Қазақстан Республикасының жер қоры, оның жіктелуі және өндірісте пайдаланылуы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе

ІІ негізгі бөлім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

2. 2. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙМА ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ

2. 3. ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НӘТИЖЕЛІЛІГІ

2. 4. ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ТЕРІС САЛДАРЫ

2. 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.

2. 6. ЖЕР ҚОРЫНЫҢ АЛАПТЫҚ ҚҰРАМЫ

2. 7. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛАПТАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 8. ТАБИҒИ МАЛ АЗЫҒЫ АЛАПТАРЫНЫҢ КУЛЬТУРТЕХНИКАЛЫҚ КҮЙІ.

2. 9. ЖЕРЛЕРДІҢ МЕЛИОРАТИВТІК КҮЙІ

2. 9. 1. ЛАСТАНҒАН ЖӘНЕ БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚТАР

ііі. Қорытынды

iv. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

І. Кіріспе

Жер құқығы - жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.

« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы - Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді: « . . . Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді ».

Бұл бағдарлама құқықтық мемлекет құрудың және заң шығару үрдісін жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер құқық қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғұрлым тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бұл салада, ең алдымен, жер және басқа табиғат байлықтарын тиімді және ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету - еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.

Құқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге де қызмет етеді.

ІІ негізгі бөлім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

Қазақстан Республикасының жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасында оның территориясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.

Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бұл қауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында тәлімі егіншілік дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.

2. 2. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙМА ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары тың және тыңайма жерлерді жаппай игеру себебінен республиканың жер қорында түбегейлі өзгерістер пайда болды. Бұл процестің бастамасы СОКП ОК 1954 жылдың ақпан-наурыз айларында қабылдаған "Елде астық өндіруді әрі қарай дамыту және тың мен тыңайма жерлерді игеру туралы" атты Қаулысы болып табылады.

Аталған мерзімнің ішінде Қазақстан территориясында 25 млн. га жуық тың және тыңайма жер жыртылды. Бұл процестің маңыздылығын жете түсіну және объективті бағалау үшін сонша көне емес тарихи фактілерге жүгінген қажет. Шығыс аймақтарға Еуропалық Ресейден шыққандардың жаппай қоныстануы XIX ғасырдың соңғы онжылдықтарында басталып, Столыпин реформасын жүзеге асыру кезінде, XX ғасырдың басында күшейе түсті. Бұның себебі ғасырлар бойы қалыптасқан кең байтақ даланың құнарлы жерлері мен Ресейдің орталық аймақтарындағы жер тапшылығы. Мысалы, қазақ даласына (Орал, Торғай, Семей және Ақмола) 1906ж. -25100, 1907ж. -81300, 1908ж. -80159, 1909ж. -89711, 1910ж. -67097, 1911ж. -55508, 1912ж. -41077 шаруа қожалықтары қоныстанды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда қоныс аудару процесінің асып тұрған кезі 1909жылға келеді. Кейінірек көкіндердің саны екі есе кемейе түсті. Осымен қатар олардың Орталық Ресейге қайта көшуі ("обратничество") өрби бастады.

Мысалы, 1906-1908ж. ж. аралығында барлығы 1553, 4 мың адам көшірілсе, соның 564 мыңы жаңа жерде орнығып, ал 285, 0 мыңы қайтып оралған екен. Қалған 700 мыңнан астам адамның тағдыры белгісіз.

XX ғасырдың екінші жартысында тың және тыңайма жерлерді игеру процесі едәуір басқаша бейнеленеді.

Алғашқы рет бұл мәселе 1930 жылы көтерілген еді. Көрнекті ғалым академик Н. М. Тулайковтың сол кездегі болжауы бойынша Қазақстанда егістікке жарамды жерлердің көлемі 50-55 млн. га шамасында болған. Осы орасан зор ауданның 36 млн. га Сібір мен Оралға таяу Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар және Семей округтарында орналасқан екен. Барлық жыртуға жарамды жерлердегі бидай егістіктерінің үлес салмағы қарастырып отырған жылдары не бары 5% қана құраған.

Тек қана 1954 жылы кең байтақ өлкенің өміріне түбегейлі өзгерістер енгізген, жаппай қозғалыс орын ала бастады. Екі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріне 650 мыңға жуық адам көшіп келді, солардың ішінде 130 мың механизатор. Қазақ КСР-ның сол кездегі ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша 1954-1960ж. ж. республиканың территориясында 25, 5 млн. га жер жыртылған екен, соның ішінде 17 млн. га бес Солтүстік облыстарында (3 кесте) 1963 жылға қарай Қазақстанда 2695 совхоз бен басқа мемлекеттік шаруашылықтары және 542 колхоз жұмыс істеді. Олардың қарамағында 190 млн. га жер болып, соның 34 млн. га жыртылған жерді құрады.

Онжылдың ішінде Солтүстік Қазақстанда негізінен астық өндіру бағытындағы 600 жаңа совхоз ұйымдастырылды.

Сол жылдары осы бес облыстағы совхоздар мен колхоздардағы тракторлар саны -6, 8 есе, комбайн -6, 4 есе, жүк таситын автомобильдер -11 есе, электростанциялардың қуаттылығы -27 есе арта түсті. Тың совхоздарының энергиямен қаруландырылғандығы сол кезде-ақ бір жұмысшыға 60 а. к. құрады, ал КСРО көлемінде бұл көрсеткіш тек 7, 2 а. к. шеңберінде ғана болды.

Совхоздардың басым бқлігі астық өндіруге бағытталды. Сонымен бірге мал шаруашылығы мен басқа салаларға мамандандырылған совхоздардың да саны бірте-бірте көбейе бастады. Ұйымдастырылған миграциялық процестердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның бес облысындағы ауылшаруашылық жұмысшыларының саны 103 мыңнан (1953ж. ) 536, 7 мыңға дейін (1964ж. ) өсті, демек 5 еседен астам.

2. 3. ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НӘТИЖЕЛІЛІГІ

Тың және тыңайма жерлерді жаппай игеру айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Егер де бұдан бұрын (1949-1953 ж. ж. ) тың игерілген аймақтардың ел бойынша жалпы астық сатып алудағы үлес салмағы 30% шамасында болса, 1954-1964 ж. ж. бұл көрсеткіш 52% дейін өсті. Тың игерілгенге дейінгі 10 жылдың ішінде аталған облыстар 8 млн. т. көлемінде астық сатқан екен, ал келесі 10 жылдықта мемлекеттің қоймасына 58 млн. т. астық құйылды, демек 7, 2 есе көп.

3 кесте

1954-1960 ж. ж. тың және тыңайма жерлердің жыртылуы (мың га) .

Республика,

облыс

Жылдар
1954-1960 ж. ж., барлығы
1954
1955
1956
1957
1958
1959
1960
мың га
%
Республика,облыс: Қазақ КСР
Жылдар: 8531
1954-1960 ж. ж., барлығы: 9436
1908
1064
1877
1020
1648
25484
100
Республика,облыс: Солтүстік Қазақстанның 5 облысы
Жылдар: 6562
1954-1960 ж. ж., барлығы: 6219
803
413
1295
529
1161
16982
67
Республика,облыс: Осының ішінде:
Республика,облыс: Целиноград
Жылдар: 1644
1954-1960 ж. ж., барлығы: 1734
155
118
283
138
236
4308
17
Республика,облыс: Көкшетау
Жылдар: 1428
1954-1960 ж. ж., барлығы: 928
44
51
124
39
120
2134
11
Республика,облыс: Қостанай
Жылдар: 1710
1954-1960 ж. ж., барлығы: 2102
185
180
339
471
125
5112
20
Республика,облыс: Павлодар
Жылдар: 1021
1954-1960 ж. ж., барлығы: 1185
406
46
394
187
259
3498
14
Республика,облыс: Солтүстік Қазақстан
Жылдар: 759
1954-1960 ж. ж., барлығы: 270
13
18
155
40
75
1330
5

Қоғамдық мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер пайда болды: ірі қара мал мен құстың басы 2 есе, қой -1, 3 есе, шошқа -3 есе арта түсті. Өндірілген еттің көлемі 3, 3 есе, сүт 3 есе, жұмыртқаның саны 7 есе көбейді.

Тың жерлерді игеруге жұмсалған қаржы толығымен өтелді: алғашқы 7 жылдың ішінде (1955-1962 ж. ж. ) астық сатудан түскен айналым салығы 3, 5 млрд. сом құрады, ал совхоздардың негізгі қорлары 1962 жылдың аяғына қарай 237 млрд. сомға жетті.

Тың жерлерді игеру орасан зор өлкенің өндіргіш күштерін күрт жоғарлатты. Ауылшаруашылық машина жасау және энергетика, азық-түлік өнеркәсібі мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, ғылым мен жоғары білім беру, мәдениет пен спорт айтарлықтай дамыды.

2. 4. ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ТЕРІС САЛДАРЫ

Өкінішке орай тың жерлерді игерудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі едәуір жоғары болар еді, егер де бұл процесті жүзеге асыру барысында бір қатар қателіктер жіберілмесе. Соңғылардың ең негізгілерін атап өтелік.

Алдымен-егістікке қолайсыз, құнарлылығы төмен жеңіл топырақтарды жыртып тастау. Осының салдарынан Павлодар мен Қостанай облыстарында миллиондаған га жыртылған жерлерде дифляциялық процестер өрбіді.

Соңғы жылдары елеулі түрде су эрозиясы орын ала бастады, әсіресе, сызықтық эрозия (жыралық) . Оны уақытша болса да тоқтатқанмен, шамалы еңісті баурайлардың өзінде-ақ су және жел эрозияларының қосыла әсері байқалады.

Осымен қатар жыртылған жердің ең кемінде 10% сортаңданған, эрозияға ұшыраған, тастақ және басқа да аз дамыған топырақтар алып жатыр. Бұндай жерлерге жұмсалған еңбек пен қаражат, әрине, өтеле қоймайды. Сонымен бірге олар, жыртылған жердің территориясында орналасқанына байланысты, межелес егістіктерді өндеуге кедергі жасайды.

Жаңа жерлерді игеру процесінің жоғары қарқындылығы, әрбір гектарды айналымға қосуды ынталандырып отыру бір қатар кемшіліктерді жіберуге жағдай жасады. Жерлерді шамадан тыс асығыстықпен, тиісті зерттеулерсіз игеруге таңдаудың салдарынан жер пайдалану жүйесінде көптеген қолайсыздықтар орын алды. Танаптарды төртбұрышты пішінде, жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың ерекшеліктерін елемей жобалаудың нәтижесінде қарапайым экологиялық талаптарда орындалмады. Өзендер мен көлдердің маңындағы жерлерді жыртып тастаудың салдарынан олардың көбісі батпақтанып кетіп, су режимдері бұзылды. Белгілі бір деңгейде өлкенің флорасы мен фаунасына да залал келтірілді.

Тың совхоздарының құрылу және даму барысында көптеген іс-шаралар байқап көру әдісімен жүзеге асырылып отырды. Осыған байланысты жер пайдаланушылықтар межелерінің қажетті тұрақтылығы қамтамасыз етілмеді. Олардың және жер пайдаланушылық аудандарының жиі-жиі өзгеріп отырғанының салдарынан жер пайдалануда иесіздік, жоғарғы мәдениетті егіншілікті қамтамасыз етуде қиыншылықтар, дұрыс ауыспалы егістерді енгізуде кедергілер пайда болды.

Бірақ ең үлкен зиян келтірген-КСРО-ның батыс аймақтарында қолданылатын егіншілік тәсілдерін тура көшіріп алып, тың өлкесінің ерекше жағдайларына бейімдемей пайдалану. Осының нәтижесінде бірінші жылдары өнімнің едәуір бөлігі кем алынып, топырақтың тек қана алғашқы құнарлылығы пайдаланды. Кейінгі жылдары дақылдардың, бірінші кезекте бидайдың түсімділігі едәуір төмендей бастады. Бұл теріс құбылыстың салдарын жою мақсатымен егіншіліктің эрозияға қарсы бағытталған жүйесі жасалды. Аталған жүйе 60-70 жылдары өндіріске енгізіліп ауылшаруашылығын бірте-бірте көтеруге мүмкіндік берді.

Дегенмен әлі де бірқатар мәселе шешімін күтуде. Жерді аса ұқыпты пайдалану, оның сапасын мұқият зерттеу, егіншіліктің тиімділігін арттыру жөніндегі жаңа технологияларды әзірлеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі. Осымен бірге, қазіргі кезде бос, игеруге жарамды жерлердің аудандары шектелгенін ескеру қажет. Олардың өзін а. ш. айналымға тарту шаралары қыруар еңбек пен қаражат талап етеді.

Осыған байланысты ауылшаруашылығын жүргізудің экстенсивтік әдістерінен интенсивтік әдістеріне жаппай және табанды түрде көшу қажет. Интенсивтік технологияларды өндіріске енгізу, жаңа табиғи ландшафттарды қалыптастыру, барларын сақтап қалу бүгінгі күннің шешімін күттіртпейтін мәселелер.

2. 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.

Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн. га жыртылған жер мен 35 млн. га жайылым эрозияға ұшыраған, немесе осы жағынан қауіпті. Сонымен қатар 17 млн. га жер су мен ирригациялық эрозиядан зақымданған. Реформаға дейінгі жылдары елде жыртылған жердің бір жанға шаққандағы мөлшері 2, 8 га еді. Бұл әлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен. Бірақ қазіргі кезде жыртылған жердің көлемін одан әрі кеңейтудің қажеті жоқ және мүмкіншілік те күрт шектелген. 90-жылдардағы дағдарыс республика жер қорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді.

Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын (ЖҚ) құрайды. ҚР Жер кодексі бойынша ЖҚ 7 категорияға бөлінеді:

  1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
  2. Елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жері;
  3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер;
  4. Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер;
  5. Орман қорының жері;
  6. Су қорының жері;
  7. Босалқы жер.

Әрі қарай осы 7 категорияны (ҚР Жер Кодексінің ІІІ бөлімі) нақты түрде сипаттайтын мәліметтер келтіріледі.

Бірінші категорияға ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осы мақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға, серіктестіктерге, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына және басқа да шаруашылық құрылымдарға жеке меншікке сатылған, уақытша немесе тұрақты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер. Бұнда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатын ауылшаруашылық алаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым, жеміс-жидек көп жылдық көшеттері) қатар, ауылшаруашылығының өзі міндеттерін ойдағыдай атқаруға қажетті ішкішаруашылық жолдар, коммуникациялар, тұйық оңашаланған су көздері, мелиоративтік жүйелері, құрылыстар және басқалары орналасқан жерлер кіреді. Ауылшаруашылық алаптары, негізінен мал азығын өндірілетіндері, тек ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің арасында ғана болмайды. Олар басқа категориялардың құрамында да кездесе береді.

Ауылшаруашылық алаптарының жалпы ауданы 220 млн. га астам. Олардың ішіндегі ең құндысы - жыртылған жер. Тың және тыңайма жерлерді игеру кезеңінде оның көлемі айтарлықтай кеңейіп, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамындағы үлес салмағы 16%-ға, ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 13%-ға дейін жетті.

Бірақ та соңғы жылдары жыртылған жердің ауданы күрт қысқарды. Қалған ауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағы жайылымдар мен шабындықтарды қамтиды. Олардың тек шамалы бір бөлігі ғана түбегейлі және үстіртін жақсартылған. Орасан зор ауданды жайылымдарды орынды пайдалану мәселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.

Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді. Қай ел болса да, аграрлық саясатының ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті табылады.

Бірінші кезекте бұл принцип ауыл шаруашылық алаптарға, әсіресе ең өнімдісі-жыртылған жерге қатысты. Оларды тек ерекше жағдайда ғана ауылшаруашылық емес мақсаттарға пайдалануға болады. Егер де ондай қажеттілік туа қалса (пайдалы қазбаларды шығаруға) сапасы өте төмен және ауданы барынша үнемделген жер учаскелері бөлінеді. Осымен қатар а. ш. өндірістің шығындарын өтеу тәртібі белгіленген. Алаптарды бір түрінен екіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.

Өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған дағдарыспен бірге ақылы жер пайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесінде елдің жер қорында елеулі өзгерістер пайда болды: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 2, 4 есе қысқарса, босалқы жерлер 7 есе ұлғайды; едәуір мал азығы алаптарын ауыл тұрғындарының жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берудің нәтижесінде, елді мекендердің жерлері 10 еседей өсті; ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бұталы жерлердің есебінен орман жерінің қоры аздап көбейді.

Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатыменбайланысты.

Төртінші кесте мен екінші суреттің мәліметтеріне қарағанда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер республика жер қорының тек 33%-ақ құрайды, ал 47, 7%-босалқы жерлер. Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заң тұлғалары (ауылшаруашылық кәсіпорындар, серіктестіктер, кооперативтер) мен құқық иелерінің-шаруа (фермерлік) қожалықтарының қарамағында. Бүкіл жердің 64% біріншілерінің, ал 32% ШФҚ пайдалануында.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің динамикасы 4-кестеде келтірілген.

Елді мекендердің жері 2002-ші жылдың 1-қарашасында жер қорының 7, 9% құрады. Бұл категорияның басым бөлігі (90%) - ауыл-шаруашылық алаптары. (5-кесте)

4-кесте

Жер қорының категорияларға бөліну динамикасы

Жер категориялары
Аудандары, млн. га
1990ж
2002ж
Жер категориялары: 1
Аудандары, млн. га: 2
3
Жер категориялары: 1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер
Аудандары, млн. га: 220, 7
86, 2
Жер категориялары: 2. Елді мекендердің жері
Аудандары, млн. га: 2, 1
20, 5
Жер категориялары: 3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қор-ғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер
Аудандары, млн. га: 19, 8
2, 3
Жер категориялары: 4. Айрықша қорғалатын территория-лардың жері
Аудандары, млн. га: 0, 8
1, 4
Жер категориялары: 5. Орман қорының жері
Аудандары, млн. га: 10, 0
22, 4
Жер категориялары: 6. Су қорының жері
Аудандары, млн. га: 0, 8
3, 6
Жер категориялары: 7. Босалқы жер
Аудандары, млн. га: 17, 5
124, 7
Жер категориялары: Барлығы
Аудандары, млн. га: 271, 7
261, 1
Жер категориялары: Республиканың сыртында пайдаланы-латын жер
Аудандары, млн. га: 0, 5
0, 9
Жер категориялары: Басқа мемлекеттер пайдаланатын жер
Аудандары, млн. га: 0, 8
11, 3
Жер категориялары: Республиканың территориясы
Аудандары, млн. га: 272, 5
272, 5

2-сурет

Соңғы мәліметтер бойынша көптеген ауылды елді мекендердегі мал азығы алаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа (фермерлік) қожалықтары мен басқа да ұсақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік орталықтары тұрғын үйлерімен бірге орналасқан. Осының салдарынан бұнда санитарлық-гигиеналық және басқа да жағдайлары күрт нашарлауда. Сонымен бірге ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берілген мал азығы алаптары дұрыс пайдаланылмай жатыр. Осыған байланысты елді мекендер жерлерінің тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатымен, бүкіл ауылды елді мекендердің территориясын аймақтау және жер шаруашылығын реттестіру қажеттілігі туып отыр.

Үшінші категорияның құрамында өнеркәсіп кәсіпорындары 5, 2%, автомобиль көлігі-2, 6%, темір жол транспорты-2, 0% және байланыс кәсіпорындары-0, 04% алады. Бұл категориядағы жердің басым бөлігі (90, 1%) қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес ұйымдардың қарамағында.

5-кесте

Елді мекендер жерінің құрамы (мың га)

Елді мекен-дердің түрлері
Барлығы, мың га
Соның ішінде
Ауыл-шаруа-шылық алапта-ры
Құры-лыстар астын-да
Алаңдар, көшелер және жолдар
Саябақ-тар, гүл алаңдары және т. б.
Басқа-лары
Елді мекен-дердің түрлері: 1
Барлығы, мың га: 2
Соның ішінде: 3
4
5
6
7
Елді мекен-дердің түрлері: Қалалар мен қала-шықтар
Барлығы, мың га: 2251
Соның ішінде: 1665
124, 5
103, 8
8, 9
348, 9
Елді мекен-дердің түрлері: Ауылды елді мекендер
Барлығы, мың га: 17950
Соның ішінде: 16511
290, 9
270, 7
7, 9
869, 6
Елді мекен-дердің түрлері: Барлығы
Барлығы, мың га: 20201
Соның ішінде: 18176
415, 4
374, 5
16, 8
1218, 5

Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың аумағы 1378 мың га шамасында. Негізінен бұндағы жерлер қорықтар мен ұлттық саябақтардың құрамына кіреді. Қазіргі кезде Республикада 8 қорық және 5 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Солардың ішінде ең ірілері болып Қорғалжын (Ақмола облысы) мен Үстірт (Маңғыстау облысы) қорықтары және Алтын Емел (Алматы облысы) ұлттық табиғи паркі саналады. Бұлардың әр бірі ең кемінде 200 мың гектардан астам территорияны алып жатыр. Қорықтық жерлердің 262, 0 мың га орман қорында қамтылған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының зерттеулері негізіндеболашақта 2 млн. га шеңберіндегі территорияда 14 жаңа қорықтарды ұйымдастыру қажетті деп танылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Басқарушылық есеп бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат көзі
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Ағаш өңдеу
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Қаржылық активтер есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz