Саяси институттар. Негізгі заңдар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси институттар
2. Негізгі заңдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси институттар
2. Негізгі заңдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жүйе дегеніміз – құрылымы күрделі, құрамындағы бөліктері өзара ретті ұйымдасқан әрібағытталған тәуелді байланыста бола отырп, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде іс-әрекет атқарып, дамып отыратын құбылыс.
Осы тұрғыдан алғанда қоғам – объективті заңдылықтар негізінде қалыптасатын, тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік жүйе. Оның негізінде материалдық өндіріс әдісі жатады. Қоғамдықжүйені түрлі таптар мен әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп, іске асуын қамтамасыз ететін түрлі институттар(мемлекеттік мекемелер) мен механизмдер және олардың арасындағы өзара тығыз да ретті байланыстар құрайды. Қоғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жікьеуге болады.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруғаарналғантүрлі элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршендікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың ұйымдар мен қозғалыстардың т.б. іс-әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйенің құрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Соның ішінде орыс ғалымы М. Х. Фарушкин ұсынған жіктеме соңғы кезде саясаттанушылардың оң ықыласына ие болып отыр. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі – саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе саяси билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне қатысты.

1. СЫДЫҚОВ Ұ. - САЯСАТТАНУ (Оқулық), Алматы – 1996ж
2. “ҚАЗАҚСТАН” (Энциклопедия),
3. ЖАМБЫЛОВ Д. - САЯСАТТАНУ
2. “ҚАЗАҚСТАН” (Энциклопедия),
3. ЖАМБЫЛОВ Д. - САЯСАТТАНУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСИ ИНСТИТУТТАР
2. Негізгі заңдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
ЖҮЙЕ ДЕГЕНІМІЗ – ҚҰРЫЛЫМЫ КҮРДЕЛІ, ҚҰРАМЫНДАҒЫ БӨЛІКТЕРІ ӨЗАРА РЕТТІ
ҰЙЫМДАСҚАН ӘРІБАҒЫТТАЛҒАН ТӘУЕЛДІ БАЙЛАНЫСТА БОЛА ОТЫРП, АЖЫРАМАС ТҰТАСТЫҚ
ҚҰРАЙТЫН, СОЛ НЕГІЗДЕ ІС-ӘРЕКЕТ АТҚАРЫП, ДАМЫП ОТЫРАТЫН ҚҰБЫЛЫС.
Осы тұрғыдан алғанда қоғам – объективті заңдылықтар негізінде
қалыптасатын, тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік
жүйе. Оның негізінде материалдық өндіріс әдісі жатады. Қоғамдықжүйені түрлі
таптар мен әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп, іске асуын
қамтамасыз ететін түрлі институттар(мемлекеттік мекемелер) мен механизмдер
және олардың арасындағы өзара тығыз да ретті байланыстар құрайды. Қоғам
құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік
топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік
және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жікьеуге болады.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін
бейнелейді, оларды іске асыруғаарналғантүрлі элементтер мен механизмдерді
біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын
тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен
өміршендікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік
қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың ұйымдар мен қозғалыстардың т.б. іс-
әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйенің құрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Соның ішінде орыс ғалымы М. Х. Фарушкин ұсынған жіктеме соңғы кезде
саясаттанушылардың оң ықыласына ие болып отыр. Саяси жүйенің басты
элементі, өзегі – саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе
саяси билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың
мүддесіне қатысты.
Саяси жүйенің құрылымы негізінен алғанда элементтердің төрт түрлі
тобынан құралады: саяси институттар(ұйымдар мен мекемелер); саяси
қатынастар; саяси принциптер мен нормалар және саяси сана мен саяси
мәдениет.
Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттарарқылы
жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси
институтар, жанама саяси институттар және саяси емес құрылымдар.
Саяси жүйенің мәні оның атқаратын қызметінен(функцияларынан) көрініс
табады. Әртүрлі пікірлерді жинақтай келе саяси жүйенің басты функциялары
есебінде мыналарды атауға болады:
1. Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сиаптының, даму қайшылықтарының
бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар
мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
2. Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың
ішіндегі бірінші кезекті маңыздылары анықталады.
3. Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады(консенсус,
тұрақтылық, тұтастық).
4. Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын
қамтамасыз етеді.
Ортақ мәнді белгілері болғанына қарамастан әрбір қоғамның өз
ерекшеліктерін қамтып, бойына сіңірген өзіндік саяси жүйесі болатыны
даусыз. Сондықтан да алуан түрлі саяси жүйелерді салыстырмалы түрде
қарастырып жіктеуге, топтсатыруға және типтік түрлерін анықтауға болады.
Бұл ретте де саясат туралы ғылымда саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан
жіктеу орын алған:
□ Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және
әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала
отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік
саяси жүйелерді ажыратады.
□ Биліктің әлецметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық-
демократиялық және буржуазиялық-демократиялық саяси жүйелерді
бөлуге болады.
□ Саси жүйелерқоғамдағысаяси режимдердің сипатына қарай
демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде
қаралады.
□ Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақталағы мен
өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы жүйелер
болып бөлінеді.
□ Дәстүрлі және жаңғырған(модернизацияланған) жүйелер туралы да
айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем,
азаматтық қоғам жетілмеген. Керісінше, осы заманғы жаңғырып,
жаңарған жүйеде дамыған азаматтық қоғам бар, саяси рольдер
нақтыланған.
□ Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті
билік буындарына дербестік берілген, т.б. болып бөлінеді.
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г. Алмонд жасаған
жіктемесіне ой тоқтатады. ОЛ басты өлшем ретінде саяси мәдениет
айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін
жіктейді: англо-американдық, континентальды-еуропалық, жарым-жартылай
индустрияландырылған және индустрияландырылмаған; тоталитарлық.
Негізгі бӨлім
Енді Қазақстан республикасының саяси жүйесін, саяси институттарынна
талдау салып, қысқаша жеке-жеке тоқталайық.
Табанды жүргізілген саяси реформаның нәтижесінде Қазақстанда
демократиялық саяси жүйе типі қалыптасты оған мынадай сипаттар тән:
- мемлекеттік құрылымда, негізінен, біртұтас мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне тармақталу принципі орнықты;
- мемлекет басшысын және өкімет органдарын жалпыға бірдей сайлау жүйесі
жүзеге асырылды;
- саяси көп түрлілік заңмен нығайтылды, көп партиялықтың орнығуына негіз
қаланды;
- мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі жасалып, жұмыс
істеуде;
- үкіметтік емес ұйымдар құрылуда;
- тұрғындардың барлық этникалық топтарының тең құқықтылығы заңмен
орнығып, іс жүзінде іске асырылуда.
КОНСТИТУЦИЯ
1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз, егемен мемлекет Қазақстанның алғашқы
Конституциясы қабылданды. Ол жаңа мемлекеттің құрылуы мен республика
заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды. Алайда қоғамдағы
терең өзгерістер жаңа Конституцияны қажет етті, ол 1995ж. 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданды. 1998ж. 8-қазанда Президент
ұсынысымен Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттілігін, қоғамдық
өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтетін жиырмаға жуық өзгертулер мен
толықтырулар енгізді. ҚР Конституциясы кіріспеден, 9 тараудан және 98
баптан тұрады. Конституция бойынша, ҚР өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп есептейді. Мемлекеттің жоғары
құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады.
ҚР президенттік басқару формасындағы унитарлық мемлекет. Конституция
бойынша, халық мемелекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады және
оны тікелей республикалық референдум, еркін сайлаулар арқылы, сондай-ақ,
мемлекеттік органдарда өз өкілдерін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде, биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге
асырылады. Бұл тармақтар бір-біріне ықпал ете отырып,өзара байланысты
болады. Конституция идеологиялық және саяси көптүрлілікті жариялай отырып,
әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашады.
Мемлекеттік және жеке меншіктің танылуы мен тең қорғалуының мәні зор.
Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
қорлар мемлекеттік меншікте болады. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып
табылады. Мемлекет Қазақстан халықтары тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай
жасап, қамқорлық етеді. “Адам және азамат” тарауында азаматтық алу мен оны
тоқтату, азаматтардың жеке, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени
құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ, олардыңміндеттері туралы нормалар
жинақталған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жұзеге асырудың
материалдық, саяси және зандық кепілдіктеріне және ұлтаралық келісімді
қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші тараулар Президенттің,
Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және соттардың мәртебесіне
арналған. Прокуратураға ерекше бап бөлінген, ол заңдардың, Президент
жарлықтарының, басқа да нормативті құқықтық актілердің дәл де бірыңғай
қолданылуына жоғары бақылауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесіне
өкілдік етеді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға және өзін-өзі басқаруға
ерекше тарау арналған. Жергілікті мемлекеттік басқаруға мәслихаттар –
жергілікті өкілетті органдар және әкімшіліктер – жергілікті атқарушы
органдар жатады. 2001 жылдың 24-қаңтарында “Жергілікті мемлекеттік басқару
туралы” жаңа Заң қабылданды, онда мәслихаттар мен әкімшіліктердің
құзіреттері, олардың қызмет тәртіптері бекітілді.
ҚР Конституциясы жоғары заңдық күшке ие. Бұл барлық заңдар, Президент
жарлықтары, Үкімет қаулылары, барлықмемлекеттік органдардың басқа да
нормативті құқықтық актілері оның нормаларына негізделуі тиіс, оған қайшы
келмеуі керек дегенді білдіреді. Конституция республиканың территориясында
тікелей әрекет етеді. Бұл азаматтар сотта және басқа органдарда,
Конституцияның тиісті қағидаларын негізге ала отырып, өз құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға құқылы дегенді білдіреді. Ал мемлекеттік органдар
даулы мәселелерді шешкенде Конституция нормаларын қолдана алады.
Қазақстанның халықаралық шарттары Конституцияға қайшы келмеуі тиіс.
ПРЕЗИДЕНТ
ҚР-ның Президенті – мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ондағы ең
жоғары лауазымдық тұлға.
Президент кең өкілдіктерге ие: Үкіметті құрады, Парламенттің
келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметтен босатады;
Парламенттің жоғарғы палаталарын құруға белсене қатысады; заңдар мен заңдық
күші бар жарлықтар шығаруға құқылы; республикалық референдум өткізу туралы
шешім қабылдайды; Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып
табылады, Қарулы Күштер жоғарғы басшылығын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады; республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу
жөніндегі Санақ комитетінің төрағасын 5 жыл мерзімге тағайындайды, төтенше
сипатты жағдайларда елдің бүкіл территориясында төтенше жағдай енгізуге
құқылы; азаматтарға кешірім беруді, т.б. жүзеге асырады.
Президент мынадай жағдайларда Парламентті тарата алады: 1) Үкіметке
сенімсіздік вотумы білдірілгенде; 2) Премьер-министрді тағайындауға келісім
беруден парламент қатарынан екі рет бас тартқанда; 3) Парламент
палаталарының арасында немесе Парламент пен мемлекеттік биліктің басқа да
тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан дағдарыс туғанда.
1998 ж. қазанда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев конституциялық
реформа жүргізуді ұсынды. Депутаттар мен мемлекет басшысының арасындағы
конституциялық реформаның өзекті мәселелеріне қатысты кейбір пікір
алшақтықтары шешімін тапқан, парламентариларийлермен болған пікір алмасудан
кейін, 1998 ж. 7-қазанда, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің біріккен
мәжілісінде біздің еліміздің 1995 жылғы Конституциясына алғашқы түзетулер
енгізіліп, “ҚР-ның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы” ҚР-ның Заңы қабылданды. Негізгі Заңға барлығы 19 түзету енгізілді,
бұлар Презиленттің, Парламенттің, Үкіметтің, елдегі сайлау тәртібінің
конституциялық-құқықтық мәртебесіне тиісінше әсер етеді. Осы түзетулер
арқылы Президенттің өкілеттік мерзімі 5-тен 7 жылға дейін ұзартылды:
Президенттікке сайлануды 65 жаспен шектейтін шарт алынып тасталынды;
сайламды жарамды деп тану үшін кемінде 50% сайлаушылар дауыс беру керектігі
туралы талап алынып тасталынды; сондай-ақ, Президент мерзімінен бұрын
қызметінен кеткен немесе қайтыс болған жағдайда оның міндетін уақытша
атқару тәртібі енгізілді.
1999 ж. кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп, Н. Ә. Назарбаев
жеңіске жетті.
2000 ж. 27-маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында
республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтаған “ҚР-ның тұңғыш
президенті туралы” ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды.
ПАРЛАМЕНТ
ҚР-ның Парламенті 1995 ж. 30-тамызда бүкілхалықтық референдуммен
қабылданған Конституцияға сәйкес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын
жоғары өкілетті орган болып табылады. ҚР-ның Жаңа Негізгі Заңына сәйкес
Парламент екі рет – 1995 ж. және 1999 ж. сайланды.
Парламенттің құрылымы екі палаталы: жоғарғы палата – Сенат, төменгі
палата – Мәжіліс.
Сенат депутаттары әрбір облыстан, республикалық мәндегі қаладан және ҚР-
ның астанасынан екі адамнан, осы облыстағы, республикалық мәнге ие қаладағы
және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының біріккен
мәжілісінде сайланады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік
мерзіміне Президент тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың
әкімшілік-территориялық бөлінісін ескеріп құрылған және сайлаушылар саны
шамамен бірдей болатын бір мандатты территориялық сайлау округтері бойынша
сайланады. Он депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпы ұлттық
сайлау округі территориясы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады.
Әрбір Палатаның өзінің өкілеттік күші жүретін қызмет аймағы бар,
сонымен бірге бірқатар өкілеттіліктерді бірге отырып жүзеге асырады.
Конституцияның 55-бабына сәйкес Сенаттың тікелей құзырына мыналар
жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және
қызметінен босату; Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғарғы
сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың
өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметінен босату туралы
Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т. б.
Мәжілістің жеке құзырына мыналар жатады: тиісті заңдар жобаларын
қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің
қарсылығы бойынша ұсыныстар дайындау; Президенттің ұсынысы бойынша Орталық
сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерін
сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның
кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау, т. б.
Парламент Палаталарының біріккен мәжілістерінде: Президенттің ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық
заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және Үкімет пен бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетінің есептерін бекітеді;
Палаталардың әрқайсысындағы депутаттардың жалпы санының үштен екісінің
дауыс беруімен, Президенттің ұсынысы бойынша, оған бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығарушылық өкілеттік беруге құқылы; Президенттің Премьер-
министрді, Ұлттық банк төрағасын тағайындауын бекітеді; Үкіметке
сенімсіздік вотумын білдіре алады; соғыс және бейбітшілік мәселелерін
шешеді; республикалық референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т. б.
Тұтастай алғанда, Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның
жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын барынша азайтып,
өзара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір-біріне
бағынбайды, бір-біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс
режимінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет саласы мен міндеттері бар.
Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бірлесе қызмет етуге
міндетті.
ҮКІМЕТ
Үкімет атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол мемлекеттік
биліктің ерекше тармағы ретінде, министрліктерден, агенттіктерден,
комитеттерден, жергілікті атқару органдары – облыстық, аудандық және
қалалық әкімшіліктерден тұратын атқарушы органдар жүйесін басқарады.
Президент Парламенттің келісімі бойынша Премьер-министрді қызметке
тағайындайды, оны қызметінен босатады, Премьер-министрдің ұсынысы бойынша
Үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және
оларды қызметінен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, Үкімет
мүшелерінен ант қабылдайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
саясатының, оның қорғаныс қуатының, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіптің
сақталуының негізгі бағыттарын белгілейді, Парламентке республикалық
бюджетті және оның орындалуы туралы есепті ұсынады, Мәжіліске заңдар
жобасын еңгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік
меншікті басқаруды ұйымдастырады, сыртқы саясатты жүргізу жөніндегі
шараларды қабылдайды. Премьер-министр Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған
басшылық етеді, оның жұмысына жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің
негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз
өкілеттіктері шегінде дербес шешімдер қабылдайды. Олар өздеріне бағынатын
органдардың жұмысы үшін Премьер-министрдің алдында жауап береді.
Парламенттің әрбір Палатасы Үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі
есептерін құқылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар
оны қызметінен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет, өз құзыры
шегінде , бүкіл мемлекет территориясында міндетті күшке ие қаулылар
қабылдайды. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл
тұралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын
қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер
парламент депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен
бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын
білдіреді. Үкімет зандық ұсыныстар енгізуге құқылы. Үкімет заң жобаларының
жоспарын құрып, соған сәйкес Парламент Мәжілісіне заңдардың жобаларын
ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, бірінші басшылар қатысады. Үкімет
Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын еңгізу жөніндегі
тапсырмаларын орындайды. Үкімет сыртқы қызметтерді де атқарады. Ол
халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою
жөнінде шешім қабылдайды, сауда, қаржы, білім беру, ғылым, т.б.
салаларындағы сыртқы қатынастарды дамыту шараларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі
шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Президенттің алдында өзінің
қызметін тоқтатады.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды
тұлғаларға, сондай-ақ, саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктер мен
азаматтарға тәуелді емес, тек қана Қазақстан Республикасының
Конституциясына бағынады.
Конституциялық кеңес былайша құрылады: төраға және екі мүшесін
республика Президенті, екі мүшесін Сенат Төрағасы және екі мүшесін –
Парламен Мәжілісінің Төрағасы тағайындайды. Олардан басқа, республиканың
экс-президенттері Конституциялық кеңес мүшелерінің басым, көпшілік
дауысымен шешіледі, ал дауыстар тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы
шешуші болып табылады.
Конституциялық кеңестің құзыры мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін
қамтиды, бұл мәселелерді олар өз ұсыныстары бойынша емес, Конституцияда
аталған органдар мен лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері бойынша қарайды.
Олар: Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының
жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі және Премьер-министр.
Конституциялық Кеңес мәселе дауға айналған жағдайда Президент, Парламен
депутаттарының сайлауын, республикалық референдум өткізудің дұрыстығы
туралы мәселені шешеді; Парламен қабылдаған заңдардың Конституцияға
сәйкестігін Президен қол қойғанға дейін қарап шығады; республиканың
халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестігін қол қойылғанға дейін
қарап тексереді; Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;
Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босату (ол өз міндеттерін орындай
алмаған жағдайда) немесе оны қызметінен кетіру (мемлекетке опасыздық
жасаған үшін) мәселелері қойылған жағдайларға қорытынды шешім шығарады.
Жағарыда көрсетілген мемлекеттік лауазымды тұлғалардан басқа, соттар да
Конституциялық кеңеске мәлімдеме жасау субъектісі бола алады. Олар мұны өз
құзырындағы істі қарау барысында, қолданылуға жататын заң немесе басқа
нормативті құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен бекітілген құқығы
мен бостандықтарын кемітетініне көздері жеткен жағдайда істейді. Бұл
жағдайда сот істі жүргізуді тоттатып, бұл актіні конституциялық емес деп
тауып, Конституциялық кеңеске мәлімдеуі қажет.
Құзырлы органдар мен лауазымды тұлғалардың Конституциялық кеңеске
жасаған мәлімдемесі өз-өзінен кейбір заңдық салдарлар тудырады: мәселен,
Президент немесе Парламен депутаттары сайлауын жүргізудің дұрыстығын
тексеру туралы мәлімдеменің жасалуы Президенттің қызметке кірісуін немесе
Парламенттің сайланған депутатын тіркеуді тоқтатады, ал Парламен қабылдаған
заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы жасалған мәлімдеме оған
Президенттің қол қою мерзімін тоқтатады. Соңғы шешімді мәлімдеме жасалған
күннен бастап бір ай мерзім ішінде (егер мәселе өте шұғыл болса,
Президенттің талап етуімен бір айлық мерзім он күнге дейін қысқаруы мүмкін)
Конституциялық кеңес шығарады. Олардың заңдық күші өте жоғары: егер заңдар
және халықаралық шарттар Конституцияға сәйкес емес деп танылса, онда оларға
қол қоюға болмайды, егер заңдар және басқа да құқықтық актілер адам мен
азаматтың конституциялық құқылары мен бостандықтарын кемітеді деп танылса,
онда олар алынып тасталынады және қолдануға жатпайды. Негізгі Заңның 74-
бабының 3-пунктінде көрсетілгендей, Конституциялық кеңестің шешімі
Республиканың бүкіл территориясында орындалуы міндетті ең соңғы шешім болып
табылады және шағымдануға жатпайды. Сонымен бірге, Конституциялық кеңестің
шешіміне тұтастай немесе ішінара Президенттің наразылық білдіру мүмкін:
наразылық Конституциялық кеңес мүшелерінің үштен екі бөлігінің дауыс
беруімен қанағаттандырылады (наразылық қанағаттандырылмаған жағдайда,
Конституциялық кеңестің шешімі қабылданған жоқ деп саналады).
Конституциялық кеңестің жоғары мәртебесіне сай, оның төрағасы мен
мүшелерінің құқықтары белгіленген: оларды өз өкілеттік мерзімдері ішінде
тұтқындауға, айдап әкелуге, оларға сот тәртібімен әкімшілік шаралар
қолдануға, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
СОТ ЖҮЙЕСІ
ҚР-ның 2000 ж. 25-желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы
сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы” Заңды Қазақстандағы сот
органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктерді дамытты. Президенттің
“Қазақстан Республикасындағы соттар және соттардың мәртебесі туралы”
конституциялық күші барЖарлығында көрсетілген дәстүрлі нормалар
конституциялық заңнан өз көрінісін тапты. Олардың қатарында: Қазақстанда
соттар лауазымын ауыстыру жүйесі; сот жүйесінің негізгі деңгейлері:
аудандық және оған теңестірілген соттар; облыстық және оған теңестірілген
соттар; ҚР-ның Жоғарғы соты, т.с.с. бар.
Конституциялық заңның негізіне сот билігін жүргізушілер ретіндегі сот
жүйесінің және соттардың тәуелсіздігі алынған. Әділ сотты жүзеге асыруға
бөгет жасауға және сотқа, қосымша заседательдерге қандай да бір ықпал етуге
ешкімнің құқы жоқтығы заң жүзінде бекітілген.
Конституциялық заң ҚР-дағы сот жүйесінің біртұтастығын жария етті. Сот
жүйесі Қазақстан Конституциясы мен заңдарында бекітілген барлық соттарға
бірдей жалпы және біртұтас принциптерге негізделеді. Соттар зандылықты
орындау барысында Республиканың әрекет етуші құқық нормаларын қолдануға
міндеттенеді. Сот жүйесінің бірлігі, сондай-ақ, Қазақстандағы соттардың
заңмен қатаң бекітілген біртұтас мәртебесіне және заңдық күшіне енген сот
актілерінің республиканың бүкіл территориясында орындалуының міндеттілігіне
зандық кепілдік берілуіне негізделеді. Заң барлық сот мекемелерін тек
республикалық бюджеттен қаржыландыруға кепілдік береді. “Сот мекемелерін
қаржыландыру... әділ соттың толық және тәуелсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз
етуге тиіс”.
Конституциялық заңның 1-бабында Қазақстанда, заңда қаралған жағдайлар
мен реттерде, сот жұмысына тартылатын қосымша заседательдер институтын
енгізу мүмкіндігі туралы айтылған.
Қазіргі Қазақстанның қажеттілігіне қарай, Жоғарғы соттың, облыстық және
оған теңестірілген соттардың құрылымы Конституциялық заңмен енгізіледі:
облыстық және оған теңестірілген соттарда – бақылау коллегиясы, адамзаттық
іс бойынша коллегия, соттардың біріккен коллегиясы; Жоғарғы сотта бақылау
коллегиясы, азаматтық іс бойынша коллегия, қылмыстық іс бойынша коллегия,
соттың біріккен отырысы жұмыс істейді. Жоғарғы сот құрамында әскери
коллегия таратылды.
Жоғарыда көрсетілген сот органдарының құрамындағы пленумның орнына
соттың біріккен отырысы құрылды.
Жоғарғы соттың біріккен отырысы: сот тәжірибесін зерттейді және оның
жалпы қорытындылары негізінде, республикадағы сот мекемелеріне түсініктеме
беретін нормативтік қаулылар қабылдайды, т.б. Алғаш рет сот құрамында
біріккен отырыстар жасалды. Облыстық сот мекемелеріндегі біріккен
отырыстардың міндеттері анықталды. Республикадағы сот мекемелеріндегі
шаруашылық және азаматтық істер коллегиялары біріктірілді. Аудандық және
облыстық деңгейдегі соттар қызметіне кандидаттарды кокурстық негізде
іріктеу шаттары бекітілді. Сондай-ақ, аудандық соттарға кандидаттарды
байқаудан өткізу шарттары қарастырылған. Республикадағы соттарға қатысты
тәртіптік шара қолдану құқығы: кез келген судьяға қатысы – Республика
Жоғарғы сотының төрағасына, облыстық сот судьлялары мен коллегия
төрағасының және аудандық сот төрағасы мен судьяларына қатысты – облыстық
сот төрағасына берілген. Судьялар сот ісін қарау барысында заң бұзғаны және
еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ, судьялық әдепке жатпайтын қылықтар
көрсеткені үшін тәртіптік жауапкершілдікке тартылады.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
Қазақстан Республикасының қазіргі заңы бойынша құқық қорғау
органдарына; Прокуратура, Ішкі істер министрлігі органдары, Кеден комитеті,
Әділет министірлігі органдары, Қаржы полициясы, Адвокатура, Нотариат
жатады.
Прокуратура органдары қызметіндегі негізгі бағыт – адам мен азаматтың
еркі мен құқығын, мекемелер мен мемлекеттің мүддесін сақтауды бақылау,
заңдардың, Республика Президенті Жарлықтарының және басқа да нормативті-
құқықтық актілерінің нақты әрі біркелкі қолданылуын бақылау.
Ұлттық заңнаманың даму тарихында Прокуратураның құқықтық жағдайы алғаш
рет жоғарғы өкілетті орган қабылдаған Заңмен емес, заң түріндегі нормативті
актімен анықталды.
Сол секілді Ішкі істер министрлігі органдарының құрылу процесіндегі
ерекше оқиға болды. Өйткені ол дербес құқық қорғаушы орган ретінде
Қазақстан Республикасының заңы бойынша алдын ала тергеу мен жауап алу,
жедел іздестіру қызметі, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен ел қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың бас бостандығы мен құқығына және
қоғам мен мемлекеттің мүддесіне озбырлық жасаушылар мен қылмысты болдырмау
міндеттерін жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік мәселелері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен
егемендігінің орнауына байланысты ерекше мәнге ие болды. Кеден органдары
жүзеге асыратын кеден саласы ( кеден ісі, кеден саясаты) да ұлттық
қауіпсіздік мәселелерінің бірі болып табылады. Ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша негізгі міндет мемлекеттің экономикалық, саяси,
идеологиялық біртұтастығын сақтайтын ұлттық қауіпсіздік органдарына
жүктелді.
Әділет министірлігі органдары – республиканың саяси, экономикалық және
әлеуметтік өмірінің құқықтық негіздерін орнықтыруға көмектесетін органдар
жүйесін құрайды.
Нотариат – бұл нотариалды қызмет арқылы шешілетін жеке адам, мекеме
және мемлекеттің заңды түрде бекітілген жүйесі.
Адвокатура азаматтардың өздерінің құқығы мен бостандығы сот арқылы
қорғау, кәсіби заң көмегін алу құқығын орнықтырған Қазақстан Республикасы
Конституциясының 13-бабы бойынша және 1997 жылғы 5 желтоқсанында
қабылданған Адвокаттық қызмет туралы Заңға сәйкес қызмет істейді.
АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдары - әр түрлі заңдық күші бар
нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Азаматтық заңдар жүйесі Азаматтық
кодекстен (АК), оған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының басқа да
заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
Жарлықтарынан, Парламен Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заңдық
актілердің), сондай-ақ, қатысушылардың тең құқықтылығына негізделген
тауарлы-ақша және басқа да мүліктік қатынастарды және мүліктік
қатынастармен байланысты, сонымен қатар мүліктік қатынастармен байланысы
жоқ жеке мүліктік емес қатынастарды ретке келтіретін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық заңмен нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде
және халықаралық шарттарда (келісімдерде) орнығып бекиді. Бұл орайда,
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы Нормативтік-құқықтық
актілер туралы Заңына сәйкес аталған нормативтік-құқықтық актілердің
барлығы олардың заңдық күшіне қарай әрекет ететінін айтқан жөн.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық-құқықтық
қатынастар үшін ең жоғары заңдық құжат болып табылады. Қазақстан
Республикасының Конституциясы бірқатар азаматтық құқық нормаларын қамтиды.
Мысалы, 6-бапта, Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік
танылатыны , сондай-ақ олардың тең дәрежеде қорғалатыны көрсетілген.
Азаматтық заңдылықтар ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі ерекше орын алады. Ол 1124 баптан тұрады. Азаматтық кодекстің Жалпы
бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда, ал Ерекше бөлім 1999 жылдың 1 шілдесінде
қабылданды.
Азаматтық кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл территориясынданың
бүкіл территориясында мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды
біріңғай құқықтық жолмен реттеуді қамтамасыз етуді көздейді. Осыған сәйкес,
Азаматтық кодекс азаматтық құқыққа жататын барлық қоғамдық қатынастарды
реттеуге бағытталған азаматтық заңның неғұрлым маңызды қағидаларын
орынқтырады. Нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық қатынастардың
нормативтік негізін салу азаматтық кодекстің сипатты белгісі болып
табылады. Онда кәсіпкерлік қызметтің анықтамасы берілген және кәсіпкерлік
саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған көптеген құқықтық нормалар
бар.
Орныққан нормативтік актілермен қатар, қоғамдық қатынастардың жекелеген
түрлерін реттейтін арнаулы заңдар азаматтық заңдылық жүйесін құрайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасының авторлық қатынастарды реттейтін 1996 ж.
10 шілдедегі “Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы” Заңы. Осы және
басқа да арнаулы заңдар Азаматтық кодекс сияқты жалпыға бірдей сипатқа ие
болмаса да, арнаулы азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде үлкен маңызға
ие.
Алайда басқа арнаулы заңды актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар
Азаматтық кодексе қайшы келмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында
бар, бірақ Азаматтық кодекс нормаларына қайшы келелтін азаматтық құқық
нормалары кодекске тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін ғана қолданыла
алады.
Азаматтық заңдылық нормалары Азаматтық кодекс пен басқа да заңдық
актілерде ғана емес, сонымен ірге заң ішіндегі нормативтік актілерде де
болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің “Азаматтар мен заңды
тұлғалардың ерікті кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану құқығын қорғау туралы”
1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан
Республикасының Президенті, министрліктер және басқа да орталық органдар,
жергілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz