Тоқу өнері. Ою-өрнек


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Көне ғасырларда пайда болып, ұзақ даму жолын өткерген қазақтың қолөнері творчестволық жетістіктердің өте бай алуан түрлерін жоғалтпай сақтап, бүгінгі күннің тіршілігіне сай өскелең түрінде жеткендігіне куә болып отырмыз. Тіршілік тұрмысқа және қазақ халқының идеологиялық болмыс салтына байланысты дамыған қолөнердің көркем туындылары этникалық мәдениет мәселелері бойынша этнографиялық ізденістердің өткен кезеңді ашып беретін тарихи дерек көздері болып табылады. Қолданбалы өнердің кескіндік сипаты қазақ халқының дүние туралы философиялық көзқарасын, эстетикасын, творчестволық қиял-арманын бейнелеу арқылы көркем этникалық ерекшеліктерін көрсетіп береді.

Қазақтардың материалдық мәдениетінің маңызды формасы - тоқымашылық қолөнері негізінен Сыр-Арал аймағында және Батыс Қазақстанда басым дамыған. Тоқыма бұымдарының категориялық, үлгілік, варианттық, сонымен бірге композициялық шешімдер жағынан түр байлығы бойынша Сыр-Арал аймағы ерекше орын алады. Оның себебі орта ғасырлар кезеңдерінен бастап бұл аймақта отырықшы қалалық мәдениет орын алды және осы өлке арқылы Ұлы Жібек жолы өтуінің арқасында көрші елдермен, әсіресе өзбек халқымен тығыз мәдени байланыс орнаған еді.

Зерттеу объектісі: Негізгі зерттеу объектісі - Сыр-Арал аймағындағы дәстүрлі тоқымашылық қолөнері болды. Бұл аймақта қазір Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Жерінің басым бөлігін Қызылқұм, Арал Қарақұм, Мойынқұм және “Бетпақ дала” сияқты шөл немесе шөлейт жерлер алып жатыр. Аймақтың оңтүстік өңірінде Тянь-Шаньның сілемдері орналасқан. Таулы аймақтарда өзен суы жиі кездеседі. Сырдарья, Арыс елдері сияқты өзендері таудағы қарлы мұздан бастау алады. Далалы жерлердің ауа райы құрғақ, желді, қардың қалыңдығы аз және көп жатпайды. Оңтүстік Қазақстан облысында Сыр бойында Шардара су қоймасы, Арыстың бойында Бөген су қоймасы тұрғызылған. Шөлейт жерлерде негізінен су тапшылығына төзімді жусан, көде, сексеуіл сияқты өсімдіктер өссе, таулы жоталардың сай-сайында Тянь-Шань шыршасынан бастап түрлі жеміс ағаштары және тау алқабының көгалдарында неше түрлі шөптер өседі. Ауылшаруашылығында мал өсіру және егіншілік кәсібі орын алады. Қызылорда жерінде негізінен өсірілетін дақыл - күріш және бақша, жеміс өсімдіктері.

Мал шаруашылығы көбінесе қаракөл қойын өсіруге бағытталған. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өсіру басым орын алады. Сонымен бірге бидай, бау-бақша, жемістің түрлерін өсіру кеңінен тарған. Мал шаруашылығында биязы жүнді қой өсірумен шұғылданады.

Аймақтың жер қойнауындағы байлықтарды ерекше атауға болады. Қаратау қойнауына фосфоридтер, полиметалдар бұрыннан пайдаға асырылып жүр, Боралдайда қоңыр көмір, Қаратау-Абаил жотасының сілемдерінде темір кен орны бар. Қызылордада кейінгі кезде мұнай көздері табылып, “Харрикейн Құмкөл Мұнай”, “Құмкөл-ЛУКойл” акционерлі қоғамдары, “Қазгермұнай”, “Қуатамлонмұнай” жабық ақционерлік қоғамдары және басқа кәсірпорындары жұмыс істеп жатыр. Шымкентте фосфор, цемент, қорғасын, дәрі-дәрмек өндіретін зауыттар, Қызылордада “Қызылорда күріш-маш”, “Агрожөндеумаш” сияқты өнеркәсіптер бар. Соңғы кезде инвестиция саясатының нәтижесінде Қызылордада ашылған мұнай өндіру өнеркәсіптерімен қатар, Шымкентте тағам өнімдері, тоқыма, тігін бұйымдары, көкөністер мен жемістерді консервілеу, Сайрам және Сарыағаш аудандарында маркалы және құрғақ шарап өндіру, дәрі-дәрмек, парфюмерия бұйымдары, синтетикалық жуу құралдарын өндіру экономикалық болашағы мол жаңа салалары бола алатындығы анықталды/1; 36/.

Халқының тығыздығы бойынша аймақ республикада алдыңғы қатарда. Халықтың көпшілігі қазақтар болып келеді. Соңғы санақтың дерегі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқының 73%, Қызылорда облысының 94% қазақтар, ал Оңтүстік Қазақстан облсының қала халқының саны 729587 ауылда 1 248 759 адам тұрады, Қызылорда облысы бойынша қалада 360 985, ауылда 235230 тұрғындары бар//2; //138; 189-191//.

Сыр-Арал өңірі ежелден-ақ мәдениеті өсіп оркен жайған жер. Ерте заманда цивилизация ошағы болған Отырар, Сауран, Сығанақ, Жанкент, Ашнас, Жент, Баршыкент, Түркістан, Созақ сияқты қалалары болғаны тарихтан мәлім. Отырар қазбаларынан сауда қатарлары, қолөнер шеберханалары орналасқан кварталдарының орны табылған//3; 28//. Бұл шеберханаларда тұрмысқа қажетті керамикадан, металдан, қоладан, шыныдан жасалған бұйымдар дайындалған. Сол сияқты Сығанақ қаласы да сауда мен қолөнер кәсібінің орталығы болғандығы жөнінде мәліметтер бар//4; 109//.

Сыр-Арал аймағында өткен ғасырларды тоқымашылық қолөнері өскелең дәрежеде дамығандығы жөнінде көптеген деректер бар. Оның куәсі есебінде сол замандарда жасалған тоқыма бұйымдарын, көптеген ғалым-этнографтардың жазбаларын айтуға болады. Осы өлкедегі дәстүрлі тоқымашылық қолөнері зерттеудің объектісі болып табылады.

Зерттеудің дереккөздері: 1998-1999 жылдары жинақталған түздік этнографиялық деректер, Қызылорда Шымкент қалаларындағы облыстық өлкетану музейлері, Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейі, Қазақстан Республикасының А. Қастеев атындағы өнер музейі.

Тақырыптың өзектілі. Қолданбалы өнердің маңызды түрінің бірі, әрі этникалық мәдениеттің ең бір көнесі болып табылатын қазақ халқының көркем тоқымашылық қолөнері 1980 жылдардағы фабрикада шығарылатын кілемдердің көбінесе және арзан бағамен сатылуына байланысты күйреуге ұшырап, құрып кетуге жақын қалды. Тоқымашылық еңбек дағдысын жоғалтып, ұмытудың нәтижесінде әйелдердің, әсіресе ауыл әйелдрінің рухани-көркемдік болмысы орны толмас дәрежеде құлдилауға түсті. Себебі осы қолөнер арқылы ұрпақтан ұрпаққа еңбек сүйгіштік ғұрып өткеріліп, кәсіптік тәжірибе жинақталып, сұлулық сезімнің биік көріністері халық санасында қалыптасып отырды. Қолөнер тоқымашылығының қарқынды дамуы - ауыл халқының тек өміршеңдігінің және творчестволық белсенділігінің ғана көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге бұл экологиясы қиын өңірде нарықтық экономикаға ену жолының бірі болып табылады. Аталмыш аймақта кейінгі кездерде қолөнердің әр түрлерлі қайта жандана бастады. Айталық, қазақтың музыкалық аспаптарын, ер тоқым саймандарын жасайтын шеберлер көбейе түсті. Әсіресе, қазақтың ұлттық болмысымен байланысты сувенир (жәдігерлік) міндетін атқаратын қамшы, тақия, шапан, бөрік сияқты заттарды дайындап сату кәсіпке айналды. Бұл қуанарлық іс. Осы қатарда тоқымашылық кәсіп, оның ішінде кілем тоқу қолөнері өзінің мәнділігі бойынша да, экономикалық тиімділігі бойынша да ерекше орын алады. Қазіргі нарық жағдайында қазақ халқының кәсіпкерлігінің бірі болып саналатын тоқымашылық, әсіресе кілем тоқу қолөнерін қайта жандандыру экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан да, ұлттық мәдениетті өркендету тұрғысынан да өте қажетті мәселе болып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін тоқымашылық қолөнерінің Қазақстан топырағында қалай дамығандығы, қазіргі кездегі деңгей дәрежесі нешік және бұл кәсіптің қандай болашағы бар, нарықтық экономика жағдайында қандай орын алатыны, қазақ халқының әлеуметтік хал-ахуалына тигізер пайдаларының мүмкіншіліктері қаншалықты екендігін мұқият зерттеу қажет болды. Сонымен зертеу жұмысы ауыл тұрғындарының талантты және көркем бейнелеу ісіне бейім бөлігін қолдауға бағытталған. Себебі қазіргі экономикалық дағдарыста халықтың осы бөлігі қорғансыз қалып, зәбір шегушілер қатарына кіреді. Ал шындығында Шығыс елдерінің көпшілігінде тоқымашылық қолөнері халыққа да, мемлекетке де экономикалық табыс әкелуші саланың бірі болып табылады.

Осы айтылған пікірлерге байланысты Сыр-Арал аймағының тоқыма бұйымдарының құрылымдық ерекшеліктерін айқындап зерттеу, өсімдік бояғыштарының ұмыт болған рецептерін қайта жаңғырту, тоқымашылыққа қажет материалдардың толық санын анықтау, тоқымашылық техникасы мен әдістерін жинақтау, мәдени байланыстардың сипатын ашу, осы арқылы тоқымашылық қолөнерін қайта жандандыру қажетті және өзекті мәселе ған емес, сонымен бірге мемлекеттік маңызы бар іс.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің басты мақсаты - халықтың творчествоға бейім бөлігінің нарықтық экономикаға енуіне себін тигізетіндей дәстүрлі көркем қолөнердің түрлі - тоқымшылықтарының ішінде кілем тоқу қолөнерін жандандыруға бағытталған ғылыми негіз жасау. Бұл мақсатқа жеу үшін бірнеше ғылыми міндеттерді іске асыру қажет. Олар:

  • Пайдаланатын материалдардың ерекшеліктерін зерттеу;
  • Аталмыш аймақтағы тоқыма бұйымдарының техникалық ерекшеліктерін зерттеу;
  • Түздік этнографиялық матиалдар жинаудың және әдеби зерттеулердің негізінде ұмыт болған өсімдік бояғыштарының рецептерін қайта қалпына келтіру үшін зерттеулер жүргізу;
  • Осы аймақтың тоқыма бұйымдарының әр түрлерін жіктеу (классификациялау) және зерттеу;
  • Тоқыма бұйымдарының композициялық ерекшеліктерін (түстер, ою-өрнектер) зерттеу;
  • Тоқыма бұйымдарына тарихи-салыстырмалық талдау жасау;
  • Атқарылған зерттеулер негізінде кілем тоқу өнерін дамытудың жоспарын жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: Зерттеудің ғылыми жаңалығы Сыр-Арал аймағындағы көркем тоқымашылық қолөнері алғашқы рет осындай көлемдегі арнайы ғылыми зерттеудің объектісі болғандығы. Алғашқы рет Қазақстанның этнографиялық ғылымында зерттеу ізденістерінің қорытындылары мен тұжырымдары ұсыныс-мінездеме түрінде шектелмей, автордың өзінің қатысуымен тікелей практикаға енгізіліп, нақтылы нәтижелер берді. Сонымен бірге, жұмыстың жаңалығы шешімі көрсетілген төмендегі мәселелер:

  • Шикізат сапалары зерттеліп, түрлі жүн сорттарының ерекшеліктері айқындалды;
  • Ұмыт болған өсімдік бояғыштардың рецептері қайта қалпына келтірілді;
  • Тоқу өрмектерінің әр түрлері зерттелді;
  • Тоқыма бұйымдар топтастырылды;
  • Тоқыма бұйымдарына тарихи-салыстырмалы талдау жасалды;
  • Арал аймағында кілем тоқу қолөнерін жандандырудың жолдары анықталды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеудің тақырыбы болып отырған тоқымашылық қолөнерінің тарихы өте ерте заманнан басталады. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда Қазақстан жерінде тоқымашыхлық кәсіп Андронов дәуірінде (б. д. д. XVIII-VIII ғасырлар) орын алған. Оның дәлелі есебінде Андронов дәуіріне жататын археологиялық қазбаларда қарапайым тоқыма өрмегі (станогі) басқа да тоқуға қажетті саймандардың табылғандығы келтіріледі/106//107/. Ал, қалы кілем тектес жүннен тоқылған заттардың ең көнесі Алтай тауларының бауырында Пазырық қорғанында жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылғандығын орыс ғалымы С. И. Руденко келтіреді. Бұл қазбада табылған дүниеліктерді/108/ б. д. д. 1 мыңжылдықтың орта кезіне жатқызады.

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тоқымашылық өнеріне назар аударылып, ол туралы жазба деректердің пайда болуы орта ғасырлардан-ақ басталады. ХЏ ғасырдың басында Ақсақ Темірдің билігінің астанасы - Самарқандқа Кастилия королінің елшісі Клавихо келіп қайтқанында шығыс кілемінің сипаттамасы жөнінде деректер қалдырған болатын/4/. Алайда қазақ ғалымы М. С. Мұқановтың пікірінше Ресей империясының шалғай аймақтарындағы халықтардың, соның ішінде қазақтардың да халық қолөнері мен қолданбалы мәнерлеу өнерін мұқият зерттеу тек ХІХ ғасырдан басталады/5/. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазалы, Түркістан, Ташкент қалаларында сапармен болған орыс ғалым Н. Е. Симаков Орта Азия халықтарының безендіру қолөнері жөнінде еңбектерінде қазақ ауылындағы тұрмыстық заттарды әшекейлеу әдістері туралы жазды/6/. Киіз басу, тоқу өнері, безендіру кәсібі жөнінде Ресейдің П. Маковецкий, А. И. Добросмыслов сияқты зерттеушілері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде елеулі еңбектер қалдырды. Қазақ жерінің кілемдері жөнінде алғашқы көрме ұйымдастырып, ою-өрнегі туралы өзінің пікірін жазған орыс зерттеушісі А. А. Богомолов болды. Кілем тоқу қолөнері туралы орыс ғалымы А. А. Семеновтың, австрия зерттеушісі Р. Карутцтің еңбектерін атауға болады. Бұл зерттеушілер өздерінің ғылыми жұмыстарын ХХ ғасырдың басында жүргізді.

Орта Азия халықтарының, оның ішінде қазақтардың кілем тоқу қолөнері жөнінде арнайы зерттеулер жүргізіп, көрмелер ұйымдастырған А. Е. Фалькерзамның еңбегін ерекше атау керек. Ол 1914 ж. аталмыш тақырып бойынша ғылыми еңбек жазып, кілем өрнектерінің қалыптасуы мен дамуы туралы теориялық тұжырымдар жасады. Сонымен бірге кілем тоқу техникасының сипаттамасын беріп, табиғи бояғыштар жөнінде көлемді мәліметтер қалдырды/7/.

Қазақ халқының қолөнерін, оның ішінде тоқымашылық өнерін жүйелі зерттеу ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап кең етек ала бастады. Орталық Азияда, Қазақстанда көптеген антропологиялық отрядтар, этнографиялық экспедициялар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте елеулі еңбек еткен орыс және европа ғалымдары А. А. Семеновты, С. Дудинді, Е. Р. Шнейдерді, Р. Карутцты, Е. А. Клодты, В. Чепелевты, О. А. Корбені, Е. И. Махованы атауға болады.

А. А. Семенов қазақ кілемдері және табиғи бояғыштар туралы қызықты деректер береді/8/. С. Дудин ХХ ғасырдың 20-жылдарынада қазақ ою-өрнектері жөнінде көптеген мақала жазды. Қазақ ою-өрнектерінің стилінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, олардың көне замандағы нақыштармен (мотивтермен) тұрақты байланысы бар екендігін көрсетеді/9; 164-182/. Е. Р. Шнейдер қазақ ою-өрнектері өнерінің даму сатыларын басқа этностармен қарым-қатынасты көрсететін материал деп қарауға болады деген пікір айтады/10/. Маңғыстау жерінде зерттеу жұмыстарын жүргізген австрия ғалымы Р. Карутц ХХ ғасырдың басында, көптеген құнды ой-тұжырымдармен бірге қазақ ою-өрнектері түгелдей жануарлық сарында орындалады, сонымен бірге қазақ ою-өрнектері парсы өрнектерінің қарапайым, бүлінген түрі деген дау туғызатын, қате пікірлер айтады/11/. В. М. Чепелев қазақтың ою-өрнек өнері сонау скиф-гунн дәуірінен, әсіресе алтайлық искусстводан бастау алатындығын дәлелдейді. Кілемдердің ішінде сегізбұрышты шатыргүлмен безендірілген күрең-қызыл түсті кілемдердің түрлерін бөліп атайды. Ою-өрнектері көбінесе жануар стилінде болатынын көрсетеді/12/.

Қазақтың кілем тоқу қолөнерін жүйелі зерттеген Қазақстан ғалымдары ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген еңбек сіңірді. С. Қасиманов өзінің “Қазақ халқының қолөнері” атты кітабында қазақтың қолөнерінің түрлеріне сипаттама беріп, соның ішінде, киіз басу, кілем тоқу өнерін де қарастырады. Қазақ жерінде қолданылатын ою-өрнектерді талдай келіп, ел ішінде әртүрлі тұрмыстық бұйымдар екі жүзге тарта өрнектермен безендірілетінін айтады/13/.

Осы тақырыптағы ғылыми, жан-жақты терең пікірлерді қазақтың атақты ғалымы академик Ә. Марғұланның еңбектерінен де көреміз. Айталық “Казахское народно-прикладное искусство” атты альбом-кітабынды қазақ халқының қолөнерінің барлық түрлеріне сипаттама бере отырып, ұлттық ою-өрнектері мен кілем тоқу өнеріне арнайы тоқталады. Қазақы өрнектерді Ә. Марғұлан космогониялық, хайуанат бейнелі, өсімдік бейнелі, геометриялық т. б. түрлерге бөледі. Өрнектердің әр түріне талдау жасалып, олардың өзара үйлесуі, симметриялық сәйкестенуі зерттеледі. Кілем тоқу қолөнерін қарастырып, олардың қалы кілем, масаты кілем, ақ кілем т. с. с. түрлері аталады. Сонымен бірге алаша, текемет, тұскиіз, тақыр кілем, түкті кілемдерді безендіретін өрнектер талданады/14/.

Қазақтың қолөнері, оның ішінде кілем тоқу, оны ою-өрнектермен безендіру ісі туралы дәйекті тұжырымдар айтқан ғалымның бірі М. С. Мұқанов болды. Өзінің “Казахские домашние художественные ремесла” деген еңбегінде М. С. Мұқанов өрнектің түрлері және кілем тоқу мәселесіне екі тарау арнаған. Әртүрлі тұрмыстық заттарды безендіруге қолданылатын ою-өрнектердің шығу тегін зерттеп, олар туралы айтылған пікірлерге талдау жүргізеді. Қазақтың ою-өрнек қолдануының түбірі Андронов дәуірі (б. д. д. ІІ мыңжылдық), және қола дәуірінің (б. д. д. І мыңжылдықтың басы) Бегазы-Дандыбай мәдениетінен басталатынын құптайды. Сонымен бірге ою-өрнектің анықтамасын береді.

Кілем тоқу қолөнерін зерттеу барысында М. С. Мұқанов тақыр кілем және түкті кілемді тоқуға арналған станоктардың құрылысы жөнінде, жүн дайындау, жіп иіру процестері және осы кілемдерде қолданылатын ою-өрнектердің түрлері жөнінде жүйелі, кең көлемді деректер жинағандығы көрінеді. Сонымен бірге таңғыш, басқұр, үзік бауы сияқты қазақтың киіз үйіне қажетті бұйымдардың да дайындалу тәсіліне де назар аударылған/5/. Әттеген-ай дейтін жер осы кілем тоқу қолөнерінде қолданылатын өсімдік бояғыштар туралы сөз болмағандығы. Біздің ойымызша, бұл ғалым зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде шеберлер өндірістік бояуларды қолданғандығы, ескіден келе жатқан өсімдік бояғыштары назардан тыс қалғандығы болу керек.

Қазақ халқының өнерін зерттеуге арналған туындалардың ішінде Ө. Жәнібековтың “Эхо…” атты еңбегі ерекше орын алады. Автор бұл кітабында қазақ мәдениетінің әртүрлі салаларына зерттеу жүргізу барысында кілем тоқу қолөнерін де қарастырады. Тақыр кілем және түкті кілемдерде қолданылатын түрлі ою-өрнектерді талдай отырып, кілемдердің орталық алаңында орналастыралатын әшекей розеткалардың Қазақстанның әр жерінде әртүрлі аталатындығына назар аударады. Мысалы, Сырдария өңірінде “күмбез”, “төбе” деп аталса, оңтүстікте “табақ”, “жұлдыз”, ал Сарыарқада “түр”, Жетісуда - “ою” деп аталатынын көрсетеді. Тақыр кілемдердің аты “алты ауыл кілем”, “арабы”, “адай кілем” деген аттарын келтіреді. Қалы кілемнің пайда болуын Иран, Шығыс Түркістан елдерімен қарым-қатынастың нәтижесі деген тұжырым айтады. Сонымен бірге кілемдердің әр жұртқа байланысты өзгешеліктері болғандығы айтылады. Мысалы, “жетісу”, “торғай түрі” деген кілемдер болғандығы, “адай кілем”, “қоңырат кілем”, “керей үлгі”, “найман нұсқа” деген түрдегі кілемдерді атап көрсетеді/15/.

Қазақстанда қолданылатын ою-өрнек жөнінде К. Ибраеваның “Казахский орнамент” атты /16/ еңбегінде қазақ жерінде орын алған ою-өрнектерді зерттеу ісінің тарихы, ою-өрнектің шығу тегі және дамуы, мазмұны дәйекті түрде қарастырылған. Әрбір өрнектің шығу тегінен мифологиялық немесе биологиялық түбірі туралы пікір таластар талқыланып, оларға өзіндік тұжырым жасалынады. Сол сияқты ою-өрнектің негізгі міндеті безендіру ме, жоқ әлде бейнелеу ме деген пікір таласты да қарастырып, ол екі міндеттің өзара байланысты екендігі құпталады. Өрнектерді жіктеп топтастыруға да назар аударылады.

Киіз басу, кілем тоқу өнерінің пайда болуының көне тарихы жөнінде, ою-өрнекпен безендірудің шығу тегі, көршілес халықтар мен рулардың бір-біріне осы салада өзара әсері жөнінде құнды пікірлер айтқан ғалымдар К. А. Ақышев, М. К. Қадырбаев, К. Әмірғазы, А. М. Оразбаевтарды атап өту қажет. Моңғолиядағы қазақтардың қолөнерінде қолданылатын ою-өрнектер туралы З. Ақайқызы “Ою-өрнек ой айтар…” атты кітапша жазып шығарды/17/.

Қазақтың кілем тоқу қолөнері жөнінде мақалалар жазып жүрген ғалымның бірі Тоқтабаева Ш. Ж. Ол кісі өзінің еңбектерінде кілем тоқу өнерінің көркемдік және техникалық ерекшеліктеріне назар аударады. Сонымен бірге қазақ топырағында жарық көрген қолөнер бұйымдарының Орталық Азия, Таяу Шығыс және Орта Шығыс елдеріндегі туындылармен уақыт және кеңістік тұрғыдан үндестігі, аналогиясы қарастыралады.

Айталық қазақтардың тоқыма бұйымдарының түріктердің осындай туындыларымен техникалық жағынан ұқсас “біз кесте” тәсілін қолдануы, кілемнің орталық бөлімінде ромб тектес өрнек қолдану әдісі т. б. көптеген аналогияларын байқауға болтынын айтады/18; 205-210/. Кілемдердің композициялық ерекшеліктері, түрлері және кілемдерге байланысты әдет-ғұрыптар жөнінде ой-тұжырымдарымен бөліседі/19/. Сол сияқты кілем түстерінің үйлесім тәсілдері жөнінде көңілге қонымды пікірлер айтылады/20/. Мұнымен қатар тоқыма бұйымдарының техникалық ерекшеліктері туралы И. В. Захарованың/21/, Оңтүстік Қазақстанның кілемдерінің ерекшелігі жөнінде Х. Арғынбаев, И. В. Захарованың/22/ еңбектерін айта кету керек. Алматы және Жамбыл облыстарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп тұрмыстық бұйымдарды безендірудің түр-сипаты туралы құнды материалдар жинақталған О. А. Корбе, Е. И. Маховалардың да еңбегі елеулі болды/23/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ халқының киіз басу өнері
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Таңбалар
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Қазақтың шым ши тоқу өнеріні
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz