедей шаруаның ауыр халін
реалистік тұрғыдан суреттеді. Сондықтан, көп уақыт олардың аттары аталмай,
толғаулары тарихтан алынып тасталды, олар Ресейге қарсы болған кертартпа
идеология деп қаралды. Осының тікелей әсерінен, қазақ жерінде, әр кезде,
жер - жерде ұлт азаттық көтерілістер болып жатты. Оларды: Сырым Датов,
Исатай Тайманов, Кенесары Касымов, Жанқожа Нурмухамедов және тағы басқалар
басқарды. Бұл көтерілістерді патша өкіметі арнайы әскер жіберіп басып
тастап отырды. Патша өкіметі оларды қарақшылар деп атаса, жергілікті халық
батыр деп дәріптеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының отаршылыққа қарсы-
күресін орыс халқына қарсы күрес, реакцияшыл (кертартпа) қозғалыс деп,
дұрыс баға бере алмады. Тек қазақтың тәуелсіз мемлекетінің пайда болуына
байланысты кеткен қателіктер жөнделе бастады.
Россияның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты қазақ жерінде де білімге,
прогреске ұмытылған алдынғы қатарлы ойшылар болды. Бұлар: Шоқан Уәлиханов
(1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904) және
т.б. Оларды революционер - демократ, утопист деуге болмайды. Оның себебі:
олар өмірді өзгерту үшін революция жасауға шақырған жоқ, социализм орнатуды
армандамады. Осының нәтижесінде, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан
орын алды.
Қазақ жеріндегі ХІХ ғ қоғамдық - саяси және философиялық ой - пікірдің
өкілі, қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш.Уәлиханов (өзінің аты
Мухамед - Ханафия), ағартушы - демократ. Ол: ориенталист (шығыстың тілі мен
мәдениетін зерттеуші ғалым), этнограф (қоғамдық ғылымның тайпалар мен
халықтарды зерттейтін саласы), фолькролист (халық ауыз әдебиетін зерттеуші,
жинаушы), географ және тарихшы. Абылай ханның Шыңғыс деген ұлының баласы.
Шыңғыс Құсмұрында (Көкшетеу облысы, Волдар ауданы) аға султан болған, Шоқан
осы жерде туған. Алғашқы білімін қазақ мектебінде алып, арабша хат таныды.
Омбыдағы Кадет корпусына 1847 ж түсіп, 1853 ж бітірді. Ол өзімен бірге
оқитын Потанинмен дос болып прогресшіл тұлғалармен танысты, солардың
ықпалымен ой - өрісі кеңіп дамыды. 1854 ж Батыс Сібір мен Қазақстанның
Солтүстік-Батыс аймағын басқарған Генерал Г.Х.Гасфорттың адъютанты болды.
Ол сол кезден бастап ғылыми зерттеу жұмысымен айналысты.
1855 жылдан бастап Семей, Іле, Ыстық көл, Жетісу жерлерін зерттеген
әскери- ғылыми экспедицияның құрамында болды. Онда осы өлкелердің
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, халықтың тарихын, әдет - ғұрпын, ауыз
әдебиетін жазды, әрбір халықтың ерекшелігін бейнелейтін суреттер салды.
Ыстық көл сапарының күнделігі деген ғылыми еңбек шығарады. 1856 ж
Қытайдағы Құлжа қаласына жасаған 3 айлық сапардың нәтижесінде Құлжа
қаласы деген еңбек жазды. 1857 ж 27 ақпанында орыс географиялық қоғамының
толық мүшесі болып сайланды.
1858 жылы 1 қазаннан 1859 ж 11 наурыз айына дейін Әлімбай деген
жасырын атпен Шығысты зерттеу үшін ұйымдастырылған сауда керуенімен
Қашғарияға (Қытай) аттанды. Онда елдің саяси құрылымын, табиғатын, халықтың
кәсібін, әдет - ғұрыпын зерттеген материалдар жинады. Бұл еңбектері үшін
Омбыдан Петербургке шақырылды. 1861 жылы науқасы меңдеген ол елге қайтты.
1864 ж Ресейге қосу үшін Ташкентке бағыталған М.Г.Черняевтың әскери
отрядына шақырылды. Бұл жорықта Әулие - Ата, Шымкент маңындағы жергілікті
бейбіт халықтың қанын төгіп, үйлерін қиратып өртегеніне назарлық білдіріп,
армияны тастап кетті. Алматы облысындағы Алтынемел жотасының етегіндегі
Тезек төре еліне барады. Осы жерде 1865 жылы дүние салды.
Қоғамдық өмірді түсіндіруі идеалситік көзқараста болды. Ғылым мен
ағартудың арқасында қоғамды өзгертіп прогреске жетуге болатынына сенді.
Әлеуметтік бақытсыздықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді, Әділетті
басшы идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға тәуелділігі жайлы
ойлары болғанымен, ағартушылық позициясын ұстанды. Адамның көзқарасы,
мінезі, әдеп - ғұрыпы, сыртқы ортаға, әлеуметтік және географиялық (табиғи)
жағдайларға, климатқа, топыраққа байланысты деп қоғам өміріндегі
географиялық ортаның рөлін бағалады.
Дүниетанымдық көзқарасы көп жағдайда материлистік көқарасқа жақын
келеді. Материя мен сананың арақатысын материалистік тұрғыдан шешті.
Мәңгілік, шексіздік идеяларының негіздерін дамытты. Дін түрлерінің ішінде
ислам мен христандыққа қарағанда буддизмді гуманистік ілім деп бағалады.
Даладағы мұсымандық туралы деген еңбегінде Исламды Қазақтың ойы мен
сезіміне кедергі жасайды, ортағасырлық қараңғылықты уағыздайды орыс
мәдениетінен бездіреді - деп жазды. Қазақ халқының прогреске жетуі үшін
ислам дінін таратушы татар молдалардан құтылу, ислам дінінің ықпалынан
халықты босату, қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, қазақтарды оқытуды
ұсынды.
Жалпы алғанда оның дүниетанымы, шығармашылық мұрасы мен практикалық іс
- әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен
белес болып табылады.
Ыбрай Алтынсарин. Торғай жерінде 1841 дүниеге келді. Жастайынан туған
әкесінен жетім қалып, атасы Балқожа бидің қолында тәрбиеленеді. 1850-1857 ж
Орынбор Шекара Комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебін бітірді.
Ыбрай осы өлкеде айдауда жүрген орыс зиялыларымен таныс болды. Шығыс
зерттеушісі В.Григорьевтен дәріс алды.
Елге қайтқан соң қаржы жинап мектеп ашты. Мектеп ашуды қазақ
балаларының білім алып өз халқына қызмет етуіне мүмкіндік жасау деп
түсінді. Ағарту саласында оған басшылық еткен Қазан Университетінің
профессоры миссионер Ильинский Н.И. болды. Ол орыс алфавитімен жазылған,
оқу құралын жазуды ұсынды. 1879 ж төрт тараудан тұратын Қырғыз
хрестоматиясын, Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын жазды.
Сегіз тараулық оқу кітабында : Зат есім, Сын есім, Үстеу мен жалғау,
Етістік ұғымдарын тұңғыш енгізіп, талдап көрсетті. Оқулық осы күнге дейін
өзінің керектілігін жоғалтқан жоқ. Оның тікелей араласуымен мектептер,
интернаттар, училищелер және кітапханалар ашылды. Ыбрай, надандыққа,
сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырады. Оның
шығармалары: Надандық, Бай баласы мен жарлы баласы, Лұқпан Хәкім,
Қыпшақ Сейтқұл және Асан мен Үсен. Ыбрай еңбектерінде халықты егін
салумен айналасуға, өнеркәсіпті дамытуға шақырады.
Қоғамдық – саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер
басым болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz