Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективалары



КIРIСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЛГЕРЛIК ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЛГЕРЛIК ШАРТЫНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРI
ҚОРТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективалары көптеген ғаламдық факторларға тәуелдi деп айтуға болады. Негiзiнен халықаралық мүлiк жалдау шарты ең көп көздесетiн халықаралық экономикалық шарттардың қатарына жатады. Халықаралық құқықтық және теориялық тұрғыдан алғанда халықаралық мүлiк жалдау шарты жеткiлiктi дәрежеде жақсы реттелген деп айтуға болады.
Соған қарамастан халықаралық мүлiк жалдау шартының жекелеген кейбiр түрлерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi әлi де болса толық зерттелiп болған жоқ.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алғаннан кейiн ұлттық мүлiк жалдау институты, өте жақсы қарқынымен дами бастады.
Оған себеп болған басты жағдай әрине 1994 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң жалпы бөлiмiнiң қабылдануы болатын. Халықаралық мүлiк жалдау шартының жалпы халықаралық экономикалық шарттар жүйесiнде аса маңызы бар. Себебi, бұл шарт халықаралық мүлiк меншiк иесiнiң және де мүлiктi уақытша пайдаланушы тараптардың мүдделерiне сай келедi.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда халықаралық мүлiк жалдау шартының жалпы ережелерiмен оның жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерiнiң теориялық мәселелерiн мүмкiндiгiнше жете қарастырып кетудi мақсат етiп отырмын. Сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективаларына қатысты мәселлердi қарастырмақпын.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл, 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. 1999 жыл. шiлде (ерекше бөлiм)
3. .Қазақстан Республикасының «Жер кодексi» 20 маусым 2003 ж.
4. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 16 сәуiр 1997 ж.
5. Қазақстан Республикасының « Көлiк туралы» Заңы 21 қыркүйек 1994 (өзгертулер мен толықтырулар 28 желтоқсан 1998 ж )
6. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингi туралы» Заңы 5 шiлде 2000ж
7. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығы, 1995.
8. Венская конвенция о правопреемстве государств в отношении международных договоров. 1978.
9. Венская конвенция о праве международных договоров. 1969.
10. Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан: основные концептуальные положения. – Алматы: ВШП «Адлет», 2000г.
11. Право и международная экономическая деятельность в Республике Казахстан // Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы; КазГЮА, 2001.
12. Евентов В.И. Многоязычные договоры в современном международном праве. -Киев: 1981.
13. Коломкорян Р.А. Фактор времени в праве международных договоров. -М., 1989.
14. Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций. -М., 1989.
15. Витрянский В.В. Договор аренды. М. Статус. 1999.
16. Богусловский М.М. международное частное право; Учебник.-3-е изд., перераб и доп. – М.: Юристъ, 1998.
17. Шатров В.П. Международное экономическое право. Учебное пособие. –М., 1990.
18. Шумилов В.М. Международное экономическое право. –М., 1999.
19. Минина Е.Л. О некоторых проблемах развития арендного законодательства на современном этапе // Государство и право.1997.№3
20. 20.Римское частное право: Учебник/ Под ред. проф. И.Б.Новицкого и проф. И.С.Перетерского. М.Юристъ 1997

Тақырып: Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен
ерекшелiктерi және оның даму перспективалары

Жоспар

КIРIСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЛГЕРЛIК ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЛГЕРЛIК ШАРТЫНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРI

ҚОРТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кiрiспе

Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi
және оның даму перспективалары көптеген ғаламдық факторларға тәуелдi деп
айтуға болады. Негiзiнен халықаралық мүлiк жалдау шарты ең көп
көздесетiн халықаралық экономикалық шарттардың қатарына жатады.
Халықаралық құқықтық және теориялық тұрғыдан алғанда халықаралық мүлiк
жалдау шарты жеткiлiктi дәрежеде жақсы реттелген деп айтуға
болады.
Соған қарамастан халықаралық мүлiк жалдау шартының жекелеген
кейбiр түрлерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi әлi де болса толық
зерттелiп болған жоқ.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алғаннан кейiн ұлттық
мүлiк жалдау институты, өте жақсы қарқынымен дами бастады.
Оған себеп болған басты жағдай әрине 1994 жылдың 27
желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң
жалпы бөлiмiнiң қабылдануы болатын. Халықаралық мүлiк жалдау
шартының жалпы халықаралық экономикалық шарттар жүйесiнде аса маңызы
бар. Себебi, бұл шарт халықаралық мүлiк меншiк иесiнiң және де
мүлiктi уақытша пайдаланушы тараптардың мүдделерiне сай келедi.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда халықаралық мүлiк жалдау
шартының жалпы ережелерiмен оның жекелеген түрлерiнiң
ерекшелiктерiнiң теориялық мәселелерiн мүмкiндiгiнше жете
қарастырып кетудi мақсат етiп отырмын. Сондай-ақ Қазақстандағы
халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму
перспективаларына қатысты мәселлердi қарастырмақпын.

1. Қазақстандағы халықаралық жалгерлiк шартының ұғымы және
даму перспективалары
Халықаралық мүлiк жалдау қатынасы халықаралық құжаттарда сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 29-тарауында реттелген, §
1 мүлiк жалдау туралы жалпы ережелер мазмұндалған. Мүлiк жалдау
қатынастарын реттеу, тек АК-пен шектелiп қоймайды, олар сондай-ақ басқа да
заңды актiлермен реттеледi. Азаматтық құқық нормаларының диспозитивтiк
мiнезi мүлiк жалдау шартына да қатысты өзiнiң көрiнiсiн табады. Сондықтан
нақты шарт қатысушыларына алғашқы нормаларды өзгертуге, оларды өздерiнiң
қажеттiлiктерiн барынша толық қамту үшiн лайықтауға мүмкiншiлiк бередi.
Халықаралық сатып алу-сату шартынша сияқты мүлiктi халықаралық жалдау
шартында жалдау нысанасының, шарт орнауының ерекшелiгiне сондай-ақ басқа
факторлардың әсерiнен оның бiрнеше түр-түрi қалыптасады. Халықаралық
құжаттар халықаралық мүлiк жалдаудың халықаралық лизинг, халықаралық
кәсiпорынды жалдау, халықаралық ғимарат және үйлер жалдау, халықаралық
көлiк кұралын экипажымен жалдау, прокат, халықаралық тұрғын үйдi жалдау
сияқты түр түрлерiн қамтиды. Мүлiк жалдаудың болуы мүмкiн бөлек түрлерi
мұнымен шектелмейдi.
Халықаралық мүлiк жалдау және аренда терминдерi (түсiнiктерi) тепе
тең болып келедi, осыны қоғамдық қатынастардың аталмыш түрiн реттейтiн
Халықаралық аренданы мүлiк жалдаудың өзгеше түрi ретiнде бағалайтын және
осыған байланысты оның ерекше жағдайларын бөлiп шығарған, мысалы, аренда
нысапасып сатып алу құқығын қарастыратын жағдайын сатып алу, сату құқығы.
Аталмыш терминдердiң ара-қатнасы үлкен мәселенi дау тудырып отырған жоқ.
Бiрақ бұл жөнiнде әртүрлi көзқарастар бар. Кейбiрлерiне сәйкес мүлiктi
жалдау шарттарының қатарында аренданың бөлектеу орны бар[1].
Халықаралық мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға
алушыға мүлiктi ақыға уакытша иеленуге және пайдалануға беруге
мiндеттенедi. .
Халықаралық аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айыр-
машылығы, ол мүлiктi уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейдi.
Мүлiк жалдау шарты Римде кеңiнен таралған едi. Ол (locatio conductio
rerum) деп аталады. Оның анықтамасы қазiргi кезде жүзеге асырылып отырған
анықтамадан елеулi ерекшеленген жоқ.
Сонымен қатар, халықаралық мүлiктi жалдау затты пайдалануды
болжайтын[2] мұнымен қоса жалдаушының иеленуiне назар аударылмайтын, ал
негiзiнен жалдаушы тек затты ұстаушы меншiк иесi құқықтарын жүзеге асыруға
көмектесетiн тұлға ретiнде ғана бағаланатын[3]. Түбiрiне қарайтын болсақ,
қазiргi уақытта да ең басты мақсат жалдаушыға мүлiктi қажеттi көлемде
пайдалану, оның пайдалы қасиеттерiн мүмкшiлiгiн беру екенiн айтуға болады.

Қатынасты реттеудiң түбiрлi негiзi сақталғанымен өзгерiстер де енiп
жатыр. Мүлiктiк қатынастарды жеке құқықпен реттеу жалпылама жетiлдiрудiң
әсерiн сезген және әрине жетiлдру одан да әрi жалғасады. Осының нәтижесiнде
шарттық қатынастардың мазмұны өзгерiс шегедi, оларды реттейтiн нормалар
меншiк құқығы және өзге заттық құқықтарды реттейтiн нормалармен тығыздау
тұйысады.
Халықаралық аренданы заттық құқықтарға жатқызу немесе жатқызбау сауалы
ұзақ мерзiм бойы даулы болып келдi. Заттың құқықтарға (олардың
мәселелерiне) арналған соңғы Қазақстандық жұмыстарда халықаралық аренда
заттық құқықтардың қатарына жатқызылады. Бұл көзқарас көрiп тұрғанымыздай
аренданың заңнамалық анықтамасында да қолдау табады, яғни онда пайдалану
мен қоса иеленуде бiрге қарастырылады. Бұл заңнамалық шешiм арендалық
қатынастарға бұрынғыдан көрi жоғарылау (көбiрек) тұрақтылық бередi, олардың
мәнiн көтередi. Осының нәтижесiнде мүлiктi меншiк құқығы негiзiнде
иемденуге мүмкiншiлiгi жоқ бөтен бiреудiң мүлкiн пайдаланған кезде, мүлiктi
жалдау шарты тиiстi қатынастарды тыйымды реттетуге мүмкiншiлiк бередi.
Кейбiр жағдайларда халықаралық аренда (мыс. жер арендасы) тiпте меншiк
құқығына балама ретiнде қарастырылатын 49 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi жер
арендасы 2003 жылғы 23 аусымда қабылданған ҚР "Жер кодексi" туралы заң
күшi бар. Аренда белгiлi мөлшерде жерге меншiк құқығының баламасы деген
түсiнiк қазiргi (күшiндегi) заңнамада да сақталып тұр.
Халықаралық аренда тек жалдаушының қажеттi, мүддесiн қамтамасыз етiп
қоймайды. Оның нормаларында жалға берушiнiң мүдделерiнде есепке алу бар
меншiк иесi ретiнде ол бәрiбiр жалға алушыға қарағанда артықшылық
жағдайыңда болып келедi.
Халықаралық мүлiктi жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен
мiндеттерi тек тараптардың келiсiмi негiзiнде пайда болатын), өзара, өтеулi
(ақылы) болып табылады.
Халықаралық арендалық шарттан туындайтын мiндеттемелiк құқықтық
қатынастарды және заттық құқықтық қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине,
мiндеттемелiк құқық шеңберiңде бiрiншi кезекте аталған қатынастардың
бiрiншi тобын қарау керек. Халықаралық аренданың заттық құқығы жеткiлiктi
дәрежеде жанжақты және толық заттық құқық мәселелерiне арналған еңбектерде
талданған. Сонымен қатар, аренданың заттық құқығы ескерiлмесе жолға
алушының да жалға берушiнiң де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық
болмайды. Жалдаушы мен жалға берушiнiң заттық құқық қатынастар негiзiнде
қатысуын (олар сырттай шарттық болып көрiнгенiмсн) жоққа шығаруға болмайды.
Бiздiң айтып отырғанымыз арендаға берiлетiн мүлiктi күтiп ұстау
ауыртпалығына, меншiк иесiнiң (жалға берушiнiң) және жалдаушының заттық
құқықтарынын бәсекесiне және тағы басқа ұқсас нәрселерге қатысты[4].
Халықаралық мүлiк жалдау шартының нысаны. Бұл шартқа да халықаралық
құжаттармен қоса ҚР АК 151-154-б. ұсталатын мәмiленiң нысаны қойылатын
жалпы талаптар қолданымды болып келедi. Сонымен бiрге халықаралық мүлiктi
жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Кәсiпкерлiк әлде
кәсiпкерлiк емес болғанына, мерзiмiне қарамастан, тарабы заңды тұлға
болып келетiн мүлiктi жалдау шарттары да жазбаша нысанда жасалуы керек.
Халықаралық жылжымайтын мүлiктi жалдау шарты мемлекеттiк тiркеуте
жатады. Туралап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын
мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
туралы" заң күшi бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес мемлекеттiк
объектiсi болып мерзiмi бiр жылдан асатын пайдалану, жер пайдалану құқығы
келедi. Бұдан, егер аренда шартында мерзiм анықталмаса не жасау керек
деген сұрақ туады. Қойылған сұракқа мынандай жауап беруге
болады. Тараптар бiрiншi кезекте басшылыққа өз мүдделерiн (қажеттерiн) алуы
керек, соларға сәйкес ниеттенулерi танылуы тиiс. Ал тiркеушi
орган болса анықтамаған мерзiмге жасалған, аренда шартын тiркеуден бас
тартпауы (соған кедергi жасалмауы) тиiс. Қазақстан Республикасындағы
Жылжымайтын мүлiкке тiркеу жүйесi Еуропалық тiркеу жүйесiнен
ұқсас болып табылады. Оның мiндетi мүлiкке пайда болатын барлық
құқықтардың кепiлдiгiн қамтамасыз ету[5].
Егер, болашақта жалдаушыға мүлiкке өтетiнi қарастырылса, меншiк құқығы
онда мүлiктi жалдау шарты сатып алу-сату шартының нысанындай нысанда
жасалуы тиiс.
Халықаралық мүлiк жалдау шартының элементтерi. Мүлiк жалдау шартының
тараптары жалға алушы және жалға берушi, жалға берушi және жалға алушы
ретiнде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт
мемлекет атынан не әкiмшiлiк аумақтық бiрлестiк атынан жасалса мүлiктi
жалға берушi болып өкiлеттi мемлекеттiк орган, немесе халықаралық Ұйымдар
сол сияқты Қазақстан аумағында Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру бойынша комитетiнiң аумақтық органдары келедi.
Жалға берушi — бұл пайдалануға берiлген мүлiктiк иесi, ал заңды тұлға
— оқшауланған мүлiкке меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығы
бар субъект. Кейбiр жағдайларда мүлiктi жалға берушi болып оған өзге де
құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар келуi мүмкiн, олар мүлiктi жалға
беруге заңмен немесе шартпен өкiлденуi тиiс (мысалы, бұл мүлiктi
сенiмгершiлiкпен басқаратын болуы мүмкiн).
Жалдаушы (арендатор) - мүлiктi уақытша иелену және пайдалануға, немесе
тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға
онда белгiлi сағаттарда немесе күндерде қажеттi жұмыстарды жасау (орындау)
мүмкiншiлiгi берiлуi мүмкiн. Мүлкiне оралымды басқару құқығы бар
коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкiнiң меншiк иесiмен мүлiктi
жалдау құқығында шектелуi мүмкiн.
Тараптар құқықтары мен мiндеттерiнiң өзге тұлғаларға ауысуы iшiнара
және де әмбе бап құқықтық мирасқорлық негiзiнде болуы мүмкiн. Жалға
берiлген мүлiкке меншiк құқығының немесе шаруашылық жүргiзу, оралымды
басқару құқықтарының өзге тұлғаға ауысуы мүлiктi жалдау шартын өзгерту
немесе бұзу үшiн негiз болмайды.
Басқаша айтатын болсақ аренда құқығы жалға берiлген мүлiкке ауыртпалық
тудырады.
Азамат өлуiмен жалға алушының құқықтарына қатысты мұрагерлiк
трансмиссия егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше қарастырылмаса жалпы
тәртiп бойынша болады. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезде де әмбебап
мирасқорлықтың бұл тәртiбiн қолдану керек.
Мүлiктi жалдау шартын жасасу жалдаушының тұлғасына жеке байланысты
болмаса, жалға берушi оның қалған мерзiмiне шартқа мұрагердiң (құқықтық
мирасқордың) жалдаушы ретiнде кiрiсуiне кедергi жасай алмайды.
Халықаралық мүлiк жалдау шартының нысанасы (объектiсi) болып
негiзiнен қозғалатын сондай-ақ қозғалмайтын заттар келедi. Аренда шарты
бойынша (негiзiнде) берiлетiн заттар жеке сипаттары мен анықталатын,
тұтынылмайтын заттарға жатады, олар оларды пайдалану барысында
өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн бiрте-бiрте табиғи төзу салдарынан
жоғалтады. Кейбiр объектiлер пайдалану тәртiбi дұрыс болса тiптi өздерiнiң
қасиеттерiн жоғалтпауы мүмкiн, оларға жер бөлшектерi, көп жылдық егiстер
және с.с. жатады. АК. 54.1—бабына сәйкес, мүлiктiк жалдауға, кәсiпорындар
мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар,
жабдықтар, көлiк құралдары берiлуi мүмкiн. Жалдаудың объектiсi өзге де
заттар бола алады.
Заңнамада оларды мүлiктiк жалдауға беруге тыйым салынған, немесе
жалдау мүмкiншiлiгi шектелген мүлiк түрлерi анықталуы мүмкiн. Бiрiншi
кезекте шектеулер азаматтық айналымнан алынып тасталған, немесе азаматтық
айналымы шектеулi заттарға қатысты болып келедi.
Азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар жалға берiлуi мүмкiн
емес. Ал азаматтық айналымы шектеулi заттар жалға оларды пайдалану тәртiбi,
жалпылама оларға меншiк құқығын жүзеге асырудың барлық тәртiбi сақталып
жалға берiлуi мүмкiн. Мысалы, тұлға азаматтық айналымы шектеулi бiр немесе
өзге мүлiктi иеленуге рұқсат алмаса, ол өзiнде бар сондай (азаматтық
айналымы шектеулi) мүлiктi иелiгiнен шығаруы керек. Заңның тiкелей
нұсқауына сәйкес көрсетiлгендей мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылуы қажет.
Ондай мүлiкте иелiктен шығаруға бағытталған шарттар болып сатып алу-сату,
сыйға тарту, айырбас шарттары келедi деп болжам жасаймыз.
Бiрақ мәселенi тым шектеулi шешуге болмайды. Сiлтеме жасалған
азаматтық кодекстiң нормасы өмiрде оны әртүрлi жағдайларға лайықтап
қолдануды талап етедi. Мысалы, айналымы шектеулi мүлiктiң иегерi болашақта
оған рұқсат аламын деп үмiттенетiн болса оған оны жалға беруге тыйым
салынбауы керек. Немесе мүiктi иеленуге рұқсаты жоқ айналымы шектеулi
заттың меншiк иесi бiрден сатып алушыны таппаған соң оны болашақта сатып
алу жағдайы қарастырылатын жалдау шарты негiзiнде бере алады. Қаралғандай
қосымша шешiмдер меншiк иесi жағдайын жақсартады. Қандай да болсын мүлiкке
меншiктiң заң бойынша кепiлдiктерiн нығайтады.
Кейбiр объектiлердi (негiзiнен табиғи объектiлердi) жалға тапсырған
кезде шарт ерекшелiктерi пайда болады (ерекшелiктер шарт мазмұнына және
т.б. қатысты болуы мүмкiн).Халықаралық құжаттар мен Қазақстан
Республикасының Жер кодесiнiң Заңының 48 бабына сәйкес, жер
пайдаланушылары жердi жер учаскесiн беру актiсiне немесе аренда шартына
(уақытша ақысыз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануы тиiс. Осымен бiрге
жалға алушыға тағы да бiрқатар мiндеттер жүктеледi. Бұл мiндеттер жалға
алушының жалға берiлген мүлiктi тиiстi пайдалану бойынша азаматтық-құқықтық
мiндетiмен тығыз байланысты, кейбiр көрiнiстерiнде оларды мүлiктi тиiстi
пайдалану бойынша мiндеттiк нақтылануы ретiнде бағалауға болады. Жер
пайдаланушыға мынадай мiндеттер жүктеледi:
—тиiстi санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс
технологнясын қолданудың, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян
келтiрiлуiне жол бермеу;
— топырақтың құнарлығын нашарлатпаудың жер қорғау жөнiндегi шараларды
жүзеге асырудың, орман, су ресурстары мен басқа да табиғи ресурстарды
пайдалану тәртiбiн сақтаудың, жер учаскесiнде орналасқан, заңдарға сәйкес
мемлекет қорғайтын тарих, сәулет ескерткiштерi, археологиялық мұра мен
басқа да объектiлердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
— басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау;
— топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу оның бiржола жоғалуын
болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату
не беру мақсатымен құнарлы қабатты сыдырып алуға жол бермеу;
— сервитуттары заңдарда көзделген тәртiпте ұсынуды қамтамасыз ету.
Өз ерекшелiктерi тұрғын үйдi жер қойнауының учаскелерiн және басқа
объектiлердi жалдауда орын алады. Жер қойнауының учаскiлерi концсссиялық
және басқа келiсiмдер негiзiңде пайдалануға берiледi, олар АК 541-6, 4-т.
сәйкес өзiнiң заңды табиғаты бойынша мүлiктi жалдауға түбiрлес болып
келедi және оның жалпы (негiзгi) ережелерiне негiзделедi. Мұндай кең түснiк
ҚР азаматтық заңнамасында шарттардың бұрынғы кеңестiк кезеңдегi азаматтық
құқыққа таныс емес тәртiптенгең жүйесi қалыптасып келетiнiн сипаттайды. Бұл
бөлек шарттардың құрылысын өңдеуде де, бүкiл шарттық құқық жүйесiн өңдеуде
де өз көрiнiсiн тауып отыр[6]. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты және
өзге де шарттардың жаңа түрлерiне қатысты пайда болған айқынсыздық
ақырындап жойылып келедi.
ҚР АК тағы да бiр елеулi жаңалық бар. Оны заңнаманы дамытудағы батыл,
өркендi қадам ретiнде бағалауға болады және онда бiздiң көзқарасымыз
бойынша арендалық қатынастарды одан әрi дамытудын мүмкiншiлiктерi
қарастырылған. Бiрақ ол жалдау туралы дәстүрлi көзқарастарды ескеретiн
болсақ үйренiмсiз болып көрiнедi. ҚР АК 541-бабының 2-тармағына сәйкес
жалдаудың нысанасы болып жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану
құқығы және өзге заттық құқықтар келуi мүмкiин. Мүлiктiк құқықтардың
арендасына жол бермеу заңнамалық актiлермен қарастырылуы мүмкiн. Аталған
норманы қолдану мүлiктiк құқықтардың айналымын жан-жақты дамытуға
мүмкiншiлiк бередi.
Мүлiктi жалдау шартының ақылы мiнезi, жалпылама мiндеттемелiк құқық
нормаларының мазмұны және қалыптасқан шарттық тәжiрибеде мүлiктi жалдау
шартында сатып алу-сату шартында да сияқты оның бiрден бiр елеулi жағдайы
болып нысанасы туралы жағдай келетiнiне әсер етедi.
Мүлiк жалдау шартында жалдаушыға мүлiктiк жалдаудың объектiсi ретiнде
берiлуге жататын мүлiктi анықтауға мүмкiншiлiк беретiн мәлiметтер
келтiрiлуi керек. Егер бұл мәлiметтер шартта болмаса, онда мүлiктiк
жалдауға берiлуге жататын объект туралы жағдай келiсiлмеген болып, ал
тиiстi шарт жасалмаған болып есептеледi. Үлкен тәжiрибелiк мән жалға
берiлетiн объектiнi толық сипаттауда болып келедi яғни оны тек жалпы
анықтау жеткiлiксiз. Осының қажеттiлiгi мүлiктi жалдау шарты мазмұнының
өзiнен көрiнiс табады.
Халықаралық аренда шартының бағасы. Ол шартқа сәйкес анықталады. Егер,
ол шартта көрсетiлмесе, онда басшылыққа бiр немесе өзге жағдайларда
төленетiн аренданың бағасы алынады.
Халықаралық аренда шартының мерзiмi. Мүлiктi жалдау шарты нақты
анықталған мерзiмге жасалуы мүмкiн. Халықаралық аренданың ақырғы мерзiмiн
тек оның бөлек түрлерi үшiн, немесе бөлек мүлiк ареңдасы үшiн қарастырады.
Айтылғандай жердiң арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бiр жылдан
аспайтын мерзiмге ғана жасалуы мүмкiн.
Халықаралық мүлiк жалдау шарты нақты анықталмаған мерзiмге жасалуы
мүмкiн, бұл үшiн ол күшiнде болып келетiн мерзiм шартта көрсетiлмейдi.
Нақты анықталмаған мерзiмге жасалған мүлiктi жалдау шартында әрбiр таран,
шарт қозғалмайтын мүлiк жөнiнде болғанда екiншi тарапқа үш ай бұрын
ескертiп, ал шарт қозғалатын мүлiк жөнiнде болғанда бiр ай бұрын ескертiп,
кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртiп заң актiлерiмен
немесе шартпен қарастырылуы мүмкiн. Мысалы шартта тараптар нақты
анықталмаған мерзiмге жасалған мүлiктi жалдау шартын бiр жақты тәртiпте
бұруға тиым салуы мүмкiн.
Егер мүлiктi жалдаудың ақырғы мерзiм заңнамада қарастырылса, ал
шарттың өзi нақты анықталмаған мерзiмге жасалса, мүлiктi жалдаудың ақырғы
мерзiмi өтуiнен ол күшiн өзiнен өзi жоғалтады. Яғни, мүлiктi жалдау
шартының мерзiмi заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзiмнен
асып кетсе де шарт бәрiбiр заңнамалық мерзiмнен аспайтын (оған тең)
мерзiмге жасалған болып саналады.
Халықаралық мүлiк жалдау шартының мазмүны. Жалға берушi мүлiктi жалға
алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес, келетiн күйде беруiне
мiндеттi. Мүлiктiң күйi бiрiншi кезекте шартпен анықталуы тиiс. Мысалы,
жалға қоймалар берiлгенде, олар өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына
бөлмелердегi ауаның ылғаадылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға және
басқаларға сәйкес болуы керек екенi болжанылуы мүмкiн.
Шарттың мүлiктiк күйiне талаптар анықталмаса, онда олар мүлiктiң
тағайындалуы және мүлiктi пайдаланудың болжамды (мақсаты ескерiлiп мүмкiн
күйiне талаптар туралануы мүмкiн. Бiрақ мүлiктi жалдау шарты бойынша
мүлiкке талаптарды анықтау сатып алу-сату шарты бойынша заттың қажеттi
сапасын анықтаудан ауырға түседi. Жалға берiлетiн мүлiктiк күйiне қатысты
талаптар өте субъективiгi болып келедi. Олар жөнiнде келiспеген тараптар
араларында қиын жолмен шешiлетiн даулар пайда болуы мүмкiн. Сондықтан,
жалға алушы мүлiктiң кейбiр ерекше қасиеттер бар болуын қаласа, оның бұл
туралы жалға берушiмен келiскенi аса қажеттi болады. Жалға берiлетiн
мүлiктiк кемiстiктерi болмауы керек, немесе кемiстiктер тiкелей шартта
ескертiлуi керек. Бұл жасалмаса жалға берушi берiлген заттардың
кемiстiктерi үшiн жауапты болады.
Кейбiр жағдайларда заттың кемiстiктерiмен байланысты тараптардың
құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселе басқаша шешiмiн табады. Жалға
берiлген заттың кемiстiктерiн оны қараған кезде бiрден табуға мүмкiн болса,
немесе затты жалға алғанға дейiн жалдаушi затпен пайдаланып үлгерген болса,
онда жалға берушi заттың кемшiлiктерi үшiн жауапты болмауы тиiс.
Затты тұтынудың одан құтылу мүмкiн емес (сөзсiз) салдары болып оның
белгiлi дәрежеде нашарлауы (тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтуы) келедi.
Сондықтан бiрнеше жыл пайдалануда болып келген мүлiктiң (заттардың) күш
тиiстi емес тiптi қанағаттанатындай болмай шығуы мүмкiн. Осыған байланысты
шарттың екi тарабы бiрдей белгiлi бiр шешiмдердi қабылдап әрекеттердi
жасауға мажбүрлi болады. Осы себептен А. А. Иванов автордың ешқандай
күдiкке жол бермей мына айтқанымен (жазғанымен) келiсуге қиын (болмайды):
"... обязанность обеспечить надлежащее состояние имущества действует на
протяжении всего срока аренды, хотя вещь и передается арендатору, как
правило, вскоре после заключения договора[7]. Аталған мiндет мүлiк жалдау
шарты тараптарының арасында бөлiнедi. Жалға берушiнiң және жалға алушының
құқықтары мен мiндеттерiн одан әрi қарағанда осыны анық көруге болады.
Мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты
құжаттарымен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн. сапасын, пайдалану
тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi. Сатып алу-
сату шарты (мысалы қозғалмайтын мүлiктi сатып алу-сату шарты) бойынша затқа
(мүлiкке) құқықтарды растайтын құжаттар табыс етiлуi мүмкiн қаралып тұрған
шартта нiгiзiнен әңгiме мүлiктi тұтыну (пайдалану) үшiн қажеттi құжаттар
жөнiнде жүргiзiледi. Шартта құжаттар жалға берушiде қалатыны, жалдаушы
олармен таныса алатыны және т.б. қарастырылуы мүмкiн.
Құжаттар, керек жарақтар берiлмесе және оларсыз жалға алушы мүлiктi
мақсаты бойынша пайдалана алмаса, немесе ол шартты жасасуы кезiнде
үмiттенуi мүмкiн болған нәрселерден (игiлiктен, пайдадан) едәуiр дәрежеде
айырылса, онда өзiнiң қалауы бойынша ол жалға берушiден керек жарақтардың
және құжаттардың берiлуiн немесе шарттың бұзылуын талап ете алады.
Жалға алушыда көрсетiлген жағдайға қатысты бiр ғана құқығы болып
келмейдi. Жалға алушы құжаттарды жәнс керек жарақтарды олар жалға берушiмен
берiлмеген өзге реттерде де талап ете алады. Басқаша айтқанда, жалға
алушының мүлiктi пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылуы, оған ұтымсыз
нәтижелердiң (салдардың) туындауы немесе туындамауы сол құқықты жүзеге
асыру кезiнде мiндеттi түрде ескерiлетiн нәрсе емес. Бiрақ, әрине, жалға
берушi тарабынан жасалған бұзушылықтың ауырлығы қолданылатын шараларға
(мысалы шартты бұзу мүмкiншiлiгiне) әсер етедi.
Жалға берушi мүлiктi шартпен қарастырылған мерзiмде беруi керек, егер
бұл мерзiм шартта қарастырылмаса, онда ол қисынды мерзiмде берiлуге жатады.
Жалға берушi шартқа қайшылық жасап мүлiктi бермесе жалдаушы бұл мүлiктi
халықаралық құжаттардың нормаларына немесе ҚР АК 355-бабына сәйкес талап
ете алады немесе шарт бұзылуын талап ете алады. Екi амалды қолданған кезде
де жалға алушы өзiне келтiрiлген шығындарды өндрiп ала алады.
Затты бергеннен кейiн, меншiк иесi оған менiшк құқығына байланысты
кейбiр ауыртпалықтарды сақтап қалады. Сондықтан, меншiк иесi мүлiк
жағдайына жауапты болады, сонымен қоса жалға алушының да заттық құқығын
есептеп алып тастамау керек. Затқа қатысты құқықтар тараптар арасында
бөлiнгесiн меншiк иесiнiң ауыртпалықтары ол өзiне жататын мүлiктi өзi
иеленген, пайдаланған жағдайда сияқты толық болмайды.
Ертерек айтылғандай халықаралық мүлiк жалдау шартының тараптары
арасында мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы бөлiнедi. Жалға берушi жалға
берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнше
не шартта өзгеше көзделмесе, өз есебiнен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.
Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болған шұғыл
қажеттiлiк талап ететiн жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмде өз есебiнен жүргiзедi (АК 552-6
2-бөл.).
Шарт жасау кезiнде жалға берушi жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке
үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы) туралы
ескертуге мiңдеттi. Бұл жағдайда бiз бiрiншi кезекте мүлiкке ауыртпалық
тудыратын құқықтары туралы айтамыз. Мүлiктi жалға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалгерлік есеп
Жалгерліктің мәні мен мазмұны
Жалға алушы есебі
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Ілгерімелі қаржылық есеп
Лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктері
Лизингтің мағынасын зерттеу
Дастархан кейтеринг компаниясының тамақтандыру қызметтерін ұйымдастырудың ерекшелігі
Пәндер