Радиоактивті қалдықтардың жер қойнауындағы сақтау орындары мен қорымдарын құрудың қазіргі программалары мен жобалары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ САҚТАУ ОРЫНДАРЫ МЕН ҚОРЫМДАРЫН ҚҰРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОГРАММАЛАРЫ МЕН ЖОБАЛАРЫ
Әлемде радиоактивті қалдықтарды қоймада, қорымдарға және көметін басқа орындарда көму жүйесін негіздеу, жобалау, модельдеу және әлемдегі табиғи зерттеу тәжірибелері аз емес. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз етіп сақтайтын қоймаларды құру үшін орындалатын ұлттық және халықаралық программалар мен жобалар саны, сонымен бірге радиоактивті қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау кезінде радионуклидтердің қозғалысы және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттегендегі зерттеулер мәліметтері аз емес. Кейбір мәселелер төмен белсенді қалдықтар мен орта белсенді қалдықтарды өндірістік ауқымда көму жолдарын жүргізіп жатыр. Жоғары белсенді қалдықтарды геологиялық формацияда көму мүмкіндіктерін қарастыруда. Бірақта мәселенің соңғы шешімі 2000-2020 жылдар аралығында қабылданады.
Төмен белсенді қалдықтарды өндірістік ауқымда көмуге мысал ретінде мынаны алуға болады; «Три - Майл - Айленд» АЭС-ғы қалдықтарды АҚШ-ы төмен белсенді қалдықтар үшін арналған экологиялық аумақта жоюға болады /1/. Бұл аумақта құрғатқыш жүйесі болғандықтан, ол арқылы жер асты суы орталық коллектр мен жинақ сыйымдылығына өтеді. Су шұңқырының бетонды негізінде қалдықтары бар контейнерлерді тиейтін көлемі 80м 3 бетонды бөлік орнатылады. Бір қабатты толтырғаннан кейін бетонды жабумен жауып, белсенділігі төмен деңгейдегі контейнерлердің келесі қатарын белгілейді. Қабаттың беткі қатары графимен, құммен, сазбен жабады да, бетіне тамыр жүйесі тереңге кетпейтін өсімдіктер өсіреді.
Ал ұзақ өмір сүретін орта белсенді қалдықтарды көму жағынан Ұлыбританияда зерттеулер нәтижелері бойынша бұл қалдықтарды мұхит түбінің геологиялық формациясында жою технологиясы бағаланған. Себебі Ұлыбританияның көптеген ядролық орталықтары мен қондырғылары теңіз жағалауына немесе сол жерге жақын орналасқан.
Ресейде жер астында көму тәжірибесі негізінен өткізгіш қабатта сұйық қалдықтардың тербелуінен шектеулі болған. Сонымен бірге Ресейде иондалған сәулелердің жоғары белсенді пайдаланған көздерін көму тәжірибеде бар. Мұндай көмулер үшін құдық типті жер бетіндегі қоймалар қолданылады. Пайдаланған көздерге арналған типті қоймаларда резервуарлар болады. Оларды тереңдігі 6м-ге тең темір бетонды құдыққа орналастырады. Қойманың тиеу каналы диаметрі 108мм болатын имек түтіктен тұрады. Ол цилиндрді көмуге көмектеседі. Қойма жоғарғы шекті температурасы 503К кезде белсенділігі 1, 184х10 15 Бк (80кг-экв. Ra) тең қалдықтарды салуға есептелген.
Ғылыми зерттеу институттарының мәліметі бойынша қатты және қатайтылған радиоактивті қалдықтарға қатысты Ресейдің еуропалық бөлігінде сәкесті тасты тұз сілемдерін іздеуге үлкен көңіл бөлді. Тасты тұз сілемдерінде орналастыру көзделген арнайы жер асты құрылысы түріндегі қорым 1 суретте көрсетілген.
Шет елдерде зерттеу жобаларына үлкен мән беріледі. АҚШ-та, Еуропада радиоактивті қалдықтардың нақты қоймаларының жағдайы жасалған зерттеу лабораторияларының қатарлары жеткілікті. Мәліметке толы зерттеу материалдары қазіргі ең қиын проблемаларға сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Төмен белсенді қалдықтар мен орта белсенді қалдықтарды әртүрлі жолдармен көму технологиясы МАГАТЭ-нің мамандары арасында негізінен принципті іске асқан қалдық ретінде қарастырылады. Қосымша зерттеулер әдістерді одан әрі жетілдіру мен экономиканы жоғарылату үшін жүргізіледі. Бірақта көптеген елдерде әліде болса бұл қалдықтарды жою стратегиясын, критерилерін және лицензияланған аудандардың проблемаларының соңғы шешімдерін тапқан жоқ .
Төмен белсенді қалдықтар мен орта белсенді қалдықтарды көму практикалық тәжірибе Германияда жүргізілген. Германия қатты радиоактивті қалдықтарды өндірістік көмуді жүзеге асыруда («Ассе» және «Морсилбен» шахталары) . Ал жоғары белсенді қалдықтарды өндірістік көму бірде-бір мемлекетте жүзеге асырылмаған, көптеген жер асты лабораторияларда кең ауқымды зерттеулер осы мәселелерді шешуге бағытталған. Көптеген елдер өздерінің ұлттық және халықаралық программаларында жоғары белсенді қалдықтарды көмуді жоспарланған. Жер қойнауындағы лабораторияларда белсенділігі жоғары қалдықтарды қауіпсіз етіп көму және олардың жүрісін бақылау жасаған бірнеше мысалдар белгілі /2/.
Германияда радиоактивті қалдықтарды көму тұз сілемдерінде жүреді. Тұздың қасиеттері өте көп, олар радиоактивті қалдықтарды көму кезінде тұзды кен орындарына ерекше басымдылық көрсетеді. Гермения мамандарының пікірі бойынша олардың ішіндегі негізгілері мыналар:
- тасты тұздың серпімділігі жер асты қысымының әсері кезінде пайда болатын жарықтар мен жарылған жерлердің алдын алады;
- тұзда ұзақ уақыт бойы тұрақты болып тұратын үлкен көлемді қуыс пайда болуы мүмкін;
- тасты тұз басқа жыныстарға қарағанда жағары белсенді қалдықтарды көму кезінде пайдалы жоғары коэффициенті жылу өткізгіштік қасиеті бар;
- тасты тұздың суда еруіне қарамастан тұзды формация ерекше тұрақты болып келеді. Сондықтанда тұз кен орындарының жасын белгілеуге болады.
Сурет 1. Ғылыми зерттеу институттары мәліметтері бойынша жер асты қорымының көрінісі:
1- дайындайтын орын, 2- көму скважинасы, 3- тасымалдау орны, 4, 5- торлы бағана, 6- технологиялық бағана (скважина), 7, 9- жұмыс және қосымша белдеу (горизонт), 8- технологиялық өнімділік.
Ал Қазақстанда уран пайда болған жерлерді интенсивті өңдеу және Семей полигонында қырық жыл бойы ядролық қондырғыларды сынақтан өткізу және басқада объектілерден республиканың барлық территорияларында орналасқан белсенділігі әртүрлі үлкен мөлшерде радиоактивті қалдықтарды шығарады. Радиоактивті қалдықтардың негізгі қоспасы уранды өндіру және қайта өңдеу мекемелерінде пайда болады. Олар Маңғыстауда, Көкшетау, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Сонымен бірге Маңғыстау облысында радиоактивті қалдықтар БН-350 (Ақтау қ. ) энергетикалық ядролық қондырғысында, мұнай, газ өндіру және мұнай, газ қайта өңдеу өндірістерінде пайда болады. Актау қаласындағы БН-350 энергетикалық реакторда сұйық қалдықтар технологиялық қондырғылардың бәсеңсеуінен, ион алмастыратын арнайы канализациялардың репенерациясынан және оларды жуудан пайда болған. Сұйық қалдықтар арнайы су тазалау бактарына құйылып дозиметриялық бақылаудан өткізіліп, 3х10 -9 Кu/л (1 10 Бк/л) белсенділігінде қуатты өндірістік канализацияға жіберіледі.
Урансыз тау өңдеу және қайта өңдеу өндірістерінде көлемді радиоактивті қалдықтар үшін сақтау қоймалары орны қазіргі уақытқа дейін жобаланбаған. Жер асты ядролық жарылыстардан шыққан қалдықтар (12, 9 млн. Кu) тау жарылыстарының қортылған көлемінде өмір бойына сақталынады. Жер асты ядролық жарылыстардың кезінде тау жыныстарында пайда болатын қуыстың рекультивациясы арнайы зерттеуді талап етеді. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жер беттік ластануы қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Уранды таудағы тәсілмен өндіру кезінде жер бетінде үлкен көлемде жыныс шығарады. Оның ішінен тек концентрациялы табиғи уранның азғантай бөлігі ғана қайта өңдеу және молайту жерлерге тасымалданады. Өндірген жерде құрамында уран және торий қатары бар табиғи радионуклидтері бар үлкен көлемде жыныс қалады, бірақ кейде көмуді талап ететін төмен белсенді қалдықтар бар жыныс көлемі де кездеседі. Бұл үйінділер қауіпті, себебі, мұндағы жыныстар ұсақ болған және қарқынды түрде Rn-222 бөледі де, ол жел болған кезде атмосфераға таралады. Мұнай және газ өндіретін территорияларды зерттеген кезде радиоционды ластанған ( негізінен Ra-226 және Th-232) топырақ, мұнай шламдары, құрылғылар, құбырлар білінген. Оларға табиғи радионуклидтері бар мұнай сулары ұзақ әсер еткен. Қазіргі уақытта бұл топтың радиоактивті қалдықтары Маңғыстау-Каспий маңы мұнай кен орындарын қарқынды түрде иемдену арқылы да үлкен мәнге ие, өйткені құрамында жоғары табиғи радионуклидттер бар /3/.
Қорымның барлық ғылыми-техникалық негізделуі мен оның құрылысы оны пайдалануға берместен бұрын жасақталуы керек. Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейінде пайдаланылмайтын және экологиялық көзқарастан қатер туғызатын әлемде радиоактивті қалдықтар елеулі мөлшерде жасақталғаны белгілі. Радиоактивті қалдықтармен нақты жұмыстың түрлері оларды практикалық игеру сатысынан бастап мемлекеттік және халықаралық (МАГАТЭ) ереже нормалары және сипаттамаларымен есептелінеді.
Радиоактивтік қалдықтарды көму
Радиоактивтік қалдықтарды көму пункттері жіктеледі:
өзінің қолданылу мақсаты бойынша:
сақтау пункті;
көму пункті.
Жер бетіне қатысты радиоактивтік қалдықтар пункттерінің орналасу тереңдігі бойынша:
жерүсті (жер бетін деңгейінде немесе одан жоғары) ;
жербетілік (қорғаныш жамылғысының қуаты 10 метрге дейін, қалдықтар күндізбелік беттен төмен) ;
терең (қалдықтар күндізбелік беттен 10 метрден астам тереңдікте орналасқан) .
Қазақстан Республикасында радиоактивтік қалдықтарды көмуге уақытша рұқсаттарды ресімдеу тәртібі
Барлық радиоактивтік қалдықтар, олардың агрегаттық жай-күйіне (сұйық немесе қатты) қарамастан көмуге жатады.
Көмуге уақытша рұқсатты:
қалдықтардың жалпы активтілігі радиоуыттылығы бойынша радионуклиттердің А және Б тобы үшін 100 кюриден астам және радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес В және Г топтары үшін 1000 кюриден астам кезде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
қалдықтардың жалпы активтігі радиоуыттылығы бойынша радионуклиттердің А және Б тобы үшін кемінде 100 кюри және В және Г топтары үшін кемінде 1000 кюри кезінде Қазақстан Республикасының облыстық уәкілетті органдары.
Кен өндіру, уран өндіру және басқа салалардың кәсіпорындарында орын алған табиғи радионуклиттері көп үйінділер Радиоактивтік кендерді өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жою және қайта бейіндеудің санитарлық ережесінің талаптарына сәйкес көмуге жатады. Осы қалдықтарды орналастыруға уақытша рұқсаттар табиғатты пайдалануға арналған рұқсаттарды берудің уақытша тәртібіне сәйкес беріледі.
Радиоактивтік қалдықтарды көмуге уақытша қалдықтарды алу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz